Адаева А.Д.,
аға оқытушысы
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ИНТОНАЦИЯ МƏСЕЛЕСІ
Жалпы тіл білімінде интонация-
ға арналған еңбектер өте көп. Сон-
дықтан оның айналасында да пікірта-
лас тудырып жүрген мəселелер көп-
теп кездеседі.
Түркі фонетикасында сөйлемнің
негізгі коммуникативтік типтерінің
интонациялық ерекшеліктерін семан-
тикалық аспектіде зерттеген мынадай
ғалымдар бар: казақ тілінде Н. Түрк-
бенбаев, өзбек тілінде 3. Ахмедов, қа-
рақалпақ тілінде П. Бекімбетов, татар
тілінде Р. Балтаев, қырғыз тілінде Р.
Чановский, азербайжан тілінде Ф.Гад-
жиева.
Н.Түркбенбаев сұраулы сөйлем-
дердің интонациясын экспериментал-
ды-фонетикалық түрғыдан зерттеген
еңбегінде интонацияны профессор
В.А. Артемовтың берген түсініктеме-
сін басшылыққа ала отырып, сөйлем-
нің мағыналық бөлшегі, оның комму-
никативтік мағынасы, синтаксистік
құрылымы жəне лексикалық құрамы
нақты бір мазмұнға ие болған жағ-
дайда яғни осылайша сөйлемді фра-
заға айналдыратын ауызекі сөйлеу ті-
ліндегі құбылыс ретінде анықтаған
(Интонация простых вопросительных
предложений в казахском языке А.,
1971,21б.).
З. Базарбаева докторлық жұмы-
сында (Қазақ тілінің интонациялық
жүйесі. А., 1997) интонация мəселесі-
нің ғылыми тұрғыдан зерттелу та-
рихын екі кезеңге бөліп қарастырған:
XIX ғасырдың соңынан XX ғасырдың
40 жылдарына дейін жəне сол кезден
бүгінгі күнге дейін. Бірінші кезеңде
интонацияның жалпы мəселелері,
оның тілдік нысан ретінде қаралуы,
қызметі мен құрылымы зерттеле
басталды (К. Пайк, Ж Армстронг, И.
Уорд т.б.). Екінші кезеңде пневма-
тикалық құрал ойлап табылды, оның
мүмкіншіліктерінің шектелуі болға-
нына қарамастан, тіл білімінің фоне-
тика саласында эксперименттік əдісті
кеңінен қолдануға жол ашты (шетел-
дік ғалымдар В.А. Богородицкий, В.И.
Всеволодский-Гернгросс, А. Пешков-
ский, В.А. Артемов, С. Карцевский,
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
53
Л.В. ІЦерба, Н.С. Трубецкой, отандық
ғалымдар Н.Түркбенбаев, Ə. Нұрма-
ханова т.б.).
Ал. академиялық грамматикада
(Қазақ грамматикасы, Астана, 2002,
106 б.) З. Базарбаева интонацияның
негізгі компоненттерін атап, жалпы
тіл білімінде интонация сөйлемді сом-
дайтын ең маңызды əмбебап фактор-
лардың бірі болып саналатынын,
оның компоненттерінің сөйлемнің əр
алуан түрлерін түзіп, дифференция-
лауда жəне бір-бірінен айырып ажы-
ратуда орны ерекше екендігін көр-
сеткен, З. Базарбаеваның ойы бойын-
ша, интонация үғымының əр түрлі тү-
сіндірілуі ғалымдардың аталмыш мə-
селені əр қырынан карастыруына бай-
ланысты екен, мысалы, бір зерттеуші-
лер оның сыртқы формалық жағынан,
енді екіншілері оның мазмұнына,
функциясына ғана көңіл аударған-
дығынан деп тұжырымдайды, «Басқа
фонетикалық құбылыстармен салыс-
тырғанда, интонация жалпы мазмұн-
мен өте тығыз байланысты жəне син-
таксистік тұрақты құрылымдарға қа-
рағанда, онда абстрактілік сипат ай-
қынырак, Тіл білімінде интонацияны
зерттеуде үш түрлі бағыт бар (синтак-
систік, фонетикалық жəне фоноло-
гиялық). Синтаксис бағыттағылар ин-
тонацияны синтаксис көлемінде ғана
қарастыру керек деп санайды. Себебі,
олардың пікірінше, интонация син-
таксистік мағынаны, синтаксистік қа-
тынастар мен байланыстарды қамти-
ды. Фонетикалық бағытты ұстанған-
дар интонацияны сөйлеу тілінің
жалпы ағысын қамтып, оның сөйлем-
дерін, синтагма, фразалардың басқа да
фонетикалық майда бөлшектерін қа-
лыпқа түсіріп, тиянақтап, оның үстіне
олардың бəрінің басын қосып, бөл-
шектерден тұратын əуенін шашырат-
пай бір күрделі байламға келтіретін
құбылыс деп есептейді. Ал фоноло-
гиялық бағыттың өкілдері интонация-
ны қарама-қарсы, яғни бір-бірінен
айырмашылығы бар бөлек жүйелер
ретінде алып қарайды. Егер сегмент-
тік фонологияда фонемалардың «қа-
рама-қарсылығы» оларда белгілі бір
сипатты белгінің бар не жоқ болуына
негізделсе, суперсегменттік фоноло-
гияда
қарама-карсылықтың,
яғни
айырмашылыктың механизмі басқа-
ша: жоғарылау-төмендеу, жылдамдық
-баяулық, болымды-болымсыз, тағы
сондайлар болып келеді (106-6.).
Б. Мурзалина докторлық диссер-
тациясында интонацияны сөйлеуші
мен тыңдаушы сойлеу тізбегінен сөй-
ленісін жəне оның мағыналық бөл-
шектерін бөле алатын, сонымен бірге
айтушының өзінің субъектілі қаты-
насын сөйленіс мазмұнына көрсете
алатын тілдің дыбыстық құралы ре-
тінде таниды (Коммуникативная при-
рода интонаций в сопоставительном
освещении. А., 2003,3-б.)
Төмендегі сөздіктен берілген қай
анықтаманы алсақ та, барлығында ин-
тонацияның синтаксистік қызметі ба-
са айтылған, яғни интонацияны тек
синтаксис шеңберінде ғана қарасты-
руға болатындығы айқын көрініп тұр,
Мұнда интонацияның шектес құбы-
лыс екені жайында пікір айтылмаған.
Бірақ бүгінде көптеген əдебиеттерде
интонацияны жеке бір сала ретінде
бөліп шығарып интонология деген тіл
білімінің жеке, дербес бір саласында
қарастырып жүр. Осындағы бірінші
сөздік пен үшінші сөздік интонация-
ның фонетикалық кұбылыс екендігін
мойындап тұр, ал екінші, төртінші,
бесінші сөздік берген анықтамалар
бірдей, яғни интонацияны тек синтак-
сис саласының құбылысы ретінде қа-
растырған.
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
54
Анықтамалар
Атауы/авторлары
Белгілері
Интонация (лат.intonare-қатаң, қатты айту) - өзара
байланысты сөйлеу элементтерінің жиынтығы: сөй-
леу əуені, интенсивтілігі созылыңқылығы жəне сөй-
леу карқыны мен тембрі. Интонация сөйлеуді қа-
лыптастырудың жəне оның мағынасын айқындау-
дың маңызды құралы.
Тіл білімі сөздігі/
Жалпы ред.
Э.Сұлейменова.
Алматы,
1998,148-6.
Сөйлеу элемент-
терінің жиынты-
ғы,
сөйлеудің
мағынасын айы-
рудың маңызды
құралы.
Интонация (лат. Intono-дауыстау, intonare-қатты ай-
ту, қаттырақ дауыстап айту) - сөйлемнің ажырамас
бөлігі, дауыс сазының бірде көтеріңкі жоғарылап,
бірде төмендеп бəсеңдеуіне, сөйлемнің ритмикалық -
мелодиялық жағына қатысы бар құбылыс, сөйлемде
синтаксистік мағына білдіруші жəне сөйлемге эмо-
ционалды-экспрессивті реңк беруші құралдың бірі.
Қазақ тілі. Энцик-
лопедия. Алматы,
1998, 159-6.
Синтаксистік
мағына білдіру-
ші, эмоционал-
ды-экспрессивті
реңк.
Интонация (лат. Intonatio-қатты айтылатын) – мело-
дия, интенсивтілік, ұзактық, сөз темпі, айту тембрі
сияқты бір-бірімен байланысты сыңарлардың бір-
лігі.
Лингвистикалық
түсіндірме сөздік.
А.Салкынбай, Е.
Абақан,1998, 99 б.
Сөйлеу мелоди-
ясы немесе айту
сазы.
Интонация – сложный комплекс просодических эле-
ментов, включающих мелодику, ритм интенсив-
ность, темп, тембр и логическое ударение, служа-
щий на уровне предложения для выражения как
различных синтаксических значений и категорий,
так и экспрессивных и эмоциональных коннотаций.
О. Ахманова.
Словарь лингви-
стических терми-
нов. М., 2004,
180б.
Сөйлемге син-
таксистік мағы-
на беруші, эмо-
ционалды-экс-
прессивті кон-
нотация.
Интонация (лат. intonare - громко произносить).
Ритмико-мелодическая сторона речи, служащая в
предложении средством выражения синтаксических
значений и эмоционально-экспрессивной окраски.
Д.Э.Розенталь,
М.А.Теленкова.
Словарь-справоч-
ник лингвистиче-
ских
терминов.
М., 1976, 334б.
Синтаксистік
мағына беруші,
эмоционалды-
экспрессивті
реңк.
Əзиза Нұрмаханова айтушы пікі-
рінің дəлдігін, өткірлігін, жігерін, кү-
шін беруде интонацияның қызметі ай-
рықша екендігін баса айтып, интона-
ция сөйлемге жан бітіріп қана қоймай,
оның қарым-қатынастық қызметін кү-
шейте түсетіндігін баса айтқан: «Ин-
тонация сөйлемді тиянақтап қана қой-
май, оны түрлерге бөліп, бірінен-бірін
ажыратады, «Айтылу мақсатына қа-
рай сөйлем түрлері» деген термин тек
хабарлы, сұраулы сөйлемдерге ғана
қолдануға болса, ал оның басқа түрле-
рінің мағынасын ашуға келмейді. Ай-
тушы хабарлау арқылы түсіндіру мақ-
сатына жетсе, сұраушы жауап алу ар-
қылы мақсатына жетеді. Ал, бұйрық-
ты, лепті сөйлемдерде мақсаттан гөрі
бұйыруды, өтінуді, өкінішті, аяныш-
ты, ызаны, таңырқауды білдірушілік
əр түрлі сезімге, эмоцияға байланыс-
ты екендігі белгілі. Демек, «айтылу
мақсаты» деген термин барлық сөй-
лемдерді бір-бірінен ажыратуға тəн
бола алмайды. Оның үстіне сөйлем-
дердің мағына жақтарын көбірек қам-
тыса да, грамматикалық жасалу тəсіл-
дерін қамтымайтын сияқты көрінеді»
(Түркі тілдерінің салыстырмалы грам-
матикасы, А. 1971, 157-6,)
«Сөйлемнің интонациясы, яғни
оны айтудағы дауыс ырғағы сөйлем-
нің мағынасына байланысты, соған
орай болып келеді. Керісінше, сөй-
лемнің мағынасын оның айтылу ыр-
ғағы, интонациясы арқылы ажыра-
туга, дұрыс түсінуге болады. Мағына
мен интонация бұл жерде бір-бірімен
тығыз байланысты, Адам сөйлегенде,
біреуге белгілі бір жайды хабарлау
немесе өзіне белгісіз бірдемені сұрау
я болмаса тыңдаушының назарын бел-
гілі бір нəрсеге аудару, үндеу т.б. мақ-
сатпен сөйлейді, Сөйлемдердің осы
белгілеріне, яғни интонациялық (ай-
тылу сазына) белгілеріне сүйеніп,
оларды хабарлы, сұраулы, лепті деп,
үшке бөлеміз» дейді Ə. Хасенов (Жай
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
55
сөйлемдер синтаксисін оқытудың кей-
бір мəселелері, А.1957. 5-63 Міне,
мұнда да ғалым сөйлемдерді типтері-
не жіктеу барысында олардың ең бі-
рінші интонациялық айырмашылық-
тарын ескеру қажет екендігін айтады.
ƏДЕБИЕТТЕР
1.
Базарбаева З. Қазақ тілінің интона-
циялық жүйесі. - Алматы, 1996.
2.
Түркбенбаев Н. Интонация простых
вопросительных предложений в
казахском языке. - Алматы, 1971.
3.
Мурзалина Б. Коммуникативная
природа интонаций в сопостави-
тельном освещении. Алматы, 2003.
4.
Жиенбаев С. Сөйлемнің тыныс бел-
гілері. - Алматы, 1940.
5.
Əбілкаев А. Қазақ тіліндегі төл сөз
бен төлеу сөз. - Алматы, 1956.
Агеева С.В.,
ст.преподаватель
Нидерер В.Г.,
студентка
Костанайский государственный педагогический институт
ПРОБЛЕМЫ СТУДЕНТОВ
В СФЕРЕ ФИЗИЧЕСКОЙ КУЛЬТУРЫ И СПОРТА
Безусловно, физкультура нужна
всем! Но одни могут заниматься в ос-
новной группе, другие - в специаль-
ной, третьи - в группе лечебной физ-
культуры. Но, к сожалению, почему-
то в последнее время редко в какой
организации образования есть спец-
группы и группы ЛФК.
По статистике медицинских ос-
мотров первокурсников, в последние
годы появилась стойкая тенденция к
увеличению числа студентов, отне-
сенных к специальной медицинской
группе и даже полностью освобож-
денных от физкультуры.
Проводимые обследования пер-
вокурсников выявляют, что 13,2%
студентов отнесены к специальной
медицинской группе, а 9,9% человек
вообще освобождены от занятий физ-
культурой. Среди заболеваний преоб-
ладает патология опорно-двигатель-
ной, сердечно-сосудистой и дыхатель-
ной систем, заболевания желудочно-
кишечного тракта и др.
Такая тревожная статистика не
может не привлекать внимание об-
щественности и руководства ВУЗов к
проблеме физического здоровья сту-
дентов. Кроме негативных показа-
телей, принесенных со школы, в ВУЗе
добавляются еще новые: межличност-
ные отношения с преподавателями и
одногруппниками, проблемы прожи-
вания в общежитии, резкое изменение
образа жизни, нередко с приобрете-
нием вредных привычек, умственные
и эмоциональные перегрузки, свя-
занные с учебным процессом.
Распределение студентов по
физкультурным группам
D основная ■ подготовительная
D специальная □ освобождены
Проведенный анализ самочувст-
вия первокурсников некоторых фа-
культетов на основе самооценки пока-
зал, что у 95% обследованных присут-
ствуют жалобы, характеризующие
снижение общей жизненной энергии
организма (повышенная сонливость,
ощущение слабости, усталость, вя-
лость, головные боли); у 52% жалобы
ревматического характера (боли в сус-
тавах и конечностях, шее, пояснице,
спине); у 40% жалобы на боли в же-
лудке.
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
56
Планирование учебной нагрузки
по физической культуре в ВУЗах Рес-
публики Казахстан осуществляется на
основе таких основных нормативных
актов в сфере физической культуры и
спорта:
-
Закон Республики Казахстан
«О Физической культуре и спорте»
(1999), Государственная программа
развития физической культуры и
спорта Республики Казахстан и в
Концепции
развития
физической
культуры и спорта;
-
Приказ Министерства обра-
зования и науки Республики Казах-
стан от 29 мая 2003 года «О совер-
шенствовании процесса физического
воспитания в образовательных учреж-
дениях Республики Казахстан».
В научных исследованиях совре-
менных ученых (Андреев Г.Н., Вилен-
ский М.Я., Гилев Г.А., Ефимова И.В.,
Ковалев Н.К., Лотоненко А.В., Макее-
ва B.C., Сейранов С.Г., Таланцев А.К.,
Травин Ю. Г., Уваров В.А и др.) проб-
лемы студенчества в сфере физичес-
кой культуры и спорта поставлены
весьма остро.
Ученые находят неудовлетвори-
тельным двигательный режим студен-
тов, их отношение к физической куль-
туре и спорту. Все единодушны в том,
что учащиеся вузов должны зани-
маться физкультурой и спортом боль-
ше, с тем, чтобы они сопровождали
нынешних студентов на протяжении
всей жизни. С каждым годом значе-
ние физической культуры и спорта в
студенческой среде возрастает; задача
заключается в том, чтобы привлечь к
этим занятиям всех молодых людей,
сделать стойким положительное отно-
шение к физической культуре и спор-
ту и закрепить это отношение в их бу-
дущей жизни.
В современном обществе невоз-
можно привлекать к спорту админист-
ративным путем. Нужно изучить ин-
тересы и мотивы студентов, чтобы
усовершенствовать организацию сту-
денческого спорта и обеспечить его
дальнейшее развитие. В связи с этим
представляется актуальным изучить
спортивные
интересы
студентов
ВУЗов, проследить их динамику, выя-
вить особенности и дать практические
рекомендации по усовершенствова-
нию организации студенческого спор-
та. Проблематичен вопрос: как охва-
тить максимально большое число сту-
дентов занятиями физической культу-
рой и спортом на основе учета спор-
тивных интересов учащихся вузов.
Предполагается, что спортивные
интересы студентов имеют несколько
составляющих, таких, как предпочте-
ние какого-либо вида спорта, моти-
вация занятий физической культурой
и спортом и т.д. Эти составляющие
неравноценны и имеют тенденцию к
постоянным изменениям, в связи с
чем требуют постоянного изучения.
Изучив студенческие интересы, мож-
но будет реально учесть их при орга-
низации вузовского спорта. Смысл
этого в том, чтобы привлечь к заняти-
ям физической культурой и спортом
максимальное число студентов. Все
это поможет предельно широкому
привлечению студентов к занятиям
физической культурой и спортом на
постоянной основе, что будет способ-
ствовать распространению здорового
образа жизни среди населения страны.
Способ охвата молодежи заняти-
ями физической культурой и спортом,
должен быть основан на реализации
интересов и скрытых мотивов моло-
дых людей. Выявлено, что динамика
интересов студентов существенно из-
меняются с течением времени, и это
обстоятельство должно быть учтено
при организации вузовского спорта.
Учеными досконально изучены
мотивы, которые побуждают моло-
дежь заниматься физической культу-
рой и спортом. Выявленные мотивы
позволили разделить студентов на
пять групп, для каждой из которых
характерны определенные взгляды на
физкультуру и спорт. Это позволяет
применить пять различных подходов
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
57
к привлечению учащихся к спорту и
пять видов планирования работы ву-
зовского спортивного менеджмента.
Теоретическая значимость ис-
следования состоит в том, что моло-
дая отрасль отечественной физичес-
кой культуры и спорта - спортивный
менеджмент - пополняется новыми
теоретическими знаниями о привлече-
нии молодежи к спорту.
Новые теоретические выводы
подсказаны концептуальными поло-
жениями некоммерческого маркетин-
га о предоставлении спортивных ус-
луг населению в соответствии с его
запросами и пожеланиями. Концепция
некоммерческого маркетинга, уже на-
шедшая свое применение в других от-
раслях знаний, теперь с успехом мо-
жет быть использована в сфере физ-
культуры и спорта. Для активного
привлечения студентов к занятиям
физической культурой и спортом не-
обходимо соблюдение следующих мо-
ментов:
Удовлетворение спортивных ин-
тересов студентов, включая рост
спортивного мастерства, выбор видов
спорта, реализацию скрытых мотивов
к занятиям физической культурой и
спортом,
позволяет
максимально
привлечь студентов к спортивной дея-
тельности.
Систематическое отслеживание
динамики спортивных интересов сту-
дентов (роста спортивного мастерст-
ва, изменяющегося от максимально
возможного до достаточного для по-
сещения спортивного коллектива;
выбора видов спорта, при котором
число студентов, занимающихся низ-
корейтинговыми видами составляет 2-
3% от числа, занимающихся высоко-
рейтиновыми, а изменяемая по рей-
тингу часть видов составляет 18%;
изменения скрытых мотивов студен-
тов и др.) должно быть воплощено в
реальной организации вузовского
спорта. Такое воплощение есть залог
максимально широкого привлечения
студентов к занятиям физической
культурой и спортом.
Скрытые мотивы занятий физи-
ческой культурой и спортом, по отно-
шению студентов к физической куль-
туре и спорту, позволяют оценить
весь спектр студенческих интересов в
области вузовского спорта. Учет всего
спектра этих интересов дает воз-
можность приобщить к занятиям фи-
зической культурой и спортом наи-
большее число студентов.
ЛИТЕРАТУРА
1.
Мошков В.Н. Общие основы физии-
ческой культуры, М.: Медицина,1993.
2.
Дубровский В.И. Лечебная физичес-
кая культура, - М.: Владос, 2004.
3.
Кучанская А. Вегетососудистая дис-
тония Санкт-Петербург, 2002, ИД
«Весь».
4.
Ильинич В.И. Студенческий спорт и
жизнь. М., 1995.
5.
Массовая физическая культура в вузе.
Под ред. Маслякова В.А., Матяжова
В.С. М., 1991.
Айсенова Ж.А.,
аға оқытушы
Қанапина С.Ғ.,
аға оқытушысы, филология ғылымының кандидаты
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
МАҚАЛ-МƏТЕЛДЕГІ СИНОНИМДЕРДІҢ СТИЛЬДІК ҚЫЗМЕТІ
Əрбір адамның көңіл күйіне, көз-
қарасына, мақсатына сай ойды дəл, əрі
көркем етіп айтуда синонимдер маңыз-
ды қызмет атқарады. Осы тұрғыдан
келгенде, сын есім синонимдер эмо-
ционалды сезім-күйлер мен əр түрлі
нəзік реңктерді білдіруде ерекше орын
алады. Сын есім синонимдер тілде мы-
надай мақсаттар үшін қолданады.
1. Затттар мен құбылыстардың
қасиеттерін жан-жақты дəлме-дəл тү-
сіндіру үшін.
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
58
2. Қосымша эмоционалды-эксп-
рессивтік мəнді білдіру үшін.
3. Бір сөзді ретсіз қайталамау
үшін.
Бірыңғай синонимдік қатарға
енетін сөздердің ұқсас, сəйкес мағы-
налылықтан басқа да ерекшеліктері
жоқ емес. Жалпы лексикалық сино-
нимдерді анықтау мəселесінде бір
ұғымды білдіре келіп, түрлі экспрес-
сивтік-стилистикалық бояулар арқы-
лы ажыратылатын, бір сөз табына ене-
тін тұлғасы əр басқа сөздердің мағы-
налық ұқсастығы қатар алынғаны
жөн.
Синоним сөздердің мағыналық
үндестігі оның басқа да белгілері мен
ерекшеліктеріне негіз болады:
1. Синонимдердің лексикалық
мағыналары ұқсас, сəйкес болады.
2. Синонимдік қатарға енетін
сөздер бір ұғымды білдіреді.
3. Өзара синоним сөздер бір сөз
табына жатады.
4. Синонимдер бір-бірінен эмо-
ционалдық реңк пен экспрессивтік
мəндер арқылы ажыратылады.
Мысалы: үлгілі - өнегелі – тə-
лімді – тəрбиелі синонимдік қатарда-
ғы сөздер, жақсы тəлім-тəрбие алған
деген ұғымды білдіре келіп, өзара си-
нонимдес болып тұр. Бұл синонимдес
сөздердің мағыналары өзара ұқсас
болғанымен, бірдей емес. Үлгілі сөзін-
де үлгілі боларлық қасиет мол деген
мағына басымырақ болса, өнегеліде
дəл осы мағына алғашқы сөзден де те-
реңдей түсіп, өзіңдік мағыналық реңк-
ке ие болған. Ал тəлімді сөзінде көр-
ген түйгені көп, тəрбиеліде жақсы
тəрбиеден шыққан деген мағыналар
ілгергілермен үйлесіп тұр.
Бірыңғай синонимдік қатарға ене-
тін осы үлгілі, өнегелі, тəлімді, тəрби-
елі сөздері өзара мəндес болғанымен,
формалық, тұлғалық жағынан бірдей
емес, əркелкі. Бұл да синонимдерге тəн
ерекшеліктердің бірі. Кейде синоним-
дес сөздер əр түрлі аффикстер қосып
алу арқылы, бір түбірден пайда болса
да, олар формалық жағынан тепе-тең
бола алмайды. Ортақ түбірден пайда
болған мұндай синонимдер ұқсас
мағынаны өзара мəндес (синонимдес)
аффикстер арқылы білдіреді.
Синонимдес сөздердің келесі
ерекшелігі – олардың бір сөз табынан
болуы. Мұндай жағдайда белгілі бір
синонимдік қатарға енетін сөздер (не-
гізгі түбір болсын, негізгі аффикстер-
дің көмегімен басқа сөз табынан жа-
салған туынды түбір болсын) бір сөз
табында тұруы шарт. Мəселен, сино-
нимдік қатарға енген жоғарыдағы –
үлгілі, өнегелі, тəлімді, тəрбиелі сөз-
дері – сөз тудырушы аффикс арқылы
зат есімнен (үлгі, өнеге, тəлім, тəрбие)
жасалған туынды сын есімдер.
Сонда синонимдердің ең басты-
сы, негізгі қасиеті неде деген сұраққа
жауапты синонимдес сөздердің мағы-
насынан іздеген жөн. Синонимдес құ-
былыстағы басты ерекшелік – сөздер
арасындағы мағыналық сəйкестіктер-
дің бір ұғым төңірегінде ұштасуы.
Сол сияқты, дүниедегі құбылыс-
тардың кейбір белгілерін адамның
кейбір қасиеттерімен салыстырып,
адамға ауыстырып айту арқылы да сөз
ауыспалы мағынада жұмсалуы мүм-
кін. Мысалы, ешнəрсені көруге бол-
майтын жарықсыз мезгілді қараңғы
деп айтамыз. Шам жанбаған кездегі
қараңғылық пен оқымаған сауатсыз
адамның көңіліндегі қараңғылық са-
лыстырылып, екеуі де бір сөзбен ата-
лынған. Қараңғы сөзі бірде тура, не-
гізгі мағынада қолданылса, екіншісін-
де ауыспалы мағынада жұмсалады.
Ал, қараңғы сөзінің ауыспалы мағы-
насы сауатсыз, надан деген сөздер-
мен синонимдес болады. Осы сияқты
ерекшеліктерді, сөздің ауыспалы ма-
ғынада қолданылуын төмендегі сын
есімдерден де аңғаруға болады: сал-
мақты (тура мағына) – ауыр; салмақ-
ты (ауыспалы) – байыпты, байсалды,
сабырлы.
Шындығында, қоғам дамыған
сайын адам қолданысындағы сөздер-
дің де лексикалық мағынасы дамып,
көбейіп, негізгі мағынасына бірнеше
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
59
жаңа мағына қосылып, əсерлігі арта
түседі, яғни синонимдік қолданыстың
ауқымы күшейе түседі.
Қазіргі кезеңде лексиканың бір
саласы синонимдер жайлы тіл маман-
дары көптеген еңбектер жазып, зерт-
теу жұмыстарын жүргізуде.
Синонимде көп сыр бар. Алды-
мен, бұл - толассыз қозғалыста тұра-
тын, яғни əрқашан толығып, дамып,
тазарып, жаңарып, өзгеріп отыратын
құбылыс. Ал синонимдердің пайда
болу жайы - бүтін бір тарих. Біз қа-
растырып отырған еңбегімізде мақал-
мəтелдерде кездесетін синонимдердің
бір кішкене бөлігіне ғана талдау жа-
садық. Суреткер əр синонимнің туу
тегіне қарамайды, ұғым дəлдігіне,
айтылу ажарына қарайды. Айталық,
солдат - қазақ сөзі емес, тіпті орыс сө-
зі де емес, неміс сөзі. Біздің ана тілі-
мізде солдаттың əскер, жауынгер, сар-
баз т.б. сыңарлары бар. Ал синоним-
дік қатардағы сөздердің саны кейде
қырықтан да асып жығылады.
Синонимдер ауызекі тілге де қа-
тысты, көркем əдебиет стилінде де
қолданылады. Көркем шығармада же-
ке ақын жазушының стиль, тіл - мəнер
ерекшелігіне байланысты қолданыла-
тын антонимдер бар. Көркем шығар-
мада кездесетін антонимдердің көбі
жеке автордың өзі қолданатын кон-
текстік ыңғайындағы синонимдер бо-
лып келеді.
Мақал-мəтелдердегі
синоним-
дерге тоқталатын болсақ: «Кеңес қыл-
ған ел азбас, кеңінен пішкен тон тоз-
бас»; «Əйелдің ақылын жесірінде
байқа, баланың ақылын жетімінде
байқа»; «Жолдасың жақсы болса, жо-
лым ұзақ деме, жолдасың жаман бол-
са, қолым ұзын деме»; «Бір көрген бі-
ліс, екі көрген таныс».
Мақал-мəтелдерде
мағыналық
синонимдер бір-бірімен мағыналық
реңктер арқылы ажыратылатындық-
тан, бір стильдің өз ішінде кезектесіп,
кейде қатарма-қатар келе береді. Бұл
əрбір жеке қолданыстағы сөздердің
мағынасын жалпы ойды анық, əрі дəл-
ме-дəл нақтылы түрде жеткізу үшін
қолданылады. Мысалы: «Алпауыттан
ат мінсең, жақын болар алысың, Əдеп-
ті, арлы жар сүйсең, оңғарылар бар
ісің».
Синонимдердің өзіндік мағына-
лық реңкімен қоса, экспрессивті
стильдік мəні бар. Бұлар қолданғанда
əрқайсысы үлкейіп те, кішірейіп те,
бірінің орнын бірі баса береді.
Мағыналық синонимдер дербес
мағыналы сөз таптарының көпшілігі-
нен кездеседі. Заттық ұғымдағы сөз-
дердің ішінде мағыналық синонимдер
нақтылы ұғымдағы зат есімдерден гө-
рі, абстракциялық мағынадағы сөздер-
ден көбірек табылады.
Тіліміздегі кейбір нақтылы зат-
тың атауы болып жұмсалатын сөздер-
дің мағынасына тереңірек үңілсек,
солардың біреуі ғана конкретті ұғым-
ды білдіреді де, қалған сыңарлары əр-
дайым абстракциялық мағынада жұм-
салатындығын байқауға болады. Мы-
салы: «Бірлік қайда болса, еркіндік
сонда,
Еркіндік қайда болса, елдік сон-
да».
Бұл мақал-мəтелдегі бірлік, ел-
дік, бір-бірімен синоним ретінде жұм-
салып тұр. Беретін мағынасы ұйым-
шылдықты білдіреді, «бірлік бар жер-
де, тірлік бар» деген тіркеспен маз-
мұндас, мəндес идеяны береді. Мұн-
дағы «елдік» нақты ұғымда «бірлік»
абстракциялық мəнде айтылған.
Зат есімнен келген мағыналық
синонимдердің барлығы абстракция-
лық мағынада қолданылады. Сондық-
тан мақал-мəтелдерде немесе т.б. əр
түрлі реңк тудыру мақсатымен кезек-
тесе береді.
Абстракциялық ұғымда жұмса-
латын мақал-мəтелдердегі заттық
ұғымдағы синонимдер мен мағыналы
болып та, біреуінен-біреуінің мағына-
сы артық кем түрінде де келе береді.
Етістіктен болған синонимдердің
арасынан мағыналық синонимдер
көптеп кездеседі. Етістік синонимдер-
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
60
дің де ұғымдық көлемі бірі артық,
екіншісі кем бола беруі мүмкін.
Мəселен: «Ерлі-зайыпты, ұрысар
да керісер, керісер де келісер»;
«Ай толғанын білмейді, жігіт
болғанын білмейді»; «Кісі елінде күр-
кірегенше, өз елінде дүркіре» деген
мақал-мəтелдерде «ұрысар да кері-
сер», «толғанын - болғанын», «күркі-
регенше - дүркіре» түрінде келген сөз-
дер бір-бірімен синоним болып, іс-
əрекет, қимылды білдіру арқылы еті-
стік синонимдерге жатады. Бұл мақал-
мəтелдердің өн - бойында үлкен тə-
лім-тəрбиелік, өнеге жатқандығын
байқауға болады.
Синоним сөздер адамның жан
дүниесіндегі арпалысты, іс-əрекетпен
байланысты береді. Мұндағы етістік
түріндегі синоним сөздер мақал-мə-
телдерде стильдік мағынасы, салмағы
басым түрде жұмсалған. Осы мақал-
мəтелдегі «Кісі елінде күркірегенше,
өз еліңде дүркіре» түрінде айтылған
мақалдың мəн-мағынасы айрықша.
Себебі,, халықта мынадай мақал бар:
«Басқа елде сұлтан болғанша, өз елін-
де ұлтан бол». Алдыңғысы соңғысы-
ның мағынасымен сабақтас, мазмұн-
дас. Өйткені кез келген адам, бірін-
шіден, өз елінің азаматы, сондықтан
басқа елге, жерге барып атыңды шы-
ғарғанша, халқыңа адал қызмет етіп,
өз жеріңді, өз еліңді дүркірет, шамаң
келгенше аз да болса, өз еліңе қолқа-
быс тигізу керек мағынасында ұлттық
намыс, ұлттық таным, тəлім-тəрбие
деген идеяны мегзейді.
Етістік синонимдер белгілі бір
ұғымды бірінен-бірін сатылап үлкей-
тіп, өсіріп дамытуға соншама икемді
келеді.
Мақал-мəтелдердегі сын есімнің
құрамынан мағыналық синонимдердің
мол қорын табуға болады. Алайда бұл
синонимдердің əрқайсысы сапалық
дəрежесі жағынан əрқилы.
Сын есімнен болған кейбір ма-
ғыналық синонимдердің белгілі анто-
нимі болады да, солардың əрқайсысы
өзінше жеке-жеке синонимдік топ құ-
рып, бөлініп тұрады. Бұлар да біреуі-
нен-біреуі күшейіп, не кеміп, өзара ма-
ғына жағынан əркелкі болып келеді.
Мақал-мəтелдерде үстеулік ма-
ғынадағы сөздердің тобынан да сино-
нимдердің неше алуан түрлері ұшы-
расады. Бұлар əдеби стильдің белгілі
бір саласында жаппай жарысып қол-
даныла береді.
Бұл сөздердің жалпы мағынасы
белгілі іс-əрекеттің қимыл-қозғалыс-
тың соншалықты тездікпен өтуін көр-
сетеді. Аталған сөздер тек мағыналық
реңкі жағынан ғана емес, аффикс қа-
былдау, басқа сөздермен қарым-қаты-
насқа түсуі жағынан да түрлі-түрлі
болып келеді.
Синоним сөздердің стильдік боя-
улары ол сөздерді салыстырып қол-
данғанда айқын көрінеді.
Мақал-мəтелдердегі синонимдер
адамның сезімін, мақсатын, бағытын
дəл көрсету үшін айтылған сөздің ма-
ғыналық-эмоциялық мəнін күшейтіп
беру үшін, құбылысты кең түрде си-
паттау үшін жұмсалады. Толып жат-
қан танымдық ойлар синонимдер ар-
қылы жеткізіледі. Синоним сөздерінің
қолданылуындағы
қат-қабаттардың
сырын ашу тілді байытады, жетілді-
реді. Синоним сөздерді құбылтып қол-
дану арқылы, халықтың тіл өрнегін
сақтау мақсатынан туындағанын, сол
арқылы арнаулы баламаларымен тіз-
бектеп бергендігін байқауға болады.
Қандай да болсын, бір-біріне си-
ноним болып келген əрбір сөздің өзі-
не тəн мағыналық ерекшелігі болады.
Ол мағына контексте айқындалады.
Мысалы, «Ерлі-зайыпты ұрысар
да, керісер,
Керісер де, келісер»,
«Ұрыспас ұл болмайды, керіспес
келін болмайды» деген мақалдағы
ұрыс, керіс сөздері синоним сөздер.
Мұндағы ұрыс, керіс сөздерін бір-бі-
рімен алмастырып айтса да, одан сөй-
лем мағынасында өзгеріс болмайды.
Себебі, бұл мақалдардағы синоним
сөздер мағыналық жағынан бір-бірі-
нен сəл жоғары, сəл төмен дəрежеде
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
61
болып келген. Мақал-мəтелдердегі си-
нонимдер градация жолымен өзгеріп
отырады.
Мұндағы, ұрыс сөзіне қарағанда
оның синонимдік сыңары керіс сөзі-
нің мағыналық салмағы күштірек
екендігін сезуге болады.
Синонимдер мағыналарының де-
ректі жəне дерексіз болып келуіне қа-
рай да ажыратылады. Мысалы, мақал-
мəтелдердің көбі дерексіз мағынада
келеді.
Əдепті-арлы, ұрыс-керіс, ұзақ-
ұзын, азбас-тозбас деген синонимдер
дерексіз қолданыста келген.
Бірінші синонимдер қатар кел-
тіріліп, сөз мағынасын бірте-бірте өсі-
ріп немесе əлсірету арқылы яғни, гра-
дация жолымен айтайын деген ойдың
экспрессивтік бояуын күшейте түс-
кен. Синонимдік қатар жасап, мағы-
налық реңктерін бір-біріне асыра, да-
мыта сипаттайды.
Мақал-мəтелдегі зат есім сөз та-
бынан жасалған синоним сөздердің
мол қорын кездестіруге болады. Мə-
селен, «Он адам жүрген із, жүз адам
жүрген жерде соқпақ,
Мың адам жүрген жерде жол
қалады».
Мағыналары жақын сөздердің
бірі - жол, соқпақ, із. Бірақ «жол»
мен «соқпақ» дəл бір мағынаны
білдіреді деуге болмайды, «жол» сө-
зінің мағынасы кең, яғни жолдың то-
лып жатқан түрі бар. Ал, «соқпақ жол»
болатын болса, жолдың тар болып
келетінін, кісі ғана жүретін атауы. Олай
болса, сөйлемде бұл екі сөздің сəл
мағыналық
айырмашылығы
бол-
ғанымен, көп жағдайда бұл екі сөзді
алмастыра беруге болады. Ал, «соқпақ»
деген сөзді оның синонимі «із» сөзімен
ауыстыра беруге болмайды.
Мақал-мəтелдегі берілген сино-
ним сөздердің өзі белгілі бір мағы-
наны бір-бірінен асыра, дамыта оты-
рып, ең соңында «жол» сөзінің мағы-
насы үлкен ұғымды білдіріп, мақал-
дың стильдік жүгін көтеріп тұрғанды-
ғын байқаймыз.
Жалпы көркем əдебиетті алсақ
та, мақал-мəтелдерді алсақ та, халық-
тық танымды білдіру барысында,
доминант сөзді дұрыс анықтап, бел-
гілеп қолдану үрдісін көруге болады.
Сонымен бірге, мақал-мəтелдердегі
синонимдер халық тілінің кемеліне
келіп, қаншалықты жетілгендігін,
оның бейнелілігін көрсетеді.
Мақал-мəтелдер арқылы халқы-
мыз өзінің ойлаған ойын, көңіл-күйі
мен көзқарасын нақтылы, əрі көркем
түрде жеткізу үшін синоним сөздерді
айырықша қолданған. Мақал-мəтел-
дер арқылы ана тілінің синонимдік
молшылығын емін-еркін, көңілдегі
көрікті ойды өз мəнінде барлық реңк-
терімен түгел қамтып жеткізгендігі
көрінеді.
Сонымен қатар, мақал-мəтелдер-
де синоним сөздер белгілі бір ұғымды
түрлі белгілерімен жан-жақты сипат-
тап көрсету үшін бір-біріне қарсы қой-
ылып та, салыстырылып та, ыңғайлас-
тырылып та қолданылған. Мəселен,
«Үлгісізден би қойсаң, үлгісі
болмайды,
Қаһарсыздан хан қойсаң, өсиеті
болмайды».
Белгілі бір ұғымды толық қам-
тып көрсету мақсатымен, бірнеше си-
ноним қатарма-қатар қолданылады.
Мəселен, «Əдепті, арлы жар сүйсең,
оңғарылар бар ісің»,
«Бірлік-барлық, байлық, бақыт»
деген мақал-мəтелдердегі жеке сөз-
дерден болған синонимдердің бірың-
ғай мүше ретінде қолданылуы, сөй-
лемнің бояуын қалыңдатып, ойды дəл
жеткізіп, көріктілік пен бейнелікті
берген.
Мақал-мəтелдердегі синонимдер
адамның сезімін, мақсатын, бағытын
дəл көрсету үшін, иронияны, толып
жатқан нəзік ньюанстарды, тарихи ко-
лориттерді туғызу үшін, айтылған сын-
ның мағыналық-эмоциялық мəнін кү-
шейтіп беру мақсатында, құбылысты
кең түрде сипаттау мақсатында көрініс
берген. Тілдегі синоним сөздің неше
түрлі ойларын, нəзік жерлерін меңгеру
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
62
тек тілді байытады. Мақал-мəтелдерде
бір мағынаны білдіріп тұратын сөздер
кейде қатарластырып, тізіліп айтылуы,
халықтық тілдің өрнегін сақтау мақ-
сатымен ол сөздерді арнаулы балама-
ларымен тізбектеп береді.
Жоғарыда келтірілген мақал-мə-
телдердегі синонимдік қатарлардың
қолданысынан алдыңғы сөйлемде не-
месе қатар тұрған сөйлемде бір рет пай-
даланған сөзді қайталамас үшін, екін-
шіден, белгілі бір ұғымды жан-жақты
сипаттап көрсету үшін синонимдер бір-
біріне қарсы қойылып та, салыстыры-
лып та келе беретіндігін, үшіншіден,
белгілі бір ұғымды толық көрсету
мақсатымен, қатарма-қатар қолданыл-
ғандығын байқауға болады. Қазақ ма-
қал-мəтеліндегі синоним сөздердің қыз-
меті айқын, нақты, шынайы өте шебер
қолданылғандығы анық байқалады.
Біріншіден, мақал-мəтелдегі си-
ноним сөздерді бір-біріне қатарласты-
ра жұмсау арқылы айтайын деген ой-
ды анығырақ беру үшін сөздерді қо-
сарлау арқылы жалпыхалықтық ұғым-
ды көрсетуде жұмсаған.
Екіншіден, мағыналас сөздер то-
бы бір ғана ақиқат шындыққа негізде-
ліп бір ұғым мағынаның əр түрлі реңк-
терін бір-бірінен оздырып, түрлендіріп
қолдану қызметінде жұмсайды.
Үшіншіден, мақал-мəтелдердегі
синонимдер сөйлемнің бір жолында
қатар келіп градация (сөз мағынасын
бірте-бірте күшейту немесе əлсірету)
арқылы оның экспрессиясын артты-
рудағы орны ерекше. Мақал-мəтел-
дердегі синоним сөздердің мол ұшы-
расуы тіліміздің бай, мағыналас сөз-
дердің сөйлем мазмұнын байытудағы
орны ерекше екендігін, образдылық
тудырып тыңдаушыға əсер ету күші
басымдылығын, көп ойды аз сөзбен
ықшамдап беру қасиетін байқауға бо-
лады.
Қорыта келгенде, мақал-мəтел
тіліндегі мағыналас сөздердің қолда-
нылуы, мақалдың көркемдігін, эксп-
рессивті-эмоционалдық бояуын ай-
қындау үшін, халықтың тəлім-тəрбие-
лік, өмірлік көзқарасын шынайы бей-
нелеу үшін ойды тереңдетіп беруде
өте ұтымды стильдік мақсатта қол-
данған.
ƏДЕБИЕТТЕР
1.
Оразбаева Ф.Ш. Қазіргі қазақ тілін-
дегі сын есім синонимдер. Алматы:
Мектеп, 1988.- 3 б.
2.
Қанапина С.Ғ. «Қазақ тіліндегі ма-
қал-мəтелдердің танымдық бейне-
лілігі (Ғ.Мұстафин, С.Мұқанов шы-
ғармалары негізінде) Алматы, 2006.
Б. 5-12.
Достарыңызбен бөлісу: |