Түпнұсқада келесі атауда жарияланған Reviews of National Policies for Education


-  МАЗМҰНЫ Сурет 5.8 A-D Шығындардың түрлері бойынша реформалардың ұзақмерзімді және



Pdf көрінісі
бет28/42
Дата09.03.2017
өлшемі4,17 Mb.
#8679
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42

204 - 
МАЗМҰНЫ
Сурет 5.8 A-D Шығындардың түрлері бойынша реформалардың ұзақмерзімді және 
қысқамерзімді мақсаттары үшін қорларды бөлу (2009-2014 жж.)
Дереккөз: ҚР БҒМ,  2012a және ЭЫДҰ сарапшыларының есептеулері.
204 -
 5 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫНДАР ЖӘНЕ 
          ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТЕТІКТЕРІ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
 - 205
Капитал  салуды  қажет  ететін  (5.5  кестені  қараңыз)  мектептердің  үлкен  көлемін
ескере  отырып,  инфрақұрылымнан  инновацияларға  шығындардың  ығысу  қарқыны  өте 
оптимистік  және  асығыстық  болып  көрінеді.  Күрделі  және  жалпы  жөндеуді  қажет  ететін 
мектептердің  үлесі  анағұрлым  жарамды  жағдайға  дейін,  мысалы  барлық  аймақтарда  5%-
ға  дейін  төмендегенше,  инфрақұрылымның  ұзақмерзімді  жақсаруы  үшін  басымдылықты 
сақтау ұсынылады.
Кесте 5.5 Қазақстанның аймақтары шегінде апатты жағдайдағы және күрделі жөндеуді қажет 
ететін мектептердің ғимараттары (2010 ж.)
Апатты жағдайда тұрған немесе күрделі жөндеуді қажет 
ететін мектеп ғимараттары (%)
Атырау
48.5
Қызылорда
47.8
Оңтүстік Қазақстан
38.8
Алматы қ.
38.7
Жамбыл
37.1
Алматы
31.8
Солтүстік Қазақстан
27.2
Батыс Қазақстан
26.2
Акмола
22.7
Маңғыстау
22.5
Павлодар
22.1
Астана қ.
21.2
Шығыс Қазақстан
19.3
Актөбе
16.3
Қарағанды
15.2
Қостанай
4.9
Дереккөз: ҚР БҒМ, 2012a
Осылайша,  инфрақұрылымға  инвестициялар  туралы  шешімдер  дәлелдерге
негізделуі,  алғашқы  кезектегі  қажеттіліктерді  болжайтын  және  қанағаттандыратын  болуы
керек. 
Бұл 
тиісті 
нормативтік-құқықтық 
негіздерінің, 
мысалы, 
мектептік 
инфрақұрылымның  және  ұлттық  стандарттармен  жоспарлаудың  сәйкестік  деңгейі  туралы
қажеттіліктерді  бағалау  стратегиялары  мен  құралдарының  көмегімен  қамтамасыз  етілуі 
мүмкін (5.2 Ендірме).
Білім  беру  реформаларын  жүзеге  асыруда  қорларды  бөлудегі  тірек  қазақстандық
өкімет  органдары  тарапынан  өзгерістерге  айрықша  берілгендік  көрсеткіші  болып 
табылады  және  сөзсіз,  мемлекеттің  болашақтағы  жас  ұрпағына  білім  беруді  жақсарту
үшін  қажетті  жағдай  болып  табылады.  Бөлімнің  басында  аталып  өткендей,  білім  беру
жүйесінің  қорлардағы  бүгінгі  қажеттіліктерін  қамтамасыз  ету,  оны  жақсарту  бойынша 
салынған күштің табысы үшін маңыздылығы жағынан кем емес фактор болып табылады.
                   5 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫНДАР ЖӘНЕ 
                                                                                             ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТЕТІКТЕРІ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
206 - 
МАЗМҰНЫ
«Білім  туралы»  Заңның  62-бабында  білім  беру  жүйесінің  басымдығына  сәйкес
қорлармен  (ағымдық  шығындармен)  жыл  сайын  қамтамасыз  ету  мемлекеттің  сектор
алдындағы  міндеті  болып  табылатыны  айтылады.  Сондықтан  шығындар  деңгейі  білім 
беру  мекемелерін  қамтамасыз  ету  және  мемлекеттік  білім  беру  стандарттарымен 
белгіленген  талаптарға  сәйкес  олардың  функцияларын  орындау  үшін  жеткілікті  болуы
керек.
Ендірме 5.2 Инфрақұрылымдардағы инвестицияларды ұтымды басқару 
Күрделі  инвестицияларды  тиісті  басқару  ағымдағы  инфрақұрылымдардың  сұраныстарын 
және  осы  сұраныстардың  стратегиялық  бағалауын,  олардың  басымдығын,  құнын  және 
мониторингін  анықтауды  нақты  тұжырымдаудан  басталады.  Әдетте,  мемлекеттің  сұранысын 
анықтау  үшін  демографиялық  болжамдар,  реттеу  стандарттары  мен  білім  беру  жүйесінің 
талаптары  (мысалы,  оқушылар  мектептен  x  км-ден  алыс  тұрмауы  керек),  мектептердің 
жағдайы  (жасы,  көлемі,  жөндеу  мерзімі),  қауіпсіздік  пен  денсаулық  мәселелері  зерттеледі. 
Сондай-ақ,  КББо  мен  мектепке  дейінгі  білім  беру  объектілерін  дамыту  мен  қолдау,  АКТ 
және  өте  маңыздысы,  демографиялық  тенденциялар  сияқты  инфрақұрылымдағы  болашақ 
қажеттіліктерді  ескеру  қажет.  Бұдан  басқа,  жергілікті  әлеуетті  осындай  бағдарламаларды 
дамыту,  жүзеге  асыру,  мониторингтау/қолдау  бойынша  дамытуды  инвестициялау  керек.
«Мектептердің  картасы»  мектептердің  орналасуы  (қашан  және  қай  жерде  жаңа  мектептер 
соғу  немесе  барларын  кеңейту),  олардың  көлемі,  т.б.  туралы  шешімдердің  негізіне  жатуы 
керек.  Мектептердің  картасы  келесі  ақпараттардан  тұратын  активтер  реестрін  қамтиды:  (i) 
барлық  мектептер  қайда  орналасқан,  әр  мектептің  ғимараты  қанша,  олар  қанша  жыл  бұрын 
соғылған,  мектептің  түрі  (мектепке  дейінгі,  бастауыш  білім  беру,  т.б.),  мектептегі  оқушылар 
саны;  (ii)  мектептер  реттеу  стандарттарына  сай  келеді  ме?  Осылайша,  шығындарды  бақылау 
мәселесінің  аса  үлкен  маңыздылығы  мен  қатаң  бақылауы  клиенттерге  олар  нені  қалайды, 
оларға,  шын  мәнінде,  не  қажет  екендігін  шешу  үшін  анықтай  алады.  Шотландияның 
озық  тәжірибесі  туралы  ақпаратты  http://content.yudu.com/A1uy14/SchoolsDevHandbook/
resources/index.htm?referrerUrl  табуға  болады.  Альберта  провинциясының  (Канада)  жақсы 
тәжірибесінен  тағы  бір  мысал  5.A2  Қосымшада  беріледі.  Сондай-ақ,  Иктас  (2010)  қараңыз.
Дереккөз: ЮНЕСКО-ЭЫДҰ, Ханна фон Алефелд, 2012
Ағымдағы  шығындар  туралы  деректерді  толық  талдау  қорларды  бөлудің  жаппай 
сәйкессіздігін  және  мемлекет  бойынша  барлық  мектептердегі  қорлардың  сұранысын 
анықтайды.  Мұның  себептері,  шамамен,  қорларды  бөлудің  тетіктері,  мектептер  желісінің 
тиімсіздігі,  сонымен  қатар,  жергілікті  жерлерде  қорлардың  жетіспеуі  сияқты  жалпыға 
танымал  кемшіліктерге  түйінделеді.  Келесі  бөлімде  бұл  мәселе  анағұрлым  жан-жақты 
талқыланады  және  оқыту  сапасына  сөзсіз  әсер  ететін  оқыту  жағдайы  мен  еңбек  ақысы
сияқты  мектептердің  қызметіндегі  маңызды  салада,  қорлардың  жетіспеуі  көзқарасы
тұрғысынан  мәселенің  ауқымы  көрсетіледі.  Егер  бұл  мәселе  шешілмесе,  онда  ол  барлық 
білім беру жүйесін қауіп-қатерге қалдырады.
Мектептердің күнделікті қызметін инвестициялау: мектептер
Мектептер желісіндегі шығындардың сипаттамасы
Қазақстандағы  мектептер  желісі  орасан  кең  территорияда,  көбінесе,  шашыраңқы 
орналасқан  және  бір  мектепте  тек  бірнеше  оқушылар  ғана  саналатын,  басымдылықты 
ауылдық  және  шағын  жинақталған  мектептерден  тұрады.  Сыныптардың  көлемі  және 
мұғалімдер  мен  оқушылардың  қатынасы,  қағида  бойынша,  халықаралық  стандарттар 
бойынша,  әсіресе,  халықтың  тығыз  орналасуы  азырақ  орын  алатын  мемлекеттің  солтүстік 
бөлігінде  өте  төмен  (2010  ж.    Қазақстан  бойынша  орташа:  бір  мұғалімге  9  оқушыдан; 
2009  жылы  ЭЫДҰ  мемлекеттері  бойынша  орташа:  орта  білім  беру  жүйесінде  бір 
мұғалімге  14  оқушыдан).  Қазақстанның  14  аймағының  12-де  мектептердің  70%-дан  көбі 
206 -
 5 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫНДАР ЖӘНЕ 
          ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТЕТІКТЕРІ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
 - 207
ауылдық  жерлерде  орналасқан,  ал,  7  аймақтағы  шағын  жинақталған  мектептердің  үлесі 
60%-дан 
аса 
құрайды 
(5.9 
Сурет 
және 
5.6 
Кесте).
Егер  мемлекеттің  солтүстігінде  георграфиялық  және  демографиялық  шынайылық 
білім  беру  жүйесінің  салыстырмалы  шығындарын  өсіреді,  ал,  мемлекеттің  оңтүстік  бөлігі 
жас  тұрғындардың  серпілісін  және  мектептік  инфрақұрылымның  жетіспеуімен
байланысты  мәселелерді  бастан  өткізіп  отыр.  Мысалы,  Маңғыстау  облысындағы  120
мектеп  90  500  оқушының,  яғни,  бір  мектепке  орташа  755  оқушыдан  келетін  қажеттілігін 
қамтамасыз  ететін  болады  деп  күтілуде.  Алматы  қаласы  (бір  мектепке  875  оқушыдан), 
Оңтүстік  Қазақстан  (514)  немесе  Қызылорда  облыстары  (443)  -  анағұрлым  қолайлы 
жағдайда,  бірақ  бұл  аймақтардағы,  орта  есеппен,  мектеп  ғимараттарының  40%-ы  апатты
жағдайда  немесе  күрделі  жөндеуді  қажет  етеді.  Мемлекеттің  оңтүстігіндегі  сыныптардың
көлемі  басқа  аймақтарға  қарағанда  үлкен,  ал,  мұғалімдер  мен  оқушылардың  қатынасы
басқа  мемлекеттермен  салыстыру  бойынша  өте  қолайлы  болғанымен,  тағы  да  жоғары.
Мемлекеттің  барлық  аймақтарындағы  оқушылардың  жетпіс  жеті  пайызы  мектепке  дейін 
көлікпен  қамтамасыз  етуді  қажет  етеді.  Тұрғындардың  төмен  тығыздылығы
8
  бойынша 
әлемде  11-орында  және  автомобиль  жолдарының
9
  төмен  тығыздығы  бойынша  2-ші
орында тұрған мемлекет үшін бұл - күрделі және қымбат бағалы міндет.
Сурет 5.9 Қазақстанның аймақтары шегінде бір күндізгі орта мектептегі оқушылардың орташа 
саны және сыныптардың орташа көлемі, жалпы орта білім беру (2010 ж.) 
Ескерту: Бұл құжат және онда берілген карталар қандай да бір аумақ, халықаралық шекараларды делимитациялау 
болмасын, қандай да бір аумақтардың, қалалардың және аудандардың мәртебесі мен  тәуелсіздігіне қысым 
жасалмады.
Дереккөз: ҚР БҒМ 2011b және ЭЫДҰ сарапшыларының есептеулері.
Жалпы  алғанда,  орталық  және  жергілікті  мемлекеттік  органдардың  басшылары  әр
түрлі  және  аса  шашыраңқы  болып  табылатын,  сонымен  қатар  қажеттіліктерді  сезінетін
мектептердің  желісін  қамтамасыз  етеді.  Осы  қажеттіліктерді  қанағаттандыруға  арналған
қаржыландыру 
жүйесі 
республикалық 
бюджеттен, 
аймақтардың 
жергілікті
бюджеттерінен  және  басқа  (жеке)  кіріс  көздерінен  («Білім  туралы»  Заң,  61-бап)  тұрады. 
2008  жылғы  «Бюджет  туралы»  Заңына  сәйкес  «жергілікті  бюджет»  облыстық  бюджет, 
республикалық  маңызы  бар  қала,  астана,  аудан  және  аудандық  маңызы  бар  қала  үшін 
жалпы  термин    болып  табылады  (Қазақстан  Республикасының  «Бюджет  туралы»  Заңы,  6-
бап).
«Білім  туралы»  Заңында,  сондай-ақ,  білім  беруді  қаржыландыру  көздері,  дәлірек 
айтсақ,  мемлекеттік  бюджет,  тиісті  заңнамаға  сәйкес  қызметтер  көрсетуден  түскен
                   5 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫНДАР ЖӘНЕ 
                                                                                             ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТЕТІКТЕРІ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
208 - 
МАЗМҰНЫ
кірістер,  қаржылық  мекемелердің  кредиттері  және  демеушілік  көмек  (демеушілікті, 
қайырымдылықты,  гранттарды  қосқанда)  атап  өтілген.  Қолданылатын  бюджеттік 
принциптер  өте  айқын  болып  табылады:  тиімділік  пен  нәтижелілік;  басымдылық; 
ашықтық; жауапкершілік; бюджет деңгейлері арасындағы тәуелсіздік пен саралану. 
Кесте 5.6 Аймақтар шегіндегі шығындарға әлеуетті ықпал ететін Қазақстанның орта мектептер
 желісінің сипаттамасы (2010 ж.)
Ауылдық 
мектептердің 
үлесі (%)
Шағын 
жинақталған 
мектептердің 
үлесі (%)
Сыныптың 
орташа 
көлемі
Мұғалімдер 
мен 
оқушылардың 
қатынасы
Апатты 
жағдайдағы 
немесе 
күрделі 
жөндеуді 
қажет ететін 
ғимараттар, 
жалпы 
санынан 
пайызы
Тегін ыстық 
тамақтану 
алатын 
оқушылар, 
жалпы 
санынан 
пайызы
Көлік 
қызметімен 
қамтамасыз 
етілген 
оқушылар, 
жалпы санынан 
пайызы
Солтүстік 
Қазақстан
90.7
86.2
11.2
6.7
27.2
34.0
92.2
Алматы
87.8
44.6
18.8
9.0
31.8
11.0
48.2
Батыс Қазақстан
86.5
71.8
14.9
7.6
26.2
86.0
68.1
Қостанай
86.3
13.6
15.1
6.1
4.9
41.0
40.5
Акмола
85.3
80.0
12.4
7.7
22.7
30.0
98.3
Жамбыл
82.4
45.3
18.9
8.6
37.1
46.0
79.4
Актөбе
81.7
66.7
16.3
8.4
16.3
63.0
78.6
Оңтүстік 
Қазақстан
81.3
26.3
21.4
9.8
38.8
7.0
42.1
Қызылорда
81.0
75.9
21.2
9.9
47.8
25.0
56.2
Павлодар
79.3
73.4
13.9
7.7
22.1
38.0
99.6
Шығыс Қазақстан
78.5
66.2
16.0
8.3
19.3
40.0
86.8
Атырау
70.9
26.1
18.3
9.4
48.5
12.0
87.8
Қарағанды
62.8
57.9
17.2
9.3
15.2
61.0
100.0
Маңғыстау
56.7
14.7
21.9
12.6
22.5
39.0
94.9
Алматы қ.
0.0
0.0
24.4
13.3
38.7
59.0
0.0
Астана қ.
0.0
2.3
24.4
15.2
21.2
69.0
0.0
Дереккөз: ҚР БҒМ 2011b және ЭЫДҰ сарапшыларының есептеулері.
Қорларға және ағымдық шығындарға сұраныс
2003  жылы  Қазақстан  орталықсыздандыру  бойынша  алысқа  апаратын  реформаға
кірісті,  бұл  мемлекеттік  қызметтер  мен  бюджеттік  міндеттерді,  оның  ішінде,
облыстардың,  аудандардың,  қалалардың  және  ауылдардың  жергілікті  атқарушы 
органдарымен  білім  беруді  қамтамасыз  ету  бойынша  ішінара  табыстауға  алып  келді.
Қазіргі  таңда  республикалық  (орталық  бюджет)  республикалық  маңызы  бар  оқу
орындарының  шектелген  санының  шығынын  қамтамасыз  етеді,  республикалық  білім 
беру  бағдарламаларының,  білім  беру  жүйесін  дамытуға  бағытталғандарды  қосқанда
жүзеге  асырылуын  қамтиды,  сонымен  қатар,  аймақтық  мақсатты  қаржылық  трансферттер
аясында  секторлық  субвенциялар  ұсынады.  2011  жылы  республикалық  қаржыландыру
білім  беру  (5.7  Кесте)  шығындарының  жалпы  көлемінен  28,6%  құрады  және  2011  жылы
208 -
 5 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫНДАР ЖӘНЕ 
          ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТЕТІКТЕРІ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
 - 209
толығымен  реформалар  (5.8  Кесте)  саласындағы  күш  салуға  арналды.  Қаржылық
жүктеменің  басым  бөлігі  (2011  ж.  71%)  2011  жылы  айлық  жалақы,  техникалық  қызмет 
көрсету  мен  мектептердің  коммуналдық  шығындары  сияқты  ағымдық  шығындарды  жабу
үшін  білім  беруге  өзінің  жылдық  табысынан  30%-ға  жуық  бөлген  жергілікті  өкімет
 органдарына жатады.
Үлесі'>Кесте 5.7 Білім беру бойынша қаржылық жүктемені бөлу, республикалық және жергілікті 
атқарушы органдар, 2009-2011 жж. (млн. теңге)
 
2009
Үлесі
2010
Үлесі
2011
Үлесі
1
2
3
4
5
6
Республикалық бюджет
231 255
29.5%
236 393
27.3%
310 709
28.6%
Жергілікті бюджет
553 425
70.5%
629 717
72.7%
774 699
71.4%
Барлығы 
784 680
866 110
1 085 408
Дереккөз: Қаржы министрлігі, 2012 ж. қаңтар айына № 157 Статистикалық бюллетень.
Кесте 5.8 Білім беруді реформалау бойынша стратегияға республикалық бюджеттен бөлінген 
қаражат, 2009-2011 жж. (млн. теңге)
2009
Үлесі
2010
Үлесі
2011
Үлесі
1
2
3
4
5
6
Республикалық бюджет
231 255
236 393
310 709
Оның ішінде, реформаның 
стратегиясына бөлінген 
қаражат 
156 114
67.5%
174 879
74.0%
265 405
85.4%
Дереккөз: Қаржы министрлігі, 2012 ж. қаңтар айына № 157 Статистикалық бюллетень; ҚР БҒМ, 2012a (реформаның 
стратегиясына бөлінген қаражат туралы деректер)
Қазақстандағы  бір  оқушыға  жұмсалатын  шығындар  әр  аймақтарда  қатты
ерекшеленеді  -  Алматы  қаласында  жылына  111  551  теңгеден  бастап,  бұл  181  749  теңгені 
құрайтын  мемлекет  бойынша  орташа  көрсеткіштен  39%-ға  төмен,  Солтүстік  Қазақстан 
облысында  жылына  бір  оқушыға  273  424  теңгеге  дейін,  бұл  мемлекет  бойынша  орташа 
көрсеткіштен 50%-дан аса жоғары (5.10 Сурет).
                   5 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫНДАР ЖӘНЕ 
                                                                                             ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТЕТІКТЕРІ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
210 - 
МАЗМҰНЫ
210 -
 5 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫНДАР ЖӘНЕ 
          ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТЕТІКТЕРІ
Сурет 5.10 Қазақстанның аймақтары шегінде бір оқушыға жұмсалатын шығындардағы 
айырмашалықтар, жергілікті бюджеттер (2011 ж.)
Дереккөз: ҚР БҒМ, 2011b; ҚР Қаржы министрлігі; ҚР Статистика Агенттігі; ЭЫДҰ сарапшылар тобының есептеулері.
Бұл 
үлкен 
айырмашылықтар 
«жергілікті» 
мектептердің 
шынайылығын
сипаттайтынын,  яғни,  бір  оқушыға  жұмсалатын  шығын  деңгейі  аймақтардағы  ұқсас 
сипаттамалы  мектептер  желісімен  (және  қажеттіліктерімен)  салыстырмалы  болуы 
керектігін  болжамдауға  болар  еді,  ал  аймақтар  арасындағы  бір  оқушыға  шығындардың 
айырмашылығы  5.5  Кестедекелтірілген  сияқты  негізгі  шығын  факторларымен 
түсіндіріледі.  Дегенмен,  бұл  олай  емес.  Мысалы,  Солтүстік  Қазақстан  мен  Ақмола 
облыстары  ауылдық  және  шағын  жинақталған  мектептердің,  сыныптар  көлемінің  орташа
салыстырмалығы,  мұғалімдер  мен  оқушылардың  қатынасы  және  көлікпен  қамтамасыз
етілетін  оқушылардың  бөлігі  ұқсас  үлесті  аймақтар  болып  табылады,  бірақ,  осы
облыстардағы  бір  оқушы  шығындары  2,5  есеге  жуық  өзгешеленеді  (5.10  Сурет).  Алматы
мен  Жамбыл  облыстарында  да  көлікпен  қамтамасыз  етілетін  (Алматы  облысында  -  48%, 
Жамбыл  облысында  -  80%)  оқушылардың  үлесін  қоспағанда,  өте  ұқсас  мектептер  желісі
бар.  Жамбыл  облысында  көлікпен  қамтамасыз  етілетін  оқушылардың  айтарлықтай  көп 
болуына  қарамастан,  таң  қаларлығы,  бір  оқушыға  шаққандағы  шығындар  Алматы
облысына  қарағанда  7  еседен  аса  төмен.  Екі  ірі  Алматы  мен  Астана  қалаларының
арасында  біреуінде  де  не  ауылдық,  не  шағын  жинақталған  мектеп  болмаса  да
айырмашылықтары  бар,  бірдей  орташа  сынып  көлемімен  және  оқушылар  мен
мектептердің салыстырмалы қатынасымен сипатталады (5.10 Сурет). 
Жалпы  алғанда,  мектепке  тұру  мен  жұмысқа  қатысты  факторлар,  қағида  бойынша, 
шығындарға  әсер  етеді,  білім  беруге  аймақтармен  салынатын  қорлардың  көлемі  сенімді 
болжаушы  параметрлер  болып  табылмайды.  Аймақтағы  шағын  жинақталған
мектептердің  үлесі  қатты  ықпал  етеді  және  бір  оқушығы  шығындардың  55%-ға  жуық
өзгерістерін  түсіндіреді  (5.9  Кесте).  Маңызы  бойынша  екінші  фактор  -  ауылдық

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
 - 211
                   5 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫНДАР ЖӘНЕ 
                                                                                             ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТЕТІКТЕРІ
мектептердің  үлесі,  содан  кейін  сыныптардың  орташа  көлемі  жүреді.  Аймақтар 
арасындағы  инфрақұрылымның  қажеттілік  деңгейі  білім  беру  шығындарының  деңгейіне 
(0,02)  ешқандай  әсер  етпейді  деп  айтуға  болады.  Шығындар  деңгейін  анықтауда  көлік 
пен  тамақтандырудың  маңызы  да  таңқаларлық  төмен  (0,33  және  0,43,  сәйкесінше). 
Мұның  барлығы  5.6  Кестеде  берілген  көрсеткіштермен  қамтылмайтын  және
түсіндірілмейтін,  аймақтық  деңгейде  қызмет  ететін  факторлардың  білім  беруге  қорларды
бөлуге  және  осы  көрсеткіштерге  арналған  мектептік  қажеттіліктерден  шеттетілген, 
айтарлықтай дәрежеде қорларды бөлуге сілтейді.
Кесте 5.9 Бір оқушыға жұмсалатын қаражат пен шығындардың факторлары, Қазақстан 
(2010/2011 жж.)
Қарапайым сызықтық кемімелдің шамасы (r2)
Бір оқушыға жұмсалатын 
жылдық шығындар, 
ағымдағы жергілікті валюта
Білім беруге шығындар
 (жергілікті бюджет %)
1
2
Ауылдық мектептердің үлесі
0.51
0.72
Шағын жинақталған мектептердің үлесі
0.55
0.42
Сыныптың орташа көлемі
0.50
0.26
Мұғалімдер мен оқушылардың қатынасы
0.39
0.51
Апатты жағдайдағы немесе күрделі жөндеуді 
қажет ететін ғимараттар
0.02
0.00
Тегін ыстық тамақтану алатын оқушылар
0.43
0.07
Көлік қызметімен қамтамасыз етілген оқушылар
0.33
0.24
Дереккөздер: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі; ҚР БҒМ 2011b; ҚРСА (3 Баған), ЭЫДҰ сарапшылар тобының 
есептеулері. Факторларды іріктеу туралы толық ақпарат үшін 5.A1 Қосымшаны, 5.A1.14 Кестені қараңыз. 
Аймақтардағы  өмір  құндылығы  да  бір  оқушыға  шаққандағы  шығындар  деңгейіне
елеусіз  әсер  етеді  (5.11  Сурет).  Солтүстік  Қазақстан  облысындағы  ең  төменгі  күнкөріс
деңгейі  14  777  теңгені  құрайды,  яғни,  бұл  мемлекеттегі  аймақтардың  өмір  сүру 
қолжетімділігі  бойынша  үшінші  (Жамбыл  және  Оңтүстік  Қазақстан  облыстарынан  кейін), 
бірақ  бір  оқушыға  шаққандағы  шығынның  орташа  деңгейі  -  мемлекеттегі  барлық 
аймақтардың  арасындағы  ең  жоғарылардың  бірі.  Шығыс  Қазақстан  мен  Маңғыстау
облыстарында  бір  оқушыға  жұмсалатын  шығындар,  шамамен,  бірдей  деңгейде  (айына
16  590  теңге  және  16  910  теңге,  сәйкесінше),  бірақ  Маңғыстау  облысындағы  (21  273
теңге)  күнкөріс  минимумы  Шығыс  Қазақстан  облысына  (16  402  теңге)  қарағанда  30%-ға
жуық  жоғары.  Бір  оқушыға  жұмсалатын  аймақтық  бағалар  мен  шығындардың
арасындағы  байланыстың  әлсіздігі,  сондай-ақ,  2010  ж.  ҚР  БҒМ  үшін  жүргізілген  бүкіл
Қазақстанның  175  жалпы  білім  беретін  орта  мектептері  бойынша  ЮНИСЕФ  зерттеуімен 
расталады  (ЮНИСЕФ,  2012).  Зерттеу  жан  басына  шаққандағы  шығындардың 
айырмашалығын  тек  облыстар  арасында  ғана  емес,  сондай-ақ,  облыстың  ішіндегі 
аудандар  арасында  және  бір  ауданның  ішіндегі  түрі  мен  көлемі  бірдей  мектептер
арасында  ашты.  Бір  оқушының  шығыны  орташадан  жоғары  болған  мектептер
сыныптардың  біршама  шағын  көлемімен,  бір  ауысымда  қызмет  етуімен,  ал  олардың
кейбіреулерінде  сапалы  оқу  жабдықтарының  және  жоғары  білікті  мұғалімдердің  көп
 болуымен сипатталды.

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет