102
Жазушы С.Сматев «Елім-ай»
романының бірінші кітабында
Қостұраны кӛркем тілмен суреттей келе серттесіп тұрған қас
батырға теңеген. Жазушы Е.Тұрысов «Бәйдібек»
атты тарихи хикаят эссесінде «Ел мен жер үшін жан талас
шайқастар 1710,1712,1718 жылдары әйгілі «Ақтабанның»
қарсаңында осы Қаратау ӛлкесінде – Бӛген, Шаян, Қостұра,
Қошқарата, Боралдай ӛзендерінің торабында ӛткен еді» - деп
кӛрсетеді. Қостұра Үшашыдағы шайқас туралы Ӛтеген мен
Бохтишардың жекпе-жегі туралы Қазыбек бек Тауасарұлы да
біршама деректер келтірген. Тарихшы М.Тынышбаевтың
«История казакского народа» кітабында Садыр руының батыры
Жомарттың тоғыз ұлымен
бірге Қостұраға дейін шегініп, мерт
болғандығы туралы жазып қалдырған.
Жазушы Әбіш Кекілбаев Жуалы ауданының солтүстік
ӛңіріндегі Боралдай ӛзенінің бойында Үлкен Тұра мен Кіші Тұра
маңында болған 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығын
суреткерлік толғаныспен былай етіп баяндайды.
«Дүниенің тӛрт бұрышын сықсия баққан сығыр жау
қазақтарды қапыда қалдырды. Сәуірдің жарқырап атқан жақсы
таңында Боралдай ӛзенінің бойында Үлкен Тұра тауының
қасында бір алқапты бір ӛзі толтырып тәтті ұйқыда жатқан садыр
Жомарттың ауылына жау шапты. Оны әуелі түзге
шыққан бір
кемпір кӛріпті...
- Ойбай! Жау! Жау шапты! – деп айқай салыпты сыртқа
атып шыққан кісілер.
Сӛйтсе, ауылдан бір де бір ат табылмапты. Бәрі жайылыста
екен. Ыңыранған бай ауылы ұйқы – тұйқы болыпты да қалыпты.
Кӛп ойбай, кӛп айқай. Құр ойбай, кӛп айқай. Сегіз қанат ақ
орданың қақ тӛрінде манаурап жатқан Жомарт орнынан атып
тұрып, кереге басындағы кӛк
найзасы мен қылышын қолына
ұстап, кӛйлек – дамбалшаң сыртқа жүгіре шығыпты. Жан – жақта
жӛңкіген дүрбелең. Есі кеткен халық анадайда аңырайып тұрған
Үлкен Тұра мен Кіші Тұра – егіз таудың арасындағы қара
аңғарға қарай босып барады дейді. Қара аңғарға тығылып
қайдан құтылсын, алдарынан анталаған жау тағы шыға келіпті.
103
Сүйтсе, қаскӛй дұшпан кӛп әскерін сонда қалдырып,
ұйқыдағы ауылды үркітуге азғантай тобын жіберген екен. Сай
бойындағы сатыр – сұтыр сайыс кӛпке созылмапты.
Бейхабар отырған ауылдың еркек кіндігі сәскеге дейін түгел
жер құшыпты». (Ә Кекілбайұлы Үркер, Сӛздік – Словарь,
Алматы – 1999, 264 бет).
Жазушы Е.Тұрысов «Бәйдібек»
атты тарихи хикаят-
эссесінде Қаратау атырабындағы Қостұра, Қанжауған, Боралдай,
Жолбарысқамал, Сауырқамал ӛңірлерінде болған шайқастар
туралы бірқатар тӛмендегідей деректер келтіреді.
«...Соның ішінде Қостұра арасында тау асуға қамалған құба
қалмақтың тағы бір қосын шерігі жаныс Сеңкібай мен Ботбай
Сәменнің жасағынан қырғын тапты. Қалмақтар шегіне ұрыс
салып
Бұланты мен Қанжауған, Қарасуда кеткен есесін осы
Қаратаудың қалың қуыс-қойнауында қайтармақ еді. Бекінген
жері Қостұра, Боралдайдың аңғары еді. Сол жерге табан тіреген
тӛрт мыңдай ойрат шерігін тұс-тұсынан қамаған шымыр
Қойгелді,
ошақты Саңырақ, сиқым Қарабатыр, жаныс Ӛтеген,
Сеңкібайдың бір түмен қолы тӛрт күндік қиян-кескі ұрыста тас-
талқан еткен-ді». (Е.Тұрысов Бәйдібек. Алматы: Нұрлы әлем,
1998, 50 бет). «Қостұранның» - «Тұра» аталуы бұл аймақты жүз
жылдай жайлаған ойраттардың сӛзі, мағынасы қамал дегенді
білдіреді.
Оған дейінгі Тұранның қазақы атауы: «Сеңгір» болған деген
мәлімет бар.
Достарыңызбен бөлісу: