Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет56/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   91
Қосбӛлтек 
 Аудан орталығы Бауыржан Момышұлы елдімекенінің 
шығыс жағында 7 шақырым жерде орналасқан елдімекен - 
«Қосбӛлтек» аталады. Бұрын бұл елдімекен 1993 жылға дейін 
Кастальевка аталып келген.


100 
Ол 
жерде бұрынғы колхоздың негізінде Қосбӛлтек 
шаруашылық қожалығы ұйымдастырылған. 
Жуалы аймағында Қосбӛлтек аталатын жер Қайрат 
елдімекенінің үстіңгі жағындағы таудың етегінде де бар. 
Бұл жерлердің «Қосбӛлтек» - аталуына бір – біріне жақын 
орналасқан егіз тәріздес екі тӛбе негіз болған. Мұндағы «қос» 
сӛзі екі деген мәнді, ал бӛлтек сӛзі қазақта айтыла беретін 
«бӛлтек - салтақ» деген сӛз тіркесіндей бӛлек тӛбе деген ұғымды 
білдіретін атау. 
Қосмұрат 
«Қосмұрат» – Шыңбұлақ елдімекенінің солтүстік шығыс 
жағындағы Қоңыртӛбеден 1 шақырым жердегі жер атауы. 
Қосмұрат аталатын жердің екі қапталынан үлкен
Сарқырама, кіші Сарқырама аталатын бұлақтар басталады.
Қосмұрат есімді кісінің есімімен аталатын жер қасиетті, 
әулие жер аталады. Ол жердегі бұлақтың жанында Қосмұрат 
әулиенің бейіті бар. Бейіт тӛмпешіктің аумағы 5х4 метр болады. 
Қосмұрат әулие туралы шағын аңыз әңгімені біз кӛпті 
кӛрген шежіреші қария Сейітқұл Ысмайылұлының аузынан 
жазып алдық. 
Қосмұрат әулие ӛте денелі, әулие, батыр кісі болған 
кӛрінеді. Соңына ерткен жігіттерімен талай жорықтарға 
қатысады. Сондай бір жорықтан жігіттерімен келе жатып, 
Кӛсегенің кӛк жонынан ӛткенде айдалада тігулі тұрған киіз үйді 
кӛреді.
- Айдалада тұрған киіз үй тегін емес, не кіріп – шығып 
жатқан адамдары байқалмайды, соқпай – ақ қояйық – дейді 
батырдың жанындағы серіктері.
Сонда Қосмұрат батыр: «Егер киіз үйдің құпиясын білмей 
кетсем кӛкейімде ӛмір бойы сұрақ қалып қояды, онан да не де 
болса барып кӛрейін» - дейді, киіз үйдің есігін байлаған қыл 
арқанды қылышпен қиып ішке кірсе, онда оба ауруымен ауырған 
адамдардың толы ӛліктері жатыр екен. Сонан Қосмұрат батыр да 
ауырып қайтыс болыпты. 


101 
Бүгінде сол Қосмұрат әулие басына әсіресе кӛзіне ақ түскен 
ауру кісілер, бала кӛтермей жүрген әйелдер барып зиярат етеді. 
Тіпті сол маңдағы колхоздың қойына топалаң ауруы тиген кезде 
де Қосмұрат әулиенің шарапаты тиіпті.
Жердің «Қосмұрат» аталуы – ол кісі есімімен байланысты 
антропоним.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет