Б 63(5К) ■f 94 Jew шттшш f t


кемелдене  бастаған  жас  зерттеуш і  екені  білінеді.  Мұқтар



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата06.03.2017
өлшемі13,81 Mb.
#8200
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

кемелдене  бастаған  жас  зерттеуш і  екені  білінеді.  Мұқтар 
Омарханүлының оған деген  ынта-ықыласы  арта түседі,  әдебиет 
пен  енер  саласының  бірқатар  мәселесі  женінде  оның  пікірімен 
санаса  бастайды,  бірте-бірте олар  нағыз досқа  айналады.  1924
32

жылы  Муқаң  Әлкейді  өзінің  туған  жері  -  Шыңғыстауға  қонаққа 
шақырады. Сонда өздерінің уақытты қалай жақсы өткізгенің қүмай 
тазылармен қасқыр аулауға шыққандарын Әлекең жыр етіп айтып

отырушы  еді.
Мұқтар  Омарханұлы  Әлкейге  техникумды  бітірісімен  оқуын 
жалғастырып,  жоғары  білім  алуы  керек  екенің  Лениградта  оқуы 
керек  екенін  қай та-қай та  айтады,  оған  Герцен  атындағы 
пединститутке жолдама алып береді. Әлкей Мұқаңның айтқанын 

шын  жүрегімен  қуана  қабылдап,  1925  жылы  онымен  бірге 
Лениградқа  аттанады  да,  Шығыс  институтының  түркология 

факультетіне  түседі,  мүнда  оқумен  бірге  зерттеу жұмысымен  де 
шүғылданады,  шығармашылық  үйірмелерге  белсене  қатысады 
(ол  кезде  көптеген  оқу  орныдарында  студенттерді  ғылымға 
тартудың сюы әдісі кеңінен қолданылатын), Әлікей-аға бүл жерде 
де  көзге  түседі,  көп  үміт  күттіретін  жас  ғалым  ретінде,  оған 
профессорлар  назар  аудара  бастайды.
Әлкей  Хақанүлы   бар  ықылас-ынтасымен  тарихтың, 
филсхюфия мен өнердің объективті заңын білуге талпынады. Осы 

мақсатпен  ол  Ленинград  Мемлекеттік  Университетінің  тарих- 
филология  ф акультеті  мен  Өнер  институтының  арнаулы 
лекциялары мен сабақтарына қатынасады. Шығыс институтының 
соңғы  курстарында  ол  КСРО  FA-ның  архив  қорына  барып, 
Шоқанның әдеби мүрасын қүмарта зерттейді. Студент күндерінде 
бірқатар  аса  қызғылықты  археологиялық  экспедициялар 
жұмысына  қатысады.  Сөйтіп  Ә л кей -аға  жоғары  мектеп 
қабырғасында  жүрген  кезден-ақ  білім  қорын  молайтып,  нағыз 
^ хо й л ы  зерттеуші екенін танытады. Осының бәрі үшін ол тек Мүқаңа 
қарыздар екенін талай  рет айтқак
Өмір-тірлігінің  әр  алуан  кезеңдерінде  олар  достық  жүбын 
жазбай, бір-бірінен жәрдем-көмегін аямайды. Олар дүниетанымда 
да, қоғамдық және әдеби процестерді танып, оны бағалауда және 
болжауда  да  ой-пікірлері  бір  жерден  шығатын.  Олардың  қимас 
достығы  мен  өзара  қатынасы 40 жылға  созылып,  тек  1961  жылы 
Мүқаңның  қазынасынан  кейін  ғана  үзіледі.
Әлкей-аға өмірінің соңғы сәтіне дейін (1985) оған адал күйінде 
қалып,  Әуезовтың  ғалым  ретінде,  әдебиеттануды  дамытуда,
зз

процестерді  қорыта  танудың  айтулы
классигі
дәлелді  де  дәйекті  түрдв  жазумен  болды  және  оны  әрқашан
алғыспен  есіне
Әлкей-аға  творчестволық  ойдың  екінші  бір  алыбы,  аса 
некті  акын  (казак  өміоінің  Пушкині,  оны  әдвбиөттанушылар
Мағжан Жумабаевтың пікірлес
досы
тұрған
НКВД
Онымен
сенімсіз адам
қосылады  да,  қуғын-сүргінге  ушыраиды.  ионың  нәтижесінде  ^ол 
Ленинградта  аспирантурада  оқып  жүрген  кезд е),  Киров 
өлтірілгеннен  көйін  (1934  жылы)  қамауға  алынып,  бірнешө  ай 
түрмеде  отырады.  Оны  ауыр  азапқа  салады,  мәселен,  табаны 
мен  алақанынан  шапаттап урып,  сосын  пәлен сағат бойы зорлап 
тұрғызып  қояды.  Бір  күні  осындай  айуандықпен  жзсалғән  азап 
пен қорлықтан әбден титықтаған Әлекең өзін өзі өлтірмек болады, 
тамағын  орып  жібереді  (тегі,  пышағы  етпестеу  секілді),  абырой 
болғанда,  абақтылас  серіктері  оны  көріп  қалып,  ойға  алғанын 
ақырына дейін орындатпайды. Түрме дәрігері оны ажалдан әрең- 
әрең аман алып  қалады.  Әлекеңді жаңыннан көрген кісілер оның 
тамағының сол  жағында  содан  қалған  тыртьқ барын  байқайтын
да  еді.
бейне
контрреволюциялық қазақ ұлшылдық ұйымы бар екенін, олардың
пікірінше,
Мағжан  Жумабаев
табылатынын  айтып,  Әлкейге  соның  мүшесі  екенін  қайтсе  де 
мойындатқысы  келеді.  Ақырында оған  кеңеске  қарсы жүргізілген 
әрекет-қимылын  мойындататын  айыпты  таға  алмай,  1935 
жылдың  сәуірінде  Әлекеңді  босатып  жіберуге  мәжбүр  болады.
Әлкей-аға осы оқиғаны есіне алып айтуды мүлде унатпайтың 
менің білуімше, өмірбаян сипатындағы бірде-бір материалда бұл 
жәйт  ескерілмейді.  Осының  бәрін  ол  маған  1972  жылы  екеуміз 
Сарыағаш  курортында  бірге  болғанымызда,  бір  жаны  жадырап
ашитгяы  кртлр  пып 
р т і п
 
айтканм  бяп  епі.  Ол  ӨЗ  ӨМІОІНІК ОСЫ  6iD
34

ауыо  оқиғасының  елге  жайылып  көтуін  қаламағаң  сол  свбепті 
де мен тап осы күнге дейін оны ешкімге айтқан да, еш жерге жазған 
да жокпын.
Біреудің  ықпалына  түсіп,  қүбылып  отыру  оның  болмысына 
жат мінез еді, ол достыққа адал болуды қастерлейтін, уәдеге берік, 
принципті  мәселелерде  наным-сенімінен  айнымайтын,  әрбір 
қимыл-әрекетін  терең ойланып,  ақылмен  жасайтын  табанды  кісі 
болатын.  Мінез-құлқында  жылпостық  атымен  жоқ,  қулық  пен 
арамдықтан  жеркенетін.  Бала  сияқты  аңқау  еді.  Тұрмыста  одан 
дәрменсіз  кісі  болмайтын.  Кеңліне  дым  сақтамайды,  екпе- 
I   наразылықты  умытып  кетеді.  Сәтбаев  секілді,  есек-аяңға  мүлде 
назар аудармайтын, ал бос сылдыр сезге уақытын рәсуа етпейтін. 
Әлкей-ағаның  осындай  биік  адамгершілігін  далелдеу  үшін 
t  кептеген мысалдар мен фактілерді келтіруге болар еді.  Бірақ мен 
бір ғана  мысалмен  шектелейін.
1935  жылы  оны  түрмеден  босатқаннан  кейін,  НКВД-ніңоны 
сыртынан  бақылауы  мен  ізіне  түсіп  аңдуы  күшейе  түседі.  Оны 
езі  де  жақсы  біледі,  соған  қармастан,  ете  хауіпті  бір  тәуекелге 
‘ 
бел  байлайды  -  (Мағжанмен  кездескісі  келеді,  со  кезде  ол 
Петропавлда  (Қызылжар)  түратын,  педагогикалық  техникумда 
жүмыс  істейтін  - сезтану теориясы  пәнінен  сабақ  беретін).
Достыққа адалдығы,  Мағжанды жантәнімен жақсы керіп, оған 
берілгендігі  сондай,  ол  тебесінен  теніп  түрған  хауіп-қатерге, 
арадағы  шыңырауға  қарамайды.
1935  жылы  шілденің  екінші  жартысында  Петропавлда  қой 
шаруашылығы  совхоздары  трестінің  басқарушысы  болып  істеп 
/ /  жүрген менің ағам Риза Әлекеңнен телеграмма алды, онда Әлекең 
келетінін  хабарлапты,  бірақ  қашан  келетіні  нақты  керсетілмепті. 
Ағай  әрі  туысын,  әрі  бала  күндегі  досын  қарсы  алуға  шынымен 
әзірлене бастайды. Тап сол уақта мен жазғы каникулда жүргенмін
Арада бірнеше күн етті,  Әлекең келмеді,  басқа біреудің үйіне 
тоқтағаны на  күмәніміз  болмай  қалды.  Бір  күні  Әлекең 
шамадансыз,  ешбір  нәрсесіз  езі  келді.  Риза  одан  заттарының 
қайда екенін сұрады, ол бүдан екі күн бүрын келгенін, Мағжанның 
үйіне  тоқтағанын  айтты.  Ағам,  оған,  әрине,  екпе-назын  білдірді, 
Әлекең мен үшін сенен гері Мағжанның екпесі ауырырақ, онымен
35

емін-еркін  отырып,  армансыз  бір  сөйлесіп  шер  тарқатпақшы 
болдым,  көп  мәселелер  жөнінен  кеңесіп,  пікір  алыспақшы  едім, 
шын  мәнінде  мен  мұнда сол үшін  келдім деді.  Бір күнін ол бізбен 
бірге  өткізді.  Қаладан  кетерде  ол  менен  Мағжанға  баруымды 
сүрады,  мен  оған  сен  туралы  айттым,  жоғары  білім  алу  үшін 
тірліктің  тікенекті  тар  жолынан  өту  үшін  біздің  қанша  қиындық 
көріп,  сергелдеңге  түсетінімізді  білдірдім деді  ол.
Бір  аптадан  кейін  мен  ол  кісіге  бардым.  Басы  үлкең  жазық 
маңдайлы,  нығыз денелі, орта бойлы дембвлше екен, өз жасынан 
үлкенірек  көрінеді  (ол  кезде  42  жаста  болатын).  Осы  уақытқа 
дейін  ол  менің  көзіме  тал  со  қалпында  елестейді.  Мені  жылы 
жүзбөн жақсы қарсы алды, өзімен салыстырғанда, әлдөқайда жас 
екеніме  (айырмашылығымыз  19  жас),  жай-күйіміздің  өзгеше 
екеніне қарамастан, менімен тең адамша сәйлесті, маған кәдімгідей 
ықыласын  білдіріп,  сөзге  шаңырып,  ашылыл  емен-жарқын  ынта 
қойды.  Тірлік  жолында  кездескен  қатерлі  кездер  мен  шүғыл 
бұрылыстарды  көбірек  сұрады.  Мен  бәрін  тәптіштеп  айтыл 
бердім,  бірақ  имандай  шыным,  мүндай  үлкен  кісімен  байсалды 
әңгімеге  әзір  емес  едім,  сол  себепті  біраз  қысылыл  та  қалдым. 
Ол маған сәт салар тілеп,  көп жақсы сөздер айтты, әсіресе,  білім 
қоймасы  -  кәркем  әдебиетті  көбірек  оқуымды  баса  айтты,  ол 
кісінің  шын  мәдениетті,  ізгі  ларасат  иесі  болуына  көмектеседі 
дегенді  есіме  салды.  Қоштасарда  маған  әзінің  кітабын  жылы 
сөздер  жазып  сыйлады,  онда  ақынның  “Батыр  Баян”  атақты 
поэмасы бар еді. Бір өкінішті, қынжыларлық жәйт, (енді тіпті айтуға 
ұят  нәрсө  дөугө  де  болады)  мен  оны  1937  жылы  Абайдың, 
С үлтанм ахм үт  пен  Ж үсіпбектің,  қазақты ң  басқа  да  ұлы 
жазушыларының  туындыларымен  бірге  жойып  жібердім,  сонда 
ол  кіталтардың  менде  болуы  -  менің  "онша  сенімді  емөстігіме, 
соввтке қарсы  іс-әрөкөткө бөйім өкөндігімө” айқын дәлөл болады
деп  қорықтым.
Менің  Мағжанмен  бүл  кездесуім  бірінші  және  соңғы  кездесу 
болды,  Оның  өмірі  1937-ші  қасырет  жылында  үзілді.  Ол  қазақ 
халқы аттар'ын мақтан тұтатын ең жарық жүлдыздардың бірі еді, 
солардың есімі  арқылы біздің халқымыз,  әлемнің басынан  еткен 
(бай  тарихы  бар,  болаш ақта  адам зат  іс-әрекетінің  әмбе
36

саларында  кең  көлемде  гүлденіп  өсуінің  таңғажайы п 
мүмкіндіктеріне  қолы  жеткен  өркениетті  үлттардың  қатарына
қосылды  ғой.
Қазақта:  “жақсы  келді дегенше,  жарық келді десейші” - деген 
мақал  бар.  Баянауыл  топырағынан  шыққан  Сұлтанмахмүт, 
Мәшһүр  Жүсіп  пен  Диқан  Әбілев  көкірегінде  табиғи  талант  оты 
маздап  түрған  жарқын  жанды  кісілер.  Бүлардың  үшеуімен  де 
Әлкей  аға  тығыз  қарым-қатынас  жасаған  олар  өзара  алые  та 
болса  туыс  болып  келеді.  Әлекең  Сұлтанмахмүтты  тым  жоғары 
бағалайтың  дүниөге  көзқарасы,  қоғамдың  өмірдің  дамуын  жігі 
бақылап, ойша қорытып, оны көркем бейнелеуі жағынаң ақындық 
таланты  мен  шеберлігі,  тіл  байлыгы  жағынан  ол Абайдан  кейінгі 
биік түлға дейтін. Ол атақты қаламгермен талай рет дидарласқан. 
Олардың  соңғы  кездесуі  1919  жылы  болады.  Екеуі  үзақ 
әңгімелеседі.  Сол түста  Әлекең тек он  бес жаста  ғана  болса да, 
Сүлтанмахмұт онымен тең адамша сөйлеседі, оған қайткен күнде 
де  оқып,  білімін  тереңдете  түсуіне  және  гуманитарлық  ғылым 
биігіне  құлаш  сермеуге  кеңес береді,
Әлекең сол сияқты Мәшһүр Жүсіппен де жақсы таныс болған. 
Әлде неше рет жолығысып, үлы қарияның ақыл-кеңесін тыңдаған. 
Ұмытпасам,  1926  жылы  осынау  екі  жақсының  соңғы  кездесуін 
мен  өз  көзіммен  кердім.  Әлкей  аға  М.Кепеевтің  туған  халқының 
әдебиеті  мен  фольклорін,  тарихын  шексіз  көп  білетініне,  Шығыс 
елдерінің  тарихына  да  жетік  екеніне  күә  болған  кісі.  Ол  әйгілі 
ақыннан  Абылайхан,  Бүқар  жырау  жөнінде  қызықты  хикаялар 
тыңдап,  оның  түпсіз  тереңдігіне  қайран  қалады.  Әлекең  тіпті 
Мәшһүр Жүсіптің  1914— 15 жылдары  Бүқар жырау мекені  Қалың 
шоқыға  барып,  со  жақта  екі  жылдай  түрып,  абыз  жыраудың 
өлеңдерін  жинағанын,  оның  өмірін,  ел-жүрттың  жай-күйін 
зертегенін айтып отыратын.  Бүқар мұрасының толық жинағы осы 
уақытқа  дейін  со  Мәшекеңнің  қолжазбасынан  алынған  күйі 
басылып  келеді.  Әдебиет  зерттеуші  ғалымдар  мұны  әрдайым 
айтып  келеді.  Талапты  да  талантты  жастың  өмір  жолын  таңдап 
алуына данышпан  ақынмен  сөйлескені  кәдімгідей  эсер етеді.
Әлкей  аға Дихан  Әбілевпен  бала  күндерінен  бастап,  емірінің 
соңғы  сәттеріне  дейін  ұдайы  аралас-құралас  жүргең  бір-бірін
37

мейлінше  қурметтеп,  жақсы  көретін.  Оларды  қазақ әдебиеті  мен 
өнеріне деген көзқарасы  мен ой-пікірінің тым жақын, ортақ болып
келетіні  табыстырып  отырған.
Әлөкөң Д.Әбілөвтің Сұлтанмахмұт жәніндөгі трилогиясын аса
кәрнекті шығарма рөтіндв жоғары бағалайтың әсірөсө романның
тіліне  қатты  риза  еді,  сол  себепті  де  Диханның  көркем  сөздің 
айтулы шеберлері Әуезов, Мүсірвпов ізімен көле жатқанын айтып, 
оны мақтан түтушы еді. Ал өз тарапынан Дыхаң да Ә. Марғүланды 
аса көрнекті ғалым және түлға ретінде, ғыл^імға сіңірген еңбегінің 
өлшеусіз  молдығы  үшің  оны  Шоқан-Қаныштармен  қатар  қоятык 
Онымен  кездесу,  пікір  алысу  кісіні  рахатқа  бөлеп,  байытып 
тастайтын,  әдебиет  пен  қоғамдық  процестерді  дұрыс  түсініп, 
соларды  іштей  қорытып  отыруға  көмектесетін.  Олардың  өмір 
бойы  созылған  адал  өнегелі  достығы  Әлекең  дүние  салған  күні
—  1985 жылдың 12 қаңтарында үзілді. Ол осы уақытқа дейін жан
досын  есіне  алып,  қамығып  отырады.
Отызыншы жылдың күзінде  мен  оқу іздеп Ташкенге  бардым.
Әуелгі кезде маған жатақханадан орын тимеді де, мен Қазақ орман
техникумының  бауында  далаға  түнеп  жүрдім.  Әлекең  ол  кезде
Орта  Азия  мемлекеттік Университетінде  жумыс  істейтін.  Бойдақ
еді.  Қаланың  орталығында  бір  бәлмеде  тұратын.  Қазанның  бас
кезінде,  алғашқы  суық  ашық  аспан  астында  жату  мүмкіндігінен
айырған  кезде,  мен  Марғұланға  бардым.  Менің  қайда  түнеп
жүргенімді  білгеннен  кейің  өзіне  шақырды.  Онымен  бірге  немере
інісі  Әукеш  Рахметов  тұрады  екен.  Әукеш  Университеттің  су-
мелиоративгік  ф акультетінде,  мен  қоғамдық  ғылымдар
факультетінде оқитынмык Жатақханадан орын алғанша үшеуміз
бір  айдай  бірге  түрдық.  Әлкей-аға  жүмыстан  қараңғы  түсе
оралатын.  Өйтіп-бүйтіп  кешкі  асты  әзірлейміз де,  Әукеш  екеуміз
о қулықтарымызды  қарап,  ағаны  күтеміз.  Марғүлан  келісімен,
ш айға  отырамыз,  оған  студенттердің  нені  айтатынын,
Баянауылдан  нендей  хабар  келетінін  әңгімелеп  береміз.  Әлкей
ешқайсысымызды алаламай, екеумізге бірдей, зер сала қарайды,
туған  бауырындай  жылы  сөйлеседі.
Отыз  алтыншы  жылдың  күзінде  Марғүлан  Омбыға  келді,  ол 
кезде  мен  СИБАК-та  оқып  жатқанмын.  Омбыға  ол  өз  бетімен
38

Уәлиханов  ғүмырының  сібірлік  кезеңін  зерттеуге  келді.  Қимас: 
досым  Зияда  Шаңабаев  өкөуміздің  пәтерімізгө  Әлкей-аға  көлген 
кезде, біз қуанғаннан апыл-ғупыл іске кірістік.  Мен базарға жүгіріп 
барып,  Зияда  екеуміздің  қалған  ақшамызға  омбы  қазақтарынан 
қой  етін  сатып  алдым.  Сөйтіп  дастарқан  жайдың.  Келесі  күні 
ертеңгілік Марғұланды Шоқан тұрған үйге ертіп бардық.  Көшелер 
бүрышындағы  жартылай  цокольді  ағаш  үйде  өкі  семья  тұрады 
екен.  Үй  иелерінің  руқсатымен,  замандастарының  айтуынша, 
Шоқан түрды деген  белмеге  кірдік.  Әрине,  сонша жылдар  ішінде 
белменің  дүние-мүлкі  талай  рет  езгерген  шығар.  Шағын  ғана 
белме,  тебесі  аласа,  қабырғалары  ыстан?ан.  Әлекең  ішкі 
қалтасынан  дәптерін  алып,  он  минуттей  бірдеңені  жазды. 
Уәлихановтың үйінен шығып, ол оқыған кадет корпусына бардық. 
Кадет корпусының үйі —  қаланың со замандағы ең таңдаулы үйі 
болса  керек.  Ол  ашық  алаңда  ұзындығы  жүз  метрдей  жерге 
созылып  тур.  Үш   қабат  үйдің  дәл  ортасында  кіріп-шығатын 
жүмыс  есігі  тұр.  Одан  сәл  оңға  қарай  порталмен  әсемделген 

парадтық подьезд. Марғүлан осынау қалаға, есімін жаңғырту үшің 
езі  әдейі  іздеп  келген  бозымның  кезімен  қарағысы  келгендейің 
көпір  үстінде  біраз  түрды.  Бәлкім,  Шоқан  бүл  арамен  талай  рет 
жүрген  де  шығар.  Біз  еткен  ғасырда  қаланың  дәулетті-тектілері 
бас қосатын  қалалың бауға  бардың,  мүнда сез жоқ,  кадеттер де 
келіп  түрған.  Со  теңіректе  маңдайшаларына  шайханалар  мен 
буфеттер  аты  жазылған  көне  үйлер  сақталып  қалыпты.  парктің 
орталық  белігінен  біз  қисайып  қалған  ескі  сәкілер  мен  жазғы 
театрдың  сахнасын  кердік.
Қаланың  байырғы  түрғындарымен,  елке  тарихын  жақсы
білетін  кісілермен  сейлестік.  Осылай  сүрастырып  жүріп,
Шоқанның  Шонаев  деген  кісінің  үйінде  жиі-жиі  болып,  қарым-
қатынас  жасағанын  білдік.  Кел  ұзамай  Шонаевке  күйеу  бала
болып  келетін  Жанқонақов  деген  кісіні  таптық,  ол  жергілікті
техникумның  оқытушысы  екен.  Күллі  әңгіме-сезді,  деректерді
Әлкей-аға сол ескі дәптеріне түсіріп алады. Үйге қайтып келгесін
ол дәптеріне езі ғана түсінетін  белгілерді  қойып,  материалдарды
жүйелеп,  реттейді.  Кейде  тіпті  кешкі  асқа  шақырып,  келтіре 
алмайсың.
39

1935  жылы  материалдық  мәдениет  тарихының  мемлекеттік 
і
Академиясының  аспирантурасын  бітігеннен  кейін,  Орта  Азия 
|
мемлекеттік  Университетінде,  КСРО  ҒА-ның  Материалдың 
1
мәдөни  институтында  біраз  уақыт  қызмөт  іствгөсің  1938  жылы 
I
Қазақ  КСР  Халық  Комиссарлары  Кеңесінің  арнайы  шақыруы 
I
бойынша,  КСРО ҒА-сы филиалында жумыс іствугө көлөді. Содан 
I
бастап, ғүмырының соңғы күндеріне дейін (1985) Филиалда, Қазақ 
I
КСР  FA-ында табан  аулармастан  қызмет  істеп,  кең  мағнасында 
|
тарих және филология ғылымың әсіресе археологияны дамытуға 
|
орасан  зор  үлес  қосты;  түтас  бір ғылми  мектептің  негізін  салып, 
1 
көптеген ғалым-ізбасарларын даярлап шығарды. Өзі айналысқан
мамандықтар саласында тек туған республикасы  көлемінде ғана 
| 
емес, одан тыс жерлерде де кеңінен танылған абыройлы-беделді
тұлғаға  айналды. 
ж  I
Оның  ж ан-ж ақты   энциклопедиялы қ  білімінің  түңғиық
тереңдігінің тамыры Әлекеңнің шексізбілім құмарлығында жатыр.
Ол  қазақ  халқы  тарихының  жоғалып  кеткен  түстарының 
болмашы  бөлшектерін  құрастырып  қайта  жасайды.  Қоғамдық 
ғылымдардың  күллі  саласында  оның  назарынан  тыс  ештеңе 
| 
қалған  емес.  Абылай  хан  заманын  одан  артың  білетін  кісі 
| 
болмайтын,  ол  Әбілқайыр,  Кенесары,  Қасымхан  тарихын  терең 
зерттеп,  игерген еді, халқымыздың мәдени тарихын, өткенін одан 
жетік  білетін  кісі  жоқ.  Меніңше,  оның  шығармашылығының  мән- 
маңызын  Әлкей-ағаның  қаламынан  туған  монографиялар  мен 
мақалалардың санына қарап өлшеу әділдік болмайды. Халықтың 
рухани  мұрасын  қалпына  келтірудегі оның сіңірген  еңбегі ғылым 
шеңберінен  шығады  да,  жалпы  адамзаттың  мәнге  ие  болады. 
Оны  қаламгерлер  Марғүланның  көзі  тірісінде-ақ  жақсы  түсініп, 
академик ойының қанат қағысын қалт жібермей, қадағалап отырар 
еді.  Біздің  белгілі  жазушыларымыз  бен  ғалымдарымыздың 
көпшілігі Марғүланды шығармашылық зиягерлердің рухани атасы 
деп  білетін.  Республикадан  тыс  жерде  де  ол  бүкіл  ғұмырын 
арнаған  ғылымның  мән-маңызын  шырқау  биікке  көтергең  аты
әлемге  әйгілі ғалым  ретінде танылды.
Өмір  бойы  тындырған  ісім  аз  деп,  алаң  болумен  өткен
оқымысты жай-күй таңдамайтын Ал бірақ өзіне ақыл сүрай келген

кісілерден уақытын аяп көрген емес. Қожахмет Яссауи мазарының 
әлөмдік  мәдениет  үшін  қандай  мәні  бар  екенін  мен  со  кісіден 
білдім  Ол маған Абылай хан өмірінің ғажайып тарихын әңгімелей 
жөнелгенде қызғылықты  ертек тыңцағандай ұйып қалғаным бар. 
Онымен  сөйлесудің  өзі  бір  ғанибет  еді.  Әрбір  кездескен  сайын, 
өзімнің аз білетінім  есіме түсуші  еді.
1944 жылы КазФАН-ға жүмысқа ауысқаннан бастап, ол қашан 
көз жұмғанға дейін  академикпен  сырлас дос болдым.  Ол жиі-жиі 
алыс жерге  барып  қайтатын.  Оңаша  жүріп,  өзімен  өзі  терең ойға 
шомып  кетеді.  Соңғы  жылдары  ол  мені  бірге жүруге  шақыратын 
болды.  Ол  кісімен  екеуміз  Медеу  маңының  сай-саласын  түгел 
аралап  шықтық.  Бір  күні  Шымбүлақтан  қайтып  келе  жатып, 
Министрлер  Кеңесінің  үшінші  демалыс  үйіне  келіп  жеттік.  Аздап 
жүрек  жалғап  алмақшы  болдық.  Асханада  үзіліс  -  жабық  екен. 
Биллиард  шарының  дыбысын  естіп,  кім  қалай  ойнап  жатқанын 
көрмекші  болып,  ішке  кірдік.  Қарап  түру  ыңғайсыз,  бірдеңе  айту 
үшін балаң жігіттен: “Қарағым, атың кім?” - деп сүрадым. Ұмсынған 
күйі,  басын  көтерместен:  “Онда  жүмысың  болмасын!”  -  деп  гүж 
ете  қалды.  Әлкей-аға  мені  биллиард  бөлмесінен:  “Жүр  кеттік, 
әйтпесе  тағы  бердеңе  деп  арп  етер”  -  деп  қолымнан  жетелей 
жөнелді.  Дәлізде  кездескен  ескі  досымыз  Ілияс  Омаровқа 
әлдекімнің  балаларының  дерекілігін  айтып  едік.  Ол  қып-қызыл 
болып  кетті.  Марғұлан  басын  шайқады.  Біз  қалаға  келгенде 
демалыс  үйіндегі  кездесуге  бәрімізден  де  қатты  күйзелген 
Әлекеңнің езі болып  шықты.  Сарыағашта да талай  рет бірге дем 
алдық.  Мен  тағы да  құлағым  елеңдеп,  ағаның  әңгімесін  тыңдап, 
рахатқа  батамын.  Өз  әңгімесін  шын  ынта-ықыласпен 
тыңдағаныма  Әлекең  де  риза  секілді.  Бүл  арада  да  біз  іңір 
қараңғылығына дейін сейілдейміз. Жиі-жиі Ленин кеңшарына дейін 
барып  қайтамыз.  Біздің  бесіннен  кейін  ауыл  орталығына  дейін 
ұдайы  барып  тұрғанымызға  олар  да  дағдыланып,  бізді  ескі 
таныстарындай  қарсы  алатын  болды.  Бір  күні  ауылдағы 
шілдехана  үстінен  шықтық.  Үй  иелері  әй-шайға  келмей,  ішке 
кіргізіп,  дастарқан  басына  отырғызды.  Әлкей-ағадан  нәрестеге 
ат  қоюын  сұрады.  Баланың  есімін  үмытып  қалыппын.  Бірақ
41

академик қойған есім дәлдігімең әдемілігімөн тойдағы жұртқа түгвл
унады. 
-"'"1  •
Санаторийде  демалушылардың  көпшілігіне  ол  кісі  ұнай
бврмөйтін.  Соның  бәрі  ойшылдықтың  кесірінен.  Журт  оны,  осы 
кісі  не ақылдымсып  керіге береді,  не менмен болғасың  бейтаныс 
кісілермен  жылы  ушырасып  сейлеуді  бойына  мін  кереді  деп 
ойлайтын.  Мысалы,  асханада таңғы ас үстінде Әлекең кершісінің 
сейлескісі келіп қойған сауалына үн-түнсіз басын изегеннен басқа 
жауап  қатпайды.  Тағамын  асығыс  ішеді  fte,  белмесіне  жүмыс 
істеуге  кетіп  қалады.  Ал  о  кісіден  еткен  қарапайым,  жумсақ 
адамды  табудың  қиын  екенін  олардың  көбі  біле де  бермейтін.
Алпысыншы  жылдары  екі  марте  Карловы  Варыда  бірге 
болдық.  “Мәскеу”  санаториінде  Арам  Хачатурянмен  таныстық. 
Композитор бізге бірнеше  рет қонақ болды,  біз де оның неміріне 
барып тұрдық.  Армәндар ездерінің ұлы отандасын бул арада да 
үмытпады. Австрия мен Герман Федерациялық Республикасында 
туратын  қандастары  атақты  сазгерге  арнайы  келіп жатты.  Оның 
есігін жиі-жиі келіп қағып, дәліздегі қол бала гүл шоқтарын, коньяк 
әкеліп  тастап  кетеді.  Өз  халқының  адал  перзенті  -  Арам  Ильич 
жерлестерінің  құрметіне  ыразы  болып,  жаны  бір  түлеп  қалады. 
Композитор  да  сейлегеннен  гері  тыңдағанды  артық  санайды. 
Оның  аялы  кезінен  таңқалғаны  көрінеді  де  турады.  Ол  сез 
тыңцаған  кезде  бірдеңе  сұрағысы  келгендей  ерні томпайып,  кезі 
үлкейіп  кетеді.  Марғүлан  езінің кел-кесір  білімімен Арам  Ильичті 
қайран қалдырады. Екеуі де бір-бірімен сейлесуге қүмартып түрар 
еді.  Бір  күні  мен  су  ішуге  жалғыз  езім  келдім.  Композитор  шыны 
аяғымен  минералды  суды  сыздықтата  тартып  қойып,  серуендеп 
жүр  екен.  Мені  керісімен:  “Досыңыз  қайда  қалды?  Кеше  біздің 
әңгімеміз  бітпей  қалып  еді”  -  деп  сүрады.  Өмірінің  соңғы 
жылдарында  Марғүлан  менімен  серуендеуге  шықпайтын  болды, 
кәрілік  әл-дәрменен  айыра  бастаған  еді.  Біз  сирек  кездесетін 
болдық.  Әлкей-аға  пәтердің  қапырық  ауасын  суқаны  сүймейтін. 
Ол таза ауаға құмарды, сол себепті де түскі астан кейінгі тынысын
балконда  еткізуді  үнататын
Сексен  тертінші  жылдың  жазында  ауруханада  жатқан  оның 
көңлін  сүрап  барғанымда,  академиктің  жүзі  сынық  екенін
42


байкадым. Tағдыр оған жарты жылдай мерзім ғана қалдырған еді. 
I  Мен 
біртүрлі секем алып қалдым.  Оған өмірбаяныңызды кең етіп 
жазсаныз  қайтеді  -  деген  идеяны  айттым.  “Сіз  көпке  белгілі 

адамсыз.  Ал  халық  сіздің  қандай  кісі  екеніңізді 
әлі 
де  білмейді. 
!  Өзіңіздің көрген-білгеніңізді, бастан кешкеніңізді ортага салсаңыз, 
жұрттың  бәріне  бірдей  қызғылықты  дүние  болар  еді”.  Марғүлан 
жанданып  сала  берді:  “Соны  өзім  де  сан  рет  ойлап  едім",  - деді 

ол.  Бірақ  ауыр  науқас  оның  өз  өмірбаянын 
кең 
толғап,  кемел 
I  жазуына  мұрсат  бермеді.  Бірақ  оның  өмір  жолын  көркем 

баяндауға  кірісетін  бір  әдебиетші  табылса,  үлкен  суреткерге 
I  лайық тақырыпқа  тап  болады дел ойлаймын 

Сол  кездесуде  ол  маған  өзінің  ғылми  мұрасының  он  екі 
томдығын  шығарғысы  келетін ойын айтқан еді.  Со жолы ол өзінің 
иә Шоқан Уәлихановтың,  иә Мүқтар Әуезовтің қасында жатқысы 
келетін тілегін де білдірген  болатын 

Әлкей-аға  артына  қыруар  ғылми  еңбек  қалдырды,  оның 

ішінде,  әсіресе  Қазақстан  материалдық  мәдениетінің  тарихын 
білуде мән-маңызы орасан зор оннан аса монографияның авторы. 
Оның  ғылми  мұрасының  ішінен  өте  маңызды  іс  ретінде,  Шоқан 
I»  Уәлихановтың көлемді бес томдық шығармалар жинағын әзірлеп 
бастырған  еңбегін  айрықша  атал  өту  керек.  Бірнеше  қалада 
орналасқан  әр  алуан  мекемелердің  архивтерінде  шашырап 
жатқан  барша  материалды  іздел  тауып,  жинауға,  оларды  бір 
жүйеге түсіріл, ғылми қорыту, түсінік беруге, редакциялал баспаға 
әзірлеуге  Әлекеңнің  өлшеусіз  көл  еңбек  еткені  даусыз.  Оған 
ғалымның  он  жыл  уақыты  кеткенін  жақсы  білемін.  Соның 
арқасында  үлы  Шоқанның  шығармашылық  мүрасы  алғаш  рет 
халық  игілігіне  айналды  және  ол  тарихшылар  мен  ғылми 
жүртшылық  арасында  жоғары  бағаға  ие  болды.
Сол  сияқты  оның  тарих  пен  филологияның,  әсіресе 

материалдық  мәдениет тарихының  көлтеген  мәселелері жөнінен 
жинаған  материалдарды да үшан-теңіз.  Оларды өңдеп, жүйелеп 
қорытуға Әлекең үлгіре алмады, әрине осы бір игілікті істі тезірек 
қолға  алған дұрыс болар  еді.
1992  жылы  Қазақстан  Ғылым  Академиясының  қүрамында 
Археология институты ашылды, оған Әлкей-ағаның есімі әділетті 
түрде  беріліл,  ғалымның  аты  мәңгі  есте  қалдырылды.
I

Әлкей  Марғүланның  аса  бағалы  архивтік  бастаухаттану 
жөніндөгі  материалдары  мөн  ғылми  еңбөктерің сол  сияқты жәкв 
мүліктерін үйде ғалымның әке ісіне берілген ақылды қызы Дәнелі 
қастерлеп  сақтауда.  Ол  әке  мазарының  басына  оның  атына 
лайық тамаша ескерткіш-қүлпытас орнатты.  Бұл жөнінде ол ата- 
анасы соңғы сапарға аттанған балалардың қандай болуы керектігі
жөнінде  жақсы  үлгі  көрсетті.
Ол  сексен  бесінші  жылы  қаңтардың  бас  кезінде  қайтыс
болды.  Оның  қызының телефонмен  айтқан  хабары  мені  есімнен
айырды.  Сол  арада  әзіме  өзім  келе  алмай,  сілейіп  ұзақ  отырып
қалыппын.  Жалғаннан  тағы  бір  алып  адам  кетті.  Біздің  кімнен
айрылғанымызды  жүрт  қашан  түсінер  екен?  Мен  оның  тілегін
жөрлөуді ұйымдастыру жөніндвгі үкімөт комиссиясына жөткіздім.
Бірақ марқүмның соңғы ерік-тілегін орындату қолымнан  келмеді.
1994 ж.

К:  АҚЫ Ш ЕВ,
Тарих аылымының кандидаты, Қазақ ССР
Мөмлөкөгптік сыилы&ының лауреаты
А Р Х Е О Л О Г И Я   А ТА С Ы
Академик Әлкей Марғүланның ғылымға сіиіргөн еңбегі қыэьіқ 
кітаптың айқарма бөті сияқты  Осы кітап уақыт озған сайын қуны 
өселей артып,  голғанта илаидыра бермек  Оиын сыры,  меніңше 
Әлөкеңнін алуан  ғылым  саласын  тоғыстыра  тереңнен ой  толғай
алатынында
Әлкей  Хақанүлына  етене  жақын  ғылым  саласынын  бірі  -  
хапқымыздың  көне  мәдениетінін  тарихы,  археология
Архөологияға қазақтың көне дәуір мен орта гасырдағы жазба 
ескерткіштерін жетік білген ғалымға бір нәрсе айдай анық болғак 
ол  — тасқа  түскен  тарихы  әлі  белгісіз,  өткені  жөніндегі  там-түм 
мәдениет  шашырап  жүрген  тұтас  этникапық  қауымның  шежіре- 
гарихын  археологиялық  қазба  жумыстары  аркылы  гана  бір 
арнада тоғыстыру мүмкін. Бугінгі таңда әнеркәсіп потенциапының 
әсуі  геология  ғылымына  қандай  қатысты  болса.  Қазақстанның 
бірегей тарихын жасаудағы археологияның маңызы да шамамен 
осыған  саяды.
Бір  кезде  мундай  ой  түйіні  Ш оқан  мен  Қаныш  Сәтпаевты 
археологиямен  шүқшия  айналасуға  әкелгенін  білеміз,  Зерделі 
Марғүлан  мүны  уақыт  саралатып  болса  да.  өзінің  ғалымдық, 
адамгершілік  қайрат-жігерлігімен  кәміл  уққан.  Тегінде  Әлкей 
Хақанұлын  жоғарыдағы  қос  заңғардың  түлғалы  ізбасары  атап 
жүргеніміз де, түптеп келгенде. галымның осындай кәрегендігі мен 
қары м ды лы ғы нда  ж атса  керек  Ол  1926-1927  жы лдары  
Лен иград 
та 
оқып 
жүріп,  академик А.Е,  Ферсман  мен  профессор 
С И.  Руденко 
бастаған СССР Ғылым академиясының  Қазақстан 
мен 
Алтайдың  ендіргіш  күштерін,  халқын  зерттеуге  арналған 
экспедициясына  қатынасты,  адайлар  мен  наймандардың  әдет- 
ғүрпын 
түрмысы  мен өнерін зерттеді.
Қы ры қ  жылға  таяу  уақы т  ғалым  О рталы қ  Қазақстанды 
зерттеп  келеді. 
Әлкей  Хақанулы  басқарған  экспедициялардың

территория/!ық  қамтуы  батысында  —  Ембі-С ағы з  әйеті, 
шығысында -  Ертіс, Қалба, шаарынмен өлшенеді. Сондай-ақ және 
мәдени  мұралардың  зерттелу  аясы  да  ауқымды.  Экспедиция 
тауып,  зерттеген  архитектуралық,  археологиялық  қолға  жетпес 
мүралардың  қалалары нда  неолит  және  энеолит  дәуірінің 
қалдықтары,  андронов,  Беғазы-Дандыбай  мәдениетіне  жататын 
мекендер  мен  қабірлер  бар.  Тас  таңбалар  мен  сынтас,  балбал 
тастар,  орта  ғасырлық  керуен  жолдар  мен  және  су  жүйелері, 
XIII-XIV  ғасырдың  мавзолей  ескерткіштері,  одан  берідегі  қазақ 
күмбездері -  ғалым  бастаған  топ зерттеген ұлан-ғайыр  мүраның
толық емес тізімі  осындай. 
4
Әдеби,  жазба  мұрамызда  Дешті-Қы пшақты ң  жауынгер
тайпалары  дүбірлеткен  Қарасуды ң  солтүстік  сәлеміндегі 
қалалардан  Қүмкент  пен  Саудакент  аты  ғана  кездесетін. 
Ә.  Марғүлан еңбегі арқасында осы еңірдегі Тарсатебе,  Баба-ата, 
Ақсүмбе қала орындары да егжей-тегжейлі зерттеле келіп, ізденіс 
ауқымы  қаратаудың осы  сілемі  тізбегінде  молынан ұшырасатын 
екі  қорғаң  көне  су  жүйелерін  қуалай  отырып,  Сарысу,  Кеңгір 
өзендері  бойына,  Ұлытау  алқымына,  одан  Нұра  езенінің теменгі 
сағасына  ойысты.  Осымен  түстас  Шу  езені  бойынан  табылған 
Төртқүл,  Үлкен  Ақтебе,  Аяқ  Ақтөбе,  Бала  Ақтебе  қосерім 
зерттеліп,  ғалым  қолына  түйінді  бір  пікірдің  тізгінін  үстатты.  Ол 
тұжырым  қазақтың  отырықшы  өмірі  оңтүстікте,  Талас,  Шу 
бойында ғана өркендеді деген ескі тұжырымды түбірімен өзгертіп, 
отырықшы  мен  көшпеліліктің  табиғи  тамырластығын  дәлелдеді.
Ә.  Марғұланның  алпысыншы  жылдары  қола,  темір  дәуірі 
ескерткіш іне  қазба  жүмыстарын  жүргізіп,  тел егей -тең із 
жаңалықтар ашып, тұтас концепциялар енгізуі — ғалымның тарих 
үшін  істеген  ерен  істерінің  санатынан  бекем  орын  алады.  Бүдан 
3000-3500 жыл  бүрын  Орталық Қазақстанда түсті  металдың бай 
қорын  пайдалану  нәтижесінде  палеометалл  мәдениетін  шын 
мәнінде  өркендеткен  әргелі  орталық  болғандығын  дәлелдеу 
алпысыншы  жылдардың  іргелі  ғылыми  жаңалықтарының  біріне
айналды.
Ғалым  бүгінгі  Жезқазған,  Успен,  Саяқ,  Атасу,  Степняк  кен 
орындарының  заманның  бозқырау  шағында-ақ  ата-бабамызға
46

металлургия  ошағы  ретінде  қызмет  жасағанын  байламды 
түйіһ.цермен  ашып  көрсетті.
Бұл  жаңалық  еңбегі  үшін  Әлекең  бастаған  бір  топ  ғалымға 
1967  жьілы  Қазақ  ССР  Мемлекеттік  сыйлығы  берілді.
Әлекең  халық  үшін,  ғылым  үшін  археология  саласында 
ғаламат  еңбекқорлықлен,  ғибрат  боларлық  талғампаздықпен 
жасаған  еңбекті  қысқаша  шолып  өткеннің  өзінде,  сексенге  келіп 
өнеге таратып отырған парасатты ғалым, үлкен адамның бейнесін
қапысыз  танимыз.
1984 ж

М.  М ЕҢ Д ІҚҰЛО В ,
СССР Құрылыс жене архитектура академиясының 
корреспондент-мушесі, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген
архитекторы, профессор.
КӨНЕ ДӘУІРДІҢ КӨРІПКЕЛІ
Әлкей  Хақанүлы  Марғүланның  көп  қырлы  еңбек  жолының 
ішінде  Қазақстан  архитектурасы  тарихын  зерттеу  еңбектері  өз 
алдына  бір  төбе.  Бүл  жолда  Әлекең  ІІІығыс  зерттеушілері
В.В.  Бартольд,  А.Ю.  Якубовский,  М.Е.  Массон  сияқты  айтулы 
ғалымдардың  жолын  үстана  жүріп,  қазақ  халқының  тарихы, 
мәдениеті  мен  өнері  жайында  арналы  ой  өрбіте  білді.  Әсіресе, 
Қазақстанның ежелгі тарихы және ортағасырлық архитектуралық 
өнері туралы  тың да тегеурінді  ой орнықтырды.  Бұған Әлекеңнің 
1950 жылы жарық көрген “Ежелгі Қазақстандағы қалалар тарихы 
мөн  құрылыс искусствосы” атты  кітабы толық айғақ бола алады.
Әлкей  Хақанұлы  өзінің  ауқымы  кең  зерттеу  материалына 
А.Н.  Бернштам  мен  С.П.  Толстовтың  археологиялық  қызба 
жұмыстары  мен  өзі  тікелей  жүргізген  археологиялық  зерттеулері 
нәтижесінде Қазақстандағы ежелгі қапалар мен елді мекендердің 
пайда  болуына  шаруашылықтың  екі  түрі  негіз  болды  деген  ой 
түйеді.  Олар  -   көшпелі  мал  шаруашылығы  және  суармалы
егіншілік.
Орталық  Қазақстан  аймағында  Әлекеңнің  басшылымен 
жасалған  экспедициялар тарихта  бүрын  ақтаңдық болып  келген 
көне  дәуірдің  сырын  ашты.
Әлкей  Хақанүлының  қүрылыс  архитектурасын  жан-жақты 
зерттеуіне  жүгінсек,  ежелгі  қүрылыстардың дені,  әсіресе  белгілі 
бейіттер  тас,  ағаш  ұстындармен  түрғызылып,  бағандармен 
жабылғанын  көреміз.  Бүған  Ақсу-Аюлы  мен  Дандыбай  бөйіті 
толық дәлөл  Әрине  мұндай  өзіндік  қүрылыс  архитвктурасы  сол 
жердің,  сол  аймақтың  өзіне  ғана  тән,  өзімен  ғана  шектеліп 
қалмағак  Өйткені  бүл  құрылыстар  жобасы  біздің  заманымызға 
дейінгі  Х І-Ү ІІІ  қола,  Ү ІІ-Ү І  темір  ғасырларына  -   төменгі  Сыр 
бойындағы  қүрылыстарға  жетелейді.
48

Сондай-ақ Әлекең соңғы он жылдан астам уақыт ішінде Қазақ 
Совет  Энциклопедиясы  бетінде  Қазақстан  архитектурасының 
ежелгі тарихи астарын ашып беретін қыруар еңбек сіңірді. Мұндай 
терең зерттелген материалдар ғылым үшін бағыт-бағдар, келешек 
ұрпақ үшін  үлкен  мүра  болып  қала  бермек.
1984 ж.
49

Қ.  ТЕЛЖАНОВ,
СССР халық суретшісі, СССР Көркемсурет
академиясыныңкорреспондент-мүшесі,
Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлыеының
Лауреаты, профессор.
ДАЛА  ДАНЫШПАНЫ
Әлкей Хақанұлы  Марғүлан  өзінің бүйнгі  қуанышы  мол  еңбек 
жолын  мұнан  58  жыл  бүрын,  1926  жылы,  22  жасында  түңғыш
ғылыми  экспедициясымен  бастап  еді.
Оның 
1925-1931 
жылдары  Ленинград  Шығыстану 
институтында, Лениград Мемлекеттік университетінің шығыстану 
бөлімінде,  искусство  тарихы  институтында  лекция  тыңдауы 
келешек энциклопедист ғалымның тұнық бүлағының көзін ашты, 
болаш ағы на  бағыт  сілтеп,  ж ан-ж ақты   білім  саласымен 
қарулануының  кезі  болды.  Сондықтан  да  болар,  бүгінгі  өскелең 
Қазақстандағы  ғылым  саласын  Марғүланның  есімінсіз  елестету
қиын. 
9
Әлекең  археолог,  этнограф,  тарихшы,  әдебиетші,  сонымен
қатар  өнер  зерттеушісі  десек,  соның  ішінде  Қазақстандағы 
бейнелеу енері,  Қазақстан архитектурасы Әлекең есімімен тығыз 
байланысты.
Бүл  ретте  Ә лекеңнің  “О рта  ғасырдағы  Қазақстан 
қалаларының  мәдениеті"  атты  монографиясы  еріксіз  еске 
оралады. Бүл еңбегінде ғалым тарихи оқиғаларды терең зерттеп, 
сарапқа  сала  отырып,  жаугерш ілік  кезінде  құрып  кеткен 
ортағасырлық  Отырар,  Сауран  және  Сығанақ  қалаларының
мәдениеті  мен өнерін ортаға салады. 
1
Бүкіл жүртшылық Ә.Х. Марғүланның "Орталық Қазақстанның 
Беғазы-Дандыбай  мәдениетін"  оқу  арқылы  біздің  дәуірімізге 
дейінгі  II  ғасырдың  аяғы  I  ғасырдың  басындағы  ата- 
бабаларымыздың мәдениетімең өнерімең некрополімең мовзолей 
қүрылыстарымен  таныса  алды.  Әлекең  бүл  кезеңді  үлкен 
білімдарлықпен  зерттеп,  әсіресе  ескінің  көзі  -   ескерткіштерге, 
суландыру  мен  сол  кездегі  жалпы  шаруашылыққа,  құрылыс
50

өнеріне жіті көңіл бөлді, әсіресе Орта Азия мен Қазақстанның сол 
кездегі  қарым-қатынасын  ашып  берді.
Әлекең  қай  ғылым  саласынан  да  құралақан  емес  деп 
жоғарыда  айттық.  Соның  ішінде  искусство  саласы  да  ол  кісінің 
назарынан  тыс  қалған  жоқ.  Оның  қаламынан  туған  “Ежелгі  сақ, 
ғүң үйсін өнері",  “Ежелгі түркі искусствосы” атты еңбектері соның 
айғағы.  Ал  тастағы  таңбаларды,  қазақтың  киіз  үй  құрылысын 
зерттеуі — оның білгірлігінің жарқын бір айғағы,  әрбір түжырымы — 
1  келешек  ғалымдардың  зерттеу  еңбектеріне  жетекші  құрал 
іспеттес.
Әлекеңнің  жан-жақты  баға  жетпес  қыруар  еңбектерін  еске 
алсам,  кез  алдыма  балбал  тасты  үшы-қиыры  жоқ  қазақтың 
байтақ  даласы,  өзіндік  архитектуралы қ  құрылысқа  бай 
I  қалалары,  Әлекеңнің  еңбегі  арқасында  шешуін  тауып,  бүгінде 
көкіректе  сайрап  тұрған  қыруар  жұмбақ  сырлары  елестейді.

1984 ж.
51

У.  Ш АЛЕКЕНОВ,
тарих әылымының докторы, профессор.
ҮЛАҒАТТЫ  ҰСТАЗ
Дарынды  Совет  ғалымы  Әлкей  Хақанулы  Марғүланның 
үстаздық  қыры  кім-кімді  де  мол  ғибратымең  көшпелі  парасат- 
пайымымен тәнті етеді.  Бүгінгі сан тарау болып өріс алған тарих, 
этнография,  археология,  фольклористика,  архитектура  мен  қол 
енер тарихы  сияқты ғылым салаларында Әлекеңнің де өзіндік ізі 
сайрап жатыр.  Әсіресе,  сол салаларда танымал болған ондаған, 
тіптен  жүздеген  ғалымдар  Әлекеңнің  алдын  көріп,  ұлағатты 
ойларынан  сусындағаны  анық. 
Я
Әлкей  Хақанүлымен  1960  жылы  бірінші  рет  кездестім.  Ол 
кезде Амударияның төменгі алқаптарын мекендеген қазақтардың 
тарихын және этнографиясын  зерттеу үстінде  едім.  Бұл түрғыда 
көптеген қиыншылықтарға кездесіп, қиналып жүрген кезім болатын 
Әлекең  үстаздық  бейіл  танытып,  жылы  қабылдады.  Қыруар 
сүрақтарыма  жауап  беріп,  оны  толықтыра  түсу  үшін  қосымша 
әдебиеттер көрсетті. Сонан кейін-ақ Әлекеңнен қол үзгім келмеді.
1967 жылы жоғарыдағы тақырыптан докторлық диссертация 
қорғағанда,  Әлекең ресми  оппонент болған еді. 
I
1967  жылы  Әлекең  бір  сезінде:  “Дүниені  шарлап  жүріп,  осы  і 
кезге дейін  Хорезм  жерін  көрмеппін”,  - деген  еді.  Ал  бүл  арманы 
орындалып,  ертедегі  Хорезм  мемлекетінің  астаналары  болған  ] 
Топы рақ  қаланы ,  Киятты  және  Үр ген іш ті,  Хиуаны  көріп 
тамашалаған,  өзбек,  қарақалпақ, түрікмен ғалымдарымен бүрын 
көрмеген көне қалалар туралы ол кісінің көп білетін ғүламалығына  - 
таң  қалдым. 
Я
Әлекеңмен  археологиялық  жкспедицияларда  бірге  болып,  | 
түзде жүріп те жұмыс істедік.  Әсіресе,  1973 жылы  шілде айында  ? 
Шымкенттен  шығып,  Қаратаудың  батыс  етегін  жағалап,  Созақ 
ауданындағы Шолаққорғанның үстімен Бетпақдаланы басып өтіп,  ; 
Жезқазған  қаласында  болып,  Ұлытауға  барып  археологиялық 
зерттеу  жүмыстарын  жүргізгенде  Әлекеңнің  бүл  өлкенің  ойы-
52

қырын, ескісі мен жаңасың 
т і п т і
 
ауылдары мен адамдарын да жете 
біліп,  жыға  танитындығына  қайран  қалдым.  Әсіресе  Әлекеңнің 
Бетпақдала  мен  Сарыарқадағы  көне естеліктердің сырын ашып, 
оларды ертек етіп, түнімен әңгімелегені еш есімнен кетпейді. Осы 
сапарымызда  мен  Бетпақдаладағы  Таңбалытас,  Сарыарқадағы 
көненің көздерің  Ұлытаудағы Жошыханның күмбезі,  Ханордасы, 
Едіге  тауы  т.б.  ескерткіштерін  көріп,  бұлар  жөнінде  Әлекеңнен 
көп  мағлұмат  алдым.
Осыдан  он  жыл  бұрын  университетінің  тарих  факультетінің 
археология  және  этнография  кафедрасы  Жамбыл  облысының 
Шу  ауданындағы  “Калинин”  колхозының  жеріне  орналасқан 
ортағасырлық  Ақтөбе  қаласының  орнына  жүргізілген  алғашқы 
барлау  экспедициясы  да  Әлекеңнің  ақылымен  істелген  жұмыс 
еді. Ал қазір бул жер университет студенттерінің практика өтетін 
турақты  орнына  айнапды.
“Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар" десек, Әлекең бүгінгі 
таңдағы  тарих,  археолоия,  этнография,  фольклористика  сияқты 
ғылым  салаларының  Советтік  Қазақстандағы   алғашқы 
қарлығаштарының бірі  ғана  емес,  сол  салада жемісті  еңбек етіп 
жүрген  талай  ғалымдарымыздың  үлағатты  үстазы  да.
1984 ж

А.  Ә Б Д ІРА ХМ А  НОВ,
филология әылымының кандидаты.
СЫРЫ  МОЛ  САРДАР
Топонимика  -   жер-су  аттарының  шығуы,  дамуы,  лексика- 
семантикалық мағынасы, лексика-грамматикалық қурылысы, ана 
тілінде және басқа тілдерде дүрыс жазылуы т.б.  проблемаларын 
зерттеуге  арналған  ғылым  саласы.  Ол  со^ғы  25-30  жыл  ішінде 
география,  тарих  және  тіл  білімі  ғылымдарының  түйіспесінде 
дербес ғылым тармағы  ретінде дамып  келеді.  Осы  орайда туған 
ж ердің  төріндегі  ш еж іре  атаул ар ға  ден  қойып,  ғылыми 
түжырымдарға  түғыр  етуде  академик  Әлкей  Марғүланның 
тамаша дәлелдері  назар  аударарлық.
Орталық  және  Солтүстік  Қазақстанның  көне  мәдениетін 
қажымай-талмай  зерттеп  келе  жатқан  Әлекең  1979  жылы 
“Орталық  Қазақстанның  Беғазы-Дандыбай  мәдениеті”  атты 
көлемді  еңбек  шығарды.  Бүдан  бүрынғы  зерттеулерін 
қорытындылап жазған бұл еңбегінде автор сонау қола заманында 
осы  өлкені  көне тайпалар  мекендегенін және  орта  қола дәуірінен 
Беғазы -Данды бай  және  орта  мәдениеті  өрбіп  шыққанын 
дәлелдеді.  Екінші  сөзбен  айтқанда,  Орталық  Қазақстан  бос 
жатқан  дала  емес,  онда  өз  мәдениеті  бар  отырықшы  тайпапар 
мекендегенін  аны қтады .  Ә лекең  бүл  пікірін  дәлелдеуге 
археологиялық материалдармен қатар топонимикалық деректерді 
де  орынды  пайдаланды.
Ә.  Марғүланның зерттеулеріне  қарағанда жартылай  көшпелі 
тайпалардың  түрмысында  отырықшылықтан  бүрын  күйме  арба 
үлкен  роль  атқарған.  мүндай  күйме  арбаға  бес,  не  одан  көп  өгіз 
жегілетін  болған.  Күйме  арбаның  үстіндегі  үйдің  қабырғалары 
ағаштан  жасалып,  оның  сырты  киізбен  қапталған.  Ал  ауқатты 
адамдар киіздің сыртынан жібек жапқак Төбесінде жарық түсетін 
және  түтін  шығатын  шаңырағы  болған.  Мүндай  күйме  арбаның 
қүрылысы  кейінгі  дәуірлерде  тұрғын  үй  салуға  үлгі  болып  еді. 
Көне  тайпалар  түрмысындағы  күйме  арбалардың  көрінісі 
мынадай жер-су аттарында сақталған Қаңқа (Сырдария бойында,
54

көне  арбаның  аты),  Тоғанастың  тоқсан  екі  күймесі  (Нұра  өзені 
бойында),  Орда-қонған  (Ұлытауда)  т.б.  Сөйтіп,  автор  қазақ 
халқының ертедегі  өміріндегі  күйме  арбаның  атқарған  қызметің 
оның  жер-су  аттарында  сақталуы  арқылы  дәлелдеді.
Ә.  Марғулан  Орталық  Қазақстанда  орта  ғасырлардағы 
тайпалар,  әсіресе  қы пшақтар  отырықшы  және  жартылай 
отырықшы  турмыста  болғандығын  дәлелдеу  үшін  мынадай 
топонимикалық деректерге сүйенді. Ұлытаудан басталып, Торғай 
дапасында ағатын бір өзен аты  Шығырлы дел аталады екен.  Бұл 
атау егістікті суаратын “шығыр” сөзінен алынғак Мұндай шығырлар 
Торғай,  Кеңгір,  Сарысу  және  Нұра  өзендерінің  бойында  көптеп 
кездескен  Сол  сияқты  Орталық  Қазақстанда  көң,  жүрт,  қорық, 
қыстақ,  кент,  орда  деген  географиялық  терминдер  осы  күйінде 
де, жер-су аттарының қүрамында да жиі  кездеседі.  Бүл  сөздер -  
отырықшылықты  сипаттайтын терминдер.  Мәселен,  Целиноград 
облысында  Жақсы  Көң,  Жаман  Көң деген  өзен  аттары  бар.  Кең 
сөзі  жергілікті  тұрғындарда  “жұрт",  “қыстақ”,  “орын”  деген 
мағынада  қолданылады.  Мысалы,  “Үлебайдың  көңі”  деген  сөз 
тіркесі  “Үлебайдың жүрты,  орны”  дегенді  білдіреді.  Ал  жүрт сөзі 
бұрын ед  аймақ дегенді  білдірсе,  кейін  “қоныс”,  “қыстақ”,  “орын” 
деген  мағынада  қолданылатын болды.  Автор осы  сияқты  қорық, 
қыстақ,  кент,  орда  терминдеріне  талдау  жасай  келіп,  бүл 
сөздердің  отырықшылыққа  байланысты  екенін  анықтады.
Туған  дала  төсіне  тарихтың  шежіресіндей  үңіліл,  тереңнен 
сыртарта Әлекең Қазақстандағы география ғылымының дамуына 
да салмақты  үлес қосқан  ғалым.  Әсіресе,  қазақша  карталардың 
жасалуына  қосқан  үлесі  зор.  Қадірменді  ғалымның  бүл  да  бір 
ұлағатты  қыры  болса  керек.
1984 ж

Халел  АРҒЫНБАЕВ,
тарих аылымының докторы, профессор
ЗАМАНЫМЫЗДЫҢ  ЗАҢҒАР  ҒҰЛАМАСЫ
Академик  Әлкей  Хақанулы  Марғүлан  (1904-1985)  қазақ 
халқының  бүрын-соңды  өмірден  өткен  заңғар  ғүламаларының 
бірегейі  еді.  Үстіміздегі  ғасырдың  басында  Баянауыл  өңірінде 
дүниеге  келген.  Ол  алғашқы  кезде  Баян^уылда,  кейін  Керекуде 
оқуда  болып,  мүғалімдік  мамандық  алды.  Одан  соң  Семейдегі 
педтехникумды  1925 жылы  тәмәмдап,  сол жылы  Ленинградтағы 
Шығыстану  институтының  филология  факультетіне  оқуға  түсті.
Институтта  оқып  жүріп,  ол  Лениград  университеті  мен  Өнер 
тарихы  инстутында  да  дәрістер  тыңдады.  Ә.  Марғүланның 
үстаздарының  қатарында  көптеген  белгілі  ғүламалар  болды. 
Оның  ішінде  әсіресе  академиктер:  В.  Бартольд,  С.  Ольденбург, 
Ю. Крачковский, М. Марр, А. Самойлович, В. Струве, В. Владимирцев 
сияқты ғүламапар болашақ ғалымның жан-жақты, түбегейлі терең 
білім  алуына  жол  ашты.  Институттан  кейін  Ленинградтағы 
Мемлекеттік  материалдық  мәдениет  тарихы  академиясының 
аспирантурасын  бітірген  Ә.  Марғүлан  ете  қиын  да  қызықты 
“Хандар  жарлығы”  атты  тақытыпта  кандидаттық  диссертация 
қорғады.  Шын  мәнінде,  бүл  зерттеу  қыпшақтардың  жазба 
ескерткіштерін  зерттеудің алғашқы бастамасы  болатын  Қыпшақ 
проблемасы тек қазақ халқының этникалық тарихымен ғана емес, 
сонымен  бірге  Орталы қ  Азия,  Оңтүстік-Шығыс  Еуропаны 
мекендейтін  көптеген  түркі  тілдес  халықтардың  тарихымен  де 
тығыз байланыстылығы баршаға аян Олай болса Ә. Марғұланның 
және  оның  шәкірттерінің  қыпшақтар  туралы  зерттеулерінің 
Еуразияның  басқа  да  көптеген  халықтарының  тарихына  бірдей 
қатысы  бар.
Ә.  М арғүлан  -   қа за қ  халқының  этникалы қ  тарихын, 
материалдық және рухани мәдениетін ғылыми түрғыда өте терең 
және  кең  ауқы мда  зерттеген  үлкен  ғүлам а.  Бүған  оның 
Ленинградта  оқыған  кезінде  түрлі  ғылымдар  саласын  жете 
меңгеріп, лингвистика,  филология,  енер,  тарих,  археология жэне
56

этнография  пәндерінен  ойына  тоқыған  қыруар  білім,  таным 
қорларының  молдығы  көмектескендігі  сөзсіз.  Осы  ойымызға 
бултартпас  дәлел  болғандай  Ә.  Марғүлан  тұлғасына  берілген 
асқақ  бағаны  біз  академик  А.Н.  Кононовтың  Әлкеңе  жіберген 
құттықтауынан  оқыдық:  “Менің  есіме  Лениградтың  Шығыстану 
институтында  бірге  өткізген  ең  бір  қымбатты  күндеріміз  түсіп 
отыр. Сіз сол кездердің өзінде-ақ байсалыдылықтың қол жетпес 
үлгісіндей  болып  көрінуш і  едіңіз.  Шығыстың  тылсым 
жұмбақтарына қызыға ден  қойған біздер үшін  Сіз сол шығыстың 
өзі сияқты,  немесе  біздің бақытымызға тап  болған  шығыс кеніші 
сияқты  көрінуші едіңіз”, - деп толғайды әйгілі ғалым.
Қырқыншы  жылдардың  басынан  бастап  ғалым  көне  жазба 
ескерткіштерді  және  қазақ  халқының  рухани  мәдениетін, 
фольклорын  жан-жақты  зерттеумен  бірге  қазақ  жеріндегі 
археологиялық  ескерткіштер  комплексін  іздестіру  және  зерттеу 
ісін алғашқылардың бірі болып қолға алды. Әлкей Хақанұлының 
тікелей  басшылығымен  Қазақстанның  түкпір-түкпіріне  бірнеше 
археологиялық 
және 
этнограф иялық 
экспедициялар 
үйымдастырылып,  республика  жерінде  көне  мәдениет  іздерінің 
бар  екені  анықталды.  Бүрынғы  көп  зерттеушілер  мен 
саяхатшылардың  Қазақстан жерін ежелден  бері  кешпенділердің 
көп  жолдары  ғана  айғыздайтын  қүлазыған  қүба  жон  дейтін  ой- 
пікірлердің  біржақты  екендігі  дәлелденді.  Қазақстан  жерінде 
дамыған  кене  мәдениеттің  әр  түрлі  жағдайларға  байланысты 
жойылып,  орнын  қүм  басқандығы  ғылыми түрғыдан анықталды. 
Оңтүстік Қазақстандағы Сыр, Таласжәне Шу өзендерінің бойынан 
көне  қала  мәдениетінің  іздері  ашылды,  Отырар,  Тараз,  Сайрам 
ХІжәне  Сығанақ  қалаларында  археологиялық  қазба  жүмыстарын 
жүргізумен бірге саналуан аңыз-әңгімелер, ертегілер мен эпикалық 
жырлар нүсқаларын жинап,  қазақтың материалдық және рухани
мәдениетін  зерттеумен де жіті  шүғылданды.
Қазақ халқының мәдениет тарихы жайында жүргізген сан қилы 
зерттеулерінің  нәтижесінде  ол  1946  жылы  қазақ  халқының 
этникалық  жырлары  женінде  докторлық  диссертациясын 
қорғады,  бірнеше  ғылыми  еңбектер  жазды.  1946  жылы  КСРО 
Ғылым  академиясының  Қазақ  филиалы  Қазақ  КСР  Ғылым
57

академиясына  айналды  да,  республиканың  көрнекті  ғалымы 
Ә.  Марғұлан  оның  корреспондент-мүшесі,  ал  1958 жылы  толық 
мүшесі  болып  сайланды.  1960  жылы  оған  профессор  атағы 
берілді. 
Ш |
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы ғалымның ғылыми- 
зерттеулері  бүған  дейін  беймәлім  болып  келген  көне  мәдени 
ескерткіштермен тікелей байланысты болды. Отыз жылдан астам 
уақы т  бойы  Ә.  М арғүланның  басшылығымен  Орталық 
Қазақстанда  жүйелі  түрде  археологиягуэіқ  қазба  жүмыстары 
жүргізіліп,  қола  дәуірінің  және  алғашқы  көшпелі  тайпалардың 
мәдениеті  жан-жақты  зерттелді.  Бұл  күндері  Ә,  Марғүланның 
ғылыми  еңбектерінің  арқасында  сақтар  мәдениеті,  андрон 
мәдениетінің  заңды  жалғасы  екендігі  толық  дәлелденді,  бұл  екі 
мәдениеттің  арқасында  Беғазы-Дәндыбай  мәдениеттерінің 
дәнекерлік рөл  атқарғандығы  ғылыми тұрғыда анықталып отыр.
Ал Беғазы-Дәндыбай мәдениетін ашқан Әлкей Хақанүлы еді. Осы 
еңбегі  үшін  және  қазақ  тарихының  бес  томдығының  жетекші 
авторларының  бірі  ретінде  Әлкей  Хақанұлы  Марғүланға  1982 
жылы  Республиканың  Мемлекеттік  сыйлығы  берілді. 
1
1957-1972  жылдарда  Ә.  Марғүланның  басшылығымен 
Ш. Уәлихановтың бес томдық академиялық жинағы жарық көрді. 
Бүл  жүмыс  ғалымнан  қы руар  еңбекті,  таным-талғамды, 
ғылымның  сан-саласынан  шынайы  білгірлікті  талап  етті.
Ә.  Марғұлан  және  оның  шәкірттерінің  ізденуі  нәтижесінде 
Ш.  Уәлихановты ң  бұрын  беймәлім  жаңа  еңбектері, 
қолжазбалары,  хаттары  және  басқа  да  саналуан  қүжаттар 
табылды.  Шоқан  мүрасын  зерттеудің заңды жалғасы  ретінде Ә. 
Марғүлан “Шоқан және Манас” атты монографияны жазуға да көп  ^  
еңбек сіңірді.  Бұл  жұмыста  ғалым  қырғыз  эпосы  “Манастың”  әр 
түрлі  варианттарын  салыстыра  отырып  талдау  жасады.
Ш. Уәлихановтың “Манасты" зерттеуге қосқан үлесін анықтай түсті.  |  
Ә. Марғұлан өзге авторлармен бірлесе отырып Қазақстанның 
орта-ғасырлық архитектурасының тарихы туралы  іргелі ғылыми  < 
монография  басып  шығарды.  “Өнер”  баспасында  қазақтың 
қолөнері  жайында  үш  томдық  үлкен  монографиялық  еңбегі 
Әлекең  дүние  салғаннан  жарық  көрді.  Онда  көп  жылдар  бойы
58

экспедиция  кезінде  ел  арасынан,  музейлер  қорынан,  архив 
қоймаларынан  және  мәдениет  тарихынан  алып  жазған 
шығармалары  топтастырылған.
Ә.  Марғұлан  үлкен  ғылыми-педагогикалық  еңбекті  түрлі 
үйымдастыру  ісімен де  шебер үштастыра  білді.  Ол  көп жылдар 
бойы Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография 
институтының  Этнография  бөлімін  басқарды.  Сонымен  бірге 
Қазақ  ССР  тарихының  барлық  басылымдарында  алқа  мүшесі 
болды.  Ол  бірнеше  халықаралық,  бүкілодақтық  конгрестер  мен 
симпозиумдарға қатысып, баяндамалар жасады.  Оның көптеген 
ғылыми еңбектері Одаққа және шетелдерге белгілі.  Көп жылдар 
бойы  түрлі  ғылыми  мекемелерде  еңбек  ете  жүріп,  Ә.  Марғүлан 
үш жүзден астам ғылыми-зерттеу жүмыстарың саналуан ғылыми 
мақалалар  жазды.  Оның  ғылымға  сіңірген  еңбегін  екіметміз 
жоғары  бағалады.  Ә.  Марғұлан  Ленин,  Еңбек  Қызыл  Ту 
ордендерімен  және  бірнеше  медальдармен  наградталды.  Оған 
Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым  қайраткері атағы  берілді.
Ғылымның  сан  саласын  жете  меңгерген  парасатты  ғұлама, 
Қазақстанда археология және этнография ғылымдарының негізін 
салушы, зерделі зерттеуші, ғылымның кернекгі үйымдастырушысы, 
ұлағатты  үстаз  Әлкей  Марғүланның  о  дүниелік  болғанына  да 
біраз уақыт өтті. Бірақ ғылымда Ә. Марғүлан қалыптастырған үлы 
дәстүр сақтала  бермек,  жалғаса  бермек.
1996 ж

Те міреал и  НҰРТАЗИН
еалым
ЗОР ҒҰЛАМА
Әлкей  Хақанүлы  Марғүлан  бүкіл  Қазақстанға,  ұлан-ғайыр 
Совет Одағына, шет жүрттарға аты әйгілі зор ғалым. Ол мейлінше 
кішіпейіл Қашан көрсең де сыпайы, амандық-саулық, жай-жағдай 
білу  жөнінде  сөйлескенде  сені  көптен  бері  көрмегендей,  көрсем 
деп  ынтыққандай,  жолыққынына  қуанғандай  ажар  білдіреді. 
Жаспен де,  кәрімен де дәйім түсініп,  шүйіркелесіп әңгімелеседі.
Ал  өзінің  өмірбаяны,  ісі,  ғылыми  ісі,  ғылыми  ізденістері, 
археологиялық  қазбалары,  әдебиет  және  өнер  жөніндегі 
толғаныстары  туралы  сөз  қозғағанда  Әлкей  Хақанұлымен 
сөйлесу оңайға түспейді. Ол табиғаттан музыкаға қүмар жаң бірақ 
ғылым асқарларында жүргендіктен музыкаға еш уақытта түгелдей
берілген де,  еліккен де емес.
Әлекең  жаратылыстан  ақын,  әдебиетші.  Әдебиеттің  сала- 
саласында қалам жүмсағаң ауыз толтырып айтарлық дүниелері 
бар.  Бірақ  ол  ынтасын,  рухани  күшін,  түгелдей  дарынын 
халқымыздың,  халықтардың  тарихын,  өмірін  зерттеп,  жүйелеп, 
бүгінгі мен болашаққа қажетті тұжырымдар жасауға бағыштаған.
Әрине, бүл сияқты ғылымға, халық мүддесіне басты түгелдей 
байлап  шығуы  бір  күнде  емес,  ол  Әлекеңнің  балалық  шағың 
әрнеге  әуесі  мол  бозбала  кезін,  жігіт  боп  сақадай  сайланған 
түстарын  шумақтап  түйген  қазынасы...
Әлкей  Хақанұлы  көп  оқып,  өзінің  жаңа  міндетіне  үлкен 
дайындықпен  келді.  Ол  1913-1919  жылдары  ауыл  мектебін 
бітіреді,  Баянауылдағы  орыс мектебін тәмәмдайды.  Бүл  мектеп 
білімді,  талантты  жастарға  қанат  бітіруге  ынтыққан  мүғалімдері 
бар  оқу орыны  еді.  Олар ғылым  киелі,  мейлінше  асқақ,  адамды 
аспан  асқарына  көтеретін  қүдіретті  күш  деген  үғымды 
жасөспірімдердің  көкірегіне  мықтап  дарытады.  Соған  бойлары 
желденіп  алған  Әлкей  кеңілдес  жасөспірім  екеуі  қосылып,  білім 
биігіне жету мақсатымен Семейге қашады. Хақан жүмсаған жүйрік 
атты жігіттер бірнеше көш алысқа үзаған екі баланы ұстап алып 
келеді.  Баянауылдан  кейін  Әлкей  Павлодардағы  мұғалімдер
60

курсын  тәмәмдайды.  Ол  білімді  де  місе  түтпай.  Семейдегі 
педтехникумды  оқып  бітіреді.  Сонда  жүріп  Ленинградта  оқитын 
Мүхтар  Омарханүлы  Әуезовпен  танысады.  Көңілдері  тез 
жарасып, дос болған екі жас біріне-бірі білімдігін көрсетіп бағады. 
Әлкей  Мұхтарға  Абай  өлеңдерін  түн  аса  отырып  жатқа  айтып 
береді.
Бүған ғажаптанған Мүхтар Омарханұлы: «Семей сен үшін тым 
қораш, жоғары жерде оқуың керек!» - деп, Әлекейді Ленинградқа 
алып  кетеді.  Білімге  ынтыққан  жас  екі  институтта  қатарымен 
оқиды:  біріншісі  -   Шығыс  бөлімдері  институты,  екіншісі  -  Өнер 
институты.  Лекция  оқитындар:  академиктер  Самойлович, 
Бартольд,  профессорлар  Силовский,  Оксман,  Томашевский, 
Эйхенбаун.
1929  жылы  екі  институтты  да  бітірген  Әлкей  академик 
Бартольдқа Ш.  Құдайбердиннің «Шежіресін» орысшаға аударып 
береді.  «Шежіренің»  мазмүнына  да,  аударылуына  да  өте  разы 
болған  Бартольд Әлкейді  мәдени,  тарихи деректерді  зерттейтін 
академияның аспирантурасына орналастырады. Аспирантурада 
оқуды ң  барысында  Әлкей  Хақанұлы  Бартольд  бастаған 
комиссияға  «Бірінші  Петр  патшаның  1718  жылы  Тәуке  ханға 
баратын  елшілігі»  деген  тақырыпта  аспиранттық  емтихан 
тапсырады.  Сол  жылдары  Әлкей  М аңғыстауға,  Шығыс 
Қазақстанға  барған  экспедициялардың  қүрамында  болып, 
Қазақстанның  тарихы  және  ескі  әдет-ғүрыптары  жөнінде 
деректер жинайды. Академияның кітапханасындағы, архивіндегі 
деректерге  және  езі  экспедицияда  болғанда  жинаған 
материалдарға  негіздей  отырып,  Әлкей  Хақанүлы  «Қазақстан 
хандығының хандық ярлықтары» деген  тақырыпта  кандидаттық 
диссертация  қорғайды.  Ол  жұмысы  алғашқы  нұсқасында-ақ 
академиктер  Ольденбург  пен  Якубовскийге  өте  үнайды.

Ленинградта  академик  О льденбургтің  70  жылдығы 
тойланды,  -  дейді  Әлкей  Хақанұлы.  -   Оннан  астам  француз 
ғалымдары  келді.  М ерекелік  мәжілісте  Луначарский 
Ольденбургтің еңбегі жайында  француз тілінде  бір сағаттай  сөз 
сейледі.  Қатысқан  жүрттың  бәрі  таңғалды,  жастар  жағымыз: 
«Шынайы ғалым осы ғой!» деп есіміз қалған жоқ.
61

Кандидаттық  диссертацияны  Әлекең  1941  жылы  қорғайды.
1945  жылы  «Қазақ  эпикалық  аңыздарының  тарихи  негіздері» 
деген тақырыпта Ленинградта докторлық диссертация қорғайды. 
1936-1938  жылдары  СССР Ғылым  академиясының  Москвадағы 
тарихи деректер зерттеу институтының ғылыми қызметкері болып 
істеген  Әлекең  1938  жылдан  бастап  СССР  Ғылым 
академиясының қазақ филиалында, Археология және этнография 
институтының  аға  ғылыми  қызметкері,  Этнография  бөлімінің 
меңгерушісі. Бүл кезде ғылым докторы болған Әлекең 1946 жылы 
Қазақ ССР Ғылым академиясы ашылғанда соның корреспондент- 
мүшесі болып сайланды.  1958 жылдан бері ол сол академияның 
академигі,  1960 жылдан  бері  профессор,  1961  жылы оған  Қазақ 
ССР-інің ғылымға еңбек сіңірген  қайраткері деген атақ берілді.
Жарты  ғасырға  ж уы қ  өмірін  Қазақстанны ң  тарихын, 
этнографиясын,  археологиясын,  архитектурасын,  енерін,  ауыз 
әдебиетін,  халықтың  түрмыс-салтпен  байланысты  енерін, 
өрнектерін, қол өнер шеберлерінің еңбектерін зерттеуге жұмсаған 
Ә лекеңнің  ғылыми  табы стары ,  ізденістері,  жариялаған 
шығармалары  өте  көп,  сала-сала,  мод  ауқымды.  Алдымен  ол 
республикамыздағы  жас  талап  ғалым  археологтарды  да, 
этнограф тарды  да,  өнер  тануш ыларды  да  топ-тобымен 
дайындаушы.  Одан  тәлім  алып  өскең  жұртшылыққа  танылған 
Қ.  Ақышев секілді үлкен ғалымдар бар.
Әлекең тасқа құмар. Ол Орталық Қазақстанның, Ұлытаудың, 
Жезқазғанның  талай  тасымен  сыр  шертіскен.  Ол  тастарда 
Қазақстанды  жайлаған  көне  халықтардың  тарихы,  тіршілігі, 
мәдениеті  түгелмен  жазылған  секілді.  Адамның  саналануы, 
мәдениеттенуі  саты-саты  екен,  дала  түрғындары  әуелінде 
тастардан өздеріне  құралдар жасаған,  келе-келе одан металдар 
алатын болған. Соның арқасында жорықтар, соғыстар, халықтар 
арасындағы  қайшылықтар,  түрлеше тағдырлар,  қуаныш,  қайғы, 
зар,  солармен  тетелесе туатын  халық жырлары,  ауыз  әдебиеті, 
үлкен оқиғаларды ешпестей ғып тасқа  шауып жасаған суреттер, 
бейнелер,  мүсіндер,  ескерткіш тер  қалдырылған.  Әлкей 
Хақанүлының жинағында осындай бай да шексіз, қатпар-қатпар, 
қалың да мол сырларды зерттеген, пайымдаған, қүпия сырларды
62

ашқан  ғылыми  толғаулар,  еңбектер  200-ден  астам.  Ғалымның 
жеке өз екіншісіндел  кітаптары,  еңбектері,  мақалалары:  «Шоқан 
және  Манас»,  «Едіге,  Орақ,  Мамай»,  «Қазақы  эпосты  тудырған 
тарихи  негіздер»,  «Историческая  обусловленность  казахского 
народного  эпоса»,  «Қазақ  халқының  ауыз  әдебиеті»  және 
басқалары.  Басқа  авторлармен  қосылып  шығарған,  немесе  өзі 
редактор болып  қурастырған  еңбектері тағы толып жатыр.
Қазір Әлекең үлкен  екі  еңбекті тамамдау үстінде.  Біріншісі -  
түрік  халықтарына  ортақ  «Кітаби  дәде  Қорқыт  эпосы  туралы» 
жазылып  біткен  40  баспа  табақ  еңбекті  тағы  да  қарап  шығу, 
түзетулер  еңгізу,  редакциялау,  мазмун  және  стиль  жағынан 
жетілдіру;  екіншісі  -   1945  жылы  қорғаған  докторлық 
диссертациясын  жаңадан  қарау,  артық  ағат  айтылған  жерлері 
болса  алып  тастау,  олқы  жерлерін  толықтыру,  одан  бері  өрлей 
дамыған  зерттеу,  ғылыми  жумыстардың  жетістіктерін  ескере
отырып жетілдіру, редакциялау, барлық жағынан талапқа сай ету 
міндеттері.
-  Буларды  биыл  бітіріп  беретін  шығарсыз,  -  деп  сурадым. 
Әлекең едәуір  кідіріп  сөйлейді.  «Бітірсем  деген  ниет  бар,  - деді 
ол.  -   Бірақ  мүндай  жүмыстарды  істегенде  асығыстық  пайдалы 
болмайды.  Біраз  материалды  жаңадан  қарау,  тексеріп  шығу 
керек».
Ғалым шет ел оқымыстыларының сыйға жіберген кітаптарын 
көрсетті. Қалыңдығы бірнеше сантиметр, форматы мод жағалауы 
сулу  да  тыңғылықты  кітаптар.  Көпшілігі  түрік  тілдес  елдердің 
/  тарихын, археологиясын, этнографиясың ауыз әдебиетін, өнерін, 
мәдени тарихының деректерін зерттеуге арналған.
-  Осылардың  бәрін  оқу,  ой  елегінен  еткеру,  сөйтіп  өз 
тужырымыңды жаңалау міндеттері бар. Күнделік өмір өз талабын 
қойып  отырады.  Оларға  көңіл  бөлмей  өту  күнә  болар  еді.  Жеті 
қырдан  асып,  жетпісті  еңсеру  деген  де  адамға  біраз  салмақ 
сапады  екең  - дейді  Әлекең.
Әлкей  Хақанулы  дүниеж үлік  ғылыми  әлеммен  тығыз 
байланысып,  пікірлесіп,  өз  қорытқандарын  сырт  елдердегі 
әріптестеріне де  мезгіл-мезгіл усынып отырады.
63

1960  жылы  ол  Шығысты  зерттеушілердің  Москвада  өткен 
дүниежүзілік  25  конгресіне  қатынасып:  «Орталық  Қазақстаннан 
қола дәуіріндегі  ескерткіштерді  жаңадан  ашу»  деген тақырыпта 
ғылыми  баяндама  жасады.  1967  жылы  АҚШ -ты ң  Чикаго 
қаласында  болған  Шығысты  зерттеушілердің  27  конгресінде: 
«Қазақстанның  ислам діні  туғанға дейінгі  архитектурасы»  деген 
\
лекция  оқыды. 
'"   f  1
Ол  1964  жылы  археологтар  мен  этнограф тардың 
Халықаралық  VIII  конгресінде  «Қазақтың  киіз  үйі  және  оны 
әсемдеу» деген лекциясын  оқыды және оны  17 беттік кітап етіп, 
бірнеше шет тілде таратты.  1968 жылы Әлекең Токио қаласында 
бас  қосқан  археологтар  мен  этнографтардың  VIII  конгресінде 
«Қазақтың халықтық өнері» деген лекция оқыды.  1970 жылы ол 
Туркияның  Анкара  қаласында  түрік  тіліндегі  елдердің  тарихын 
зерттейтіндер  конгресінде  «Қорқыт  ата  жайындағы  қазақ 
аңыздары»  деген  тақырыпта  лекция  жасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет