8194
ҚА З А ҚС ТА Н Р Е С П УБ Л И КА С Ы
Д Е Н С А У Л Ы Қ С А Қ Т А У ІСІ Ж Ө Н ІН Д Е Г І А Г Е Н Т Т ІГ І
С. Ж . АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ М ЕМ ЛЕКЕТТІК М ЕДИЦИНА УНИ В ЕРС И ТЕТІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕДИЦИНАЛЫ Қ Ж ОҒАРЫ О Қ У
ОРЫНДАРЫНЫҢ О ҚУ-Ә ДІСТЕМ ЕЛІК БІРЛЕСТІГІ
ГИГИЕНА Ж Ә Н Е ЭПИДЕМ ИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ
С.
ӘМІРЕЕВ, Ж. ТЕМІРБЕКОВ
Эпидемиология
Жалпы эпидемиология
1 - т о м
АЛМАТЫ
ЖОҒАРЫ АТТЕСТАЦИЯЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ
БАСПА ОРТАЛЫҒЫ
2000
УДК 616.9-036.22(075.8)
П і к і р ж а з ғ а н д а р :
медицина ғылымдарының докторы У. А. Сағы мбек,
медицина ғылымдарыныц кандитаты,
доцент Ш. А. Бейсембаева
Жалпы редакциясын басқарған
медицина ғылымдарының докторы, проф. С. Ә. Әміреев
Ә м іреев С. Ә ., Тем ірбеков Ж . Т. Э пид ем иология. Жалпы эпиде
миология. 1-т. - Алматы: ЖАК-тың баспа орталығы, 2000. 552 б.
Оқулықта жуқпалы аурулар эпидемиологиясының жалпы төориялық нөгіэдері
жинақталып қорытылгак эпидемиология пәнінің әдгстері, оның эерттөу объектіа
болып саналатын эпидемиялық процвсгің пайда болу, даму, реттелу механизм-
дер», эпидемиологиялық қадағалау (эпидемиологиялық талдау мен диагноз қою)
проблвмалары, індетке қарсы шаралар жиыктығы, санитарлық-эпидемиологиялық
жумысты уйымдастыру мен індөттің алдын алу шараларын жосларлау принцип-
тері жан-жақты талқыланған Эпидемиологиядәғы төориялық концепцияларға, оның
ішіндел көйбір кезқарастарға талдау жасалғак
Оқулықта жуқла/ш ауруларды лабораториялық анықтаудың концептуалдық
жақтары мен мүмюміііліктері жане олардың нөтижесін эпидемиологгың тәжірибеде
түсіндіру мәселалеріне ерөкшө кеңіл бөлінген
Оқулық медициналық оқу орындарының, әсіресе, санитарлық-эпидемиоло-
гиялық факультеттөрдің студенттеріне, эпидемиология пөнінен дөрю бөрөтін оқьггу-
шыларға жәнө жас эпидемиолог мамандарға арнапған. Сонымен қатар. бул кітап
микробиологгың, лаборатория қызметкерінің. инфекционистің, қоғамдық денсау-
лық сақтау жумысын уйымдастырушылардың жене басқа да мамандардыц наэа-
рына ұсынылады.
© Әміреев С. Ә.,
Темірбеков Ж. Т., 2000
ISBN 9965-520-46-1
АЛҒЫ СӨЗ
Ұсынылып отырған оқулық Қазақстан Республикасы медици-
налык жоғаргы оқу орыңцарыньщ оқу өдістемелік бірлестігі бекіткен
(1998) эпидемиология бағдарламасына сәйкес алғаш рет қазақ тіліңде
дайындалды.
Бүл оқулықта жалпы эпидемиологияға (1 том) қатысты бес бөлім-
нен түратын материалдар жинақталды. Ж үқпалы аурулардың жеке
түрлерін толық меңгеру эпидемиологияның жалпы теориялық жөне
өдістемелік негіздеріне байланысты болғаңдықтан эпидемиология
пөнінің өдістері, эпидемиялық процесс туралы, эггидсмиологиялық
қадағалау жүйесі (эпидемиологиялық таддау мен диагноз қою ), ауру-
дың алдын алу мен оларга қарсы қолданылатын шаралардың прин-
цептері, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет көрсетуді үйымдас-
тыру жөне індеттің алдын алуды жоспарлау мөселелері туралы қазіргі
кездегі жетістіктер мен амалдар жан-жақты қарастырылып, жүйеге
келтірілді.
Осы кітапты дайындау барысында ағгорлар бүрын орыс тіліңде
жарық көрген эпидемиология оқулықтары мен нүсқауларды бас-
шылыққа адды. Солардьщ ішіңде Л. В. Громашевскийдің (1949,1965),
В. М. Ж дановтьщ (1965), И. И. Елкиннің редакциялық басқаруы-
мен дайьшдалған (1979), В. Д. Беляков пен Р. X. Яфаевтың (1989),
Н. Д. Юіцук жөне басқалардың (1993), В. И. Покровекийдщ редак-
циясымен ш ы ққан (1993) дөрігерлерге арналған екі томдық нүсқау-
ды жөне жалпы эпидемиологияның жеке бөлімдеріне арналған (эпи-
демиялық процесс, эпидемиологиялық диагноз, эпидемиологиялық
талдау жөне т. б.) басқа да еңбсктерді атап өткен жөн.
Оқулықтан Қазақстан ғалымдарының, соның ішінде осы кггаптьщ
авторларыньщ да эпидемиология іліміне қосқан теориялық-әдісте-
мслік, төжірибелік еңбектері де біраз орын алды. Сонымен қатар,
еліміздегі табиғи, шаруашылық, өлеуметгік жағдайлардың кең тара-
ған жүқпалы ауруларға тигізетін өзіндік ықпалы да назардан тыс
қалган жоқ.
з
Осы оқулықты дайындаудағы басты мақсаттьгң бірі — жалпы
эпидемиологияда қолданылатын заңдылықтарды, негізгі түсініктерді
және анықтамаларды бір жүйеге келтіру болды, өйткені бүл сала-
даты бүрын орыс тілінде ж арық көрген оқулықтардағы деректер
ескірген, тіпті кейбіреулерінде қате көзқарастар да бар сді. Аталған
мөселелерді ескере отырып эпидемиология ілімінің соңғы жетістік-
теріне сөйкестелінген анықтамалар берілді. Бүл жерде Дүниежүзілік
Денсаулық сақтау Ұйымы (ДДҰ) үсынған анықтамалар мен түсі-
ніктер, басқа да галымдардың өр түрлі көзқарастары да салыстыр-
малы түрде талқыланды. Әсіресе осы пөннің зерттеу объектісі болып
саналатын эпидемияльіқ процестің анықтамасы, пайда болу, даму,
реттелу механизмдері, жүқпалы ауруларды эпидемиологиялық топ-
тастыру принциптері, эпидемиологиялық қадағалау, эпидемиология-
лы к диагноз қою туралы түсініктер мен өдістемелік бағыттар жан-
жақты қарастырылды.
Соңғы жылдары көптеген ж үқпалы аурулардьщ жеке түрлерінің
кейбір эиидемиологиялық көріністері мен пайда болу механизм-
дерінде өжептеуір өзгерістердің пайда болтаны мөлім. Оларга табити,
өлеуметтік және экологиялық жатдайлардьщ эсер етуі айқындала
түсуде. Оқулықта осы өзгерістердің себептерін ашып көрсетуге де
біраз көңіл бөлініл, мысаддар келтірілген.
Кейінгі кездс жаңадан белгілі бола бастатан жүқпалы аурулар-
дың анықталтандығы да баршамызта мөлім. Олардың нозологиялық
түрлері 30-дан асты. Солардың қатарына легионеллез, АИВ тудыра-
тын Ж ИТС, Эбол, Ласса, Марбург геморрагиялық қызбалары, виру-
сты гепатиттердщ жаңа түрлері жөне т. б. инфекциялар жатады.
Сонымен қатар өлеуметтік проблема тудырып отырған кейбір ин-
фекциялардың (туберкулез, жыныс орыңцары арқы лы берілетін
жүқпалар т. б.) “қайта оралуын” немесе “қайта пайда болуы н”
(“reemerging”) теориялық түртыдан қайта қарап түсіну, оларға қар-
сы қолданылатын тиімді шараларды іэдестіру мен жаңа өдістемелік
жолдарды қарастыру бүгінгі күнгі эпидемиология гылымының ксш ік-
тірмей қолга алатын өзекті мөселелерінің бірі болып табылады. Де-
мек осы бағьптаты тылыми -төжірибелік жүмысгы дүрыс жолта қоюда
жалпы эпидемиологияның теориялық негізіне, оның концепцияла-
рына жаңа көзқараспен үңілу керек екендігі сөзсіз. М іне, осы про-
блемалар да оқулықтың кейбір тарауларында жан-жақты қарадцы.
4
Ж ұқпалы аурулармен күресудегі айтарлықтай жетістіктерге қара-
мастан, соңғы жыддары олардың алдын алу мен күресуде жөне тара-
лу жолдарын тиімді түрде тежеу мөселелерінде толық шешімі табыл-
маған проблемалар өлі де болса орын алып отырғаны мөлім. Айта-
лы қ, дүниежүзінің біраз аймақтарында, соның ішінде Қазақстанда
да көп тепч жүқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай
күрт нашарлап бара жатк.аны байқалып отыр. М әселен, ДДҮ мөлі-
меттері бойынша жыл сайын жаңадан туған 130 миллион баланың
12 миллионы өледі, солардың 9 миллионы жүқпалы аурулардың
себебінен шетінегендер. Жалпы дүние жүзі бойынша жыл сайын
қайтыс болатын 51 миллион адамньщ үштен бірінің (16 млн.) себебі
жүқпалы аурулар болып саналады. Солардың ішінде бірінші орында
туберкулез ауруы екендігі айқындалып отыр. Осыған орай жүқпалы
аурулармен күресуде ғылыми-тәжірибеде дәлелденген өдістерді пай-
дал ану, қоғамның барлы қ күиггерін жүмылдыра отырып атқару,
мемлекет түргысынан түрақты түрде саяси - өл е уметтік қолдау корсету
керектігі, үкіметтен бөлінген қаражатгы тиімді пайдалана білу, сани-
тарлық-эпидемиологиялық мекемелердің іс-қызметгерін қазіргі эпи-
демиологиялық жағдайға бейімдеп үйымдастыра білу проблемалары
ютаптын жеке тараулары мен бөлімдерінде барынша қамтылды.
Эггидемиологиялық диагноз қою барысындағы жиі кездесетін
қателерді талдау мен оларды болдырмау жолдары, жүқпалы ауру-
ларды лабораториялық анықтаудьщ концептуалдық принциптері мен
м үм кінтіліктері жөне олардын нәтижесін эпидемиологиялық төжі-
рибеде түсіндіру мөселелері мүнда алғаш рет толық көрсетілді. Бүл
осы оқулықтың басты ерекшелігі болып табылады.
Әрбір бөлімінің басында студент пен маманның меңгеруге жөне
төжірибе жүзіңде істей білуге тиісті негізгі өдіс-дағдыларының тізімі
көрсетілген. Сонымен катар өр тараудың соңында өз бетінше дай-
ындалуға арналган сүрақтар берілген. Олар тақырыптың толы қ
игерілгендігін сараптауға жөне өзін-өзі тексеруге мүмкіндік туты за
ды. Осы сүрақтардың негізінде төжірибелік сабақтарға арналган сы-
нақты қ сүрақтарды жалпы эпидемиологияның барлық бөлімдерін
толық қамти отырып жасауга болады.
Окульпста қосымш а дайындалауга арналған өдебиеттердің тізімі,
эпидемиологияда пайдаланылатын негізгі түсініктер мен терминдер-
дің қысқаш а сөздігі берілген.
5
Автор өздерінің алдъша қойган міңцет қанш алықты қиы н болса
да онын қазіргі кезде қазақ оқырмандарына мейлінше қажст екеніне
үлкен жауапкершшікпен қарауға тырысты. Өйтсе дс бүл эпидемио
логия окулығын қазақ тілінде жазудағы бірінші қадам болғандық-
тан, кейбір олқылықтар мен кемшіліктердің кездесуі де мүмкін. Сон-
дықтан осыған байланысты сындарды немесе үсыныстарды шын
ықыласпен қабыддаймыз.
Авторлар.
Қысқартьивган сөздердің тізім і
АБЛ - антигенді байлайтын лимфоциттср
АИВ - адамдагы иммундық жетіспеушілік вирусы
АД-М - адсорбированный дифтерийный анатоксин (“малая”
доза)
АДС-М — адсорбированный дифтерийно-столбнячный анаток
син (“малая” доза дифтерийного анатоксина)
АДС - адсорбированный дифтерийно-столбнячный анатоксин
АКДС - адсорбированная коклюш но-дифтерийно-столбнячная
вакцина
АС - анатоксин столбнячный
БЦ Ж - ЬасШе bilie Calm ette-G uerin (BCG) туберкулезге қарсы
қолданылатын вакцина (туберкулез таяқш асының өлсіретілген, виру-
лентгілігі төмендетілген штамынан жасалған)
ВГВ — вирусты гепатит В
ВИЧ - вирус иммунодефицита человека
ГАТТ - гемагглютинацияны тежеу реакциясы
ГЕ — гепатит Е
ГА — гепатит А
HBsAg - гепатиттің (hepat) В түрінің S антигені (Ag)
ДДА - дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы
ДД Ү - дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымы
Д Н Қ - дезоксинуклеин қыш қылы
ЕҒҮ - еңбекті ғылыми үйымдастыру
ЖГХБ - жалпы гигиеналық халықаралық бюро
Ж ИТС - жүре пайда болтан иммундық тагшіылықтың синдромы
ЖРА - жедел респираторлық ауру
Ж ІА - жггі ішек ауруы
И К - иммуңдық кешен
ИПВ — инактивацияланган полиомиелит вакцинасы
ИФА - иммунно-ферментный анализ
7
ИЭ — индекс эффективности
И ЭМ — индекс эффективности мероприятий
К БР “ комплемента байланыстыру реакциясы
КЗ — коэфициент защищенности
К И Б — кеңейтілген иммуңдау бағдарламасы
КТУ - көсіби техникалық училище
Қ ГҚ - қырым геморрагиялық қызбасы
Қ К — қорғану коэфициенті
Қ Р - Қазақстан Республикасы
М Е/мл - международная единица (миллилитр)
ОСБ — орталық санақ басқармасы
ОПВ — оральная полиомиелитная вакцина
ПТР — полимераздық тізбе реакциясы
РН Қ - рибонуклеин қыш қылы
РП И — расширенная программа иммунизации
РС К — реакция связывания комплемента
РТГА — реакция торможения гемагглютинации
РЭТ — ретроспективті эпидемиологиялык талдау
СҚАИ - сіреспеге қарсы адамның иммундыглобулині
СТИ-1 - сібір жарасы инфекциясына қарсы вакцина (капсуласы
ж оқ, вируленттілігі томен сібір таяқш асы штамынан Н. Н. Гинсбург
жасаған)
СПИД - синдром приобретенного иммунодефицита
СЭМ — санитарлық-эпидемиологиялық мекеме
СЭС - санитар лык-эпидемиологиялык станция
СЭББ - санитарлық-эпидемиологиялық Бас Басқарма
СЭБО — санитарлық-эпидемиологиялық баскару органдары
ТИ - тиімділік индексі
Ш ТИ — шаралар тиімділігінің индексі
ТМД — төуелсіз мемлекеттер достастығы
ЭЕМ — электронды есегггеу машинасы
ЖАЛПЫ ЭПИДЕМ ИОЛОГИЯНЫ Ң ҚҰРЫЛЫМЫ
Жалпы эпидемиология — жүқпалы аурулармен күресу, жою жөне
олардың алдын алудағы теориялық, өдістемелік жоне ұйымдастыру
негіздері туралы білімдердің жиынтыгы. Бүл кітапта жалпы эпиде-
миологияның 5 бөлімі қаралады. Бірінші бөлімде эпидемиология -
ның өз бетінше ғылым ретінде қалыптасу тарихы, эпидемиология
пөнінің мақсаты, міндеті, зерттеу объектісі жөне оның өдістері си-
патталады. Сонымен қатар жұқпалы ауруларға тән эпидемиология-
лы к ерекшеліктер баяндалады.
Екінші бөлімде эпидемиология пөнінің теориялық негізі ретінде
эпидемиялық процесс туралы ілімге талдау жасалады. Бүл бөлімде
клиникалық медицинадағы жалпы патология сияқты жұқпалы ауру-
лардың пайда болуы, көрінісі, даму және реттелу механизмдерінің
теориялары сөз болады.
Үшінші бөлімде эпидемиолопиялық қадагалау жөне оның элемент-
тері болып саналатын эпидемиологиялық талдау мен эпидемиоло-
гиялық диагноз туралы мәселелер қаралады. Эпқдемиологиялық қада-
галау мен эпидемиологиялық диагноз туралы ілім соңғы 10—15 жыл-
да ғана эпидемиологияның басты бөлімі болып қаралуда. Эпидеми-
ологиялық диагнозды қоюдағы өдістемеліктің принциптері, түрлері
мен ерекшеліктері баяндалады жөне оны пайдалану барысында кез-
десетін қателіктердін гносеологиялық түбірін талдауға көціл бөдінеді.
Төртінші бөлімде клиникалық медицинадагы емдеу шаралары
сияқты эпидемияға қарсы шаралар мен жүқпалы аурулардьщ алдын
алу әрекеттерінің жиынтығы қаралады. Бүл бөлімде эпидемиялық
ошақты тексеру, бақылау жүмыстары, аумақты санитарлық-эпиде
миологи ялы қ барлау және сараптау мөселесі айтылады. Иммундық
алдын алу шаралары, эпидемиялық ошақты және заттарды залал-
сыздандыру жүмыстары (дезинфекция, дезинсекция, дератизация, сте
рилизация) талқыланады. Індетке қарсы шаралардың сапасы мен
нөтижелілігін анықтау мөселелері де осы бөлімде сипатталады.
Бесінш і бөлімде эпидемияға карсы шараларды үйымдастыру
жүмыстарының принциптері мен түрлері, өртүрлі жоспарлау прин-
циптері мен оларды қадағалау әдістері талқыланады. Ж үкпалы ауру
лармен күресуде халықтың санитарлық сауаттылығын арттыру жұ-
мыстары да осы бөлімде қаралады.
9
Жалпы эпидсмиологияны оқы п, білу барысында студент (эпиде-
миолог-маман) төмендегі мөселелерді меңгеруі тиіс:
• эпидемиологияны эпидемиялык процесс туралы ғылым ретінде
анықтау; халық арасында ж үкдалы аурулардың пайда болуы мен
таралу зандылықтары; қазіргі эпидемиологиялык концепциялардьщ
мазмүны, эпидемиялық процестің мөні, қүрамы, даму механизму
көрінісі; жүқгіалы ауруларды экологиялы қ-эпидемиологиялык топ-
тастыру принциптері;
• эпидемиологиялъіқ зерттеу өдістерішң қүрылымы, эпидемиоло
гиялык талдау принциптері, эпидемиологиялык диагностика; ж үкпа-
лы ауруларды қадагалаудағы теориялық, өдістемеліх және үйымдас-
тыру негіздері;
• халықты қорғаудағы індетке қарсы үйымдастырылу қүры лы -
мыныи жүйесі жөне індетке қарсы жасалатын жүмыстардың жоспа-
рын жасау. Осы жүмыстардың саласы мен тиімділігін бағалаудагы
әдістемелікгің негізі.
Ж алпы эпидсмиологияның осы аталған бөлімдерінін теориялы к
бағытына сүйеніп, сгуденттердің (мамандардың) төжірибелік дагды-
ларды мсңгеруі төмендегі бағыттарда іске асуы қажет:
• эпидемиялық процестің пайда болу жағдайы мен даму меха-
низмін еске ала отырып, оньщ көрінуін анықтап білу;
• ретроспективггік эпңдемиологиялық талдаудың нсгізгі принцип-
терін меңгеру жөне жедел эпидемиологиялык талдау жүйесінде эпи
демиялык ошакты тексеру схемасы арқьшы жүргізе білу;
• әртүрлі эпидемиологиялык жағдайда атқарылатын шараларды бел-
гілеу, дөлелдеу жөне қарсы шаралардың нақтылы тюмділігін багалау;
• эпидемиологтың жүмысын эпидемиологиялык қадағалау прин
цип! бойынша үйымдастыру;
• эпидемиологиялык жағдайды болжауды іске асыру жөне осы-
ның негізінде эпидемияға қарсы жүмыстың проблемалык-такырып-
ты қ жөне функциональдық-салалық бағдарламаларын жасау;
• эгтдемияға қарсы бөлек шаралардың немесе олардьщ қосы н-
дысынъщ нақтылы жөне қарымды тиімділіпн бағалау (мысалы, аддын
алу, дезинфекция, дезинсекция, дератизация, стерилизация, ауруды
жекелеу т. б.) жөне эпидемиологтың жүмысының сапасы мен тиім-
ділігін анықтау.
Жалпы эпидемиологияның жоғарыда аталған болімдері жске эпи-
демиологияда төжірибелік дағдыларды мсңгеру кезіндс міндетгі талап
болып саналады.
Ю
І-БӨ Л ІМ
Э П И Д Е М И О Л О Г И Я П Ә Н І
Ж Ә Н Е О Н Ы Ң Ә Д ІС Т Е Р І
Эпидемиология пөнін және өдістерін оқып биту барысында сту
дент (эпидемиолог-маман) төмендегі мәселелерді меңгеруі тиіс:
• эпидемиология пөнінің эпидемиялық процесс туралы ілім
ретінде анықтамасын, мақсатын, міндетін, зерттеу объектісін;
• эпидемиологияның өзіндік ерекшеліктерін;
• эпидемиологиялық зерттеу өдістерінің қүрылымын, мазмүнын
жөне өрқайсысының зерттеу барысьшдағы маңызын.
Студент (маман) мыналарды істей білуі қажет:
• эпидемиологиялық әдістер жиынтығының нақтылы эпиде-
миологиялық проблемасын тадцап шешу үшін олардың тиімділігін
багалап білу.
1-тарау
ЭП ИДЕМ ИОЛОГИЯНЬЩ ЖЕКЕ ҒЫЛЫМ ТҮРІНДЕ
ҚАЛЫПТАСУЫ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША ТАРИХИ ДЕРЕКТЕР
Ертедегі Ш ығыс Азия халықтары жүқпалы аурулардың мөні ту
ралы кейбір мағлүматтардан хабардар болған. Мысалы, олар алапес
ауруының жүқпалы екенін білген, ондай ауруларды халық арасынан
аластаган немесе ерекше “алалестер қорасына” қамаған. Қытайда
осыдан 3 мың жылдан астам уақыт бүрын халықты шешекхе қарсы
егу өдісі қодданылған. Қазақстан жерінде де Өгейбойдақ Тілеуқабыл-
үлы деген халық емшісі шешекке қарсы егуді осыдан 500 жыл бүрын
шамасында, ал Дженнерден 350 жыл бүрьш жасап, іс жүзінде пайда-
ланып көрген.
Ж үқпалы ауруларды тірі қоздыргыштардың тудыратыңдығы алғаш
рет Гиппократтың (біздің дөуірге шейінгі 460-372 ж.) жөне басқа да
Греция жөне Рим ғалым-философтарының еңбектеріндегі болжам
ретінде айтылған.
I I
Тек қайта өркеңдеу дөуірінен бастап медицина ғылымы дами түсті.
Соның ішінде жүқпалы аурулардың мөні туралы еңбектердщ ғылы-
ми негізі қальгптаса бастады. Бүл дөуірде алғаш рет эпидсмиоло-
гияга үлкен үлес қосқандардың ішінен Италия ғалымы Фракастор-
ды (1483-1553 ж.), агылилын зерттеушісі Сиденгамды (1624-1689 ж.)
атап өтуге болады. Микробиология өлі пайда болмаған кезде ағыл-
шын дөрігері Э. Дженнер (1749-1823 ж.) шешек ауруьша қарсы сиыр
шешегінің қабыршағын (вакцина) адам денесіне енгізді. Бүл өдістің
кейін қауіпсіз жөне тиімді екені дөлелденді.
XVIII гасырда Ресейде өндірістің жедел өркендеу дөуірі бастал-
ды, осы жылдары гылым да тез қарқынмен дамыды. Эрине, меди
цина, соның ішінде жүқпалы аурулармен күресу жолдары да әжеп-
төуір дамыды. Бүл жерде орыс галымы Д. Самойловичтің (1724—
1810 ж.) еңбегін ерекзие атал өту керек. Осы галым эпидемиология -
ның іргетасын түңгыш қалаушы болып есептелінеді. Ол өзі тікелей
қатысьш Москвада, Қара теңіз жағалауында жөне тағы да көптеген
жерлерде оба ауруына қарсы күресте көп еңбек етгі. Алғаш рет оба
қоздыргышын микроскоп арқылы іздеген жөне обаның тірі қоздыр-
гышы бар деп сенген.
XIX ғасырды бактериология дөуірі десе де болады. Осы ғасырда
Л. Пастер (1812-1895 ж.), Р. Кох (1843—1910 ж .), И. И. Мечников
(1845-1911) ашқан үлы жетістіктер эпидемиология ғылымына зор
үлес қосты.
Бүл кеэеңцегі эпидемиологияның ғылыми жөне төжірибелік жаңа-
лықтарына айтарлықтай үлес қосқандардың іпгіңде Г. Н. Минх (1836—
1896 ж.), О. О. Мочутковский (1845-1903 ж.) болды. Олар өздеріне
бөртпе сүзегі мен қайталама сүзектің қоздырғыпггарьш жүқтыру
арқылы осы аурулардың таралу жолдарын ашты. И. И. Мечников-
тың иммунология ғылымымен қатар тырысқақ, қайтпа сүзегі, бертпе
сүзегі, туберкулез, дизентерия, мерез ауруларының эпидемиология-
сын зерттеуде еңбектері зор. Д. И. Ивановскийдің (1864-1920 ж.)
вирус қоздырғыштарын ашудағы, өскери-дөрігер П. Ф. Боровской-
дың (1863-1932 ж.) лейшманиоз қоздырғышын табудағы еңбектері
эпидемиологияға қосқан зор үлес деп бағаланады. Әрине, орыстың
атақты ғалым емшісі С. П. Боткин де (1832-1889 ж.) бауырдың ісік
ауруы қоздырғышқа байланысты туындайды деген ойды бірінші бо
лып айтқан, кейіннен осы ауруды “Боткин ауруы” деп атады, ал
12
қазір бүл аурудың қоздырғышы - өртүрлі вирустар екені дүние жүзіне
айқын болды. Ол вирустардың тек XX ғасырдың ортасынан асқанда
ғана анықталғаны бәрімізге мөлім.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басы эпидемиология
ғылымының ең табысты кезеңі десек қателеспейміз. Осы кезенде
Г. Н. Габричевский (1860-1907 ж.) қан сарысуын дифтерияны ем-
деуге қолданды. Оның жаншау (скарлатина), безгек ауруларына да
байланысты еңбектері бар.
Л. А. Тарасевич (1868-1927 ж), Е. И. М арциновский (1874—
1935 ж.), Д. К. Заболотный (1866-1929 ж) эпидемиология ілімінің
ірге тасын қалауда көп еңбек еткен көрнекгі ғалымдар болып сана-
лады. Л А Тарасевич бөртпе сүзегі, туберкулез ауруларын зертгеудегі,
халықтың белсенді иммундық жүмысын үйымдастырудагы істеген
еңбекгерімен белгілі. Е. Н. Марциновский безгек, лейшманиоз, кене
қайтпа сүзегі жөне паразитология іліміне зор үлес қосты. Паразито
логия, өсіресе гельминтология үшін К. И. Скрябиннің ғылыми
зерттеулерінің маңызы өте зор. Д. К. Заболотный тырысқақ, бит
сүзегі, мерез және тағы басқа да ауруларды зерттеді. Оны XX ға-
сырдың басыңдағы ең белгілі эпидемиолог-ғалым деп атайды. Ең
алғаш қы эпидемиология кафедрасын аш қан да, бірінші оқулы қ
дайындаған да осы ғалым. Е. Н. Павловский эпидемиология мен
паразитологияда көп еңбек етгі. Оның табиғи-ошақтық теориясы
эпидемиология пәнінің басты теориялық негіздерінің бірі болып
саналады.
Эпидемиология пәнінің әртүрлі салалас ғылымдардың әсерімен
дамитыны белгілі. Осы бағытта үлкен үлес қосқан ғалымдардың
ішінде микробиолог Н. Ф. Гамалеяның, паразитолог М. Д. Машков-
скийдің, вирусологтар Л. А. Зильбердің, А. А. Смородинцевтің,
М. Б. Чумаковтың, В. М. Ждановтың, X. Ж. Жүматовтьщ, иммуно
лог П. Ф. Здродовскийдың еңбектерін ерекше атап өту керек.
Кеңес Одағы кезеңіндегі эпидемиология ғылымыньщ теориясы-
на қосқан үлестері жағынан Л. В. Громашевскийдің, В. А. Баше-
ниннің, И. И. Елкиннің, В. Д. Беляковтың, И. К. Қарақүловтың,
Н. И. Кереевтің, Э. П. Шляховтың, В. Н. Беклемшиевтің, В. И. По-
кровски й д ің , Б. Л. Ч еркасски й дің , Ю. П. С олодовниковты ң,
И. Л. Ш аханинаның, Ю. В. Литвиннің жөне басқа да ғалымдардың
орны да ерекше. Осылардың ішінде Л. В. Громашевский аш қан
13
эпидемиологияның көптеген заңдары, эпадемиялық процесс тура-
лы ілімі, Б. Л. Черкасскийдің эпидемиялық процесті өлеуметтік-
экологиялық түрғыдан қарау концепциясы ерекше орын алады.
Эпндемнологняиың өзге
медицина гылымдары саласымен байланысы
Эпидемиологияның жеке медицина тарамы болып қалылтәсуы-
на микробиология, вирусология, паразитология, иммунология, жук-
палы аурулар клиникасы пөндерінің ықпал еткені тарихи деректер-
ден белгілі. Қазіргі гылымның дамуы кезінде жоғарыда аталған
пөндердің эпидемиологияға өсері айырықша болды. Бүл пөндердің
эпидемиялық процестің мөнін, даму барысын, реттелу механизмдерін
түсінуде жөне індетке қарсы шараларды іске асыруда маңызды екені
кейінгі бөлімдерде толық айқыңдалады. Сонымен қатар эпидемио-
логиялық проблемалардың басқа да медицина пөндерімен тығыз
байланысты екенін білген жөн. Солардың ішінде санитарлық стати-
стиканың, гигиенаның барлық бөлімдерінің алатын орыңдары да
ерекше, өйткені осы пөңдердің денсаулықты жақсартуға арналган
шаралары індетке қарсы жүргізуге бағъпталған өрекеттер болып сана-
лады. Осы ғылымдардың нөтижелері эпидемиологияга тікелей ықпал
етті деуге болады.
Сонымен қатар басқа клиникалық пәндердің де эпидемиология -
ньщ нөтижесіне қалайда төуелді екені беліілі. Мысалы, трахома, гер
пес жене тағы басқа да аурулар офтальмологияның басты проблема-
сы болып саналады. Венерология, дерматология пөндері де эпиде-
миологияның көмегінсіз көп мөселелерді шеше алмайды. Нерв жүйесі
дөрігері де, хирург, қүлақ-мүрын-тамақ маманы да, акуш ер-гинеко-
логтар да терапевтермен қатар, өр уақытта өртүрлі қоздырғыиггар-
дың зардабын көреді, оның жүғу жолдарын, таралу механизмдерін,
күресу бағытын эпидемиолог мамандарынсыз ш еше алмайды.
Сондықтан эпидемиология пөнін барлық факультеттерде оқыту-
дың маңызы зор екені, өсіресе, отбасы дөрігерлерін даярлаудагы орны
ерекше екені айқын.
14
2-mapay
ЭПИДЕМИОЛОГИЯ ПӘНІ, МАҚСАТЫ
ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ
Эпидемиология термииі (гр. ері — ел — іші, demos-халы қ + logos -
ғылым) халық арасындағы қүбылысты зерттейтін ғылым деген түсі-
нікті білдіреді. Басында бүл термин көп тараған қауіпті жүқпалы
аурулардың (оба, тырысқақ, сүзек, т. б.) таралуын зертгеу деген мағы-
нада пайдаланылған.
Ш ын мөнісінде эпидемиология пөні медицинаның бір тармағы
ретінде адамдардың жұқпалы ауруларын зерттейтін ғылым.
Ж үқпалы аурулардың басқа аурулардан ерекшелігін айқындай-
тын екі басты себеп бар: біріншісі, өзіндік этиологиялық фактордың
болуы, яғни инфекциялық процесті тудыратын себептік фактор ре-
тінде қоздырғыштың болуы; екіншісі, инфекциялық процестің мөнін
анықтайтын микроорганизмнің паразиттілік феномені, басқаша айт-
қанда аурудьщ залалды жүқтырушылық қасиетінің болуы.
Жүқпалы аурулардың қоздырғыштарын биология және медицина
ғылымдарының бөлімдері зерттейді (микробиология, вирусология,
гельминтология, т. б.), бірақ олардьщ кейбір жақтарын, мысалы.
микроорганизмдер қалайша жөне неге адам ауруының қоздыргьшіы
болады, адамның қандай әрекеттері олардың өмір сүру мүмкіндігін
қамтамасыз етеді деген аспектілерді эпидемиология гылымы зертгейді.
Осы мөселелерді В. М. Жданов былай деп сипаттады: “Эпидемиоло
гия деген жүқпалы аурулар қоздырғыштарыньщ адамзат қогамын-
дағы экологиясы”.
Бірақ, мүндай анықтама эпидемиологияның м ағы насьт толық
жеткізе алмайды. Ж үқпалы ауру қоздырғыш пен адам организмінің
белгілі бір ортада болатын өрекеттестігінің нөтижесінде пайда бола
ды. Бүл қүбылыс инфекциялық процестің мөні болады жөне ол меди
цина ғылымдарының басқа салалары зерттейтін объект болып сана-
лады (жалпы патология, иммунология, инфектология, т. б.). И н
фекция туралы ілімнің кейбір жақтарының эпидемиологияга да тура
қатысы бар; мысалы, қоздырғьші қандай жолмен адам организміне
енеді, сол организмнен қалай бөлініп шығады, аурудан кейінгі пай
да болтан иммунитеттін үзақтығы, шамасы қандай? Міне, осы сүрақ-
15
тарға жауап іздеу эпидемиологияның міндеті. Сондықтан эпидеми-
ологияға адамда жүқпалы аурулардың пайда болу механизмдерін
зерттейтін ілім деген анықтама беруге болады.
Бірақ, осы анықтама да эпидемиологияның мағынасын толық
ашпайды, өйткені жүқпалы аурулар жеке түрде пайда болмайды,
бір-бірімсн байланыса қозып, дамиды. Мысалы, балалар бақшасын-
дағы қызылша ауруы сау баланың науқас баламен бірге жүруінің
нөтижесінде пайда болады немесе ауылда бірнсше адам бруцеллез-
бен ауырды дслік, ол да себепсіз болмақ емес. Оған осы адамдардың
ауру малды бағып-қаққандығының немесе бруцеллез қоздырғышы
бар тағамды (шикі сүт, дұрыс піспеген ет) пайдалануының зардабы
тигені сөзсіз; бірнеше жолаушы адамдар асханада тамақтанған соң
уланып ауырған, оган сальмонеллез қоздырғышымен ластанған та-
ғамды пайдалануы эсер еткен. Осы келтірілген мысалдардьщ бөрінде
де нақты аурудың бір-бірімен байланысы бар екені аны қ байқалады.
Сондықтан эпидемиологияга адамдар арасында жүқпалы аурулар-
дың тараяу 'жолдары деген анықтама беруге де болады.
Бірақ бұл анықтама да эпидемиологияның мағынасын жеткіліхті
түрде сипатгамайды. Аурудың таралу жолдарын білу оның өр уақьгг
сайын эпидемия, пандемия түрінде өршіп, көбею себебін немесе
тіпті азаюын (спорадиялық, бірең-сараң түрдс) көрсете алмайды.
Мысалы, грипп пандемиясы 1957 жылы 1 млрд халықты қамтыды;
2000 жылдан кейін менингококк инфекциясымен ауру деңгейі өседі
деген болжамдар бар. Бүл қүбылыстар неге қайгаланады деген сүрақ-
тарға эпидемиология жауап іздеуі керек. Сондықтан эпидемиологи-
яны эпидемияның дамуы мен басылуын зерттейтін ілім деп қараса
да болады. Бірақ эпидемиологияның мақсаты осымен де шектелмейді.
Эпидемиология гыл ыми -теориялық пөн болғанымен де жогарыдагы
алға қойылган мөселелерді зертгеу барысында нақты күресу жолда-
ры мен аурудың алдын алу шараларын іздестіретін ғылыми дөлел-
денген пөн болып саналады. Сонымен, эпидемиология - адам қоға-
мындагы жүқпалы аурулардын пайда болу, таралу, даму завдылық-
тарьш зерттейтіи және олардыц алдын алу мен күресу шараларын
іздестіретія ғылым.
Эпидемиология пәнінің қалыптасу барысында жөне өрпгүрлі тео-
риялық көзқарастардьщ пайда болуына байланысты оның аньіқта-
масы да ө зге pin, жаңа мөн-мағына алып отырды. М үны өр галым-
16
Достарыңызбен бөлісу: |