Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет9/30
Дата12.03.2017
өлшемі3,2 Mb.
#8810
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.Н.Назарбаев, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 
қадам» бағдарламасы, 3 шілде 2012 жыл   
2.Королев В. В. Психические отклонения у подростков правонарушителей. - М., Медицина, 1992.  

56 
 
3.Коэн 
А. 
Содержание 
делинквентной 
субкультуры 
//Социология 
преступности. М., 1966 
4.Гинд икин В.Я., Гурьева В.А.Личностная патология. - М.:Триада-Х,1999,266 с. 
5.Кондрашенко В.Т. Девиантное поведение у подростков. - Минск: Беларусь, 1988.  
 
Аннотация. В данной статье рассматривается  пути исправления девиантных поведений 
подростков.  
Annotation. In this article it is examined the way of the correction of the deviantnykh behavior of 
adolescents. 
 
ӘОЖ 159.961  
                А 14 
 
ЛИДЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ 
 
Оралымбетова Г.У., Абдулла А.  
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасында психология ғылымы қоғамның ӛмірінде ерекше 
орынға  ие.  Қазақстан  Республикасының  президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Жаңа  онжылдық  жаңа 
экономикалық  ӛрлеу  –  Қазақстанның  жаңа  мүмкіндіктері»  атты  Қазақстан  халқына  жолдауында: 
«Адам  –  елдің  басты  байлығы.  Енді  жаңғырту  стратегиясын  іске  асырудың  табыстылығын  ең 
алдымен,  қазақстандықтардың  біліміне,  әлеуметтік  және  дене  болмысы,  кӛңіл  –  күйлеріне 
байланысты» - делінген [1]. 
Бүгінгі  күнде  лидерлік  мәселесі  барлық  ғылымдарда  толыққанды  зерттелуде.  Мәселен, 
психология лидердің тұлғалық ерекшеліктерін зерттейді. Кӛшбасшылық әлеуметтік-психологиялық 
зерттеу объектісі ретінде. Лидерлікті әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде зерттеу ӛзектілігі 
ең  алдымен,  соңғы,  ең  кӛп  әсері  бар  топтық  мақсаттарға  қол  жеткізуге  ықпал  ететін,  топтық 
интеграцияның  ең  маңызды  факторларының  бірі  болып  табылуымен  анықталады.  Әлеуметтану 
лидерлікті әлеуметтік жүйенің негізінде қарастырады. Әлеуметтік психология лидерлікті әлеуметтік 
және психологиялық факторлардың ӛзара қызметтік процесі ретінде зерттейді. Ал саясаттану саяси 
лидерлікті  билік  феномені  ретінде  қарастыра  келе,  оның  табиғатын,  қызмет  ету  механизмдерін, 
қоғамға  ықпалын  зерттейді.  Сонымен  бірге,  тиімді  басқарудың  әдістері  мен  тәжір ибелік 
ұсыныстары айқындала түседі. 
Ғалымдардың  пікірлерінше,  ӛз  бойында  туа  біткен  қасиеттерді  ұштастыратын  адам  ғана 
қайырымды халықтың басшысы бола алады: «бұл адамның мүшелері мүлдем мінсіз болуы тиіс, бұл 
мүшелердің  күші  ӛздері  атқаруға тиісті  қызметті  аяқтап  шығу  үшін  мейлінше  жақсы бейімделген 
болуы керек; жаратылысынан ӛзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, айтылған сӛзді сӛйлеушісіне 
ойындағысын  және  істің  жай-жағдайына  сәйкес  ұғып  алатын  болуы  керек;  ӛзі  түсінген,  кӛрген, 
есіткен  және  аңғарған  нәрселердің  бәрін  жадында  жақсы  сақтайтын,  бұларды  ешнәрсені 
ұмытпайтын болуы керек; әйтеуір, бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол белгінің 
ишаратын  іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болу шарт; ӛткір сӛз иесі және ойына 
түйгеннің бәрін айдан-анық айтып бере алатын тілмар болу шарт; ӛнер-білімге құштар болу, оқып 
үйренуден  шаршап  шалдықпай,  осыған  жұмсалатын  еңбектен  қиналып  азаптанбай,  бұған  оңай 
жететін болу керек; тағамның,  ішімдік  ішуге, сұқ-сұбқат құруға келгенде қанағатшыл  болу керек. 
Жалпы  лидерлік  саяси  салада  саяси  басқару  негізінде  түсініледі.  Қайырымды  халықтың  басшысы 
болу  үшін  тек  лидерлік  қасиет  қана  емес,  мемлекет  те  кӛшбасшылық  қасиет  танытуы  тиіс. 
Мемлекет, ұлттың лидерлігі қазіргі теорияда жеке қарастыратын нысан болып табылмайды. 
Осы  түсінікке  сипаттама  беруде  лидерлікті  ұстап  қалу  және  иеленудегі  заңдылықтарды 
айқындаймыз.  Ал  жалпы  мемлекет  лидерлігін  зерттеуде  әлемдік  ұйымдастырушылық-қызмет 
құрылымын,  оның  тенденцияларын,  әлемдік  қауымдастықтың  тұрақты дамуына  қатер  туғызатын 
жағдайларын қарастырамыз. 
Лидерлік  проблема  жүз  жылдан  бері  кӛптеген  ғалымдармен  қарастырылып  келеді. 
Зерттеушілердің  қызығушылығы  заңды,  яғни  адам  қоғамында  әр  түрлі  топтар  бар,  міндетті 

57 
 
атрибуты болып дамудың белгілі бір деңгейінде лидерлікке жылжуы болып табылады.Бұл проблема 
Кеңестік  одақта,  Ресей  мен  шетелдің  жақын  елдерінде  ерекше  белсенді.  Бұл  елдердің 
демократизациялануы ӛмірдің әлеуметтік – экономикалық шарттардың ӛзгеруі, жаңа лидерді қажет 
ететін  жаңа  топ  түрлері  мен  топшаларының  пайда  болуына  әкеледі.  Бұрынғы  дәстүрлі  басшылық 
әліде жаңа шарттардың ӛзгерісін басынан кешіруде. Шетелдік әдебиеттердің анализі кӛрсеткендей 
топ  мүшелері  және  жұмысшылар  қатарының  арасындағы  гендерлік  айырмашылықтар  жиі  азаяды 
немесе  жоғалып  баратыны,  әр  түрлі  жыныстағы  лидерлердің  салыстырғанда,  американдық 
зерттеушілер бекіткен заңдылықтар әрқашанда басқа мәдениеттермен қолданбайды. 
Лидерлік  проблемасының  кӛпжылғы  құруына  қарамастан  жеткіліксіз  қарастырылмаған 
аспектілерді  табуға  болады.  Бұны  толықтыру  негізгі  жұмысқа  бағытталған.  Лидер  таңдау, 
студенттік  лидер,  үкіметтік  емес  қоғамдық  ұйымдар  және  жоғарғы  оқу  орындарының  басшылар 
(кафедра меңгерушілерінен бастап ректорға дейінгі). Қазіргі замандық Қазақстан жағдайында саяси 
лидерлік түрлі деңгейде, яғни лидерлік белгілі бір жергілікті жерде немесе топта, сондай-ақ саяси 
қозғалыс немесе партия шегінде жүзеге асатын жалпы мемлекеттік, аймақтық және жергілікті жер 
деңгейінде болады. 
Қазіргі  заманда  ұйымдастырушылық  құрылымы  күрделі  корпорациялар  ӛте  кӛп.  Осыған 
байланысты лидерлерге байланысты қажеттілік туындайды. Белгілі ресей ғалымы Б.Д.Парыгиннің 
анықтамасы  бойынша,  лидер  –  кенеттен  ресми  емес  басшы  рӛліне  белгілі  бір  жағдайларда 
шығарылатын  топ  мүшесі.  Ол  ортақ  мақсаттарға  тез  және  сәтті  қол  жеткізу  үшін  адамдардың 
бірігіп, ұжымның ұйымдасуын қамтамасыз ететін тұлға [2.54б]. 
Қазақстан  Республикасының  Білім  туралы  заңында  «Күшті  ұлт  болу  үшін  алдымен  ішкі 
бірлік,  ұйымшылдық  пен  татулық  қажет.  Ал  сондай  ұлтты  алға  жетелейтін  білімді,  патриот, 
еңбекшіл,  ӛз  салт-дәстүрін,  мәдениетін,  тілін,  дінін,  ділін  құрметтейтін  азамат    нағыз  кӛшбасшы 
болуға  лайық»  -  деп,  аталған  болатын.  Кӛшбасшы  ретінде  адамдар  кӛптеген  кедергілер  мен 
қарсылықтарға тап  болады.  Сол  кезде алдыға  жылжытатын  жалғыз  ықпал  ісіңізге  адал болу.  Іске 
адалдық, жетістікке жетуге мүмкіндік береді. 
Оқу-тәрбие процесінде бала үлкендерден үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Баланың ӛзін-
ӛзі  бағалауы  үлкендердің  бағалауына  байланысты.  Ӛз  еркін  басқара  алу,  кӛшбасшы  болып, 
жетістікке жетуге саналы түрде талпыну баланың ең маңызды қасиеттерінің бірі. Егер бала белгілі 
бір  затты  ӛздігімен  орындап  жетістікке  жететін  болса,  бұл  кезеңде  жетістікке  жету  мотивациясы 
қалыптасады.  Ал,  егер  балаға  беделі  бар  адамның  жетістіктерін  аз  мақтап,  сәтсіздіктерін  кӛп 
жазалап  отырса,  оларда  сәтсіздіктердің  алдын-алу  мотивациясы  ертерек  қалыптасады.  Баланың 
кӛшбасшылық, жетістікке жету сапасының қалыптасуына оның жеткен жетістіктерін мадақтаудағы 
саналы  ойластырылған  үлкендер  әрекеті,  сонымен  қатар  баланың  ӛз  жетістігіне  сенуі  жатады. 
Қазіргі уақытта жеке тұлғаның табыстылығы оның мінез-құлқына, қабілетіне, әдеттеріне, жетістік 
деңгейіне,  дүниетанымына,  рухани  дәрежесіне,  құзыреттілігіне,  кӛшбасшы  ретіндегі  жеке 
қасиеттеріне тікелей байланысты. 
Тұлғадағы  кӛшбасшылық  жетістікке  жету  мотивациялық  мәселесінің  әртүрлі  аспектілерін 
зерттегендер Дж. Максвелл, Д. Мак-Грегор, Лао Цзы, Г. Мюррей, М.Г. Эванс,  Ф.Е. Фидлер, Ф.С. 
Бортт, Дж.В. Гетуель, Р.Дж. Хилл, С.В. Миллз,  Б.Д.Парыгин, Дж.Аткинсон, С.М. Казе, А. Адлер, 
Джон Кэхо, Дональд Трамп, Р.П. Хау, Б.Т. Басс т.б. ғалымдар зерттеген. 
Британдық  фельдмаршал  Бернард  Монтгомеридің  айтуынша,  «кӛшбасшылық  –  ерлер  мен 
әйелдерді бір мақсатқа жетелейтін қасиет, сонымен қатар сенімділік ұялататын мінез-құлық»-деген. 
Саяси  лидерліктің  табиғаты барынша  күрделі  және  оның  түптамыры  ғалым-ойшылдардың 
консульдар,  императорлар,  корольдер  феноменін  зерттеп  білген  алыс  ӛткенде    жатыр.  Лидерлік 
феномені саяси психологиядағы ерекше проблема. Оның ертеректегі теориясы «геройлар» теориясы 
деп  аталады.  Оның  басқа  да  теориялары  бар.  Лидерліктің  саяси  психологиялық  типологиясын 
жасағандар  мыналар:  психопотологиялық  типологияны  Г.  Лассуэль,  саяси  типтерін  Д.  Рисман, 
макиавеллилық  теориясы,  Президенттер  типологиясы  Д.  Барбер  және  т.б.  жасаған.  Лидерлік 
феномені саяси психологиядағы ерекшелігі бар мәселе. 
Кӛшбасшылық қиындығы кеңестік  психологиялық әдебиетте 20-30-шы жылдар кезеңіндегі  
С.О.  Лозинский,  Е.А.  Аркин,  А.С.  Залужный,  П.Л.  Применительнодің    басты  балалар  (ағыл 
Загоровского және басқа да ұйымдастырылған және табиғи) топтарына зерттеулерде қойылған және 
жетілдірілді [3. 36б]. 
Саясаттанудағы барынша  кең  тараған  билікті  алу  тәсілі  және  оның  заңды  болуы  бойынша 
М.Вебердің деректеріне сәйкес лидерліктің типологиясы саналады. 
М.Вебердің айтуы бойынша лидерліктің типі: 

58 
 
-
 
дәстүрлі лидерлер (кӛсемдер, монархтар); 
- рационалды-заңды (билікт і қолданыстағы бар заңдардың негізінде алады); 
- харизматикалық (яғни, беделді адамның бойында ғажайып қабілеттердің болуы). 
Саяси лидерге бағаны бірқатар факторлардың негізінде беруге болады: 
-
 
жалпы міндетті шешудің барынша ұтымды вариантын табуға деген оның қабілеттілігі;  
-
 
таңдап  алған  жолдың  мақсатқа  сай  екендігіне  кӛпшілікті  сендіру  және  алға  қойған 
мақсатқа қол жеткізу үшін оларды ұйымдастыру; 
-
 
жаңа нәрселердің ӛсуін уақытында байқауға деген оның мүмкіндіктері, қоғамның тезірек 
даму прогресі мақсатында оларға қолдау беруді қамтамасыз ету. 
Саяси  лидерлік  мәселесі  –  казіргі  саяси  психологиядағы  маңызды  проблемалардың  бірі. 
Лидерлік  және  жетекшілік.  Б.Д.  Парыгиннің  лидерлік  пен  жетекшілік  түсініктері  туралы 
әлеуметтік-психологиялық  теориясын  атап  айтуға  болады.  Лидердің  саясаттағы  орны  мен  ролі 
үлкен. Лидердің жеке басының белгілері мен ерекшеліктері саясатқа әсер етеді.  
Лидер  бейнесі  (имиджі)  психологиялық  тест  негізінде. Батыстық  саяси  психологиялық  зерттеулер 
саяси  лидерлік  теориясының  негізі  топтарын  жіктеп,  қарастырады.  Саяси  лидер  мінез-құлқына 
психологиялық  талдау  жасауға  болады.  Саяси  лидер  мен  оның  командасының  ара  қатынасының 
психологиясы ӛз алдына мәселе. Харизматикалық лидерге сипаттама беру.  
«Мен»  –  саяси  лидер  концепциясын  талдау  (лидердің  ӛзіне-ӛзі  баға  беруі  немесе  оның  саяси-
әлеуметтік ұстанған бағытындағы қиыншылықтар туралы). Саяси мінез-құлыққа ықпал етуші лидер 
қажеттілік болып табылады. 
Саяси лидерге бағаны бірқатар факторлардың негізінде беруге болады: 
-
 
жалпы міндетті шешудің барынша ұтымды вариантын табуға деген оның қабілеттілігі;  
-
 
таңдап  алған  жолдың  мақсатқа  сай  екендігіне  кӛпшілікті  сендіру  және  алға  қойған 
мақсатқа қол жеткізу үшін оларды ұйымдастыру; 
-
 
жаңа нәрселердің ӛсуін уақытында байқауға деген оның мүмкіндіктері, қоғамның тезірек 
даму прогресі мақсатында оларға қолдау беруді қамтамасыз ету [4.52б]. 
Лидер үшін кӛпшілікпен байланысты жоғалтпау, олардың мүддесін дұрыс сезініп, білу жә не 
соған сәйкес әрекет ету маңызды. Қоғамның ӛзінің саяси лидерін таңдауы –айырықша маңызды іс. 
Қазіргі  замандық  Қазақстан  жағдайында  саяси  лидерлік  түрлі  деңгейде,  яғни  лидерлік 
белгілі бір жергілікті жерде немесе топта, сондай-ақ саяси қозғалыс немесе партия шегінде жүзеге 
асатын  жалпы  мемлекеттік,  аймақтық  және  жергілікті  жер  деңгейінде  болады.  Қазақстандағы 
лидерлікті түсіну үшін елдің Президенті болып табылатын мемлекет басшысы туралы әңгіме болған 
кезде, оны жалпы мемлекеттік деңгейде зерттепбілу шешуші маңызға ие болады. 
Қазақстан  Республикасының  Конституциясына  сәйкес  елдің  Президенті  мемлекеттің  ішкі 
және  сыртқы  саясатының  негізгі  бағыттарын  анықтаушы мемлекет басшысы,  жоғарғы  лауазымды 
адам болып табылады [5].  
Лидердің  атқаратын  қызметін,  стилін  және  түрлерін  терең  зерттеу  лидер  тұлғасының 
сипатын анықтауға мүмкіндік берді. Ғалымдар зерттеулерінде қарастырылған лидер танымдылығын 
талдау мен осы сипаттама негізінде білімгерлердің лидерлік танымы мен қасиеттерінің құрылымы 
жасалды. 
Адамдармен жұмыс істеп, олармен ӛзара қарым-қатынаста бола білу, тиімді кӛшбасшының 
қасиеті  болып  табылады.  Кӛшбасшының  ӛзара  қатынас  кезіндегі  бірінші  қасиеті  –  қоршаған 
ортадағы  адамдардың  не  ойлап,  не  сезетінін  түсіне  білу.  Қиын  ӛмірлік  қиын  жағдайларда 
кӛшбасшының қалай әрекет ететіндігі  оның мінезі туралы  кӛп  нәрсе айтады. Мінез-құлықты жан-
жақты  дамыту  мен  нығайту  –  бұл  кӛшбасшылық  қана  емес,  жеке  қасиеттерді  дамытатын  біздің 
негізгі  шартымыз.  Кез-келген  адам  бүтін  мінез-құлықпен  және  тереңдей  инабаттылықтың  иесімін 
деп  айта  алады,  бірақ  оның  дұрыс  немесе  бұрыстығын  ісі  арқылы  білуге  болады.  Мінез-құлық 
адамдармен қарым-қатынаста жетістікке әкеледі. 
Лидерлік  қасиеттері  бар  адамдарды  жұмысқа  алу  –  лидерлерді  тәрбиелеудің  тек  бірінші 
кезеңі  болып  табылады.  Кәсіби  жағынан  ӛсу  үшін  адамға  әртүрлі  бағыттарда  жұмыс  істеуге 
мүмкіндік  беру  де  маңызды.  Тиімді  лидерлердің  карьерасындағы  ӛте  кең  тараған  және  маңызды 
кезеңі – бұл еңбек жолының ең басында қиын және жауапкершілікті тапсырманы беру сәті болып 
табылады. Жас маманға лидер рӛлінде ӛзін сынап кӛруге, ӛз тәжірибесінде тәуекелге барып және 
жеңістің қуанышын немесе жеңілістің ащы дәмін татуға мүмкіндік беріледі. Тәжірибенің осындай 
түрі  -  қызметкерде  лидерлік  дағдыларды  дамытуға  алғы  шарт  болып  табылады.  Осындай  сынақ 
лидер рӛлінің қиындығын ӛз басында сезіне отырып,  ӛзгерістерді жүзеге асыру жағынан кӛптеген 
мүмкіндіктердің бар екенін біледі.   

59 
 
Жетістікке  жеткен  компаниялар  ӛздеріне  сай  лидер  қашан  тӛбеден  түседі  екен  деп  күтіп 
отырмайды.  Олар  лидерлік  қасиеттері  бар  адамдарды  белсенді  түрде  іздестіреді  және  олардың 
потенциалдарын  барынша  ашатын  карьерлік  мүмкіндіктер  береді.  Кӛптеген  таңдаулардың, 
оқытудың және қолпаштау жағдайында лидер рӛлін ойнай алатын он шақты адамдарды таңдайды.  
Кӛшбасшы ретінде адамдар кӛптеген кедергілер мен қарсылықтарға тап болады. Сол кезде 
алдыға  жылжытатын  жалғыз  ықпал  ісіңізге  адал  болу.  Іске адалдық,  жетістікке  жетуге мүмкіндік 
береді. 
Жүргізілген  зерттеу  бойынша  мынадай  ұсыныстар  жасауға  болады:  біріншіден,  лидер 
тұлғасының  ерекшеліктері  мен  атқаратын  қызметі  топтамасының  мазмұны  осы  саладан  білім 
алушыларға  теориялық  білімдерді  жүйелі  меңгертуге  септігін  тигізеді.  Оларды  мұғалімдер 
біліктілігін  жетілдіретін  институттардың  әдістемелік  бағдарламаларына  енгізу  қажет;  екіншіден, 
білімгерлердің лидерлік танымын қалыптастыруда жоғары оқу орнының білім беру ортасын тиімді 
пайдалану  қажет;  Зерттеу  проблемасы  ӛте  күрделі  болғандықтан  және  алғаш  рет  зерттеліп 
отырғандықтан толығымен шешімін тапты деуге болмайды. Алдағы уақытта болашақ мамандардың 
лидерлік  құзыреттіліктерін  қалыптастыру,  мектеп  оқушыларының  лидерлік  іскерліктерін  дамыту, 
студенттердің  лидерлік  қабілеттерін  дамытудың  интерактивтік  әдістерін  іздеу  және  т.б. 
проблемалар  арнайы  зерттеуді  қажет  етеді.  Адам  басқаларға  үстемдік  етпей,  оның  ақылы  мен 
жүргегін танып білу мүмкін емес. Билік адамның болмысын ашады. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
 
1
 
Н.Ә. Назарбаевтың  «Жаңа  онжылдық  жаңа  экономикалық  ӛрлеу  –  Қазақстанның  жаңа 
экономикалық мүмкіндіктері» атты жолдауы. 
2
 
Парыгин Б.Д. Социольная психология. СПБ.: 2010. 128 с. 
3
 
Парыгин Б.Д. Социальная психология. Проблемы методологии,  истории  и теории. СПб.: 
ИГУП, 2000. — 592 с. 
4
 
Вебер  М,.  Хозяйство  и  общество/  пер.  с  нем.  под  науч.  ред.  А.Г.  Ионино.  –  М.: 
Издательство, 2010. 
5
 
Тулегулов А.К. Политическая элита Казахстана: анализ биографий // Саясат, 2000. №1. 
 
Аннотация. Данная статья посвящена исследованию когнитивного особенности лидерства.  
 
Annotation. This article devoted to research cognitive characteristics of leadership. 
 
 
ӘОЖ: 37:36.14.43.47.О - 78 
 
             «ЖОО БІТІРУШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ 
БАҒДАРЛАМАСЫ» ТҤЛЕКТЕРДІҢ ЖАҢАРҒАН ҚОҒАМДА ТАБЫСТЫ БОЛУЛАРЫН 
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖОБАСЫ 
 
                                                           Оспанбаева М.П. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
                Қазіргі кезде мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, ӛмір сүру сапасы мен деңгейін 
кӛтеруде  айрықша маңызды роль атқаратын қуатты күш – білім. «Қазақстандықтардың әл-ауқатын 
арттырудың  бірден-бір  жолы  білімділікке  ұмтылыс  болуы  керек»,  -  деп  ҚР  Президенті 
Н.Назарбаевтың  атап  кӛрсеткеніндей,  қазақстандық  білім  кеңістігі  адами  капиталды  ӛрістетуге 
бағытталған ӛзгерістерді бастан кешіруде [1].  
Уақытпен  үндесе  жүзеге асырылып  жатқан  кӛптеген  жаңарулар  мен  жаңғырулар  қоғамды 
білім  қуаты  арқылы  әлеуметтік  жаңғыртуды  мұрат  етеді.  Осы  ретте  ҚР  БжҒМ  «Назарбаев 
Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ  сынақтан  ӛткізіп  жатқан  қанатқақты  жоба  –  «ЖОО  бітіруші  курс 
студенттеріне  қосымша  білім  беру  бағдарламасы»  білімгерлердің  жаңарған  қоғамда  табысты 

60 
 
болуларын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды бастама. ХХІ ғасыр – жаһандық жаңалықтармен 
қатар,  білімнің  дәуірлеу  ғасыры да.  Болашақ  маманның  педагогикалық  портретінің  қалыптасуына 
жоғары оқу орнындағы академиялық кезеңнің  орны ерекше. Болашақ мамандарды даярлау жүйесі 
заманауи  талаптарға  (мектептің  сұранысы,  жаңа  білім  беру  стандарттары,  оқыту  әдістемелерінің 
ерекшелігі,  жаңа  буын  оқулықтары,  жаңа  дәуір  балалары,  әлеуметтік-қоғамдық  қатынастар 
ерекшелігі  т.б.)  сай  болуы  тиіс.  Бітіруші  түлек  Қазақстан  мектептерінің  қазіргі  мәселесі  – 
оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамытуды  жүзеге  асыруға  дайын  болуы  үшін  онда 
тәжірибеге бағдарланған кәсіби құзыреттіліктер қалыптасуы шарт.  
«ЖОО  бітіруші  курс  студенттеріне  қосымша  білім  беру  бағдарламасы»  білімгерлердің 
жаңарған  қоғамда  табысты  болуларын  қамтамасыз  етуге  бағытталған  қадам.  Бітіруші  түлек 
Қазақстан мектептерінің қазіргі мәселесі – оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуды 
жүзеге  асыруға  дайын  болуы  үшін  онда  тәжірибеге  бағдарланған  кәсіби  құзыреттіліктер 
қалыптасуы  шарт.  «Бірлескен  топтық  жұмысты  пайдалану»,  «Диалогты  оқытуды  енгізу»,  «Сын 
тұрғысынан  ойлау  стратегияларын  енгізу»,  «Қалыптастырушы  бағалау  әдіс-тәсілдерін  енгізу», 
«Дарынды  және  талантты  балаларды  қоса  алғанда,  түрлі  жастағы  балалардың  қажеттіліктерін 
ескеру  мақсатында  оқуды  саралау  стратегияларын  енгізу»  модульдері  білімнің  қолданбалылығын 
арттыру  жолдарын  үйрету  әдістемелері.«ҚР  педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттырудың 
деңгейлі  бағдарламасының  негізінде  әзірленген  педагог  кадрларды  даярлайтын  жоғары  оқу 
орындарының  бітіруші  курс  студенттеріне  қосымша  кәсіби  білім  беру  курсы»  шеңберінде  ӛткен 
бірінші бетпе-бет кезеңінде жоспарланған (берілген) топқа біріктіру стратегиялары әр алуан. Сабақ 
тиімділігін  арттыру  формасының  бірі  ретінде  ұсынылған  тoптық  жұмыстың  тиімді  бoлуы  үшін 
«билік пен жауапкершілік тoп мүшелері арасында бӛлінеді. Ұжымдық oқудың маңызды белгісі: тoп 
мүшелерінің  ынтымақтастық  арқылы  бітімге,  келісімге  қoл  жеткізуге  негізделуі.  Оны  сабақтың 
мақсатына  қарай,  қатысушылардың  белгілеріне  байланысты  немесе  ӛтілетін  материал  мазмұнына 
орай  түрлендіруге  болады.  Мәселе:  оқытушының  топтық  сипатта  орындауға  ұсынатын 
тапсырмаларының санына сәйкес, студенттерді топқа біріктіру стратегияларын алдын-ала анықтау 
және  жоспарлау  іскерлігінде  [2].  Оқытушылардың  дәстүрлі  жүйемен  оқыту  нәтижесінде 
қалыптасқан  стереотиптерден  арылуына  топтық  жұмыстың  ықпалы  кӛп.  Курс  барысында  мазмұн 
тек  ақпарат  екені,  қазіргі  заманның  ерекшелігіне  орай,  мұғалім  ол  басымдықтан  ажырағаны, 
сондықтан,  оқытудағы  бастысы мұғалімнің  оқушыны  білім  игеруге  қызықтырып,  ынталандыруы, 
оның талпынысын оята білуі, баланың дербестігін қамтамасыз етуі екені тұжырымдалады. Топтық 
жұмыстың  негізгі  белгісі  мұғалімнің  модераторлық  рӛлін,  яғни  оқушы  әрекетіне  түрткі  болар 
жетелеуші күш екенін ұғыну – сабақ беру жүйесінде топтық жұмыс әдісін басшылыққа алуға негіз 
болады. Топтық жұмыста сәтті тұстар: студенттердің сабаққа толық жұмылдырылуы, белсенділігі, 
берілген  тапсырмаларды  құлшыныспен  орындауы.  Жарыс  қаншалықты  бәсекені  қыздырса  да, 
топтар  бір-біріне  адал  әрі  әділ  сын  айтып,  орынды  бағалай  білуге  үйренеді.  Студенттердің 
танымдық  қызмет  белсенділігі  артады:  берілген  уақытта  олар  жағдаят  шешеді,  мәселені 
жорамалдайды,  эссе  жазады,  проблемалық  сұрақ  кӛтеріп,  оны  талқылайды,  оқулықпен  жұмыс 
жасайды.  
5В050300 – Психология мамандығының ІІ курс студенттеріне «Психодиагностика негіздері» 
пәні  бойынша  «Тұлғаның  интеллектуалды  қабілеттерін  кешенді  психодиагностикалау 
бағдарламасын  құру»  тақырыбында  сабақ  жүргізгенімде  50  минуттық  дәрісті  3  кезеңге  бӛлу 
жоспарланды: проблеманы айқындау кезеңі, проблеманы шешу кезеңі, проблеманы қолдану кезеңі. 
Әр  кезеңнің  мақсатын  қойып,  мұғалім  әрекетін  жоспарлап,  күтілетін  нәтижені  болжап,  бағалау 
критерийін  анықталды.  Курс  барысында  жүргізілген  оқыту  стратегиялары  қолданылды:  «Ойлан, 
жұптас, пікірлес», «Ой қозғау», «Жүзім шоқтары», «Білемін, білгім келеді, білдім» «Екі жұлдыз, бір 
тілек», «ЖИГСО» т.б. Студенттер топтарға жұптастырылып, спикер тағайындалды; оған топтардың 
жұмыстарын  бағалау  тапсырылды. Ал,  осы  пәннің  практикалық  сабағын  ӛткізгенімде,  студенттер 
сабақтың  қолданбалылығын  арттыруға  күш  салды:  психодиагностикалық  тексеру  нәтижесін 
хаттамалау  және  ұсыну  іскерлігін  жетілдірді;  кешенді  тексерудің  теориялық  маңызымен  қатар, 
практикалық  жолдарын  меңгерді;  психодиагностикалық  бағдарлама  құруға  жаттықты.Топтық 
жұмыс  жасау  барысында  білімгерлер  бірлесіп  жұмыс  істеуге,  бірін-бірі  тыңдауға  үйреніп,  топ 
жұмысын  қорғауды,  кӛшбасшы  болуды  меңгерді,  әр  адамның  ӛз  пікірі  бар  екендігін  түсінді. 
Алғашында  топқа  бӛлінген  кезде  білімгерлер  тапсырманы  толық  тыңдамастан,  бірден  іске  кірісу 
барысында  топқа  тез  бӛліне  алмай,  уақыттан  ұтылды;  кейбірі  үнемі  кӛшбасшылыққа  ұмтылды, 
кейбірі  екіншісінің  пікірін  елемей,  ӛз  ойын  дұрыс  деп  ойлауы  кӛп  кездесті.  Кейінірек  осы 

61 
 
қателіктерді білімгерлер ӛзара пікір, ұсыныс айта отырып, түзетті. Топпен жұмыс кезінде берілген 
материалдар  бойынша  ӛз  беттерімен  дайындалуға,  сұрақтар  құруға,  пікір  алмасып,  қойылған 
сұраққа  немесе  тапсырмаға  байланысты  әркім  ӛз  ойын  қағаз  бетіне  түсіре  отырып,  ӛз  пікірін 
басқалармен  бӛлісуге,  ӛзін  еркін  ұстауға  үйренді.  Топтық  жұмыс  барысында  білімгерлердің  сыни 
ойлау, қабылдау,  іздену қабілеттері дамыды, шығармашылыққа қызығушылықтары артты, ӛзін-ӛзі 
реттей отырып, тұлғалық дамуы жетілді.  ЖОО-да оқытушылардың топтық жұмысты ұйымдастыру 
дағдысын жақсарту үшін келесі шарттар орындалуы қажет: 
-
 
аудиторияның топтық жұмыс формасына қолайлы жабдықталуы;  
-
 
АКТ құралдарымен қамтамасыз етілуі; 
-
 
студенттер контингентінің мӛлшерден тыс болмауы; 
-
 
оқу ресурстарының студенттер санына сәйкестігі; 
-
 
оқытушының  алдын-ала  дайындық  жұмыстарын  тыңғылықты  орындауы  (жалпы 
жоспарлау,  стратегияларды  қолдануға  қажетті  материалдарды  дайындау,  бағалау 
критерийлерін құру т.б.) 
Қазақстан  Республикасында  заманауи  білім  беруді  дамыту  жүйесі  үшін  маңызды 
мәселелердің  бірі  –  сыни  ойлауды  дамыту.  Сын  тұрғысынан  ойлауды  «маңызды  мәселелерді 
талқылау және тәжірибені ой елегінен ӛткізу» ретінде түсінген жӛн [3].   Сын тұрғысынан ойлауды 
тәжірибеде  қолдану  әдістеріне  бақылау,  тәжірибе,  толғану,  пайымдау  нәтижесінде  алынған 
ақпаратты  ұғыну,  бағалау,  талдау  және  синтездеу  жатады.  Сын  тұрғысынан  ойлау  кӛбінесе  бір 
нәрсені  елестетуге,  баламалы  шешімдерді  қабылдауға,  ойлау  және  іс-әрекеттің  жаңа  немесе 
түрлендірілген  тәсілдерін  енгізуге  дайын  болуды  кӛздейді,  ол  ұйымдастырылған  қоғамдық 
әрекеттерге пейілділік пен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді. Сондай-ақ, сын 
тұрғысынан ойлау әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін.  
Жоғары  оқу  орнында  білімгерлерді  болашақ  мамандықтарына  дайындау  мақсатында  сын 
тұрғысынан ойлау модулін келесі іс-әрекеттерді меңгеруге бағыттау мақсатында қолданған жӛн:  
-
 
тиісті ақпараттарды дербес жинау; 
-
 
тәжірибеде алынған дәлелдерді сыни талдау және бағалау; 
-
 
жинақталған шешімдер мен қорытындыларды негіздеу; 
-
 
болжамдар мен ұсыныстарды саралау, қайта қарау. 
Болашақ мамандарға «бала салыстырып, сынап үйренсе, алдағы ӛмірінде дұрыс пен терісті, 
ізгі мен жауызды, ақ  пен қараны дұрыс әрі һәм жеңіл айыратын болатындығын» ұғындыру қажет 
[4].  
Сыни тұрғыдан ойлау барысында жан-жақты ойлана білумен қатар, аналитикалық қабілет де 
дамиды  және  субъект  жеке  пікірін  қалыптастыра  отырып,  ӛзін-ӛзі  жетілдіреді.  Сыни  тұрғыдан 
ойлауға  үйрету  барысында  білімгердің  ӛзіне  деген  сенімділігі  күшейеді,  жұппен  (топпен)  жұмыс 
істеген  кезінде  бір  бірін  тындап,  ойларын  еркін  жеткізуге  тырысады.Жоғары  оқу  орнында  сын 
тұрғысынан  ойлауды  қолданудағы  ең  бастысы  –  студенттердің  танымдық  қызмет  белсенділігін 
арттыру  болып  табылады.  Осы  ретте  аудиториямен  байланыс  жасау  жолдарын  іздестіріп,  нақты 
тәсілдермен  білімгерлердің  зейінін  сабаққа  шоғырландыру  аса  маңызды.  Ол  үшін  «Жұптағы 
сұхбат»  техникасын  қолдану  тәжірибеммен  бӛлісейін.  Білімгерлерді  «бірінші,  екінші»  тәсілі 
бойынша  жұптастырып  алған  соң,  тапсырма  бердім:  «Мен  сіздерге  Гарднер  бойынша  тұлғаның 
интеллектуалды  қабілеттерінің  түрлерін  сипаттауды  (талқылауды)  тапсырамын»  сӛзімен  бастап, 
оларға жаттығу кезінде мәліметтерді қысқаша жазып отырып, бір-бірінен сұхбат алуды ұсындым. 
Білімгерлер  сӛйлесетін  адамынан  кӛбірек  ақпарат  алулары  керек.  Әр  жұп  ӛз  жұмысын  бүкіл 
аудиторияға  таныстыруы  тиіс  екендігі  түсіндірілді.  «Мен  сіздерді  Гарднер  анықтаған  тұлғаның 
поэтикалық  интеллектісімен  таныстырғым  келеді...»  деп  бастап,  ары  қарай  оны  барынша  толық 
сипаттау мақсатында қосымша (жетелеуіш) сауалдар қою қажеттігін хабарладым.Мысал ретінде Т. 
есімді  білімгердің  Қ.  есімді  жұбымен  бірлесе  отырып,  әзірлеген  сипаттамасын  ұсынамын:  «Мен 
сіздерді Гарднер анықтаған тұлғаның жеке-даралық (ішкі) интеллектісімен таныстырғым келеді: ол 
–  яғни,  жеке-даралық  (ішкі)  интеллект  ӛзін  қабылдаудан  тұрады;  тұлға  ӛзінің  басқалардан 
ӛзгешелігі мен кемшіліктерін кӛре біледі; ӛзін-ӛзі реттеуге дайын; ӛзін-ӛзі түсінуге және бағалауға 
қабілетті;  дербес  жұмыс  жасауды ұнатады». Басқа  білімгерлер  Т.  мен  Қ.  жұбының  жеке-даралық 
(ішкі)  интеллектіге берген сипаттамасын тыңдай отырып, толықтырулар енгізді: А. есімді білімгер 

62 
 
«ішкі  ойын,  кӛңіл-күйін мақсатты түрде бақылай алады» десе, Ә. есімді білімгер «темпераментін, 
мотивтерін,  қабілетін  саналы  түрде  басқарады»  деп  түсіндірді.  Білімгерлер  жұптаса  отырып, 
берілген  тапсырма  аясында  сұхбаттасу  нәтижесінде,  тақырып  бойынша  олардың  түсінік  ауқымы 
байып,  жаңа  ойлардың  пайда  болуына  ықпал  етті.  Сауатты  сұрақ  қою  олардың  ізденісіне  түрткі, 
қиялына  қозғау  салды.  Білімгерлер  ақпаратты  ұғыну,  саралау,  талдау,  синтездеу  және  пайымдау 
нәтижесінде  баламалы  шешімдер  қабылдап,  ойланып  және  іс-әрекеттің  түрлендірілген  тәсілдерін 
енгізді. Сондай-ак, ӛткен сабақты еске түсіру кезеңінде «тұлғаның интеллектуалды қабілеті ұғымын 
талдау» және «интеллект диагностикасы құралдарын жіктеу» үшін «Жүзім шоқтары» стратегиясын 
қолдандым. Мұндағы міндет – жаңа сабаққа қажетті ресурстар жинақтау болды. Ал табыс критерийі 
интеллектуалдық  қабілетке  берілген  анықтаманың  дәлдігімен  және  диагностикалық  құралдардың 
санымен  ӛлшенді.Сабақтың  «проблеманы  шешу»  кезеңінде  Курт  Левиннің  «Күш  ӛрісін»  талдау 
техникасын  қолдандым.  Бұл  техника  проблемаға  әсер  ететін  барлық  оң  және  кері  күштерді 
анықтауға мүмкіндік  береді.  Сараптамалық  ойлауға  сүйенетін  шешім  қабылдау,  оның  нәтижелері 
әдетте графикалық түрде беріледі. «Күш ӛрісін» талдау – мәселелерді шешудің белгілі бір тәсілінің 
«жақсы»  және  «жаман»  жақтарын  бағалауға  арналған  ӛте  пайдалы  техника.  Шын  мәнінде  бұл 
мәселенің «тиімді» және «тиімсіз» жақтарын анықтаудың мамандандырылған әдісі. Осындай талдау 
жүргізе отырып, білімгер ӛз шешімін «негіздейтін» дәлелдемелерді нығайту шараларын жоспарлап, 
немесе оған «қарсы» айғақтардың ықпалын қалай азайтуға болатынын ойластыра алады [5].  
Білімгерлер  тұлға  интеллектісін  диагностикалаудың  психологиялық  құралдарының 
ерекшеліктері бойынша талдау жүргізу үшін мынадай кестені пайдаланып, үш қадам жасады:  
- бланк ортасындағы бӛлікте ӛзгеріс енгізу жӛніндегі ӛз жоспарын (ұсынысын) жазды;  
- әр бағанда ӛзгертуге арналған барлық күштердің т ізім ін жасады; 
- «тиімді» және «тиімсіз» әр негіздемені 1-ден (әлсіз) 5-ке дейін (күшті) бағалады.  
Жаңа тақырыпты ӛту сабағында ЖИГСО стратегиясын қолдандым. Білімгерлерге интеллекті 
ӛлшеудің  психодиагностикалық  құралдарының  жіктемесін  қамтитын  мәтінді  ӛз  тобында  толық 
түсініп  оқу  тапсырылды.  Ол  үшін  аудиторияда  мына  әдебиеттер  қолданылды:  Ишанов  П.З., 
Бейсенбекова  Г.Б.  Психологиялык-педагогикалык  диагностика  негiздерi;  Торебаева  К.Ж., 
Есенгулова  М.Н.  Психологиялык-педагогикалык  диагностика.  Әр  әдістеме  бойынша  сұрақтар 
қойылып,  білімгерлер  жеке-жеке  жауап  берді.  Мысалы  «ШТУР  әдісін  нешінші  сыныптағы 
оқушыларға қолдануға болады?», «Амтхауэр тесті стандартталған ба?», «Интеллект коэффициенті 
қалай  таңбаланады?»  Сабақ  үстінде  білімгерлердің  жауаптарының  толық  әрі  түсінікті  болуы 
қадағаланды.  Топтардың  және  білімгерлердің  арасында  ӛзара  пікір  алмасу  болды.  Олар 
психодиагностикалық құралдарды қолдану ерекшелігі және бейімдеу процедуралары бойынша пікір 
алмасты.  Барлығы  бірдей  сабаққа  қатысып,  ойларымен  бӛлісті.                                                Сабақтың 
«проблеманы  шешу»  кезеңінде  бүкіл  аудиторияға  арналған  «Ұқсастықты  тап»  тапсырмасы 
жүргізілді.  Білімгерлер  3  минут  ішінде  ұқсастықтары  мен  айырмашылықтары  бар  интеллект 
ӛлшеудің  психодиагностикалық  құралдарын  табуға  тырысты.  Олар  әдістемелердің  нұсқауында 
берілген  ұқсастықтарды,  жүргізілу  барысындағы  айырмашылықтарды  және  алынған  нәтижені 
ӛңдеудегі  ерекшеліктерді  анықтады.  Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  үшін  «Жұптағы  сұхбат» 
техникасы, «Жүзім шоқтары» стратегиясы, Курт Левиннің «Күш ӛрісін» талдау техникасы; ЖИГСО 
стратегиясы;  «Ұқсастықты  тап»  стратегиясы  т.б.  қолданылды.  Осы  әдісте  ӛтте  сәтті  шыққан 
«Жұптағы  сұхбат»  стратегиясы.  Білімгерлер  Гарднер  бойынша  тұлғаның  интеллектуалды 
қабілеттерінің  12  түрін  сипаттап,  толықтырды.  Олар  саралау,  талдау,  синтездеу  және  пайымдау 
тәсілдерін  қолдану  арқылы  түсінік  ауқымы  байып,  жаңа  ойлар  пайда  болды.  Ал  «Күш  ӛрісін» 
талдау  техникасы  тұлға  интеллектісін  диагностикалаудың  психологиялық  құралдарының 
ерекшеліктері  бойынша  талдау  жасады.  Ол  мынадай  тиімділіктерді  кӛрсетті:  А.  есімді  білімгер 
«ШТУР әдістемесін  6 сынып  оқушыларына емес 8-сыныпқа қолдану туралы  ӛзгеріс енгізер едім» 
деп  кӛрсетіп,  ол  үшін  әдістеменің  сипаттамасын  ӛзгерткен  тиімді  екенін  дәлелдеп,  оны  күшті 
бағалаған.  Білімгерлердің  сын  тұрғысынан  ойлау  дағдыларын  дамытудың  қаншалықты  жүзеге 
асырылғанын зерттеу мақсатында жүргізілген рефлексия келесі ұтымдылықты танытты: білімгерлер 
ең тиімді дәлелдемені табуға ұмтылады; берілген барлық қорытындыларды бағалайды; болжамды 
кӛзқарастарды  толық  қарастырады;  баламалы  сипаттамаларға  ашық,  дәлелдердің  маңызын 

63 
 
мойындайды  (қабылдайды)  және  ӛз  кӛзқарастары  мен  болжамдарының  субъективті  екенін 
сезінеді.«ЖОО  бітіруші  курс  студенттеріне  қосымша  білім  беру  бағдарламасының»  дәстүрлі 
жүйемен  оқыту  нәтижесінде  қалыптасқан  стереотиптерден  арылуға  ықпалы  зор.  «Мұғалім  – 
модератор»,  яғни  оқушы  әрекетіне  түрткі  болар  жетелеуші  күш  екенін  ұғыну  –  оқытушылардың 
сабақ  беру  жүйесіндегі  әдістерді  толықтай  қайта  қарауына,  яғни  пән  мазмұнынан  бӛлек,  оқыту 
әдістемесін жаңғыртуға негіз болады. «Оқытуда не басты?» деген сауалға «мазмұн» деп жауап беру 
–  кешегі  күн  белгісі.  Себебі,  мазмұн  –  ол  тек  қана  ақпарат,  қазіргі  заманның  ерекшелігіне  орай, 
мұғалім  ол  басымдықтан  ажыраған.  Сондықтан,  оқытудағы  басты  нәрсе  –  ол  мотив,  яғни  ПОҚ 
студенттерді білім игеруге қызықтырып, ынталандыруы,  оның талпынысын оята білуі, субъектінің 
дербестігін қамтамасыз етуі шарт.  
Сонымен, «ЖОО бітіруші курс студенттеріне қосымша білім беру бағдарламасы» идеясын 
тәжірибеде қолдану тӛмендегідей келелі міндеттерді шешуге ықпал етеді: 
-
 
бағалаудағы субъективтіліктен арылуға кӛмектеседі; 
-
 
сабақты диалогты формада жүргізу және оқушылардың кӛшбасшылығын дамыту сынды 
заманауи білім беру парадигмаларын игеруге; 
-
 
сыни ойлау арқылы метатаным деңгейіне кӛтерілу мүмкіндігін сезінуге; 
-
 
ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  тиімді  қолдану  жолдарын  және 
инновациялық оқыту стратегияларын меңгеруге. 
«Ӛмір  бойы  білім  алуға»  негізделген  қазіргі  қазақстандық  білім  жүйесі  ұлт  болашағының 
іргетасын қалайтын қуатты ресурс. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет