Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет11/30
Дата12.03.2017
өлшемі3,2 Mb.
#8810
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
ҚазақстанРеспубликасының2030 
жылға 
дейінгідаму 
стратегиясы. 
http://www.akorda.kz/kz/category/gos_programmi_razvitiya
 
2.
 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2010. 
3.
 
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // 
Білім-Обрзование. – 2004. - №1. 
4.
 
Гершунский Б.С. Философия образования (статус, проблемы, перспективы). – М., 1992. 
5.
 
Гершунский  Б.С.  Компьютеризация  в  сфере  образования:  Проблемы  и  перспективы.  – 
Москва: Педагогика, 1989. – С.31 

71 
 
6.
 
Жолдасбеков  М.Ж.,  Шадахметов  Г.М.,  Аубакир  Д.А.  Философия  информационной 
цивилизации и глобальная концепция усойчивого развития, «Устойчивое развитие. Наука 
и практика» - 2002. - №1. 
7.
 
Коменский Я.А. Избранные педагогические сочинения. – М., 1982. 
 
Аннотация.  В  данной  статье  расскрывается  вся  суть  профессиональной  компетенции  в 
образовательных  учереждениях  страны.  Какие  задачи  поставлены  для  выполнения  и  достижения 
поставленных  целей.  Рассматривается  экономические,  политические,  коммуникативные  и  др. 
компоненты  в  направлении  образования  для  повышения  всех  способностей,  труда,общения, 
придерживание здорового образа жизни и т.д. личностей. 
Аnnotation.  This  article  opens  up  the  whole  essence  of  professional  competence  in  the  educational 
institution of the country. What are the objectives set for the implementation and achievement of goals. 
Consider the economic,  political, communication and others. Components  in the direction of education to 
increase all abilities, labor, communication, sticking to a healthy lifestyle, etc. personalities.  
 
 
ӘОЖ 372.857 
     С31 
 
СЫН ТҦРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ДАҒДЫСЫН ТОПТЫҚ ЖҦМЫС АРҚЫЛЫ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Сейдыбаева Ә.Қ., Кемелбекова Р.Е. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Сыни  тұрғыдан  ойлау  –  бақылаудың,  тәжірибенің,  ойлау  мен  талқылаудың  нәтижесінде 
алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. 
Бүгінгі  таңдағы  білім  беру  –  ӛсіп  келе  жатқан  ұрпақтың  ақыл-ойы  мен  дамуының, 
мәдениетінің  деңгейін  анықтаушы  фактор.  Мемлекетіміздің  елбасы  Н.Ә.Назарбаев  айтқандай, 
экономиканың қарқынды дамуы үшін қазіргі нарық қатынасы талаптарына жауап бере алатын, сыни 
ойлана алатын, шығармашыл адамдар қажет[2]. 
Осы  қажеттіліктен  білім  берудің  сапасын  жақсарту,  әдістемелік  негізін  ӛзгерту  заман 
талабына сәйкес туындап отыр. Ӛйткені, мектептің әр күні кӛптеген ғылыми жаңалықтарға, терең 
әлеуметтік  ӛзгерістерге  толы.  Бұрын  оқу  үрдісінде  мұғалім  басты  роль  атқарған  болса,  қазір 
оқушының  белсенділік  кӛрсететін  кезі  туды.  Сабақ  мұғалімнің  емес,  оқушының  іс-әрекетімен 
бағаланады.  Қазіргі  заманда  нені  оқыту  емес,  қалай  оқыту  маңыздырақ  болып  отыр.  Сабақ 
барысында  оқушының  ізденуі  мен  зерттеу  дағдыларын  қалыптастыра  отырып,  пәнге  деген 
қызығушылықтарын арттыру мақсатында сыни ойлаудың маңызы зор деп ойлаймын. Сыни ойлату 
арқылы оқыту қазіргі таңда жиырма тоғыз мемлекетте қолданылады екен. Бұл идеялардың негізін 
қалаушы ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит, Выготский, Пиаже, Эльконин-Давыдовтар 
және  басқа  да  ғалымдардың  еңбектерінің  ең  құнды  жерлері  кӛрініс  тауып,  идеялар  тоғысып, 
біріктіріліп келеді[1]. 
Сыни тұрғыдан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер 
жинастыру  және  шешім  қабылдау  үшін  талапқа  сай  ӛлшемдерді  қолдану  сияқты  дағдыларды 
дамытуды қарастырады. 
Сыни  тұрғыдан  ойлау-  ой  қозғай  отырып,  оқушының  ӛз  ойымен  ӛзгелердің  ойына  сыни 
қарап,  естіген,  білгенін  талдап,  салыстырып,  реттеп,  сұрыптап,  жүйелеп,  білмегенін  ӛзі  зерттеп, 
дәлелдеп,  тұжырым  жасауға  бағыттау,  ӛз  бетімен  және  бірлесіп  шығармашылық  жұмыс  жасау. 
Басты  мақсаты  оқушыларға  кез-келген  мазмұнға  сыни  тұрғыдан  қарап,  екі  ұйғарым  бір  пікірдің 
біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету[4]. 
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына тӛменгі шаралар орындалуы шарт: 
1) сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек; 
2) оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру; 
3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау; 

72 
 
4) үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау; 
5) кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау; 
6) оқушылардың бір-бірінің жауа-бына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету; 
7) сын тұрғысынан ойлауды бағалау. 
Жеке тұлғаны сын тұрғысынан ойлауды меңгеру үшін мынадай қасиеттері болуы шарт: 
— жоспарлауға дайын болуы; 
— бейімделгіштігі (басқалардың идеяларын қабылдай алуы); 
— қайсарлығы (қиын тапсырмаларды кейінге қалдырмауы); 
— жете түсінуі (ӛзінің және басқа адамдардың пікірін қадағалау); 
— ымыралы келісімді іздеуі; 
Жеке тұлғаны сын тұрғысынан ойлауды дамыту шарттары: 
— сын тұрғысынан ойлауда тәжірибе жинау үшін уақыт және мүмкіндік беру;  
— оқушылардың ойлауына жағдай туғызу; 
— әртүрлі идеялар мен пікірлердің тууына мүмкіндік жасау; 
— оқыту үрдісінде оқушының белсенділігін қолдау; 
— әрбір оқушы сын тұрғысынан ойлауға қабілетті; 
— оқушының ӛз пікірін білдіруге жетелеу және оның пікірін бағалау. 
Сыни тұрғыдан ойлаудың негізгі идеясы: 
-
 
Баланың  сыни  ойлауын  бағалау(ұтқырлық,сынаржақтылықтың  болмауы,пайым, 
тәртіп, ӛзіндік сана-сезім); 
-
 
Сыни  ойлауды  дамыту – зерттеушілік  үшін   сапалы  және мазмұнды әңгімеге  кӛңіл 
бӛлу; 
-
 
Диалог арқылы сыни ойлау; 
-
 
Ойлау туралы ойлану; 
-
 
Рефлексивті практик. 
Жалпы сыни ойлау арқылы оқыту барысында мұғалімдер: 
-
 
Оқушыларды топқа бӛліп ой қозғатуды; 
-
 
Оқушыларды тақырыпқақызықтырыпбағыттауды; 
-
 
Тақырыптағы ең құнды мәселелерді анықтап ұсынуды, зерттеуді; 
-
 
Оқушылардың  ӛз-ӛздерін  реттеуге,  бағалауға,  білімдерін  ӛздіктерінен  саралауға 
бағыттауды; 
-
 
Оқушылардың, әріптестердің, тренерлердің ұсыныс-пікірлерін қабылдауды; 
-
 
Сыни тұрғыдан ойлай отырып мәдени күнделік толтыруды үйренеді.  
-
 
Алайдабұлкезедеқиындықтарда кездеседі: 
-
 
Кейбір оқушылардың ойлау деңгейлерінің тӛмендігі; 
-
 
Сӛздік қорларының аздығынан ӛз ойларын толық жеткізе алмауы, яғни берген жауаптарына 
дәлел келтіре алмай қысқа жауап беруі; 
-
 
Оқушыныңӛз-ӛзінесенімсіздігі, жауабынакүмәндануы; 
Аталған қиындықтарды шешу үшін: 
1.Оқушылардың  танымдық  деңгейлерін  дамыту  мақсатында  анимациялық  фильмдер 
кӛрсету,  олардың  ӛздіктерінен  ойландыратын  түрлі  суреттер  кӛрсету,  солар  арқылы  жағдаяттар 
туындату; 
2. Аудио, видео таспаларды кеңінен қолдану; 
3. Жұппен, топпен жұмыс жасай отырып дәлелді пікір айту дағдысын қалыптастыру; 
4.Оқушылардың барлық жауаптарын қабылдау, құнды пікірін мадақтау арқылы ӛзіне деген 
сенімін ояту; 
5.  Оқушылардың  ӛзгелердің  пікірін  тыңдай  отырып,  ӛзін  ӛзгелермен  салыстыра  отырып, 
ӛзін-ӛзі реттеу дағдысын қалыптастыруға бағыттау. 
Сын тұрғысынан ойлау дағдыларды қалыптастыру үшін: 
-
 
Топпен жұмыс жасату; 
-
 
Арнайы тапсырмалар беру беру / шағын зерттеулер, ізденіс жұмыстары және т.б./; 
-
 
Сауалнамалар жүргізу арқылы оқушылардың деңгейін анықтау; 
-
 
Оқушы мен мұғалім арасында ынтымақтастық атмосферасын құру; 
-
 
Ӛз  пікірінің  құнды  екендігін  сезіну  мақсатында  оқушыны  қалыптастырушы 
бағалауды жүзеге асыру. 
Топтық жұмысты ұйымдастыруда қолданылатын әдіс-тәсілдер 

73 
 
Оқушылар  оқу  үдерісінің  барлық  аспектілеріне  қатыса  отырып,  ӛз  болжамдары  мен 
сұрақтарын  құрастырады,  бір-біріне  кеңес  береді,  мақсат  қояды,  нәтижелерін  қадағалайды, 
эксперимент жасайды және бала топтық жұмыста ӛзінің пікірі немесе ұсынысы қате болса, түзетуге 
мүмкіндік алады. 
Осы  әрекеттер  топтық  жұмыста  жүзеге  асады.  Оқушыларды топқа  бӛлудің  екі  жолы  бар. 
Бірінші,  құрылымдалмай  бӛлінген  топтардағы  топтық  жұмыс  -  топтық  жұмысты  ұйымдастыру 
нысаны.  Білім  беруші  білім  алушылардың  қабілеттерін,  кӛшбасшылық  қасиеттерін  ескермей, 
кездейсоқ  таңдау  әдісімен  топқа  бӛледі.  Екіншісі,  құрылымдалып  бӛлінген  топтардағы  топтық 
жұмыс - топтық жұмысты ұйымдастыру нысаны. Білім беруші білім алушыларды шағын топтарға 
бӛлуді  бүкіл  топтың,  сондай-ақ  жекелеген  білім  алушылардың  ерекшеліктерін  (мысалы,  оқу 
үлгерімі,  аталған  пәнді  оқуға  деген  қабілеті,  кӛшбасшылық  қасиеттері,  қарым-қатынас  жасау 
қабілетінің деңгейі) ескере отырып, алдын ала жоспарлайды[3]. 
Оқушыларды  топқа  бӛлгеннен  кейін  топтың  жекелеген  мүшелері  бір-бірін  құрметтей 
отырып  жұмыстанатын  дәрежеге  жеткізу  керек,  яғни  жұмыстың  алғышарттарының  бірі  топ 
мүшелерінің  ынтымақтастығы  арқылы  күтілетін  нәтижеге  жетуге  негізделген.  Мұғалім  топтарға 
арналған  ережелерді  әзірлей  отырып  немесе  топ  мүшелерінің  жеке  ережелерін  келісуі  арқылы 
топтық жұмысқа бейімдейді. Қандай топтық жұмыс болмасын сол топты құрайтын нақты адамдарға 
арналған  ереже  құрылғаны  маңызды.  Ережелерде  адалдық  мәдениетін  күшейту,  ұжымдық 
жауапкершілік  белгілеу,  тыңдау  машықтары тәжірибесін  дамыту,  топ  міндеттері  мерзімін  сақтау, 
шығармашылық пен стандартты емес, идеяларды бағалау, қайырымдылық ескерілу керек. Топтық 
ережені күн тәртібінде бақылауда ұстау арқылы топтық жұмыстың ӛнімді болуына қол жеткіземіз. 
«Топ мүшелеріне адамдармен жұмыс істеу үшін оларды жақсы кӛру міндетті емес екенін ескертіңіз. 
Кәсіби  ӛмірде  сияқты  топтық  жұмыста  адамдар  топ  құрамында  жұмыс  істейді,  жеке  дау-
дамайларды  барлық  топтың  алға  жылжуына  кедергі  жасамайтындай  етіп  шешу  керек.  Сонымен 
қатар,  топтық  жұмысты ұйымдастырушы  мұғалім  «Топ  ережелерін  қабылдаған  әрбір  адамды  бұл 
топтан  тыс  жеке  блок  құрудан  сақтап,  алға  қарай  апарады.  Адамдар  бастапқыдан-ақ  айтылған 
пікірлермен  келіспеген  жағдайда  да  әрбір  дауыс  естілуге  құқылы.  Топтың  әрбір  қатысушысы  ӛз 
кӛзқарасын,  пікірін  білдіруін  ынталандыру  керек,  олар  естілмей  қалмасын.  Топ  жұмысына  топ 
мүшелерінің әрқайсысы тең дәрежеде қатысуға тиіс. Бұл олардың әрқайсысы бір нәрсені істеу керек 
дегенді  білдірмейді.  Бәрінен  де,  міндеттер  топ  мүшелеріне  қалай  бӛлінетіні  туралы  ақылдасып 
шешкен  дұрыс  болады.  Топ  мүшелері  сондай-ақ  бір–бірімен  тәжірибе  алмаса  және  басқалардың 
идеяларына  сүйене  отырып,  ӛз  үлесін  қосуға  дайын  болуға  тиіс»деген  нұсқауларды  негізге  алуы 
тиіс[5]. 
Топтық жұмыстың мақсаты: 
- Оқушылар бір - бірімен ақылдасып, ортақ шешімге келеді. 
- Топтың сұрақтарына жауап береді. 
- Ӛз пікірін дәлелдеп, қорытынды шығарады. 
- Ӛзгенің ойына кӛңіл бӛледі. 
Бағдарламаның тәрбиелік мақсаты: ӛзара құрмет сезімін тудыру; басқаның пікірін сыйлауға; 
сӛзін бӛлмеуге тәрбиелеу. 
«Әуе  шары»  әдісіарқылы  басқалармен  жұмыс  істеу,  ойлану,  шешім  қабылдау,  мәселені 
шешу,  ақпаратты  басқару  дағдылары  қалыптасады.  Бұл  әдісті  топтық  жоспарлау  құралы  ретінде 
пайдалануға  да  болады.  Оқушыларға  әуе  шараның  суреті  беріледі.  Белгілі  бір  тақырып  бойынша 
бірқатар  құрылымдық  сұрақтар  беріледі.  Тапсырма  аяқталған  соң  топтар  әуешарлары  бар 
флипчартқа жазылған жұмыстарын салыстырады. Бұл топтық жұмыс оқытуды қалай ұйымдастыра 
алады? Оқушылар сұраққа жауап  іздей отырып  хикаяны  игереді және бұған дейінгі ӛздері білетін 
мәліметтермен  байланыстырады.  Әр  оқушының  пікірі,  кӛзқарасы  тыңдалады.  Оқушылардың  ой-
пайымдары негізінде жаңа идеялар болады[4]. 
«Құпия»  әдісі  арқылы  құпияны  табу,  шешім  қабылдау  немесе  уақиғаның  болжалды 
түсініктемелерін  қарастыру  үшін  оқушылардың  проблемаларды  шешу  және  шешім  қабылдау 
дағдыларын  пайдалануларына  ықпал  етеді.  Бұл  тапсырмадан  кейін  жауап  алу  міндетті  түрде 
жүргізілуі  керек.  Бір  сұрақ  бойынша  бірнеше  тұжырымдар  беріледі.  Топта  әр  бір  тұжырым 
талқыланып,  талқылау  барысында  топ  болып  қабылдаған  тұжырым  үшін  айтылған  пікірлер 
қарастырылуы керек. Командалық талқылауға берілген уақыт біткен соң, топ ӛз шешімдеріне нақты 
дәлелдер келтіріп  негіздеп шығады. Тапсырма орындалғаннан кейін топ бұл шешімге қалай келді? 
Келіспеушілік  болды  ма?  Келісімге  қалай  қол  жеткіздіңіздер?  Шешімдер  дұрыс  баяндалды  ма? 

74 
 
Таңдалған  тұжырым  дұрыс  негізделді  ме?  деген  сұрақтар  қою  арқылы  топтық  жұмыстың  бұл 
нәтижеге жетудегі әрекеттерін бағалай аламыз[2] 
«Гаухарлар иерархиясы» әдісі шағын топтарда орындалады. Ол ақпараттың артықшылығын 
айқындауға  бағытталған.  Оқушыларға  белгілі  бір  сұраққа  қатысты  тоғыз  идея  беріледі  немесе 
оқушылар ӛздері жазады. Олар ӛздері бірінші басымдық беретін  идеясын жоғарығы қояды, содан 
кейін екінші солай барлық тоғыз идеяны қойып шығады. Топта ең маңызды деген идеяны анықтау 
үшін  оқушылар  арасында  талқылау  жүреді.  Әрқайсысы  идеяның  маңыздылығына  қатысты  пікір 
білдіре  отырып,  бір-бірін  тыңдау  арқылы  мол  мәліметтер  алады.  Немесе  оқулықта  берілген 
пікірлерді  оқып  танысумен  қатар,  маңыздылық  реттілігімен  орналастыру  арқылы  оқушылардың 
топтық пікірін зерделеуге болады. 
Топтық жұмыс мынадай жетістіктерге жеткізеді:: 
1. Оқушылардың оқу және танымдық қабілеттері дамиды; 
2. Оқушылардың қорқыныш сезімі мен беймазалығы тӛмендейді; 
3. Сабақтың уақыты тиімді үлестіріледі; 
4. Сыныптағы психологиялық ахуал жақсарады, жауапкершілік сезімі арта түседі; 
5. Берілген білім берік қабылданады, алған білімдерін іс-жүзінде іске асыра алады. 
6. Сыныптағы жұмыс сараланады. 
Оқыту  үдерісінің  қай  кезеңінде  топтық  жұмысты  ұйымдастырған  маңызды,  ол  топтық 
жұмыс  тапсырмасының  мақсаты  қандай,  топпен  жүргізілетін  жұмыс  неге  қол  жеткізді,  олар  нені 
білу  керек  еді,  топтың  бір-бірін  оқытуы  қалай  жүргізілгенін  мұғалім  реттеп  отыруға  тиісті. 
Оқушылар  қандай  стратегиялар  пайдаланды,  қандай  дағдыларын  қолдана  алды,  оқушылардың 
топтық  жұмыс  жасауына  не  кедергі  болғанын  бақылай  алуға  тиіс.  Сонымен  қатар,  мұғалім  ӛз 
кезегінде  оқушыларға  қолдау  кӛрсетіп,  сабақ  соңында  топтағы  жұмыс  үдерісін  және  оның 
нәтижелері  туралы  ойлануға  түрткі  болу  керек.  Сауатты  ұйымдастырылған  топтық  жұмыс  қана 
оқушылардың бірлескен оқу ортасын құруға мүмкіндік береді. Топтық жұмыстың маңыздылығы да 
осында[5]. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
 
1.
 
Тәжіғұлова Қ.М., Мусина Д.Е. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану тиімділігі. – 
Алматы, 2006. – 397 бет. 
2.
 
Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиясы. – Алматы, 2000 жыл. – 85бет. 
3.
 
Клустер Д. Что такое критическое мышление? – Перемена. – 2001 жыл. - № 4,5 – 21-27,38 
бет. 
4.
 
Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М.:Педагогика, 1989 жыл. – 73бет. 
5.
 
Отарова Н. Сын тұрғысынан ойлау // Биология және салауаттылық негізі. -2006. - № 1. - 21-
23 бет. 
6.
 
Давыдов В.В. О понятии развивающего обучения. – Томск, 1995, 144 бет. 
Аннотация. Технология «Развитие критического мышления» является системой стратегий и 
методических  приемов,  предназначенных  для  использования  в  различных  предметных  областях, 
видах  и  формах  работы.  Одним  из  оснавных  методов  развития  критического  мышления  является 
работа  в  группах.  Целью  работы  в  группах  является  развитие  у  детей  коллективного 
сотрудничества, умение слушать мнение других учеников, а так же совместно принимать решения. 
Работая в группах дети учатся выражать свои идеи другим, обмениваться с новыми информациями, 
а  так  же  исправлять  допущенные  ошибки.  Таким  образом  используя  разные  методы  работы  в 
группах можно развить критическое мышление на разных уроках.  
 
Annotation. Technology  "Critical Thinking"  is a system of strategies and instructional techniques 
for use in a variety of subject areas, types and forms of work. One of the main methods of critical thinking 
is to work  in groups. The aim of the Group  is to  develop collective cooperation of children, the ability to 
listen the opinions of other students, as well as collaborative decision-making. Working in groups, children 
learn to express your ideas to others, share with the new information, as well as to correct mistakes. Thus, 
using different methods of working in groups can develop critical thinking on different lessons.  
 
 

75 
 
ӘОЖ: 37.025.8 
                 С 74 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП  ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ  ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН    
ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ 
 
Спаналиева Г.Т., Қожабергенова Г.Е. 
 Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Оқу  процесінде  жеке тұлғаға  бағытталған  оқыту  технологияларын  қолдану  мен  оны  озық 
тәжірибемен  сабақтастыра  зерттеу  –  бүгінгі  күн  талабынан  туындап  отырған  педагогика 
ғылымының маңызды міндеттерінің бірі. 
Қазақ  елінің  болашағын  айқындайтын,  оны  тұрақты  даму  деңгейіне  кӛтеретін  бірден-бір 
құндылық,ол-жас  ұрпақты  Отаншылдық,  ұлтжандылық  рухта  тәрбиелеу.Ендеше,  Қазақстандық 
жаңа  білім  үлгісі  осыдан  бастау  алып,жас  ұрпақты  білімді  және  сол  білімді  ұтымды  пайдалана 
алатын іскер,білгір де,білікті етіп ӛсірумен қатар оның адамгершілік болмысын ішкі жан дүниесін,  
халықтық қасиеттерін дұрыс және орнықты түрде қалыптастыра отырып, шығармашылық тұлғасын 
қалыптастыру  болып  отыр.  Білімнің  басты  ұстанымы    балаға  білім  беру  ғана  емес,сол  білімді 
шығармашылықпен қолдана алу болып отыр. 
Ұзақ  жылдар  бойы  жалпы  білім  беретін  мектептің  негізгі  мақсаты-  оқушыларға  білім, 
іскерлік, дағдыны қалыптастыру деп қарастырылып келді.Ал қазіргі мектеп алдында жеке тұлғаның 
ерекшеліктерін  ескере  отырып,  шығармашыл  ойлай  алатын  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  мақсаты 
тұр.  Осыған  байланысты  қазіргі  кездегі  білім  берудің  кӛкейкесті  міндеті  оқушылардың 
шығармашылық әрекетін дамыту болып табылады. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті    Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстан  жолы-  2050:  Бір 
мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты  Жолдауында:  «Біздің  болашаққа  барар  жолымыз 
қазақстандықтардың  әлеуетін  ашатын  жаңа  мүмкіндіктер  жасауға  байланысты.  ХХІ  ғасырдағы 
дамыған  ел  дегеніміз-  белсенді,  білімді  және  денсаулығы  мықты  азаматар.  Бұл  үшін  не  істеуіміз 
керек?  
Біріншіден,  барлық  дамыған  елдердің  сапалы  бірегей  білім  беру  жүйесі  бар.Ұлттық білім 
берудің  барлық  буынының  сапасын  жақсартуда  бізді  ауқымды  жұмыс  күтіп  тұр...  Жалпы  білім 
беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп 
оқушыларын  оқыту  нәтижесі  оқушылардың  сындарлы  ойлау,  ӛзіндік  ізденіс  пен  ақпаратты терең 
талдау  машығын  игеру  болуға  тиіс»-  деп  оқушылардың  шығармашылық  әрекетін  дамыту 
қажеттілігі ӛзекті мәселе болып отырғандығын ерекше атап ӛтті [1;5]. 
Осы  орайда  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында,  Елбасымыздың 
«Болашақ», «Дарын» бағдарламаларында , «Қазақстан -2050» атты Қазақстан халқына Жолдауында 
білім  беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты принципі ретінде жеке адамның білімділігін 
ынталандыру  және  дарындылығын  дамыту мәселелері  айқындалып,  басымды міндеттер  қатарына 
қойылды[2,3]. 
Бұл міндеттерді жүзеге асырудың бір жолы- дидактиканың әртүрлі ұтымды әдіс-тәсілдерін 
пайдалану есебінен бастауыш мектеп оқушыларының ой- ӛрісінің даму деңгейін кӛтерудің, олардың 
ғылыми  танымдық  іс-әрекеттерін  белсендірудің,  оқуға,  білім  алуға  ынталандырудың  тиімді 
әдістемесін жасау болып табылады. 
Қазақстан  Республикасының  әлемдік  ӛркениетке  кірігу,  демократиялық  дәстүрге  ӛту 
жағдайында  халықтың  ғасырлар  бойы  жинақтаған  жалпыадамзаттық  құндылықтар  мұрасына  ден 
қоюы  адамгершілік,  гумандық  процестің  айқын  кӛрінісіне  айналуда.  Бұл  мәселе  соңғы  жылдар 
ішінде ғалымдардың зерттеу объектілеріне айналумен қатар, мектеп мұғалімдерінің тәжірибесінде 
бастауыш  мектеп  оқушыларын  жеке  тұлға  етіп  қалыптастыруда  оқушылардың  шығармашылық 
қабілетін дамыту басты нысанға алынған. 
Соңғы  жылдары  оқу-тәрбие  процесіне  жеке  тұлғаны  дамытуға  бағытталған  оқыту 
технологияларын  енгізу  мен  жеке  тұлғаның    шығармашылығын  дамытуға  үлкен  мән  берудің  ӛзі 
Қазақстанда  болып  жатқан  ӛзгерістерді  жаңа  тұрғыда  қарастыруды  талап  етеді.Соның  бірі,  12 
жылдық білім беру жүйесінің дүниеге келуі- қоғамдағы ӛзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-
қатынас  құралдарының  қарыштап  дамуына  байланысты  жаңа  адамды  қалыптастыруды    кӛздеген 
заман  талабы.  Мұндағы  жаңа  білім  мазмұны  әлемдік  білім  кеңістігіндегі    оқытудың  озық 
технологияларын қамтиды. 

76 
 
Ұзақ  жылдар  бойы  шығармашылық  барлық  адамның  қолынан  келе  бермейді  деп 
қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері бойынша белгілі бір шарттар орындалған жағдайда 
кез-келген баланы шығармашылыққа бейімдеуге болатыны кӛп айтылуда. Шығармашылыққа деген 
қажеттілік-  күрделі  рухани  қажеттілік.  Әзірге  ол  барлық  адамдарда  бірдей  деуге  болмайды.Ал 
қоғамдағы жаңару үрдістері әр адамның күнделікті шығармашылық қайтарымды талап етіп отыр.  
Біз  де  зерттеу  жұмысымызда    осы  анықтамаларды  басшылыққа  ала  отырып,  оқыту 
процесіндегі шығармашылық әрекет  деп, оқушыны қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың 
себеп-салдарын  ӛз  кӛзқарасынша  қабылдап,  түсіне  отырып,  қиялы  мен  белсенділігі  ой  еңбегі 
арқасында  бала  үшін  бұрын  болмаған,  жаңалық  болып  табылатын  пайдалы  іс-әрекетті  орындау 
нәтижесі шығармашылық  іс-әрекет болып табылатындығына кӛз жеткіздік. 
Бастауыш мектеп- бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, 
қайталанбас кезеңі.Сондықтан да бастауыш білім- үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын 
да қадірлі жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни 
сӛйлеу,  оқу,  қоршаған  ортаға  дұрыс  кӛзқараста  болу,  жағдайларды  объективті  түрде  бақылап, 
талдау  жасауға  үйрету,  ойын  дұрыс  айтуға,  салыстыра  білуге,  дәлелдеуге,  сӛйлеу  мәдениетіне 
үйретеді.  
Бастауыш  сынып  оқушыларының  шығармашылық  әрекетін  қалыптастыру  ең  алдымен 
оқушыны  шығармашылық  іс-әрекетке  қатыстыру  үшін  қажетті  жағдай  туғызу  қажет.Мұндай 
қажетті  жағдай  туғызуда  оқу  сабақтарының  орны  ерекше  екендігі  әдістемелік  әдебиеттерде 
дәлелденген.Ана тілін оқыту әдістемесі ілімінің негізін салған ғалым А.Байтұрсынұлы «... сӛз ӛнері 
адам  санасының  үш  негізіне  тіреледі:  1.  Ақылға.  2.  Қиялға.3.  Кӛңілге...  Тілдің  міндеті-  ақылдың 
аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, кӛңілдің түюін түйгенше айтуға жарау. Мұның 
бәріне жұмсай білетін адам табылса, тіл шама қадырынша жарайды.Бірақ тілді жұмсай білетін адам 
табу қиын» деп, сӛз ӛнерін, біздіңше, шығармашылық қабілеті дамыған адамды табу қиын екендігін 
айтады. Ғалымның әрі қарай «ойын ойлаған  қалпында, қиялын меңзеген түрінде,кӛңілдің түйгенін 
түйген күйінде тілмен айтып, басқаларға білдіруге кӛп шеберлік керек» деуі орынды. Шынында да, 
сӛз  ӛнерінің  құдіретін  түсіну,  сӛзбен  сомдалған  бейне  жасау  әркімнің  қолынан  келе  бермейді.Бұл 
тіпті бастауыш сынып оқушысының оқу міндетіне де кірмейді.  
 Оқыту  сабақтарының  шығармашылық  сипаты  оқушының  танымдық  белсенділігін  оятып, 
оның  шығармашылық  әрекетін  дамуына,  адамгершілік  қасиеттеріне  әсер  етеді.  Ұжымдық 
сабақтарда  ӛзінің  сыныптасының  кемшілігін  кӛруге  ,  ӛзгелердің  ісінен  сабақ  алуға,  танымдық, 
әлеуметтік  ұстанымының  қалыптасуына  ӛз  ортасының  пікірінің  әсері  мол.    Мұндай  сабақтарда 
оқушылардың ұжымдық ой-пікірлері қалыптасады. Мысал келтіре кетсек,  
Ӛлең  құрастыру  жұмысын  бастауыш  сынып  оқушысына  белгілі  бір  тақырыпты  атап,  сол 
тақырыпқа  «ӛлең  құрастырып  кел»  деген  сияқты  құрғақ  тапсырма  беру  арқылы  жүргізуге 
болмайды: 
Бұл жұмысты екі тәсіл арқылы ұйымдастыруға болады. 
а) Дайын ӛлең жолдарын ұсынып, оқушыларға соны аяқтауды тапсыруға болады. 
Мысалы,  Ӛ.Тұрманжановтың  «Туған  ӛлкем»  атты  ӛлеңінде  қайталаныатын  «Неткен  сұлу, 
неткен кӛркем. Осы менің туған ӛлкем» деген ӛлең жолдары бар. 
Бастауыш  сынып  оқушыларына  осы  дайын  ӛлең  жолдарын  оны  әрі  қарай  жалғастыру 
тапсырылады.Тапсырма  дұрыс  орындалу  үшін  ең  алдымен  оқушылар  құрастыруға  тиісті  ӛлеңнің 
сызбасы түсіріледі. 
1) □ 
     □ 
     ○ 
     □ 
 □ Неткен сұлу, неткен кӛркем 
□ Осы менің туған ӛлкем- Оқушыға ұсынылатын ӛлең жолдары 
○ Сарыарқадай ұлан байтақ 
□ Ӛз ӛлкемді сүйіп ӛтем – оқушы жалғастырған нұсқасы. 
Ӛлең құрастырудың екінші тәсілі-  
ә)  Дайын  ұйқастар ұсынылып,  оқушыларға  осы  ұйқастарға  сәйкес мазмұнды  ӛлең  мәтінін 
құрастыру тапсырылады. 
Шығарманың мазмұнын ӛзгертіп әңгімелеу. 

77 
 
а)  Шығарманың  баяндалу  түрін  ӛзгертіп  әңгімелеу,  мұнда  әңгіменің  баяндалу  түрі  аз-кем 
ӛзгертіледі.  Мысалы,  әңгіме  I  жақпен  баяндалатын  болса,  III  жаққа  айналдырып,  керісінше 
әңгімелетуге болады. 
ә)  Оқылған  шығарманың  мазмұнын  толық  ӛзгертіп  әңгімелеу.  Жұмыстың  бұл түрін  үйден 
орындап келуге тапсыруға болады. Мұнда оқушылар әңгімедегі оқиғаға ұқсас ӛз бастарынан ӛткен 
оқиғаны  немесе  ӛзі  қатынаскан  не  кӛрген  оқиғалары  жӛнінде  ӛз  жандарынан  әңгіме  құрастырып 
айтады.  Мысалы,  "Ақылды  кӛмекші"  әңгімесін  оқығаннан  кейін,  балалар  ӛздерінің  немесе  аға, 
апаларының  компьютермен  ойнаған  ойындарын  әңгімелеуіне  болады.  "Нұркен",  "Бауыржан 
Момышұлы" әңгімелерін оқығанда, әкелері мен аталарының соғыста кӛрсеткен ерліктері жайлы, ал 
Ә.Тәжібаевтың "Жерге деген құштарлық" әңгімесін оқыған кезде егістікте немесе жұмыстың басқа 
салаларында  жан  аямай  еңбек  етіп  жүрген  ата-аналары  мен  туған-туыстарын  мақтанышпен 
әңгімелеп берулеріне де толық мүмкіндік бар. 
Жұмыстың бұл түрі де оқыған шығарманың мазмұнын балалар толық та саналы меңгерген 
кезде  ғана  ұйымдастырылады.  Мұндай  жұмыс  балаларды  ӛз  беттерімен  ойлануға,  ізденуге  және 
шығармадағы  жүйені  пайдалана  отырып,  ӛздіктерінен  әңгіме  құрастыруға,  оны  құрастыру 
барысында талай сӛздерді еске түсіріп, ішінен қажеттілерін таңдап алуға үйретеді. 
б) Оқылған шығарманың мазмұнын аз-кем ӛзгертіп әңгімелеу. Мұнда  
оқушылар оқылған шығарманың аяғын ӛз ойынан шығарып, әрі қарай жалғастырады немесе ондағы 
оқиғаның арасына ӛз жанынан әңгіме қосып айтады. Бірақ мұнда да шығарманың сипатын ескеру 
қажет. Ӛйткені кез келген шығарманы жалғастырып әкетуге де, сондай-ақ ойға келген оқиғаны қоса 
салуға да болмайды. Шығарманың арасына қосылған әңгіме оның мазмұнымен қабысып кететіндей 
болғаны жӛн. Сабақ кезінде мұғалім оқушыларды сұрақ-жауап арқылы соған бағыттайды. Мысалы, 
М.Әуезовтың  "Кӛксерек"  әңгімесін  оқығанда  Кӛксерекке  Құрмаштың  қайда,  қалай  кездескені 
айтылмаған. Мұны балалардың ӛздері ойдан шығарып, қосуларына болады. 
Олардың біреулері "Құрмаштың ӛзі тауып алып, ал енді біреулері атасы тауып алып келді... 
" деулері мүмкін. Оның қай-қайсысы да дұрыс.  
Осылайша  сұрақ  қойып,  оған  жауап  алу  арқылы  оқушыларға  ӛз  ойларынан  әңгіме 
құрастыртып,  оқытып  отырған  мәтін  мазмұны  айтқызылады  немесе  оқушылар  осы  шығарманың 
мазмұнына  ұқсас  әңгімені  ӛздері  айтуы  да  мүмкін.  Мұндай  жұмыстар  арқылы  оқушылар  ӛз 
ойларын,  қиялын  дамытуға  мүмкіндік  алады,  оқығандарының  мазмұнын  ат  үсті,  шала  ұғынып 
қалмай,  ондағы  әңгімеленген  оқиғаның  мән-жайын  ойлана,  толық  саналы  түрде  қабылдайды. 
Сонымен  қатар  олар  кітапта  жазылмаған  жағдайларды  да  (сол  оқиғаның  туу  себебі  немесе 
барысындағы түрлі жағдайларды да) кӛз алдарына елестетеді. 
Оқушылардың ӛздеріне әңгіме айтқызу. Кейбір  шығармаларды оқуға дайындау барысында 
балаларға ӛздерінің басынан кешірген  немесе естіп, кӛріп, оқып білген  оқиғалары жӛнінде әңгіме 
айтқызылады.  Мұндай  әңгіме  балалардың  ойы  мен  сезімін  қозғауға  жәрдем етіп,  шығармашылық 
қабілеттерін дамытады.  
Ұжымдасқан  түрде  әңгіме  айту.  Біреу  білмегенді  біреу  біледі.  Жеке  оқушыдан  гӛрі 
сыныптағы  барлық  оқушының  білетіні  кӛп  болады.  Сондықтан  кейбір  жағдайда  оқылатын 
материалға қажетті мағлұмат ұжымды түрде айтылатын әңгіме ұйымдастыру  арқылы анықталады. 
Мұндайда  балалар ӛз беттерімен біреулері екіншілерінің айтқанын түзетеді. толықтырады. 
Суреттерді қарау. Шығарманың мазмұнына сай суреттер берілсе, олар  
оқуға  дайындық  кезінде  пайдаланылады.  Мысалы,  табиғатты  бейнелейтін  суреттерді  шығарманы 
оқымас бұрын қолдануға болады.Сюжетті суреттерді пайдаланып м әтін бойынша сурет салу. 
1)Оқулықта берілген суреттердің қайсысы мәтіннің қай бӛліміне жататынын анықтау және 
оған ат қою. Егер суреттер мәтінді толық қамтитын болса, тағы қандай суреттер салуға болатынын 
ойлау. Қиялындағы суретке ат қою. 
2)Мұғалім  әңгімеге  не  ертегіге  бірнеше  сурет  береді.  Оқушылар  оны  шығарманың  желісі 
бойынша реттейді. 
3)Бӛлінген бӛлімдерге қандай суреттер салуға болатынын оқушылардың ӛздері айтады. Оған 
ат қояды. 
Оқылған шығарманың мазмұны бойынша сурет салу. Жұмыстың мұндай түрі шығармадағы 
оқиғаны  нақтылай  түседі.  Оқылған  мәтіннің  мазмұны  бойынша  сурет  салуға  да  немесе 
пластилиннен түрлі бейнелер жасауға да болады. Бастауыш мектеп жасындағы, әсіресе I сыныптағы 
балалар  әдетте  сурет  салуға  әуес  келеді.  Бірақ  олар  ӛздерінің  салған  суреттеріне  сын  кӛзбен 
қарайтындай дәрежеге жете бастаған кезде, сурет салудан бірте-бірте бас тарта бастайды. Дегенмен 
олардың кӛпшілігі  оқылған мәтінге қарай суреттер салуға болатынын ойлап,  дұрыс таба алады. Ол 

78 
 
үшін алдымен шығарманың белгілі бір бӛлімі (егер шығарма кӛлемді болса) оқылады. Сонан кейін 
осы оқылған әңгіме бойынша қандай сурет салуға болатынын ойлануға уакыт беріледі. 
Мазмұны  бойынша  суреттер  ойластыру  үшін  де  кез  келген  мәтін  ұсынуға  болмайды. 
Мәтіннің  сюжетінің  оңай-қиындығы,  оның  балалар  ӛміріне  жақындығы  және  онда  айтылған 
оқиғаны баланың түгелдей кӛз алдына елестете алатын-алмайтыны сияқты жағдайлардың барлығы 
жан-жақты ойластырыла отырып, қандай мәтін ұсынуға болатыны анықталады. Мысалы, "Қайрат" 
әңгімесін оқығаннан кейін оның мазмұны бойынша, қандай-қандай сурет салуға болатыны жайлы 
сұралады.  Әңгіменің  мазмұнын  бір  оқығанда  балалар  толық  қабылдауға  қиналатын  болса, 
оқулықтағы осы мәтіннің аяғында берілген сұрауларға жауап алынып, тапсырмалар орындатылады. 
Сонан  кейін  балалар  әңгімедегі  оқиғаны  кӛз  алдарына  елесете  алатындай  дәрежеге  жеткен  кезде, 
осы мәтінге қандай суреттер салуға болатыны сұралады. Олар бұл мәтін бойынша тӛрт сурет салуға 
болатынын айтады. 
Сыныпта сабақ үстінде мұндай суреттерді салғызып отыратын уақыт та жоқ және оны салу 
оңайға  түспейді.  Кейде  олардың  эскизін  ғана  жасатуға  болады.  Ал  кейде  сыныпта  оқылған 
шығарманың  мазмұны  бойынша  неше  сурет  салынатыны,  нелер  бейнелетіні  ауызша  ғана 
талқыланады да, оны орындау үйге тапсырылады. 
Оқылған  мәтіннің  мазмұны  бойынша  пластилиннен  түрлі  бейне,  сурет  жасау  кӛбінесе  ІV 
сыныптарда іске асырылады. 
Мәтіндердің қай-қайсысы болмасын, оқушыға белгілі бір деңгейде білім беретіні, олардың 
таным дүниесін кеңейтетіні мәлім. Алайда "мәтінді оқытып, оның мазмұнын айтайық" деген сияқты 
әдістер біржақты қателікке соқтырады. Ӛйткені оқыған мәтіннің мазмұнын қайталап айтқызу тек ес 
процесі  (қайта  жаңғырту  процесі)  арқылы  іске  асады  да,  ес  жұмысының  деңгейінде  қалады. 
Оқушыны  шығармашылық  ойлауға  жетелемейді,  ал  біздің  қазіргі  әрбір  пәнді  оқытудағы 
мақсатымыз  —  ойлау  процесін  (талдау-жинақтау,  нақтылау-жалпылау,  дерексіздендіру 
(абстракция),  салыстыру)  іске  асыру  арқылы  оқушы  санасында  жаңа  бейне  жасау,  яғни  оның 
қиялын іске қосу, шығармашылығын ұштау, дамыта оқыту.  
Сонымен қатар оқушылардың шығармашылық әрекетін қалыптастырудың мынадай жұмыс 
түрлерін ұйымдастыруға болады: 

Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру; 

сӛз жұмбақ құрау және шешу: 

шығарма, шағын әңгіме мәтінін құрау; 

қиялдау арқылы суретін салғызу, рӛлге бӛліп оқыту; 

ұнатқан кейіпкерге мінездеме беру, осы әңгіменің мазмұнына мағынасы кері әңгіме 
құрау; 

лингвистикалық ойын- тапсырмалар. 
Бастауыш  сынып  оқушылардың  білім-білік  дағдыларын  жетілдіруде      шығармашылық 
жұмыстар,  ӛмірмен  байланыстыра  отырып  ойын  түрлерін  ұйымдастыру,  оқушылардың  ой 
шапшаңдығын,  тіл  байлығын  арттырып,  сӛздік  қорын  дамытатындығына  ӛз  тәжірибемізде    кӛз 
жеткіздік. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет