26 -
МАЗМҰНЫ
Сурет 1.4 Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі
*
Қазіргі таңда жүзеге асырылатын 12 жылдық оқыту моделіне көшу
**
ҚР Білім және ғылым министрлігі бастауыш және негізгі орта мектептерді сараламайды. Тек бастауыш
мектепке арналған бірнеше ғана мектеп бар. (1-4 сыныптар). Бастауыш білім беру 6 немесе 7 жастан
басталады.
Жасы
Докторантураны оқыту курстары
ЖОО-лар, академиялар, ғылыми-зерттеу
институттары (3-жылдық оқыту курстары)
Магистр деңгейі
ЖОО-лар, академиялар (2-жылдық оқыту
бағдарламалары)
Бакалавриат деңгейі
ЖОО-лар (4-жылдық оқыту
бағдарламалары)
Маман дипломы
Кәсіптік-техникалық ортадан кейінгі білім беру
Колледждер
(ұзақтығы 2/3 жылдық курстар)
17
16
15
14
13
12
11
БХСЖ 1
10
9
8
7
6
5
4
3
2
1
0
БХСЖ 5A/B/6
БХСЖ 4
БХСЖ 3
БХСЖ 0
Мектепке дейінгі білім беру
Балабақша, мектептен тыс ұйымдардағы мектепке дейінгі білім беру сыныптары мен топтары
БХСЖ 2
Негізгі (толық емес) орта білім беру
5-9 немесе 1 -9 сыныптар
Мектептер, шағын жинақталған мектептер, лицейлер, гимназиялар, бейіндік оқыту мектептері
9-шы сыныптан кейін аралық емтихан: жалпы орта білім берудің жоғары сыныптарына қабылдау үшін
шарт
Орта мектептің жоғары сыныптары
10-11 сыныптар
Мектептер, шағын жинақталған мектептер, лицейлер,
гимназиялар, бейіндік оқыту мектептері
ҰБТ: орта білім туралы аттестат және ЖОО -
на және ортадан кейінгі білім беру жүйесіне түсу
емтиханы
Орта мектептің жоғары сыныптары деңгейінде
ТжКББ
Кәсіптік-техникалық мектептер және колледждер
Қорытынды емтихан : мектепті аяқтағаны туралы
аттестат және ЖОО -на түсу емтиханы
Бастауыш білім беру**
1-4 сыныптар
Бастауыш мектептер
ТАРАУ 1: ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
- 27
Түсу кезіндегі айрықша жағдайлар
Диагностикалық тестілеу немесе түсу емтихандары
Дереккөз: ЭЫДҰ сарапшылар тобы.
Мектепке дейінгі білім беру
Мектепке дейінгі ұйымдар желісі (негізінен мемлекеттік) 0 жастан 6 жасқа дейінгі
балалар үшін мектепке дейінгі білім беруді ұсынады. Қосымша оқыту ұйымдары, балалар
үйлері мен мектеп-интернаттар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға
мектепке дейінгі білім беруді жүзеге асырумен шұғылданады. ҚРСА деректері бойынша,
соңғы кездері мемлекеттік балалар бақшасының саны артуда, 2012 жылғы жағдай
бойынша 584 305 баланы таза қабылдаған 7 221 мекемеге жетті (бұл 2007 жылмен
салыстырғанда 151%-ға артық).
Бастауыш және орта білім беру
Қазақстан Республикасында мектептік білім беру жүйесі мектеп үлгілерінің әр түрлі
желісімен ұсынылған. 2011 жылы 7 696 мектеп болды: оның ішінде 7 584-і мемлекеттік,
ал 112-і жекеменшік. 7 584 мемлекеттік мектептің 7 567-і Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігіне (ҚР БҒМ) және жергілікті атқарушы билікке (ЖАБ)
бағынысты болды, оның ішінде 73 мектеп - басқа министрліктерге бағынысты. ҚР БҒМ
мен ЖАБ бағынысты 7 567 мектептің: 7 465-і негізгі білім беретін мектептер, 102-і
арнайы білім беру қажеттіліктерін ұсынатын ұйымдар болып табылды.
Бастауыш білім беру 4 жыл ұзақтығымен 6 немесе 7 жастан басталады. Негізгі орта
білім берудің ұзақтығы 5 жылды құрайды, одан кейін 2 жыл жоғары сыныптарда немесе 3
жылдан 4 жылға дейін орта техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім
алады. 2011 жылғы жағдай бойынша 9-шы сынып оқушыларының 2/3 жуығы
мектептерде толық орта білімді жалғастырған, ал сол уақытта оқушылардың 1/3-і КББО
ұйымдарында білім алған (АТО, 2012). Толық орта білімді табысты аяқтаған оқушылар
оқу мерзімі 2 жылдан 3 жылға дейін КББО ықшамдалған бағдарламалары аясында КББО
ұйымдарында білім ала алады.
Орта білім мектептерде, «шағын жинақталған мектептерде» (ШЖМ), гимназияларда,
лицейлерде және негізгі оқу пәндері (математика, физика, тілдерден және т.б.) бойынша
тереңдетіп оқытатын мектептерде беріледі. Шағын жинақталған немесе толық емес
мектептер - бұл негізінен ауылдық жерлердегі әр жыл бойынша бөлінген топтар
арасында сыныптарға бөлу үшін қажетті оқушылар саны жетіспейтін шағын мектептер,
сондықтан әр түрлі жастағы оқушыларды оқыту бірге жүргізіледі. Тіпті, ең кіші ауылдық
жерлерде тиісті мектеп жасындағы адамдардың саны 5 болғанда бастауыш мектеп ашуға
мүмкіндік беріледі. Кесте 1.3 көрсеткендей, 2011 жылғы жағдай бойынша, оқушылардың
жалпы контингентінен (2012 ж. - 15,4%) небәрі 15,9% ғана қамтуды құрағанына
қарамастан, 7 465 жалпы білім беретін мектептің 4 221 (57%) мектебі «шағын
жинақталған» болып табылды (2012 ж. - 56%).
Кейбір облыстарда мектептердің басым бөлігі шағын жинақты болып табылады,
оның ішінде, Солтүстік Қазақстанда (85,9%), Ақмолада (81,0%), Қостанайда (75,9%) және
Батыс Қазақстанда (74,3%). 2010 жылы шағын жинақталған мектептердің 20,9%-ға
жуығы - бастауыш білім, 22,4%-ы - негізгі орта білім, 56,6%-ы толық орта білім берді.
Сол жылы шағын жинақталған мектептердегі бастауыш сынып оқушыларының
орташа саны бір мектепке - 12 оқушыны құраса, негізгі орта білім беру мектептерінде -
45 оқушыны, толық орта білім беру мектептерінде бір мектепке 146 оқушыны құрады.
Небәрі 5 оқушы оқитын шағын жинақталған мектептер бар (ҚР БҒМ, 2011). Осы есепте
¯
«
ТАРАУ 1: ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
28 -
МАЗМҰНЫ
ары қарай қарастырылатындай, шағын жинақталған мектептер әр түрлі жастағы
оқушылар, инфрақұрылым мен мамандардың жетіспеуі, сонымен қатар, жалпы алғанда,
білім сапасының төмендеуі сияқты белгілі мәселелерге кезігіп отыр.
ТАРАУ 1: ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
2 -
МАЗМҰНЫ
Бұл жұмыс ЭЫДҰ Бас хатшысының жауапкершілігі аясында жарияланады. Берілген
пікірлер мен жарияланымда келтірілген дәлелдер ЭЫДҰ мен ЭЫДҰ мүше мемлекеттері
үкіметтерінің ресми көзқарастарын көрсетуі міндетті емес.
Бұл жарияланым және онда ұсынылған кез-келген географиялық карталар қандай да бір
аумақ болмасын мәртебе немесе тәуелсіздік, халықаралық шекаралар мен бөлу сызықтарын
анықтау, сонымен қатар, қандай да бір аумақтарға, қалаларға және аймақтарға байланысты
сұрақтарына қатысты қасақана емес сипатта берілген.
ЭЫДҰ бастапқы басылымда ағылшын және француз тілдерінде атауы:
Reviews of National Policies for Education: Secondary Education in Kazakhstan
© 2014 OECD
Барлық құқықтары қорғалған.
© 2014 «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ қазақ тіліндегі баспасы үшін
Аударманың ғылыми редакторы - пед.ғ.д., профессор Шолпан Каланова
Израиль бойынша статистикалық деректер Изральдің құзыретті органдарының жауапкершілігімен ұсынылған. ЭЫДҰ бұл
деректерді пайдалануы халықаралық құқық қағид аларына сәйкес Голан жотасы, Шығыс Иерусалим мәртебесі мен Батыс
жағалаудағы израильдік тұрғындарға қатысты біржақты бейнелеу болып табылмайды.
Фотоның авторы туралы мәліметтер: © Anton Andronov/Fotolia.com қараңыз.
ЭЫДҰ жарияланымдарының түзетулерін Интернеттегі www.oecd.org/publishing/corrigenda адресінен табуға болады.
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
30 -
МАЗМҰНЫ
дарынды балаларға арналған көптеген басқа да мектептер бар. Ең беделдісі мемлекет
құрған және қаржыландыратын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің (ары қарай - НЗМ)
желісі болып табылады. Мемлекеттің барлық жерлерінде НЗМ желісінің құрылысы
аяқталу шараларына, сонымен қатар, үкіметтің кейін барлық білім беру жүйесі бойынша
тарату жоспарланған жаңа білім беру тәжірибесін апробациялау шараларына байланысты
осындай тағы 20 мекте чп ашу жоспарлауда. Сонымен қатар, гимназия, лицей немесе жай
мектеп сияқты санаттарға жатқызуға болатын көптеген басқа да мектеп санаттары бар.
Терминология стандартталмағандықтан, дарынды балаларға арналған жалпы мектеп
санын немесе осы санаттағы мектеп оқушыларының жалпы санын анықтаудың
қарапайым тәсілі жоқ. Басқа жағынан қарағанда, қазіргі таңда оқуда қиындықты сезетін
балаларды оқытуға арналған мектептер жоқ.
Арнайы қажеттілігі бар оқушыларға білімі беру, 2011 ж. жағдай бойынша, 102
«түзетуші мектептерде» (Қазақстандағы ресми жіктеуішке сәйкес), сонымен қатар, жалпы
білім беретін мектептердің 274 арнайы тобында және 1 318 арнайы сыныптарында
қамтамасыз етілді, ал, 7 882 бала үйінде білім алды. Арнайы қажеттілігі бар 15 639 бала -
түзетуші мектептерде, ал, 9 144 бала жалпы білім беретін мектептердің
мамандандырылған сыныптарында арнайы білім алды.
Соңғы онжылдықта жекеменшік мектептер санының өсуіне қарамастан, бастауыш
және жалпы орта білім беретін жекеменшік мектептердің үлесі мемлекет бойынша өте
төмен болып отыр. Қазақстанда тек 1,5% мектеп қана жекеменшік болып табылады,
дегенмен, бұл санаттағы мектеп оқушыларының жалпы санының жартысына жуығы
Алматы қаласында орналасқан, 2010 және 2011 жж. аралығында едәуір өскен.
Әдеттегідей, жекеменшік мектептер көп жағдайда халықаралық тәжірибеге
жақындатылған оқу бағдарламалары мен тәжірибелерін ұсынады, балаларын шетелдік
ЖОО-да оқуын қалаған жоғары деңгейлі табысы бар отбасы санатына есептелген.
Қазақстанның мектептерінде оқыту қазақ немесе орыс тілдерінде жүргізіледі, бұл
жағдайда екі тілдің басқасы екінші тіл ретінде және ағылшын тілі үшінші тіл ретінде
оқытылады. Қазақ тілінде оқытатын мектептерге баратын оқушылардың үлесі соңғы
жылдары өскен және 2011 жылы 63,8%-ға артқан (Кесте 1.3). Сондай-ақ, түрік тілін
қосқанда, оқытуды төрт тілде жүргізетін 29 қазақ-түрік лицейі бар. Сонымен қатар,
қағида бойынша, көптілді білім беруді ұсынатын тәжірибеде пәндердің басым бөлігін
ағылшын тілінде немесе басқа қосымша тілде оқытуды білдіретін дарынды балаларға
арналған мектептер мен халықаралық мектептер бар.
Ортадан кейінгі білім беру
Ортадан кейінгі білім беру гуманитарлық (ұзақтығы 2 жыл) немесе техникалық және
кәсіптік білім беру (ұзақтығы бір жылдан кем емес) ұйымдарында қамтамасыз етіледі.
2011/2012 жж. жағдай бойынша барлығы 146 университет, академия, институт, сонымен
қатар, жоғары мектептер мен колледждер ортадан кейінгі және үштік білім беру
бағдарламалары бойынша білім беруді жүргізді. Кем дегенде 4 жыл оқып және кем
дегенде 128 ECTS
5
кредит жинап, оқуды аяқтаған соң бітірушілер бакалавр академиялық
дәрежесін алуы мүмкін. ЖОО-на қабылдау жүйесі Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ)
нәтижесіне негізделген, 11 сыныптың соңында орта мектептің толық курсын аттестаттау
және ЖОО-на түсу емтиханы біріктірілген түрде ұсынылады. 2011 жылы ҰБТ қамтылуы
барлық орта мектеп бітірушілерінің 79%-н құрады. Қазақстан 2010 жылы Болон процесіне
қосылды.
ТАРАУ 1: ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
- 31
Қазақстандағы білім беру халықаралық салыстырулар мәнмәтінінде
2009 жылы Қазақстан «Барлығына арналған білім берудің» алты мақсатының
төртеуін оның ішінде, жалпыға бірдей бастауыш білім беруді, ересек тұрғындардың
сауаттылығын, білім беру сапасы мен гендерлік белгіні пайдаланған ЮНЕСКО-ның
«Барлығына арналған білім беру» даму Индексі бойынша бірінші орынды иеленді.
ЮНЕСКО-ның статистика Институтының деректерімен, 2010 ж. жағдай бойынша
Қазақстан жалпыға бірдей бастауыш білім беру деңгейіне (99,0%) қол жеткізіп, оның
үстіне, 5 сыныпқа дейінгі шарықтау қарқыны 100% жуық, сонымен қатар, ересек
тұрғындардың жалпы сауаттылық деңгейін (99,6%) және гендерлік біркелкіліктің
жоғарылығын (99,3%) құрады. Тұрғындардың білімділік деңгейі сондай-ақ жоғары. 25
және одан жоғары жастағы ересек тұрғындардың ширек бөлігінің үштік білімі, 30%-ның
ортадан кейінгі дәрежелі білімі бар, оның үстіне, 40%-ның толық орта білімі бар. Толық
емес орта және одан төмен білімі бар ересек тұрғындардың үлесі 2010 жылы тек 3%
құрады. Ерлерге қарағанда әйелдердің білім деңгейі жоғары; 23% ерлермен
салыстырғанда 28% әйелдердің үштік білім туралы дипломдары бар, сонымен бірге, 29%
ерлермен салыстырғанда 33% әйелдер ортадан кейінгі білім беру дәрежесін алған.
Қазақстанның жаратылыстану ғылымдары мен математика бойынша халықаралық
олимпиадаларға қатысатын ескі дәстүрі бар. 2010 жылы Қазақстан 51-ші Халықаралық
математикалық олимпиаданы өткізіп, қазақстандық оқушылар 98 қатысушы мемлекеттің
арасында 5-ші орынды иеленді. Бұдан басқа, Қазақстан халықаралық оқушылардың
білімін бағалау жүйесіне: 2007 жылы алғаш рет Мектептік үлгерімді бағалау бойынша
халықаралық Ассоциация өткізген «Халықаралық математика және ғылымдар бойынша
зерттеу аясындағы трендтер» (TIMSS) жүйесіне, ал одан кейін Халықаралық
оқушылардың білім берудегі жетістіктерін бағалау бойынша ЭЫДҰ Бағдарламасының
(PISA) 4-ші кезеңіне 2009 ж. қатысты
TIMSS халықаралық бағалу жүйесі аясында математика және ғылыми пәндер саласы
бойынша басқа мемлекеттердегі жастас құрбыларымен салыстыру арқылы 4 және 8
сынып оқушыларының үлгерім деректері ұсынылады. TIMSS зерттеуі 4 жылдық кезең
негізінде жүргізіледі, сонымен бірге, 1995, 1999, 2003, 2007 және 2011 жж. мәліметтер
жинақталған болатын. ЭЫДҰ PISA бағдарламасы әрбір үш жылда өткізілетін, оқылым,
математика және ғылыми пәндер саласындағы оқушылардың оқу нәтижелерін
халықаралық салыстырып зерттеу болып табылады. Әрбір зерттеу кезеңі үшін негізгі
аймағы ретінде үш тестілеу саласының біреуі таңдалады; қалған екі аймағы маңызсыз
сала болып табылады және бұл зерттеуде аз бөлімі бар.
Қазақстан TIMSS зерттеулеріне 2007 және 2011 жж., сонымен қатар, PISA
бағдарламасының зерттеуі аясында 2009 және 2012 жж. қатысты (осы баяндаманы
даярлау мерзіміне 2012 ж. PISA кезеңінің нәтижелері әлі қолжетімсіз болды). TIMSS
зерттеуі аясында Қазақстан әлемнің 36 мемлекетінен 4 сынып оқушыларының арасынан
математика бойынша 5-ші орынды және ғылыми пәндер бойынша 11-ші орынды иеленді.
Жүйелі нәтижелелік деңгейі 2011 ж. TIMSS кейінгі зерттеу кезеңі аясында шамамен
орташа деңгейге дейін едәуір төмендеген. Қазақстан әлемнің 50 елінің ішінде 4 сынып
оқушыларының арасында математика бойынша тестілеу аясында 27 орынды және 4
сынып оқушыларының арасында ғылыми пәндер бойынша тестілеу аясында 32 орынды,
сонымен қатар, 8 сынып оқушылары 42 мемлекеттің ішінде математика бойынша 17
орынды және ғылыми пәндер бойынша 20 орынды иеленді. 2009 жылы PISA зерттеулері
аясында Қазақстан математика бойынша 405 балл (75 елдің ішінде 56 орын), ғылыми
пәндер бойынша 400 балл (64 орын) және оқылым бойынша 390 балл (64 орын) алды.
2007 ж. TIMSS рейтингінің жаман емес нәтижелерімен салыстырғанда, PISA нәтижелері
білім беру органдары мен кең жұртшылыққа төмен ретінде қабылданды.
ТАРАУ 1: ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
32 -
МАЗМҰНЫ
Мектепке дейінгі білім беру саласындағы білім беру реформаларының күн тәртібі
Қазақстан ұзақ және айтулы өткеніне қарайды, дегенмен, тәуелсіз мемлекет ретінде
елдің тарихы бұрынғыдай өте жас. Өзгеріс рухын өмірдің көптеген салаларында сезінуге
және байқауға болады, сонымен бірге, болашақты амбициозды елестету мемлекеттің
экономкасы үшін маңызды мәні бар білім беру сияқты секторларда саясатты басқару
үшін жалпы дереккөз болып табылады. Болашақтағы ұлттық білім беруді елестету,
2020 жылға қарай Қазақстан экономикасы дамыған және жоғары білікті жұмыс күші бар
білімді мемлекетке айналатынын болжайтын Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында көрініс тапқан (ҚР БҒМ, 2010). Осы бағыттағы
ұлттық білім беруді дамыту бойынша жоспары - бұл жүзеге асырылатын реформаның жай
техникалық құрылымына қарағанда әлдеқайда үлкен. Бұл - білім беру секторын мұқият
қайта құру мен секторды өзгерту арқылы экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени
өркендеу кепілі болатын кешенді стратегия. Реформалау бағдарламасын әзірлеу, осылайша
қызмет етуге үнделген жалғастық кепілдемесі ретінде - білім беру саласындағы өзгерістің
бұл аспектсі реформаларды табысты жүзеге асыруда шешуші мәнге ие бола алады (Ендірме
1.1 қараңыз).
Ендірме 1.1 Чилидегі білім беру саясатының жалғастығы мен реттілігі
Чилидің білім беру саласындағы саясатының айқын сипаты соңғы 13 жылда жалғастық пен
реттілік болып та былады. Бұл Чили оқушыларының үлгерімін жақсартуға әсерлі мүмкіндік беретін
негізгі факторлардың бірі ретінде қарастырылады.
2000 жылдан 2009 жылға дейінгі аралықта PISA бағдарламасы аясында оқылым бойынша
орташа көрсеткіш 40 баллға өсті. Осыған қарамастан, Чилидің орташа көрсеткіші бұрынғыдай
ЭЫДҰ мемлекеттері арасында орташадан төмен деңгейде қалып отыр, бұл табыс Чилиге
Аргентинаның, Болгарияның, Мексиканың, умынияның және Тайландтың, яғни, 2000 ж. жағдай
бойынша ұқсас және әлдеқайда жоғары көрсеткішті мемлекеттердің көрсеткіштерінен озуға
мүмкіндік берді. Көрсеткіштердің жақсаруы, әсіресе, үлгерімі төмен оқушыларға қатты қатысты
болды. Олардың көрсеткіштері 51 баллға артса, оқылым дағдысы бар оқушылардың пайызы 2
деңгейден 17,6%-ға төмендеген.
Соңғы онжылдықта үкімет мақсатсыз қайта құруды мирасқор еткен мектептік білім беру
жүйесіне парасатты, сындарлы және деңгейлі өзгеріс рәсімін қабылдады (испандық жүйе сияқты
мемлекеттік, субсидияланатын жекеменшік және толық жекеменшік мектептерді қамтиды). Оның
орнына, күш саясаттың екі орталық қағидаларын ілгерілетуге бағытталды: жүзеге асырылып
отырған білім жүйесі аясында білім беру саласындағы сапа мен қолжетімділік. Ең басынан
Министрлік сыртқы көмекті тарту арқылы жұмыс жүргізіп, 1994 ж. беделді Техникалық комитет
алдағы уақытта білім беруді дамыту жоспарының жобасын ұсынды. Жоспар білім беруді жаңарту
бойынша Ұлттық комиссияға 1995 ж. берілді. Озат саяси әрекеттің көмегімен, білім беру
саласындағы жаңа стратегиялық саясатты қолдауға, тіпті, саяси оппозицияның арасынан мықты
консенсуске қол жеткізілді.
Реформа архитекторларының негізгі тобымен қатар, өз қызметін ерекше ұзақ мерзім бойы
(20 жылдан сәл аса) атқарған білім министрлері күн тәртібінің орталығына білім беру
мәселелерін тұрақты қойып келді, реформа бойынша топпен бірігіп, мемлекеттің болашағы үшін
алғаш рет білім беру стратегиялық маңызды болып танылып, сонымен қатар, жақсартуды
қамтамасыз ету бойынша тұрақты және маңызды күшті қабылдауды талап ететін сұрақ ретінде
білім беру Тұжырымдамасын дайындады.
Нәтижесінде Чили соңғы 13 жылда алдағы уақыттағы реформаларды дамыту мен
тереңдетуді қамтамасыз ететін, сонымен қатар реформа архитекторларына тәжірибеден сабақ
алуға мүмкіндік беретін білім беру стратегиясындағы айтарлықтай жалғастық маңызды
консенсуске қол жеткізді. Идеологиялық және саяси көзқарастары бойынша ерекшеленетін
топтардың арасында да консенсус бар, сонымен бірге, білім беру мәселелерінің негізгі бөліктері
қоғамда пікірталас болып табылатындығы анық. Осы жылдар бойы Чили білім беру мәселелері
бойынша ЭЫДҰ-мен белсенді ынтымақтастықты жүзеге асырды, осылайша, 2010 жылы
Ұйымның мүшесі болды.
Дереккөз: ЭЫДҰ, 2012b
ТАРАУ 1: ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
- 33
Білім беру контенті, жүйе құрылымы, білім беру саласындағы инфрақұрылым мен
технологиялар, білім беру ұйымдарын құру және басқару, қаржыландыру және
қаржыларды басқару, сонымен қатар, мектепке дейінгі деңгейдегі білім беруді қамтуды
кеңейту сияқты реформалар білім беру аспектілерінің кең шоғырын өзгертуге
бағытталған. Амбициозды тізім келесі бөлімшелерде сипатталады, сапа мен білім беруге
қолжетімділік, білім беру, оқыту нәтижелерін бағалау, білім беру жүйесін қаржыландыру,
сонымен қатар, техникалық және кәсіптік білім беру мен оқытуға қатысты реформалар
осы есептің тиісті тарауларында жан-жақты талданады.
Жалпы мектепке дейінгі білім беру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға
арналған стратегиялық жоспарында (ҚР БҒМ, 2012а) мектепке дейінгі білім беру жүйесін
қарқынды кеңейту қарастырылған, 2014 ж. тиісті жас ерекшелігі топтарында (3-6 жас)
қамту 70%-ға дейiн жеткiзіледі. Реформаның бұл мақсатына бөлінген қорлар (мектепке
дейінгі білім беру аясындағы «Балапан» бағдарламасы) маңызды болып табылады және
балалар бақшасының құрылысын, алдын-ала дайындық мазмұнын жаңартуды, тегін
тамақтандыру мен мектепке дейінгі жастағы (5 және 6 жас) балаларға арналған дайындық
бағдарламасын қосуды қамтиды. Мемлекеттік басқару органдары тарапынан көрсетілген
қолдау өз нәтижелерін береді. 2005-2010 жж. аралығында, Қазақстанда мектепке дейінгі
білім беру жүйесіндегі оқушылар контингенті мемлекет бойынша екі еселенді (2005 ж.
23%-дан 2010 ж. 42%-ға дейін). Әсіресе, ауылдық жерлердегі нәтижелер әсер қалдырады,
2005 ж. бар болғаны 6,7%-бен салыстырғанда, 2010 ж. жағдай бойынша, 35%-ға жуық
балалар балабақшалардағы орындармен қамтамасыз етілді (ҚР БҒМ, 2011).
Орта білім берудің сапасы
Қазақстанның екі оқушылардың үлгерімі бойынша халықаралық зерттеулерге
қатысуы - PISA және TIMSS Қазақстандық білім беру қауымдастығына қарама-қайшы
тұжырымдар берді. Қазақстандық оқушылар математика саласынан 5 және 8 сынып
оқушылары арасында (5-ші орын) және жаратылыстану ғылымдары (11ші место)
саласында TIMSS бағалауы бойынша жоғары рейтинг көрсетті, дегенмен, PISA бойынша
нәтиже өте төмен. PISA бойынша жағымсыз нәтижелер «базалық сауаттылығы мен санай
алуын есептемегенде, оқушылардың үлгерімін арттыру бағдарламасы аяқталмауының»
бар болуымен түсіндіріледі (Дүниежүзілік банк, 2012).
Қазақстандық «PISA шок»
6
ҚР Білім және ғылым министрлігін аздап қозғалтып,
мазмұн, оқыту технологиялары мен әдістеріне байланысты, қазіргі таңда мектептерде
білім беру мен оқыту жүйесінде (ҚР БҒМ, 2012a) басым болатын оқушылардың
халықаралық бағалау рейтингінде позициялы жақсартуды назарға алатын дәстүрлі
көзқарастарды қайта қарау жолдарын іздестіруді жүзеге асырды
Оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту
2012 жылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі
бесжылдық Ұлттық іс-қимыл жоспары функционалдық сауаттылық машықтарын дамыту ,
шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға
қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұру
мақсатында дайындалды. ҰІЖ бірқатар
шараларды, оның ішінде, ең алдымен, басқару жүйесінің реформасымен қатар, оқу
жоспарын өзгертуге мектептерге дербестік беру арқылы білім беру стандарттарының,
бағдарламаларының және оқу бағдарламаларының жаңартылуын қамтиды.
ТАРАУ 1: ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
Достарыңызбен бөлісу: |