Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.«Батыс Еуропа ӛнері.» Лев Любимов «Ӛнер» Алматы,1962ж
2. «Ӛнер» Болатбаев Қ , Қосбармақов Е «Мектеп» Алматы, 2007ж
3.«Бейнелеу ӛнері және сызу» Ғылыми әдістемелік журнал №3,2007ж
4.«Қазақ халқының ою-ӛрнегі»
5. «Казахский орнамент» Ибраева К.А. Ӛнер-1994ж
Аннотация. В статье рассматриваются вопросы организации научно - исследовательской
работы студентов и организации учебного процесса. Также вопросы повышения
квалификации и творчества в учебном, теорическом и практическом процессе, углубленное
изучение технического творчества.
Annotation. In the article the questions of organization of scientific - research work of students and the
educational process. Also the issues of training and creativity in teaching, toricheskom and practical
process, in-depth study of technical creativity.
ӘОЖ 377.6
К 95
СТАЙЛИНГ ДИЗАЙННЫҢ МӘН-МАҒЫНАСЫН ЗЕРТТЕУ
Кӛшкінбаева Н.Р.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Дизайнның негізгі мақсаты адамдарды жоғары сапалы тауармен қамтамасыз ету. Қоғамға
бұл кезде қорлары, құрал-жабдықтарды үнемдеу арқылы, мәдениетті, еңбек үнемділігін арттыру
арқылы пайда түсіру. Дизайнның кӛз қарасынан, сапа деген түсінік, кеше ғана негізінде берік,
сенімділік дегендерімен ассоцияланса, қазіргі уақытта бұл түсінік кең түрінде қаралды.
Дизайн – ол кӛп мағыналы аумақты қамтитын түсінік деп білеміз. Дизайнда тӛрт түрлі
негізгі бағыттары бар: нағыз дизайн, функционалдық, стилизация, стайлинг.
Нағыз дизайн – бұл функционалдық және композициялық талдау негізінде, алдыңғы
қатарлы техникаларға сай затты жасау.
Функционалдық дизайн – функционалдық жетілдіру негізінде жасалған пішін.
Стилизациялық дизайн – бар заттың үлгісімен жаңа зат жасау. Стилизация ескінің дәстүріне
назар аудару арқылы прогресс пайда болды, жаңа пішін бұйымның жаңа түрі бұрыңғы ғұрыптармен
байланысқан жаңа кӛркем пішінін құрады.
Стайлинг дизайн – заттың сыртқы түрін жақсы жағына қарай ӛзгерту мақсатында тұр.
Заттың функциясы, техникасы ӛзгеріссіз қалады және тек қана келбеті ғана ӛзгереді. Стайлинг
заттың сыртқы түрін әрлеу есебімен жоғары пайда табыс құру болып табылады. Ол сол арқылы
бұйымға жаңа түр береді. «Стайлинг» терминінің мағынасы – сырт келбет, тұтынушының, сатып
алушының назарын ӛзіне аударатын тауардың ерекше пішіні. Бұл сӛзді күнделікті қолданыста
қолданбаймыз, бірақ оның шығармашылықтарын күнделікті ӛмірде жиі пайдаланамыз. Кәсіптік
дизайндағы коммерциялық әртүрлілікті стайлинг дизайнның құзырындағы еңбек. Оның міндеті
сырт келбетті ерекшелендіру, тұтынушыны еліктіру болып келеді. Стайлингтік – методика, яғни
сырт келбет функцияға, технологияға ӛз бетінше бағынбайды, ол ерекше ойға келмейтін кейіпте
болуы мүмкін. Біздің конвеерлік, ӛндірістік ғасырда қолайлылығы - оның кӛпшілікті және
жекешелілігінде. Стайлинг шығармашылық иесіне ерекше орын қалдырады. Ӛзгеден ерекшелену,
ерекше кӛзге түсу қазіргі таңда басты мақсат. Сол себептен жекеше ерекше стайлингті кӛпшілік
қалайды.
24
Стайлинг дизайн Батыс Еуропамен Америка Құрама Штаттарында 1950-1960 жылдары
айқындала және қолға алына бастады. Ол бұйымның функциясынан шықпай және құрылымдық
ерекшеліктерін сақтап, жай ғана сыртын, келбетін ӛзгертетін берілген үлгі - архетип, сәнмен
келген, коммерциялық пайда үшін қолданылатын, қызықтырғыш, еліктіргіш түр жасайтын
дизайнның бір саласы. Басқаша айтатын болсақ – стайлинг дизайн – кәсіби дизайндағы
коммерциялық әр–түрлілік.
Сол себептенде тауар ӛндіруші ӛндірістер бір-біріне ұқсамайтын, ерекше тауар шығаруға
тырысады. Дизайнерлер тауарды ерекшелендіру үшін оның сырт келбетін барынша ӛзгертуге,
ерекшелендіруге, ассортиментті кӛбейтуге тырысады. Бұл ӛнерді сондықтан да коммерциялық ӛнер
деп атайды. Орыстың атақты ақыны А.С.Пушкин «Шабыт сатылмайды, бірақ қолжазбаны сатуға
болады» деген екен. Сол секілді дизайнерлердің қолынан шыққан сапалы ӛнер туындылары ӛндіріс
орындарына кӛптеген пайда әкелуі мүмкін. Ӛзгеден ерекшеленуге ұмтылыс адамзат табиғатына тән
құбылыс. Кейде тұтынушы ӛз бұйымын ӛзгеден ерекшелеу үшін оны ӛз ойынша ӛзгертіп жатады.
Ӛндірістен, зауыттан бірнеше партия болып шыққан тауардың біреуін алған тұтынушы ӛз
бұйымының партияның бірі ғана қылғысы келмей ерекшелеу үшін оны ӛзінше сәндейді, ӛзгертеді.
Стайлинг дизайн кӛп жағдайда тюнинг әдісі арқылы жүзеге асады. Бұл стайлинг дизайнның бір
саласы. Тюнинг әдісі арқылы бұйымды ӛзгерту қазіргі кезде кез-келген қолынан іс келетін адам
жасай алады. Стайлинг дизайн тұтынушы талабын толық қамтамасыз ете алмаған жағдайда немесе
ӛзгеден ерекшелеу үшін, сонымен қатар, ескіні жаңалауда стайлинг дизайнның тюнинг әдісі
қолданылады. Мысалыға алатын болсақ, авто-кӛліктердің сыртындағы ерекше суреттер немесе оны
ерекше түске бояу, тастармен, әшекей бұымдарымен әшекейлеу (1 – суреттерде кӛрсетілген), ескі
сәннен шығып қалған кӛйлектерді сәндеп, қазіргі сән үлгілеріне сай етіп келбетін ӛзгертіп, қолмен
жаңалау. Тюнингтеу әдісі үй жағдайында жасалады. Тюнингтің зауытқа еш қатысы болмайды, оны
зауыттан тыс жерде жасайды. Бұл әдістің стайлинг дизайнда алатын орны ерекше. Автомашиналар
сырт келбеті жағынан бір – біріне ұқсас болады. Олар зауыттан шығарылғанда партиялармен бір
марканың астында бірдей болып шығарылады. Оларды тұтынушылар ӛз талғамдарына сай етіп
безендіріп жатады. Тұтынушылар сол әдіспен дара бұйым жасайды. Автомашиналардағы стайлинг
дизайн кӛшелерде ерекше кӛріну үшін, ӛзге автокӛліктерден ерекшелену үшін қолданылады.
Оларды винилді бояулардың кӛмегімен, жапсырмалардың кӛмегімен және түрлі машина
бояуларының түрлерімен суреттер салады.
Стайлинг дизайнның негізгі мақсаты дара (эксклюзив) бұйым жасау. Автокӛліктердің
зауыттардан кейде дара түрлеті шығарылады (2-сурет). Ол дара түрлер ерекше, жарнама ретінде
және ӛте қымбат бағаларға сатылады. Ондай дара түрлер ӛзгелерден ерекшелігімен, сәндік
элементтерімен бағалы болады. Мұндай дара бұйымдар ӛндірістерге ӛте мол табыс әкеледі. Ондай
дара бұйымдар арнайы тапсырыстар арқылы орындалады және ерекше автокӛліктер азаматтардың
иммиджін жарнамалайды.
Сонымен, стайлинг дизайн қазіргі кезде барлық жерде қолданылады, интерьерде, киімде,
киноларда, театрларда, және т.б..
Біздің қарастыратынымыз киімдегі стайлинг дизайн. Киімде стайлингті қолдану, яғни
киімнің сырт келбетінің, пайдалы ассортиментін кӛбейту ӛндіріс дәуіріндегі ең тиімді тәсілдің бірі.
25
1 – сурет - Автомашиналардағы тюнинг әдісімен винилді бояуларды қолдану арқылы орындалған
стайлинг дизайн.
2 – сурет - Автомашиналардағы шиша тастарды қолдану арқылы орындалған стайлинг дизайн.
Киім ӛндіруші ӛндірістер, фабрикалар ӛз-ара бәсекелестікті жеңу үшін бұл саланы кеңінен
дамыту үстінде.
Қазіргі заманауи үлгілерде адамға ыңғайлылық пен әсемдікті, гигиенаны, сақтай отырып,
жаңа технологиялардың дамуына қарай киімдерді сан түрлі етіп, безендіру, әшекейлеу
ассортименттері кӛбейіп келеді. Әр бұйымның бағалылығы оның екі басталымында – пайдасы және
сырт кӛрінісінің әдемілігінде. Киімдегі түрлі ассортименті кӛп, ыңғайлы және ӛндіріс орындарына
ӛте тиімді кәсіп - джинса маталарынан шығарылған шалбарлар. Джинса шалбарлар пайда болғаннан
бері сәннен қалған емес. Джинса шалбарлардың пішімі және құрылымы, фактурасы ӛзгере қойған
жоқ, бірақ оның сырт келбеті әр алуан. Шет елдік джинса шалбарларын ӛндіруші ӛнеркәсіптер бұл
шалбарлардағы стайлинг дизайнды толық меңгерген. Бұл сала ӛндірістер үшін мол табыс әкелері
сӛзсіз. Себебі, бұл бұйым ӛте ӛтімді және оның құрылымы біркелкі. Оның құрылымын ӛзгертіп
немесе пішімін ӛзгертіп жатпай ақ, сыртқы сәндік элементтерін немесе түсін ғана ӛзгерту арқылы
ӛндіріп табыс табуға болады. Мұндай ӛндіріс салаларында тек стайлинг дизайнға ғана кӛңіл
бӛлінетіні анық. Мұндай шалбарлардың ассортименті шексіз (3 – суретте кӛрсетілген). Қазіргі таңда
әр адамның басында бірнеше джинса шалбарлар бар. Олардың бір бірінен айырмашылығы оның
отыруы мен сырт келбетінің кӛрінісінде.
26
2.2-сурет - Стайлинг дизайндағы джинса шалбарларының ассортименті.
Біз дара әрі кӛрнекі киімді кигіміз келеді. Стайлинг дизайндағы бұйымдарды даралау кӛбіне
суреттердің, түстердің, сәндік элементтердің, фурнитуралардың кӛмегімен орындалады. Бұйымдар
белгілі ӛлшем кӛлеміне ие. Кӛлем арқылы бұйымның кескіні кӛрінеді. Кӛлемді безендіру арқылы
санаға әр түрлі информация беруге болады. Әшекей бұйымдарды қолдану адам кӛзін ӛзіне тартып
кӛлемді екінші орынға қояды. Қазіргі кезде киімдік ассортимент ӛте кең және безендіру тәсілдері де
кӛп. Кӛздің жауын алатын әртүрлі әшекей тастар, сумоншақтар, суреттер, фото-суреттер, жазбалар,
моншақтар, эмблемалар тағы да басқа әшекей бұйымдары бар. Эмблемалар, фотосуреттер, жазбалар
костюмде басылу арқылы жарнамаланады. Уақыттың жаңалықтары киім бұйымдарында кӛрінеді.
Киімдердің пішіндері ХХ ғасырдан бері айрықша ӛзгере қойған жоқ, бірақ кӛркемдік безендіру
жағы ӛзгергені анық. Кӛркемдік безендіру элементтерін стильдердің тасымалдаушысы десек те
болды. Жаңа сәндердің енуіне байланысты, жаңалықтардың ашылуына байланысты кӛркемдік
элементтердің де түрлері жаңашалануда, соның арқасында жаңа сәндер пайда болады. Жаңа сәннің
пайда болуы жаңа стильдердің пайда болуына ықпал етеді. Әр стильде әр түрлі безендіру тәсілдері
қолданылады. Мысалыға, киімдерде басылатын шиша жылтырақ тастардың (стразы) қолданылуы
клубтық стильді кӛрсетеді. Киімдегі кӛркемдік жұмыстар - ӛнер туындылары. Соңғы жылдары
цифрлы фотосуреттердің дамуы арқасында киімде неше түрлі әйгілі жұлдыздардың фото суреттері,
әйгілі адамдардың қолтаңбалары, автокӛліктердің, жаңа техникалардың суреттерін кӛруге болады.
Бұл безендіру тәсілдері киімнің жаңаша сырт келбетін кӛрсетеді. Мұндай бейнелердің де ӛз
тұтынушылары, ӛз табынушылары бар.
Кәсіпорындар тұтынушылықты арттыру үшін, бәсекелестікті жеңу үшін заман талабына
сай, тұтынушылар талаптарын толық қанағатандыратын, жоғары сұранысқа ие бұйымдарды
шығаруға тырысады және ассортименттік құрылымды кӛбейту үшін және мол табыс табу үшін
стайлинг дизайнды киім бұйымдарында кеңінен қолданады. Мысалы, 4-суретте кӛрсетілгендей
бірдей фудболкаларды шығару әлдеқайда тиімдірек, олардың тек суреттері, түстері ғана әр түрлі.
Осы тәсіл арқылы ассортимент кӛбейеді. Бірінші бұйымды сатып алған тұтынушы келесі екінші
бұйымды да сатып алғысы келетін шығар, ӛйткені ол бұл жерде басқа бұйым. Себебі, оның суреті,
түсі басқаша.
27
4 – сурет - Фудболкалардағы стайлинг дизайн
4 – суреттің жалғасы
Мыңдаған данамен қайталанатын дизайнде жіберілген қателіктің құны ӛте үлкен болуы
мүмкін. Сондықтан, қазіргі заманғы ӛнеркәсіп ӛндірісіндегі үлгілерді шығару үлкен жауапкершілікті
және шеберлікті қажет етеді. Дизайннің негізгі философиялық ұстанған жолы – аз шығындармен
максималды тиімділікке қол жеткізу болып табылады.
Сонымен қатар, қазіргі таңда толық жарнамаланған атақты шет елдің киім ӛндіруші
кәсіпорындары ӛз тауарларын бір тауар маркасы астында шығарады. Бұл тауар маркалары
бұйымның тӛл құжаты ретінде ӛз тұтынушылары алдында белгілі бір дәрежеге ие.
Біздің қарамағымызда сәнді, жылы немесе салқын, әрі ыңғайлы киім болғанын, сонымен
қатар ол эстетикалық тұрғыдан әдемі, сәнді және ӛзімізге қонымды болғанын қалаймыз. Бірақ,
костюмді пайдалануды осы екі функциямен – қорғау және эстетикалық – шектеу дұрыс емес, оның
мазмұны одан да кӛп. «Костюм» және «киім» ұғымдарын біз кӛбінесе бірдей түсінеміз, бірақ
екеуінің арасында айырмашылықтар бар [1].
Костюм – бұл киім, яғни адамды қорғайтын жасанды жамылғы. Бірақ, адамның тұрмыс
заттары, оларды кӛркемдеп, безендіргенде ӛнер туындыларына айналады.
Бұл екі термин бір мәселенің екі жағын кӛрсетеді, кӛйлекке қатысты екіжақты функцияны
суреттейді. Бірінші жағдайда кӛйлек утилитарлық қызмет атқарады, «киім» сӛзі денені сыртқы
әсерлерден қорғау үшін бүркемелеу, жасару мағынасын береді. Екінші жағдайда, қоғам және жеке
топтың, топтың ұстанатын тұрмыс дәстүрін кӛрсетеді, оларды бәрі мойындайтын әдеттер
жиынтығы деп қарастыруға да болады, және оларды жазылған (және жазылмаған) заң нормалары
қорғайды.
Сонымен, егер «киім» терминімен кӛйлектің материалдық функциясы белгіленетін болса,
оның утилитарлық мағынасы бар, ал «костюм» термині туалеттің бейнелі жағын кӛрсететін
стилистикалық функциясы болып табылады. Басқаша айтқанда, кӛйлек-киім денені жабатын зат
28
болса, ал кӛйлек-костюм жеке адамды жалпы адамдар тобынан ерекше бӛліп кӛрсетеді, қоғам
мүшелерін таптық, байлық және мамандық жағынан ерекшелейді.
Бірнеше ғасыр бойы қалыптасып келе жатқан киім пішіндері оның ерекше бӛлшектері,
әсемделіп әрленуі, түстер үйлесуі киімдердің табиғатқа тәуелді екендігін кӛрсетеді.
Костюм ерекшелігі жасқа, әлеуметтік жағдайына, ӛмірге деген кӛз қарасына, қуанышты
немесе қайғылы оқиғаға, күнделікті тұрмысқа байланысты анықталған. Бұл нормалар мен талаптар
қолданатын матаға, сурет бейнесіне, түсіне, кӛлеміне, пішініне және киім бӛліктеріне әсер етеді.
Біздің әлемде барлық жан – дүние бір-бірімен тығыз байланыста екені адам баласына белгілі.
Алғашқы кӛз-қарас санаға әр – түрлі информация береді. Түстік үйлесім адам психологиясының
тереңіне кетеді. Мысалыға алатын болсақ, салмақтары бір болса да қара жәшікті кӛтергеннен сары
жәшікті кӛтерген жеңілірек болып кӛрінеді. Бұл колористика болады.
Біз костюм дизайнындағы стайлинг дизайн жайлы әңгіме қозғасақ, бірінші кезекте сәннің
жасалуын айтамыз. «Мода» сӛзі латынның «modus» сӛзінен шыққан, ол - ӛлшем, бейне, тәсіл, әдіс
деп аударылады. Сән сӛзін кең мағынада қарастырсақ, бір талғам түрінің белгілі бір ортада, белгілі
уақыт аралығында үстемдік етуі. Оған жататындар: ӛмір салты, автомашиналарға, тұрмыстық
заттарға, киімдерге деген талғамдар. Бұл талғамдар жиі ауысып отырады. Киімнің уақыт
аралығында талғамдарға қарай ӛзгеруін сәнді деп атаймыз.
Сәннің басты кӛрінісі, оның тұрақсыздығында, сондықтан оны жеңілтек деп санайды да,
оны зерттеуге және маңызды қатынастарға лайықты нысан деп санамайды. Әрине белгілі уақыт
ішінде сәнді де зерттеу нысанына айналдыруға болады. Сәнді зерттемеу бұл әрине дұрыс кӛзқарас
емес, себебі сәннің тұрақсыздығы адамдарды біркелкіліктен сақтайды.
Сән тарихы костюм тарихымен бірге дамиды, бірақ оларды бірдей құбылыс деп қарастыру
дұрыс емес, себебі ӛнер танушылар сәннің пайда болуын әлеуметтік құбылыс ретінде Орта
ғасырлардың соңғы кезеңінде, нақтырақ айтқанда ХІV ғасыр соңы мен ХV ғасырдың басында
болғанын анықтаған. Осы кезеңде киім сәнге тән белгілерге ие бола бастайды, яғни костюм
бұрынғыдай ұлттық немесе аймақтық емес, жалпыевропалық киімге айналды, оның пішіні де жиі
ауыса бастады, киімде бұрын болмаған жаңа бӛлшектер кӛптеп қолданыла бастады, сӛйтіп кӛптеген
адамдар осы іспен мұқият айналыса бастады, адамдарда жаңа киімге еліктеу үдерісі басталды.
Оларда сәндік элементтер қолданылу арқылы стилдер пайда болды.
Сонымен, еліктеу сәннің қажетті қозғаушы күші болып табылады және оның қарама-
қайшылығын ашып, дамуына ықпал етеді. Адам сәнге байланысты басқа адамдардан «артта
қалғысы» келмейді, сонымен қатар сәнсіз кӛрінгісі келмейді. Сәннің кӛмегімен басқалардан
ерекшеленіп алда тұрады.
Әрбір сән ӛз уақытының, дәуірінің айнасы іспеттес, ол қоғамның саяси-қоғамдық ӛмірін
бейнелейді, ӛндіргіш күштердің даму деңгейі мен сипатын кӛрсетеді, дәуірдің айқын оқиғаларын,
маңызды ғылыми және мәдени жетістіктерін, сол кездің адамдарының әдет-ғұрыптары мен
психологиясын оның эстетикалық идеалы жайлы кӛзқарастарын білдіреді. Костюм пішіні әрқашан
белгілі тарихи дәуірдегі архитектура мен ӛнер стилімен параллель дамиды, солармен бірге
эволюцияның барлық кезеңдерінен, яғни, пайда болу, даму және сӛну кезеңдерінен ӛтеді.
Костюмнің ескі пішінінің қолданыстан шығуы, жаңа пішіннің пайда болуына итермелейді.
Белгілі бір уақыт ішінде костюм даму тенденциясын анықтайтын үлгілеушілерді, адам
қоғамы мен сәннің арасындағы байланыстырушы күш деп санауға болады. Бірақ, олардың
ұсыныстарын тұтынушылардың басым кӛпшілігі тұтынып, мойындаған жағдайда ғана сәнге
айналады. Мұнда тағы бір қарама-қайшылық жасырынып жатыр. Сән қисығы сәннің тұтынушылар
арасында әйгілілігі артқан сайын жоғары кӛтеріле береді. Бұл сәнге еліктеу ӛзінің ең жоғарғы
нүктесіне жеткен кезде, сәнді киім біртектес униформаға айналады, яғни сән – сән болудан қалады,
оны тұтынушылар азаяды. Тұтынушылар ол сәннен жалыға бастайды. Сәннің басты мақсаты –
үстемдік жүргізу болса, бұл үстемдік оның жойылуына әкеліп соғады.
Тәжірибе кӛрсеткеніндей, әрбір сән циклын келесі фазаларға бӛлуге болады: демонстрация
подиумында сән - үлгісінің пайда болуы, оны аз топты тұтынушылардың қабыл алуы (мойындауы),
оны арзан сериялық ӛндіріске қойып, кең кӛлемді массалардың мүдделері мен талғамдарына сай
ету, зерігу (мезі болу), қызығушылықтың, әуестіктің жойылуы, соңынан бұрынғы сәнді костюмнен
толықтай бас тарту. Киімнің белгілі бір түрі сәнге айналып, кең қолданысқа ие болған кезде
үлгілеушілер жаңа сән түрін іздестіре бастайды. Сонымен, костюмнің пішіні ӛзгермесе де оның
кӛркемдік құрылымы, яғни түр-сипаты ӛзгеруге міндетті болады. Бұл ӛзгеріс бірқалыпты және
үзіліссіз жүріп отырады. Түр-сипатын ӛзгерту, декоротивті безендіру арқылы бұйымды
жекешелеуге немесе жаңартуға болады. Бұл әдіс кәсіптік ӛндірістер үшін ӛте тиімді болып
29
есептеледі. Кәсіптік ӛндірістер бұйымды қайта жасамай-ақ, дайын бұйымдардың кӛркемдік бӛлігін
сәндеу арқылы ассортиментті кӛбейтеді және жаңалайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Михайлов С.М.; Михайлов А.С. История дизайна. –М.: Союз дизайнеров России, 2004
2.
Браиловская Л.В. Арт-дизайн: красивые вещи. –М.: Союз дизайнеровРоссии; 2004
3.
Папанек В. Дизайн для реального мира –М.: издатель Д. Аронов; 2004
Аннотация. Стайлинг дизайн – это одно из направлений дизайна, выражающееся во внешнем,
не затрагивающем конструктивную и функциональную основу, изменении,
промышленного изделия в соответствии с господствующим стилем. Стайлинг
обусловлен необходимостью модернизации формы функционально-
стабильных изделий в соответствии с требованиями стилевого единства предметной среды.
В условиях капиталистического обстаятельства. Стайлинг дизайн становится одним из основных
средств формирования искусственного спроса на товары.
Annotation. Stailing design - this one of directions of design, expressed in external, not affecting structural
and functional basis, change, industrial good in accordance with dominating style. Stailing is conditioned
by the necessity of modernisation of form of функционально- of stable wares in accordance with the
requirements of stylish unity of subject environment. In the conditions of capitalist обстаятельства.
Stailing a design becomes one of the fixed assets of forming of artificial demand for goods.
ӘОЖ 930
Л 42
ҒҦМАР ҚАРАШТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ
ҚЫЗМЕТІ ЖАЙЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР
Тӛлегенова Г.Т., Лаубай Т.Қ.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Қазақ халқының тарихы ХХ ғасырдың басында ӛзінің аса күрделі әлеуметтік және қоғамдық-
саяси қайшылықтарымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, рухани азаттық пен демократиялық –
ағартушылық идеяларға толы бұл кезеңде, ұлт зиялыларын ойландырған мәселе - елдің елдігін,
ұлттың бірлігін, жердің тұтастығын сақтау, қазақ халқын ӛркениетті елдердің қатарына қосу, ең
бастысы дербес мемлекет құру еді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде ХХ ғасыр зиялылары тағдыры
турасында: «Ғасыр басында мемлекет мүддесін ойлаған ұлы қазақтардың жеке басының тағдыры да
қасіреті болды. Алайда ұлттық жігер мен толысқан зерде сабағы ұмыт болған жоқ»[1], – деп жазған
болатын. Еліміздің тәуелсіздігі ұлттық кӛзқарасқа негізделген отандық тарих ғылымының жаңа
арнаға түсуіне және ӛткен тарихымызды жаңаша саралауға жол ашты. ХХ ғасыр басындағы ұлт
зиялыларының Алаш қозғалысындағы қызметін қажетті деңгейде айқындап кӛрсету соңғы
жылдарды ең ӛзекті тақырыптардың біріне айналды. Бұл тұрғыда қазақ зиялылары тарихындағы
«ақтаңдақты» беттерінің сырын ашып, олардың мол мұрасын зерттеудің бағытын айқындап берген
М.Қозыбаевтың, К.Нұрпейісовтің, М.Қойгелдиевтің, Д.Аманжолованың, Ғ. Ахмедовтың және ӛзге
де зерттеушілердің еңбектері жарыққа шықты[2].
30
Тәуелсіз Қазақстан жағдайында тарих ғылымындағы оң ӛзгерістерге сәйкес ХХ ғасырдың
басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайға, Алаш қозғалысының даму ерекшеліктеріне,
қазақ зиялыларының қазақ халқының азаттығы жолындағы саяси күресіне арналған бірқатар
ғылыми диссертациялар қорғалды. Туған халқының мүддесі үшін адал қызмет етіп, сол жолда
құрбан болса да, ұзақ жылдар бойына ұлтына беймәлім болып келген Ғұмар Қараштың ӛмірі мен
қоғамдық-саяси қызметін тарихи тұрғыдан зерттеу қазіргі заман қажет етіп отырған тың тақырып.
Ғұмар Қараш – қазақ тарихында ӛз орнын ала алмай келген тұлғаның бірі. Ӛйткені оның ӛмірі мен
қоғамдық-саяси қызметі, шығармашылығы халқына адал еңбек етіп, болашаққа жӛн сілтеп, ӛз
ұлтын ӛркениетті елдер қатарына қосуға бағытталған. Ғұмар Қараш 1875 жылы бұрынғы Бӛкей
губерниясының Талов қисымындағы (уезіндегі) Борсы жерінің Құрқұдық мекенінде (қазіргі Батыс
Қазақстан облысы, Жәнібек ауданына қарасты) дүниеге келген [5].
Ғ.Қараш – ӛткен ғасырдың 20-30 жылдары орын алған зорлық-зомбылықтың кінәсіз құрбаны
болып жазықсыз жазаға ұшырап, кейін ақталған қазақ интеллигенциясының қайраткерлері
қатарындағы ірі тұлғалардың бірі, қоғам және саясат қайраткері, шығармашылықтың ірі ӛкілі.
Ғ. Қараштың ӛмірі мен қоғамдық-саяси қызметін Алаш қозғалысы, оған қатысқан қазақ
зиялылар тарихымен тікелей байланыстыра отырып зерттеуді қажет етеді. Ӛйткені ӛткен ғасыр
басында ұлт азаттық қозғалысқа қатысқан интеллигенция ӛкілдерінің дені ұлттық мәселені шешуді
Алаш алдына қойды. Осы мақсатта бұл ұлт-азаттық қозғалысқа қазақтың барлық оқыған зиялылары
қатысты. Қазақстандағы патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы қазақ оқығандарын ӛз
айналасына топтастырып, олардың қоғамдық-саяси ой-пікірлерінің қалыптасуына ықпал етті.
Ғ.Қараштың қоғамдық қызметін зерттеуге арналған жұмыстар негізінен бірнеше кезеңдермен
ерекшеленеді. Алғашында, яғни ХХ ғасырдың 30- жылдары кеңестік идеологияның үстемдігі
жағдайында жарық кӛрген тарихи-саяси әдебиеттерде қайраткер ақынның қазақ әдебиетіндегі
алатын орны туралы айтыла бастады. Алайда сол кезеңдегі заман талабымен Ғ.Қараштың қызметіне
«буржуазияшыл-ұлтшыл» деген біржақты теріс баға берілді. Мәселен, Ғ.Тоғжановтың 1931
жылы Мәскеуден шыққан «Әдеби энциклопедияның» бесінші томына жазған мақаласында,
С.Мұқановтың 1932 жылы «Қазақстан» баспасынан шыққан «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» атты
еңбегінде Ғ.Қараштың әдеби мұрасына таптық принцип тұрғысынан талдау жасалды. Сондай-ақ
алаш қозғалысы мүшелерінің ӛмірі мен қоғамдық-саяси қызметін зерттеу мәселесінде айырықша
орын алатын С.Сейфулиннің «Тар жол тайғақ кешу» атты мемуарлық еңбегінде де Ғұмар молда
ақын, Алашорданың жыршысы есебінде бағаланды [3].
Ғұмар Қараштың ӛмірі мен шығармашылығы М.Олкотт, Т.Дж. Виннер, А.Беннигсен сияқты
шетелдік ғалымдардың зерттеулерінде де ғылыми талдау тақырыбы болды [4 ].
Ғалым М.Тәжмұраттың Ғ. Қараштың мол мұралары негізінде ақындық қырын зерттеуі
ғұмартанудағы жаңа белес болды. Ғалымның 2004 жылы жарық кӛрген «Ғұмар Қараш» атты
монографиялық еңбегінде ақынның әдеби шығармашылық мұрасы ХХ ғасыр басындағы жаңару
қозғалысы жәдидия тарихымен байланысты баяндалады. Зерттеуші ақын ӛмірі мен шығармашылық
қызметіне мүмкіндігінше талдау жасады. Сондықтан да М.Тәж-Мұраттың бұл еңбегін Ғ.Қараштың
ӛмірі мен шығармашылық қызметін біріктіре зерттеген алғашқы туынды ретінде бағалаймыз.
Сонымен бірге аталмыш автордың тың деректер негізінде жазылған «Шәңгерей» атты кітабы да
зерттеу тақырыбымыз үшін құнды еңбектердің қатарынан кӛрінді. Ғ.Қараштың мемлекет, құқық,
саяси жүйе, заңдылық, әділсот, құқық бұзушылық, әйел теңдігі туралы ой-пікірлері мен жалпы
құқықтық кӛзқарастары А.Исмайловтың кандидаттық диссертация тақырыбының негізгі зерттеу
объектісі ретінде қарастырылған[5].
Достарыңызбен бөлісу: |