Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет12/30
Дата12.03.2017
өлшемі3,2 Mb.
#8810
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30

 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1 Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы- 2050: Бір мақсат, 
бір мүдде, бір болашақ»атты Жолдауы.-Астана 2014 жылы, 17 қаңтар. 
2  Выготский  Л.С.  Баланың  жас  ерекшеліктері  психологиясы  және  кемтар  бала  психологиясы.  –
Алматы,2011. 
3 Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. 2005. 
Аннотация. В статье рассмотрены личностные особенности пути развития творческого потенцияла 
учащихся начальных классов. 
Аnnotation.  The  article  discusses  the  development  of  personality  traits  of  creative  potentsiyala  primary 
school pupils. 
 
 

79 
 
ӘОЖ: 371.035.1 
 
БАСТАУЫШ  МЕКТЕП МҦҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ ДЕҢГЕЙІН ДАМЫТУ 
 
Сҧрабалдиева Б.Т. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Қазіргі  таңда  білім  беру  жүйесінің  мақсатының  бірі  –әлемдік  білім  беру  кеңістігіне 
ықпалдастырылған  және  қоғам  қажеттіліктеріне  сай  кӛп  деңгейлі  үздіксіз  білім  берудің  ұлттық 
үлгісін қалыптастыру. 
Білім  беру  жүйесіндегі  жаңашылдық  үдерістердің  жүзеге  асуы-бұл  білім  беру  жүйесінің 
дамуы,  оны  жаңарту  мен  тиімділігін  арттырудың  басты  шарттары. Бүгінгі  оқушы  –дамушы  жеке 
тұлға. Сондықтан білім беру ұйымдарында жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарын жаңаша мазмұнға 
лайықтау,  білім  беру  мақсатын  –күтілетін  нәтиже  түрінде  нақтылау,  технологияландыру, 
ақпараттандыру,  таңдаған  бағдарына  сай  ғылыми-әдістемелік  кешен  мазмұнын  жасау  және 
жетілдіру,  ұжымның  жаңашылдық  бағыттылығын  қалыптастыру  кезек  күттірмейтін  мәселе.  Бұл 
мәселелерді табысты іске асырудың маңызды факторы – педагогикалық іс-әрекет. 
Педагогикалық мамандық - білім беру нәтижесінде алынған және берілетін біліктілікке сәйкес 
кәсіптік-педагогикалық  міндеттерді  алға  қоюды  және  шешуді  қамтамасыз  ететін  білім,  іскерлік 
және  дағдылардың  жиынтығынан  тұратын  күрделі  процестің  жемісі,  яғни  осы  кәсіптік  топ 
шеңберіндегі қызмет түрі. 
Бүгінгі  күн   мұғалімнің  біліктілігін  арттыруды  жалпықоғамдық  мәселе  ретінде  қарастыру 
қажеттігі туған кезең. Себебі білімді тереңдету, молайту, жетілдіру, арттыру жеке басы үшін ғана 
емес, қазіргі қоғамға қажет әрекет деп қабылдауымыз керек. Бұл мұғалімнің ӛз қызметінде табысқа 
жетуін  ғана кӛздемейді, оның аясын одан әлдеқайда кеңірек қарастырған жӛн. 
Еліміздің  бүгіні  мен  ертеңі  ӛскелең  ұрпақ  еншісінде.  Ал  осы  ұрпақты  бүгінгі  таңда  жан–
жақты,  терең  білімді,  интеллектуалдық  деңгейі   жоғары  ӛз  бетімен  ізденуге  қабілетті  етіп 
қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыны шығармашылыққа жетелеп, ӛздігінен білім алу. Бұл 
мұғалімнен  терең  біліктілікті  қажет  етеді.  Себебі  шығармашыл  ұстаз  ғана  шығармашыл  тұлғаны 
қалыптастыра алады. Бүгінгі қазақстандық мектептерге қоғамның қарқынды дамуына ілесе алатын, 
заман талабына сай ойлайтын, ғылыми-әдістемелік білімі жеткілікті,  педагогика мен психологияны 
терең  меңгерген  ізденімпаз  мұғалім  қажет. Бұл мұғалімнің  кәсіби  шеберлігінен  кӛрінеді.  Басқаша 
айтқанда,  білім  беру  үдерісі  мұғалімнің  дайындық  деңгейі  мен  мамандық  сапасына  үлкен  талап 
қояды. Ол мұғалімнің ӛзін-ӛзі дамуына, ӛзіндік білім алуына және ӛздігінен шығармашылық түрде 
қызметтерін  іске асыруға мүмкіндік береді. Мұғалімнің кәсіби біліктілігі оның  іс-әрекетінің тиімді 
болуының  теориялық  және  жалпы  әдіснамалық  негізі  болып  табылады.  Мұғалімнің  кәсіби  білігі 
оның  практикалық  қызметінде  іске  асырылады,  сондықтан  ол,  оның  жалпы  педагогикалық, 
әдістемелік  біліктілігімен,  дағдысымен  тығыз байланысты. Біліктілікті  арттыру  курстары  арқылы 
мұғалімдерді  оқытуда  оқытушы  жетекшілік,  бағыт  берушілік,  ұйымдастырушылық,  түзетушілік 
әрекеттерді  атқаруы  керек.  Оқытушының  осындай  әрекетіне  білім  алушы  мұғалімнің  ӛзі  де 
бойындағы  бар  білімін  кӛрсете   байланыс  жасағанда  ғана  сапалы  нәтижеге  жетуге  болады. 
Мұғалімдердің  ӛз  білімдерін  жүйелі  кӛтеріп  отырулары  –  олардың  шығармашылықпен  жұмыс 
істеуіне ықпал ететін негізгі фактор
.
 
 Бүгінгі таңда оқытудың дәстүрлі әдіс-тәсілдерін ӛзгерт іп,  оқыту үдерісіндегі  педагогикалық 
озық  технологияларды  тиімді  қолдануды  және  мұғалімдердің  әдістемелік  даярлықтарына 
қойылатын  талаптарды  күшейте  отырып,  оқытудың  жаңаша  әдіс-тәсілдері  мен  формаларын 
ұтымды ұйымдастыруды жетік меңгере білгенде ғана ӛз шешімін таппақ.  
Ал,  жаңа  технологияны  меңгерудің  қажетті  шарттарының  бірі  -  мұғалімнің  кәсіптік  білімін 
жетілдіру  арқылы  мектеп  мұғалімдерінің  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту  болып 
табылады. Сондықтан  да  бүгінгі  мектеп  мұғалімдерінің  бойында  шығармашылық  қабілеттердің 
кӛрініс табуы, мектеп оқушыларының терең білім алуының бірден бір факторы екені даусыз. Осы 
тұрғыдан  мектеп  мұғалімдерінің  ұстаздық  қызыметіндегі  шығармашылық  жұмыстарын  зерделеу 
қажеттілігі туындайды деп түсіндіреді [1].  
Жалпы мектеп  мұғалімдерінің  педагогикалық  шеберлігінің  мазмұны  кӛптеген  ауқымды 
талаптарды қамтиды. Біріншіден мектеп мұғалілімінің  шеберлігі ӛз қызметіндегі  педагогикалық іс-
әрекеттердің  белсенділігі  арқылы  іске  асырылатыны  белгілі.  Демек  мектеп  ӛмірімен  тығыз 
байланысты.  

80 
 
Бастауыш  сынып  мұғалімінің  ерекшелігіне  байланысты  ол  бастауышта  оқытылатын  барлық 
пәннің  теориялық  мазмұнын  жетік  біліп,  оны  оқушыларға  жеткізе  алатын  кәсіби  құзыреттілігі 
болмаса, ондай мұғалімнің еңбегі нәтижелі бола алмайды. 
Психологтер де, педагогтер де адамның рухани  интеллектуалдық, кәсіби шығармашылықпен 
ӛзін-ӛзі  дамытуы  ӛмірінің  әр  кезеңінде  әр  қалай  деп  кӛрсетеді.  Мысалы,  ұлы  педагогтер 
А.Дистерверг,  К.Ушинский  А.Макаренко,  В.Сухомлинский,  т.б  мұғалімдік  еңбекті  адамтану 
ғылымы,  адамның  жан  дүниесі,  рухани  әлеміне  бойлай  алу  ӛнері  дей  отырып,  педагогикалық 
шеберліктің  дамуына  зор  үлес  қосқан.  Осы  тұрғыдан  алып  қарағанда  педагогикалық  шеберлік-
кәсіби әрекетті жоғары деңгейге кӛтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің, оның білімі мен білігінің 
жүйесі.  Осы  мәселені  терең  зерттеген  А.Маркова  мұғалімнің  кәсіби  құзіреттілігін  дамытудың 
тӛмендегідей критерийлерін анықтаған. 
Обьективті  критерийлер.  Мұғалімнің  ӛз  мамандығына  қаншалықты  сәйкес  әлеуметтік 
тәжірибеге  қосар  үлесі  қандай  екендігі.  Жоғары  еңбек  кӛрсеткіші,  әртүрлі  мәселелерді 
шығармашылықпен шеше алу біліктері, т.б жататындығын атап ӛтеді. 
Субьективті  критерийлер.  Адамның  мамандығы  қаншалықты  оның  табиғатына,  қабілеттері 
мен  қызығушыларына  сәйкес  қаншалықты  ол  ӛз  ісінен  қанағат  табатындығымен  байланысты. 
Мұғалім  еңбегіндегі  субьективті  критерийлерге  кәсіби  –  педагогикалық  бағыттылық,  кәсіптің 
маңыздылығын, оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде ӛзіне позитивті кӛзқарастың болуын 
жатқызады. 
Нәтижелі критерийлер. Мұғалім ӛз ісіне қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп 
отыр  ма  деген  мәселе  тұрғысынан  қарастырады.  Біреулер  нәтиже  ретінде  оқушылардың 
білімдерінің стандартқа сай болуын алса, енді біреулер олардың қарым-қабілетін дамытуды алады, 
ал  кейбіреулері  оқушылардың  ӛмірге  дайындығын  басты  назарда  ұстайды,  ал  оқыту  нәтижесі  біз 
үшін  баланың  психологиялық  функцияларын  жетіліп,  ӛзінің  педагогикалық  әрекеті  арқылы  алған 
білімдерін ӛз ӛмірлік мәселелерін шешуге қолдана алуы. 
Шығармашылық критерийлер. Мұғалім ӛз кәсібінің  шекарасынан шыға алуы, сол арқылы ӛз 
тәжірибесін, еңбегін ӛзгерте алуы жатқызылады. Шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін 
қайталағаннан  гӛрі  ӛз  жаңалықтарын,  білгендері  мен  түйгендерін  басқаларға  ұсына  алуының, 
шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор.  
Осы 
критерийлер 
тӛмендегі 
 
жолдармен 
жүзеге 
асырылады: 
          1)  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің 
кәсіби  проблемаларын  анықтау  мақсатында 
зерттеулержүргізу; 
          2)  мұғалімдердің  кәсіби  қажеттіліктерінің  мониторингі  нәтижелері  негізінде  біліктілікт і 
арттыру 
курстарының 
мазмұнын 
қалыптастыру; 
          3)   тәжірибе  алмасу  және  «Назарбаев  Зияткерлік  мектептер»  үздік  практикаларын  енгізу 
мақсатында  педагог  кадрлардың  біліктілігін  арттыру  жүйесінің  басқа  ұйымдармен 
ынтымақтастығындамыту; 
          4)  педагог  кадрлардың  біліктілігін  арттыру  бағдарламаларын  әзірлеуге  озық  қазақстандық 
және халықаралық сарапшылардың тәжірибесімен танысып, тарату; 
          5) 
мектептердегі 
психологиялық-педагогикалық 
қызметті 
кеңейту; 
          6) 
мұғалімнің 
үздіксіз 
кәсіби 
дамуы 
үшін 
жағдай 
жасау; 
          7) жүйені үнемі жет ілдіріп отыру мақсатында педагогтардың білікт ілігін арттырудың кешенд і 
жүйесінің  аясында  оқытудан  ӛткен  мұғалімдердің  кәсіби  қызметінің  мониторингін  жүргізу 
(бастауыш 
мұғалімінің 
кәсіби 
дамуының 
траекториясы). 
          8)  озық  педагог  кадрлардың  облыстық  қорын  қалыптастыру  мақсатында  жаңашыл-
педагогтардың 
дерекқорын 
құру 
және 
оны 
жүйелі 
толықтырып 
отыру; 
          9)  оқыту  материалдарының  теориялық  және  практикалық  мазмұнының  және  педагогтарды 
оқыту  нәтижелерінің  мониторингі  негізінде  педагогтардың  біліктілігін  арттыруға  арналған  білім 
беру  бағдарламалары  мен  оқу  материалдарын  әзірлеу  және  сараптамасын  жүргізуге,  ӛзінің 
педагогикалық тәжірибесін кеңінен таратуға жаңашыл педагогтарды тарту; 
Үздіксіз  білім  –толассыз,  тоқтаусыз  білім.  Ал,  ұлы  педагогтар  Я.А.Коменский  білімнің 
ешқашан  аяқталмайтынын,  ӛміршеңдігін  атап  ӛтіп,  білім  адам  ӛмірге  келген  күннен  басталып, 
соңғы  күніне  дейін  бітпейтіндігін  атап  ӛткен.  Кӛрнекті  американдық  психолог,  философ  және 
педагог Дж.Дьюи еңбектерінің ӛзекті мәселесі де әр адамның ӛмір бойына білім алуында. 

81 
 
Ең  тиімді  оқыту-нақты  әрекет  арқылы  оқыту болып  есептеледі.  Олай  болса,  педагогтарды 
нақты  тәжірибе  негізінде  оқыту  олардың  кәсіби  құзіреттіліктерінің  дамуына  қолайлы  жағдай 
жасаудың ең тиімді түрі деп санауға болады 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
        1. Бабаев C.Б. Кемел адам-тұлға қалыптасуы. «Педагогикалық теория  негіздері) Монография. 
Түркістан. 
        2. Қоянбаев Р. Педагогика.  Алматы., 2007 ж. 
        3. Қазіргі заманғы мұғалім.// Қазақстан мектебі. 2010 ж.  №6. 
        4. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі. //Білім әлемі. Алматы., 2014 ж. №6 
 
Аннотация.  Данная  статья  раскрывает  круг  понятий,  связанных  с  профессиональным  развитием 
педагога,   предоставляет  информацию  о  направлениях  содействия  профессиональному  росту 
учителя начальных классов  в системе повышения квалификации.  
Аnnotation. This article reveals the range of concepts related to the professional development of teachers 
and provides information on ways to promote professional development of primary school teachers in the 
training system.  
 
ӘОЖ 371.011.31 
Т 78 
 
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУГЕ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАҢА МҦҒАЛІМНІҢ МОДЕЛІ 
 
Тағашбаева Л.А., Башанова Г.С., Тулебаева С.К. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
               
Біз  бейбіт,  тұрақты,  жас  және  күшті  мемлекетте  тұрамыз.  Әрқайсымыз  қазіргі  уақыттағы 
ӛзгерістерді  сезінеміз.  Бұдан  10  жыл  бұрын  еңбек  нарқы,  бәсекеге  қабілеттілік,  ауыспалы 
экономикалық  жағдайға  бейімделу  туралы біздің  жастарымыздың  түсінігі  болмаған.  Қазіргі  таңда 
республикадағы  барлық  азаматтар  жағдайының  жақсаруы,  нарықтық    экономикаға  ӛтуі,  жалпы 
ӛнімнің  ӛсуі,  Қазақстанды  әлемнің  мойындауы  және  Конституцияның  мүмкіндігін  пайдалануы  – 
даусыз фактілер.  
Бүгін білім беруді жаңғырту қажеттілігі, оның мәні, одан әрі білім беру жүйесіе жетілдіру 
ешкімге  де  күман  тудырмайды. Білім  беру  жүйесінің  бейберекетсіз  уақыты  ӛткендігін  мойындау 
керек,  саналы  түрде мақсатты  жұмыс  жүргізу  кезеңі  жетті.  Бүгінгі  білім  беру  сапасы- бұл  біздің 
қоғамымыздың ертеңі. Сондықтан біздің еліміздің болашағы, бәрінен де, әрқайсымызға, мұғалімге, 
біздің  азаматтық  кӛзқарасымызға,  кәсіпқойлығымызға    байланысты.  «Неге  оқыту  керек»  «Қалай 
оқыту  керек»,  «Кімді  оқыту  керек»  деген  міндеттер  тұр.  Мұғалім  қазіргі  уақытқа  сәйкес  болуы 
керек.  Ол-  12  жылдық  реформаға  байланысты басты адам,  сондықтан  жаңа  формация  педагогын 
дайындау- ең басты, ӛзекті проблема. Мемлекеттік білім беру бағдарламасында педагогтарды қайта 
даярлауға  бӛлінген  қаржының  2,5  есеге  ӛсуі  кездейсоқ  нәрсе  емес.  Мұғалімдер  арасында 
компьютерлік  сауатсыздықты  жою,  оқушылар  мен  мұғалімдердің  Интернетке  шығу  мүмкіндігін 
арттыру үшін, Қазақстанның барлық жерлерінде кӛлемді бағдарламалар дайындалуда.  
Қазақстан  Республикасында  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту  тұжырымдамасына 
сәйкес 12 жылдық білім беру жүйесіне кӛшу жағдайында жас ұрпаққа білім беру ісінде оның жеке 
даярлық  ерекшеліктеріне  мейлінше  мән  бере  отырып,  оқушылардың  мектепте  алған  білімдері 
олардың бүкіл ӛмірлік азығы болатындай етіп білім беру, оны ӛмірге дайындау, мамандық таңдауға 
бағыттау мәселесі бүгінгі жаңа қоғамның білім саласындағы кезек күттірмейтін ауқымды мәселелер 
қатарында  тұр.12  жылдық  білім  беруге  кӛшу:  қазақстандық  білім  жүйесін  формалауды; 
шығармашылықпен  дамыған  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға  бағытталған  жаңа  ұлттық  үлгіні 

82 
 
жасауды;    жалпыға  арналған  біліммен  «білім  әркімге  ӛмір  бойы»  үлгісін  саналы  түрде  жасауды; 
әлемдік білім кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етеді.  
12жылдық        білім  беру  жағдайында  «Оқушы  тек  білім  алушы  ғана  ма?»  деген  сұрақ 
туындайды.  Оқушы  –  ізденуші,  зерттеуші,  басқарушы,  ұйымдастырушы,  кеңесші,  үйлестіруші 
дербес тұлға.  
«Мектептің  жаны  –  мұғалім.  Мұғалім  қандай  болса,  мектебі  hәм  сондай  болмақшы.  Яғни 
мұғалім  білімді  болса,  білген  білімін  басқаға  үйрете  білетін  болса,  ол  мектептен  балалар  кӛбірек 
білім  біліп  шықпақшы.  Солай  болған  соң,  ең  әуелі  мектепке  керегі  –  білімді,  педагогика, 
методикадан  хабардар,  оқыта  білетін  мұғалім»,-  деп  А.  Байтұрсынов  айтқандай  осы  сипаттама 
келешек 12 жылдық мектептің мұғаліміне тән секілді.  
       Бүгінгі  кү н  талабының  мектеп  реформасына  12  жылдық  білім  беруге  кӛшу  мәселелерінің 
ерекшелігі  сол-12  жылдық  білім  беру  орталығы  ғалымдарының  зерттеулері  бойынша  жаңа 
қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер. «Баланы оқуға 
қалай  үйретеміз?»,  «Ойлауға  қалай  үйрету  керек?»,  «Қалай  ӛз  ӛмірінің  менеджері  болуға  үйрету 
керек?» деген сұрақтарға жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр.  
 
Жаңа  мазмұндағы  білім  жүйесін  мектеп  ӛміріне  енгізуге  мұғалім  педагогикалық-
психологиялық,  философиялық,  физиологиялық  және  т.б.  ғылым  салаларының  тиімді  зерттеу 
нәтижелері мен әлемдік озық тәжіребелердің алдыңғы қатарлы идеяларын басшылыққа алады. Жаңа 
кезеңдегі  мұғалімнің  шығармашылық  іс-әрекетінің  мазмұны  зерттеушілік  қызметтен,  жеке 
ізденістерден, оқушымен, ата-анамен тығыз ынтымақтастықтан тұрады. 
Жеке  тұлға  қабілеттеріне  бағытталған  оқыту  процесі  әр  педагогтың  ӛзіне,  ӛз  ісіне  және 
ӛзгеге  деген жауапкершілігін артып,  оқушымен қарым-қатынасын берік сенімге негіздегенде ғана 
игі нәтижесін байқатуы мүмкін.  
А.К.Марковтың  пікірі  бойынша  мұғалімнің  кәсіптік  зерттеушілік  позициясы  ӛз  кәсібін 
шығармашылық деңгейде жетік меңгерген кезде ғана айқындала түседі.  
12  жылдық  білім  беру  жүйесіне  кӛшу  тұсында  мұғалімнің  кәсіптік  жетілуі  мен  дамуы 
тұрғысында  кӛп  мәселелер  қалыптастырылуы  қалыпты  жағдай.  Ӛйткені,  Ы.  Алтынсариннің 
«Мұғалім –мектептің жүрегі» - деп айтқанындай, барлық күш мұғалімге түседі.  
Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, ӛзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа 
тұрпатты  педагог  қалыптастыра  алады.  Ахмет  Байтұрсынов  «Жақсы  мұғалім  мектепке  жан 
кіргізеді» деген сӛзі осыған дәлел.  
«Бала- ортасы, бәрінің басы және соңы, баланы оқыту керек емес, баладан оқу керек». Ал 
бұл үшін педагогтар тарапынан жаңа қарым-қатынас қажет. Мұғалім қазіргі уақытқа сәйкес болуы 
керек. Ол – 12 жылдық реформаға байланысты басты адам, сондықтан жаңа  формация  педагогын 
дайындау- ең ӛзекті проблема.  
Мектептерде  ӛз  ісінің  шеберлері,  жоғары  кәсіп  иелері  қызмет  атқарады,  ол  қазіргі  басшы 
менеджер, лидер, стратег, реформатор болуы тиіс. 12 жылдық оқуға ӛтуге байланысты бұл- ерекше 
ӛзекті  мәселе.  Қазіргі  заманғы  мұғалімдерге  психологиялық-педагогикалық  білім  қажет. 
Мұғалімдер  біліктілігін  неғұрлым  сапалы  да  жаңа  деңгейге  кӛтеру,  білім  беру  жүйесінің 
қызметкерлерін  қайта  даярлау,  кадрлар  қорын  жасақтау,  біліктілік  арттыру  институттарының 
материалдық-техникалық базасын нығайту қажеттілігі кезек күттірмейтін кешенді мақсаттар болып 
табылуда.   
12  жылдық  білім  беруге  кӛшуде  педагогтың  ең  басты  міндеті-  6  жастан  бастап  мектеп 
табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің даму деңгейі мен әлеуметтік жағдайын зерттеу, оқу-тәрбие 
үрдісінің  нәтижелеріне  мониторинг  жасап  отыру.  Педагогикалық  мониторинг  объектісі  –  оқушы, 
мұғалім  және  білім  беру  үрдісі  болуы  мүмкін.  12  жылдық    білім  берудің  мақсаты:  ӛзінің  және 
қоғамның  мүддесіне  ӛзін-ӛзі  белсендіетуге  дайын,  ӛзгермелі  даму  үстіндегі  ортада  ӛмір  сүруге 
бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру. 
Қазіргі ӛскелең талап бойынша әрбір оқу пәні бйынша білім, білік және дағдыны ғана игеру оқушы 
құзіреттілігі  үшін  жеткіліксіз  болып  табылады. Құзіреттілік-  лқу  нәтижесінде  ӛзгермелі  жағдайда 

83 
 
меңгерген білім, дағдыны тәжірибеде қолдана алу,  проблеманы шеше білу,  оқушылар дайындығы 
сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа. 12 жылдық білім беруге кӛшу жағдайында 
айрықша  назар  аударатын  мәселе-  мұғалімнің  ақпараттық    құзіреттілігі  болып  табылады. 
Ақпараттық  қарым-қатынас технологиясын  игеру  әр  кадрдан  талап  етіледі.  Ақпараттық  ресурс  – 
ақпарат кӛзін алу үшін династиялық оқыту, мультимедиялық, электрондық проблемаларды меңгеру 
қажеттігі  туындап  отыр.  Әсіресе,  әрбір  ұстаз,  ӛзінің  электрондық  әдістемелік  жүйесін  құруға 
ұмтылуы тиіс.  
Қазіргі таңда 12 жылдық оқытуға кӛшу жағдайында ең ӛзекті мәселелердің бірі- бастауыш 
сынып  мұғалімдерін  даярлау  және  қайта  даярлау  мәселесі  екені  сӛзсіз.  Себебі,  жаңа  формация 
мұғалімі  «дайын»  білім  кӛзі  ғана  болмай,  керісінше,  кіші  мектеп  оқушыларының  танымдық  іс-
әрекетінің  ұйымдастырушысы  және  үйлестірушісі  бола  білуі,  білімнің  құндылық  ретіндегі  және 
білімнің  нәтиже  ретіндегі  сипатынан  терең  мән  бере  білуі,  нәтижеге  бағдарланған  білім  сапасын 
арттыруда жаңаша жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман болуы қажет.  
Ұлы  ағартушы  А.Байтұрсынов  «Бала  оқытуды  жақсы  білейін  деген  адам  әуелі  балаларға 
үйрететін  нәрселерін  ӛзі  жақсы  білуі  керек»,-  деген  тұжырымында  «Шығармашыл  мұғалім 
шығармашыл  шәкірт  дайындайды»  деген  ой  айқын  аңғарылады.  12  жылдық  мектептің  ұстазы 
ӛскелең  ӛмір  талабына   сәйкес  зерттеу  жұмысының  тақырыптарын  таңдап  алып,  сол  проблеманы 
ғылыми тұрғыда терең талдап алғаны жӛн.  
Бүгінгі таңда тәуелсіз мемлекет алдында тұрған негізгі мақсаттардың бірі дүниежүзілік білім 
әлеміне ену болып отыр. Бұл салада білім беру  ісінің мазмұнын жаңа бағытқа бұру, құрылымдық 
жүйесін  жаңарту,  ӛзгерістер  енгізу-  білім  реформасын  жүзеге  асыру  алғышарты  тұрғаны 
баршамызға  аян.  Демек,  болашақ  мұғалім  мамандарын  кәсіби  қызметке  даярлау  мәселесі  кезек 
күттірмейтін  ӛзекті  қоғам  талабы.  Дүниежүзілік  ӛркениеттілікке  жету  мақсатында  білім  беру 
жүйесін оңтайландыру қажет. Онда азаматтық міндеттерді жүзеге асыру үшін білім беру мен тәрбие 
мәселесін  нағыз  гуманистік  дәрежеге  кӛтеру,  бүкіл  ғаламдық мәдени  құндылықтарға  қол  жеткізу 
керек. Мұны атқаратын, сӛз жоқ, мұғалім. 
 
Осыған орай, егемен еліміздің білім беру  ісінде реформалар жасалуда. «Ғасырдың мектебі 
мен мұғалімі  қандай болу керек?» деген негізгі сұраққа жауап ізделуде. Мұғалімді даярлау барлық 
кезеңдерде  мәнін  жоймайтын  мәселелер  қатарына  жатады,  себебі  қоғамның    әлеуметтік  –
экономикалық міндеттері ӛзгеріске ұшырап отырады, ал мұның бәрі педагог кадрларын мамандық 
даярлау  жүйесіндегі  кӛзқарастарды  байыта  қарауға  жетелейді.  Білім  берудің  ұлттық  моделіне 
кӛшкен  қазіргі  мектепке  ойшыл,  зерттеуші,  ӛз  ісінде  қасандылық  пен  жаттандылықтан  аулақ, 
практикалық үйлестірулерді  шебер меңгерген,  психолог- педагогтық диагностика қоя білетін  іскер 
мұғалім қажет. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, мұғалімге ӛз қызметінде екі жүздей жұмыс түрін 
атқаруға  тура  келеді  екен.  Ол  мектептің  барлық  шараларына  қатысады,  кӛптеген  адамдармен 
қарым-қатынас  жасайды.  Түрлі  педагогикалық  құбылыстарды  шамасына,  біліктілігіне  қарай 
шешеді. 
 
Ал педагогикалық тұрғыдан қарастырғанда кәсіби дайындық дегеніміз- ұстаздық теориялық 
білімдері  меніс-тәжірибелік  әрекеттерінің  тікелей  нәтижесі,  дамыған  педагогикалық    ой-санасы, 
шығармашылық  ӛзіне  тән  ерекшелігі  және  жеткілікті  деңгейде  беретін  пәнінің  материалын 
меңгеруі. 
Қазіргі  кезде  педагогика,  психология,  әдістеме  ғылымдарында  болашақ  мұғалім  маманын 
даярлаудың  мінсіз  үлгісін  ұсынудың  кӛптеген  нұсқалары  жинақталған.  Олар:  маман  моделі, 
кәсіптану, кәсіби тӛлқұжат, біліктілік сипаттамалары. 
 
Ғалым-психологтардың  пікірі  бойынша,  мұғалім  моделін  жасауда  педагогтық  қызметтің 
психологиялық  құрылымын  ескеру  қажет.  Педагог  қызметінің  психологиялық  құрылымына: 
диагностикалық,  құрастырушылық,  ұйымдастырушылық,  бейімділік  пен  іскерлік  қасиеттері 
жатады.  
 
Жаңа  технологияларды,  әдістерді  оқыту  формаларын  қолдану  тек  ғана  нәтиженің 
құндылығын  кӛтеру  ғана  емес,  сонымен  бірге  білім  берушілік  іс-әрекет  процесінде  кӛтеруге 

84 
 
мүмкіндік береді. Ол үшін қазіргі технологиялық құралдарды қолдануда ең алдымен мұғалім кәсіби 
компетенттілігін  кӛтеруі  қажет.  Ол  компетенцияның  дамуына  бағдарланған  дараландырылған 
оқыту  бағдарламасын  басқара  білуі  тиіс.  Егер  білімгердің  жоғары  дәрежеде  компетенциясы 
дамысын  десе,  онда  оларды  білімгер  үшін  неғұрлым  қызықты  іс-әрекеттерді  жүзеге  асыру 
процесінде  қолдануын  қамтамасыз  етуі  қажет.  Сондықтан  педагог  ӛз  білімгерінің  бейімділігін, 
қызығушылығы  мен  компетенциясын  айқындай  білуі  қажет  және  олардың  тәжірибе  жинақтау 
процесіндегі ӛзгерістерін байқап отыруы тиіс. 
Педагогтың  басты  міндеттері-  оқушыларға  динамикалық  әлемге  бейімделуіне  мүмкіндік 
туғызатын  компетенциялар  жиынтығын  дамыту  және  қалыптастыру,  ӛзіндік  жауапкершілік 
қабылдау,  олардың  мотивациясын  дамыту,  білімгердің  бірге  атқаратын  жұмысын  ынталандыру. 
Осындай міндеттерді шешу педагоктың іс-әрекетін жоғары дәрежеде атқаруына кӛмегін тигізеді.  
 
Қандай да бір істі ӛзінің нақты деңгейіне жеткізіп атқару үшін шеберлік керек. Ол барлық іс-
әрекеттер  мен  мамандықтарға  тән  қасиет.  Әсіресе  болашақ  кәсіби  мамандарды  жоғары  оқу 
орнындарында  дайындау  жан-жақты  жетілдіруді  міндеттеп  отыр.  Олар  үшін  теориялық  терең 
білімге қоса тәжірибелік дағдылары, адмгершілік қалыптасуы, тұлғаның мүмкіндіктері мен кәсіби 
бағдарын жѐетілдіру күрделі екендігі белгілі.  
 
Ұстаздық  жолды  ұстанған  тұлға  үшін  педагогикалық  шеберлікті  жетілдіру  негізгі  мақсат 
болып  саналады.  Ӛйткені  мұғалімнің  шеберлігі  шәкіртті  қалай,қалайша  оқыту  үшін    оның 
психологиясын  білу; екінші  жағынан,  оқытып тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін, жолдарын терең білу 
және  оны  қолдана  білумен  астасып  жатқан  мәселе.  Осы  талаптарға  сай  мұғалімдер  шеберлігі 
қалыптасып жетіледі. 
ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптарға тоқтала кетейік: 
Біріншіден, мұғалім жеке кӛзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман 
мұғалім болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды. Ӛз ісін жетік 
біліп, табанды жүргізетін мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады. 
  
Екіншіден,  мұғалім  педагогтық,  психологиялық  білімін  күнделікті  ісінде  шебер  пайдалана 
білетін  болуы  керек.  Мұғалім  қандай  пәннен  сабақ  бермесін,  ол  баланың  ӛмірдің  әр  саласына 
қатысты кез-келген  сұрағына жауап беруге даяр болуы керек. Әр мұғалімнің педагогикалық ойлау 
қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс. Жеке ойлау қабілеті зор жеке тұлға болып қалыптасады. 
Кӛп болу үшін кӛп ойлау, оқу керек. «Интернет» жүйесін білу. 
 
Үшіншіден,  білім  беру  негіздерін  ӛз  бетінше  оқып  үйренуге  оқушыны  баулу  міндеті 
туралы.Ӛзінің    оқушысын  ӛз  бетінше    білім  алуға  үйретпеген  мұғалім     қазір  түпкі  нәтижеге  қол 
жеткізе алмайды . 
 
Тӛртіншіден,  мұғалім  ұйымдастырушылық  ,  құрылымдық,  бейімділік,  сараптамалық 
қабілеттермен қатар ӛз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, қүбылыстарды талдай 
білуі шарт.  
            Бесіншіден мұғалімнің адамгершілік ,саяси - идеялық ұстанымы  жұмысында кӛрініс тауып , 
ол ұстанымды бала тәрбиесіне негіз етіп алу шарт . 
 
Педагогикалық  мамандық  білімділікті  қажет  етеді.  Мұғалім  белгілі-бір  пәнді  жетік 
меңгерген  мамандық  иесі.  Болашақ  мұғалімнің  біліктілігі  оқу  орнындағы  алған  білімі  арқылы 
қалыптасады.  Туған  Отанын  сүйетін,  оның  қара  тасын  қадірлеп,  қорғай  білетін  ,  тілін,  дінін, 
құрметтейтін  ұлтжанды  ұрпақ  тәрбиелеуде  білім  саласының  белді  буыны  мектеп  басты  роль 
атқарады десек, осы мектептің жүрегі, басты тұлғасы- мұғалім. 
 
Педагогқа тәрбиелей және басшылық ете білу, тыңдата және тыңдай білу, дүниетанымы кең 
болу, сӛйлеу мәдениеті, адаммен қарым-қатынас жасай білу, оған сенім арту, алға ұмтылуға үйрету, 
байқампаз болу, қандай жағдайда болсын шешім қабылдай білу-қажетті қасиет. 
Болашақ  оқытушыларды  шеберлікке  баулу,  тәрбиелеу  жоғары  педагогикалық  оқу 
орындарында  ең  алдымен  жекелеген  мамандыққа  байланысты  пәндерді  меңгенумен  қатар 
педагогиканы,  психологияны,  әдістемені  оқуға  байланысты  жүзеге асырылады.  Сондықтан  да  бұл 
пәндердің  негізінде  студенттерге  жоғарғы  кәсіптік  мамандықты  игеруді  мақсат  етіп  қоюмен  бірге 

85 
 
білімгерлердің  бұл  пәнді  оқып  үйренуге  деген  ынтасын  арттыру  керек.  Болашақ  оқытушының 
шеберлігі  алдындағы  оқушының  даму  деңгейін  оның  әрбір  кезеңде  ӛсуін  бақылап  отыруда.  Сол 
даму кезеңдерінде оқушыны бағыттап, оны ӛсу, даму жағдайларына бағыттап отырған жӛн. 
Жоғары  оқу  орнын  бітіретін  болашақ  педагог  маманның  кәсіби  қызметке  даярлығын 
қалыптастыру моделінің жасалуы тӛмендегідей мәселелерді шешуге мүмкіндік береді: 
 
Болашақ маманның алдына нақты мақсат қойып, оны орындауға жетелейді: 
 
Оқу үрдісін тиімді және белсенді ұйымдастыруға кӛмектеседі. 
 
Болашақ маманның кәсіби қызметке даярлығының қалыптасуын бақылауды жүзеге асыруға 
кӛмектеседі. 
 
Маман  ретінде  қалыптасуда  кәсіби  даярлықтың  маңыздылығын  түсіну  үшін,  мамандыққа 
және жеке тұлғаға қойылатын талаптарды нақтылайды. 
Қай  мемлекеттің  болсын  ӛркениеттілігін    кӛрсететін  білімі  мен  ғылымы.  Ғылымды 
дамытатын терең білімді ұрпақ тәрбиелеу мұғалімнің қолында. 
«Мен  үшін  жақсы  мұғалім  бәрінен  де  артық,  ӛйткені  мұғалім-мектептің  жүрегі»  деп 
айтқандай қолына шырақ  пен кітап ұстаған мұғалімнің қоғамдағы ролі ерекше. Мұғалімнің басты 
мақсаты-оқушыға білім беру, тәрбиелеу, жетілдіру, болашағын дамыту. 
Келешектің, біліктіліктің бастамасы киелі шаңырақ мектепте болғандықтан , ондағы балаға 
берілетін білім үлкен ізденісті талап етеді. 
 
Сонымен, қорыта айтқанда, 12 жылдық білім беру жағдайында жаңа педагог – бұл қай кезде 
де,  ең  алдымен,  кәсіби  деңгейі  жоғары,  интелектуалдық,  шығармашылық әуеуеті  мол  тұлға. Ол  – 
оқытудың  жаңа  технологияларын  ӛмірге  енгізуге  дайын,  оқу  –  тәрбие  ісіне  жанашырлық 
танытатын,  қоғамның  ең  озық  бӛлігінің  бірі.  Оқу  –  тәрбие  үрдісінің  мазмұнына  және 
ұйымдастырылуына  комплексті  тұрғыда  қарайтын,  зерттеушілік  ыңғайға  бейім,  теория  мен 
практика  іс  -  әрекетін  біріктіре  білетін,  ӛмірлік  құндылық  қағидалары  –  адамгершілік,  ізгілік, 
еңбекқорлық, парасатты мінез-құлық қасиеттерді бойына сіңірген ұстаз.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет