Б 63(5К) ■f 94 Jew шттшш f t


§ Әлекеңнің  еңбегі  ұлан-ғайыр.  Халқымыз,  партиямыз  бен



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата06.03.2017
өлшемі13,81 Mb.
#8200
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
§
Әлекеңнің  еңбегі  ұлан-ғайыр.  Халқымыз,  партиямыз  бен 
үкіметіміз  үлкен  ғалымның  жемісті  еңбегін  жоғары  бағалады. 
Әлекең  Ленин  орденімен,  Еңбек  Қызыл  Ту  орденімен,  үш 
медальмең бес грамотамен наградталды. Қазақ ССР-інің ғылымға 
еңбек сіңірген қайраткері деген атаққа ие болды. 
а
1974 ж.


Отбасы  альбомынан




Студенттік  кез
Әлкей  Марғулан

Әлкей  аға  мен  Раушан  апаи

Р
Щ
Әлкей  Марғүлан  немересімен

Ә.  Марғулан  жұбайы  Раушан  мен  қызы  Дәнел
Ш.  Шөкиң  Раушан  апаи,  Ә.  Марғулан

Шет  ел  сапарында

Mfpop*
Сарыағаш  курортында,  1971  ж

і
Ә.  Марғұлан  туыстары  арасында
Ә.  Марғұлан  ауыл  ақсақалдары  ортасында

Академик  Ә.  Марғұлан  мен  жас  ғалымдар  С.  Қасқабасов,
және Ү.  Субханбердина,  1982 ж.
Академик  Ә.  Марғүлан  қызы  Дәнелмен

Ә

М
а
р
ғу
л
а
н
 
м
ен
 
С

М
ұ
қа
н
о
в
 
ке
зд
е
с
у
д
е
н
 
ке
йі
н

Қайым  МҮҚАМЕТХАНОВ
жазуіиы, еалым
ҒАЛЫМ ЖОЛЫ
Белгілі  қазақ  совет  ғалымы  Әлкей  Хақанулы  Марғүланның 
туғанына  1984 жылы  10 май  күні 80 жыл толады.
Әлкей Марғулан -  1933 жылдан Бүкілодақтық Географиялық 
қоғамның  толық  мүшесі,  1946  жылдан  филология  ғылымының 
докторы,  Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының  корреспондент- 
мүшесі  1958  жылдан  Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының 
академигі,  Қазақ  ССР-нің  ғылымға  еңбек  сіңірген  қайраткері, 
профессор.
Әдетте  ғылыми-зерттеу  ісінде  ғалымдардың  көпшілігі, 
өздерінің  табиғи  бейімділігіне  қарай,  ғылымның  бір  ғана 
саласының  маманы  (яғни  узкая  специализация)  болады.  Ал, 
Әлкей  Марғұлан  оның  бірнеше  саласында  зерттеу  ісімен 
шүғылданып, нәтижелі, жемісті еңбек етіп келе жатқан сегіз қырлы 
ғылым қайраткері.  Ол - әрі этнограф,  әрі археолог, әрі тарихшы, 
әрі лингвист,  әрі әдебиетші-филолог және фольклорист.

Менің өз пікірім бойынша, - дейді Әлекең, - ғалым болу үшін 
бейімділік қажет. Сонан соң талап, тәрбие керек. Бүл ретте ұстаз 
әсері күшті дер едім. Әлі есімде, жас кезімде пароходпен Семейге 
кетіп  бара  жатқанымызда  бір  бала:  «Мен  Пушкиндей,  Абайдай 
ақын болам», - деп отырғанын естігем:  «Сондай болсам» - деген 
жақсы.  Есейген  сайын  бұл  ой  көкірегіңе  сәуле  құйып  күшейе 
береді.
Ғалымның  өзі айтып отырған ғылымға бейімділік оның тума 
табиғатында болған  қасиет.
Ы '
 
* * *
Әлкей Хақанүлы Марғүлан  1904 жылы 10 май күні (ескіше 27 
апрель)  бүрынғы  Семей  губерниясы,  Павлодар  облысы, 
Баянауыл ауылында Жасыбай көлініңжағасында, Найзатасдеген 
жерде дүниеге келіпті.

Әлкейдің  үлкен  әкесі  Марғүлан  талантты,  өнерпаз  адам  I 
болып, серілік құрып, өмірін той-думаң ойын-сауық, өн-күй, өлең-  I 
жырмен өткізіпті. Болашақ атақты ақың әрі композитор Жаяу Муса  I 
осы  Марғұланның жолын  қуып,  одан  үлгі-өнеге алып  өсіпті. 

Әлкейдің  өз  әкесі  Хақан  оқыған,  көзі  ашық,  көңілі  ояу,  өз  | 
түсында жақсы сауатты адам болған Не түрлі аңыз-әңгіме, өлең-  J 
жыр,  қисса,  дастан  кітаптары  Хақан  үйінде  көп  болыпты.  Әкесі  1 
кішкентай  Әлкейді  бес  жасында  ауыл  і^ектебіне  оқуға  береді.  I 
Алғыр ойлы, зерек, ұғымтал жас ескі оқуды, жазуды тез меңгеріп  1 
кетеді.  Сауаты  ашыла сала-ақ әкесінің кітаптарына жармасады.  1 
Ертегі,  аңыз-әңгімелер,  қисса-дастандар,  халық  жырлары  * 
талапты  жасты  қатты  қазақтырады.  Ол  кітапты  көп  оқып,  көп  ! 
ләззат  алады.  кітап  оның  көңіл  көзін  ашып,  не  бір  тәтті  қиялға 
бөлейді. 

■;;J
I
1915 жылы Әлкей Баянауылдағы үш кластық орыс мектебіне 
оқуға  түсіп,  орыс тілін  үйреніп,  есеп,  әдебиет,  тарих,  жағрафия 

пәндерінен  хабардар  болып  шығады. 
|
Орыс  мектебінен  оқып,  тәлім-тәрбие  алған  Әлкейдің  өнер- 
білімге деген  құштарлығы  онан  сайын  күшейіп,  үлкен  қалаларға 
барып  оқып,  білім алуды арман етеді.
Ол арманына Ұлы Октябрь революциясының жеңісінен кейін 
ғана қолы жетеді. 

Қазақстандағы  мүғалімдер  даярлайтын  ең  тұңғыш  оқу 
орындарының  бірі  1922  жылы  ашылған.  Семей  қазақ 
педтехникумы  еді.  Әлкей  Хақанұлы  Марғұлан  1922  жылы  осы 
педтехникумға  оқуға  түседі. 
|
Семей  педтехникумы  сол  кезде  Қазақстандағы  ең  үлгілі 
алдыңғы  қатарлы  оқу  орны  болған.  Әлекең  техникумда  оқыған 
кезің терең білімді, жоғары мәдениетті, бай тәжірибелі үстаздарын 
ізгі  көңілмен  еске алып: 
Я

Ұстаздарымыз жақсы болды. Жас кезімде, Семейде Әбікей 
Сәтбаев,  Сергей  Гаврилович  Сироткин,  Иван  Флегонтьевич 
Виноходовтан сабақ тыңдадым.  Виноходов географиядан сабақ 
беретін.  Магеллан  бүғазының қай жерде екенің  Марко  Полоның 
жүрген жолын картадан көрсетуді сүрағанда: «Магелландай бол» 
деп тағлым айтып отыратын..., - дейді. 
I
66

Әбікей  Сәтбаев  Семей  қазақ  педтехникумының  тұңғыш 
директоры,  әрі  орыс  тілі  оқытушысы,  С.Г.  Сироткин  орыс 
әдебиетінен  сабақ  берген  мұғалім  еді.  Қазақ  педтехникумында 
қазақ әдебиетінен Мұхтар Әуезов сабақ берген. Техникумға 1923 
жылы  оқуға  түскен  Ғайса  Сармурзин  езінің естелігінде:  «Содан 
бір жылдан соң Мұхаң Ленинградтағы оқуынан  қайтып,  семейге 
келіп тұрды да,  1924-1925 жылдары  бізге қазақ әдебиетінен:  1-2 
курстарға әдебиет теориясынаң 3-4 курстарға әдебиет тарихынан 
сабақ берді....  Ол  сабақ  беруге  әсте дайындықсыз,  конспектісіз 
келмейтін.. Ойы терең, сөзі шебер Мухаңның сабағында 45 минут 
дегеніңіз  лезде  бітіп,  қоңырау  да  тым  ерте  соғылғандай  боп, 
бәріміз өкініп қалатынбыз және ол кісінің сабағына бәрінен бұрың 
барлық  күш-жігерімізді  жумсап  даярланатын  едік.  Мұхаң  баға 
қоюға  келгенде  қатал  да  сараң  еді.  1  курста  Шаймардан 
Тастамбеков,  II  курста  Мұратбек  Бөжеев,  III  курста  Рахымжан 
Жаманқұлов,  ІҮ  курста  Әлкей  Марғулан  сияқты  бірен-саран 
студенттер ғана «жақсы» деген баға алатын Ал «ете жақсы» деген 
баға  ешкімге  қойылмайтын».  (Ғ.  Сармурзин.  «Өнеге»  Мухтар 
Әуезов туралы  естелік.  Алматы,  1975,  22-23 бет).
Семей  қазақ  педтехникумын  1925  жылы  тұңғыш  бітіріп 
шыққан  он  бір  адамның  бірі  -   болашақ  үлкен  ғалым  Әлкей 
Марғүлан  еді.
1925 жыл Әлкей Марғұланның өмір сапарындағы естен кетпес 
ерекше  жыл  болды.  Сол  жылы  Семей  педтехникумын  бітірді, 
Мұхтар Әуезов Әлкейдің енді Ленинград қаласына барып оқуына 
ақыл-кеңес  беріп  және  оған  өзінің  барынша  көмектесетінін 
білдірді.  1925 жылы Әлкей  Марғүлан Ленинградтағы  Шығыстану 
институтына  оқуға түсті.  Сонымен  қатар Ленинград мемлекеттік 
университетінің  қоғамдық  ғылымдар  факультетінің  шығыс 
бөлімінде  және  Өнер  тарихы  институтында лекция тыңдайды.
Ленинградта Әлкейдің тағлым алған үстаздары бүкіл әлемге 
аттары  әйгілі,  даңқты  ғалымдар,  академиктер:  Бартольд, 
Крачковский, Самойлович, Бертельс, тіл ғылымының мамандары, 
академиктер:  Мещанинов,  Маловтар еді.
Студент Марғүлан жазғы демалыс айларында,  1926 жылдан 
бастап,  Қазақстан  жерінде  ғылыми-зерттеу  жүргізетін 
экспедицияларға  қатысатын  болды.  Академик  Ферсман,
6J

профессор  Груденколар  басқарған  экспедициямен  Маңғыстау, 
Үстірт, Адай елдерінде болып,  шаруашылығын, тұрмыс-салтың 
қол өнерін зерттеп, ауыз әдебиеті үлгілерін жинау ісіне ат салысты, 
үлкен  ғалымдардан  тәжірибе  алып,  ғылми-зерттеу  жүмысын 
жүргізу  жолдарын  үйренді.  Одан  соң  да,  келесі  жылы  Алтай 
экспедициясына  қатысып,  қазіргі  Шығыс  Қазақстан  облысының 
талай жерін  аралап,  зерттеу жүмыстарына  белсене араласты.
Ленинград  институтын  бітірген  соң,  аспирантураға  түсіп, 
білімін тереңдетуді  мақсат еткен  Әлкей ол  мақсатына да жетті.
1940  жылы  көне  қыпш ақ  тілінде  жазба  ескерткіштерді 
зерттеген  еңбегі  үшін  ғылым  кандидаты  дәрежесін  алды.  1946 
жылы  қазақ  халқы  эпостарын  зерттеген  еңбегімен  филология 
ғылымының докторы  дәрежесіне  ие  болды. 
|
Әлкей  марғүлан  1940  жылдан  бастап,  көбінесе  қазақ 
халқы ны ң  рухани  мәдениетін,  ауыз  әдебиеті  мен  жазба 
мұраларын жинап, зерттеу ісіне зер салады. Сол жылдың аяғында 
Қазақстанның археологиясы  мен  этнографиясын,  халқымыздың 
материалдық  мәдени  мұраларын  зерттеумен  шұғылданады.
1943 жылдары Оңтүстік Қазақстанға сапарға шығып, Қаратау, 
Қазықүрт,  Арыс,  Беген  өлкесің  Шу,  Талас,  Сырдария  жерлерін 
аралайды.  Сол  жерлердегі  ерте  заманда  болған  қалалардың 
орындарын  зерттейді.  Тараз,  Сайрам,  Сығанақ,  Отырар  сияқты 
қирап,  жойылып  кеткен  қалалардың орындарын  қазып,  зерттеп, 
архитектуралық, археологиялық, қоленер мүраларының көптеген 
үлгілерін  табады.  Осы  зерттеу  негізінде  «Көне  Қазақстанның 
қалалары  мен  қүрылыс  өнері  тарихынан»  деген  еңбегін  жазып 
жариялайды. 
і
Үлкен  ғалымның  үш  жүзден  астам  ғылыми  зерттеу  еңбегін 
тек қана  шолып айтып  шығудың өзі  мүмкін  емес.
1946 
жылдан  Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының  Тарих, 
археология  және  этнограф ия  институтының  Археология 
секторының,  1955 жылдан  Этнография бөлімінің меңгерушісі.
Орталық Қазақстан даласын археологиялық зерттеу ісіне 30 
жылдан астам уақыт еңбек етіп,  отыздан астам ғылыми  мақала 
жариялайды  және  сол  зерттеудің  қорытындысы  -   «Орталық 
Қазақстанның  ежелгі  мәдениеті»  атты  үлкен  кітап  жазды.  Бұл 
еңбекті жазуға өзініңғалым-шәкірттері: К. Ақышев, М. Қадырбаев,
68

А.  Оразбаев  қатынасты.  Ғалымның  бұл  еңбегі  жоғары 
бағаленып,  оған  жәнө  оның  шәкірттерінө  Шоқан  Уәлиханов 
атындағы  сыйлық  берілді.
Тарихшы  ғалымның  «Қазақ  ССР  тарихын»  жазу  жұмысына 
сіңірген  еңбегі  де  зор.  «Қазақ  ССР  тарихының»  1-томының 
«Қазақстан  халықтары  мен  тайпаларының  VI-XII  ғасырлардағы 
мәдениеті»  деп  аталатын  үлкен  тарихын  жазды.  VI-XII 
ғасырлардағы  халықтар  мөн  тайпалар  мәдениетіне  сипаттама 
берді.  «Материалдық  мәдөниөттің дамуы»,  «Түрғын  үй  жәнө  үй 
жиһаздары», «Тоқымашылық кәсібі мөн киім-кешөк», «Транспорт» 
жайында  жазады.  «Қалалар  мен  қоныстардың  өсуі  тарихы», 
«Искусство  мен  архитектура»  мәселесін  баяндайды.  «Рухани 
мәдениеттің дамуы» деген бөлімінде:  «Тіл  мен жазба»,  «Наным, 
дін» жайында айтылады. VI-XII ғасырлардағы эдебиет пен ғылым 
жайына  ерекше тоқталады.
«Қазақ  халқының  XV-XVII  ғасырлардағы  мәдениеті»  атты 
тарауды  да  Әлкей  Марғүлан  жазған.  Бүл  тарауда  зерттеліп 
баяндалатын  мәселелер:
1.  Қазақтың  материалдық  мәдениетінің  дамуы.  Онда: 
қазақтың  үйі,  киімі,  ішіп-жемі,  -  тамағы,  үй  кәсіптері,  керкем 
қолөнеріне тоқталады.
2. Халықтың әдет-ғұрпы.  Онда:  қыз үзату дәстүрі, халықтың 
мерекелері  баяндалады.
3.  Ескі  нанымдар  мен  дін.  Білім,  Онда:  жерлеу  дәстүрі, 
космогониялық  түсініктер  және  халық  календары  жайын 
баяндайды.
4.  Искусство  мен  архитектура.
Ғалымның  VI-XII  ғасырлардағы  Қазақстан  халықтары  мен 
тайпаларының  мәдениеті  және  қазақ  халқының  XV-XVII 
ғасырлардағы  мәдениеті  туралы  еңбегінің өзінен  ғана тарихшы, 
өнертану,  археолог,  лингвист,  өнертану  ғалымдарының 
білімпазын  көреміз,
Әдебиетші-ғалым  Марғүланның абайтану ғылымына  қосқан 
үлесі де аз емес.
Фольклорист-ғалым  «Қазақ  эдебиет  тарихын»  жазуға 
белсене  қатынасып,  «Өтірік  өлеңдер»,  «Жұмбақтар»  атты 
тарауларын зерттеп жазды. «Ежелгі дәуірдегі эпостудырған орта»,
69

«Қазақ  эпос  жырындағы  әлеуметтік  сарындар»,  «Қырғыздың 
«Манас»  жыры»,  Қорқыт  туралы  зерттеулері,  тағы  басқа 
өңбектері  ғалымның әдебиет тарихына  қосқан үлкен  үлесі. 
1

Шоқан  Уәлихановтың  еңбектері  мен  Ленинградта  оқып 
жүрген  кезімде  таны сқан  едім.  Сол  кездің  өзінде-ақ 
кітапханалардан,  архивтерден  оның  көптеген  шығармаларын 
көргенім  бар.  Ал  кейін  Шоқан  жөнінде  мәселе  көтерілген  кезде, 

әлгі студент кездегі оқып, көргендерімнің көп пайдасы тиді, - дейді 
І 
Әлекең.  Шоқанның шығармалар жинағының үлкен бес том  кітап 
болып  жариялануына  (1957-1967  жж.)  Әлкей  Марғұланның 
сіңірген ғылыми-тарихи еңбегі ерекше зор. 
|  і
Абайтану  ғылымының  негізін  салған  Мүхтар  Әуезов  болса, 

шоқантанудың негізін  салған - Әлкей  Марғұлан деуіміз керек. 
%
  I 
Атақты  совет  түркологы,  СССР  Ғылым  академиясының 

академигі  А.Н.  Кононов  Әлкей  Марғүланды  80  жасқа  толған 
мерекесімен  қүттықтай  келіп:  «...Менің  есіме  Ленинградтың 

 
шығыстану  институтнда  бірге  өткізген  ең  бір  қымбат  күндеріміз 
түсіп  оты р...  Сіз  ол  кездің  өзінде-ақ  байсалды лы қ  пен 
байыптылықтың  қол  жетпес  үлгісіндей  болып  көрінуші  едіңіз...  !  ] 
Иә, одан бері талай рет арна толып су ақты... Сіз шын мәнісінде 
ғылымның  асқаралы  шыңына  көтеріле  білдіңіз.  Ұлы 
Отанымыздың  шығыстану  ғүламалары  салған  даңғыл  жолдың 
үстінде  Сіздің  өшпес  ізіңіз  сайрап  жатыр...»  -  депті.  Белгілі 
түрколог, филология ғылымының докторы, профессор Н.А. Баскаков: 
«Ә.Х.  Марғұлан  -   қазақ  халқы ны ң  маңдайына  біткен  ірі 
ғалымдардың  бірегейі,  Қазақстан  тарихы  мен  мәдениетіне 
қатысты, қүнын ешқашан жоймайтын айтулы еңбектердің авторы.
Ол ашқан жаңалықтар мен пайымдаулар тек қана Қазақстан емес, 
адамзаттық тарих пен  мәдениеттің дұрыс түсінілуіне  шапағатын 
тигізіп жатады»,  - деп жазады. 
9 і
Әлкей Хақанұлы  Марғұланның еңбегі жоғары бағаланып, ол 
Ленин  ордені,  Еңбек  Қызыл  Ту  ордені  және  медальдермен 
і 
наградталды. 
1
1984 ж  Л
70

Шәмшиябану  Сәтбаева,
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық Ғылым Академиясының
мүше-корреспонденті
ЖАРҚЫН  БЕЙНЕ
Ғажап  ойшыл,  біртума  ғүлама  Әлкей  Хақанұлы  Марғүлан 
(1904-1985) ұланғайыр мұрасың игілікті істерің небір ғибраттарын 
жинап,  тыянақты  түсіндірмелөрімен  жабдықтап  том-том  етіп 
басып  шығару,  терең  ғылыми  түрғыда  жіті  зерттеу, 
монографиялық  еңбектер  жазылу  жүйелі  түрде  жүргізілсе  ғана 
халық қазынасына айналатыны анық. Әлкей ағаның аяулы ғажап 
бейнесі  қоғамның  рухани  қалпы  биіктеуіне  әр  заманда 
дәнекерлеседі.
Ғұламаның  қоғамдық  ғылымдардың  әр  саласындағы  бай 
мұрасын  зерттеуге  әр  мамандықтар  -   тарих,  археология, 
әлеуметтану,  этнография,  әдебиеттану,  фольклористика, 
елкетану - екілдері қатынасуы заңды да қажет. Олардың ғылыми 
ізденістері  сапалы,  нәтижелі  жемісті  болуларына  тілектестік 
білдіре отырып, Әлкей аға қазынасының кеп қырының біріне ғана 
назарларыңызды сәл аудару керек сияқты. Ол -  Әлкей Хақанұлы 
ез  замандастарының  -   қадірлес,  сыйлас,  пікірлес,  мақсаттас 
болған адамдарының -  бір сыпырасы туралы  естеліктер жазуы, 
жылы  қарым-қатынас  сәттерін,  субхаттар  мазмұнын,  жекелеген 
көріністерді  әңгімелеуі.
Әлкей  аға  жасында  әңгіме  жазғаны,  аудармашылықпен  де 
шұғылданғаны,  мысалы  Д.Н.  Мамин-Сибиряктың  «Ақбозат» 
шығармасын қазақ тіліне аударғаны белгілі. Әлкей ағаның кейбір 
ғылыми  еңбектерінің жасында дәл деректер де,  жеке  керіністер 
де, адам емірінің, ойының сәттері же шебер әңгімеленді, естеліктер 
ғылыми  еңбектерінің арасына да  қиюласады.
Әлкей ағаның кеп араласқан, қадірлескен, сыйласқаң қарым- 
қатынаста, туыстас болғаны -  Сәтбай баба әулетінің адамдары -  
Имантай  Сәтбаев,  Ғазиз,  Қаныш  Әбікей,  Әбдікәрім 
Сәтбаевтардың отбасы,  оларға куйеу болған -  Әбікен Бектуров,
71

Қайнекей Жармағанбетов,  Оразай  Батырбеков,  Назыр  Муқанов, 
тағы  басқа  да  туыстар  үй-жайы.  Әлкей  ағаның  өзі  Сәтбай 
ауылына  туыс,  Әбікей  Зейінұлы  Сәтбаевтың  екінші  қызы 
Раушанға үйленген болатын. 
1
Әлкей  ағаның  Сәтбай  ата  ұрпақтары   туралы  жазып 
қалдырғаны -  қымбат қазына.  Ғалымның ауылы  Баянауылдағы 
Сәтбай  ауылдарынан  алыс  емес  екек  Ол  кісінің  өзі  жазғандай: 
«Мен Қанышты бала күнімнен білетінмін. Өйткені оның туып өскен 
ауылы  біздің  ауылдан  онша  қашық  болмайтын,  екеуі  де  Баян 
тауының  төңірігін  қоныстайтын  көршілес  ауылдар  болатын. 
Жазды күні жайлауға шыққанда олар біріне-бірі тіпті жақын келіп 
отыратын. Өйткені Баянауыл дуанына қарайтын сегіз болыс елдің 
жаз  жайлайтын  өлкесі  ұзыннан  аққан  Шідерті  өзінінің  бойы.  Ол 
300 шақырымға созылып, жаз күні оның өн бойы қаз-қатар тізіліп 
отырған ондаған ауылдар болатын. Қаныш туған ауылдар Шідерті 
өзенінің  бас  жағың  Бала  Шідерті,  Батпақ  көд  Сұңқария  дейтін 
өрістерді  жайлап,  қысқа  қарсы  Ақкелін  тауының  бауырындағы 
Айырықты  қыстайтын». 
Щ
Әлкей аға не жазса да әуелі тереңнең кеңінең тарихтаң тегінен 
бастайтын әдеті бойынша көп жыл қызметтес, мақсаттас, пікірлес, 
құрметтес болған академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев туралы 
«Халықтың 
сүйген 
үлы» 
мақаласын 
«Қаныш-аяулы 
ғалымдығымен бірге ол халықтың сүйген үлы,  бар өмірің  білімін 
ел  игілігі  үшін  сарп  еткен  кісі.  Сондықтан  оның  әдемі  жарқын 
бейнесі  біздің  жас  ұрпақтар  үшін  аса  қадірлі,  аа  қымбат»  дейді 
де  туып-ескен  жерін  суреттейді,  жасында  рухани дамуына  эсер 
еткен ортасын әңгімелейді. Әлкей ағаның жазуынша «Қаныштың 
өз  әкесі  Имантай -  ақылды,  момың  терең ойлайтын,  әр  нәрсені 
ақылмен, сабырмен  шешетін  кісі болатык  Көп жасаған өмірін ол 
кісі  ескі  заманның  әділетсіз  зүлымдық  істеріне  қарсы  қойып, 
жәбірленген, жапа  шеккен адамдарға көмек керсетуді зор мақсат 
еткен.  Имекеңнің  бүл  жақсы  қасиеттерін  ол  кісімен  істес болған
кедейлер -  Қозыбағар  мен  Қасен
қасиетті
әлі күнге үмытпаған».
72

Еиді  бірде Әлкей аға былай деп жазды:  «Тегінде, жас кісінің 
Имекөн  алдынан  өтуі  оңай  болмайтын.  Тезге  түскендей,  не 
профессорға  емтихан  бергендей  сезім  кешетін.  Өйткені  Имекең 
жастарға сын  көзімен  қарап,  олардың болашағына  зор  ынтамен 
ден  қоятын...»  «...  Имекең ғылымды,  ой жұмысын жақсы  көретің 
оның сол қасиеті жас ұрпақтарға үлкен эсер етеді. Революциядан 
бүрынғы  қыр  қазақтары  арасында  Сәтбаевтардан  көп  оқыған 
ауыл  болған  емес.  Олардың  ішінде  Қаныштың  ағасы  Әбікей 
Сәтбаев  Омбының семинариясын  бітіріп,  сол  кездін  өзіндеорыс 
тілі мен әдебиетінің бірінші маманы болып шығады. Бүгінгі Шығыс, 
Қазақстаң  Семей,  Павлодар облыстарынан  шыққан жастардың 
Әбікейден оқымағаны  кемде-кем болуь:  керек.  Қаныштың екінші 
ағасы  Кәрім  Сәтбаев  та  семинарияда  оқыған,  жүйрік,  білгіш 
адамның  бірі,  ан-күйі  өнерді,  музыканы  сүйген  кісі  болады. 
Қаныштың  емшектес  ағасы  Ғазиз  (Бекеш)  домбыра  тартатын 
күйші,  сүйіп  оқитыны  Абай,  Пушкин,  Лермонтов  еді,  «Евгений 
Онегин»  романын  жастарға  әңгімелеп  отырғанын  көргенім  бар. 
Қаныш та сондай кішіпейіл кісі еді. Әңгімелескенде: «Бекежанның 
(Бекеш  -   Ғазиздің  екінші  аты,  Бекежан  дегені  Бекеш  -   Ш.С.) 
қасында мен түк емеспін Оның жүйріктігі менен асқар таудай биік 
түратын» - дейтік
Имантай  атаны,  оның  балаларын  мысалы,  Абай 
Қүнанбаевтың  баласы  Түрағұл  (1875-1934)  да  білгенін, 
қүрметтегенін  Әлкей Хақанүлы  Марғүлан  былай деп жазған еді: 
«1925 жылы жаз күні  Мүхтармен бірге Абай ауылында болғанда 
уақытымыз  сол  жердегі  шешен  кәриялардың  сөзін  тыңдаумен 
етті...  Бір  күні әңгіме  «талант» туралы  болды.  Мухтар да  қойдан 
қоңыр, кіші пейіл кісінің бірі еді, өзінің асқаралы талантын, білгіш- 
жүйріктігін жұртқа көрсеткісі келмейтін. Ойға батқан түңғиық қара 
көзін қасында отырған Тұрашқа тастап:
-  Сіз  қырдағы  жаңа дәуірлеп  келе  жатқан  жастар  арасында 
кімді озық талант деп түсінесіз? -  деді.
Түраш қасқау қарап:
-  Бүл  қыр  аймағында  озық  талант  Имантайдың  екі  баласы. 
Бүгін  де олардан озық жас бар деп өзім түсінбеймін. Ол екеуінің 
алапаты  бүтіндей  басқа.  Жаратылыс білімді де,  ақыл  мен  ойды
73

да  оларға  ерекше  берген.  Олардай  саңлақ  кісі  бүгінгі  жастар 
арасында  өте  сирек  кездеседі,  -  деді».  Абайұлы  Түрағүлдың 
(Түраш)  «Имантайдың  екі  баласы»  дегені  Ғазиз  бен  Қаныш 
Сәтбаевтар. 
|
Имантай  Сәтбаевтың  1880  жылы  жазып  алған  Бүхар 
жыраудың Абылай туралы өленінің бір нүсқасын С. Петербургтағы 
архивтен тауып,  бастырған да  Әлкей аға еді. 
1
Папа  «Әлкейдің  басы  толған  тарих,  жазып  алындар»  деп 
талай  айтушы  еді.  Сол  қымбат  кісілер  өмір  бойы  болатындай 
көріп,  жас  кезде талай ғажап  шақтардың қадіріне бойламаппыз, 
енді өкінеміз, қатты сағынамыз. Талай туған күндер, календарлық 
мейрам  кездерде  бай  дастархан  жыйналып  бас  қосып,  еркін 
демалыстар,  көңілді  кездесулер  өткізілетін.  «Үлкен  ауыл 
амандығы»,  «үлкен  отбасы  берекесі» деген  сөздер айтылып,  әр 
қайсысының  мықты  деңсаулықта,  баянды  бахытта,  жемісті 
еңбекте  болуына  тілектестер  білдірілетін.  Қаныш  Имантайүлы 
домбыраға  қосып,  «Бүркітбай»,  «Әупілдек»,  «Қанапия»  тағы 
басқа  әндер  айтатын.  Әлкей  аға  домбырасыз  «Екі  жирен», 
«Жиырма  бес»  әндерін  айтатын  да  жоғарғы  нотаға  дауыс 
жетіңкіремесе екі  қолын сәл  жоғары  көтеріп,  он саусағын әдемі 
қозғалтатын. Жиналған жұрт мәз-мейрам болатын да, Әлкей аға 
әндердің әсерінде сәл  сәт өткізіп, әндердің туу тарихын  немесе 
кімдер нәшіне келтіре айтқанын естігенін әңгімелейтін
Сондай 
ғажап 
отырыстарда 
олар 
Европа 
композиторларының, мысалы, Огинскийдің «Полонез», Бетховеннің 
«Ай сонатасы»  (14 соната) «Элизе»,  «Сурок»,  Моцарттың «Түрік 
маршы», Г ригтің «Қүстар шалқуы» т.б. шығармаларды пианинода 
тартқызып,  ғажап  бір  үнсіздікпен,  әр  қайсы  өз  рухани  дүниесіне 
бойлағандай  тыңдайтын  еді,  үй-іш і  орындауш ыларының 
әрқайсын  маңдайынан  сүйіп,  арқасынан  қағып,  жылы  лебіздер 
айтып толмас мейірімділіктер ақтарылмайтынды.  Шіркін,  сондай 
шақтар  енді  қайталанбайды,  суретке  түсірілмей,  айтқан  сөздер 
жазылып  қалмапты. 
.
Әлкей  ағамен  туыс  болған  себепті  еркін,  қымсынбай, 
іркілмей  жылы  сөйлесетінбіз. 
?■

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет