ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет26/47
Дата06.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#8195
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   47

дрих  ницшенің  (1844-1900)  шығармашылығы  ерекше  орын  алады. 

Әсемдікті  түсінуге  жетік,  сұңғыла  ойшыл  эстетиканы  биологиялық 

текпен ұштастыруға дейін жетті, әйел атаулыны жек көрді, өзін артық 

санаудың  азабын  тартты,  соның  кесірінен  жаны  күйзеліске  түсіп, 

ақырында ауруға ұшырады.

Әдетте,  Ницшенің  өмірбаянынан  Еуропаның  мәдени  дамуы 

кезеңдері  табылып,  оның  шығармашылығын  үш  кезеңге  бөлу 

қалыптасқан:



234

–  біріншісі – жарқын, көтеріңкі романтизм;

–  екіншісі  –  позивитизмге  өту,  қатаң  ғылымды  және  оның 

әдістерін дәріптеу;

–  үшіншісі  –  шын  мәнінде  ницшелік  –  «мәңгілік  қайта  оралу», 

«билеуге ерік» және «өзін бәрінен жоғары қоятын адам» идеяларымен 

қоса алғанда.

Оның ерте байқалған мүдделерінің қақ ортасында грек және неміс 

әдебиеті тұрды, оның өзі де поэзия және музыкамен айналысып, ол са-

лаларда тәп-тәуір жетістіктерге қол жеткізе алды.

Грек  өркениетіне  жасаған  терең  талдауын  ол  сол  замандағы  неміс 

қоғамына да қолдануға әрекет етті. Ницшенің ойынша, грек мәдениеті 

оған екі үрдіс келіп қосылғанда ғана өз биігіне көтеріле алды. Олардың 

біреуін,  ойшылдың  пікірінше,  шарап  пен  көңіл  көтеру  құдайы  – 



Дионис білдірген. Онда ырықсыз сезім, құмарлық, табиғаттың жабайы 

күштері  басым.  Осы  үрдіс  көбірек  орын  алған  жердегі  адамдардың 

бойынан  айтыс-тартыспен  жеңіске  жетуге  деген  шексіз  ынтықтық, 

мистикалық  ашу-ыза,  тіпті  кек  көбірек  байқалады.  Екінші  үрдістің 

орын алуына өнер мен ғылым құдайы – аполлон еңбек сіңірді. Апол-

лон рухы билік еткен жерде адамның: өз-өзін билеуі, барлық нәрседе 

бірқалыптылық пен алаңсыздық таныту сияқты қасиеттері алға тарты-

лады.


Ницшенің  пікірінше,  бастамасында  ертедегі  гректердің  өміріне 

дионистік қасиеттер тән болды, бірақ сәтті араластыру кезеңінен кейін 

аполлондық қасиеттер басымдық алды. Грекияның ұлылығын құраған 

екі  үрдістің  сәтті  қосылуы  ұзаққа  бармады.  Нәтижесінде,  дионистік 

қасиеттер  аяққа  тапталып,  «шамадан  тыс  ештеңе  емес»  доктри-

насы  билік  алды.  Ал  бұл  Батыс  өркениетінің  жетекші  уәжі  –  көнбіс 



орташалықтың,  яғни  ортадан  аспаудың  кіріспесіне  айналды.  Ал 

себеп – христиандықтың пайда болуы және таралуы.

Сөйтіп, ницшелік талдаудан Грекияның жоғары мәдениетіне ауру-

сырқау діңкелеткен, құмарлыққа, дараланып көрінуге зәру Еуропаның, 

атап айтқанда, XIX ғасырдағы Германияның қарама-қайшы екені келіп 

шықты.  Оған  (жоғарғы  мәдениетке)  жету  үшін,  алдымен  Батысты 

жайлаған  христиандық  мораль  саналылығының  дәстүрлі  үстемдігін 

жеңу керек.

Өмір  сүру,  Ницшенің  сөзімен  айтқанда,  –  күрес.  Бұл  тезиске 

сөзсіз ықпал еткен: «Табиғат күштілердің тірі қалып, әлсіздердің көзі 

жойылғанын құптайды», – дейтін Дарвин тұжырымдамасы болды.


235

Егер  Шопенгауэр  философияға  «Әлемдік  ерік»  санатын  енгізсе, 

ал  Ницше  оған  әлеуметтік-этикалық  мағына  беріп,  «билеу  еркі»  де-

ген түсінікке ауыстырды. Шопенгауэрдің «Әлемдік еркі» біреу болса, 

Ницше  еріктердің  көптілігін  және  билік  үшін  күресте  олардың  бір-

бірімен  бәсекелестігін,  үстемдігін  мойындайды.  Шопенгауэр  Әлемдік 

ерікке  қарсы  тұру  үшін,  еріктен  бас  тартуды  қажет  санаса,  ал  Ниц-

ше, керісінше, адам – құл емес, демек, ол билеуге деген ерікті өмірге 

енгізуге, сол үшін күресуге тиіс деп санайды.

Өз-өзіне:  «Жақсы  деген  не?»  –  деген  сұрақ  қойып,  Ницше:  «Ол  – 

билікке  жетуге  септігі  тиетіннің  барлығы»,  –  деп  жауап  береді. 

«Дүниені танып білу билеуге ұмтылатын ерікті күшейте ала ма?» – де-

ген сұраққа ол: «Жоқ, өйткені ақыл-ес өзінің әртүрлі ой-тұжырымдары 

арқылы  билік  алғысы  келетін  ерікті  басып-жаншиды.  Мораль  да 

қоғам мүдделерінен келіп шығатын өзінің талаптары арқылы адамның 

билікке  жеткісі  келетін  ерік-қалауын  әлсіретеді»,  –  деген  жауап 

қайтарды.

Билеу еркі – күшті адам құқығының негізін құрайды, сондықтан ол 

кез келген діни, моральдық және басқадай нормалардан жоғары болуға 

тиіс.


Адамдардың  теңдігін  жариялай  отырып,  социализм  сол  арқылы 

адамның билікке ұмтылысын тұқыртады. Демократия да соған қарсы 

әрекет етеді, өйткені тобыр кез келген билікке қарсы, демек, күштінің 

билікке  деген  құқына  қарсы  тұрады.  Еркек  пен  әйелдің  өзара  қарым-

қатынастарына  келсек,  онда  табиғаттың  өзі  алғашқысын  күшті  етіп 

жаратқан, яғни оған билеу құқын берген. Сондықтан еркек пен әйелдің 

теңдігіне  (эмансипация)  бағытталған  кез  келген  әрекет  –  қоғамның 

іріп-шірігенінің көрсеткіші.

«Мораль  генеалогиясына»  деген  еңбегінде  Ницше  моральды 

жоғарыда келтірілген ой-пікірлерден шығаруға тырысады. Оның пікірі 

бойынша, «жаман», «ұсқынсыз» деген мағына беретін «shlecht» деген 

неміс  сөзінің  мағынасы  «shlicht»  –  «қарапайым  адам»  сөзіне  жақын. 

Тарихи қалыптасқан «бай», «атақты», «даңқты» деген сөздер «жақсы» 

ұғымымен  теңестіріледі.  Ал  «кедейшілік»,  «қарапайымдылық», 

«әлсіздік» сөздері «жаман» ретінде бағаланады.

Ал  мыңжылдықтар  бойы  кедейлер  мен  құлдардың  қоғамға  өз 

моралін  таңуға  тырысқанын  ол  «құлдар  мен  моральдың  көтерілісі» 

деп  атады.  Тарихи  тұрғыда,  Ницшенің  пікірінше,  осының  бәрі  де 

«Көне  Өсиет»  кезеңінің  еврейлерінен  бастау  алады.  Олар:  «жақсы  – 

ізгілікті  –  күшті  –  бақытты»  деген  сөздерге  теріс  мағына  беріп, 



236

аристократияның  құндылықтарына  қайта  бағалау  жүргізді.  Олар: 

Бақытсыз  адамдар  ғана  –  жақсы  адамдар,  ал  кедей,  тұлдыр,  азап 

шегушілер – Құдай сүйіспеншілігіне лайық адамдар», – деп мәлімдеді. 

Құндылықтардың осылайша қайта бағалануын кейіннен христиандық 

дін  құп  көрді.  Сондықтан  «иудейлік-христиандық  моральды»  қайта 

қарайтын  және  тақсырлар  мен  аристократтар  моралінің  төмендегі 

қағидаларға негізделген құқықтарын қалпына келтіретін уақыт келді. 

Ол қағидалар:

1.  Өмір құндылығын сол қалпында тану.

2.  Адамдар табиғатынан теңсіз.

3.  Күшті адам моральдан азат.

Ф.Ницше жоғарыда аталған қағидаларға сай келетін адамдардың әлі 

дүниеге  келмегеніне  қамығады.  Егер  хайуандардың  бір  немесе  басқа 

түрі  тарих  алаңынан  кетерде  артында  ең  жақсы,  өмірге  бейімделген 

тұқым  қалдырса,  онда  адам  түр  ретінде  ерекше  жаратылған  адамды 

тудыра  алмайды,  өйткені  адам  –  ауру  хайуан.  Оның  Табиғат  берген 

бастапқы ырықсыз сезімдері сөнген, ал олардың орнын сана басқан.

Ницше  ерекше  жаратылған  адам  –  аққұба  алаяқтың  пайда  бо-

латын кезі келгеніне сенімді болды. Бұл – «нордтық тұрпатқа» жата-

тын «арийлік нәсіл» адамы. Моральдық көзқарас тұрғысынан алғанда, 

ондай  адамдар  бір-біріне  қарым-қатынасында  кішіпейіл,  сыпайы, 

ізгілікті. Бірақ басқалармен қарым-қатынас жасағанда, олар ойларына 

келгенін істей алады, тіпті айуандық көрсетуі мүмкін.

Ницше ерекше адамды сыртқы түріне қарап-ақ тануға болатынын 

айтады. Егер оның шыққан тегі бірден көрініп тұрса, онда тобыр оған 

сөзсіз  бағынуға  әзір.  Егер  тобыр  оның  сырт  келбетінен  ізгілікті  көре 

алмаса, онда байлық пен билік оған мүлдем кездейсоқ беріліп қалған 

деп санайды. Сол кезде жай адамның басына: «Ал мен неге бағымды 

сынап  көрмеймін?»  –  деген  бүлікшіл  сұрақ  келе  қалады.  Ондай  ой, 

Ф.Ницшенің пікірінше, ақыр соңында, социализмге алып келеді.

«Көңілді  ғылым»  (1882)  атты  еңбегінде  Ницше  Құдайдың  бар 

екені  туралы  мәселені  қарастырады.  Автор  алаңға  жүгіріп  шығып: 

«Мен  Құдайды  іздеп  жүрмін!  Мен  Құдайды  іздеп  жүрмін!»  –  деп 

айғайлайтын  есуас  туралы  әңгімелейді.  Оның  айғайын  базардағы 

Құдайға  сенбейтін  адамдар  естиді.  Олар  кекесінмен  есалаңнан: 

«Мүмкін,  Құдай  адасып  кеткен  шығар?»  –  деп  сұрайды.  Сонда  әлгі 

делқұлы оларды көздерімен атып: «Құдай өлді. Құдай тірі емес. Оны 



біз өлтірдік», – дегенді айтады.

237

Бұл  кішкене  әңгіме  арқылы  Ницше  ғылым  мен  техниканы  дамы-

тып, Құдайды өлтірген еуропалықтарға кінә артады. Адам Құдаймен 

тең тұруға ниет етіп, қоршаған әлемді танып біліп және өзгертіп, енді 

іс жүзінде сенімнен айырылған күйге түсті.

Философ  болашақта  христиан  Құдайының  орнын  әлемдік  тарихта 

дүниеге келуге тиіс Ерекше адам басатынына сенімді болды.

Өзінің  философиясын  Ницше  құндылықтарды  қайта  бағалау 

ретінде  қарады.  Рационализмнен,  ақыл-естің  өмірге  билік  еткісі 

келетін әрекетінен ол қоғамның кері кетуін («декаданс») көрді. Фило-

соф культі – ол «ең жақсылардың», «таңдаулылардың» культі. Демокра-

тияны үйірдегі жан-жануарлардың моралі деп атап, ол, шындығында, 

буржуазиялық демократия мен моральды сынға алды.

Сөз жоқ, Ницшені ең бір қауіпті және жападан-жалғыз қалған фи-



лософияны тудырушы деп санағандар шындықтан алыс кетпеген.

Ницшенің  фашизм  идеологиясының  жаршысы  болғаны  туралы 

да  жиі  айтылады.  Бұл  кереғар  пікірдің  тууына,  мүмкін,  Гитлердің 

өзінің,  мамандардың  ойынша,  жаман  суретші  болмаса  да,  өнерді 

жан-тәнімен  жек  көргені  себеп  болған  шығар,  бірақ  Ницшені  құрмет 

тұтып,  фюрер  оның  Веймарда  орналасқан  мұрағатына  келгенде, 

философтың  қарындасы  Ферстер-Ницше  қонаққа  сыйлық  ретінде 

ағасының сүйікті таяғын тарту еткен. Әрине, бұл кездейсоқ келу емес 

еді,  өйткені  жұртшылықтың  санасында  ол  кезде  бірнеше  шындықтан 

құрылған: «бәріне де жол берілген», «өмір – ол билеу еркі», «құлайын 

деп  тұрғанды  итеріп  жіберу  керек»,  «ешқандай  жанашырлық  жоқ, 

күштілер  бұйыруға,  ал  әлсіздер  бағынуға  тиіс»  деген  сияқты  таптау-

рын пікір – стереотип қалыптасқан-ды.

Бірақ,  біздің  ойымызша,  «Фашизмді  тудырған  Ницше  емес,  фа-

шизм  Ницшені  тудырды»,  –  деген  неміс  жазушысы,  антифашист 

т.манн  (1875-1955)  дұрыс  айтқан,  өйткені  ол  басталып  келе  жатқан 

империализмнің алғашқы белгілерін байқап, фашизмнің жақын екенін 

жария еткен (Манн Т. Шығ. жин. 10-т. – М., 1961. – 379-380-беттер).


238

8-тарау. XX ғасыРДағы ғылым мен ФилОсОФиЯ

8.1. XX ғасыр философиясындағы негізгі үрдістер:

сциентизм мен антисциентизмнің күресі

Қазіргі  заман  философиясы  деп  біз,  негізінен,  XX  ғасырдың 

ғылымы  мен  философиясын  түсінеміз,  өйткені  XXI  ғасырдың  басын-

да  ғана  өмір  сүріп  жатқандықтан,  философиялық  деңгейде  болып 

жатқандарды қорытындылау үшін, біз әлі жеткілікті рухани тәжірибе 

жинақтап үлгірген жоқпыз.

Өткен  ғасыр  әлемдік  тарихта  қашанда  оқшау  тұрған  қалпында 

сақталады.  Біріншіден,  ол  таным  және  қоршаған  әлемді  өзгерту 

мәселесінде адамның орасан үлкен мүмкіндіктері бар екенін көрсетті. 

Адамзат әйел-құдай Изиданың жамылғысындағы: «Мен бұрын болған, 

болып  жатқан  және  болатын  солмын  және  келуші  бірде-бір  тіршілік 

иесі менің жамылғымның етегін көтере алмайды» деген жазуды теріске 

шығарғандай. Өйткені нақ осы ғасырда табиғаттың ең бір құпия сыр-

ларына  адам  даналығының  ғажап  енуі  орын  алды.  Нәтижесінде, 

атомдық  электр  станциялары  адамдардың  бейбіт  өміріне  энергия 

беріп жатыр; интернет бүкіл жер шарын қамтыды; жер шарының кез 

келген  нүктесінен  ұялы  телефон  арқылы  басқалармен  хабар  алысуға 

болады;  жолдардың  үстімен  жүз  миллиондаған  машиналар  жүйткіп, 

жүз  мыңдаған  ұшақтар  аспанды  шиырласа,  ғарыш  кемелері  жерді 

айнала  ұшып  жүр.  Осылардың  барлығы  да  бір  ғана  XX  ғасырда  іске 

асты!  Адамдардың  өмір  салтында  орын  алған  ғаламат  өзгерістер  фи-

лософияда  сциентистік  бағыт  тудырып,  ойшылдардың  оптимистік 

дүниетанымын оятты.

сциентизм (лат. scientia – білім, ғылым) – бұл негізінде аса жоғары 

мәдени құндылық және адамның Әлемдегі бағдарын анықтаушы фак-

тор  туралы  ғылыми  білім  туралы  ұғым  жатқан  идеялық  ұстаным. 

Оның  үстіне,  ғылымның  өзінің  мұраты  ретінде,  әдетте,  табиғат 

заңдарын  танып  білудегі  жетістіктерінің  және  соған  байланысты 

ғылыми-техникалық  ілгерілеудің  ықпалымен  сциентизм  пайда  бола-

тын нақты математикаландырылған жаратылыстану қарастырылады.

Қарама-қарсы идеялық ұстаным – ол антисциентизм. Ол адамның 

әлемге  қатынасының  факторы  сияқты  мәдениет  пен  ғылыми  таным 

саласындағы  ғылымды  және  оның  рөлін  сын  тұрғысынан  бағалаудан 

көрінеді.

Алайда  біз  «шыңдар  қаншалықты  биік  болса,  тұңғиықтардың  да 

соншалықты тереңдігі» туралы нақылды әрдайым есте ұстауға тиіспіз. 


239

АЭС-термен  қатар  атом  бомбалары  да  пайда  болды  және  оларды  сы-

нау  адамдарға  жасалды  (Хиросима  мен  Нагасакиді  еске  түсіріңіз), 

ядролық  полигондар,  Чернобыль  АЭС-індегі  жарылыс  ғасырдың 

сциентистік  қиялын  түбірімен  жоқ  етті.  Бұл  философия  саласында 

антисциентистік көзқарастардың пайда болуына әкеп соқтырды.

XX  ғасырдың  тағы  бір  ерекшелігі  –  осыған  дейінгі  бірде-бір 

ғасырдың  онда  болған  алапат  соғыстарды  және  соған  байланысты 

қатыгездіктерді білмегендігі болды. Он мыңдаған өрімдей жастар екі 

дүниежүзілік  және  одан  кейінгі  «жергілікті  соғыстар»  деп  аталатын 

қақтығыстардың  құрбаны  болды.  Адамның  өмірі  тіпті  нәзік  болып 

шықты. Бұл жағдай философтардың бір бөлігінің өмір философиясын, 

экзистенциализмді  және  басқа  бағыттарды  туғызып,  осы  әлемдегі 

адам болмысының ерекшеліктерін зерттеуге бет бұруына себеп болды.

Егер  қоғамның  рухани  өмірін  алып  қарасақ,  онда  бұл  жерде  де 

қарама-қайшылықтар  аз  емес.  Бұған,  біріншіден,  ғылымның,  жоғары 

білімнің  дамуы,  ғылымдардың  қолжетімдігі,  жүз  мыңдаған  данамен 

таралатын  мәдениет  экспонаттары,  ал,  екіншіден,  адамның  техника, 

заттай  байлық  пен  тән-сезімдік  ләззаттардың  құлына  айналуы  мы-

сал бола алады. Бір жағынан, әлемнің ұлы гуманистері – Тереза-Ана, 

А.Сахаров,  А.Швейцер,  Махатма  Ганди  өмір  сүрсе,  екінші  жағынан, 

«зұлымдықтың  данышпандары»  –  Сталин,  Гитлер,  Муссолини,  Пол-

Поттың және басқаларының да өмір сүргенін айтқан жөн.

Әлеуметтік  өмір  жайында  айтсақ,  онда  ғасырдың  басында  Ресей-

де большевиктер бұған дейін көз көріп, құлақ естімеген батырлықтың 

үлгісін  көрсетті,  сонымен  қатар  жетпіс  жылға  созылған  қайғылы 

әлеуметтік  тәжірибеге  жеткізген  социалистік  революция  жасады. 

Миллиондаған адамды құрбан еткен революцияның ақсиған құбыжық 

тісі  адамзаттың  ағарған,  озық  бөлігін  коммунизм,  ұлттық  социализм 

сияқты қандай да бір ізгілікті идеялардан түбегейлі айырып тынды.

XX  ғасырдың  жетпісінші  жылдары  Батыстың  көптеген  елдері  өз 

дамуының  «постиндустриалдық  қоғам»  деп  аталып  кеткен  жаңа 

кезеңіне  аяқ  басты.  Халықтардың  өмір  сүру  деңгейі  шапшаң  өсті, 

демократияға  және  «адам  құқы»  дегенге  басымырақ  назар  аударыла 

бастады.  Алайда  материалдық  байлықтың  артуы  бұл  елдерді  рухани 

өмірдің дәл сондай көтерілуіне жеткізбеді. Керісінше, оның тоқырауы 

орын алған сияқты. Ғасыр соңына қарай байлыққа батқан, өз кезінде 

Ертедегі Римдегідей, «нан мен қызық іздеген» «алтын миллиард» де-

ген, ал екінші жағынан, қарапайым игіліктерге мұқтаж, тойып нан же-



240

меген миллиард адам шықты. Ал олардың ортасынан өмірден азғантай 

да болса жақсылық іздеген төрт миллиард беймаза топты көреміз.

Біздің ойымызша, бүгінгі күні адамзат үшін ең маңызды да өзекті 

мәселе – ол табиғаттың ең жоғарғы өнімі – жер бетіндегі өмірді сақтау 

болып  табылады.  Ол  үшін  ғылыми-техникалық  прогресс  барлық  за-

мандарда  жасампаз  болған  «адамзат  әкелерінің»  рухани  өсуімен, 

адамгершілік тұрғыда қалыптасуымен ұштасуға тиіс. Осындай шарт-

тар  орындалғанда  ғана  философияның:  адамның  өмір  сүруінің  мәні 

неде және адамның өзінің мақсат-мұраты не деген «мәңгілік сұрағына» 

жауап  беруге  болады.  Бұл  жолда  халықтардың  бәсекелестігі  емес, 

олардың  бір-бірлерін  өзара  толықтыруы  және  ынтымақтастығы 

қажет.

8.2. XX ғасырда классикалық емес немесе постклассикалық 

ғылымның пайда болуы және оның ерекшеліктері

Классикалық  ғылымның,  бәрінен  бұрын,  математикалық  талдау 

әдістемесін  пайдаланатын  тәжірибелік  зерттеулердің  жетістіктеріне 

сүйеніп,  ғалымдар  XX  ғасырда  ғылымда  таңғажайып  жаңалықтар 

ашты  және  сонымен  бір  мезгілде  классикалық  ғылымның  негізгі 

қағидаларын  сынға  ұшыратты.  Ғылымда  жаңа  жағдай  орын  алып, 

ол  ғылым  дамуындағы  классикалық  емес  кезеңнің  пайда  болуына 

келтірді.

Оның  негізгі  себебі  адам  даналығының  микро-  және  мегаәлем 

құпияларына  енуі  болды.  Ғасыр  басында  Майкельсон  бірқатар  тәжі-

рибелер  жасай  отырып,  ғылымнан  кезінде  Аристотель  енгізген  эфир 

түсінігін  қуып  шығады.  Бірақ,  екінші  жағынан,  мүлдем  қара  денелер 

жиынтықтарын түсіндіруде үлкен қиындықтар туды.

Классикалық  ғылым  тудырған,  сол  уақытта  денелер  жылдам-

дығымен  танымал  болған  әлемнің  механистік  суреті  шектерінде 

электр-магниттік  құбылыстардың  табиғатын  түсіну  мүмкін  бол-

мады.  Соңғылардың  жылдамдығы  Күн  сәулесінің  жылдамдығына 

(300  шақ/сек)  парапар  болып  шықты.  Бұл  релятивистік  физиканың 

шығуына  себеп  болды.  Немістің  ұлы  ғалымы  А.Эйнштейн  1905 

жылы  салыстырмалылықтың  дербес,  ал  1916  жылы  жалпы  тео-



риясын  құрып,  кеңістік  пен  уақыттың  классикалық  ғылымда 

қалыптасқан түсінігін төңкеріп тастады. «Ультракүлгін апат» деп ата-

латын жаңалық классикалық ғылымның микроәлемде болып жататын 

үдерістерге қатысты түсінік құралын пайдаланудың мүмкін еместігін 



241

көрсетті,  сөйтіп,  макро-  және  микроәлемдерді  танып  білуде  оларды 

ажыратудың  қажеттігі  айқын  болды.  Классикалық  физикада  болған 

энергияның  біркелкі  және  үздіксіз  таралуы  туралы  ережені  терістей 

отырып, М.Планк энергияның жекелеген топ-шоғырлармен таралаты-

нын дәлелдеп, сол арқылы кванттық механика негіздерін құрды. Сол 

жылдары  ғалымдар  атомның  күрделі  құрылымын  тапты:  саны  көп 

қарапайым бөлшектер, олардың қасиеттері, оның ішінде, тыныштық 

жиынының жоқтығы ашылды.

Жоғарыда  аталған  және  басқа  жаңалықтардың  барлығы  да  клас-

сикалық  емес  ғылымға  есігін  айқара  ашты.  Мүлдем  жаңа  жағдайда 

классикалық  ғылымның  ескі  қағидаларының  күл-талқаны  шықты, 

зерттеудің ғалымдардың ақыл-ойына үлкен ықпал еткен жаңа жүйелері 

пайда болды. Олай болса, қолда бар әдебиеттерге сүйеніп, классикалық 

емес ғылымның негізгі өзгешеліктерін қарастырайық.

Психоанализ  (психикалық  талдау).  З.Фрейдтің  осы  жаңа  пәнді 

құруы  адамның  ішкі  жан  дүниесін  емдеп  жазуға  ғана  емес,  сонымен 

қатар  адам  психикасының  айқын  еместігін  көрсете  отырып,  таным 

теориясына  да  зор  ықпал  етті.  Сөйтіп,  әртүрлі  мәселелер  бойынша 

ғалымдар арасында: қалай шындықты іздеуге және пәтуаға келуге бо-

латыны,  адамның  жыныстық  энергетикасының  сублимациясының

1

 

шығармашылықта  қалай  орын  алатыны,  оның  бұрыс  немесе  дұрыс 



ырықсыз  сезімдерінің  таным  үдерісіне  қалай  әсер  ететіні  туралы 

сұрақтар туды.

Психикалық  талдау  барысында  табылған  адам  психикасының 

синкретизмі

2

  ғылым  нысандарының  тұтастығы,  көпдеңгейлілігі, 



өзгеше  күрделілігі  идеясына  келтірді.  Адам  психикасында  қоршаған 

әлемдегі заттар мен құбылыстарға нышан беру механизмдерін зерттеу 

де  бөлу  және  синтездеу  барысында  ғылыми  ақпараттарға,  оның  сим-

метрияларына  талдау  жасау  үдерісіне  ықпал  етті.  Таным  үдерісінде 

түйсіктіктің,  шындыққа  тікелей  жетудің,  субъективтік  бейнелердің 

объективтік маңызын ажыратудың жаңа қырлары ашылды.



Персонализм.

3

  Классикалық  емес  ғылымда  тұлғаның  шығарма-



шылық  әлеуетіне  өзгеше  көп  көңіл  бөліне  бастады.  Егер  алдыңғы 

1

  Сублимация  (лат.  sublimare  –  жоғары  көтеру)  –  бұл  жерде:  ішкі  энергия  (мысалы, 



жыныстық немесе биологиялық) күштерінің тікелей мақсатты нысандарынан «ізгілікті» – 

әлеуметтік, моральдық немесе эстетикалық сипатқа ауысуы.

2

 Синкретизм – бір құбылыстардың әуелгі, о бастағы тұтастығы.



3

  Персонализм  –  болмыстың  бастапқы  негізі  жеке  біреу  деп  есептейтін  философиялық 

бағыт.


242

ғылым  монизм

1

  мен  панлогизмнің



2

  ұстанымдарына  сүйенсе,  ал  жаңа 

жағдайда  ғалым  тұлғасының  шығармашылықпен  өзгерту,  түрлендіру 

мүмкіндіктеріне  назар  аударылатын  болды:  ол  осы  дүниенің  жарату-

шысы бола алады, әлемге өзінің шығармашылық әлеуетін таңа алады. 

XX  ғасырда  бір  мезгілде  адамның  ұлылығын  да,  ұждансыздығын  да 

көрсететін осы шығармашылық әлеуеттің қалай іске асқаны жайында 

осы кітаптың келесі бөлімдерінде баяндайтын боламыз. 

Ал қазір терминдер мен түсініктерге (тәсілдерге) қысқаша тоқталып 

өтейік.


Анархизм (ғылымдағы кез келген беделді, сондай-ақ билікті жоққа 

шығару) және волюнтаризм (өзінің субъективтік еркін басқаға таңу). 

Бұл көзқарас ғалым тұлғасын жұртшылыққа қарсы қояды, бір немесе 

басқа нормалар мен құндылықтарды салыстырмалы, дәстүрлерге жат 

деп  қарайды,  әртүрлі  ғылыми  дәстүрлерде  тамыр  жайған  универса-

лийлер мен тұжырымдамаларды теріске шығарады.



Модернизм.  Бұл  барлығын  да  сын  сотына  салу,  шындықты 

тұлғаның  дүниеге  көзқарасымен  ұштастыру,  кез  келген  тұлғаның 

дүниетанымдық бағдарын тану және құрметтеу, шындықтың сюрреа-

лизациясы – нақты мен нақты еместің араласып кетуі және т.б.



Прагматизм (пайдалылық). Шындықты тұлғаның таным үдерісін-

дегі өнімді қызметімен, белсенділігімен ұштастыру.

Сөйтіп, XX ғасырдың бірінші жартысында құрылған классикалық 

емес  ғылымның  негізгі  ерекшеліктері:  барлық  ғылыми  мәселелерге 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет