сілтеме жасай отырып, басқа ғалымдардың да зерттеліп жатқан
мәселеге қосқан үлестерін көрсетуге тиіс. Осындай шаралардың
343
нәтижесінде ғылыми қауымдастық бір немесе басқа ғалымның
ғылымға қосқан үлесін нақты бағалау мүмкіндігіне ие болады. Бұл
жағдайда мәселенің заңдық маңызы (зияткерлік меншікке қатысты)
ғана емес, сонымен бірге маңызды саналатын моральдық сипаты да
бар, өйткені сөз ғалымның адамгершілік, ар-ождан тазалығы туралы
болып отыр. Мәселенің техникалық-ұйымдастырушылық жағы да бар.
Басылып шығып жатқан ғылыми және ғылыми-көпшілік өнімдердің
орасан көптігі кезінде ондай амал-шараларсыз маңызды жұмыстарды
маңызы аздардан ажырату аса қиын болуы мүмкін. Ол ғылыми
қауымдастықтың айтарлықтай көп күші мен қаржысын шығындар еді.
«Сын және библиография» деген гриф-белгісі бар әрбір орнықты
ғылыми басылым жарық көрген бір немесе басқа монографияның,
мақаланың маңыздылығына баға берілетін сараптамалық мақалалар
жариялайды. Әр кездері ғылыми білімнің әртүрлі салаларында
істелген істерге жасалған кең шолу беріледі. Соның көмегімен
ғалымдар ғылымның алдыңғы шебінде болып жатқан жаңалықтармен,
әлі шешімін таппаған сұрақтармен және зерттелуге тиіс мәселелермен
танысу мүмкіндігіне ие болады. Бұл үдерістің демократияшылдығын
көрсету керек. Қалаған жағдайда әр ғалым бір немесе басқа ғылыми
еңбекке деген көзқарасын білдіре алады. Әрине, жұмыстың танымал
ғалымның аузынан шыққан бағасының салмақты болатыны рас.
Баспалар шығаратын ғылыми әдебиеттерді төмендегідей түрлерге
бөлуге болады:
а) ғылыми журналдарда жарияланған мақалалар;
ә) әртүрлі мәселелер бойынша жарияланған ғылыми жұмыстарға
жасалған кең шолу;
б) бір автор немесе ғалымдар тобы жазуы мүмкін монографиялар;
в) оқулықтар, әдістемелік оқу құралдары, хрестоматиялар және
басқалары.
Өмірге орнықты енген ғылыми жетістіктер, әртүрлі ғылымдардың
негізгі түсініктері оқу басылымдарында беріледі. Ірі ғылыми мәселелер
өз шешімдерін монографияларда тапса, ал нақты бір тар мәселе
жөніндегі ғылыми нәтижелер мақалаларда көрініс табады.
Жоғарыда аталған басылымдарда бір немесе басқа ғалымның
жұмыстарына сілтеме жасау – оның зерттеулерінің маңыздылығын
көрсетеді, ғылыми қауымдастық алдында оның беделінің артуына
септігін тигізеді. Әлбетте, монографиялардағы сілтемелерді шағын
мақаладағы сілтемелермен салыстыруға болмас.
344
2.2. ғылыми мамандықтарға мамандар даярлау туралы
Кез келген ғылым өз қатарын талантты, ізденуші жастармен толық-
тырмаса, оның сөніп қалуы немесе қасаң қағидаттық ұйқыға кетуі
әбден мүмкін.
Оның үстіне, бүгінгі таңда, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-
гуманитарлық ақпараттар қарқынды өскен кезде, жаңа ғылыми пәндер
пайда болғанда, – егер біз өркендеуге жетуді қаласақ, онда ғылыми
мамандар даярлауға ерекше назар аударылуға тиіс. Өкінішке қарай,
барлық дерлік елдерде ғылым адамдары өзінің жалақы деңгейімен де,
беделі деңгейімен де басқа тартымдырақ мамандықтармен бәсекеге
түсе алмайды. Ғалымның беделін, мысалы, өнер қайраткерлерінің,
саясаткерлердің немесе генералдардың беделімен салыстыруға болмай-
ды. Ғалымның жалақысы орта деңгейдегі мемлекеттік қызметкердің
табысымен парапар. ғалымның артықшылығы тек оның сүйікті
мамандығымен айналысатындығында ғана. Сондықтан ғылымға
келетін жастар саналы, терең ойланған таңдау жасауға тиіс.
Алайда барлығын да солғын түске бояу дұрыс болмас. Еліміздің ары
қарайға өркендеуіне қарай қоғамның зияткерлік әлеуетіне көбірек көңіл
бөлінетін болды. Елдегі университеттерде зертханалық базалар дамып
жатыр, оқу үдерісінде компьютерлік технология кеңінен пайдаланыла-
ды, дарынды жастардың конкурстық негізде президенттік «Болашақ»
бағдарламасы бойынша дамыған елдердің жоғары оқу орындарында
оқитын мүмкіндіктері бар. Жоғары білімді, ғылымға ұмтылатын жас-
тар әлемдегі ірі ғылыми орталықтарда тәжірибеден өте алады. Өмірдің
барлық салаларына Батыстың жоғары стандарттарына сай жаңа техноло-
гиялар енгізіліп жатыр. Елдің ірі қалаларында технопарктер, инкубатор-
лар салынып, пайдалануға берілген. Ғылымға ынтық жастар сол жерлер-
де зерттеулерін жүргізіп, шығармашылық әлеуеттерін іске асыра алады.
Дүние жүзін жайлаған дағдарыс әлемдік экономиканың жер
шарының барлық елдерінің, оның ішінде Қазақстанның да өміріне
ауырлық түсірген көптеген теріс жақтарын ашып берді: экономиканың
шикізаттық бағытынан тез арада шегініп, қазіргі заманға сай техноло-
гиялар енгізу, адам капиталын дамыту негізінде елді индустрияланды-
ру керектігі туралы мәселені төтесінен қойды.
Біздің көзқарасымыз бойынша, елді ары қарай индустрияландыру-
да еңбекті әлемдік бөлу тәжірибесін ескеру қажет. Мысалы, әлемдік
машина жасау өндірісінде ғасырлық тәжірибесі және онжылдықтар
бойы жинақтаған қуатты шығармашылық әлеуеті бар дамыған ел-
дермен бәсекелесе және сол жерден өз орнымызды таба аламыз ба?
345
Электрондық өнеркәсіп бойынша да соны айтуға болады. Ауыл
шаруашылығына қажетті машиналар, кен-руда өнеркәсібі үшін құрал-
жабдықтар жасау туралы айтсақ, онда өзіміздің меншікті индустрия-
мызсыз бұл салаларда тіпті де жұмыс істей алмаған болар едік.
Қазақстандық әлеумет үшін «Құдайдың Өзі берген» мақсат та,
міндет те – ауыл шаруашылығын және сонымен байланысты жеңіл
өнеркәсіпті өркендету. Кеңес заманы тұсында ауыл шаруашылығын
дамытуға миллиондаған қаржы салынуы кездейсоқ емес. Біздің па-
йымдауымызша, мемлекеттің осы кездегі күш-қуаты, бәрінен бұрын,
өнімді қайта өңдеуді және өткізуді, шағын шаруа қожалықтарына
материалдық-техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін әртүрлі
қауымдастықтар құру арқылы экономиканың аграрлық саласына
бағытталуға тиіс. Жоғары білікті менеджерлер даярлау, техника мен
құрал-жабдықтар сатып алу үшін кредиттер беруді қамқорлыққа алу
аса маңызды. Осының барлығы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз
етуге, ауылдар мен шағын қалаларда жаңа жұмыс орындарын құру
арқылы қалаға қысым түсуін жеңілдетуге, аграрлық сектордың
экспорттық әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді.
Екінші бір кезек күттірмейтін мәселе – ол құрылыс индустриясын
дамыту, халықтың қалаларға шоғырлануы қарқын алып келе жатқан
қоғамның өткір қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, қалаларда ар-
зан және көлемі ықшам тұрғын үйлер құрылысын кең жүргізу. Оның
үстіне, басты назар шектен тыс өсіп келе жатқан мегаполистерге емес,
шағын қалаларға аударылуға тиіс.
АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті А.Гор 2007 жылдың желтоқ-
санында өзіне қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі үшін Нобель
сыйлығы тапсырылып жатқанда жердегі климаттың өзгеруі туралы айта
келе, әлдебір қолапайсыздық қазіргі заманғы өркениет негізінің өзінде
жатуы мүмкін деген мағынада пікір айтқан-ды. А.Гордың ойын ары қарай
жалғастыруға бекініп, қазіргі заман адамзатын құртып отырған кеселдің
нақ осы рухани-адамгершілік тоқырау екенін нық сеніммен айта аламыз.
Адам өмірінің сыртқы жағы жыл өткен сайын адамның орасан
көп күшін босата келе, барынша жеңілге айналды, ал қазіргі заманғы
өркениеттің қасіреті оның осы құбылыспен не істеу керектігін білмеуінде
жатыр. Оларды материалдық игіліктерді көбірек тұтынуға, сезімдік-
тәндік ләззаттарға мейлінше көбірек берілуге жұмсауға болатындай
көрінген. Сондықтан да өмір сүруі сарқыла бастаған шақта: «Panem et
circenses!» («Нан және қызық-думан!») деп ұрандаған ертеримдік қағида
қайтадан қажеттілікке айналды. XX ғасырдың 60 жылдарында пай-
да болған «Жеңсікқұмарлық революция» өзінің шығар шыңына жетіп,
346
ертедегі тәтті өмірге ынтық болғандарды артқа тастап, тіпті басып озды.
Отбасы әдет-ғұрыптарының бұзылуы, «азаматтық неке», «біржынысты
сүйіспеншілік» дегендер санының артуы қазіргі заманғы адамзаттың
терең рухани-адамгершілік тоқырауының белгілері болып табылады.
«Ашықтық» жағдайында, қоғамның барлық қырларын «кешіктіріп
жаңашаландыру» дегеннің іске асуы барысында қазақстандық әлеумет
жетістіктерге ғана емес, шығындарға да жеткізетін «сыртқы» ықпалдың
әлеуетін сезініп отыр. Дамыған елдер өмірінің жоғарыда келтірілген
теріс мысалдары, өкінішке қарай, аз болса да, біздің қоғамымыздың
өмірінде де көрініс беріп қалады. Сол себепті мыңжылдықтар бойы
қалыптасқан адамгершілік ұстанымдарын сақтау – адамдарымыздың
орнықты өмірін және жақсы моральдық жай-күйін қамтамасыз ету
үшін өмірлік маңызды болып саналады.
Осындай жағдайда білім – рухани құлдыраудың өсу үдерісін тоқтата
алатын, адамның шығармашылық дарынын көрсетуге мүмкіндік
беретін, өмірге гуманизм және жалпыадамдық құндылықтарды енгізе
алатын аса маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дамып келе
жатқан әлеуметтік-экономикалық ахуал білім беру жүйесінен оқыту
сапасын жақсартуды ғана емес, сонымен қатар білім беруден, кәсіби
дағдыларға баулудан ғана тұрмайтын, сондай-ақ басқа – моральдық-
этикалық құндылықтарға тәрбиелеу мақсаты бар білім беру жүйесінің
барлық қызметтерін қайта қарауды қажет етеді.
Болашақ мамандардың терең рухани-адамгершілік дайындығынсыз
жалаң сциентизмнің «бірөлшемді адам» (Маркузе) қалыптастыруға
жеткізетінін түсіну керек. Ал сонымен қатар дінтану, этика және эстетика
сияқты пәндердің тек гуманитарлық факультеттерде ғана оқытылатынын
айтқанымыз жөн. Сондықтан бұл әрекетіміздің мәселенің өзін шеш-
пейтінін білсек те, жақын болашақта оқытылып жатқан әлеуметтік-
гуманитарлық пәндердің рухани-адамгершілік әлеуетін мүмкіндігінше
мол пайдалануға тырысудан басқа ештеңе қалмайды.
Қоғамның рухани өмірінің күрделілігі сонша, бұл жерде саясаттың
«бұралаң жолдары» жарамсыз болмақ. Құқықтың мүмкіндіктері
де шектеулі. Сондықтан рухани қайта өрлеу – ол зиялы қауымның,
қоғамның барлық көзі ашық күштерінің ісі. Көптеген мыңжылдықтар
бойы ең бір ақылды, жарқын ойшылдар, пайғамбарлар мен әулиелер өз
ілімдерін құрды және бар күш-қуаттарын сарп етіп, соларды насихатта-
ды. Алайда қиындығы мол жолда адамзат оншалықты қабілетті шәкірт
болмай шықты. Бірақ жасқа да, кәріге де рухани жетілу кеш емес,
әсіресе адамзат терең рухани-адамгершілік тоқыраудың құрсауында
қалған қазіргі уақытта тіпті те кеш болмауға тиіс.
347
3-тарау. ғылымның ЭтикалыҚ мәселелеРі
3.1. мораль философиясы туралы
Ешкім де, шамасы, адамның ішкі әлемінде жақсылық, ар-ождан,
борыш, қадір-қасиет сияқты моральдық құндылықтар болатынын
теріске шығара қоймас. Жан дүниесінде моральдық құндылықтарды
сақтау үшін, адам көп нәрседен айырылуға, бас тартуға әзір. Біздің
көзқарасымыз бойынша, моральдың өзегін «қоғам мен тұлғаның»
өзара қарым-қатынастары құрайды, өйткені адам басқалармен сан
түрлі қатынастарға түсе отырып өмір сүреді, ал бұл оның әлеуметтігін
көрсетеді. Бұл жерде, сірә, адамдардың ережелер, нормалар, мақсат-
мұраттар түріндегі миллион рет қайталанатын мінез-құлық әрекеттері
қорытындыланатын моральдық сананың нормативтік табиғатын атап
көрсету керек шығар. Моральдық сана шындық-болмысты алдыға
оза отырып көрсетеді, оның талаптары күн сайын болып жататын іс-
әрекеттердің шектерінен шығып, бізді қалай болуға тиіс деген салаға
бағыттайды.
Моральдың ерекшелігі – қоғамның тіршілік қарекетінде мораль
ықпалын сезінбейтін бірде-бір саланың жоқтығы болып табылады. Ол
барлығына енеді және бәрін қамтиды. Міне, сондықтан да саясат-
тан бастап, күнделікті ұсақ іс-әрекеттерге дейін, барлығы да мораль
тезіне ұшырайды. Моральдың аксиологиялық (құндылықтық) жағы
да осында. Норма арқылы біз өзіміздің және өзгенің мінез-құлқын, іс-
әрекетін әлдебір құндылық сияқты бағалау мүмкіндігіне ие боламыз.
Моральдық құндылықтар адамның маңызды қасиеттерін құрайды.
Сондықтан адамның бір немесе басқа моральдық құндылықтарды
таңдауы және оларды өзінің ішкі жан дүниесіне айналдыруы оның
өмірлік бағыт-бағдарларын, жалпы алғанда, өмір салтын айқындайды.
Моральдық нормалар жалпылама, көпшілікке бірдей талаптар
қояды. Бірақ өмір, адамдар арасындағы нақты қатынастар оларға
өзгертулер, түзетулер енгізеді. Мысалы, батырлық және батылдық –
жалпы көзқарас тұрғысынан алғанда, тамаша құндылықтар. Қиын-
қыстау жылдарда әрбір азамат өз Отанын қорғау жолында осы
қасиеттерін көрсетуге тиіс. Алайда батылдық парақордың немесе
қанішердің де қасиеті болуы мүмкін. Кезінде Гитлер неміс халқына
«оларды ар-ождан сияқты тауқыметтен азат ететінін» жариялаған.
Күні бүгінге дейін адамзат фашистердің жасаған озбырлығын ұмыта
алмайды. Осындай бағаны өзінің туған халқын таптық ұстаным
348
бойынша ыдыратып, миллиондаған адамды аяусыз қуғын-сүргінге
ұшыратқан кеңестік тоталитаризмге де беруге болады. Әлемдік
қасіретті тәжірибе көрсеткендей, тоталитаризм және жалпыадамдық
моральдық құндылықтар бір-бірімен салыстыруға жатпайды.
жалпыадамдық адамгершілік құндылықтар, бір қарағанда,
қарапайым болып көрінуі мүмкін, алайда олар адамзаттың қазіргі
заманғы өмірінде орасан үлкен рөл атқарады, өйткені бірлік,
төзімділік, өзара татулық негізінде ғана жамандыққа тосқауыл қойып,
келіссөздер, келісімдер, өзара жол беру арқылы мемлекеттер ядролық
ақырзаманнан және экологиялық апаттардан құтыла алады. Адамдар
арасындағы қарым-қатынастарда да адалдық пен төзімділік, басқаның
қуанышы мен қайғысын бөлісу, аяушылық білдіру, үлкендерге құрмет,
ата-ананы риясыз қастерлеу және басқа да адамгершілік құндылықтар
аса қажет.
моральдық құндылықтар руханилықтың түпқазығын, өзегін
құрайды. Бұл жерде біз XX ғасырдың ұлы гуманисі А.Швейцермен
толық келісеміз. Адамзаттың шынайы өрлеуі оның техникалық даму-
ында, сыртқы ортаны түрлендіріп өзгертуінде жатқан жоқ, ол адамның
ішкі өмірін тұрақты жаңартуда, моральдық жетілуде жатыр. Оған
көз жеткізу үшін, моральды рухтың басқа көріністерімен салыстырып
көрейік.
Рухани өмірге талдау жасай келе, батыс дәстүрі оның өзегін
адамның танымдық мүмкіндіктерінен көреді. Рас, XX ғасырда адам-
зат микроәлем құпияларына ене отырып, ғылымда ғажап жаңалықтар
ашып, оларды өз мақсаттарына пайдалана алды. Сонымен бірге олар
«танушы адамның» «жынын қақты», өркөкіректігін, тәкаппарлығын
басты. Неге? Себебі, әлдебір ғылыми жетістікті өмірге енгізе, олардан
әлдебір игіліктерді ала отырып, адамзат ешқандай компьютердің бо-
луы мүмкін теріс зардаптарын солар арқылы есептеп шығара алмайды.
Біздің көз алдымызда техносаланың қысымымен өзгеріп жатқан климат,
тірі табиғаттың бұзылуы осыны көрсетіп тұрған жоқ па? моральдық
құндылықтарға негізделмеген жалаң рационализм адамзатты
бейберекеттіктің құрдымына кетіріп, оның өз-өзін құртуына әкеліп
соқтырады. Бұл бүгінгі күні айдай анық болып отыр. Адамгершілік
құндылықтарды сыртқа тебетін «бәрін білгіш адам» туралы да осыны
айтуға болады. Ол – ождансыз және компьютерге көбірек ұқсайды. Ол
тірілткіш сәулелерін шашатын Күн емес, – салқын және солғын жарық
беретін Ай. Адамгершілік тұрғыда кембағал адам, қаншалықты арнайы
білімдері болса да, өмірдің бір қарағанда байқалмайтын нәзік қырларын
349
көре алмайды, яғни атақты Протагордың «заттар өлшемі» бола алмай-
ды. Ген зертханасында ақ халат киген, бүкіл адамзатты құртуға дайын
мизантроп – адамды өлердей жек көретін сарамас отырғанын елестетіп
көрейік. Ол ғаламдық эпидемияға әкеліп соқтыруға қабілетті вирустың
жаңа түрін шығарған. Адамгершілік тұрғыда бүтін, мығым адам ғана
өз шығармашылығында «заттар өлшемі» бола алады. Міне, сондықтан
да бүгінгі күні ғылым мен моральдың өзара қарым-қатынасы таным
теориясының басты мәселесіне айналды.
Егер өнер мен моральдың өзара қарым-қатынасын алып қарасақ,
онда бұл жерде де соған ұқсас жағдайды көреміз. Адамгершілік
ізденістермен, Жаратушының көріпкелдігімен толыққан өнер ғана
құнды болмақ. Ождансыз сұлулық адам рухын бағындыруға дәрменсіз.
Кез келген діннің құндылығы да оның жалпыадамдық адамгершілік
қасиеттерді насихаттай отырып, халықтың рухани бірлігін
қолдайтындығында. Әрбір дін моральдық құндылықтардың бастауын
Құдайдың жаратушылық құдіретімен байланыстырады. Діни жүйеден
оның моральдық кодексін алып тастап көріңізші, сонда оның сандырақ
мифтердің қырық құрақ бірдеңесіне – конгломератына айналғанын
көресіз.
Егер философияның қоғамның рухани өміріндегі рөлін алып
қарасақ, жеке ғылымдардың жетістіктеріне қаныққан оның санаттық
жиынтығы өткен ғасырларға қарағанда, анағұрлым байи түскенін
байқаймыз. Бірақ біз Платонмен және Аристотельмен, Әл-Фараби
және Аквинскиймен, Гегель және Шопенгауэрмен салыстырғанда,
болмыстың метафизикалық терең тұңғиығын түсінуде қаншалықты
ілгері жылжыдық? Өкінішке қарай, соншалықты алыс емес.
Сонымен қатар ойшылдың бір немесе басқа адамгершілік
ұстанымының нәтижесінде философиялаудың, универсумға «өз ойын
қосудың» және оны «жан-тәнімен сезінудің» әртүрлі формалары пайда
болды, өйткені әлемдік тарихта болмыстың терең қойнауларын риясыз,
әділ зерттеп білетін ойшыл болмаған және болашақта, сірә, болмай-
тын да шығар. Бұл тұрғыда нақ осы моральдық сана бізге «болмыстың
өзінің шексіз мұхитына іштей бойлауға көмектеседі... «бірдеңені бас-
тан кешу», «сезіну» – яғни ортақ өмірде нысанмен бірігіп кетуге бай-
ланысты оны ішінен танып білу деген сөз (С.Л.Франк. Духовные осно-
вы общества. – М., 1992. – 11-бет).
Қоғамның тұтастығын сақтайтын сыртқы бекіткіштері ретінде
әрекет еткенмен, саясат пен құқық та, егер оларда моральдың ең аз деген
талаптары (minimum minimorum) болмаса, қоғамдық қатынастардың
350
тиімді реттегіштері бола алмайды. Олай болса, биліктер қоғамды тіпті
де басқара алмайды, ал бір немесе басқа құқықтық актілер орындал-
майтын болады.
Моральдық сана барлық руханилықтың негізінде жатыр. Бірақ
бұл жерде мораль жүйесінің өзі туралы күрделі сұрақ туады.
Мыңжылдықтар бойы оның негізі болып Құдайдың жаратушылық
құдіреті саналып келді. Белгілі болғандай, еуропалық ағартушылар
Жаңа заманда негізгі христиандық постулаттарды жан-жақты және
өткір сынға ұшыратып, Ф.Ницшенің: «Құдай өлді!» – деп жар салуына
түрткі болды.
Алайда ондай тұжырым жасауға ерте еді. Құдай идеясы өлген
жоқ, өйткені онда адамдардың барлық маңызды күштері және руха-
ни талпыныстары шоғырланған-ды. Керісінше, бүгінгі күні, мыса-
лы, рухани ізденістердің ұшқындарын, Құдайға бет бұруды көреміз.
Бұдан көбінесе қазіргі заманның руханилықтан алшақтауына, та-
уар фетишизміне, әлеуметтің ары қарай атомдануына, өзімшілдіктің
және оқшауланудың, діни төзімсіздіктің артуына қарсылық білдіру
байқалады.
Тарихтың, адам жүрегіндегі сияқты, «қисынды түрде түсіну
қиын өз логикасы бар» (Б.Паскаль). Оның даму үдерісі, бір жағынан,
қашанда әртүрлі халықтардың жекешеленуімен, әр ұлттың өзінше
оқшаулануымен, екінші жағынан, қатаң саяси күрес жағдайында
өмір сүруді сақтап қалу мақсатында бірігуге ұмтылумен ілесе, қатар
жүріп отырды. Бұл үдеріс дінді де айналып өткен жоқ. Өне бойғы
бөлшектену, жік-жікке бөліну және бірігу, жаңа конфессиялар мен
деноминациялардың құрылуы тарихи нақтылыққа айналды. Барлық
әлемдік және ұлттық діндердің тарихын еске алудың өзі жеткілікті.
Бұл – діни ағымдардың, мектептердің, ортодоксальдық бағыттардан
бөлініп шыққан тармақтардың құрылуы. Адамзат қашанда әртүрлі
ойлаушылықты оқшау көретін немесе 1881 жылы-ақ А.С.Пругавиннің
Орыс православие шіркеуіндегі жікке бөлінушілікті жазғанындай,
«өне бойы «дұрыс сенім үшін» деп, рухани және ақыл-ой азығын
іздеумен-ақ халықтың ойы әр жаққа шашырап болды...». Ал бар тарих
қуғын-сүргіннің де, жазалау ошақтарының да, бас шабуға қойылған
кеспелтектің де, аяусыз қинаудың да зиян мен қантөгіс қарсылықтардан
басқа ештеңеге келтірмегенін көрсетті, өйткені сенімге тыйым салу – ол
Күнге сәуле шашуға тыйым салумен парапар. Осы туралы ойланайық!
Белгілі психотерапевт В.Франкл «Психотерапия және дін» деген
мақаласында діндердің әртүрлілігін тілдердің әртүрлілігімен салыс-
351
тырды. Ешкім де өз тілін басқа тілден артық деп айта алмайды: кез
келген тілде адам шындыққа келе алады және кез келген тілде оның
жаңылысуы және тіпті алдауы мүмкін. Сондай-ақ кез келген діннің
көмегімен ол Құдайды – біртұтас Құдайды таба алады. Сондықтан бар
күш-қайратты жұмсап, сенімге төзбеушілікке немесе «буровщинаға»
қарсы күресу керек.
Ұлы ойшыл И.Кант өзіндік мораль негізін құруға әрекеттенді: оны
адамнан бойындағы бар ерік максимасы
1
жалпыға бірдей заңдарды да
білдіретін іс-әрекеттерді талап ететін «қатаң бұйрық» деп атады. Оның
үстіне, И.Кант бұл априорлық ұстанымды адамның табиғи сезімдік
бейімділіктерінен қатаң қорғаштады. Оның пікірінше, іс-әрекет
қатаң бұйрық талаптарына құрметпен қарай отырып жасалғанда ғана
моральдық болмақ. Осындай шектен шыққан ригоризм (салқынқанды
пайымдылық) ол максиманы нақты өмірде іс жүзіне аспайтын етеді.
XX ғасырда Батыс ойшылдары «табиғат құқықтары» идея-
сын (Э.Фромм) және «өмірдің барлық формалары алдында аса
Достарыңызбен бөлісу: |