Жоғары білімді
мұғалімдер (G-9)
20 908,80 26 136,00 32 671,20 42 472,80 24 219,36 30 274,20 37 844,14 49 197,66 25 090,56 31 363,20 39 205,44 50 967,36
Коэффициенті
2,02
2,02
2,02
2,02
2,34
2,34
2,34
2,34
2,42
2,42
2,42
2,42
Базалық жалақы
8 172
10 890
13 613
17 697
8 172
10 890
13 613
17 697
8 172
10 890
13 613
17 697
Өткен кезеңнен %-
бен көбеюі
0%
25%
25%
30%
0%
25%
25%
30%
0%
25%
25%
30%
Колледж дипломы
бар мұғалімдер (G-
11)
17598,24 21997,80 27498,26 35747,94 20386,08 25482,60 31854,42 41410,98 21083,04 26353,80 32943,46 42826,74
Ескерту: Коэффициент білім деңгейі мен атқаратын қызметін, сонымен қатар, жұмыс өтілін көрсетеді. 4.12 Кестені және 5.A1 Қосымшаны, қысқа
сипаттамасымен 5.A1.5 Кестесін қараңыз.
Дереккөздер: Дүниежүзілік банк, «Әлемдік даму көрсеткіштері» деректер базасы (ЖІӨ-мен байланысты көрсеткіштер), Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2011 ж. 17 ақпандағы№ 150 Қаулысы (2011 ж. базалық жалақы бойынша); Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 ж. 2 шілдедегі № 1400
Қаулысы; ҚРСА (орташа ұлттық табыс); ЭЫДҰ сарапшыларының есептеулері.
222 -
5 Т
АР
АУ
. ҚА
ЗАҚСТ
АНДАҒЫ БІЛІМ БЕР
УГЕ ЖҰМС
АЛА
ТЫН ШЫҒЫНДАР ЖӘНЕ
ҚАР
ЖЫЛАНДЫР
У ТЕТІКТЕРІ
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
- 223
Сол уақыт мерзімі аралығында (2005 жылдан 2011 жылға дейін) Қазақстандағы
орташа жалақы жалпы көлемде 155%-ға немесе білім беру саласындағы жалақымен
салыстыру бойынша бір жарым есе көбейді. 2011 жылы мектеп директорларының орташа
табысы мемлекеттегі орташа табыс деңгейінен 21%-ға төмен, ЖОО оқытушыларының
жалақысы 35%-ға төмен болды, ал, тіпті, анағұрлым жоғары және жоғары санатты қоса
есептегенде, мектеп мұғалімдерінің жалақысы 16%-ға (орта мектеп) және 26%-ға
(бастауыш білім беру, яғни, колледж дипломымен) мемлекет бойынша орташа деңгейден
төмен болды (5.13 Кесте).
Кесте 5.13 Білім беру жүйесіндегі нормативті жалақының мемлекеттегі орташа кіріс деңгейіне
қатынасы, 2011 ж.
Бастауыш
Мансаптың
ортасында
20+ жыл
Орташа
Мектеп директорлары (G-4)
-30%
-18%
-16%
-21%
Мектеп директорларының орынбасарлары
(G-5)
-35%
-24%
-22%
-27%
ЖОО, ортадан кейінгі КББО оқытушылары(G-7)
-43%
-32%
-31%
-35%
Жоғары білімді оқытушылар (G-9)
-51%
-14%
18%
-16%
Колледж дипломы бар оқытушылар (G-11)
-59%
-30%
12%
-26%
Ескерту: Білім беру секторындағы нормативті айлық жалақы мен мемлекет бойынша (2011 ж.) табыстың орташа
деңгейі арасындағы айырмашылық, санат үшін үстемақымен: 1-ші санат орташа жұмыс тәжірибелі мұғалімдер
бойынша, жоғары санат 20 жылдан аса тәжірибесі бар мұғалімдер бойынша.
Дереккөздер: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 ж. 17 ақпандағы№ 150 Қаулысы (2011 ж. базалық лауазымдық
жалақы бойынша) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 ж. 2 шілдедегі № 1400 Қаулысы; ҚРСА (табыстың
орташа деңгейі бойынша).
Қазақстанда жалақы шкаласының жоғары бөлігіне қол жеткізу үшін 21 жыл, ЭЫДҰ
мемлекеттерінде орташа салыстыру бойынша 24 жыл кетеді. Базалық жалақы мен
анағұрлым жоғары жалақы (сыйақы мен үстемақыны есептемегенде) арасындағы
айырмашылық 1,2 есені құрайды, бұл ЭЫДҰ орташа көлеміне қарағанда - 1,63 есеге
әлдеқайда төмен. Бұл Қазақстан мұғалімдері өз жалақысының шкаласы шыңына, орта
есеппен, ЭЫДҰ мемлекеттеріне қарағанда, үш жыл бұрын қол жеткізуді күте алатынын
білдіреді, бірақ олардың нормативті жалақысының
11
артуы, орта есеппен, ЭЫДҰ
мемлекеттеріне қарағанда, 60%-дан кем емес салыстыру бойынша бар болғаны 20%
(минималды дайындық үшін және сондай біліктілік деңгейі) құрайды.
Осы зерттеу аясында өткізілген мектептерге бару мерзімінде мектеп әкімшілігі мен
мұғалімдер соңғы бірнеше жылдар бойы мұғалімдердің жалақысындағы маңызды
жақсартулар туралы ЭЫДҰ сарапшыларына бірнеше рет айтты. Алдындағы кестелерде
ұсынылған сандар, шын мәнінде, жақсартулардың болғанын, бірақ, олардың Қазақстан
Республикасының білім беру секторында қызметкерлердің жалақы деңгейін түбегейлі
өзгерту үшін жеткіліксіз екендігін растайды. 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді
дамытудың мемлекеттік бағдарламасы проблемалардың бар екендігін мойындайды және
сондықтан 2015 жылға қарай жеке сектормен салыстырылатын деңгейге дейін
мұғалімдердің орташа жалақысын арттыруды қарастырады.
5 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫНДАР ЖӘНЕ
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТЕТІКТЕРІ
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
224 -
МАЗМҰНЫ
224 -
5 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫНДАР ЖӘНЕ
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТЕТІКТЕРІ
Жоғарыда сипатталып өткендей, мұғалімдер өзінің табыстарын бір жүктемеден көп
алып және 4 Тарауда қарастырылғандай, түрлі үстемақылармен ұсынылатын
мүмкіндіктерді қолдану есебінен көтере алады. Дегенмен, мемлекетте қанша мұғалімнің
осы мүмкіндіктерді пайдаланатыны және басқа мұғалімдерге мұны жасауға не кедергі
болатыны түсініксіз (және нақты орнату мүмкін емес шығар). Бұл мерзімде кейбір
үстемақы түрлерін алатындарды анықтауға болады (мысалы, мектептің түріне және
орналасқан жеріне байланысты төлемдерді кімнің алатыны), қосымша функциялар үшін
берілетін үстемақының таралуын анықтау өте қиын. Сөзсіз, осы мүмкіндіктерден пайда
шығара алғандар мен шығара алмағандар арасындағы, білім беру қызметкерлерінің
арасындағы теңсіздікті құратын табыстарда едәуір сәйкессіздік бар.
Ерекше жетістіктер мен біліктіліктерді марапаттау
Қосымша оқыту мен біліктілікті арттыру Қазақстан мұғалімдері үшін жалақыны
арттырудың тағы бір әлеуетті қайнар көзі болып саналады. Кәсіби даму мен шеберлікті
ынталандыру үшін қарастырылған төлемдер өте жомарт және өз мансабын бастаған
төмен біліктілікті мұғалімдер мен максималды біліктілікті жалақы шкаласының ең
жоғары бөлігіндегі тәжірибелі мұғалімдердің табыстары арасындағы өте үлкен
айырмашылықтарға алып келуі мүмкін (5.14 және 5.15 Кестелер).
Кесте 5.14 Қазақстандағы біліктілік санаттарына қосымша төлемдер
Үстемақы
түрі
Сипаттама
Орташа үстемақы,
базалық лауазымдық
жалақыдан %-ы
Пайда табушылар
Қо
сымша біліктіліктер
Ғылыми дәреже: ғылым кандидаты
1 минималды айлық
жалақы (ұлттық)
М; ПҚ
Ғылыми дәреже: PhD
2 минималды айлық
жалақы (ұлттық)
М; ПҚ
G9 біліктілік санаты: жоғары
100%
М
G біліктілік санаты 9: бірінші
50%
М
G9 біліктілік санаты: екінші
30%
М
G11 біліктілік санаты: жоғары
90%
М
G11 біліктілік санаты: бірінші
45%
М
G11 біліктілік санаты: екінші
30%
М
НЗМ аттестаттауы: 3-ші деңгей (базалық)
30.0%
М
НЗМ аттестаттауы: 2-ші деңгей (негізгі)
70.0%
М
НЗМ аттестаттауы: 1-ші деңгей (жоғары)
100.0%
М
Ескерту: 1. М (мұғалімдер); ПҚ (педагог қызметкерлер);
2. Үстемақылар білім беру деңгейі және пән бойынша 5%-ға ерекшеленуі мүмкін;
2 Бағандағы сандар орташа көлемді қамтиды.
3. НЗМ оқығанына үстемақылар базалық лауазымдық жалақыдан емес, айлық жалақыдан пайызбен
есептелген.
Дереккөз: Үкіметтің № 1400 Қаулысы. 5.A1 Қосымшадан, 5.A1.6 Кестеден үстемақылардың қысқаша шолуын
қараңыз.
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
30 -
МАЗМҰНЫ
дарынды балаларға арналған көптеген басқа да мектептер бар. Ең беделдісі мемлекет
құрған және қаржыландыратын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің (ары қарай - НЗМ)
желісі болып табылады. Мемлекеттің барлық жерлерінде НЗМ желісінің құрылысы
аяқталу шараларына, сонымен қатар, үкіметтің кейін барлық білім беру жүйесі бойынша
тарату жоспарланған жаңа білім беру тәжірибесін апробациялау шараларына байланысты
осындай тағы 20 мекте чп ашу жоспарлауда. Сонымен қатар, гимназия, лицей немесе жай
мектеп сияқты санаттарға жатқызуға болатын көптеген басқа да мектеп санаттары бар.
Терминология стандартталмағандықтан, дарынды балаларға арналған жалпы мектеп
санын немесе осы санаттағы мектеп оқушыларының жалпы санын анықтаудың
қарапайым тәсілі жоқ. Басқа жағынан қарағанда, қазіргі таңда оқуда қиындықты сезетін
балаларды оқытуға арналған мектептер жоқ.
Арнайы қажеттілігі бар оқушыларға білімі беру, 2011 ж. жағдай бойынша, 102
«түзетуші мектептерде» (Қазақстандағы ресми жіктеуішке сәйкес), сонымен қатар, жалпы
білім беретін мектептердің 274 арнайы тобында және 1 318 арнайы сыныптарында
қамтамасыз етілді, ал, 7 882 бала үйінде білім алды. Арнайы қажеттілігі бар 15 639 бала -
түзетуші мектептерде, ал, 9 144 бала жалпы білім беретін мектептердің
мамандандырылған сыныптарында арнайы білім алды.
Соңғы онжылдықта жекеменшік мектептер санының өсуіне қарамастан, бастауыш
және жалпы орта білім беретін жекеменшік мектептердің үлесі мемлекет бойынша өте
төмен болып отыр. Қазақстанда тек 1,5% мектеп қана жекеменшік болып табылады,
дегенмен, бұл санаттағы мектеп оқушыларының жалпы санының жартысына жуығы
Алматы қаласында орналасқан, 2010 және 2011 жж. аралығында едәуір өскен.
Әдеттегідей, жекеменшік мектептер көп жағдайда халықаралық тәжірибеге
жақындатылған оқу бағдарламалары мен тәжірибелерін ұсынады, балаларын шетелдік
ЖОО-да оқуын қалаған жоғары деңгейлі табысы бар отбасы санатына есептелген.
Қазақстанның мектептерінде оқыту қазақ немесе орыс тілдерінде жүргізіледі, бұл
жағдайда екі тілдің басқасы екінші тіл ретінде және ағылшын тілі үшінші тіл ретінде
оқытылады. Қазақ тілінде оқытатын мектептерге баратын оқушылардың үлесі соңғы
жылдары өскен және 2011 жылы 63,8%-ға артқан (Кесте 1.3). Сондай-ақ, түрік тілін
қосқанда, оқытуды төрт тілде жүргізетін 29 қазақ-түрік лицейі бар. Сонымен қатар,
қағида бойынша, көптілді білім беруді ұсынатын тәжірибеде пәндердің басым бөлігін
ағылшын тілінде немесе басқа қосымша тілде оқытуды білдіретін дарынды балаларға
арналған мектептер мен халықаралық мектептер бар.
Ортадан кейінгі білім беру
Ортадан кейінгі білім беру гуманитарлық (ұзақтығы 2 жыл) немесе техникалық және
кәсіптік білім беру (ұзақтығы бір жылдан кем емес) ұйымдарында қамтамасыз етіледі.
2011/2012 жж. жағдай бойынша барлығы 146 университет, академия, институт, сонымен
қатар, жоғары мектептер мен колледждер ортадан кейінгі және үштік білім беру
бағдарламалары бойынша білім беруді жүргізді. Кем дегенде 4 жыл оқып және кем
дегенде 128 ECTS
5
кредит жинап, оқуды аяқтаған соң бітірушілер бакалавр академиялық
дәрежесін алуы мүмкін. ЖОО-на қабылдау жүйесі Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ)
нәтижесіне негізделген, 11 сыныптың соңында орта мектептің толық курсын аттестаттау
және ЖОО-на түсу емтиханы біріктірілген түрде ұсынылады. 2011 жылы ҰБТ қамтылуы
барлық орта мектеп бітірушілерінің 79%-н құрады. Қазақстан 2010 жылы Болон процесіне
қосылды.
ТАРАУ 1: ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
226 -
МАЗМҰНЫ
Мұғалімдердің барлығы бірдей жалақы шкаласының жоғары белгісіне қол
жеткізбейтіндігін ескеру қажет. Кейбір мемлекеттерде, мысалы, Италияда 5%-дан аз
мұғалімдер жалақы шкаласының жоғары белгісіне қол жеткізеді (ЭЫДҰ, 2012a).
Өкінішке орай, жалақы шкаласының жоғары (немесе төменгі) бөлігінде тұрған
Қазақстандағы мұғалімдердің үлесі туралы деректер жоқ. Дегенмен, қосымша оқытудан
өтетін және анағұрлым жоғары біліктілік деңгейіне қол жеткізетін Қазақстандағы
мұғалімдер айтарлықтай қаржылай сыйақыны күте алады.
Біліктіліктің көтерілуімен (және еңбек тиімділігінің артуымен) жалақы
индексациясының тұжырымдамасы оң ықпал етеді, өйткені ол мұғалімнің ары қарай
дамуын оятады. Дегенмен, бұл мүмкіндіктер тек өздерін табысты санайтындарда ғана
емес, барлық мұғалімдерде болуы керек. Барлық мұғалімдердің жоғары нәтижелі жұмыс
көрсетуін талап ету шындыққа жанаспайтын еді. Жұмыс тәжірибесі аздарды немесе
қызмет нәтижесі азырақ табыстыларды да олардың ынтасын дамыту үшін және жоғары
біліктілігі, жоғары жұмыс тәжірибесі және/немесе оқытуға ең инновациялы және табысты
көзқарасы бар аз адамдардың мысалында оларға үйренуге көмектесу үшін тең дәрежеде
ынталандырған және көтермелеген дұрыс. Қазіргі кезде бар ерекше жетістіктері мен
біліктіліктің жоғары деңгейіне қатысты ынталандыру тетіктерінің мықты бейімі
«қарапайым» мұғалімдерге, көп бөлікті құрайтын, көңілдің жеткіліксіз бөлінуімен
сипатталады. Бұл өз кезегінде, мамандыққа жаңадан келушілердің тартымдылығын
шектейді және жұмыс үшін максималды берілу мүмкіндігіне мұғалімдердің
ынталандыруын төмендетеді. Барлық мұғалімдерге олар табысты және шығармашыл
мықты және жақсы ұжымның мүшесі болуы үшін ынталандыру қажет.
Жалақы мен басқа да қаржылық марапаттаулардың артуын жоғары біліктілік пен
жоғары еңбек нәтижелеріне байланыстыру мұғалімдерді тарту мен ұстап қалуда
анағұрлым тиімді, барлық мұғалімдер (1) өзінің біліктілігі мен дағдыларын арттыру үшін
мүмкіндіктермен қамтамасыз етілген, мұны жасау үшін жеткілікті қабілетті және
ынталандырылған және (2) тиімді жұмысы үшін марапатталған кезде, жетекші
мұғалімдердің келісілген сипаттамаларын анықтайтын кәсіби стандарттардың аясымен
байланысты анық және ашық критерийлерге сәйкес ұсынылады. Қазіргі таңда
Қазақстанда бар стратегия НЗМ оқыту бағдарламасын аяқтауда жалақының өсуімен
байланысты екендігімен жақсы. Дегенмен, бұл кәсіби даму бағдарламасы барлық
мұғалімдерге қолжетімді емес (әсіресе, бағдарламаның жоғары деңгейлері), ал,
анағұрлым қолжетімді кәсіби дамудың басқа нысандарына қатысу айлық жалақының
өсуімен байланысты болуы міндетті емес. Оның үстіне, мұғалімдерді қаржылық
ынталандырумен марапаттау тәжірибесі, ең бастысы, ҰБТ бойынша сол мұғалім
оқушыларының жоғары нәтижелері немесе олардың олимпиадалардағы жетістіктері
сынды тар жиынтықты критерийлерге негізделетін сияқты. Бұл тәжірибеде, негізінен,
дарынды немесе табысты оқушылардың мұғалімдеріне қолжетімді екендігін білдіреді.
Сарапшылар кәсіби стандарттарға негізделген, мұғалімдердің тиімділігін бағалау
критерийлерінің
толық
жиынтығына
танымал
нәтижелері
үшін
қаржылық
ынталандыруды байланыстыруды ұсынады. Оның үстіне, сарапшылар барлық
мұғалімдерге кәсіби дамудағы қатысумен байланысты қаржылық пайданы алуға тең
мүмкіндіктер беруді ұсынады (4 Тарауды қараңыз).
Мұғалімдердің табысына эконмикалық шындықтың ықпалы
Қазақстан Республикасындағы жоғары жалақы алатын және қарапайым деңгейде
жалақы алатын мұғалімдердің барлығы, қазақстандық экономиканың белгіленген теріс
сипатынан - жоғары инфляциядан бірдей жапа шегуде. 2005 және 2011 жылдар
226 -
5 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫНДАР ЖӘНЕ
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТЕТІКТЕРІ
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
- 227
аралығындағы мерзімде Қазақстандағы инфляцияның орташа деңгейі, мәліметтері бар
әлемнің барлық мемлекеттері арасында осы мерзім аралығындағы инфляция деңгейі
бойынша мемлекетті 24-ші орынға қойып, 9,6% (5.13 Сурет) құрады. Азия даму банкі
сияқты кейбір беделді дереккөздер аймақтағы, оның ішінде Қазақстандағы инфляция
деңгейі, бұрынғыдай «басқарылмалы» деп санайды (АДБ, 2012). Басқалары қандай
инфляция «өте жоғары» болып табылады деген сұрақтың бір мағыналы жауабы
болмағандығын, шын мәнінде, дұрыс оңды инфляция экономиканың өсуін ынталандыруы
мүмкін екендігін көрсетеді (Барнес, 2010).
Сурет 5.13 Қазақстандағы және жекелеген мемлекеттер мен аймақтардағы инфляцияның
(тұтынушылардың бағасы бойынша) ортажылдық деңгейі (2005-2011 жж.)
Дереккөз: Дүниежүзілік банк, «Әлемдік даму көрсеткіштері» мәліметтер базасы.
Дұрыс жауаптың қандай болғанына қарамастан, білім беруге салынатын қорлардың
шынайы құндылығын, ең алдымен, мұғалімдердің жалақысына бөлінетін қаражатты
едәуір төмендету үшін Қазақстандағы инфляция жеткілікті жоғары. 2009 жылға дейінгі
шығындарды шамалы арттыру мұғалімдер жалақысының сатып алу мүмкіндігіне
инфляцияның жағымсыз ықпалының орнын толтыру үшін жеткіліксіз болды (5.14 Сурет),
және тек соңғы бірнеше жылдарда мұғалімдер жалақысының өсуі мемлекеттегі
инфляцияның өсіміне ілесетін болды.
5 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫНДАР ЖӘНЕ
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТЕТІКТЕРІ
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
228 -
МАЗМҰНЫ
Сурет 5.14 Инфляция деңгейіне түзетулер енгізілгеннен кейінгі шығындар тенденциясы, 2005
жылдан 2010 жылға дейінгі Қазақстанның, ЭЫДҰ-ның, ЕО-ның орта мектеп мұғалімдері, бағаның
тұрақты деңгейі (Қазақстан бойынша 2000 = 100; 2004=100)
Дереккөз : ЭЫДҰ (2012a). Қазақстан: Үкіметтің № 1400 Қаулысы (айлық жалақы); Дүниежүзілік банк, Әлемдік даму
көрсеткіштері және «DataMarket» (инфляция деңгейіне өзгерістер үшін дефляторлар). Толық ақпарат үшін 5.A1
Қосымшаны, 5.A1.11 Кестені қараңыз.
2005 және 2009 жылдар аралығында Қазақстандағы мұғалімдердің сатып алу
мүмкіндігі ұдайы төмендеп отырды. 2006 жылы мансаптың ортасындағы мұғалімнің
нормативті жалақысына 2005 жылға қарағанда, тауарларды 11%-ға, 2007 жылы - 24%-ға
аз, 2008 жылы - 37 %-ға аз сатып алуға болатын еді. 2010 жылға қарай мұғалімдердің
сатып алу мүмкіндігі 2004 жылғы деңгеймен салыстыру бойынша 7%-ға артты, бірақ,
дегенмен, 2005 жылға қарағанда, шынайы көріністе 16%-ға төмен болды. Бұдан
айырмашылығы, ЭЫДҰ мен ЕО көптеген мемлекеттерінде 2000 және 2010 жылдар
аралығында мұғалімдердің жалақысы шынайы көріністе артты. Данияда, Эстонияда,
Ирландияда, Португалияда және Шотландияда барлық білім беру деңгейлеріндегі көбею,
кем дегенде, 20% болды. Чехияда (бастауыш білім беруде және толық емес орта білім
беруде) және Түркияда жалақы соңғы онжылдықта екі еселенді. Шынайы көріністе
мұғалімдердің жалақысы 5%-дан аса төмендеген бірегей екі ЭЫДҰ мемлекеті - бұл
Франция және Жапония (ЭЫДҰ, 2012a). Бұл жағдай, әрине, тек педагог кадрларға тиісті
болмады.
Қорларды бөлу тетіктерін жақсарту - шешімдер мен қиындықтар
Барлық мектептер үшін олардың мәртебесі, типі мен орналасуына қатыссыз
қорларды теңдей, әділетті беруді қамтамасыз етудің тұрақты қабілетсіздігі ең мұқият
қарастыруды талап етеді, бірақ мұны қасақана кемсітушілік белгісі ретінде түсіну
асығыстық болар еді. Бұл мектеп желісі мен демографиялық өзгерістердің тарихи және
228 -
5 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫНДАР ЖӘНЕ
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТЕТІКТЕРІ
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
- 229
географиялық кемшіліктермен байланысты шиеленісуі, кері жанама әсерлер мен
үйлестірудің нашар қызмет ететін тетіктердің бар болуын білдіреді.
2003 жылдан бастап едәуір алға басу мен көптеген өзгерістерге қарамастан,
Қазақстанда орталықсыздандыру бойынша реформа толық аяқталмаған және әр түрлі
деңгейдегі мемлекеттік органдар арасындағы қатынастар осы уақытқа дейін тарихи,
саяси, географиялық және басқа да факторларды көрсетеді (Норрис және т.б., 2000; Бхуян
2010). 2001 жылдың «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы әр түрлі деңгейлі
атқарушы үкіметтің шығын өкілеттіліктерін анықтайды, бірақ аймақтық атқарушы
басқару органдары дәстүрлі түрде өздеріне бағынысты жергілікті атқарушы органдарына
қатысты жоғары дәрежелі шешім қабылдауды пайдаланады.
Сурет 5.16 Мемлекеттік басқарудың орталықсыздандырылмаған құрылымы, Қазақстан
Ұлттық қосалқы деңгейдегі инфрақұрылымдық шығындар бойынша міндеттерді
нақты үйлестірудегі белгісіздік проблемасы кең таралған болып табылады, сондықтан
ұлттық қосалқы органдары бөлінген қорлардың немесе алынған табыстардың
жетіспеушілігімен соқтығысқанда, басқа, өте сезімтал шығын баптары бойынша
міндеттемелерге жібергенше, капиталдық және пайдалану шығындарын қысқарту оңай
екенін есептей алады (Норрис және т.б., 2000). Шындығында, орталық деңгейден
жергілікті деңгейге дейінгі трансферт ағымы әр кезде болжанбайды және жергілікті
қорлардың жетіспеушілігіне қарамастан, ол бір жылдан екінші жылға өте береді, бұл
ұлттық қосалқы атқарушы органдардың бюджетті қалыптастыру және шығындарды
жоспарлау қабілетін шектейді (Бхуян, 2010).
Шығындар бойынша нормалар мен ережелердің қатаңдығын (барлығы
республикалық деңгейде анықталады) және жалақы мен жалақыға қатысы жоқ
шығындарға қаражаттарды бөлудегі икемсіздігін айтып кету керек. Мұның бәрі аймақтық
атқарушы органдар мен білім беру органдарының жергілікті қажеттіліктері мен бюджет
мүмкіншіліктеріне сәйкес қаражаттарды үйлестіруді түзетуіне қатысты дербестігін
шектейді. Тәжірибе салдарының мысалы ретінде ауылдық аудандарда білім беруге
берілетін жергілікті шығындардағы жалақының үлесі болып табылады. Сонымен қатар,
кейбір мұқтаждықтарға шығындар нормасы ескірген немесе жеткіліксіз болып табылады,
мәселен, мектептердегі жылуға, су мен электр қуатына нақты жұмсалған қаражаттар
нормада белгіленген бағадан жоғары және қазіргі уақытта ескерілмеген факторларға
тәуелді (ЮНИСЕФ, 2012). Мектеп бюджетінің еңбек жалақысына қатыссыз салалары
бойынша шығын нормалары мен стандарттары жоқ. Шығындардың осы салалары
бойынша бюджетті құрастыру бұрынғыдай едәуір дәрежеде ендірілетін қорларға
негізделеді, және өткен жылдың мәндері негізінде, жыл сайын индексияланатын
сыныптар саны мен мектепте қызмет атқаратын мұғалімдер саны сияқты көрсеткіштердің
5 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫНДАР ЖӘНЕ
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТЕТІКТЕРІ
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
Достарыңызбен бөлісу: |