Түпнұсқада келесі атауда жарияланған Reviews of National Policies for Education



Pdf көрінісі
бет21/42
Дата09.03.2017
өлшемі4,17 Mb.
#8679
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42

150 - 
МАЗМҰНЫ
проблемаларды  жас  мұғалімдерге  табысты  еңсеру  үшін  қажетті  қолдауды  қамтамасыз
етуді  санайды.  Дегенмен,  бұл  бағдарлама  қаншалықты  деңгейде  мемлекеттің  түрлі
облыстарында,  ауылдық  жерлер  мен  қалада  және  барлық  пәндер  мен  сыныптар  бойынша
жүзеге  асырылатындығы  туралы  ақпарат  жоқ.  Мемлекеттің  барлық  аумағында  жас
мұғалімдердің  әдістемелік  сұранысын  қанағаттандыру  үшін  тәлімгерлік  жеткілікті
жағдай  болып  табылады  ма,  әсіресе,  ауылдық  жерлерде  жоғары  білікті  мұғалімдердің
жетіспеушілігі  жағдайында  түсініксіз.  Бұдан  басқа,  тәлімгерлік  бағдарламасында  алдағы 
бөлімде  ұсынылғандай,  кәсіптік  стандарттармен  нақты  байланысы  жоқ.  Жас
мұғалімдердің  лауазымға  кіріспе  бағдарламасы  міндетті  сипатта  болатын  көптеген 
мемлекеттерде  осы  бағдарламаны  табысты  аяқтау  мұғалімнің  толық  сертификаттауды 
алуы  үшін  қажетті  жағдай  болып  табылады  (ЭЫДҰ,  2005).  Сарапшылар  тәлімгерлік 
бағдарламасын  табысты  аяқтау  жағдайының  кәсіптік  стандарттармен  нақты  келісілген 
және аттестаттау жүйесімен байланысы болуын ұсынады.
 
Үздіксіз кәсіптік даму мен қолдаудың мүмкіндіктері 
Кәсіптік  даму  тек  мұғалімдердің  сапасын  арттыру  үшін  маңызды  құрал  болып 
табылмайды,  дегенмен,  мұғалімдерді  мамандықта  ұстап  қалуға  көмектеседі  (ОЭСР, 
2005).  Тұрақты  кәсіби  даму  мұғалімдерге  өздерінің  бастапқы  оқыту  мен  лауазымға
кіріспе  кезеңінде  алған  білімі  мен  дағдыларын  жаңартуға  және  дамытуға  мүмкіндік 
береді.  Үздіксіз  кәсіптік  даму  үшін  қажетті  қолдауды  қамтамасыз  ету  жаңа  оқу
бағдарламалары  мен  оқыту  мен  білім  беру  саласындағы  жаңа  зерттеулер  негізінде 
педагогикалық  тәжірибе  өзгерістерін  жасау  қажеттілігін  арттыру  бойынша  реформаларды 
жүзеге  асыру  мәнмәтінінде  аса  маңызды  болып  отыр.  Қазіргі  таңда  Қазақстанда  осы
мәнмәтін  қалыптасып,  мұнда  мұғалімдердің  біліктілігін  арттыруға  жаңа  мүмкіндіктерді
жасау  үшін  маңызды  күш  салынатыны  сөзсіз.  Мұғалімдерді  дамыту  мүмкіндігі  сияқты 
қамтамасыз  ету  жүйесіндегі  маңызды  өзгерістерді  жүзеге  асыруда  көптеген  мемлекеттер 
кездесетін  проблема  педагог  кадрлардың  бастапқы  дайындығы  мен  лауазымға  кіріспе 
жүйесімен  байланысқан,  кәсіптік  даму  құрылымының  келісілген  бөлігі  болатын,  нақты 
кәсіптік  стандарттарға  негізделген  осы  өзгерістердің  қажеттілігіне  түйінделеді  (ЭЫДҰ, 
2005).
Қазақстан  Республикасы  білім  және  ғылым  Министрлігінің  Мектепке  дейінгі  және 
орта  білім  беру  Департаментінің  деректеріне  сәйкес  2012  жылы  мектепке  дейінгі  және 
орта  білім  беретін  72  508  мұғалім  педагог  кадрлардың  біліктілігін  арттыратын
қысқамерзімді  курстардан  өтті.  TIMSS  2011  нәтижелері  Қазақстандағы  қатысу  деңгейінің
халықаралық  орташа  көрсеткіштермен  салыстыру  бойынша  жеткілікті  жоғары  екенін
болжамдайды.  Жаратылыстану  ғылымдары  циклы  мен  математика  пәндерінде 
мұғалімдері  зерттеу  жүргізгенге  дейін  екі  жыл  бойы  кәсіптік  дамытуға  қатысқан  8-ші 
сынып  оқушыларының  үлесі  халықаралық  орташа  көрсеткіштерден  бірнеше  пайыздық 
пункт жоғары (4.11 Кестені қараңыз).
 
150
 - 4 ТАРАУ. МЕКТЕПТЕРДІ БІЛІКТІ МҰҒАЛІМДЕРМЕН ЖӘНЕ ТИІМДІ 
          БАСҚАРУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТИІМДІ САЯСАТ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
 - 151
Кесте 4.11 Дамыту салалары бойынша кәсіптік дамытуға қатысқан 
мұғалімдер пайызы 
Кәсіптік дамыту салалары
Қазақстан
Халықаралық 
орташа 
көрсеткіш
Ж
ара
тылыст
ану ғылымдары 
пәндері
Жаратылыстану ғылымдары пәндерінің мазмұны
76 (1.9)
55 (0.5)
Жаратылыстану ғылымдары пәндерінің педагогикасы/
оқыту
83 (1.8)
58 (0.5)
Жаратылыстану ғылымдары пәндерінің оқу 
бағдарламасы
73 (2.1)
53 (0.5)
Жаратылыстану ғылымдары пәндерінде АКТ қолдану
90 (1.2)
49 (0.5)
Оқушылардың сыни ойлауын және зерттеу дағдыларын 
дамыту
66 (2.6)
43 (0.5)
Жаратылыстану ғылымдары пәндері бойынша бағалау 
процесі
65 (2.8)
48 (0.5)
М
ат
ема
тик
а
Математиканың мазмұны
74 (3.4)
55 (0.5)
Математиканың педагогикасы / оқыту
78 (3.4)
58 (0.6)
Математиканың оқу бағдарламасы
68 (3.8)
52 (0.5)
Математикада АКТ қолдану
85 (2.9)
48 (0.5)
Оқушылардың сыни ойлауын және зерттеу дағдыларын 
дамыту
66 (3.9)
43 (0.6)
Математика бойынша бағалау процесі
56 (3.9)
47 (0.5)
Ескерту: Стандартты олқылықтар жақшада көрсетілген.
Дереккөз: TIMSS 2011 деректер базасы.
Заңдар  мен  нормалар  мұғалімдерден  тұрақты  өздерінің  кәсіби  шеберліктерін
жетілдіруді  және  бес  жылда  бір  реттен  кем  емес  кәсіптік  дамытудың  формалды
бағдарламаларына  қатысуын  талап  етеді.  Қазақстан  Республикасы  білім  және  ғылым
Министрлігінің  деректері  бойынша  мұндай  кәсіптік  дамыту  72  сағаттан  кем  емес
(қысқамерзімді  курстар)  және  төрт  айдан  аспайтын  (Қазақстан  Республикасының  «Білім 
туралы»  Заңы)  болып  бөлінетін  біліктілікті  арттыру  курстарының  нысанын  барлығынан
жиі  қабылдайды.  Мұғалімдердің  біліктілікті  арттыру  курстарына  баруына  қатысты 
шешім  мектеп  деңгейінде  қабылданады.  Мұғалімдер  пайдалана  алатын  кәсіптік
дамытудың  басқа  нысандары  «тағылымдама»  мен  «қайта  даярлау»  болып  табылады. 
Тағылымдамалар  мектеп  бекіткен  мұғалімнің  жеке  даму  жоспарының  бөлігі  болуы  тиіс. 
Мұғалімдер  сыртқы  ұйымдардың,  кәсіпорындардың  немесе  мемлекеттік  органдардың
озық  тәжірибелерін  үйрену  мақсатында  тағылымдамадан  өтеді.  Кейбір  жағдайларда
тағылымдаманы  шетелде  өтуі  мүмкін.  Қайта  даярлау  кәсіптік  дамыту  мекемелерінде 
жүзеге  асырылады  және  анағұрлым  академиялық  бағытта  болады.  Ол  мұғалімдерге  айлық
жалақысын  арттыруға  апаратын,  бакалавриат  базасында  екінші  жоғары  білім  туралы
дипломды жеделдетілген нысанда алуға мүмкіндік береді.
Білім  беру  ұйымдарының  қызметкерлерін  қайта  даярлау  біліктілікті  арттыратын  оқу
орнымен  жасалған  келісімшарт  негізінде  жүзеге  асырылады  және  280  сағаттан  кем  емес
көлемде  бейіні  бойынша  жүргізіледі.  Жоғары  білікті  профессор-оқытушылар  құрамы  бар
оқу  орындарының  білім  беру  ұйымдары  қызметкерлеріне  жоғары  білім  базасында  екінші
4 ТАРАУ. МЕКТЕПТЕРДІ БІЛІКТІ МҰҒАЛІМДЕРМЕН ЖӘНЕ ТИІМДІ БАСҚАРУМЕН
   
                            ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТИІМДІ САЯСАТ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
152 - 
МАЗМҰНЫ
жоғары  білім  туралы  диплом  беретін  қайта  даярлауды  ақылы  негізде  жүзеге  асыру  құқы
бар.  Оқу  ұзақтығы  1  440  сағаттан  кем  болмауы  және  екінші  жоғары  білім  туралы  диплом
берумен аяқталуы керек.
Сонымен  қатар,  қазақстандық  мұғалімдер  үшін  (шағын  көлемде)  «Болашақ»
бағдарламасы  аясында  Халықаралық  бағдарламалар  орталығы  ұсынатын  кәсіби
дамытудың  басқа  мүмкіндігін  атап  өткен  жөн.  2008  жылдан  бастап,  бұл  бағдарлама
ғылыми  және  педагогикалық  қызмет  саласындағы  кәсіптік  оқыту  мен  тағылымдамалар
үшін  ұзақтығы  12  айға  дейін,  бірақ  3  айдан  кем  емес  стипендияларды  ұсынады.  2012
жылы  тізімге  тағы  екі  бағыт  қосылды  -  медицина  және  инженерлік  іс.  Үш  жылдан  кем
емес  жұмыс  өтілі  бар  мұғалімдер  осы  бағдарламаға  қатыса  алады,  оның  үстіне,  орташа 
қабылдау  коэффициенті  50%-ды  құрайды.  Бұл  бағдарлама  дайындау  бағдарламасына
енгізілген  курстарды  әзірлеуге  көмек  ететін  серіктес  ЖОО-мен  жұмыс  істейді.  Оқыту
ағылшын  тілі  курсынан  (тілдік  дайындықты  қажет  ететін  мұғалімдер  үшін)  басталады, 
одан  кейін  педагогикалық  оқыту  (мысалы,  оқытудың  инновациялық  әдістері,  модульдік
оқыту  және  ағылшын  тіліне  үйрету)  жүргізіледі.  Мұғалімдер  Қазақстанға  қайтып  келіп, 
осы  бағдарламаны  (ауылдық  мектепте  сабақ  беретін  мұғалім  сол  ауылдық  жердегі
мектепке  келіп  сабақ  беруі  міндетті)  аяқтағаннан  кейін  үш  жылдан  кем  емес  мерзім  бойы 
оқытуы  керек.  Халықаралық  бағдарламалар  орталығы  берген  ақпаратқа  сәйкес  2013
жылы  ғылыми  және  педагогикалық  қызмет  саласындағы  кәсіптік  оқытуға  бөлінген
стипендиялар  саны  697  адамды  құрады,  оның  ішінде,  тек  2013  жылы  78  стипендия 
мұғалімдерге  тағайындалды.  Өкінішке  орай,  бұл  бағдарламаның  ұзақмерзімді  жүзеге  асу
мәселесі анық емес, 2016 жылдан кейін ұзақмерзімді жоспарлау жасалмаған.
Ең  соңғысы,  қазіргі  таңда  халықаралық  әріптестермен  (негізінен  Кембридж
университетінің  Білім  беру  факультеті)  және  «Назарбаев  зияткерлік  мектептері»  ДББҰ
Педагогикалық  шеберлік  орталығымен  бірлестікте  әзірленген,  жаңа  көпдеңгейлі  оқыту
бағдарламасының  құрылымын  құруға  бағытталған,  мұғалімдердің  үздіксіз  кәсіби  дамуы 
саласындағы  амбициозды,  эмпирикалық  негізделген  реформалар  дайындалуда.
Бағдарлама үш деңгейден тұрады:
  Ÿ 
Базалық: 
сыныптағы 
оқу 
процесін 
басқаруға 
мұғалімдерді 
оқыту;
  Ÿ 
Негізгі: 
мектептегі 
оқу 
процесін 
басқаруға 
мұғалімдерді 
оқыту;
  Ÿ 
Жетілдірілген:  мектептер  желісіндегі  оқу  процесін  басқаруға  мұғалімдерді  оқыту. 
   Бұл  деңгей,  шын  мәнінде,  төменгі  деңгейдегі  бағдарламаларды  жүзеге  асыру  үшін
   «жаттықтырушыларды» оқытуға бағытталған. 
Бағдарламаның  әр  кезеңі  үш  жүйелі  ұзақтығы  бір  ай  кезеңнен  тұрады.  Бірінші  ай
жұмыс  орнынан  тыс  жерде  өтеді  және  бағдарламаның  негізгі  идеяларымен  таныстыруға
арналады.
7
  Екінші  ай  педагогикалық  жұмыс  жағдайында  (оқу  орталығының  қолдауымен
онлайн  режимде)  әдістерді  тәжірибеде  жүзеге  асыру  үшін  мұғалім  жұмыс  істейтін 
мектепте  өтеді.  Соңғы  ай  жұмыс  орнынан  тыс  жерде  өтеді  және  мұғалімнің
педагогикалық  тәжірибесінде  орын  алған  өзін-өзі  талдау,  мұғалімнің  әріптестерімен
жұмысын  талдау,  өзгерістерге  бағалау  жүргізу  бойынша  жұмысты  қарастырады.
Мұғалімдер  бағдарламаны  аяқтаған  соң  портфолио  дайындауы,  презентация  әзірлеп, 
Астана  қ.  «Назарбаев  зияткерлік  мектептері»  ДББҰ  Педагогикалық  өлшемдер
орталығында  емтихан  тапсыруы  тиіс.  2012  ж.  деректерге  сәйкес,  шамамен,  7%
мұғалімдер  бұл  бағдарламадан  табысты  өтпейді.  Базалық  деңгейді  аяқтаған  мұғалімдер
айлық  жалақысына  30%  қосымша  ақы  алады.  Негізгі  деңгейді  табысты  аяқтаған
мұғалімдер  айлық  жалақысына  70%  қосымша  ақы,  ал  жетілдірілген  деңгейді  аяқтағандар
 100% қосымша ақы алады.
152
 - 4 ТАРАУ. МЕКТЕПТЕРДІ БІЛІКТІ МҰҒАЛІМДЕРМЕН ЖӘНЕ ТИІМДІ 
          БАСҚАРУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТИІМДІ САЯСАТ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
 - 153
Жетілдірілген  деңгейді  оқыту  «Назарбаев  зияткерлік  мектептері»  ДББҰ
Педагогикалық  шеберлік  орталығының  күшімен  жүзеге  асырылады.  Осы  деңгейде  оқудан
өту  үшін  мектеп  директорлары  үміткер  етіп  ұсынған  озық  мұғалімдер  жіберіледі  және
облыстық  білім  беру  департаменттерімен  іріктеледі.  Негізгі  деңгейде  оқыту  «Өрлеу»
біліктілікті  арттыру  Ұлттық  орталығында  өтеді.  Базалық  деңгейде  оқытуды
мұғалімдердің  біліктіліктерін  арттыру  орталықтарында  (әр  облыста  біреуден,  қосымша
біреуі  Алматы  қ.  және  біреуі  Астана  қ.)  өтуге  болады.  Бұл  бағдарламаны  жүзеге  асыру
әзірге  бастапқы  деңгейде  болып  отыр,  демек,  тек  шағын  көлемдегі  мұғалімдер  осы
оқудан  өту  мүмкіндігін  алды.  2012  жылы  бірінші  жартыжылдықта  286  мұғалім  осы
бағдарлама  бойынша  «жаттықтырушы»  болу  үшін  жетілдірілген  деңгейдегі  оқудан  өтті, 
165  мұғалім  негізгі  деңгейдегі  оқудан  өтті  және  3  038  мұғалім  базалық  деңгейдегі  оқудан
өтті.  Үкімет  осы  бағдарламаның  көмегімен  алдағы  бес  жыл  мерзімде  120  000  мұғалімнің
біліктілігін арттыруды мақсат етіп қойды.
Осы  амбициозды  бағдарламаны  анағұрлым  кең  көлемде  өрістеуде  оқудан  өткен
мұғалімдерді  теңдей  бөлуді  қамтамасыз  ету  және  бағдарламаның  жоғары  нәтижелер  көрсетіп
жүрген  мұғалімдердің  ғана  пайдасына  жүргізілмеуі  қажет  болады.  Сондай-ақ,  осы
бағдарламаның    қысқамерзімді  және  ортамерзімді  перспективалы  өлшемді  нәтижелеріне
қатысты  шынайы  болжамдарды  орнату  қажет.  Мысалы,  PISA  немесе  TIMSS  келесі
кезеңінің  нәтижелерін  қолдану  осындай  бағдарламаның  табысын  бағалау  үшін
ұсынылмайды.  Осы  оқыту  бағдарламасы  ұмтылған  педагогикалық  тәжірибелер  мен
оқытудағы  көзқарастардың  өзгерістері  көрінгенге  дейін  барлық  жүйе  көлемінде  осы
өзгерістерді  насихаттайтын  мұғалімдердің  сындарлы  салмағы,  жүйенің  барлық
деңгейлері  мен  барлық  мектептерде,  оның  ішінде,  шағын  жинақталған  мектептерде 
қалыптасуы  керек.  Осы  өзгерістерге  ықпал  ету  мақсатында  сарапшылар  мұғалімдердің  де
осы  бағдарламаға  қатысуын  ұсынады.  Олар,  сондай-ақ,  мектеп  әкімшілігінің  де  осы  оқу
бағдарламасына  қатысуы,  оқытудың  жаңа  көзқарастарын  білуі  және  өзгерістерді 
сәйкесінше  жүзеге  асыру  үшін  мектептерде  оңтайлы  жағдай  жасауы  тиіс  екендігін  атап 
өтті.
 
Кәсіптік дербестік және шешім қабылдауға қатысу  
Мұғалім  мамандығының  беделін  арттыру  үшін  мұғалімдерге  нағыз  маман  ретінде
қарау  керек.  Бұл  оларға  кәсіптік  тәуелсіздік  құқығын  беруді,  өз  сабақтарында
оқушылардың  оқу  процесін  қарастыруды  және  ұйымдастыруды,  сонымен  қатар,  мектеп 
деңгейінде  және  жалпы  жүйеде  білім  беру  мәселелеріне  қатысты  шешімдерді  қабылдау 
процесіне мұғалімдерді тартуды білдіреді.
Мұғалімдердің  шешім  қабылдауға  қатысуы  мектеп  деңгейінде,  мысалы,  мектепті
ұжымдық  басқару  жүйесі  және  мектептік  кеңестер  немесе  комитеттерге  қатысуы  арқылы
жүзеге  асырылуы  мүмкін.  Мұндай  жағдайларда  мұғалім  мектептік  қауымдастықтың 
басқа  мүшелерімен  бірге  жалпы  мектептік  бағдарламаның  басқару  принциптерін, 
тәртіптік  мәнмәтіндегі  мектеп  жұмысының  ішкі  ұйымдастыруын,  мектептің
материалдық-техникалық  базасын  басқаруды,  педагогикалық  мәселелерді  үйлестіруді, 
оқушылармен  жұмысты  басқаруды  және  т.б.  әзірлеуге  қатысады.Осы  деңгейде  мектеп 
және  мектепті  басқару  деңгейінде  шешім  қабылдауда  мұғалімдердің  қатысуының  кәсіби
оқыту мен мұғалім мамандығының мәртебесін көтеру үшін зор маңызы бар.
Сарапшылар  болған  мектептерде  мұғалімдердің  қатысуы  белгілі  деңгейде,
мұғалімдер,  әсіресе,  дарынды  балаларға  арналған  мектептерде,  жан-жағынан  алып
қарағанда,  мектептік  саясатты  әзірлеуде  маңызды  роль  атқаратындығы  байқалды. 
Сарапшылар  мектеп  үшін  оқу  материалдарын  (оқулықтарды  қосқанда)  әзірлеген 
мұғалімдермен  және  олардың  сөздеріне  қарағанда,  мектепте  инновациялық 
4 ТАРАУ. МЕКТЕПТЕРДІ БІЛІКТІ МҰҒАЛІМДЕРМЕН ЖӘНЕ ТИІМДІ БАСҚАРУМЕН
   
                            ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТИІМДІ САЯСАТ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
22 - 
МАЗМҰНЫ
Кесте 1.2 Қазақстанның АӘДИ трендтері
Туылған кездегі 
жобаланған өмір сүру 
ұзақтығы 
Мектепте оқытуға 
жобаланған жыл 
саны 
Мектепте оқытудың 
орташа жыл саны 
Халықтың 
жан басына 
шаққандағы ПІН 
(2005 ж., САМП 
АҚШ долл.)
АӘДИ 
мәні
1980
65,0
11,6
6,1
..
..
1985
66,9
11,6
7,0
..
..
1990
66,7
12,4
7,7
..
..
1995
63,9
11,9
8,8
4,462
0,642
2000
63,5
12,3
9,9
5,039
0,663
2005
65,2
14,9
10,2
7,880
0,721
2010
66,7
15
10,4
9,569
0,744
2011
67,0
15,3
10,4
9,920
0,750
Дереккөз: БҰҰДБ, 2013
Дегенмен,  өмір  сүрудің  орташа  ұзақтығы  кіріс  деңгейі  ұқсас  мемлекеттермен
салыстырғанда  бұрынғыдай  төмен  деңгейде  қалып  отыр,  сондай-ақ,  соңғы  онжылдық
бойы  байқалған  жақсартуларға  қарамай,  ана  мен  бала  өлiм-жiтiмiнiң  және  5  жасқа  дейінгі
балалар  өлiм-жiтiмiнiң  көрсеткіштері  әлі  де  өте  жоғары.  Қазақстан  әлі  денсаулық  сақтау
саласындағы  мыңжылдықтың  даму  мақсаттарына  қол  жеткізген  жоқ,  дегенмен  мұны  2015
 жылы орындауға ниетті (Дүниежүзілік банк, 2012).
Тілдік, этникалық және діндік әр түрлілік
Қазақстандық  қоғамның  мәдени  және  этникалық  аспектілері  өте  әр  түрлі.  Бұл  әр
түрлілік  кейбір  тарихи  себептерге,  сонымен  қатар,  оның  ішінде  үкімет  жүзеге  асыратын
түрлі  этникалық  топтарды  тарту  мен  қалдыру  және  олардың  ұлттық  экономикаға  қосатын
үлесін  арттыру  мақсатындағы  мультимәдениеттілік  саласындағы  проактивті  саясатқа
байланысты.  Бұл  мемлекеттік  басқару  аясында  жүргізілген  көші-қон  және  азаматтық
саласындағы  саясаты  Қазақстанға  «Сингапур  даласы»  деп  атауға  себеп  болды  (Хайнрих,
 2010).
Соңғы  халық  санағына  сәйкес  (2009  ж.)  Қазақстан  халқының  63,1%-ы  этникалық
қазақтар,  23,7%  -  орыстар,  2,9%  -  өзбектер,  2,1%  -  украиндар,  1,4%  -  ұйғырлар,  1,3%  -
татарлар,  1,1%  -  немістер  және  4,4%-ы  өздерін  басқа  кішігірім  ұлттарға  жатады.
Қазақстан  халқының  басым  бөлігі  ислам  дінін  ұстанады:  республика  азаматтарының 
70,2%-ы  өздерін  мұсылман  санайды,  ширек  бөлігі  (26,3%)  христиандықты  мойындайды,
3,5%-ы  басқа  діндерді  немесе  ешқандай  дінді  ұстанбайтындығын  көрсетеді.  Басқа
мемлекеттің азаматтығы бар адамдар тек 0,4% болды.
Ресми  мемлекеттік  тіл  мәртебесі  бар  қазақ  тілінде  халықтың  үштен  бір  бөлігі
сөйлеседі.  Екінші  ресми  тіл  -  орыс  тілі,  оны  95%  халық  меңгерген,  сондықтан  оны 
«ұлтаралық қарым-қатынас тілі» деп атайды.
2009  ж.  халық  санағына  сәйкес  қазақ  тілін  74%  халық  түсінеді,  бірақ  62%-ы  ғана
еркін жазып, оқи алады. Халықтың 95%-ға жуығы орыс тілін сөйлесу деңгейінде түсінеді, 
оны  88,2%  еркін  оқиды  және  84,8%  еркін  жаза  алады.  Ағылшын  тілін  15,4%  халық
түсінеді,  ал тек 10,2%-ы ғана  еркін оқып, жаза алады. Ұлттық біркелкілікті дамыту және
ТАРАУ 1: ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
 - 155
 білім беру бағдарламаларын аккредиттеуді қарастыру және жүзеге асыру, мамандыққа кіріспе мен 
жаңа  мұғалімдердің  сынақ  мерзімі  бойынша  рәсімдерді  орнату  және  жаңа  мұғалімдердің  сынақ 
мерзімі туралы тәртіптерді орнату және мұғалімдердің Реестрін жүргізу жүктелген.
Кәсіби  тәжірибе  мен  тәртіптің  стандарттарын  қолдау  және  жетілдіру:  Кеңес  мұғалімдерге 
арналған  оқыту,  білім,  дағды  және  құзіреттілік  стандарттарын  қамтитын    кәсіби  этика  кодексін 
жариялайды. Кеңес кәсіби тәртіптің жоғары стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді. Кеңес 
мұғалімдердің үздіксіз кәсіби даму бағдарламаларын қарастырады және аккредиттейді.
Мұғалімдердің  Реестрін  құру  және  қолдау:  Кеңес  мұғалімдердің  Реестрін  қолдау  бойынша 
жұмыстарды жүргізеді. Реестрге тіркеу мұғалімдердің біліктілік талаптарды қамтитын Кеңес тіркелу 
шарттарына сай болғанда жүзеге асырылады.
Ғылыми  зерттеулерге  ықпал  ету  және  білім  беру  қызметіне  қатысатын  мұғалімдермен, 
ұйымдармен  және  жұртшылықпен  ақпарат  алмасу  үшін  рәсімдерді  орнату:  Кеңес  зерттеулер 
жүргізеді, кәсіптік мәселелер бойынша білім беру саласындағы серіктестерімен және білім берудің 
кең  қауымдастығымен  тұрақты  кеңеседі.  Ғылыми-зерттеу  қызметіне  бөлінетін  өз  шәкіртақылары 
мен  гранттары  арқасында,  Кеңес  онда  тіркелген  мұғалімдерді,  олардың  кәсіптік  дамуы  аясында 
жүргізілген зерттеулерді марапаттайды.
Білім және ғылым министрлігіне педагог кадрларды және бірқатар кәсіптік сұрақтарды ұсыну 
мәселелері  бойынша  кеңес  беру:  Кеңес  өзінің  зерттеу  мен  кеңес  беру  қызметі,  сонымен  қатар, 
мұғалімдер Реестрінде қамтылған кең ақпараттар спектрі негізінде министрге педагог кадрларды 
және бірқатар кәсіптік сұрақтарды ұсыну мәселелері бойынша кеңес береді.  
Оқытуды мамандық ретінде ілгерілету: Кеңес Ирландиядағы оқыту сапасын ашық мойындайды 
және күшейтуге ықпал етеді. Кеңес мұғалім роліне жоғары білікті үміткерлерді тартуды қамтамасыз 
ету үшін түрлі әдістер мен мүмкіндіктерді қолданады.
Чили: Кең көлемді реформалар жүргізу үшін оқытушылармен кеңесу 
 
Халықаралық тәжірибе реформаларды табысты жүзеге асыру үшін білім беру саясатын 
әзірлеу мен жүзеге асыруда педагогтардың белсенді қатысуы қажет екендігін көрсетіп отыр (ЭЫДҰ, 
2005; Шлайхер, 2011). Мұғалімдермен тығыз ынтымақтастықта және кеңесуі арқасында кең көлемде 
табысты  жүзеге  асырылған  жүйелердің  жақсы  мысалдары  көп.  Чилидегі  мұғалімдерді  бағалау 
жүйесінің реформасы мұғалімдермен диалогты және ынтымақтастықты табысты басқарудың жақсы 
мысалы болып табылады.
Көптеген басқа мемлекеттердегі сияқты Чилиде де мұғалімдерді бағалау саясаты аса қарама-
қайшы  болды.  Үкіметтің  мұғалімдерді  бағалау  жүйесін  енгізу  талпыныс  1990-шы  жылдар  бойы 
Мұғалімдер  ассоциациясы  тарапынан  көрсетілген  қарсылық  пен  наразылықтар  салдарынан 
табысты  болмады.  Бұған  жауап  ретінде  Білім  министрі  мұғалімдерді  бағалау  моделін  әзірлеу 
бойынша бірлесіп жұмыс жүргізу үшін Білім министрлігінің, муниципалитеттер мен Мұғалімдер 
ассоциациясының өкілдерінен тұратын техникалық комитет құрды. Осы процесс аясында комитет 
кейін мақұлданған тиімділік стандарттарының құрылымын әзірледі. Сонымен бірге, мұғалімдерді 
қаржылық  ынталандыру  мен  дамыту  жоспарларына  нақты  байланысты  қамтамасыз  ететін  осы 
құрылымға  негізделген,  мұғалімдерді  бағалаудың  жаңа  алға  бағытталған  жүйесін  құру  туралы 
келісімге қол жеткізілді.
Дереккөз: ЭЫДҰ сарапшылар тобы.
Бұл  халықаралық  мысалдар  мектептік  деңгейде  сынып  жұмысын  басқару  мен  шешім 
қабылдауға  қатысу  үшін  мұғалімдердің  кәсіптік  дербестігін  қамтамасыз  етудің  ғана  емес,
жүйе  деңгейінде  білім  беру  мәселелері  бойынша  шешім  қабылдауға  оларды  тартудың
қаншалықты  маңыздығын  көрсетеді.  Қазақстанда  қазіргі  таңда  жүргізіліп  отырған 
көптеген  реформалар  үшін  оларды  жүзеге  асыруға  шешуші  маңызы  барлардың,  әсіресе,
мұғалімдердің  анағұрлым  жоғары  қатысуы  мен  тартылуы  пайдалы  болуы  мүмкін. 
Сарапшылар  мұғалімдерді  білім  беру  саласындағы  саясатты  қалыптастыруда  олардың 
маңызды  роль  атқара  алуы  арқылы  тиімді  платформамен  қамтамасыз  етуді  ұсынады.  Бұл
жыл  сайын  білім  беру  қызметкерлерін  ақпараттандыру  мен  ашықтыққа  ықпал  ету, 
4 ТАРАУ. МЕКТЕПТЕРДІ БІЛІКТІ МҰҒАЛІМДЕРМЕН ЖӘНЕ ТИІМДІ БАСҚАРУМЕН
   
                            ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТИІМДІ САЯСАТ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет