85
Әбілқайыр, Бӛкенбай, Есет, Батыр тұра қалып ойға батты.
Жау Балқаш беттен келе жатса
Қаратаудың теріскей бетінде
отырған Орта жүз бен Ұлы жүз ауылдарын жапырып ӛтпей,
сонау Қошқар ата жақ тұмсықтан айналып Түркістанға беттей
қоймас. Әскерінің бір парасын әлгі айтқан Қошқар ата жағымен
Арыс бойлатып күнгей аттандырар да қалған жағына Кӛсегенің
кӛк жоны арқылы кеп Баба – Ата,
Шолаққорған, Созақты
шаптырып, Торлан мен Сұғындық арқылы құбылаға ӛткізіп алуға
асығар...» (245 бет)
Әбілқайырдың қолымен бірге келе жатқан үш жүздің
аузында аты жүрген атақты Мәті бидің ұлы Тайлан батырдың
Кӛсегенің кӛк жонында отырған ӛз
ауылына асығуын былай
суреттеген:
«Иә, оның есіл – дерті – сонау Кӛсегенің кӛк жонына шығар
жердегі оңаша бұлақ басында отырған ӛз ауылына жету,
жетпістен ӛтіп сексенге аяқ басқан кәрі әкесін кӛру, енді – енді
тәй – тәй басып жүре бастаған ұлын кӛру, жалғыз кӛк ала атпен
жүрсе де қалған қазақты кӛрмегендей, ӛзін қалап келген қазақтың
асқан байы Садыр Жомарттың әлпештеп баққан жалғыз қызы
Пәтшәйімді кӛру. Әбілқайыр ат үстінде
құс болып ұшып кетуге
амал таба алмай, зорға шыдап келе жатқан Тайланды кӛріп аяп
кетті». (Ә.Кекілбайұлы. Үркер, «Сӛздік – Словарь», Алматы –
1999, 247 – 248б).
Еркебай Қойшыбаевтың Кӛсегенің кӛк жонына берген
анықтамасы тӛмендегідей: «Кӛсеге сӛзінің кӛнедегі «шымылдық»
немесе «қоршау» мәндері семантикалық та, логикалық та
жағынан кӛптеген қазіргі түркі тілдерінде сақталып келеді.
Этимологиясы: «қоршаулы кӛктің жоны» мағынаны береді»
(Қазақстанның жер – су атаулары. Алматы: Мектеп, 1985, 136
бет.)
Қариялардың айтуынша бұрын бұл жерден Шаянға ӛтетін
жол болған дейді. Соған қарағанда орта ғасырлық Теріс
жағасындағы Баркубе қалашығынан осы Кӛсегенің кӛк жоны
арқылы Жібек жолының қосымша тармағы ӛткен сияқты.
Сондықтан бұл жол «Кӛсегеннің кӛк жоны»
- аталады деп
пайымдаймыз.