ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет22/47
Дата06.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#8195
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   47

ғылым  мен  өнерді  салыстыра  келе,  Шеллинг  бірінші  орынға 

өнерді, эстетикалық сананы қояды. Өнерде бастапқыда ашылған және 

сезінген нәрсе кейін ғана ғылыми талдаудың нысанасына айналады.

Өнерде ең бағалы шығармалар тудырған даналар әрекет етеді. Да-

налар  еркін,  мазасыздық  пен  қуанышқа  толы  шығармашылық  өмір 

сүреді. Олар алдарына үлкен мақсаттар қойып, оларды жүзеге асыра-

ды  –  дүниеге  мәдениеттің  бірегей  туындылары  келеді.  Бірақ  олар 

өз  туындыларын  дүниеге  қалай  алып  келді?  Бұл  сұраққа  олар  жал-

тарма  жауап  қайтарады,  өйткені  өнердің  жасалған  туындыларының 

терең  себебі  Даралықтың  өзінде.  Ойшылдың  пікірінше,  даналар  – 

Даралықтың қолындағы қару.

Универсум  –  лат.  universum  <  universalis  –  жалпыға  бірдей  +  summa  rerum  –  заттардың 



жалпы жай-күйі, яғни Ғалам; философияда – біртұтас әлем. 

197

Өнердің  барлық  түрлерінің  ішінен  Шеллинг  поэзияны  бәрінен 

жоғары  қояды,  өйткені  сол  арқылы  Даралық  өз-өзін  барынша  терең 

сезінуге жетеді.

XX  ғасырда  өмір  сүрген  ірі  неміс  философы  Хайдеггер  де  оның 

болмыстың тым нәзік белгілерін аша алатын, бірақ философиялық та-

ным біле алмайтын поэзияға деген көзқарасын бөліседі.

Өмірінің  соңына  қарай  Шеллинг:  «Даралық  –  бұл  Құдайдың 

жай  ғана  басқаша  атауы»,  –  деп  мәлімдеп,  теологияға  бет  бұрады. 

Ашылудың  өз  жүйесін  ол  христиандық  аясымен  ғана  шектелмейтін 

теософия  ретінде  ойластырады.  Соған  байланысты  ол  «оң  филосо-

фияны»  «мифология  философиясы  және  «Ашылу  философиясы»  деп 

бөледі. Оның ойынша, олар сенім мен білімді біріктіреді. Бірақ оның 

шығармашылығының бұл бөлігінің де кейінгі дінтану негіздерінің да-

муына үлкен ықпалы болды.

Шеллинг  туралы  әңгімемізді  аяқтай  келе,  оның  идеяларының 

кейіннен  де  ізбасарлар  тапқанын  ерекше  атап  өткеніміз  жөн.  Сол 

идеялардың әсерімен Гегельдің, Шлейермахердің, Шопенгауэрдің және 

басқа да көптеген ойшылдардың философиялық ілімдері қалыптасты.

6.4. г.гегельдің жүйесі және әдісі

Неміс  философиясы  дамуының  шарықтау  шегі  XVIII  ғасырдың 

соңы – XIX ғасырдың басындағы ұлы ойшыл георг Вильгельм Фри-

дрих  гегель  (1770-1831)  шығармашылығының  көріне  бастаған  кезіне 

тұспа-тұс келеді.

Кантты  сынға  алғанмен,  оның  жүйесі  Канттың  философиясын-

сыз  пайда  болмас  еді,  өйткені  соның  нәтижесінде  елеулі  өзгерістер: 

дәстүрлі  метафизикадан  субъектіні  және  оның  қызметтік  табиғатын 

зерттеуге көшу орын алды.

«Академиялық»  деген  атқа  ие  болған  философ  Гегельдің  өзі  XIX 

ғасыр  философиясына  зор  ықпал  етті:  Американың,  Англияның, 

Еуропаның  алдыңғы  қатарлы  ойшылдарының  басым  көпшілігі 

гегельшілдер болды.

Тюбинген  Теология  училищесінің  студенті  болған  кезінде-ақ  Ге-

гель  Шеллингпен  танысып,  кейіннен  онымен  достасып  кетті.  Бұл 

жерде олар Француз революциясының өртін бастан кешті және соған 

ризашылық ретінде Азаттық ағашын отырғызды.

Өз  философиясы  жүйесін  құруды  Гегель  болмыс  пен  ойлауды 



теңдестіруден  бастайды.  Сол  шақта:  «Оның  философиясының  Шел-

198

линг  философиясынан  айырмашылығы  неде?»  –  деген  сұрақ  туады. 

Ол  да  бастапқы  Даралықтағы  болмыс  пен  ойлаудың  теңбе-теңдігін 

мойындайды  ғой.  Бірақ  әңгіме  мынада:  Шеллинг  бұл  теңдестіруден 

шығудың  жолын  және  дүниедегі  Даралықты  бұруды  эзотерийлік, 

ақыл-парасат түйсігі арқылы ғана жетуге болатын бастапқы құпия 

импульстен,  дүмпуден  көреді.  Бірақ  философиялық  жүйені  құруға 

мифология  (Демиургті  –  платондық  құдай-ұстаны  еске  түсірейік)  не-

месе мистика (Шеллингтегі сияқты) элементтері қосылған кезде, бұдан 

ешқандай  жақсы  нәрсе  шықпайды.  Сондықтан  Гегель  басқа  жолмен 

кетеді:  ол  болмыс  пен  ойлаудың  теңбе-теңдігін  ғана  емес,  олардың 

айырмашылығын  да  мойындайды,  соның  нәтижесінде  басынан 

бастап-ақ  Даралық  өз  ішінде  диалектикалық  қарама-қайшылықта, 

тұрақсыз, ары қарай даму импульстері бар болып шығады.

Нәтижесінде,  Гегель  Даралықтың  дамуына  тарихи  көзқарас 

енгізіп,  алдыңғы  ахуалды  терістеу  негізінде  қарама-қайшылықтарды 

жеңу қалай болатынын көрсете алды, өз кезегінде, ол да өзгерістерге 

ұшырап,  терістеледі.  Ойшылдың  өзі  бейнелеп  айтқандай,  шындық  – 

ол  дайын,  соғылған,  шиырып  жіберіп  қалтаға  салуға  болатын  мәнет 

емес.  Оған  жету  үшін,  жеке  тұлға  алдымен  өзінің  дамуы  барысында 

рух жүріп өткен тарихи жолды білуге және игеруге тиіс.

Жоғарыда көрсетілген диалектикалық идеялардың негізінде Гегель 

Даралық идеясын танудан басталатын өзінің ғаламат философиялық 

жүйесін құрды. Ол бар, басқа сөзбен айтқанда, даусыз білім, таза, ма-

териямен ластанбаған түсінік – шынайы болмыстың өзі. Оның өз-өзін 

танып білу және өзін-өзі айқындау үдерісін Гегель «Логика ғылымы» 

еңбегінде зерттейді. Дара идея мәңгі өмір сүреді және өз дамуы бары-

сында әртүрлі кезеңдерден өтеді.

Дара идеяның өз-өзін ашуының бірінші кезеңі – логика, яғни қисын 

болып табылады. Сол арқылы Дара идея өзінің жалпылама мазмұнында 

санаттар жүйесі ретінде ең бір «қарапайым»: болмыс, болмыссыздық, 

қалыптасу, дәл қазір бар болмыс, сапа, сан сияқты нәрселерден бастап, 

нақты  мазмұндағы  түсініктер:  химизм,  биологизм  және  басқалары 

сияқтылармен  аяқтай  ашылады.  Идеялар  дамуының  таза  ойлары  мен 

баспалдақтары сияқты, олар заттардың мәнін құрайды.

Өз-өзін  енді  танып  білген  Дара  идеяның  ары  қарайғы  ашылуы  – 

идеяның басқадай сырттанған болмысы болып табылатын табиғатта 

орын  алады.  Бұл  –  Дара  идеяның  дамуындағы  қажетті  кезең,  онда 

табиғатқа айнала отырып, ол өзінің шынайы мәнінен ажырап, ақырғы 

сезімдік,  тәндік  заттар  түрінде  көрінеді.  Өзінің  тарихи  дамуында 


199

Табиғат адамды, сонымен бірге адамның рухын тудырады. Табиғаттың 

мақсаты  –  қиял-ғажайып  құс  Феникс  сияқты  тікелей  сезімдік  кезең 

арқылы  өте  және  өзін  күлге  айналдырып  жағып  жібере  отырып,  кері 

қарай – өзіне рух болып оралу.

Рух  –  санасы  бар  ақырғы  туынды,  тіршілік  иесі,  яғни  адам  бо-

лып  табылады.  Табиғаттан  шықса  да,  ол  оның  жаратқаны  болмайды. 

Өзін  Рух  өзінің  бастапқы  алғышарттарынан:  қисынды  Идеядан  және 

Табиғаттан жаратады.

Сөйтіп,  Дара  идея  қисынды  идеяның  бастапқы  ахуалынан  өзінің 

басқа  болмысына  –  табиғатқа  өтеді  де,  соның  аясында  адамзаттың 

әлемдік  тарихында  рухтың  дамуы  арқылы,  –  бірақ  енді  өткен 

баспалдақтарының  тәжірибесін  жинақтап  байыған  күйінде,  –  өзіне 

қайта  оралады.  Ойларының  осындай  желісіне  сәйкес,  Гегель  филосо-

фияны үш бөлікке бөледі:

1.  Логика. Ол өзіне бағытталған, оның өзіндегі идеяны зерттейді.

2.  Табиғат  философиясы.  Идеяның  басқа  заттық  болмысын 

зерттейді.

3.  Рух философиясы. Идеяның басқа болмыстан кері, өзінің негізіне 

оралу үдерісін зерттейді.

Осындай бөлуге сәйкес, Гегель: «Логика ғылымы», «Табиғат фило-

софиясы»,  «Рух  философиясы»  деген  кітаптар  жазған.  Бұл  кітаптар 

«Философия ғылымдарының энциклопедиясын» құрайды.

Сонымен, Гегельдің философиялық жүйесін объективтік идеализм 

деп бағалауға болады. Бірақ біз бірінші құрамдас бөлікті – Дара идея-

ны – сызып тастап, өз ой-пікірлерімізді өзінің тарихи дамуы барысын-

да  рухани  өмірі  бар  қоғамды  тудырған  «Ұлы  Мәртебелі  Табиғаттан» 

бастасақ, онда, Ол өзі жасаған туындысы – Адам арқылы өзін танып 



біледі де, біз классикалық материализмді алады екенбіз.

Алайда Гегельдің Дара идеясына оралайық. «Бұл не сонда?» – деп 

сұрау әділетті болмақ. Студенттерінің осы сұрағына ол: «Бұл – христи-

ан Құдайының басқа аты», – деп жауап беріпті-міс дейтін аңыз бар. 

Егер олай болса, онда Гегельдің философиясын дүниені діни тұрғыда 



танып білудің нәзік, әдемі кесімді өрнегі деп қарауға болады.

Гегельдің  философиялық  жүйесіндегі  ең  бір  құнды  болатыны  – 



адамзат  рухын  оның  тарихи  өлшемдерінде  зерттеуі,  оның  даму 

кезеңдерін бөліп көрсетуі. Ойшыл рухтың тарихи дамуының үш саты-

сын ажыратады:

• субъективті рух, яғни адамның ой-түсінігі және сана-сезімі;



200

• объективті рух, яғни мемлекет, құқық, мораль, адамгершілік, от-

басы;

• дара, дербес рух – өнер, дін және философия.



субъективті рухты Гегель оның антропологиясында, феноменоло-

гиясында және психологиясында қарастырады.



«антропологияда»  Гегель  тән  мен  жанның  арақатынасы  тура-

лы  сұраққа  жауап  табуға  әрекеттенеді,  ол  үшін  адамдардың  нәсілдік 

ерекшеліктерін,  олардың  мінез-құлықтары  мен  қызуқандылығын, 

адамдардың  әртүрлі  өмір  сатыларынан  өту  барысында  қалай 

өзгеретінін  және  т.б.  зерттейді.  Ойшылдың  пікірінше,  өмірдің  басқа 

формаларынан адамның маңызды айырмашылықтарының бірі – оның 

тік жүретіндігі. Адам өмірінің кезеңдерін қарастыра келе, Гегель адам 

жас  шағында  ғана  қоғамдағы  кейбір  тәртіптерге  қарсы  шығатынын, 

ал  ересейгенде  оның  бірдеңені  бұзу,  өзгерту  түйсіктері  сөнетінін 

және  оның  тәртіпті  сақтауды  және  жемісті  шығармашылық  еңбекті 

жақтайтынын растайды.

Гегель  ашық  нәсілшіл  болған  жоқ,  бірақ  сонымен  бірге  нәсілдік 

топтар арасындағы болашақта да сақталатын өзгешеліктер туралы ай-

татын.  Бұл  өзін-өзі  айқындаудың  әртүрлі  кезеңдерінде  солар  арқылы 

дара  рухтың  өткеніне  байланысты.  Тек  «кавказдық  нәсіл»  деп  атала-

тын рух қана, оның пікірінше, ең көрнекті болып табылады.



«Рух  феноменологиясында»  Гегель  адам  санасының  сезімдік 

кезеңнен  ақыл-ес  танымына,  ал  одан  парасатпен  пайымдауға  секіріс 

жасайтыны туралы мәселені қарастырады.

«психологияда»  Гегель  теориялық  және  практикалық,  яғни  іс 

жүзіндегі  парасатты  пайымға,  сондай-ақ  еркіндік  мәселесіне  талдау 

жасауға  назар  аударады.  Адам  танымның  теориялық  деңгейіне  жет-

кен  соң,  ары  қарай  білімдерін  өзінің  еңбек  қызметінде  пайдалануға 

ұмтылады.  Бұл  жолда  ол  өзінің  шығармашылық  мүмкіндіктерін 

іске  асырады.  Парасаттың  бұл  теориялық  және  практикалық  бірлігі 



еркіндік  рухын  тудырады.  Бұл  соңғы  өз-өзін  тапқан  соң,  дереу 

өзінің  мазмұнын  нысандауға,  сыртқы  мәнге  ұмтылады,  нәтижесінде 

объективті рух патшалығына секіріс орын алады.

Гегельше,  объективті  рух  қоғамдағы  құқықтық  және  азамат-



тық  қатынастарды  қамтиды.  Рухтың  терең  мәні  еркіндікте 

жатқандықтан,  құқықтық  қатынастардың  өзін  өмірге  нақты  енген 

еркіндік  шамасының  болмысы  деп  қарау  керек.  Бұл  тұрғыда  құқық 

озбырлықтың,  тәртіпсіздіктің  кез  келген  түріне  қарсы  тұрады.  Адам 

бірінше кезекте өз құқықтарын заттарға теліп, оларды өзінікі деп жа-


201

риялайды. Нәтижесінде, адам еркіндігі өзінің түпнегізділігін иеленіп, 

өмірге енеді. Жеке меншік арқылы ғана адамның еркіндігі тұлғаның 

еркіндігіне  айналады.  Адам  еркінің  субъективтілігі  (озбырлығы) 

ақылды тұлғаға орын босатады. Олай болса, жерге деген жеке меншік 

үшін жеңіспен аяқталған күрестің тарихи ұзақ кезеңі – бұл заңдылық, 

бұл ақылдың жеңісі.

Мораль құқыққа қарсы тұрады. Ол саналы еркіндіктің субъективті 

құқы болып табылады. Содан кейін мораль мен құқық қоғамның отба-

сында, азаматтық қоғамда және мемлекетте іске асатын адамгершілік 

нормаларына ұласады.

Жоғарыда  айтылғандар  тұрғысынан  алғанда,  әлемдік  тарих  – 

ол  халықтар  рухы  дамуының  тарихы  болып  табылады.  Бірақ  бұл 

объективті рухтың сана-сезімі үшін ғана дұрыс. Ал нақты өмірде нақты 

өмір сүретін адамдар өздерінің алдарына белгілі бір мақсаттар қойып, 

соларға қол жеткізуге ұмтылады, бірақ нәтижесінде ғаламдық тұрғыда 

басқаға  жетеді.  Бұны  Гегель  «әлемдік  рухтың  қулығы»  деп  атаған. 

Сөйтіп, адамдар мен халықтар әлемдік рухтың өз мақсаттарында пай-

даланатын құралы ретінде әрекет етеді екен.

Дара рухтың кезеңдеріне тарихи жолмен жеткен соң, дара идея өзін 

түбегейлі  танып  болып,  енді  тыныштала  бастайды.  Бұл  жолда  дара 

рух та үш сатыдан өтеді. Олар: 1. – Өнер; 2. – Дін; 3. – Философия.



өнер,  Гегель  бойынша,  өзіне  толық  еркіндікте  пайымдап 

қарайтын рух.

Дінде рух өзін тізе бүккіш етіп көрсетеді.

Философияда рух өзі туралы кесімді (түсіністікпен) ойланады.

Олай  болса,  философия  –  діннен  жоғары  тұр,  өйткені  түсіну  – 



көрсетуден жоғары. Философияның бұл кезеңінде рухтың соншалықты 

«ұзақ сапары» аяқталады, өйткені өзін түсініп, пайымдап алған соң, ол 

тынышталады.

Әрине,  бүгінгі  күні  Гегельдің  мұндай  айлакер  философиялық 

жүйесі адамдардың барлықтарының көңілінен шыға қоймайды. Алай-

да  ойшылдың  құнды  жетістігі  бұл  жүйені  ашып  көрсету  барысын-

да  әзірленген  танымның  диалектикалық  әдісі  болып  табылады. 

Сол  тұрғыдан  алғанда,  табиғат,  тарих,  рухани  өмірді  ол  үдеріс,  яғни 

тоқтаусыз  қозғалыс,  өзгеріс,  жаңа  негізде  қайтадан  жаңару,  ішкі 

қайшылықтарды  жеңу  арқылы  даму  деп  қарайды.  Бұндай  көзқарас 



танымның  жаңа  теориясын  туғыза  отырып,  диалектикалық  ілімді 

мүлдем  жаңа  деңгейге  көтерді.  Гегельдің  философияның  дамуына 

қосқан баға жетпес үлесін көпшілік дәл осыдан көреді.


202

Ойшылдың пікірінше, диалектика шынайы ғылыми танымның ішкі 

қозғаушы күші болып табылады, ол кез келген ғылымның мазмұнына 

қажеттілік  пен  өзара  байланыстарды  енгізеді,  солардың  нәтижесінде 

біздің білімдеріміз теориялық деңгейге дейін көтеріледі.

Гегельдің өткен жүзжылдықтар барысында диалектика тұрғысынан 

жинақталған философиялық санаттарды жүйелеу және талдау бойын-

ша жүргізген жұмыстарын асыра бағалау мүмкін емес. Диалектиканың 

үш  заңын  негіздеу  және  айқындау,  жұп  санаттар  деп  аталатындарды 

жүйелеу,  олардың  бір-біріне  өтетін  ішкі  байланыстарын  көрсету  – 

осының барлығы да соның еншісінде.

Өздерінің  күнделікті  өмірлерінде  адамдар  заттарға,  қоршаған 

дүниенің құбылыстарына талдау жасайды және бөлшектегендей етіп, 

оларды  бір-бірлерінен  ажыратуға  тырысады.  Бұл  таным  үдерісінде 

де, адамдардың іс жүзіндегі өмірінде де қажет. Мысалы, адамдардың 

бірлесе жұмсаған күштері мен істеген әрекеттері табысты болуы үшін, 

олардың  мақсаттары  нақты  белгіленуге  және  айқындалуға  тиіс.  Ұлы 

Гете  айтқандай,  егер  әлдебір  үлкен  нәрсеге  қол  жеткізгің  келсе,  онда 

өзіңді шектей біл. Бәріне ие болғысы келетін адамның, – әрине, жал-

пылай ниет-қалауынан басқа, – ештеңеге де нақты ұмтылысы жоқ.

Егер  өнер  саласын  алсақ,  онда  бұл  жерде  де  ұлы  туындылардың 

ерекше құндылығы әсемдіктің айқын және қайталанбас формаларын-

да  болып  табылады.  Дәл  осылай  ғылым  мен  философияның  кез  кел-

ген саласында пайдаланылатын ұғымдар айқын болуға тиіс, сонымен 

қатар мәнді мазмұны болуы керек. Егер олар көмескі және орнықсыз 

болса, онда біз еш нәтижеге қол жеткізе алмаймыз және бір-бірімізді 

өзара түсіне алмайтын күйге түсеміз. Әдетте, осындай жағдай туралы: 

«біз әртүрлі тілдерде сөйлеп тұрмыз», – дейміз.

Алайда,  егер  пайдаланылатын  ұғымдардың  орнықтылығын  да-

ралайтын  болсақ,  олар  өзінің  қарама-қайшылығына  айналып,  бізді 

схоластикалық  теориялауға  келтіреді.  Гегельдің  ойынша,  бұл  бос 

мылжыңдықты,  зерттелетін  заттарға  үстірт  қарауды  тудырады.  Мы-

салы,  кісі  өлтірген  адамды  жазаға  тартуға  әкеле  жатқанда,  алаңға 

жиналған  адамдар  оны  қылмыскер  ретінде  қабылдайды,  кейбіреулері 

базарда айтылатын боғауыз сөздермен балағаттап, тас лақтырады. Ал 

біреу сонда: «Ол неткен жас, сымбатты, ержүрек еді!» – дейді өкініш 

пен аяныш аралас сезіммен. Сол кезде жұрт: «Қалайша?! Қылмыскер 

сымбатты  бола  ала  ма?  О,  бұл  не  заман,  не  ғұрып!  Сіз,  сірә,  анадан 

оншалықты  ұзап  кетпеген  боларсыз...»  –  деп,  жаңағы  сөзді  айтқан 

адамға тап береді. Гегель бұдан дерексіз ойлаудың үлгісін көре білді, 


203

өйткені жұрт сотталған адамның басқа да мүмкін болатын қасиеттері 

туралы  білместен,  оған  тек  қылмыскер  деп  қарайды.  Бұл  жағдайға 

Г.Гегель ойлаудың метафизикалық тәсілі деген анықтама береді.

Дерексіздендіру, әлбетте, ойлау үдерісінде қажетті баспалдақ болып 

табылады.  Бірақ  ойлаудағы  дерексіздіктен  нақтылыққа  қарай  өрлеуді 

жүзеге асыра отырып, ары қарай қозғалу қажет.

Бізді  қоршаған  нақты  болмыстың  өзі  диалектиканың  тамаша 

үлгілерін  көрсетеді,  өйткені  бұл  дүниеде  кез  келген  зат  шектеулі, 

бірақ орнықтылықпен  бірге онда ішкі қарама-қайшылықтар  туғызған 

тұрақты өзгерістер болып жатады, олар, ақыр соңында, оны шектерінен 

шығарып, оның өзі енді басқа бір затқа айналады. Сөйтіп, диалектика 

ойлау үдерісіне ғана емес, сондай-ақ тұтас объективтік әлемге де тән 

болып  табылады.  Мысалы,  дараланған  дерексіз  құқық  қорқынышты 

әділетсіздіктерге әкеледі; мораль саласында «тәкаппарлық құлдырауға 

жеткізеді»; өткір нәрсенің мұқалуы да тез» т.с.с.

Сондықтан еш жерде – Аспанда, Жерде, Табиғатта және қоғамның 

рухани өмірінде: «не – осы, не – басқасы» дейтін тұрпаттағы дерексіз 

ойлаудың  анықтамасына  сәйкес  келетін  ештеңе  жоқ.  Кез  келген  бар 

нәрсе – нақты нәрсе, демек, онда өзгешеліктер де, қарама-қайшылықтар 

да бар. Зат өтпелі, өйткені оның сыртқы нақты, өзгеріп тұратын бол-

мысы ішкі орнықты мазмұнына сай емес. Қарама-қайшылық, міне, бұл 

әлемнің шынайы қозғаушы күші – осы, оны ойлауға болмайды деудің 

өзі күлкілі.

Сөйтіп,  танымның  диалектикалық  әдісін  құра  отырып,  Гегель 

философияның  мәртебесі  мен  маңызын  бұрын-соңды  болмаған 

биіктікке  көтерді.  Ол  марксистік  философияның  қалыптасуына  ерек-

ше күшті ықпал етті, ол туралы алдағы параграфта айтатын боламыз. 

Алайда әрбір адам сияқты, оның да осал жақтары болған-тын.

Егер  Кант  адамды  ең  жоғарғы  құндылық  деп  жарияласа,  ал 

Гегельдің  философиясында  адам  құрал,  яғни  Дара  идеяны  танып 

білудің  құралы  болып  табылады.  Бүгінгі  күні  Гегельдің  Шығыс 

халықтарының  рухына  берген  төмен  бағасы  теріске  шығарылған  – 

Жапония,  Сингапур,  Малайзия,  Қытай  және  басқалары  жаңа 

технологиялардың  жоғарғы  үлгілерін  және  сонымен  қатар  өзіндік 

ерекшеліктерін,  өздерінің  ұлттық  мәдениеттерінің  жоғары  деңгейін 

көрсетіп үлгірді.

Егер Кант болашақ әлемдік тарихта «Мәңгі әлемнің» орнығатынына 

сенсе, ал Гегель соғыстар халықтардың қандарын жаңартатынына 

сенді.  Әлемдік  тарихтағы  немістердің  рөлін  асыра  көрсетіп,  ол  XX 



204

ғасырдың  бірінші  жартысында  германияның  содан  кейінгі  қасіретті 

дамуына  да  ықпал  етті.  Оның:  «Барлық  ақылға  қонымды  нәрселер  – 

шынайы,  ал  шынайылардың  бәрі  –  ақылға  қонымды»  деген  тезисі 

кейіннен әртүрлі озбырлық режимдерді ақтау үшін қолданылатын «ай-

ырбас  мәнетіне»  айналды.  Шамасы,  ұлы  адамдардың  да  «қателесуге 

құқы» бар болғаны ғой.

Гегельдің өлімінен кейін оның ізбасарлары мен шәкірттері тез арада 

екі партия құрды. Француз парламентарийлерінің лексикасын пайдала-

нып, неміс теологы және солшыл жас гегельшілердің бірі Д.Ф.Штраус 

(1808-1874) гегельшілерді оңшылдар және солшылдар деп атады.

Оңшылдарға  сәйкес,  Пруссия  мемлекеті  Рух  рационализмін  ба-

рынша  жүзеге  асырушы  болды.  Солшылдар  диалектика  атынан  сол 

уақытта  болған  барлық  мемлекеттердің  өмір  сүруге  деген  құқын 

теріске шығарды.

Сондай-ақ, діни қарама-қайшылықтар да орын алды. Еске түсірсек, 

Гегель  философия  мен  діннің:  яғни  философия  –  ұғымдар  түрінде 

білдіретін, ал дін көріністер түрінде беретін сәйкестігін дәлелдеді. Оң 

және  сол  гегельшілдіктің  қарама-қарсылығы  нақ  осыдан  пайда  бол-

ды.  Христиандықтың  гегельдік  философиямен  үйлесімдігін  дәлелдеу 

мүмкін  бе?  Оңшылдар  сенімді  түрде:  «Иә»,  –  деп  жауап  қатты.  Ал 

солшылдар  Құдай  жолдауларын  тікелей  адамдық  өлшемдерге  сайып, 

қатаң қарсы болды.

6.5. Фейербахтың материализмі. 

сүйіспеншілік философиясы

людвиг Фейербах (1804-1872) – неміс классикалық философиясының 

оқшау  тұрған  өкілі.  Негізгі  еңбегі  –  «Христиандықтың  мәні». 

Германияның одан бұрынғы философтарынан айырмашылығы: Фейер-

бах  –  материалист  және,  оған  қоса,  «жүрек  қанымен»,  құлшыныспен 

және шабытпен жазатындығы. 

Кезінде сұңғыла ойшыл Гегельдің дәрістерін тыңдағанмен, бәрібір 

гегельші болмады. Оның үстіне, ол Гегельдің философиялық жүйесін 

күйрете  соққы  беріп  сынады.  Фейербах  бойынша,  кез  келген  идеа-

лизм,  –  оның  ішінде  гегельдік  те  бар,  –  бар-жоғы  шындыққа 

(болмысқа) деген нәзік діни көзқарас қана болып табылады. Гегельдің 

философиялық жүйесіндегі Табиғаттан бұрын бар болып келе жатқан 

логикалық санаттар – Жаратушының басқа сөздермен білдірілген идея-

лары. Дүниеде материалдық әлемнен ажырап өмір сүретін таза ойлау 


205

жоқ, ойлау қабілетіне ие тіршілік иелері – адамдар ғана бар. Материяны 

рух тудырмайды, керісінше, материя тарихи тұрғыда рухты жаратады. 

Адамның  ойлау  қабілеті  қаншалықты  ғажап  болса  да,  оның  миының 

қызметі  ғана  болып  табылады.  Адам  тәнінен  ажыратылып  алынған, 

оның  шектеулі  және  ақырғы  өмірінен  азат  етілген  рух  Құдайға  ай-

налады.  Мән  –  бар-жоғы  ұғым  ғана.  Оны  адамның  денесінің  тұрқын 

құрайтын  сүйектерімен  салыстыруға  болады.  Алайда  тірі  адамның 

тәні, миы, қан айналысы мен жүйке жүйесі бар. Бірақ гегельдік фило-

софияны  сүйектермен  ғана  қоректеніп  жүре  беретін  қорқау  қасқырға 

теңеп,  Фейербах  өзінің  ұстазының  философиялық  жүйесін  келеке, 

мазақ етті.

Егер осылай болса, онда философия сондай болып табылатын бол-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет