Б 63(5К) ■f 94 Jew шттшш f t


улылардың үлесін  санаса  осы  бір  өңір  барша  әлемдік  рекордты



Pdf көрінісі
бет10/11
Дата06.03.2017
өлшемі13,81 Mb.
#8200
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

улылардың үлесін  санаса  осы  бір  өңір  барша  әлемдік  рекордты 
жасады десек ешбір  қателеспеген  болар едік.  Әлекеңнің ортасы 
осы үлылар өңірі. Олардың мүрасы, олардың өсиеті қадам басқан 
сайын  көз  алдыңа  елестер  үлылар  бейнесі.  Бүл  өлкеде дүниеге 
келіп, өмір туралы ойланбай, толғанбай өткен перзент бар ма екен! 
Улттық  генофонд,  үлттық  қор  дегеніміз  не?  Менімше,  осы  бір 
уғымның қазақ өмірінде тағы екі бір түсінігі бар сияқты. Халқымыз 
мал бағып, көшіп-қонып өмір сүруіне байланысты. «Қор үзілмесін, 
отың  сөнбесін»,  -  деп  атайды.  Жаугершілік  заманда  қымыздық 
қоры  үзіліп,  саумалды  ашыта  алмай  зар  жылайды  екен.  Халық 
өз басына  күн туғанның бір белгісі қылып,  міне, осы  қор үзілгенді 
айтады екен. Міне, сонда дана ата-бабамыз осы қорды жаңа туған 
құлынды  сойып,  соны  ас  қазанының  мәйегінен  алады  екен.  Ал 
көшпенділік  көзінде  от  бір  сөнсе,  қайта  от  жағу  өте  өте  қиын 
мәселеге  айналған.  Шаңырағы  ортасына  түсіп,  әулет  қүрығанда 
«оты  сөнеді!»  деген  теңеу  осыдан  шыққан.  Міне,  Әлекеңдер 
халқымыз ғасырдың күрестен шаршап,  шалдығып, XIX ғасырдың 
аяғында  XX  ғасырдың  басында  қайта  түлеп,  үлттық  сана-сезімі 
ояна бастаған. «Ояң қазақтың» өкілдері еді. Халқымыз өзінің қоры 
үзілмегенін, оты сенбегенін, болашаққа үміт артқанын дәлелдеуге 
бел байлаған үрпақтың перзенті еді. Атақты қанжығалы Бөгенбай 
батырдың  замандасы  Олжабай  батырдың  үрпағы  Әлекең
асылдың  сынығы,  түлпардың  түяғы  болатын.
Әлкей Марғүлан... Бүл есімді жекедара атай алмайсың. Дала 
өңіріндө  туып,  өртө  өсейген  Әлөкөң болашақ дәналзр ордасына 
ілікті.  Онымөн  біргө ұлы  Мүхтар, үлы  Қаныш,  ұлы Жүсіпбөк біргө
121

есті. Кешегі Абай, Шәкәрім мұрасы оларға болашаққа жол сілтеді. 
Әлекеңнің  ауыз  әдебиетіне  деген  ынтызарлығы  сол  кезде 
қалыптасады. Ленинградта оқып, Шоқан дана өткен жолды көрді. 
Мұхтармен,  Қанышпен  бірге  өскен  ол  оларға  елікті,  үйренді, 
талаптанды,  еңбек  етуден  бір  сәт  жалықпады,  Әлекең  қанша 
кішіпейіл  болғанымен  өзінің  «мен»  деген  жеке  даралығын 
жоғалтпады ,  көлеңкеде  қалмады .  Олар  да  Ә лекеңе  өз 
жүректерінің төрінен орын берді.  Міне, осылай Әлекең көп білетің 
көп түйетін  әмбебап  ғалымға  айналды. 
*
Ә лекең  шығыстанудың  ірі  ғалымы 
бола  тұра,  оның 
археологиялық саласынан маманданды. Осының қандай құпиясы
бар? 
Я
Әлекеңнің  бір  мамандықты  таңдап  алуындағы  негізгі  сыр 
халқымыздың  басынан  кешкен  өркениеті  ғылымда  ұзақ  жылдар 
жұмбақ болып, қираған қалалармен, көмілген обалардың астында 
жатқандығында  болу  керек.  Атақты  неміс  ғалымы  -   ойшылы 
Освальд  Шпенглер  өзінің  «Закат  Европы»  деген  еңбегінде 
көрсеткен  8  мәдениеттің  -   Египеттік,  Индиялық,  Вавилондық, 
Қытайлық,  Апполондық  (грек-римдік),  магиялық  (византия- 
арабтық),  фаустық  (батыс-еуропалық),  майя  және  қалыптаса 
бастаған  орыс-сібір  мәдениеттерінің  ішінде  қазақтың,  басқа 
шығыс халықтарының -  көшпенділердің еркениеті аталмай келді. 
Әлекеңнің  ғылымдағы  алтын  тұғыры  осы  өркениеттің  адам 
баласының  тарихындағы  орнын  ашуға  байланысты.  Ғалым 
Ахмет Байтұрсынов атақты «Әдебиеттанытқышында» көрсеткен 
рухани -  көрнек мәдениетінің бес түрін де барынша пайдаланады. 
Ол -  Ахаң айтып  кеткен  сәулет өнері,  сымбат өнері,  кескін  өнері, 
сез  өнері  еді.  Өткеннің  тарихи  сырын,  аңыздар  мен  эпикалық 
жылдарда  жаттаған  мүңын,  тірнек  және  көрнек  мәдениетте 
ескерткіш  болып  табылған  көне  тарихтың  ізін  Әлекең  бір  арнаға 
сала  білді.  Ежелгі  кешпенділердің  кеш  жолдарын,  сахараның 
қүлазыған-қүмдарың  тіршіліксіз  қалған  қүба  жондарын  жақсы 
білген  Әлекең  өмір  бойы  осы  бағытта  ізденіс  жасады.  Ендеше 
бүл мамандық бойындағы барша қасиетті, күш-қуатын жан-жақты 
ашуға  мүмкіндік  беретінін  ғалым  жақсы  түсінеді.
122

Әлекең  -   дала  перзенті.  Ол  еліміздің  ең  үлкен  шаһарында 
оқып,  ен даланы  аңсап  келетін-ді.  Өзінің өксігін  басып,  арманын 
тек далаға ғана айтатың  ағынан жарылатын.  Осы даламен оның 
ғажайып  достығы  оны  саясаттырған  ғылымнан  алшақ  үстауға 
дәнекер  болды,  ал  топалаң-зобалаң  заманда  ұзақ  уақыт 
экспедицияларға  кеткені  ғалымды  қуғынсүргіннен  аман  сақтап 
қалды.  Дала  перзенті  өзінің  осы  сүйіспеншілігін  өмірінің  соңғы 
күніне  дейін  өз  бойында  түмардай  үстады  оны  иманына 
айналдырды. Сыр, Талас, Шу бойындағы Отырар, Тараз, Сайрам, 
Сығанақ қалалары  арқылы  Әлекең көне тарих құпиясына үңілді. 
Балқаш,  Тоқырауын,  Бетпақдала,  Шерубай-Нүра  жағасындағы 
Беғазы-Дәндібай,  Беласар,  Елшібек,  Қарқаралы,  Кент,  Бесоба, 
Кеңтөбе,  Баянауыл,  Ереймен,  Қаракөл  өңірі,  Кеңгір,  Жезді, 
Сарысу,  Атасу  өзендерінің  бойы,  Алтын  Шоқы  -   Сары  Арқа 
белінің тарихын зерттеді. Көшпенділер мен қала өркениетіне Отан 
болған  үлы  даланың  құпиясын  ғылыми  түйіндеді.
Міне,  Әлкей  Хақанүлы  Марғүланның  ғылымға  сіңірген  сан- 
салалы еңбегінің ең басты  нәтижесі -  ол барша әлем тарихында 
қазақ  сахарасындағы  көшпенділер  өркениетінің  орны  мен 
маңызын  ашуында,  «қазақ»  деген  халықтың  тарихи  дамуы 
негізінде  этнос  болып  қалыптасуын  көрсетуінде.  Халқымыздың 
әлем тарихындағы мәртебелі дәрежесін, мәртебеліқасиетін ашып
беруінде  болса  керек.
Әлекең  -   жортқанда  жолы  болған,  жолдасы  қыдыр  болған
дархан  жан.  Ол  академ ик  В.В.  Бартольдтан,  академик 
С.Ф.  Ольденбургтен,  академик  И.Ю.  Крачковскийден,  академик
Н.Я. Самойловичтаң академик В.В. Струвидең Е.Я. Владимирцовтаң 
М.И.  Мещаниновтан,  В.Л.  Шербадан  дәріс  алды.  Жарақан  ием 
жар  болып,  Әлекең  академик  А.Е.  Ферсманның,  профессор 
С.И.  Руденконың  басшылығымен  үйымдастырылған  Қазақстаң 
Алтай  экспедицияларының  жүмысына  қатысты.  Академик 
С.ф.  Ольдербургтің,  Ғылым  академиясының  корреспондент 
мүшесі  А.Ю.  Якубовскийдің  басшылығымен  шығыс  елдеріне 
байланысты деректерді зерттеді,  шығысТүркістан археологиясы 
мен  енері  бойынша  мамандады.  Ұлылар  сахарасының  самал
123

ауасын  жұтып,  ұлылар  арасында  өсіп,  үлылардан  тәлім-тәрбие 
алған  Әлекең  жеке  алып  тұлға  болып  осылай  қалыптасты.
Әлекең  қатардағы  ғалым,  қайраткер,  азамат  емес.  Ол  -  
ғалымдар  көшін  бастағандардың  бірі.  Ол  -  қайраткерлікті 
жарқылдатып,  шатырлатып,  жекпе-жекке  шықпай,  бабымен, 
сәнімең  ғылыммең  өнермен жәй  басып,  дәл  басып жасаған жак 
Ол  -   азаматтықты  дүлдүлдікті  бұлбүлдықпен  жалғастырған 
ғалым. 
У г
Ә.  М арғұлан  сонау  Ә .  Бөкейхан^в,  А.  Байтұрсынов, 
М.  Дулатов,  Ж.  Аймауытов,  М.  Әуезов,  Т.  Рысқүлов,  Қ.  Сәтбаев, 
С.  Сейфулин,  I.  Жансүгіров,  Б.  Майлин  сияқты  алыптардың 
тобынаң  солардың соңғы  ілегінен  еді.  Сол  ұлы  көште  Әлекеңнің 
өзіндік  орны  болды,  өзіндік  жолы  болды,  өзіндік  мектебі  болды, 
өзіндік  іс-қаракеті  болды.  Олар  эр  салада  дара  болды,  дана 
болды,  бірін-бірі  толықтырды,  барлығы  жиылып,  ғылымда, 
өнерде,  білімде  ұлы  шоғыр  құрды.  Сол  шоғырдың  ішінде 
Әлекеңнің  шоқтығы  биік,  жүзі  жарқың  есімі  мәшһүр  болды.
Әлекеңдер тар жод тайғақты кешіп, халқымыздың үзіліп бара 
жатқан үлттық қорын жалғады, халқымызды оятып қана қоймады, 
терезесі теңдес халықтардың дәрежесіне жеткізді. Ә. Марғүланның 
тағылымының  негізгі  бір  түйіні  осында  болса  керек.
Ә.  Марғұлан сияқты  перзенті бар халқымыздың үлттық қоры 
үзілмейді,  халқымыздың  аты  сөнбейді,  болашаққа  өрлейді. 
«Бизнес» деп сарнап, арыпсатарлық саудамен елді алдап, арбап 
жатқан  өтпелі  заманда  халқымыздың  үлттық  қоры  үзілмесін, 
ағайын!  Ә.  Марғүлан  тағылымының  бізге,  болашаққа  артар  жүгі 
осында. 
>2
Қазақ  мәдениетінің  бірі,  қазақ  ғылымының  арасының  бірі, 
кешегі ұлы Мүхтардың досы, ұлы Қаныштың сарбаздарының бірі, 
бірі  болса  бірегейі,  бүл  күні  арамызда  жоқ,  бірақ  рухани  бізбен 
бірге,  тәуелсіз,  дербес  елдің  рухын  көтеріп,  баршамызға 
шаршағанда  аруағы  қолдап,  шалдыққанда  дәм  беретін  ғазиз 
үстазымыз  Ә лекең  бүгін  тірі  болса  90-ға  келер  еді.  Ұлы 
ойшылдарға тән кең маңцайын жарқыратып, ғажайып бұйра шаша 
қос  айырылып,  жадыраған  жүзі  кеңет  бір  қалың  ойға  шомып, 
ақырын ғана езу тартып, мінбеге шығар еді. Ақырын бастап, ойды
124

алыс-алыс тастап,  бүгінгі  күнді  ғасырлар  жырына  толытрар  еді, 
кемеліне келген дана жас балаға да қарап, ата батасың үстаздық 
алғысын  айтар  еді-ау!
Әлекеңнің  сөйлеу,  ойлау,  толғау  ырғағында  Мұхтар  ағамен 
үндестік  бар  еді.  Ә лекең  де  Мүхаң  сияқты  сөзді  ақырын 
бастайтын  Ғажайып  ойшылдардың лықылдап  «мені  айт»,  «мені 
айт»  -  деп  келіп  түрған  ойлары  сол  бір  сәтте  тоғысып,  оларды 
әуелі  іркілтіп  тастайтындай  көрінетін.  Ойлар  орын-орнына  келіп, 
кешікпей түжырымдар ағыл-тегіл төгіліп, бір теңіздегі толқындары 
сияқты  жарға  соғатын.  Тыңдаушы  қауым  үйып,  ой  мұхитына 
саяхат  шегетік  Кейбір  сәтте  терең  ойды  келте  доғарып,  көптен 
толғанып жүрген  жаңа  бір  идеяның арасында түсіп  кеткен  кезде 
тыңдаушы  қауымның  ой  толқындары  басынан  асып,  бірін-бірі 
асыға  қуып  бара  жатқан  толқындардай  эсер  ететін.  Қорқыт, 
Алпамыс,  Қобыланды,  Тарғын,  Манас,  Қамбар,  Баян,  Жошы, 
Алаша  хан,  А қсақ  Тем ір,  Шыңғыс  хан,  басқа  да  тарих 
кейіпкерлерімен  берге жасасқандай  сыр  шертетін
1994 ж

Мырзатай  ЖОЛДАСБЕКОВ
филология әылымының докторы, профессор
АКАДЕМИК  МАРҒҰЛАН
Халық  тарихында,  оның  мәдениеті  мен  ғылымнда  өшпес, 
өнегелі  із  қалдырған  дана  ойшылдар,  білімпаз  қайраткерлер 
қашан да  сол  халықтың өзімен  мәңгі  бірге жасайды.
Совет заманы  халық талантының  қайнар  көзің  кең арнасын 
ашты. 
Ж етпістен 
асқан 
қарт 
Ж амбы лды ң 
Октябрь 
революциясынан  кейін  замана  қүрсағынан  қайта  туып,  бақыт 
тауып, лезде-ақ күллі  әлемге аңыз болып тарауы осының айғағы 
еді.  Бүл  дәуірде  оқып  білім  алған  Қаныш  Сәтпаевтың,  Мүхтар 
Әуезовтың  есімдері  халық  мақтанышына  айналды.
Халқымыздыңтарихың мәдени шежіресін жалықпай зерттеп, 
том-том  бағалы  кітаптар  жариялап,  көпшілік  санасының  өсуіне, 
білім  қорының  молаюына  ықпал  ж асап  келгендердің  ең 
көрнектілерінің бірі -  АКАДЕМИК ӘЛКЕЙ ХАҚАНҰЛЫ МАРҒҰЛАН.
*  ★ ★ 
f  ' Щ '
 в
Жиі  кездесіп  үнемі  жөн-жоба,  ақыл-кеңес  алып  жүрген  ұстаз 
жайында,  көрнекті  ғалым  қайраткері,  қарапайым  аға  жайында, 
оның ғылымдағы  мүратың  ой-парасаты  жайында жазудың  қиын 
екендігін  мен  қолыма қалам  алғанда ғана түсіндім.
...Көпшілік ойынан  шыға  алмасам  ше?  Әңгімені  неден  бастау 
керек?  Жастарға  үлгі  болсын  деп  академиктің  балалық  шағың 
өскен ортасын жазам ба, жоқ әлде, жасынан зерек, Баянныңсұлу 
табиғатына, қазақтың ұшан-теңіз жырына бөленіп өскен Әлкейдің 
Москва,  Лениград  қалаларындағы  оқу,  іздену жолын  жазам  ба? 
Онда  Қаныш,  Мүхтардай  жас  даналармен  білім  жолына  бірге 
аттанған  шәкірт  жылдарының  қымбат,  қызық  әңгімесін  айтып 
жеткізе алар ма екем?... 
Щ
Жоқ,  бүл  алдағы  уақытта  асықпай  жазатын,  бөлек  дүние, 
қызық  әңгіме  болса  керек.  Сондықтан  да  мен  бүл  мақалада 
ғалымның тындырған  істері,  жаңа  ізденістері жайында  мағлүмат 
беруді  жөн  көрдім. 
1
126

★ ★★
Задында жасампаз ғүламалардың бәрі де жан-жақты болған 
ғой.  Әлкей  марғұлан  да  ғылымның әр  саласына  өз үлесін  қосып 
келген  білікті  ғалымдардың  бірі.  Ол  -  әдебиетші,  тарихшы, 
археолог,  өнер  зерттеушісі,  саяхатшы,  этнограф.  Әлағаның 
ұсгаздығың жазушылығын қосыңыз.  Бүл жерде біз жазушы деген 
сөзді  әдейі  айтып  отырмыз.  Өйткені,  ғалымның  еңбектері 
дәлділігінің,  тереңдігінің  үстіне  көркемділігімен  де  ерекше
сыпатталды.
Сіз  Ш оқан  шығармалары  бес  томдығының  алғашқы 
кітабындағы  Шоқан  өмірінің  өмерінің  очеркін  қайта  бір  оқып 
қараңызшы.  Сірә  да  оның  әдеттегі  өмірбаяндық  жалаң 
деректемелерден  тіпті  бөлекше  жазылғандығына  таласа 
қоймассыз.  Бүл  очеркті  Шоқанның  өскен  ортасы,  дүниетанымы, 
өнер  дүниесі  жайындағы  түтас  көркем  шығарма  десе  де 
болғандай.  Қазақ  топырағында  туған  өмірбаяндық  очерктердің 
бүдан озық үлгісін таба  қою  қиын.
***
Мағынасыз  бос  жүрістен  ғылым  да,  өнер  де  шықпайтыны 
мәлім.  Уақытты  үнемдеп,  оны  орынды  пайдалана  білудің  өзі  де 
үлкен  мәдениеттің  белгісі.  Күнделікті  өмірін  мақсатсыз  өткізіп, 
әйтеуір  таңцы  атырып,  түк  бітірмей  күнді  батырып  жүргендерге 
қарасаң,  өмір  үзақ  тәрізді,  ал  тіршілігінің  әрбір  сәтін  пайдалы 
істерге, Отан игілігіне арнап, үнемі ізденіс үстінде жүрген азаматқа 
уақыт ешқашан  жеткен  емес.  Қоғамға  белгілі  болған  ардагердің
бәрі де үнемі  уақытпен  санасып отырған.
Осы орайда академик М. Әуезовтің мына бір сөзі еске түседі.
Бірде  университете  сабақ  үстінде  Мүқаң:
-  Мен өзім теңдес, өзім құрбылас орыс достарымнан үш жыл
кейін  жүремін,  өйткені  олар  “Евгений  Онегинді”  тоғыз  жасында 
оқиды,  ал  мен  он  екі жасымда  оқыдым,  - деген  еді.
Білімпаз  үстаздарымыздың  бұл  сөзі  жасы  жиырмадан 
асқанша  “Евгений  О негинді”  оқы маған  біздің  студент 
құрбыларымыздың  біразын  сонда  мықтап  үялатқан.
127

Ғылым  жолы,  өнер  жолы  табандылықты,  талмай  ізденуді 
қажет  етеді.  “Данышпандылықтың  өзі  -  шыдамдылық"  -   деген 
ғой дана  көсеміміз  К.  Маркс. 
J R ]
Әлкөй  Марғүлан  бірден  академик  болған  жоқ.  Өмір  бойы 
білім-ғылым  қуған  ізденімпаздылығы,  табандылығы  мен 
шыдамдылығы  Әлағаңды  Отанымыздың  ең  ірі  тюркологтардың
қатарына  өкеліп  қосты. 
М
Ол  филология  ғылымының докторы,  профессор,  Қазақ ССР 
Ғылым  академиясының  академигі,  Шоқан  Уәлиханов  атындағы 
Тарих,  археология  және  этнограф ия  институтында  бөлім 
меңгерушісі  болды. 

9
*** 

,
Әлағаңды  үнемі  жазу  столында,  жүмыс  үстінде  көресің. 
Я  
Жаз шыға респуликамыздың байтақ даласын аралап, жойқын 
соғыстардың зардабынан  жер  астында  көміліп  қалғаң  жойылып 
кеткен ескі қалаларды іздейді. Сөйтіп, Қазақстан жерін мекендеген 
адамзаттың ежелгі мәдениеті, кәсібі, түрмыс-тіршілігі жайындағы 
жаңа  деректер  әкеледі.  Қыс  бойы  жазады,  жаз  шыға  қайта
аралайды. 
:
Академик  Марғұлан  Алматыда  Карл  Маркс  пен  Калинин
көшелері түйіскен жердегі үлкен үйдің үшішл  қабатында түрады.  f  
Біз  сол  үйге  қарай  аяңдап  келеміз. 
я
Зілі  жоқ,  тентек,  ерке  қыздың  мінезіндей  Алматының  ауасы 
да ғажап қызық қой. Үйден  шыққанда түкжоқ еді, троллейбуетан 
түсіп, әудем жерге жеткенше үсті-басымыз малмандай аппақ қар 
болды.  Қарды  сілкіп  қоңырау  соғып  ішке  кірдік. 

Әлағаң  бүгін  де  әдетінше  кабинетінде,  жүмыс  үстінде  отыр 
екен. 
Я
Столдың  үсті  толған  қағаз.  Ж ары қ  күнде  шам  жағып,  I  
ортасында  ғалым  отыр.  Ай  маңдайы  жарқырап,  ақшыл  тартқан 
бүйра  шаштары  толқындаған  Әлағаң  дәл  осы  бір  сәтте  маған 
зам андастан 
гөрі 
аңыз 
болып 
жеткен 
еж елгі 
грек  | 
данышпандарына  көбірек  үқсай  берді. 
I
Мен  қызығып,  ұрланып  қарап  түрмык  Не  жазып  отырғанын  1 
кім білсін,  әйтеуір таза ғылым екені ақиқат. Ғалымның ойын беле  |
128

алмай, қаламы жүрген осы бір қымбат сәтін бұза алмай, дағдарып 
біраз  тұрдым.
Бул кісімен пікірлесудің өзі бір мектеп қой, шешіліп бір сөйлесе 
болғаьы,  тарихты ң  жай-жапсары н  түгел  шарлап,  ежелгі 
қалаларды  аралап  қайтқандай  боласың.
Ойлы,  қыран  көздерін  алысқа  тастап,  қағазға  қайта  үңіледі, 
қайта  жазады.  Дамылсыз  жазып  отыр.
Сәлден  соң:
- Әлаға  рұқсат па? -  дедім.
- Е,  кед  кед  - деп  орнынан тұрды.
Өзіміз  көрмесек  те,  кезімізде  академик,  профессорлардың 
қаңғалақтығы,  жүріс-түрысындағы  кейбір  қызық  мінездері 
жайында  айтылатын  әжуа-әңгімені  көп  істегеніміз  бар.  Әзірге 
сыңар  аяқ,  сөлекет  жүрген  ғалымды  көрген  емеспін.  Ал  нағыз 
ғалымдардың ақкөңід бала мінезді болатындығын шынында көріп 
жүрміз.  Әлағаң сондай  кісі.  Табиғатына  сол  мінезі  жарасады да.
-  Әлаға,  газет  оқушылары  сіздің  ғылымдағы  ізденістерінің 
жайлы  білгісі  келеді,  мен  газет  тапсырмасымен  арнайы  келіп
отырмың  - дедім.
Күнделікті  жоспарлы  жүмысынан  ойын  бөлгісі  келмеді  ме,
қайдам:
- Ол үзақ әңгіме ғой,  оның қайсысын  айтамыз? — деп  кейінге 
сілтегендей  болып  еді,  десе де  біртіндеп  шешіле  бастады.
-  Ендеше  әңгімені  Шоқаннан  бастайық,  менің  кеп  уақытым 
сол  Шоқан  еңбектерін  әзірлеуге  жұмсалды,  -  деп,  біраз  ойға
шомды.
Әлағаңның Шоқан мүрасын зерттеудегі сіңірген есепсіз еңбегі
еске  түсті.
Өмірден тым ерте кеткен Шоқанды әлемдік ғылым Орта Азия 
мен Шығыс Түркістанның айтулы зерттеушісі ретінде тіршілігінде- 
ақ  мойындаған  болатын.  ¥лы  ғалымның  соңында  қалған  мол 
мұраны жариялауға Шоқанның айнымас орыс достары сол кезде- 
ақ шүғыл кіріскең бірақ бұл игілікті істі зиялы бауырлар мезгілінде 
толық  аяқтай  алған  жоқ.  Сондықтан  да  бұл  міндетті  өтеу  кейінгі
ұрпақтың  сыбағасындағы  іс  еді.
129

Ондаған  жылдар  бойы  жалықпай  іздене  түсіп,  Шоқанның 
байтақ  қазынасын  Отанымыздың  түкпір-түкпіріндегі  архив 
шаңдағынан  ақтарып,  жинастырып,  оларды  ретке  келтіріп  бес 
томдық толық жинақ етіп бастырған ғалым -  академик Марғүлак 
Осыншама  қымбат  қазынаны  қалпына  келтіру  шын  мәнінде 
Шоқанды  қайта  тірілтумен  бара-бар  оорасан  жүмыс  еді.  Туған 
халқы  осы  еңбегі  үшін  шексіз  алғыс  айтады. 
Ф   j
★ ** 
- 
Маркстік-лениндік  жасампаз  ілімнің  пәрменділігіне  сүйеніп 
отыра  іздену,  сыр  ашпаған  белгісіз  түкпірлерге  сапар  шегу,  көп 
жүмбақты ң  кілтін  аш у  -   б а с та н -а қ  Әлкей  Хақанүлы ны ң 
ғылымдағы  басты  мүраты. 
Я
Ғалымның “Шоқан” және “Манас” атты  соңғы  монографиясы 
талайды  болдыртқан,  талайдың  өмірін  тауысқан  тағы  бір 
жұмбақтың  кілтін  ашып  отыр. 
Ц
Білімді  кісілердің  бауырын  жазған  жүйріктей  кең  көсіліп, 
шешіліп  сөйлейтін  әдеті  емес  пе,  Әлағаң жүмбағы  шешілген  бір 
әңгімемен өзіне еріксіз тарта  берді. 
Я

“Манас” тарихи заманнан таулы Азия қыратында ұрпақтан- 
үрпаққа мүра болып келе жатқан қызықты жыр, қырғыз халқының 
айтулы  мүрасы.  Бұл  жырды  алғаш  рет  қағаз  бетіне  түсіріп,  оны 
әдебиет дүниесінің белгілі кеніші еткен жасғалым Шоқан еді. Бірақ 
Шоқан  жазып  алған  “Манас”  жырының  қырғыз  тексті  көп  заман 
ғылымға  белгісіз  болып  жатты.  Бүл  нүсқаны  жарыққа  шығаруды 
Шығыс  әдебиетін  зерттеуші  ғалымдардың  талайы  талап  еткен 
еді,  алайда,  өкінішке  орай  оның  сәті  түспеді.  Өйткені,  Шоқан 
нүсқасы  көп  заман  қою  түман  астына  батып,  үшті-күйлі  жоқ 
болды.
“Манас” жырының қағаз бетіне түскенін  біз бүрын  Шоқанның 
орысша  аудармасынан,  не  қырғыз  текстін  көзімен  көрген  оның 
қадірлі досы Г.Н.  Потаниннің естеліктерінен ғана білетін едік. Жүз 
жыл  архив  тозаңында  жоғалып  жатқан  бүл  асыл  кеніштің 
ақырында  табылғаны  “Манас”  жырын  зерттеушілерге  бұлақтың 
қайнар көзін  қайта ашқандай  болды. 
1
130

“Манастың’  Шоқан  жазып  алған  нүсқасын  табуға  себепкер 
болған  Шоқанның замандас досы,  белгілі  татар ғалымы  Хүсаин 
Фаизхановтың  Шоқанға жазған  хаттары.
Хүсаин  Фаизханов  -   Шоқанның  қырғыз-қазақ  тіліндегі 
қолжазба дәптерлерін  көзімен  өткеріп  оған  зор  қуаныш  білдірген 
кісі. Шоқанға жазған бір хатында ол былай дейді (академик хатты 
оқи  бастады):
-Тәңірі жарылқасын. Мендегі дәптеріңізді көшіріп алуға рүқсат 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет