Кӛктӛбе Жуалы ауданындағы елдімекен аты. Кӛктӛбе ауылдық
әкімшілігі округінің орталығы. Аудан орталығы Бауыржан
Момышұлы ауылының шығыс жағында 2 шақырым жерде
орналасқан.
Кӛктӛбе аталатын жер атауы Қазақстан аймағында кӛптеп
кездеседі.
Еркебай Қойшыбаев ӛзінің Қазақстанның жер – су аттары
деп аталатын сӛздігінде Кӛктӛбе атауына тӛмендегідей анықтама
береді: «Бұл арада Кӛктӛбедегі «кӛк» сӛзі «заңғар биік» немесе
тіпті аспан мәніне сай келеді. Оған «тӛбе» сӛзі қосылып заңғар
биік тӛбе деген ұғымды білдіреді». ( Қазақстанның жер – су
атаулары. Алматы: Мектеп, 1985, 135 бет).
Алайда біз топонимикалық атауын сипаттап отырған
Кӛктӛбе атауы «Заңғар биік» деген анықтамаға келмейді. Кӛктӛбе
аталатын елдімекеннің батысындағы шағын тӛбе ондай
тӛбелердің санатына жатпайды, тұрқы аласалау. Мұндағы «кӛк»
сӛзі түспен баланысты «тӛбеге» қосылып «Кӛктӛбе» - атауын
құрап тұр.
Кӛкшебұлақ Қоңыртӛбенің шығысынан басталып оның солтүстігін орай
жағалап барып бес шақырымдай ылдиға бет түзеп, Шақпақ
ӛзеніне қосылатын бұлақ «Кӛкшебұлақ» - аталады.
Қоңыртӛбенің солтүстік баурайындағы осы Кӛкшебұлақтың
сағасында «Ақтабан шұбыранды» жылдарында Қаратаудың
Майтӛбе аймағын паналап басқа Шегір руластарына ілесіп
кӛшпей қалып, кейінірек 1760 жылдары Құрман батыр 60 үйлі
әулетін осында алып келіп қоныстандырған. Одан кейін, яғни
1780 – 1790 жылдары Құрман батырдың әулетін сағалап
Қазығұрттан үш ата Айт, Түнқатар, Қарқара балалары осы
Қоңыртӛбенің баурайындағы Кӛкшебұлаққа келіп қоныс тебеді.
Жанға да, малға да жайлы Кӛкшебұлақтың тӛңірегінде егін
салып, мал бағып күн кешкен. Кеңес ӛкіметі құрылған соң олар
қазіргі Ынтымақ елдімекеніне жиылып ұжым құрған.
Ал бұлақтың «Кӛкшебұлақ» - аталуына тоқталатын болсақ,
87
Қоңыртӛбенің бауырындағы бұлақтың саласы қысы – жазы
кӛкпеңбек болып кӛгеріп жатқандықтан жергілікті жұрт осындай
атау берген.