Түпнұсқада келесі атауда жарияланған Reviews of National Policies for Education



Pdf көрінісі
бет5/42
Дата09.03.2017
өлшемі4,17 Mb.
#8679
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

34 - 
МАЗМҰНЫ
Озық тәжірибелерді нығайту
«PISA  шок»  жауабының  бөлігі  жоғарыда  сипатталған  Назарбаев  зияткерлік
мектептері  (НЗМ)  аталатын  жаңа  мектептер  желісінің  базасында  озық  тәжірибелер
орталықтарын  құру  болып  табылады.  Олар  инновациялар  инкубаторы  ретінде
оқушылардың  білім  алуы  үшін  ынталандыруға,  мұғалімдерге  -  біліктілікті  арттырудың
жаңа  жүйесіне,  ал  мектептерге  -  жекеленген  білім  беру  ортасымен  қамтамасыз  ету
мүмкіндігі  әр  оқушының  қажеттіліктеріне  аса  сезімталдықпен  қарауға  бағытталған. 
Мұнымен  қоса,  мемлекеттік  басқару  органдары  әр  білім  беру  циклының  соңында
стандартталған  ұлттық  бағалауды  ендіру  туралы  бағалау  жүйесін  және  оқушының 
сыныптағы  үлгерімін  бағалау  үшін  бағалар  стандартын  жетілдіру  жұмыстарын  жүргізуде.
Мемлекеттік  басқару  органдары  шағын  жинақталған  мектептер  мәселесіне  үлкен
көңіл  бөлуде.  Оларды  қолдау  үшін  26  ресурс  орталық  желісін  қайта  құру  қарастырылған.
Бұл  орталықтар  қысқамерзімді  оқу  курстарын,  сонымен  қатар,  шағын  жинақталған
мектептердің  мұғалімдері  мен  оқушылары  үшін  аралық  және  бітіруші  қорытынды
 емтихандарды ұсынатын болады.
Білім беруді қайта құру
Сондай-ақ,  Қазақстан  орта  мектепте  11  жылдықтан  12  жылдық  білім  беруге  көшуге,
яғни  мектептерде  болашақ  бітірушілердің  дайындауына  ұзақ  уақыт  бөлу  үшін  үштік  білім
беру  жүйесіне  немесе  еңбек  нарығына  өтуге  ұмтылуда.  Осы  бағыттағы  қайта  құру
жоспарларында  бірінші  сыныптан  ағылшын  тілін  оқытуды  ендіру  қарастырылған.  Мұның
барлығы  жаңа  оқу  материалдарының  дамуымен,  жаңа  үлгідегі,  оның  ішінде  10  сыныпты 
бітіргеннен  кейін  (2  Тарауды  қараңыз)  мамандандырылған  (бейіндік)  білім  беруді 
ұсынатын  оқу  орындарының  ашылуымен  қатар  жүргізілуде.  Жүзеге  асырылған  іс-
шаралар  пакеті,  сонымен  бірге,  мектеп  қызметінің  есеп  берушілігі  мен  бағалау
әдістерінің  ашықтығын  жетілдіру  мақсатында  мектептік  кеңестер  мен    ата-аналар
ассоциациясын  құру  жолымен  ата-аналардың  қатысу  деңгейін  күшейтуді  қарастырады. 
Осы  баяндаманы  дайындау  мерзіміне  12  жылдық  білім  беру  жүйесі  еліміздің  104 
мектебінде апробациядан өтті.
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру
Соңғысы  (маңыздылығы  жағынан  кем  емес)  мұғалімдердің  біліктілігін  арттыруды 
жетілдіруге  бағытталған.  НЗМ  желісінің  базасында  дайындалған  инновациялық  мазмұн 
негізінде  жұмыс  жасау  үшін  педагогтардың  біліктілігін  арттырудың  жаңа  орталықтары
құрылды.  ЭЫДҰ  сыртқы  сарапшыларының  келу  мерзіміне  (2012  жылдың  екінші 
жартысы)  кәсіптік  біліктілікті  арттыру  жүйесінің  жаңа  буыны  іріктелген  эталондық 
мектептердің базасында апробациядан өткізу кезеңінде болды.
Жүйелік басқару және қаржыландыру
2011-2020  жылдарға  арналған  Мемлекеттік  бағдарламаның  негізгі  міндеттерінің  бірі
білім  беруді  қаржыландырудың  жаңа  тетіктерін  әзірлеу  болып  табылады.  2015  жылға
қарай  мектептердегі  қаржыландыру  әр  мектептегі  оқушының  санын  және  мектептер  мен
аймақтардағы  басқа  да  қосымша  факторларды  есепке  ала  отырып,  жан  басына
шаққандағы  қаржыландыру  формуласы  негізінде  анықталатын  болады.  Жаңа 
қаржыландыру  тетігінің  іске  қосылуы  қиын  жағдайда  жұмыс  жүргізетін,  оқушылар  саны
аз,  техникалық  қызмет  көрсетуге  үлкен  шығындар  жұмсайтын,  шалғай  орналасқан  және
т.б.  мектептердің  игілігіне  қызмет  етеді.  Жүзеге  асыру  жоспары  2011-2012  жж.  даму
фазасының  бар  екендігін  (сонымен  қатар  КББО  ұйымдарына  қатысты),  одан  кейін  бес
аймақта
7
,  сонымен  қатар  екі  аймақтағы  КББО  ұйымдарында  жалпы  орта  білім  беру
ТАРАУ 1: ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
 - 35
жүйесінде  апробация  өткізуді  қарастырады.  2015  жылға  қарай  жан  басына  шаққандағы
қаржыландыру  жүйесі  шағын  жинақталған  мектептерден  басқа  Қазақстанның  барлық
мектепке  дейінгі,  бастауыш  және  орта  білім  беру  мекемелерінде  жүзеге  асырылатын
болады (ҚР БҒМ, 2012b).
Инфрақұрылымды жетілдіру
Қазақстанның  өкімет  органдары  мектептердің  қызметі  мен  инфрақұрылымына
қомақты  көлемде  инвестициялар  салды  және  салуды  жалғастыруда.  Келу  аясында,  ЭЫДҰ
сыртқы сарапшылары бірқатар мектептерде болды.
Мектеп  ғимараттарының  жағдайы  өте  жақсыдан  (жаңадан  ашылған  мектептер,
элиталық  мектептер,  жақында  жөндеуден  өткен  колледждер)  шұғыл  күрделі  жөндеу
жүргізуді  қажет  ететінге  дейін  айтарлықтай  деңгейде  өзгеше  болды.  Осыған  қарамастан,
жалпы  алғанда,  мектептерде  спорт  залдары  бар,  бірқатары  спорттық,  көркемөнер,
музыкалық  және  т.б.  ЭЫДҰ  көптеген  мемлекеттерінің  орта  мектептерінде  қолжетімді 
қызмет  түрлерінің  толық  спектрімен  жабдықталған.  Мұндай  жағдай  бұрынғы  КСРО-ның
басқа  көптеген  мемлекеттерінде  кездесетіндей,  Қазақстанда  басқа  бағыттар  бойынша 
білім  беру  дәстүрлі  түрде  мектептен  тыс  білім  беретін  мекемелердің  базасында  жүзеге
асыру  орын  алған.  Осыған  қарамастан,  ҚР  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға
арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  (ББДМБ,  2010)  аясында  Үкімет  мектептердің
инфрақұрылымындағы  бірқатар  аспектілерді  жетілдіру  қажеттігін  мойындады,  оның
ішінде:
-  жаңа  стандарттарға  сәйкес  жаңартылған  химия,  биология,  физика  және  тілдік
кабинеттерінің  үлесін  (2010  ж.  жағдай  бойынша  32%)  2020  жылға  қарай  80  %-ға  дейін
 ұлғайту;
-  бір  компьютерге  келетін  оқушылардың  санын  (2010  ж.  жағдай  бойынша  18)  2020
жылға қарай 1-ге дейін қысқарту;
-  апатты  жағдайдағы  мектептердің  пайызын  (2010  ж.  жағдай  бойынша  2,6%)  2020
жылға қарай 1-ге дейін қысқарту;
-  үш  ауысымды  мектептердің  пайызын  (2010  ж.  жағдай  бойынша  0,9%)  2020  жылға
қарай 0%-ға дейін қысқарту.
Екі  ауысымды  мектептердің  пайызын  төмендетуге  бағытталған  мақсат  қойылмаған, 
осыған  қарамастан,  екі  ауысымда  оқытатын  мектептерде  де  білім  беруде  анықталған 
кемшіліктер,  әсіресе,  екінші  ауысым  оқушыларына  қатысты  болуы  мүмкін.  2012  жылы
жарияланған  зерттеуде  5-ші  және  9-шы  сынып  оқушылары  арасында  математика  және
жаратылыстару  ғылымдары  бойынша  үлгерім  нәтижелерінен  осы  зерттеу  аясында 
қатысқан  85%  мектептің  өз  қызметін  бұрынғыдай  екі  ауысымда  жүргізіп  отырғандығы
анықталды (ҚР БҒМ, 2012c).
Бағдарлама  аясында  оқыту  мен  үйретудің  төмен  сапасынан,  әсіресе  ауылдық  және
шағын  жинақталған  мектептер  зардап  шегуде,  ауылдық  елді  мекендердегі  білім  беру
мекемелерінің    басым  көпшілігі  мемлекеттік  білім  беру  стандартына  сәйкес  келмейтіндігі
анықталған.  Мемлекеттік  басқару  органдары  алдағы  уақытта  жабдықтар  мен
инфрақұрылымды  дамыту  мен  жетілдіруге  қор  бөлуді,  негізгі  күшті  интернет  желісін
және  мектептерді  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялармен  (әсіресе,  шалғай 
орналасқан  елді  мекендерді)  және  сыныптық  аудиторияларды  интерактивті
жабдықтармен қамтамасыз етуді қарастырады.
Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңарту 
Мемлекеттегі  білім  беру  саласындағы  акцент  базалықтан  кейінгі  білім  беруге
жылжытылған,  сонымен  бірге,  басты  басымдық  ретінде  техникалық  көмек  пен 
ТАРАУ 1: ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
36 - 
МАЗМҰНЫ
инвестициялық  жоба  түрінде  Дүниежүзілік  Банк  қолдайтын  техникалық  және  кәсіптік  білім 
беру  жүйесін  жаңарту  болып  отыр.  Осылайша,  жаңа  Үдемелі  индустриалды-инновациялық 
даму  мемлекеттік  бағдарламасы  экономиканың  басты  секторлары  аясында  бәсекеге
қабілетті  және  өндіруші  жұмыс  күшін  құру  негізгі  мақсатымен  енгізілді  (Дүниежүзілік
банк,  2012).  Жаңа  «Кәсіпқор»  холдингтік  компаниясы  техникалық  білім  беру  жүйесінде 
жоғары  сапалы  дамытуды  басқару,  сонымен  қатар,  КББО  қамтамасыз  етуде  жаңа
көзқарастарды  ынталандыру  мақсатында  құрылды.  «Кәсіпқор»  холдингтік  компаниясының
негізгі  қызметі  Астана  және  Алматы
  қалаларында  әлемдік  деңгейдегі  колледж  салу,
сонымен  қатар,  кадрларды  даярлау  және  қайта  даярлау  бойынша  өңіраралық  кәсіптік
орталықтардың  қызметін  басқару  болып  табылады.  Қазіргі  таңда  мұндай  орталықтар
Атырау  қаласында  бар  (
2013  жылы  ашылған
),  сонымен  бірге, 
2015  ж.  осындай  ұқсас
орталықтар  Өскемен,  Екібастұз  және  Шымкент  қалаларында  құрылатын  болады.  6  Тарауда
КББО жүйесінің реформаларына жан-жақты шолу қамтылған.
ЭЫДҰ шолуы: дереккөздер мен шолу рәсімі
Осы  есепте  берілген  талдау  ұлттық,  сондай-ақ,  халықаралық  дереккөздерден
алынған  деректерге,  сонымен  қатар,    талдау  есептерін  қамтитын  және  сарапшылардың
келуі нәтижесінде жинақталған ақпараттарға негізделген.
Ÿ 
Ұлттық  мәліметтер  дереккөздері  Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым
министрлігін  (ҚР  БҒМ),  Ұлттық  статистика  агенттігін,  ҚР  Ұлттық  білім  беру
статистикасы  және  бағалау  орталығын  (ҚР  ҰББСБО),  Ұлттық  білім  академиясын,
«Кәсіпқор»  холдингтік  компаниясын,  сонымен  қатар,  ҚР  БҒМ  жанындағы  «Ақпараттық-
Талдау орталығы» АҚ ұсынған Базалық шолуды қамтиды. 
Ÿ 
Халықаралық  мәліметтер  дереккөздері  ЮНЕСКО  жанындағы  статистика
Институтының  мәліметтер  базасын,  әлемдік  даму  Индикаторлары  бойынша  Дүниежүзілік
банктің  мәліметтер  базасын,  әлемдік  экономиканың  болжамдары  бойынша  Халықаралық 
валюта  қорының 
мәліметтер 
базасын, 
«LABORSTA» 
Халықаралық 
еңбекті 
ұйымдастырудың  мәліметтер  базасын,  сонымен  қатар,  ЭЫДҰ-ның  «PISA»  және
Халықаралық  мектептік  үлгерімді  бағалау  бойынша  ассоциациясының  (IAE)  «TIMSS»
бағалау жүйелерінің мәліметтер базасын қамтиды.
Ÿ 
Сарапшылар  тобы,  сондай-ақ,  АТО-ның,  ҰББСБО-ның  және  ҚР  БҒМ-нің  барлық
талдау  құжаттамаларын  қарастырып,  сонымен  қатар,  PISA  және  TIMSS  толық  есептерін 
кеңінен  қолданды.  Соңғысы  және  маңыздысының  бірі,  сарапшылардың  келуі,  белгілі
дәрежеде  орынды  ұсынымдарды  жүзеге  асыруды  қалыптастыру  мақсатында
мәліметтердің  мәнмәтінденуі  мен  түсіндірілуін  қамтамасыз  ету  туралы  ақпараттардың
құнды дереккөздері ретінде өз құндылығын көрсетті.
1.A1  -  1.A3  Қосымшаларында  шолудың  рәсімі,  талдау  құрылымы  және  осы  есепті
дайындау  процесінде  растаушы  базаның  қалай  қолданғаны  туралы  қосымша  ақпарат
берілген. 
ТАРАУ 1: ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
 - 3
КІРІСПЕ
 
Қазақстан  Республикасының  (ары  қарай  -  ҚР)  орта  білім  берудегі  саясатына  ЭЫДҰ-
ның  бұл  алғашқы  шолуы  білім  сынды  дамудың  негізгі  салалары  бойынша  ЭЫДҰ-мен 
ынтымақтастықты  тереңдету  процесі  аясында  ҚР  Үкіметінің  сұранысымен  жүргізілді. 
Шолудың  негізгі  мақсаты  білім  беру  реформаларының  тиімділігін,  жүзеге  асырылуы  мен 
мақсаттылығын - Қазақстанның қазіргі орта білім беру жүйесінің басым және әлсіз жақтарын 
талдау  арқылы  бағалау  болып  табылады.  Сонымен  қатар,  қажеттілік  пен  мүмкіндікке 
қарай  халықаралық  және  білім  беру  саласындағы  өзгерістерге  қатысты  анағұрлым  тиімді 
тәжірибелерге  сәйкес  реформаларды  жүзеге  асыру  жоспарларына  келтіру  басшылығымен 
қамтамасыз ету шолудың мақсаты болып табылады.
Бұл  шолудың  қосымша  басымдылығы  ҚР  білім  беру  саласындағы  уәкілетті  органға 
қатысты және ЭЫДҰ қатысты фактілердің осы есепті әзірлеу процесінде бір-бірінен алдын-
ала оңашаланған деректердің (ұлттық деңгейдегі) басым бөлігі Қазақстандағы жалпы білім 
беретін  мектептердің  жағдайы  бойынша  білім  беру  саласындағы  уәкілетті  органдармен 
бекітілген жалпы дәлелді деректер базасының аясында шоғырлануы болып табылады. Дәлелді 
базаның сенімділік деңгейін күшейту ұзақ процесс болып табылады, оның үстіне, бұл шолу 
аталған  процесстің  алғашқы  қадамы  ретінде  қарастырылуы  мүмкін.  Осыған  қарамастан, 
бұл  шолу  ҚР  бірлесіп  өткізілген  Мектептердегі  қорларды  пайдалану  тиімділігін  жақсарту 
бойынша  ЭЫДҰ  саясатына  шолу  (Дүниежүзілік  Банкпен  бірлестікте  жүзеге  асырылған), 
Кәсіптік білім беру және оқыту саласындағы ЭЫДҰ саясатына шолу (орта мектептен кейінгі 
білім  беру  аясындағы  дағдыларды  дамыту  бойынша  «Skills  Beyond  School»  жобасы  аясында), 
сонымен қатар, Ерте жастағы балаларды оқыту және балаларды күту бойынша ЭЫДҰ елдік шолуы 
сынды бірқатар іс-шаралардың негізі болды.
Бұл шолудың 1 Тарауында елдің жалпы сипаттамасы, ұлттық білім беру жүйесі, сонымен 
қатар,  реформалау  бойынша  жоспарлары  ұсынылған.  Келесі  тарауларда  мектептегі  білім 
берудің қолжетімділігі мен тиімділігін қамтамасыз етуге қатысты талдаулар мен ұсыныстар; 
білім алушылардың жетістіктерін бағалау тәжірибелері мен бағалау; мектеп мұғалімдері мен 
директорларына қатысты саясат; шығындар мен қаржылық тетіктердің құрылымы баяндалған; 
сонымен  қатар,  кәсіптік  білім  беру  мен  оқыту  жүйесі  қарастырылған  және  қорытынды 
ұсынымдар тізбесі берілген.
Бұл есеп білім беру мәселелері бойынша Директорат атынан Михайло Миловановичпен (шолу 
бойынша баяндамашы және Топ жетекшісі); Хосе-Луи Алваре-Галванамен (ЭЫДҰ Секретариаты); 
Джули Беланжермен (ЭЫДҰ Секретариаты); Симона Блуммен (ЭЫДҰ Секретариаты); сонымен 
қатар, Каролин Макредимен (білім беру саласындағы тәуелсіз сарапшы) дайындалды. Кассандра 
Девис,  Селия  Брага-Шиш  және  Анн-Лиз  Прижен  (ЭЫДҰ  Секретариатының  өкілдері),  сонымен 
қатар,  Иан  Уитман  (АҚШ)  осы  жарияланымды  дайындауда  редакциялау  және  қолдау  бойынша 
басшылықты қамтамасыз етті. Құжаттың жалпы жоспарын Питер Фогельполь, Бриджит Бейлер, 
Клер Четкути дайындады және Дэбора Фернандез жалпы әкімшілік қолдауды қамтамасыз етті.
Барбара Ишингер
ЭЫДҰ 
білім беру мәселелері бойынша Директоры
КІРІСПЕ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
38 - 
МАЗМҰНЫ
Шолудың құрылымы
Шолудың талдау құрылымы ЭЫДҰ-ның келесі жобаларына негізделген: Халықаралық 
оқушылардың  білім  жетістіктерін  бағалау  жөніндегі  бағдарламасы  (PISA),  Халықаралық 
оқыту мен білім беру саласындағы зерттеуі (TALIS); Техникалық және кәсіптік білім беру мен 
оқыту саласындағы ЭЫДҰ саясатына шолуы; Мектепте оқыту нәтижелерін жақсарту үшін 
ЭЫДҰ бағалау құрылымы бойынша шолуы; «Мектептегі басшылықты жетілдіру» жобасы; 
Оқыту  ортасын  тиімді  қамтамасыз  ету  бойынша  ЭЫДҰ  орталығының  қызметі.  Шолудың 
құрылымы 1.A3 Қосымшада берілген.
ТАРАУ 1: ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
 - 39
Қосымша 1.A2. Сарапшылардың келуіне дейін ұсынылған кездесу өткізуге сұраныстар
Бірден  аса  сала  аясындағы  өзектілігіне  байланысты  ұйымдар  мен  серіктестер  қатары 
бір реттен көп аталуы мүмкін (мұндай ұйымдар мен серіктестер қалың шрифтпен берілген). 
Дегенмен, сұраныстар қамтылған салаларға тиісті мамандандырылған сарапшылар тобының 
мүшесінің бір мезгілде қатысуы аясында әр ұйым үшін бір рет келу есебінен құрастырылады.
І. Тегіс қамту мағынасындағы келулер
Ÿ 
ҚР  білім  және  ғылым  министріне  алдын-ала  қорытындылар  мен  ұсынымдарды, 
сонымен 
қатар, 
министр 
тарапынан 
пікір 
алу 
мақсатында 
ЭЫДҰ
сарапшыларының келуіне орай басында және соңында келу;
Ÿ 
Қазақстан  Премьер-министрінің  Орынбасарына  келу  (ұлттық  даму  мен  озық
тәжірибелі мектептер желісінің шолуы аясында);
Ÿ 
Білім  беру  саясаты  саласындағы  және/немесе  басқару  жүйесіне  жауапты  орталық
деңгейдегі мекемелерге бару;
Ÿ 
Облыстық білім басқармасы, сонымен қатар, қалалық білім беру департаменттері 
сияқты аймақтық деңгейдегі ұйымдарға бару; 
Ÿ 
Ұлттық статистика институтына бару;
Ÿ 
Білім  және  ғылым  министрлігі  (ҚР  БҒМ)  құрылымындағы  департаменттерге
немесе 
стратегиялық 
жоспарлауға 
жауапты 
аутсорсинг 
негізінде 
берілген
мекемелерге бару; 
Ÿ 
Серіктестердің  келуі  -  халықаралық  даму  институттары  (Дүниежүзілік  Банк,  Азия
Даму  Банкі,  Ашық  қоғам  институты  (Open  Society  Institute),  ЮНЕСКО,  Европалық
комиссия);
Ÿ 
Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығына келу;
Ÿ 
«Ақпараттық-Талдау орталығы» АҚ-на келу.
ІІ. МЕКТЕПТІК ЖҮЙЕ АЯСЫНДАҒЫ ШЫҒЫНДАРҒА қатысты келулер 
Ÿ 
Білім және ғылым министрлігі (ҚР БҒМ) құрылымындағы департаменттерге немесе 
бюджеттендіруді жоспарлауға жауапты аутсорсинг негізінде берілген мекемелерге бару;
Ÿ 
ҚР Қаржы министрлігіне бару - секторлардағы бюджетті жоспарлау Департаменті;
Ÿ 
Аймақтық деңгейдегі ұйымдарға; облыстық білім басқармаларына бару; 
Ÿ 
Ұлттық статистика институтына бару;
Ÿ 
«Ақпараттық-Талдау орталығы» АҚ-на келу;
Ÿ 
Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығына келу.
III. САПА, ТЕҢДІК және ӨЗЕКТІЛІККЕ қатысты келулер
Ÿ 
Оқу  бағдарламалары  мен  білім  беру  стандарттарын  әзірлеуге  жауапты
органдарға/ұйымдарға бару; 
Ÿ 
Білім  және  ғылым  министрлігі  құрылымындағы  оқу  бағдарламалары  мен  білім
беру стандарттарын әзірлеуге жауапты департаментке бару;
Ÿ 
Қызығушы  тараптардың  кездесуі  (жұмыс  берушілер,  кәсіподақтар,  ата-
аналар және ата-аналар ассоциациясы);
Ÿ 
Білім беру ұйымдарының өкілдерімен кездесу. 
Төменде «БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ЖӘНЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ТАРАПТАР» бөлімін қараңыз.
IV. БАҒАЛАУ НӘТИЖЕЛІЛІГІНЕ қатысты келулер
ТАРАУ 1: ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
40 - 
МАЗМҰНЫ
Ÿ 
Білім және ғылым министрлігі (ҚР БҒМ) құрылымындағы департаменттерге
немесе бағалау нәтижелілігіне жауапты аутсорсинг негізінде берілген мекемелерге
бару;
Ÿ 
Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығына келу;
Ÿ 
«Ақпараттық-Талдау орталығы» АҚ-на келу;
Ÿ 
Бағалау нәтижелілігіне жауапты ұлттық деңгейдегі ұйымдар.
V. МҰҒАЛІМДЕР мәселесіне қатысты келулер
Ÿ 
Мұғалімдерді даярлауға жауапты ұйымдарға бару;
Ÿ 
Мұғалімдердің біліктілігін арттыруға жауапты ұйымдарға бару;
Ÿ 
Мұғалімдер кәсіподағы;
Ÿ 
Білім беру ұйымдары.
Төменде «БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ЖӘНЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ТАРАПТАР» бөлімін қараңыз.
VI. КББО
Ÿ 
Білім және ғылым министрлігі құрылымындағы департаменттерге немесе КББО
қызметіне жауапты аутсорсинг негізінде берілген мекемелерге бару;
Ÿ 
КББО ұйымдары;
Ÿ 
Қызығушы тараптар.
Төменде «БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ЖӘНЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ТАРАПТАР» бөлімін қараңыз.
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ
Ÿ 
Астанадағы және басқа ірі қалалардағы, сонымен қатар, ауылдық жерлердегі
мектептерге бару; мектептердің үйлесімділігі (ҚР БҒМ пікірінше, тиімді
саналатын мектептер мен ҚР БҒМ пікірінше, мәселелерге тап болатын мектептер);
Ÿ 
Жекеменшік мектептерге бару;
Ÿ 
Озық мектептер желісі (НЗМ) қатарындағы мектептерге бару;
Ÿ 
Мұғалімдердің педагогикалық дайындығына жауапты университет факультеттеріне
бару, оның ішінде кейбір студенттермен кездесу.
Мектептер  мен  университеттерге  бару  аясында  ЭЫДҰ  өкілдері,  сондай-ақ,
профессор-оқытушылар  құрамымен,  директорлармен  және  білім  саласындағы
 басшылықпен, сонымен қатар, оқушылармен қатар кездесуге қызығушылық білдірді. 
ҚЫЗЫҒУШЫ ТАРАПТАР
Ÿ 
Ата-аналармен және/немесе ата-аналар ассоциациясымен кездесу, егер бар болса;
Ÿ 
Мұғалімдердің кәсіподақ өкілдерімен кездесу, егер бар болса;
Ÿ 
Мектеп директорларының ассоциациясы өкілдерімен кездесу, егер бар болса;
Ÿ 
Сауда-өндірістік палатасы;
Ÿ 
Жұмыс берушілер ассоциациясы;
Ÿ 
Мұғалімдерді педагогикалық даярлауға және/немесе біліктілігін арттыруға 
жауапты МЕҰ және жекеменшік сектордағы ұйымдар, егер бар болса.
ТАРАУ 1: ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
 - 41
Қосымша 1.A3. Шолудың құрылымы
I. ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
A. Жалпы демографиялық және экономикалық көрсеткіштер 
1.  Мемлекеттің жалпы сипаттамасы.
2.  Білім  беру  шығындары  бойынша  мәліметтерді  ұсыну  жылына,  сонымен  қатар,  соңғы
   5  жылдағы  жағдай  бойынша  ұлттық  валютада  берілген  жан  басына  шаққандағы  ЖІӨ
   деңгейі.
3.  ЖІӨ құрылымы.
4.  Аймақтар мен қалалар шегінде ұлттық байлықты теңдей бөлу.
5.  Жұмыспен  қамту  және  жұмыссыздық  деңгейі  (ересектер  тұрғындар  мен  жастар
  арасында).
6.  Соңғы  жылға,  сонымен  қатар,  өткен  10  жылғы  жағдай  бойынша  жасөспірімдердің
  туылу коэффициенті (15-19 жастағы 1000 әйелге туылу саны).
7.  Соңғы  жылға,  сонымен  қатар,  өткен  10  жылғы  жағдай  бойынша  тұрғындардың
  жалпы  санындағы жастардың үлесі (0-14 жастағы тұрғындар, жалпы санынан %-бен).
8.  Ересек тұрғындардың білім деңгейі.
9.  Көші-қон трендтері.
10. Білім  беруді,  адами  және  экономикалық  дамыту  бойынша  БҰҰ  мен  ДЭФ 
  көрсеткіштері 
B. Қазақстандағы білім беру жүйесі
1.  Білім  беру  жүйесінің,  оның  ішінде  оқыту  ұзақтығының  негізгі  ерекшеліктері  (жалпы
   ендіру  қатысындағы  ілгерілеу  /  12-ші  оқу  жылының  бар  болуы);  білім  беру
   процесінің  кезеңдері;  мектептердің  түрлері;  академиялық  және  кәсіптік-техникалық
   оқыту  жүйелерінің  айырмашылығы;  арнайы  білім  беру  қажеттіліктерін  және
   мүгедектерді қоса есептегенде оқытуды қамтамасыз ету.
2.  Білім  беру  деңгейі,  гендерлік  белгісі,  мектептердің  түрлері  бойынша  білім
   саласындағы  қамтылу;  академиялық  /  кәсіптік-техникалық  оқыту  жүйесіне
   қатыстылығы.
3.  Басқару тетіктері, мектепті басқару жүйесіндегі орталықсыздандыру деңгейі. 
4.  Білім  беруді  дамытудың  мемлекеттік  бағдарламасы  -  мақсаттар,  критерийлер  және
  ББДМБ жүзеге асыру тиімділігін бағалау.
5.  Ұлттық  даму  стратегиясы  -  білім  беру  мен  оқыту  жүйесіне  таңылған  басымдықтар
  мен рөлдер.
I. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ШЫҒЫНДАР
A. Қаржылық менеджмент пен бюджеттендіру рәсімінің құрылымы
1.  Бюджеттік кезең
  a.Бюджетті қалыптастыру мен орындаудың жалпы рәсімі 
  b.  Мемлекеттік  қаржыны,  бюджеттің  құрылуы  мен  орындалуын  қосқанда  басқару
  жүйесін реттейтін заңдар мен актілер.
2.   Мемлекеттік  басқару  деңгейі  бойынша  білім  беру  жүйесін  қаржыландыруға
   жауапкершіліктің бөлінуі. 
3.  Білім беру секторы үшін бюджетті қалыптастыру мен орындау.
ТАРАУ 1: ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет