Міреев, Ж. Темірбеков эпидемиология Жалпы эпидемиология 1 т о м алматы жоғары аттестациялық комиссияның баспа орталығЫ 2000



Pdf көрінісі
бет39/46
Дата06.03.2017
өлшемі31,46 Mb.
#8194
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   46

нып,  0,2  ±  0,02 

МПА 


132  ±  2  °С  температурада  (әйнек,  резеңкеден 

жасалған  заттар)  жөне  0,11  ±  0,02 

МПА 


120  ±  2  °С  температурада 

(латекс,  резеңке)  қаныққан  су  буымен  өңцеу  керек;  құрғақ  ыстық 

ауа  180 ±  10 

°С 


температурада  (өйнек  бұйымдар)  160 ±  10  °С  (әйнек 

жөне  сшшкон  бұйымдар)  қолданылады;  6 

%

  сутегі  асқын  тотығы, 

1  %-дық дезоксон ерітіндісі және тағы басқалар жиі пайдаланылады.

Өз бетімен дайындалуга арналган сүрақтар

1.  “Дезинфекция ”,  “дезинсекция ",  “дератизация ” тусініктеріне  анықта- 

ма беріңіз.

2.  Дезинфекцияның қандай турлерін білесіз?

3.  Алдын алу дезинфекция көрсеткіштерін атаңыз,  орындауиіылар кімдер?

4.  Ошақты дезинфекция кдлай өткізіледі, оның сапасын қалай анықтайды?

5.  Дезинфекция заттары мен  әдістерін атаңыз.

6.  ҚР-да дезинфекциялық жумыстар туралы  қандай қужаттар бар?

7.  Дезинфекция жумысы қалай  уйымдастырылган?

8.  Дезстанция қызметі мен қуршысын корсетіңіз.

9.  Камералық дезинфекция қандай жагдайда пайдаланылады ?

10.  Стерилизацияның  дезинфекциядан  айырмашылыгы  қандай,  ол  қандай 

жагдайда керегірек?

11. Дезинфекция мен стерилизацияның сапасы қалай анықталады?

ДЕЗИНСЕКЦИЯ

Дезинсекция  деп  жүқпалы  аурулардың  қоздырғыштарын  тасы- 

малдаушы  және  адамның  еңбегі  мен  демалысына  кедергі  болатын 

буынаяқтыларды  өлтіругс  немесе  қоршаған  ортадан  аластауға  ба- 

ғытталған  шаралардың жиынтьпын айтады.

Бастапқыда дезинсекция деген термин адамдарды қоршаған ор- 

таны  тек  қана  жөндіктерден  босату деген  ұғымды  біддірді.  Бірінші 

рет  бұл  сөзді  1909  жылы  Н.  Ф.  Гамалея  қолданды.  Қазіргі  уақьпта 

дезинсекция буынаяқтылармен күресудің өдістерін және жабдықта- 

рын  қамтамасыз  ететін  дезинфекция  ілімінің  тарауы  болып  есеп- 

телінеді.



471

Қоршаған ортадағы жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жою 

мен  кетіруге  бағытталған  шаралардың  қүрамындағы  дезинсекция- 

ның  орны  әрбір  жүқпалы  аурудың  эпидемиологиялық  ерекшелік- 

терімен анықталады. Дезинсекцияны белгілі бір жолмен өткізу тәртібі, 

оның қажеттілігі негізінде қоздырғыштың берілу механизмімен берілу 

жолдарымен жөне  факторларымен тығыз байланысты.  Мысалы, тек 

қана  аспирациялык  механизм  арқылы  берілетін  жұқпаларда дезин- 

фекцияның  өзі  жеткілікті.  Егер  жүқпа  қоздырғыиггары  трансмис- 

сивтік  механизм  арқылы  берілетін  болса,  негізгі  күш  дезинсекция 

әдістеріне  байланысты болады. Ал,  қоздырғыпггар  нәжіс-ауыз меха­

низм!  арқылы  берілетін  ауруларда  дезинфекция  және  дезинсекция 

бірдей  қолданылады.

Оның  үстіне  жүқпалы  ауру  қоздырш ш тарының  таралу  жолда- 

рын  үзу  үшін  де  індетке  қарсы  шара  ретінде  дезинфекция  мен  де­

зинсекция  кеңінен  пайдаланылады.  Кейбір  жүқпалы  аурулардың 

қоздырғыштарының таралуына буынаяқтылар себепкер екені белгілі 

болғаннан  кейін трансмиссивтік  механизм  арқылы  таралатын  ауру- 

лармен  күресте  қолданылатын  күрделі  шаралар  ішінде  осы  дезин- 

секцияға лайықты  орын  берілді.

Буынаяқтылардың  эпидемиологиялық  маңызы  бар  және  соны- 

мен  олар  адамға  тікелей  немесе  жанама  зиян  келтіреді.  Олар  адам- 

ның  тыныштығын  бүзады,  мекен-жай,  түрмыс  заттарын,  тамақты, 

киімді  және  т.  б.  ластайды.  Сондықтан  да  буынаяқтыларды  жою 

немесе  кетіру  үшін  көптеген  алдын  алу  шаралары  — ең  қарапайым 

тәсілден бастап  (терезені торлау) өте күрделі және қымбатқа түсетін 

(егістікгерге  ұшақтар арқылы  инсекгицидтерді себу)  шаралар жаса- 

лады.

М едициналық дезинсекцияда кеңінен мәлім шараларға шыбын- 



дарға қарсы күресу жатады, олардың қүрамына шыбындардың ұрығы 

мен имагаларын жоюға бағытталған тазалау жүмыстары кіреді.  Қоз- 

дырғышы  иенің қанына енген  жүқпалы  аурулардың берілу фактор- 

лары буынаяқтылар болған жағдайда олардың берілу механизмін үзуге 

арналған шаралар өте пайдалы және  шешуші болып есептеледі.  Бүл 

топтағы  жүқпалы  аурулардың  қоздырғыштарын  таратуға  масалар, 

шыбын-шіркейлер,  биттер,  кенелер,  соналар  және  т.  б.  қатысуы

472


мүш гін.  Қоздырғыштарды  хүқты раты ндармен  күресуге  керскті 

қүраддар  жөне  оларды  пайдалану холдары  буынаяқтылардың  эко- 

логиясымсн тығыз  байланысты.

Қоздырғыштары нөжіс-ауыз механизмі арқылы бсрілстін жүқпа- 

лардың өр түрлі берілу жолдарын  үзу үшін  өр түрлі  сөйкесгікті  ша- 

ралар керек. Оларға сң алдымен елді мекендердің жағдайын жақсар- 

туға байланысты үнсмі жүргізіліп отыратын жалпы санитарлық шара- 

дар жатады. Су қүбырлары мсн канализацияны жүргізуге, қала аума- 

ғын тазалаудың жақсаруына байланысты іш сүзегімен аурудың күрт 

төмендегені,  ал  тыры сқақ  індетінің  жойыла  бастағаны  тарихтан 

белгілі.  Бүның себебі төмендегідей: су қүбырын жүргізу судағы қоз- 

дырғыпггардың  таралуын  азайтты,  ал  канализацияны  дамыгу  мен 

тазартудың  жақсаруы  қоздырғыштарды  белсенді  түрде  таратушы 

факгорлар болып табылатын  шыбындардың холын  кесті.

М едициналық  мақсатгағы  дезинсекциялық  шаралар  аддын  алу 

хөн е хою   (ошақтық)  шаралары болып  бөлінеді.



Аддьш  алу дезкнсекциясы  буынаяктыларды  мекен-жайларға,  мс- 

кемелерге  енгіэбеу,  адамдарды  олардан  қорғау,  буынаяқтылардың 

өмір  сүруіне,  көбсюіне  кедергі  хасау  үпгін  хасалады.  Алдын  алу 

шаралары төмендегідей: батпақтарды қүрғату, өзсндерді тазалау, те- 

реңдету, мекен-хайлардың, жеке бас гигиенасын, тамақгы хөне олар- 

дың қалдықтарын дүрыс сақтау х ән е т.  б.



Жою (ошақтық) дезннсекциясы — трансмиссивггік хүқпалы  ауру- 

лар мен қьшіыма ошақтарында хөн е нөжіс-ауыз механизмі арқылы 

таралатын жүқпалардың ошағында буынаяқтылар кездессе, міндетті 

түрде өткізілсді.  Жою шаралары адамды қоршаған ортадағы буына­

яктыларды,  олардың барлық даму  сатысыңца  жөне  өсіп,  көбейетін 

барлық  орындарда  қүрту  үш ін  хүргізіледі.  Пайдаланылған  агентке 

байланысты буынаяқтылармен күресудің физикалық, химиялық хөне 

биолопшлық өдістері болады.

Физикалық заттарды қодданып, буынаяқгылардан қорғануға не- 

месе  оларды  біркелкі  жоюға  болады.  Химиялық  препараттардың 

күш імен буынаяқтыларды үркіту немесе өзіне тарту арқылы біразын 

жоюға  болады.  Биологиялық  өдіс  арқылы  буынаяктыларды  пара- 

зиттермен  залалдайды,  соның  нөтижесіңде  олар  ауырады,  үрықтау 

қасиетінен  айырылады,  тіпті,  кейде  өледі.



473

Есте ұстайтын жағдай 

дезинсекцияның міндеті барлық жүкхы- 

рушыларды  түгсл  қүрту  емес,  эпидемиялық  маңызды  объекгілерде 

олардың санын  азайту.

Әр  түрлі  жүқпалы  аурулар  тобында өткізілетін дезинсекциялық 

шаралардың түрі  көп жағдайда қоздырғьпіггың берілу механизмінің 

срекшеліктеріне (яғни, қоздырғьшггың ие организміңдегі негізгі орны- 

ка) жөнс биологиялық қасисттеріне мейлінше байланысгы. Мысалы, 

егер қоздырғыштар иенің ішсгіне орналасқан болса,  онда дезинсек- 

циялық  шаралар  оларды  тасуы  мүмкін  шыбындардың  санын  азай- 

туға бағытталады. Ж үқпалы аурулар қоздырғьшггарының негізгі орны 

тыныс жолдары болса, дезинсекциялық шаралар жалпылама өткізіл- 

мейді.  Бүған  қарама-қарсы, жүқпалы аурулардың қоэдырғыштары- 

ның  негізгі  мекені  қан  болған  жағдайда,  осы  аурулармен  күресте 

алдын  алу  жөне  жою дезинсекциялық  шаралары  өте  маңыэды:  бүл 

жағдайда тасымалдаушының түрі  мен  экологиялық  тәнділігі,  оның 

өмір сүру ареалы ғана емес, олардың қолданылып жатқан дезинсек- 

циялық заттарға төзімділігінің арту мүмкіндігі де  ескеріледі.  Мыса­

лы,  қышымада аурудың  іш,  сырт  киіміндегі жөне  басқа да  объекті- 

лердегі қышыма кенесін жою үшін міндетті түрде дезинсекция шара­

лары  жасалады.  Есте  үстайтын  жағдай,  химиялық дезинсекциялық 

заггар  қолданылған  болса,  ояардың уытты  өсері  бір  жағдайда,  егер 

препараттар белгілі бір концентрацидца жөне белгілі бір температу- 

рада  қолданылса  ғана  жүзеге  асады.  Оның  үстіне,  уыттылық  өсер 

пайда болу үшін уақыт мөлшері керек.  Жоюға бағытталған шаралар 

мына аурулардың эпидемиялық ошақтарында қолданылады: іш жөне 

қайгалама сүзектері, гепатиттің А түрі, сары қызба,  кене боррелиозы, 

омск геморрагиялық қызбасы,  бөртпе  сүзек,  туляремия,  тырысқақ, 

оба,  жапон энцефалиті,  шигеллездер.

Буынаяқтыларға қарсы күресті негізінен дезинфекциялық стан- 

циялар  жүйелері  жөне  санитарлық- эпидемиология  станциялардың 

арнаулы  бөлімшелері  (бөлімдер)  жүргізеді.  Өңдеудің  мөлшері  мен 

өткізу төртібі, керекгі дезинсекция өдісгері мен құралдары жөңщкгер- 

дің түріне,  олардың санына,  объекгі мен ош ақгың санитарлық жағ- 

дайына  байланысты  анықталады  жөне  тиісті  нормалық  қүжаттар- 

мен ретгеледі. Қалалық дезинфекция станциясының алдын алу бөлімі 

өндіріс орындары  мен мекемелермен жасалған ш артқа сөйкес олар-

474


ДЫҢ 

қаражнтын пайдаланып, дезинсекция жүмысын хүргіэедь Ошақ- 

ты қ дезинфекция бөлімі  эпидемияяық ошақтарда дезинсекция ша- 

раларын орьшдайды.  Камералық дезинфекция бөлімінде адамдарды 

тексеріп,  өндеу  хұмыстарын  жүргізуге  қажетті  санитарлық  бөлме 

және  затгарды дезинсекциялайтын  камералар бар.

Дезинфекциялық станциялар жөне СЭС-тің дезинфекция бөлім- 

дері балалар, емдеу-алдын алу мекемелерінде дезинсекцияны үйым- 

дастыруды  жөне  оларда  санитарлық-гигиеналық,  індетке  қарсы 

төртіптің сақталуын  қадағалайды.

Дезинсекцияның  кейбір  міндеттерін  ауруханалардағы  емдеуші 

дөрігерлер,  учаскелік терапевтер мен  педиатрлар  атқарады.

Дөрігер  ауруды  үйде  оңашалау туралы  шешім  қабылдағанда де­

зинсекцияны  тағайындау,  оны  өткізу  төртібі  туралы  нүсқаулардың 

маңызы  өте  зор.

Алдын  алу дезинсекциясы жүқпаның эпидемиялық ошагы  пайда 

болмай  түрғанда  аурулардьщ  алдын  алу  мақсатында  өткізіледі.  Ха- 

лықтың  көп  жиналатын  жерлерінде,  үлкен  ғимараттарда,  түрмыс- 

ты қ  мекемелерде,  жолаушылар  көліктерінде  жөне  т.  б.  алдын  алу 

дезинсекциялық жүмыстары жүргізіліп отырады.  Өндіріс орындары 

мен  мекемелерде,  камералық  өңдеудің  қажеті  болмаса,  алдын  алу 

дезинсекциялық шаралары өз күпггері мен мамандары арқылы үдайы, 

үзіліссіз жүргізіліп отырады. Егер камералық өңдеу керек болса, бүл 

жүмысты өндіріс орындары мен мекемелермен жасалган шартқа сәй- 

кес дезинфекциялық станциялар немесе СЭС-тің бөлімдері атқарады.

Алдын  алу  дезинсекциялы қ  шараларының  негізгі  мақсаты  — 

жүқпалы  аурулардың  қоздырғынггарын  тасушыларды  қүрту  емес, 

оларды адам маңында болдырмау, кей жағдайда олардың санын азай- 

ту. Ол адамның жүмысы мен демалысына зиянды буынаяқтылардың 

өсуіне,  көбеюіне жөне таралуына қарсы  бағытталған.

Аддын 

алу 


дезиисекциясы  физикалық  (қорғанышты  киімдерді, 

ауларды, масаханаларды,  ыссы, қүрғақ ауаны, су буын, қайнатпаны 

пайдалану),  химиялық (өр түрлі химиялық заттарды қолдану)  және 

биологиялық өдісгері  арқылы жүзеге  асады.

Аддын  алу дезинсекциясының  кеңінен таралған  өдістері  мына- 

лар: денені жиі жуу, мекен-жайдың гигиенасын сақтау, тамақгы жөне 

оның қадцықтарын дүрыс сақгау, есік пен тереэелерді торлау, аумақты 

қоқыстан тазарту.



475

Аддын  алу  дезинсекциялық  шаралары  көп  багытта  жүргізіледі. 

Әсіресе түрмыстық заттарды,  тамақ  қалдықтарын,  қоқыстарды жи- 

нап,  сақтап жөнс жоюға ар налган,  жөндіктерді,  әсіресе,  шыбындар- 

ды  болдырмауға  багытгалған  санитарлық-техникалық  шаралардын 

мөні  зор.  Мысалы,  осы  саладағы  ережелерді  толық  орьшдау  базар- 

лардың аумағында  шыбындардьщ болмауын  қамтамасыз  етеді.

Жұқпалы  аурулардың  қоздырғыштарын  жүқтыруы  мүмкін  шы- 

бындар  мен  тарақандардан  тамакты  қорғай  білгсн  жөн.  Жылдың 

жылы  кезінде  асхана  мен  ас  үй  терезелерін торлаған дұрыс.

Жеке бастың жөне мекен-жайдың гигиенасын сақтау адам айна- 

ласында биттердің, бүргелердің,  құмырсқа мен қандаланың болмау- 

ына жагдай туты зады.

Адам еңбек ететін табиги жағдайлардағы буынаяқтылармен күрсс 

шараларының мақсаты — масалардың, кенелердің жөне т. б. көбеюіі 

болдырмау.  Бүл шаралар әр түрлі  (мелиоративтік, қорғау-механик; 

лық,  репелленттер, дсзинсекцидтер жөне т.  б.)  болуы мүмкін.  Табп 

ғи  жағдайда  адамдарды  буынаяқтылардан  қорғау  үшін  олард 

үркітетін  заттар:  репелленттер,  әр  түрлі  қорғау  аспаптары  және  д 

буьшаяқтылардьщ-биологиялық, экологиялық ерекшеліктеріне негіз- 

делген қоргау өдістері кеңінен  қолданылады.

Алдын  алу  мақсатында  жылдың  жылы  кезеңінде  дөретханалар, 

тамақ,  зат  қалдыктары  сақталатын  жөшіктер  жиі-жиі  тазаланып, 

дезинсекциялық өңдеуден  өткізіліп  түрады.

Ф изикалық  өдістердің  ішіндегі  ең  оңтайлысы  —  механикалық 

өдістер,  олар  жәндіктер  өтетін  жолдарды  торлап,  олардың  кіруіне 

кедергі жасауға немесе  өр түрлі  желімді жөне т.  б.  қүралдарды  пай- 

даланып,  үстап  алуга  негізделген.  Адамның  киіміндегі  және  ош ақ- 

тағы  басқа  объектілердегі  буынаяқтыларды  жою  үшін  жогары  тем­

пература,  мысалы,  арнайы камерадағы қүрғақ,  ыстық ауа қолданы- 

лады.  Бүлар  күрделі  өдістер.  Адамды  қансорғыш  (жөңдікгер,  кене- 

лер,  бүргелер жөне т. б.) буынаяқтылардан қорғайтын механикалық 

аспаптарға төмендегілер жатады:  қорғаушы киім,  торлар,  масахана- 

лар.  М еханикалық  қорғау  аспаптары:  жеке  басқа  арналған  жөнс 

үжымдық  болып  бөлінеді.  Жеке  басқа  арналған  қүралдар  ретінде 

Павловскийдің  торын,  денені  толық  жауып  түратын  костюмдерді 

айтуға  болады.  Аумақты  қалдықтардан  (олармен  біргс  шыбынның

476


үрыктарын,  құмырсқа  мен  тарақандарды)  тазалауда  механикалық 

төсілді қолданған жөн.  Шыбьш ұсгағышты жөне желімді қағаздарды 

пайдалану тиімді.  Егер барлық буынаяқтыларды  құрту мүмкін  бол- 

маса,  онда қорғаныш құралдары  мен  өдістерді  пайдаланған жөн.

Айта кететін жағдай, дезинсекцияньщ  механикалық өдістері ше- 

шуші  рөл  атқармайды.  Демек  физикалық,  химиялық  биологиялық 

шаралар  қоса жүргізілсе,  оньщ  тиімділігі  артады.  Әсіресе дезинсек- 

цияның химиялық жоддарына көңіл  бөлу керек.

Буынаяқтыларға  физикалық  өсер  етудің  бір  түрі  — отты  пайда­

лану,  яғни  ескі  заттарды,  жертөледе  қыстаған  масаларды  өртеу, 

кенелерді жағу.

Қ үрғақ ыссы  ауа,  су буы  дезинфекциялық камера деп  аталатын 

арнайы  аспап  та  дезинсекциялық  мақсатта  пайдаланылады.  Бүл 

қүралдар,  негізінде  киімді,  төсекті  өндеу үшін  жасалған.

Киімдегі,  төсек-орындағы  буынаяқтыларды  жоюдың  тағы  бір 

жақсы  жолы  —  оларды  қайнату.  Киімдегі  сіркелер  мен  биттер  10- 

15  минут  қайнатқаннан  кейін  өледі.  Егер  қайнату мүмкін  болмаса, 

биттер  мен сіркені ыстық үтіктің  көмегімен жоюға болады.

Айта кстетін жағдай, төменгі температуралар жөндіктерді атгірмейді, 

оларды  тек  қана  анабиозға  түсіреді.  Ал  кейін  буьшаяқшлар  вдепкі 

жағдайьша тап болса, бүрышы тірі қалпына келеді. Соңцықтан дезин- 

секцияда кейде әр түрлі затгарды  “тоңазыту” онша пайщалы емес.

Буынаяқтылармен,  өсіресе  ауыл  шаруашылық  зиянкестерімен 

биологиялық өдіс арқылы күресу соңғы уақьпта дамып келеді. Меди­

цина  саласында  масалармен  күресте  айтарлықтай  жетістіктер  бар. 

Адам  айналасындағы  буынаяқтылармен  биологиялық  өдіс  арқылы 

күрес  —  олардың  табиғи  паразитгерін,  жыртқыш  энгомофагтарды, 

биологиялық уьггтарды пайдалануға, буьшаяқтылардьщ генетикасы- 

ның  өзгерген  популяцияларын  өсіруге,  олардың  жыныс  гормонда- 

рын  (агграктант ретінде)  қодцануға негізделген.

Буынаяқтыларға  қарсы  паразитгер  ретінде  олардың  аурулары- 

ның табиғи қоздырғышы бола алатын өр түрлі организмдерді — бак- 

терияларды,  вирустарды,  саңырауқүлақтарды,  қарапайымдыларды, 

гельминттерді  пайдалануға  болады.  М едициналық  дезинсекцияда 

микробиологиялық  қүралдар  үлкен  рөл  атқарады,  олардың  ішінде 

ең көп тарағаны  -   бактокулицид  препараты.



477

Буынаяқтылармен  күресудің  басқа  бір  жолы  — олардың табиғи 

қарсыластарын,  мысалы,  личинкамен  тамақтанатын  балықтарды 

пайдалану.  Қазіргі уақытта жыртқыш тісті карттгар тобына қатысты, 

гамбузияны өсіруге негізделген дезинсекцияның бір өдісі төжірибеге 

енді.  О нық  үстіне  осы  мақсатта  буынаяқтылардың  личинкаларын 

жейтін  үйректсрді де  су қоймаларында өсіруге болады.

Энгомопатогенді организмдер уьптарынан дайыңцалған “микробио- 

логиялық инсекгицидтерді”  қолданатын әдістің де өзіндік мөні бар.

Буынаяқтылардың санын анықтап,  кейін оларды жою үшін,  бір 

жерге  “қызықтырып”  жинай  алатын  препараттар  болады.  Аттрак- 

танттардың  көпшілігі  тамақ  көзінің,  үры қ  салатын  жердің,  қарсы 

жынысты  жөндіктердің  иісін  шығарады.  Ең  күпггі  жөне  төнді  ат- 

трактанттар — жыныс гормондары. Аммонийдің түзы,  кегтрил  қыш- 

қылы да  аттрактанттар рстінде  қолданылады.

М едициналық  дезинсекцияда  биологиялық  өдіс,  өзірге  кең  та- 

ралмаса да, болашагы күпггі деп есептелінеді, себебі ол адамга зиян- 

ды,  үй,  ауыл  шаруашылық  хайуанаттарына  қауіпті  химиялық  ин­

ее кгицидгсрсіз-ақ дезинсекциялық шараларды іске асыруға мүмкіндіх 

береді.

Буынаяктылармен күресудің химиялық адісі өр түрлі мақсатта қол- 

данылатын  химиялық заггаргө:  өлгіруге,  стерилизациялауға,  шақы- 

руға немесе үркітуге негізделген.  Ө зінің негізгі баплъіна байланыс- 

ты  хими5ілық  препараттар  инсекгицидтер  (акарацидгер,  ларвицид- 

тер, овоцидгер, имагоцидгер), хемостериляштар, аттрактанттар неме­

се репелленттер деп аталады. Буынаяқтының денесіне өту жолдарьша 

байланысты  дезинсекция  заттары  жанасу  арқылы,  сыртқы  қабық 

арқылы,  ішек,  тамақ  мүшелері  арқылы,  тьпш с  жолдары  арқылы 

өтетін  (фумигантгар) топтарға бөлінеді.  Көптеген заттар,  фумигант- 

тар ішек немесе жанасу арқылы эсер етіп, удың қасиетін бір мезгілде 

дарыта  алады. 

Ал, 


химиялық  қүрамы  бойынша олар хлорорганика- 

лық,  фосфорорганикалық,  карбамат,  пиретроид,  мүнай  мен  тас- 

көмірдің туындылары,  мышьякгі,  цианидтср,  газдар жөне басқа бо- 

лып бөлінеді.

Инсектицидтердің улы өсері белгілі бір ауа райы жагдайында қол- 

данғанда ғана оң нэгиже береді.  Сонымен қатар олар эсер ету үшін 

біраз  уақыт  керек.  Өндіріс  дезинсекташтарды:  үнтақтар  (дустық,



478

гранулдық),  эмульгуриялық  концентраттар,  ерітінділер,  лактар, 

қағазға жабылған желімдер,  қаламдар,  өк  пен  бояуларға  қосымша- 

лар және т.  б.  түрінде  шығарады.

Дезинсекцияның  химиялық  өдісінің  негізгі  кемшілігі  — препа- 

раттардың өсерінің күштілігі, олар барлық буынаяқтыларды жүқпа- 

ның  қоздырғыпггарьш  тасуға  қатысы  бар-жоғына  қарамастан  жоя- 

ды.  Оның  үстіне,  дезинсекцияда  пайдаланылатын  прспараттардың 

көпшілігі  адам  мен  хайуанат  үшін  зиянды.  Осыған  байланысты де­

зинсекция препараттарына қойылатын басты талап — пайдалану тех- 

нологиясын  сақтау қажет,  олар хайуанат пен  адамға қауіпсіз  болуы 

керек.  Объектілерде  қолданылған  препаратгар  қасиеттерін жоғалт- 

пай,  үзақ уақыт сақталуы тиіс.

Келесі топтағы затгарға дезинсектант деп шарггы түрде  аталатын 

репелленттер жатады.  Оларды жою шараларын өткізу өр түрлі себеп- 

пен мүмкін болмағанда, яғни көпшілігінде ашық табиғат жағдайын- 

да  қолданады.  Препараттардың  әсері  қоздырғыиггарды  үркітумен 

шектеледі.  Оларды  май жөне сүйық ретіңде дененің ашық жерлерін 

сылау арқылы немесе қорғаныс заттары мен киімді (орамал, тор, қол- 

ғап,  байпақ жөне т.б.)  қанықтыру арқылы  кең қолданады.

Биттеумен күресу

Ауруханаларда,  балалар  интернаттарында,  қариялар  үйлерінде 

жөне өскери жатақтарда биттеумен күресудің маңызы зор. Биттеудің 

адцын алу жеке бас гигиенасының ережелерін сактауды талап етеді: 

денені  жиі  жуып  түру  (кемінде  10  күнде  бір  рет),  киімді,  төсекгі 

мүмкіңдігінше дер уақытьшда ауыстыру, шаппы тарау, қырқу, киімді 

таза үстау,  мекен-жайды уақытында жинал түру.

Аурухананың қабылдау бөлімшесіне түсушілерді биттеуге байла­

нысты тексереді, кейіннен тексеру кемінде 10 күнде бір рет қайтала- 

нып тұрады.  Егер үй жағдайында шаш битгері пайда болса (1-10 түй- 

ір  сіркелерін  қосқаңда),  аурудың  өздері  мамаңдардың  нүсқаулары 

арқьілы өндейді. Ал  мамандарға өңдеудің дүрыс атқарылғанын тек­

серу жүкгеледі. Көйлек немесе араласқан битгеу жағдайында өңдеуді 

тек қана СЭС немесе дезинфекциялық станцияның адамдары орын- 

дайды.  Ауруханаларда,  интернаттарда,  балалар  үйлерінде,  жатақха-

479


наларда,  балалар санаторийлары мсн  мектепкс дейшгі мекемелерде 

өндеуді  өздерінің  медицина  қызметкерлері  атқарады.  Бүл  жағдай- 

ларда механикалық төсіл қолданылады: тарақпен тарау, шашты қию  

немесе алып тасгау.  Шаиггы жинау үшін қағаз немесе шүберек қсш- 

данылады,  олар  кейін  ш аш пен  бірге  отқа  жағылады.  Шаигган 

сіркелерді  тарап  кетіру  үшін  өуелі басты  жуады,  сосын  жылы  сірке 

қьшіқылымен  шаяды.  Тарақгың  тістерінің  арасына  сірке  қьшіқы- 

лымен дымқьілданған мақта түктерін өткізеді. Денені сабьгнды ыссы 

сумен,  жөкені  пайдаланып  жуады,  дереу  іш  киім  ауыстырылады. 

Шешілген  кір  іш киімді қайнатады,  сосын оның барлық қыртыста- 

рын  ыстық үтікпен  үтіктейді.

Орташа  жөне  жоғары  залалданғанда  (сіркесімен  бірге  10  жөне 

одан  да  көп  биттер)  инсекгицидтерді  қолданған  дүрыс.  Бес  жасқа 

дейінгі  балалар,  жүкгі  жөне  асыраушы  аналар,  тері  ауруы  немесе 

жаралары бар адамдар өндеуден босатылады.  Бүндай ауруларға 5  %- 

дық  бор  майын  қодцанады.

Дененің  шаш  өсіп  түрған  жерлерін  өңдеу  үшін  карбофос,  бен­

зил-бензоат,  сабынды-керосинді  эмульсия,  ниттифор  (перметрин, 

жасанды  перетроит),  бор  майы,  ал  олар  болмаса,  пиретрум  (дуст) 

пайдаланылады.

Керекті уақытын сақтап өткізілген өңдеуден  кейін дененің шаш 

өскен  жерлерін  1—5  %-дық  сірке  қьшіқылын  пайдаланып  жуады. 

Биттеген  ішкі  киімді  кальций  содасының  2  % -ды қ  ертіндісінде 

15  минут  қайнатады.

Іш киімді өңдеу үшін карбофос,  метилацетофос,  перетрум,  нео­

пин,  сульфоландар  жарайды-  Олар  жоқ  болса,  сульфидофос  (бай- 

текс),  сабынды-керосиңді  эмульсия  да  қолданылады.  Жууға  тиісті 

іш киімді препаралтардың эмульсиясына 5—10 минут батырады, сосын 

майды, содан кейін сабын мен соданы пайдаланып жуады,  соңында 

оньщ  екі  жағын  да  үтікгейді.  Киімді,  аяқ  киімді  дезинфекциялык 

камерада ауа-бу өдісімен өңцейді немесе су эмульсиясымен  қанық- 

тырады,  сирек жағдайда дуст шашады.

Ғимараттарды  жөне  заттарды  карбофоспен,  пиретруммен,  нео- 

пинмен, метилацетофоспен,  “карбоэоль” немесе “неофос” аэрозолі- 

мен  өңдейді.  Өндеуден  бүрын  үйден тагамдарды  пшғарады.  Өңдеу 

біткен соң,  ғимаратты жақсылап желдетеді.

480


Керек  болған  жағдайда  өңдеуді  7-10  күннен  кейін  қайталауға 

болады. Жоғарыда аталган препараттар болмаса, өсері 14 күнге дейін 

созылатын бутадионды қодцануға болады. Оны тамақтан кейін қабыл- 

дайцы: ересектер 0,15 г күніне 4 рет, 2 күн қатарынан; 4 жасқа дейінгі 

балаларға бутадион берілмейді; 4-7 жастаға балаларға — 0,05 г;  3-тен 

10 жасқа дейінгілерге  -   0,08  г;  10-нан жоғарыларына -   0,12 ірамм- 

нан  3  реттен 2  күн  ішінде  береді.

Шап  биттерімен  күресу  үшін  шашты  қырады  жөне  теріні  мети- 

лацетофостың  5  %-дық  майымен өндейді.

Масалармен  күресу

Масалармен күресу шараларының қүрамына үш бағыттағы істер 

кіреді:  жөндікгердің  көбеюіне  қарсы,  жөндіктердің  босанған  жер- 

леріңде үрыкгарын жою, қанатгы масаларды қыстаған, жаздағы орна- 

ласқан жерлерінде  қүрту жүмысгары.

Жөндіктердің  көбеюін  болдьфмау  олардың  үрық  салатын  бат- 

пақты ,  сулы  жерлерді  қүрғатуға  бағытталған  гидромелиоритивті 

ж ү м ь л ар   арқылы іске  асады.

Личинкаларды жою биологаялық өдіспен балықтарды: гамбузия, 

карп жөне  ақ амурды  өсіру арқылы  немесе масаның личинкалары- 

ның ішек уы болатын бактокулицидгі (личинкаға қарсы өсері бірнеше 

сагаттан  кейін  басталады  жөне  бірнеше  күн  жалғасады)  пайдалану 

арқылы орындалады.

Бисшогиялық қүралдарды қолдану мүмкін болмаса,  су қоймаларьш 

улы запармен өндейді. Мүнай туыңдыларыңда еритін гексахлоран, тағы 

да дусг ретінде қолданылатын париж көгалы — өте күиггі агенггер.

Қанатты  масаларды  қүрту  үшін  табиғи  жағдайда  өсімдіктерді 

(олардың күңдізгі мекені) өңцейді. Масалардың адам мекен-жайына 

үшып  келуінің  алдын  алу  үш ін  олардың  маңындағы  өсімдіктер 

өңделеді,  мал  шаруашылық  қүрылысгарын  дүрыс  орналастыруға 

көңіл  бөлінеді.

Дцам мекен-жайлары эпидемиологиялық себептерге байланысты 

немесе жөндіктср тым  көбейіп кетсе,  өнделеді.  Өндеу жүмыстарын, 

әдетте,  инсектицидтердің срітіңдісін,  суспензиялары мен эмульсия- 

сын төбеге,  қабырғаға жагу арқылы  орындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет