Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет58/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   91
 
Қошқарата 
Жуалы ауданындағы аудан орталығы Б. Момышұлыдан 
солтүстік – батысқа қарай 54 шақырым жерде орналасқан елді 
мекен. Қаратау мен Боралдай жоталары аралығында орналасқан. 
Сол жерден Қошқарата атты ӛзен басталып Бӛгенге қосылады. 
Кӛнекӛз қариялар, басқа да дерек кӛздерінде бұл жердің не 
себептен Қошқарата аталғандығын тап басып айта алмайды. 
Алайда Ә. Қайдардың «Қаңлы» атты тарихи шежіре 
кітабынан бұл сұраққа жауап табылатын сияқты. «Оңтүстік 
Қазақстан аймағындағы аты аңызға айналған әулие, пір тұтып, ел 


104 
сыйлаған ата – бабаларымызға бағышталған ескерткіштер,
кесенелер, мазарлар кӛптеп кездеседі. Мысалыға: Шопан – ата, 
Қашқар – ата, Шақпақ – ата, Бекет - ата, Масат – ата т.с.с. Бұл 
ӛңірде Қошқардың «Шопан Атаның» сырт бейнесі, тұлғасы 
тастан қашалып салынған мүсіндерді жиі кездестіреміз». 
(Ә.Қайдар Қаңлы. Алматы, 2004, 160 – 161 бет).
«В названиях Кошкара барана производителя, одного из 
найболее почитаемых животных еще у саков символа 
плодородия, здоровья, покровительства» - деп кӛрсетеді К. 
Рысбергенова. (Историко – лингистической анализ топонимов 
Южно – Казахстанской области. Алматы, 1993, 29 стр). 
Осыған қарағанда «Қошқарата» - аталуына сол мал 
тұқымына пір, қамқоршы болған киелі адамдар, қасиетті 
тұлғалардың (Қошқар атаның) негіз болғаны анық. 
 
Құдияр сазы 
Бұл атақты Рысбек батырдың Наршадан (лақап аты Бӛдене 
болған екен) туылған Құдияр, Данияр, Молдияр, Бәзіл есімді тӛрт 
ұлының үлкені Құдиярдың есімімен қойылған жер атауы. Яғни, 
Рысбек батырдың тұңғышы Құдиярдың жайлаған жайлауы 
болған жер. 
Бӛкей тауының етегіндегі бұлақтардың әсерінен бұл аймақ 
сазданып жатады екен де, оны жағалай Құдияр байдың ауылы 
отырады екен. 
Ӛткен ғасырдағы патшалы Ресейдің кӛршілес жатқан 
бұратана халықтарды күшпен отарлау саясатының салдарынан 
орыс кулактары осы аймақты иелене бастағанда Құдиярдың елі 
Бӛкей тауының сай – салаларын паналап кӛшіп кеткен екен. Біз 
бұл ауызекі әңгімені сол Құдияр байдың ұрпағы Қананов 
Жақаннан жазып алдық. 
Сонан соң бұл жер Кӛлтоған кейін Алексеевка аталғандығы 
туралы «Кӛлтоған» - атауы туралы жазғанда баяндағанбыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет