Ендірме 4.1 Финляндия: педагогикалық білім беру бағдарламаларын таңдау мінездемесі
Финляндия оқушылардың жетістіктері жоғары болуымен қатар, мұғалім мамандығының
жоғары мәртебесі бар мемлекет болып табылады. 1970-ші жылдардың соңындағы реформаларға
дейін Финляндияда мектептің бастауыш және орта сыныптарының мұғалімдерін дайындау екі
немесе үш жылға созылатын және көбіне практикалық білім беруге бағытталған ортадан кейінгі
техникалық және кәсіптік білім беру (колледж) бағдарламалары бойынша жүзеге асырылды.
Реформалардың нәтижесінде педагогикалық білім беру бағдарламалары колледждерден
университеттерге ауыстырылды және барлық мұғалімдерге минималды біліктілік талаптары
магистр дәрежесіне дейін көтерілді. Уақыт өте келе, бұл университеттік педагогикалық
бағдарламалар жетілдірілді және жоғары іріктеу сипатында болды: мысалы, 2010 жылы
142
- 4 ТАРАУ. МЕКТЕПТЕРДІ БІЛІКТІ МҰҒАЛІМДЕРМЕН ЖӘНЕ ТИІМДІ
БАСҚАРУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТИІМДІ САЯСАТ
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
20 -
МАЗМҰНЫ
Қазақстан 1991 жылы өзінің егемендігін жариялап, 1993 жылы бірінші
Конституциясын қабылдады. Жаңа Конституция 1995 жылы қабылданған. 1995 жылғы
Конституция
Қазақстан
Республикасын
президенттік
басқару
нысанындағы
демократиялы, зайырлы және биліктің өзара заң шығарушы, атқарушы және сот
тармақтарына бөлінген мемлекет ретінде сипаттайды.
Қазақстанның саяси «ландшафтында» басқарушы «НұрОтан» («Нұрлы отан» немесе
«Отанның нұрлы сәулесі») партиясы басым болып отыр, сондай-ақ, мемлекеттегі үлкен
партия болып табылады. Бас оппозиция Қазақстанның коммунистік партиясы, «Ақ жол»
және «Демократического выбора Казахстана» партияларынан тұратын «За справедливый
Казахстан» одағын құрайды. Сондай-ақ, бірнеше басқа кішігірім пропрезиденттік,
берілген оппозиция және оппозиция ретінде сипаттауға болатын партиялар бар (Хайнрих,
2010).
Демографиялық көрсеткіштер
Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің (ҚРСА) деректеріне сәйкес, 2011 жылы
Қазақстан халқы 16,4 миллион адамды, оның ішінде ширек бөлігі 14 жас және одан кішілерді
құрайды. ЭЫДҰ мемлекеттерінде бұл жас ерекшелігі тобы, орта есеппен жалпы халық
санының 19%-н құрайды (2011). Сол жылғы жағдай бойынша, Қазақстан халқы 1,4%-ға
көбейген,
бұл
1999-2009
жж.
(6,9%)
кезеңмен
салыстырғанда
төмен.
2011 жылы қалалық жерлерде халықтың 54,7%-ы тұрды. Ең урбанизацияланған
облыстар Қарағанды (78,2%), Павлодар (68,8%) және Ақтөбе (61,6%) облыстары болып
табылады. Ауыл халқы Алматы (76,7%), Солтүстік Қазақстан (59%), Жамбыл (60%), және
Қызылорда (57,6%) облыстарына шоғырланған.
Кесте 1.1 көрсеткендей, халықтың ең тығыз орналасқан облысы Оңтүстік Қазақстан
(мемлекеттегі жалпы халық санынан 15,1%), одан кейін Алматы (11,3%) және Шығыс
Қазақстан (8,7%) облыстары болып табылады. Ішкі миграцияның қарқыны өте үлкен.
Мемлекет астанасы - Астана қаласына, халықтың ең көп келуі байқалады, 1999 жылдан
бастап (86,7%), ал, халық ең аз шоғырланған Солтүстік Қазақстан облысы 17,8%
тұрғындарын басқа анағұрлым тартымды облыстардың пайдасына жоғалтқан. Шығыс
Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар
облыстарында 1999 жылдан 2009 жылға дейін тұрғындардың төмендеуі орын алған. Ең аз
тығыз орналасқан облыстар мемлекеттің батысындағы Маңғыстау және Атырау
облыстары болып табылады.
ТАРАУ 1: ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
144 -
МАЗМҰНЫ
Оңтүстік Қазақстан
13.9
14.2
28.1
29.8
31.7
33.5
26.3
22.5
Астана қ.
26.1
28.9
25.4
26.0
27.6
25.9
20.9
19.3
Алматы қ.
26.5
28.8
25.3
25.1
25.5
26.6
22.8
19.5
Қазақстан
14.2
14.8
29.5
30.7
29.6
29.8
26.7
24.6
Дереккөз: ҚР БҒМ, 2011
Мұғалімдерге санатты көтеру туралы талап қойылмайды, бірақ олар, кем дегенде,
ағымдағы санатын сақтап қалу үшін бес жылдан сиретпей бір рет аттестаттау рәсімінен
өтуі керек. Теориялық жағынан, егер олар аттестаттаудан өте алмаса, олардың санаттары
анағұрлым төменгі санатқа дейін төмендеуі мүмкін, бірақ мұндай жағдайдың
қаншалықты жиі орын алатындығы түсініксіз. Кейбір белгіленген жағдайларда
мұғалімдер міндетті бесжылдық мерзім өткенге дейін санатын көтеру үшін өз еркімен
аттестаттаудан өте алады.
Аттестаттау процесі біліктілік деңгейіне сәйкес критерийлер негізіндегі
мұғалімдердің педагогикалық қызметінің талдауын қамтиды. Аттестаттау процесінде
педагогикалық тәжірибе мен практиканың (сабақтар мен оқу-әдістемелік материалдарды
дайындау); біліктілікті арттыру бойынша оқудан өту және кәсіби шараларға қатысу
(конференциялар, педагогикалық конкурстар, семинарлар); эксперименталдық қызметке,
оқыту бағдарламасын, оқу жоспарларын әзірлеуге қатысу; әріптестерін басқару; оқу
орнын басқаруға қатысу куәліктерінің бар болуы қарастырылады. Сонымен қатар, ата-
аналардың және оқушылардың көзқарасымен оқыту сапасын тәуелсіз бағалау
қорытындысы бойынша алынған ақпарат және білім алушылардың оқу жетістіктері
туралы деректер (мысалы, оқушылардың олимпиадаларға және басқа конкурстарға
қатысу нәтижелері) қарастырылады. Аттестаттау аясында мұғалім біліктілікті арттыру
бойынша оқудан өту мен басқа педагогикалық қызмет (мысалы, оқу-әдістемелік
материалдарды және куррикулумдарды әзірлеу) туралы ақпаратпен, сонымен қатар,
оқушылардың оқу жетістіктері туралы мәліметтермен (мысалы, олимпиада және басқа
конкурстардың жеңімпаздары) портфолио ұсынуы тиіс. Міндетті бесжылдық мерзім
өткенге дейін санатын көтеру үшін аттестаттаудан өтуді қалаған мұғалімдер, сондай-ақ,
Ұлттық тестілеу орталығымен әзірленген емтихан тапсыруы тиіс. Бұл емтихан бірнеше
жауап нұсқасы бар 60 сұрақтан (Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша 20
сұрақ, психология және педагогика негіздері бойынша 20 сұрақ, пәндік білім бойынша 20
сұрақ) тұрады. Бұл тестті табысты тапсыру үшін үміткер бірінші екі бөлім бойынша 50%
және пәндік білімге арналған соңғы бөлім бойынша 70% минималды балл алуы қажет.
Өтініштерді бағалау бойынша міндеттерді бөлу мұғалім үміткер болып отырған біліктілік
санатына байланысты. 2-ші санатты алу үшін өтініштер мектеп деңгейінде қызмет ететін
комиссиямен (мектептің жоғары деңгейлі қызметкерлерінен тұрады) қарастырылады. 1-
ші санатты алу үшін өтініштер жергілікті деңгейде (аудандық/қалалық) қызмет ететін
комиссиямен қарастырылады. Ал соңғысы, жоғары (және кейде 1-ші) санатты алу үшін
өтініштер аймақтық деңгейде қарастырылады.
Аттестаттауда басшылыққа алынатын критерийлер Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым Министрі бекіткен 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 «Педагог қызметкерлер
мен
оларға
теңестірілген
тұлғалардың
лауазымдарының
үлгілік
біліктілік
сипаттамалары» бұйрығы (09.06.2011 ж. өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) болып
табылады. Біліктілік сипаттамалары пәніне
5
, мамандығына немесе сыныбына қарамастан,
144
- 4 ТАРАУ. МЕКТЕПТЕРДІ БІЛІКТІ МҰҒАЛІМДЕРМЕН ЖӘНЕ ТИІМДІ
БАСҚАРУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТИІМДІ САЯСАТ
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
- 145
барлық мұғалімдерге таралады және үш негізгі салаға бөлінеді: лауазымдық міндеттері,
қажетті қосымша білім және біліктілік талаптары.
Лауазымдық міндеттерге арналған бөлімде түрлі оқыту әдістерін қолдану арқылы
оқу бағдарламасын оқытуды, білім алушылардың әлеуметтік және жеке қабілеттерін
дамытуға ықпал етуге, сабақ жоспарын дайындауды, инновациялық білім беру
технологияларын жүзеге асыруды қолдануды, кәсіптік дамыту, кәсіби біліктілігін
арттыру жұмысына қатысуды, оқушылардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін
қамтамасыз етуді, ата-аналармен байланыс жасауды, пәннің және оқушының сабаққа
қатысуын мониторингтауды қамтитын мұғалімдердің негізгі міндеттері аталып өтілген.
Мұғалімнің жұмысы үшін қажетті қосымша білім Қазақстан Республикасының
Конституциясын, нормативтік-құқықтық актілерді терең білуді және оларды білім беру
секторында қолдануды қамтиды.
Біліктілік талаптарына арналған бөлімде білім беру деңгейіне минималды талаптар
аталып өтілген және әр біліктілік санаты бойынша мұғалімнің не істей алуы керектігі
сипатталған (4.10 Кестені қараңыз).
Кесте 4.10 Мұғалімдердің аттестаттауы бойынша біліктілік талаптары
6
Мұғалімнің санаты
Білім деңгейі
Мұғалім істей білуі тиіс
Ор
таша деңг
ей
Санатсыз
Техникалық және кәсіптік
педагогикалық білім беру
(орта арнайы, орта кәсіптік)
Құжатта көрсетілмейді.
2-ші санат
Техникалық және кәсіптік
педагогикалық білім беру
(орта арнайы, орта кәсіптік)
+ мұғалім лауазымында кем дегенде 3
жыл жұмыс өтілі
Оқытудың белсенді нысаны мен
әдістерін қолдана алуы; оқушылардың
оқу жетістіктерін бағалау әдістерін
әзірлеуі; оқу-тәрбие процесінде
тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз
етуі; білім беру ұйымы аясында
жетекші тәжірибелі мектептердің
шығармашылық топтарының,
әдістемелік бірлестіктерінің
жұмысында белсенді қатысуы тиіс.
1-ші санат
Техникалық және кәсіптік
педагогикалық білім беру
(орта арнайы, орта кәсіптік)
+ мұғалім лауазымында кем дегенде 4
жыл жұмыс өтілі
Екінші санаттағы мұғалімдерге
қойылатын барлық талаптарға жауап
беруі тиіс. Сонымен қатар, пәнді
оқытудың өзіндік әдістерін әзірлей
алуы; оқушылардың оқу жетістіктерін
бағалауды жүргізуі; жетекші тәжірибелі
мектептердің шығармашылық
топтарының, әдістемелік
бірлестіктерінің жұмысын басқаруы;
білім беру проблемалары бойынша
педагогикалық басылымдарда
жарияланымы болуы тиіс.
Жоғары
санат
Техникалық және кәсіптік
педагогикалық білім беру
(орта арнайы, орта кәсіптік)
+ мұғалім лауазымында кем дегенде 5
жыл жұмыс өтілі
Бірінші санаттағы мұғалімдерге
қойылатын барлық талаптарға жауап
беруі тиіс.
Сонымен қатар, пәнді оқытудың
авторлық бағдарламасын, жаңа оқу
бағдарламалары мен білім беру
технологияларын, сондай-ақ, оларды
оқыту әдістерін әзірлей білуі; өзінің
пәні бойынша зерттеу жұмысын
жүргізуі; білім беру саласындағы
өзекті проблемаларды әзірлеу
бойынша шығармашылық топтарды
басқаруы тиіс.
4 ТАРАУ. МЕКТЕПТЕРДІ БІЛІКТІ МҰҒАЛІМДЕРМЕН ЖӘНЕ ТИІМДІ БАСҚАРУМЕН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТИІМДІ САЯСАТ
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
146 -
МАЗМҰНЫ
М
аман деңг
ейі
Санатсыз
Жоғары педагогикалық білім
Құжатта көрсетілмейді.
2-ші санат
Жоғары педагогикалық білім
+ мұғалім лауазымында кем дегенде 3
жыл жұмыс өтілі
Пәнді оқытудың өзіндік әдістемесін
әзірлей білуі; белсенді оқытудың
нысаны мен әдістерін қолдана алуы;
оқушылардың оқу жетістіктерін
бағалау әдістерін әзірлеуі; оқу-тәрбие
процесінде тұрақты оң нәтижелерді
қамтамасыз етуі;
білім беру ұйымы аясында
жетекші тәжірибелі мектептердің
шығармашылық топтарының,
әдістемелік бірлестіктерінің
жұмысында белсенді қатысуы тиіс.
1-ші санат
Жоғары педагогикалық білім
+ мұғалім лауазымында кем дегенде
4 жыл жұмыс өтілі; немесе ғылым
кандидаты ғылыми дәрежесінің бар
болуы + мұғалім лауазымында кем
дегенде 2 жыл жұмыс өтілі, немесе
ғылым докторы ғылыми дәрежесі
+ мұғалім лауазымында кем дегенде 1
жыл жұмыс өтілі
Екінші санаттағы мұғалімдерге
қойылатын барлық талаптарға жауап
беруі тиіс. Сонымен қатар, пән
бойынша оқу-әдістемелік жұмыстарын
талдаудың өзіндік әдістемесін
талдаудың өзіндік әдістемесін әзірлей
білуі; жеке оқу бағдарламаларын
құрастыруы және әзірлеуі;
шығармашылық семинарларды,
шығармашылық топтардың жұмысын
басқаруы, өзінің жұмысында жетекші
педагогикалық тәжірибені қолдануы
тиіс.
Жоғары
категория
Жоғары педагогикалық білім
+ мұғалім лауазымында кем дегенде
5 жыл жұмыс өтілі; немесе ғылым
кандидаты ғылыми дәрежесінің бар
болуы
+ мұғалім лауазымында кем дегенде
3 жыл немесе ғылым докторы ғылыми
дәрежесі
+ мұғалім лауазымында кем дегенде
2 жыл.
Бірінші санаттағы мұғалімдерге
қойылатын барлық талаптарға жауап
беруі тиіс.
Сонымен қатар, жаңа оқу
бағдарламаларын, білім беру
технологияларын; дайындық
бағдарламаларын және оларды
бағалауды әзірлеуі; өз пәні
бойынша зерттеу жүргізуі; білім беру
саласындағы өзекті проблемаларды
әзірлеу бойынша шығармашылық
топтарды басқаруы тиіс.
Дереккөз: ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 ж. 13 шілдедегі № 338 бұйрығы.
Жоғарыда сипатталған бірнеше нұсқалы жауаптары бар тест түріндегі
емтихандардан және мұғалімдер өздерінің портфолиосында ұсынған ақпараттан басқа,
осы талаптарға қатысты мұғалімдерді бағалаудың нақты қалай жүргізілетіндігі түсініксіз
болып қалып отыр. Оның үстіне, бұл талаптар түрлі пәндер бойынша немесе түрлі
сыныптарда оқыту сапасын анықтау үшін қажетті нақты құзіреттілік пен дағдылардың
тізімін қамтымайды.
146
- 4 ТАРАУ. МЕКТЕПТЕРДІ БІЛІКТІ МҰҒАЛІМДЕРМЕН ЖӘНЕ ТИІМДІ
БАСҚАРУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТИІМДІ САЯСАТ
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
- 147
Бұл мұғалімдердің нені үйренуі керек және не істей білуі керектігі туралы нақты
стандарттарда тұжырымдалатын білім беру жүйесіндегі өсуші сандарға қарама-қайшы
келіп отыр. Бұл стандарттар мұғалімдердің бастапқы және үздіксіз дайындығының
бағдарламаларын әзірлеу үшін басшылық ретінде қызмет етеді (Дарлинг-Хэммонд және
Либерман, 2012; ЭЫДҰ, 2013). Мұндай стандарттар түрлі сыныптарда, түрлі пәндер
бойынша және түрлі мәнмәтінде оқытумен байланысты өзгешеліктерді суреттеуге
көмектеседі. Кәсіби стандарттар мамандықтың тек мәртебесін ғана көтеруге
көмектеспейді, сондай-ақ, кәсіптік модельдің есеп берушілігін дамыту үшін негіз ретінде
қолдануға болады. Бұл есеп берушілік моделінде кәсіби стандарттар нақты критерийлер
мен ашық процестердің көмегімен білім беру жүйесіндегі сапаны қамтамасыз етуге негіз
бола алады. Мұндай стандарттар педагогикалық білім беру бағдарламаларын аккредиттеу
стандарттарын, мамандыққа жіберу үшін лицензиялау стандарттарын, мұғалімдердің
сапасын тануға арналған стандарттарды, тәжірибелі мұғалімдерді лицензиялау
стандарттарын қамтиды.
Кәсіби стандарттардың күрделі жүйесін әзірлеген мемлекеттердің көптеген
мысалдары бар және бастапқы дайындық бағдарламалары мен мұғалімдердің үздіксіз
дамуын жүзеге асыратын мұғалімдер мен білім беру мекемелерінің аккредиттеуін
жаңарту үшін негіз ретінде оларды қолданады. Мысал ретінде, 4.2 Ендірмеде сипатталған
үш ұлттық жүйені келтіруге болады.
Ендірме 4.2. Мұғалімдердің аккредитациясы үшін негіз ретінде кәсіптік стандарттарды қолдану:
үш мемлекеттегі жүйелер
АҚШ: Кәсіптік оқыту стандарттары бойынша Ұлттық кеңес
АҚШ-та кәсіптік оқыту стандарттары бойынша Ұлттық кеңес - негізінен мектеп мұғалімдері
мен басқа да мамандардан тұратын, соңғы бірнеше онжылдық бойы мұғалімдер үшін стандарттарды
әзірлеу бойынша жұмысты жүзеге асыратын тәуелсіз ұйым қызмет етеді. Әзірленген стандарттар
нәтижеге бағытталған, демек, онда мұғалімдер нені білуі керек, олар қандай болуы керек және
нені істей білуі керектігі нақты сипатталған. Түрлі пәндік салалар мен түрлі сыныптар үшін егжей-
тегжейлі стандарттар әзірленген болатын. Бұл стандарттар мұғалімдерді бағалау, еңбек ақысы жүйесі
мен мансаптық ілгерілеу бойынша олардың процестері аясында көптеген штаттарда қолданылады.
Сертификаттаудан өтуді қалаған мұғалімдер екі негізгі бөліктен тұратын толық бағалаудан
өтуі тиіс: (1) портфолиода мұғалім оқушылардың және мектеп мәнмәтінінің нақты қажеттіліктеріне
сай өзінің педагогикалық тәжірибесін көрсетуі тиіс; әдетте, портфолио мектептік жұмыстардың
мысалдарын, сабақтардың бейнежазбасын, толық жазбаша есеп беру мен осы материалдар
негізіндегі есептерді және (2) оқытудағы жағдайларды талдау, оқу материалдарын бағалау мен
сабақ жоспарларын әзірлеу сияқты тапсырмалардан тұратын, мұғалімдердің өз пәні мен педагогика
мәселелері бойынша білімін көрсете алатын тапсырмалар жиынтығынан тұратын жазбаша эссені
(яғни, жауаптың көптеген таңдау нұсқалары бар тест емес) қамтиды.
Чили: Тиісті оқыту моделі
Жақында Чилиде Дэниелсонның танымал «Оқыту моделі» негізінде мұғалімдерге арналған
стандарттарды анықтайтын ұлттық модель («тиісті оқыту моделі») әзірленген болатын (1996,
2007). Модель төрт саладан тұрады: (1) оқытуға дайындық, (2) оқу процесі үшін қолайлы орта құру,
(3) барлық білім алушыларды оқыту процесін қарастыратын оқыту, (4) кәсіптік міндеттер. Осы
салалардың әрқайсысы бойынша мұғалімдер сәйкес келуі тиіс критерийлер (тұтас алып қарағанда
20 критерий) қойылады, осы айрықшалаулар бойынша критерийлерді айрықшалайтын мысалдар
мен еңбек тиімділігінің төрт деңгейі (қанағаттанарлықсыз, базалық, қанағаттанарлық, көрнекті) бұл
модельді өте сындарлы және нақты етеді.
4 ТАРАУ. МЕКТЕПТЕРДІ БІЛІКТІ МҰҒАЛІМДЕРМЕН ЖӘНЕ ТИІМДІ БАСҚАРУМЕН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТИІМДІ САЯСАТ
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
- 21
Кесте 1.1 Облыстар бойынша халық саны, 1999 және 2009 жж.
Облыстардың
аталуы
Халық
саны, 1999
ж. мың адам
Халық
саны, 1999
ж. барлық
халық
санынан %
Халық
саны, 2009
ж. мың
адам
Халық
саны, 2009
ж. барлық
халық
санынан %
өсу (+),
қысқару(-)
Мың
адам.
%
өзгерістер
(салыстыру
жылы -
1999)
Қазақстан
Республикасы
14 981,3
100,0
16 009,5
100,0
1 028,2
9,3
Ақмола
827,3
5,5
737,5
4,6
-89,8
-10,8
Ақтөбе
682,6
4,6
757,8
4,7
75,2
11,0
Алматы
1 557,3
10,4
1807,9
11,3
250,6
16,0
Атырау
440,3
2,9
510,4
3,2
70,1
15,9
Батыс Қазақстан
616,8
4,1
598,9
3,7
-17,9
-2,9
Жамбыл
988,8
6,6
1 022,1
6,4
33,3
3,4
Қарағанды
1 410,2
9,4
1 341,7
8,3
-68,5
-4,8
Қостанай
1 017,1
6,8
885,5
5,5
-131,6
-12,9
Қызылорда
625,0
4,2
678,8
4,2
53,8
8,6
Маңғыстау
314,7
2,1
485,4
3,0
170,7
54,2
Оңтүстік Қазақстан
1 978,3
13,2
2 469,3
15,4
491,0
24,8
Павлодар
807,0
5,4
742,4
4,6
-64,6
-8,0
Солтүстік Қазақстан
726,0
4,8
596,5
3,7
-129,5
-17,8
Шығыс Қазақстан
1 531,0
10,2
1 396,5
8,7
-134,5
-8,8
Астана қ.
328,3
2,2
613,0
3,8
284,7
86,7
Алматы қ.
1 130,6
7,5
1 365,6
8,5
235,0
20,7
Дереккөз: Қазақстан Республикасы статистика Агенттігі (ҚРСА).
Қазақстан 2011 ж. БҰҰ даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) адам әлеуетін дамыту
индексі (АӘДИ) бойынша 187 мемлекеттің ішінде 68 орын алды - «ұзақ және салауатты
өмір, білімге қолжетімділік және лайықты өмір сүру жағдайы» сияқты өлшемдерді
ұзақмерзімді ілгерілетудің қорытынды өлшемі. АӘДИ 0,750 (2011) көлемімен Қазақстан
дамуы жоғары деңгейдегі мемлекет ретінде жіктеледі.
ТАРАУ 1: ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
- 149
мамандар мен басқа жалпы білім беретін мектептерден келген мұғалімдерді, ең алдымен,
мектеппен және оның тарихымен, дәстүрлерімен, ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен
таныстырады, педагогикалық ұжыммен, директор және оның орынбасарларымен
таныстырады.
Директор оқу жылының басында әр жас маманға тәжірибелі мұғалімдердің
қатарынан тәлімгер бекітеді. Тәлімгерлер мектептің бірінші немесе жоғары санатты
мамандануы бар жас маманның мамандануына жақын анағұрлым тәжірибелі мұғалімдер
қатарынан таңдалады.
Қазақстан мектептеріндегі тәлімгерлік бағдарламалары, қағида бойынша, әрқайсысы
бір жылға дейін созылуы мүмкін үш жеке кезеңнен тұрады. Бірінші кезең
(«бейімделушілік») толық бірлескен даму бағдарламасын дайындау үшін жас маманның
басым және әлсіз жақтарын анықтауға шоғырланған. Осы кезеңнің тәлімгерлік
бағдарламасы кезінде тәлімгер жас мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін бағалауға және жас
мұғалімге қажеттілігі бар бағыттарын кәсіби дамытуды жоспарлауға жауап береді.
Тәлімгердің ролі жас мұғалімнің жаңа ролін сүйемелдеу мен қолдауға түйінделеді.
Тәлімгер жас мұғалімнің жұмысын байқау үшін және педагогикалық тәжірибесі туралы
өзінің пікірін беруге оның сабақтарына жүйелі және жиі барады. Мектептерге бару
кезінде сарапшылар кездескен жас мамандардың бірқатары осындай жиі сабаққа қатысу
тәжірибесін растады, оның үстіне, кейбір мұғалімдер әдетте қатысулардың, кем дегенде,
аптасына үш рет өтетінін айтты.
Жас мұғалім мен тәлімгер жұмыс барысы туралы мектеп әкімшілігіне ұсынылатын
ай сайынғы есептерді жасау үшін бірлесіп жұмыс істеуі керек және қажет болған
жағдайда, жас маманның даму жоспарын қайта қарау үшін негіз болады. Тәлімгерлік
бағдарламасының бірінші кезеңі аяқталған соң тәлімгер келесілерді қамтитын жалпы
критерийлерді қолдана отырып, мұғалімнің құзіреттілігіне бағалай жүргізеді:
атқаратын лауазымының біліктілік талаптарына жас мұғалімнің кәсіптік
дайындық деңгейінің сәйкестігі;
негізгі педагогикалық технологияларды игеру дәрежесі мен нормативті
құжаттарды білу деңгейі;
жұмыстың практикалық әдістерін меңгеру дәрежесі;
оқушылармен, ата-аналармен, әлеуметтік серіктестермен, мектеп әкімшілігі және
әріптестерімен кәсіптік қарым-қатынас тиімділігі.
Тәлімгерлік бағдарламасының екінші кезеңі («жобаланушы, өзіндік шығармашылық
ізденіс» кезеңі) жас маман жұмысының педагогикалық әдістерін жақсартуға және оның
өз бетінше оқуына жағдай жасауға бағытталған. Осы кезеңде тәлімгердің ролі, негізінен,
жас мұғалімнің кәсіптік жетілу жолын іздеуде басшылық жасауға түйінделеді.
Тәлімгерлік процестің үшінші аяқтаушы кезеңінде («бақылау-бағалау-рефлексивті»
кезеңі) тәлімгердің ролі жас педагогта өзін-өзі талдау мен өзін-өзі бағалау дағдыларын
қалыптастыруға түйінделеді. Тәлімгер, сондай-ақ, жас маманға оның педагогикалық
жетістіктері, педагогика туралы пайымдаулары, өткізілген сабақтары туралы пікірлер,
кәсіби даму бойынша шаралардың нәтижелері енгізілетін портфолио құруға көмектеседі.
Бұл портфолио содан кейін мектеп комитетімен және мектеп директорымен
қарастырылады. Мұғалімнің дамуындағы келесі кез-келген алдағы қадамдары тәлімгерлік
бағдарламасының аяқталуы бойынша анықталады.
Сарапшылар тәлімгерлік бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Министрлігінің құжаттарында сипатталғандай, мамандықты меңгеруде туындайтын
4 ТАРАУ. МЕКТЕПТЕРДІ БІЛІКТІ МҰҒАЛІМДЕРМЕН ЖӘНЕ ТИІМДІ БАСҚАРУМЕН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТИІМДІ САЯСАТ
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
Достарыңызбен бөлісу: |