Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет28/30
Дата12.03.2017
өлшемі3,2 Mb.
#8810
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
 
6.
 
В.М.Константинова, А.В.Михеева. Позвоночные животные и наблюдения зан ними в 
природе.  Москва: «Академия», 2000ж. 14-21 стр. 
7.
 
Қ.Ұлықпан. Жануарлар экологиясы. Алматы: «Эверо», 2014ж. 103 бет. 
8.
 
Н.А.Бобринскиий. Мир животных. Москва: «ЭКСМО», 2005г. 189-199 стр. 
9.
 
А.В.Михеева. Биология птиц. Определитель птичьих гнезд. Москва: «Цитадель», 1996г. 61-
64 стр. 
10.
 
www.phenologist.ru
 
 
Аннотация.  В  данной  статьи  содержится  проведение  фенологические  наблюдения  сезонных 
миграций,  перемещений  и  общая  характеристика массового  пролета  птиц.  Кольцевание  птиц  для 

192 
 
изучения  сезонных  миграций,  степень  привязанности  птиц  к  местам  гнездовий  и 
продолжительность их жизни.  
 
Annotation.  This  article  contains  a  conducting  phenological  observations  of  seasonal  migration, 
displacement  and  general  characteristics  of  the  mass  flight  of  birds.  Bird  banding  to  study  seasonal 
migration, the degree of attachment to the places of nesting birds and their life expectancy. 
 
 
УДК: 543 
 
МИНЕРАЛДЫҚ ҚОСЫЛЫСТАР ЖӘНЕ ӚНІМДЕРІ ЖАЙЫНДА ХИМИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР 
ШЫҒАРУ   
 
Ҥйсенбаев Т.Б., Шалов М.С., Сабралиева Ж.Ы. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.  
 
«Жер байлығы-еліміздің  игілігі үшін» деген сӛз жолдары еліміздің гүлденіп, кӛркеюі үшін 
табиғаттағы  ресурстарды  тиімді  пайдаланудың  қажеттілігін  кӛрсетеді.  Жамбыл  облысы 
республикамыздағы шикізат кӛзіне бай облыстың бірі. Облыс аймағында кеңестік кезеңде маңызы 
жоғары  ӛндірістер  қатарынан  орын  алған  Жаңа  Жамбыл  фосфор  зауыты  орналасқандығы  белгілі. 
Ӛндірістің жұмыс істеп тұрған кезеңдерінде зауыттан таудай болып үйілген қалдықтар шығарылды. 
Бұл  қалдықтарды  әр  түрлі  мақсаттарда  пайдалануға  ұсыныстар,  жобалар  жасалып  жатты.  Бірақ, 
ӛңделген  кен-химиялық  қосылыстар  екендігін  ескеретін  болсақ,  ол  қалдықтарды  кәсіпкерлер 
ұсынып  отырған  құрылыс  материалдары  үшін  емес,  қайта  ӛңдеуге  қажетті  шикізат  кӛзі  ретінде 
қарастырған  жӛн  сияқты.  Сонымен  қатар,  зауыт  қалдықтарын  химиялық  тұрғыдан  жете  зерттеген 
жағдайда  ғана,  оларды  құрылыс  материалдарын  дайындауға  пайдалану  керек;  себебі,  пештен 
шыққан  руда  қалдықтарында  ауыр  металдардың  оксидтері  болуы  және  радиациялық  сәуле 
шығаратын  қосымша  заттар  болуы  ықтимал.                Қазақстанның  химиялық  кәсіпорындарында 
қоршаған  ортаға  тигізетін  зиянды  әсерін  тӛмендету  мақсатында  бірқатар  табиғатты  қорғау 
шаралары 
жасалған. 
       Атап  айтқанда,  Тараз  қаласындағы  «Қазфосфат»  ЖШС  филиалы  Жаңа  Жамбыл  фосфор 
зауытында  электрлік  термикалық  пештердегі  фосфорлық  қалдықты  залалсыздандыру  жүйесі 
енгізілуде,  бұл-конусты  пештерден  ӛнд ірістік  қалдықтардың  шығуын  болдырмайды.  «Ақтӛбе 
хром  қосылыстары  зауыты»  АҚ  (Ақтӛбе  қ.)  натрий  монхроматының  ӛндірісінде  монохромат 
қалдығы қайта қолданылады. Бұл технология пайда болуы монохроматты қалдықтың  76% дейін 
ӛндіріске қайтаруға мүмкіндік береді. 
       Жұмыс  істеп  тұрған  кәсіпорындардағы  қалдықтарды  ӛндіріске  қайта  тарту-  олардың 
қатты  қалдықтарының  кәсіпорнының  аумағында  жиналуын  азайтып,  сұйық  қалдықтарының-су 
ресурстарын  ластауларын,  газ  тектес  қалдықтардың  әуе  бассейнін  ластауын  болдырмауға 
кӛмектеседі.  Дегенмен,  осы  уақытқа  дейін  үйінді  болып  жатқан  зауыт  қалдығын  пайдалы  іске 
жарату қажет екендігі байқалып отыр.   
Жергілікті  минералдық  қосылыстар  және  оларды  ӛңдеу  кезінде  шығарылған  қалдық 
құрамында болатын  химиялық заттар жайында ғылыми  жобалық зерттеу жұмыстарын  орындату 
және есептер шығарту мектеп оқушыларының танымдық қабілетін арттыра түседі және болашақта 
олардың  кәсіп  таңдауына  да  ӛз  әсерін  тигізетіні  анық.  Сондықтан  да  жоғарыда  келтірілгендер 
оқушыларға  ғылыми-жобалық  зерттеу  жұмыстарын  орындауына  қажетті  мәлімет  ретінде  қажет 
болуы мүмкін.  
Тӛменде минералдық  қосылыстар  және  оларды  ӛңдеу  кезінде  түзілген  химиялық  заттар  жайында 
Польшада ӛткен химиялық олимпиада есептері келтірілген: 
1-есеп.  Табиғатта  кездесетін  м инералдардың  құрамы  бойынша  есептеу  жүргізіп, 
анықтамалықты пайдаланып атауларын келтіріңдер:   
А) сульфидті мыс 79,5 % Cuжәне 20,5 % S; 
Б) сульфидті темір 60,5 % Fe және 39,5 % S; 
В) алюминий натрий фториді 32,9 % Na, 12,9 % Alжәне 54,2 % F; 

193 
 
Г) калий алюмосиликаты 14,5 % K, 9,7 % Al, 30,5 % Si және 45,8 % оттегі. 
Шешуі:  минералдардың  молекулалық  формуласын  нақты  анықтау  үшін  теория  бойынша 
оның  молекуласындағы  элементтер  атомдарының  ең  кіші  қатынасын  табу  керек.  Ол  үшін 
элементтердің  пайыздық мӛлшерін  х және у әріптерімен белгілейміз:  х=   79,5%  (Cu);  у  =20,5 % 
(S); осы элементтердің моль сандарын табу үшін  ,  олардың әрқайсысының массаларын (пайыздық 
мӛлшерін) олардың атомдық молярлық массаларына бӛлеміз:   
х : у =
 : 
     , сонда х : у = 1,2 : 0,6; бүтін сандарға келтіреміз:  
х  :  у  =  2:1;  демек,  минералдың  молекулалық  формуласы  :  Cu
2
S;  анықтамалықтан  мыстың 
минералдық  қосылыстарын  қарап,  осы  формулаға  сәйкес  атауын  табуға  болады.  Белгісіз  мыс 
минералы-халькозин.  
Осындай ретпен есептің шартында берілген  минералдардың да молекулалық формуласын анықтап, 
минералдардың атауларын келтіруге болады: 
б) FeS - пиротин, немесе триолит,  
в) Na
3
AlF
6
- криолит,  
г) K
2
Al
2
Si
6
0
16 
- ортоклаз (соңғы жағдайда қарапайым формуласы: KAlSi
3
0
8
.). 
2-есеп.  Құрамында  98  %  хлорлы  натрий  бар  500  кг  тасты  тұзды  суда  ерітіп,  алынған 
ерітіңдіні электролиздеген.Бӛлініп шыққан  хлорды электролиз кезінде түзілген сутекпен реакцияға 
түсіргенде  хлорлы  сутек  алынған  және  одан  38  %-тік  тұз  қышқылы  дайындалған.  Электролиз 
ӛнімдерінің  шығымы  90  %,  ал  хлорлы  сутек  шығымы  (суда  еріткендегі  шығымымен  қоса 
есептегенде) 85 % екендігін ескере отырып: 
 
А)  электродтарда  жүретін  реакция  теңдеулерін,  сонымен  бірге  электролиз  кезінде  хлорлы 
натрий ерітіндісінен қорғасынды әдіспен алынған амальгаманың бұзылу  реакция теңдеулерін жазу 
керек; 
 
Б) алынған 50 % натрий сілтісінің мӛлшерін (кг) анықтау керек; 
 
В) алынған тұз қышқылының мӛлшерін (кг) табу керек. 
 
Шешуі: 
Натрий  хлориді  ерітіндісін  сынапты  әдіспен  электролиздеу  натрий  амальгамасының 
(сынаптағы  натрийдің ерітіндісінің) түзілуімен және хлордың бӛлінуімен жүреді: 
катодта: Na
+
 + e + nHg → Na ∙ nHg. 
анодта:   2Cl

 – 2e = Cl
2
.  
Алынған натрий амальгамасын сумен ыдыратады: 
Na ∙ nHg + Н
2
О → NaОН +1/2Н
2
 + nHg. 
500 кг 98%-ды тас тұзында болатын NaCl-нің массасы:  500∙0,098= 490 кг 
58,4 кг NaCl-дан 40 кг NaОН, 
490 кг NaCl-дан – х кг NaОН алынады. 
х = 335,6 кг NaОН. 
Егер сілтінің шығуы 90%-ды құраса, онда ерітіндінің 50% концентрациясында 302:0,5 = 604 
кг ерітінді болатын, сонда 335,6∙0,9=302 кг NaОН алынады. 
58,4 кг NaCl-дан 35,5 кг Cl
2

490 кг NaCl-дан -у кг Cl
2
 алынады; сонда, у=297,8 кг Cl
2

Ӛнім шығымы 90% болғанда,  297,8∙0,9 = 268 кг Cl
2
 алынады. 
Эквивалентті мӛлшерде бӛлінген сутектен және хлордан хлорлы сутек түзіледі: 
Н
2
 + Cl
2
 = 2НCl. 
35,5 кг Cl
2
 –дан 36,5 кг НCl, 
268 кг Cl
2
 –дан – z  кг НCl алынады. 
z = 275,5 кг НCl. 
Хлорлы сутектің мұндай кӛлемін суда еріткенде 275,5 : 0,38 = 725 кг 38%-дық тұз қышқылын алуға 
болады, ал еріту кезіндегі шығындарды ескерумен  қатар, хлорлы сутек шығымы 85% болғанда, 725 
∙ 0,85 = 616,25 кг 38%-дық тұз қышқылын алуға болады.  
3-есеп. Табиғи минерал пиролизиттегі MnO
2
 мӛлшерін анықтау үшін оның салмағы 0,1762 гүлгісін 
25 см
3
 күкірт қышқылында (1:4) еріт іп және  50,00 см
3
 0,107  н. қымыздық қышқылы еріт індісімен 
ӛңдеген;  ерітіндіні  титрлеуге  21,75  см
3
  0,1105  н.  калий  перманганаты  ерітіндісі  жұмсалған  (әлсіз-
қызғылт түс пайда болғанша). 
а. Талдауды жүргізу барысының жүйелігін түсіндіре отырып, реакция теңдеулерін жазу керек; 
б. Кендегі MnO
2
 пайыздық мӛлшерін (массасы бойынша) табу керек.  
Шешуі: 

194 
 
Есептің шартына сәйкес реакция теңдеулерін мынадай болады: 
 
MnO
2
 + (COOH)
2
 + 2H

= Mn
2+ 
+ 2CO

+ 2H
2

 
2MnO
4
-
 + 5(COOH)
2
 + 6H

= 2Mn
2+ 
+ 10CO

+ 8H
2

 
Үлгі  құрамында  (50х0,1070  -  21,75х0,1105)х10
-3 
=  2,947х10
-3 
г-экв,  немесе  0,5х2,947х10
-
3
х86,93=0,1281 г, MnO
2
, яғни (0,1281 : 0,1762) х100 = 72,7% MnO

(масса бойынша). 
Мұндай  есептерді  үнемі  жүйелі  түрде  шығаруды  дағдыға  айналдырған  жӛн.  Минералдық 
қосылыстар жайлы есептер шығару нәтижесінде оқушылар еліміздегі минералдар түрлерін, олардан 
алынатын ӛнімдерді түсініп, ғылыми-логикалық және танымдық қабілеттері арта түседі.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
 
1. Акимова Т.А., Хаскин В.В. Экология. Человек – Экономика – Биота–          Среда. М.: ЮНИТИ-
ДАНА, 2002. 566 с. 
2. Ақбердина Э.С., Ишкенов Э.Р., Наурызбаев М.Қ. «Минералды шикізатты химиялық анализдеу». 
Алматы, «Қазақ университеті», 2006. Б.-5-12. 
3.  Наурызбаев  М.Қ.,  Филиппова  Л.М.,  Минажева  Г.С.  Аналитикалық  химияның  метрологиялық 
аспектілері мен  
стандарттау мәселелері. Алматы, 2004ж., 170 б. 
4. Горная порода // геологическая энциклопедия. Т.1. М.; СПб.: Издательство ВСЕГЕИ, 2010. С. 432.
 
5.  Джусупов Б.М.,  Бержанов  Д.С.,  Джусипбеков  У.Ж.  и  др.  Влияние 
ПАВ
 на  процесс  синтеза 
гипофосфита натрия  
из  фофорного  шлама  и  гидроокисей  натрия  и  кальция.  Химия  и  технология  удобрений  и 
материалов. 
МОН
 РК, ИХН МОН РК, Алматы, 2004, с. 62-64. 
6. Москалева В. Н. Породы горные . Т. 2. М.: Недра, 1978. С. 121. 
 
Аннотация.  Мақалада  Жамбыл  облысы  аймағындағы  Жаңа  Жамбыл  Фосфор  Зауытынан  шыққан 
қалдықтарға сипаттама және минералдарға байланысты есептеулер берілген. Оқушыларға ғылыми-
танымдық кӛзқарасын қалыптастыру үшін бағытталған. 
 
Annotation.In  article  it  is  described  waste  from  the  Jambyl  region  new  the Jambyl  Phosphate  plant  and 
calculations connected with minerals. The report for formation of pupils sclentific  informative outlook (or 
worldview).   
 
ӘӚЖ 59 
      Қ  45 
 
ҚАЗАҚСТАНДА МЕКЕН ЕТЕТІН  ҚОСМЕКЕНДІЛЕРДІҢ ТҤРЛЕРІ 
 
Шолпанқҧлова Г.А., Жампоз Ә.З.  
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
           Қосмекенділер  алғашқы  құрлыққа  шыққан  және  ең  кӛне  тӛртаяқты  анамниялар  тобына 
жататын  омыртқалы  жануарлар.  Бұлар  палеозой  эрасының  девон  кезеңінде  бұдан  350  млн  жыл 
бұрын пайда болған.   
 
 
 
 
 
 
 
Қазіргі 
қосмекенділердің,  әлемде  соңғы  деректер  бойынша  6686  түрі  белгілі.  Олар  3  отрядқа  бірігеді: 
Құйрықсыздар  (Ecaudata,  seu  Anura)-5900-дей  түр,  Құйрықтылар  (Caudata)  –  600-дей  түр  және 
Аяқсыздар  (Apoda)  -186  түр.  Ал  Қазақстанда  алғашқы  2  отрядтың  12  түрі  кездеседі 
(құйрықсыздардан  9  түр,  құйрықтылардан  3  түр).  Бұлар  5  тұқымдасқа  және  5  туысқа  бірігеді. 
 
Қазақстанда  қосмекенділердің  түрлік  құрамы  ӛте  аз.  Бұл  біздің  республикамыздың 
ландшафтық-климаттық  жағдайларына  байланысты  және  территориямыздың  басым  кӛпшілігі 
аридтік кеңістікте орналасқаны сіздерге белгілі. Түрлік құрамның жартысына жуығы Қазақстанның 

195 
 
басқа  мемлекеттермен  шекаралас  аудандарында  тараған.  Бұлар  солтүстік,  негізінен  еуропалық 
түрлер болып табылады.  
 
 
 
Олардың  қатарына  қызылбауыр  шұбарбақаны, 
тарбақаны,  шӛпбақаны,  сібір  бұрыштістісін  жатқызуға  болады.  Бұлар  республикамыздың  батысы 
мен солтүстігіндегі  орманды-дала  зонасындағы  ылғалы  биотоптарда кездеседі.  Сұр  немесе  кәдімгі 
құрбақа  республикамыздың  солтүстік-батыс,  солтүстік-шығыс  және  шығысында  тараған. 
Сүйіртұмсық  бақа  орманды-дала  зонасынан  бастап  оңтүстікте  Торғай,  Қарағанды,  Аякӛз  пен 
Алакӛлге дейін мекендейді. Ал Жетісу бақатісі тек Жетісу Алатауының биік белдеулеріндегі салқын 
суларда ғана кездеседі. [2] 
 
 
 
 
 
 
 
Ал қызылаяқ бақа 
немесе орталықазиялық бақа XX-ғасырдың ортасына дейін Оңтүстік Балқаш ӛңірінде кең тараған. 
Бірақ  ғасырдың  аяғында  саны  кеміп,  таралу  аймағы  тарылып,  ӛте  сирек  кездесе  бастады. 
Нәтижесінде  Қазақстан  республикасының  Қызыл  кітабының  барлық  басылымдарына  (1978;  1991; 
1996;  2010)  енгізілді.  Бұған  басты  себептер  –  тіршілік  ортасын  меңгеру  (мысалы,  Қапшағай  су 
электр  стансасын  салу)  және  сол  кезде  саны  кӛбейген  және  мекендеу  ортасы  кеңейген  жасыл 
бақаның  бәсекелестігіне  шыдамауы  да  мүмкін.  Қалған  3  түр  (кӛлбақа,  жасыл  бақа  және  Певцов 
құрбақасы немесе Даната құрбақасы) республикамыздың оңтүстік бӛлімінде кең тараған, саны  кӛп. 
Әсіресе  ӛткен  ғасырдың  60-70  жылдары  кӛлбақа  ӛзінің  таралу  аймағын  оңтүстік-шығысқа  қарай 
кеңейте бастады. Ертеректе оның таралу аймағының шығыс шекарасы Қаратал ӛзенінің бойы болып 
саналса, осы жылдары ол Алакӛл қазаншұңқырында, солтүстік Балқаш ӛңірінде, кейінен Солтүстік 
Тянь-Шань,  Жетісу  Алатауы  және  оңтүстік-батыс  Тарбағатайдың  таулы  аңғарларында  кездесе 
бастады.  Интродукция  нәтижесінде,  әсіресе  адамның  алып  келуі  нәтижесінде,  кӛлбақа  Орталық 
және  Шығыс  Қазақстанның  антропогендік  ландшафтарында,  соның  ішінде  Қарағанды,  Павлодар, 
Семей  және  Ӛскемен  қалаларында  пайда  болды.  Енді  Қазақстан  жерін  мекен  ететін  бақалардың 
түрлеріне тоқталсақ. [1] 
 
1.  Сҥйіртҧмсық  кӛлбақа  –  Қазақстанда  солтүстікке  қарай  Орал-Қарағанды-Аягӛз-
Үшаралды мекендейді. Шӛпбақаға ӛте ұқсас, кішілеу (ұзындығы 6-7,5 см) және тұмсығы сүйір. Түсі 
де ӛте ӛзгермелі. Күйлеу кезеңінде арқасы мен кӛкірегі кӛгілдір түсті болады. Қазақстанда барлық 
орманды далаларда таралған. Әдеттегі  қоныстанатын  жері  –  ылғал  топырақты  қайыңды  шоғырлы 
ормандар мен томарлы саздар. Ӛзен, кӛл, саз жағаларында кездеседі. Суда да, құрлықта да, мысалы, 
үстін  қалың  жапырақпен  жапқан  шұңұырда  қыстайды.  Суда  тек  кӛбею  кезінде  тіршілік  етеді. 
Сәуірден  қыркүйекке  дейін  белсенді.  Аталық бақалардың  бақылдауы  –  бұл  күйттеу  әні.  Аналығы 
жылына  бірнеше  мыңдаған  уылдырығын  кесектеген  күйінде,  су  асты  ӛсімдіктеріне  бекітеді,  ал 
аталығы  оларды  ӛзінің  сүтімен  ұрықтандырады.  Кішкентай  кӛлбақалар  құрлыққа  маусымның 
басында  шығады.  Мұндай  мол  ӛнім  –  уылдырығы  мен  итшабақтары,  балықтар  мен  басқа  да  су 
жануарлары үшін маңызды қорек болып табылады. Аз ғана мӛлшерде тірі қалған  итшабақтар ғана 
бақаға айналып,  құрлыққа  шығады. Кӛлбақалар су түбінде,  сонымен  қатар,  құрлықтың  да  шӛптің 
астында, тамырда, шұңқырларда, т.б. жерлерде қыстайды. Жәндіктер, шаянтәрізділер және басқа да 
ұсақ су, су маңы, жердегі омырқасыз жануарлармен қоректенеді. Ересек кӛлбақалар жазда таңертен 
мен  кешке  ,  ал  кішкентай  кӛлбақалар  түсте  қоректенеді.  Ересектеріне  қарағанда,  кішкентай 
кӛлбақалар  қыстауға  кеш  кетеді.  Қансорғыш  қосқанаттылармен  кӛптеп  қоректену  нәтижесінде, 
қоршаған ортаны кәдімгідей тазартады. [4] 
 
2.  Тарбақа  –  Қазақстандағы  Еуропалық  қосмекенділердің  тағы  бір  ӛкілі.  Бұл  тарбақалар 
тұқымдасына жататын басқа нағыз бақалардан ӛзіндік анатомиялық ерекшеліктері бар, дене пішіні 
орташа (ұзындығы 5-8 см) қосмекенді. Қазақстанда Жайық ӛзенінің аңғарында және Ырғыз-Торғай 
су қоймасында мекендейді. Шұбар бақадан айырмашылығы: суда тек кӛбею кезеңінде ғана болады, 
басқа  уақытта  құрлықта  кеміргіштердің  інін,  қалың  шӛптің  арасын,  шұңқыр,  ағаш  тамырының 
арасындағы  қуыстарды  паналайды.  Су  ӛсімдіктері  қалың  ӛскен,  терендігі  60-70  см  ағынсыз  су 
қоймаларында уылдырықтарын шашады. Кӛбею кезеңінен басқа кезде, ымырт пен түнде белсенді, 
ал күндіз баспаналарында отырады. Тарбақаның ӛзіндік ерекше қасиеті – артқы аяқтарымен жерді 
қазып тығылады. Осылай 1,5 м тереңдікке күзден сәуірге дейін тығылып, қыстап шығады. Күйлеу 
кезеңінде  аталықтары  мен  аналықтары  су маңына  жиналып,  «тук,  тук  тук»  деген  баяу  дыбыстар 
шығарады.  Дернәсілдері  5-7  күннен  кейін  шығып,  су  астында  тіршілік  етеді.  Итшабақтарының 
дамуы  90-100  күнге  созылады,  осы  уақытта  олардың  ұзыңдығы  17  см-ге  жетеді.  Кейде  олардың 
дамуы  бір  жазда  бітпей,  итшабақ  күйінде  қыстап  шығады.  Ересектері  жәндіктер,  олардың 
дернәсілдері, былқылдақденелілер мен, ал итшабақтары балықтармен және басқа су ӛсімдіктерімен 
қоректенеді. [4] 
 
3.  Қызыл  бауыр  шҧбар  бақа  –  Қазақстандағы  құйрықсыз  қосмекенділер  отряды, 
дӛңгелектілділер  тұқымдасының  жалғыз  ӛкілі.  Арқасы  жасыл  немесе  қара дақтары бар  сұр  түсті, 

196 
 
құрсақ  жағы  қаракӛк  дақтары  бар  қызғылт  не  ашық  қызғылт  түсті,  дене  пішіні  кішілеу  бақа 
(ұзындығы  3-5 см).  Еуропада кең  таралған.  Қазақстанда  тек  Жайық  ӛзенінің  аңғарында  кездеседі. 
Мұнда  ол  ағынсыз  сулар,  ұсақ  шұңқырлар,  бақшалар,  тағы  басқа  жерлерді  мекендейді.  Су  беті 
ӛсімдіктері кӛп, түбі лай жерлерді ұнатады. Бұл бақанаң бүкіл ӛмірі суда ӛтеді, судан тек түнде және 
таңсәріде шығады. Ешқашан судан алысқа кетпейді. Ең ұзақ, алыс кететін уақыты – күз.  
 
Қызыл  бауыр  шұбар  бақаның  судан  0,5  км-ге  қыстайтын  шұңқыры  болатындығы  белгілі. 
Басқа  құйрықсыз  қосмекенділерден  айырмашылығы  –  уылдырығын  топтамай,  жеке-жеке  не  2-12 
уылдырықтан  тастау  уақыты –  мамырдың  басы.  Аталықтары  осы  кезде  ӛздеріне  тиіс  «уу...уу»  не 
«унк...унк» деген қатты дыбыстарын шығарады, 3-8 рет қайталайды және 2 км қашықтықтан жақсы 
естіледі. Аталықтары ӛте ерте шығатын дернәсілдерінің метаформозы біткенше, маусымның аяғына 
дейін дыбыс шығарады. Ересектері су жәндіктеріме, ал итшабақтары балықтармен қоректенеді. Бұл 
бақаның  ерекшелігі  –  сүтқоректі  жануарлардың  сілекей  қабығын  қатты  күйдіретін,  терісінен  улы 
шырыш бӛліп шығарады. Сүтқоректілер мен құстарды шаққанда, олардың тыныс алуын әлсіретіп, 
бұлшық  еттерін  жансыздандырады.  Сондықтан  қызыл  шұбар  бақаны  ешкандай  аң,  құс,  балық 
жемейді.[3] 
 
4. Шӛпбақа – Қазақстандағы бақалар туысының  4  ӛкілінің  бірі.  Ірі  бақа, ұзындығы  10 см. 
Тұмсығы  алдыңғы  жағынан  дӛңгеленген.  Денесі  ашық  сұр,  ашық  сары  түстен  қара  түске  дейін 
боялған.  Әдетте,  ұшы  алдына  бағытталған  желкесінде  бұрыштәрізді  қара  дағы  болады,  арқасын 
бойлай  қара  жолақ  жатыр.  Аяқтары  кӛлденең  қара  жолақтармен  қапталған.  Бұл  Еуропа  бақасы 
шығыстан  Обь  ӛзеніне  дейін  кіреді.  Қазақстанда  Солтүстік  Қазақстан  облысының  қайыңды 
орманды  далаларында,  әдетте  Петропавл  қаласы  және  Елек  пен  Жайық  ӛзендерінде  кездеседі. 
Уақытының  кӛбін  құрлықта  ӛткізеді,  су  басқан  шабындықтар  мен  сазды  жерлерді  мекендейді. 
Сәуірдің аяғынан бастап белсенді. Бұлар кӛптеген су қоймаларының бетінде әлі де мұз жатқан кезде 
шағылысады. Аналығы  1,5  мыңнан  4  мыңға  дейін  уылдырық  шашады.  Дернәсілдің  метаморфозы 
бақалардыкінен аз уақытта ӛтеді, ол 45-50 күнге созылады. Жәндіктер, ӛрмекшілер және құрттармен 
қоректенеді. Су астында лайға кӛміліп қыстайды.[4] 
 
5. Қызылаяқ бақа – жалпы келбеті мен дене пішіні жағынан (ұзындығы 8 см) сүйіртұмсық 
бақаға  ұқсас, бірақ  денесінің  тӛменгі  жағы  ашық  қызыл дақты (кӛктемде  –  қызғылт).  Қазақстанда 
тек  Балқаш су  қоймасында  таралған,  соңғы  50  жыл  ішінде  оның  саны  азайып,  таралуы  қысқарды. 
Сондықтан  бұл  «орталықазия  бақасы»  деген  атпен  Қазақстан  Қызыл  кітабына  енгізілді.  Мұның 
санының  тӛмендеуі  –  кӛлбақаның  оны  ығыстырып  шығаруына  байланысты  деп  есептейді. 
Уақытының кӛбін құрлықта ӛткізеді. Күндіз белсенді. Жәндіктермен қоректенеді. Аналығы сәуірде 
таяз суаттарда  600-1200  уылдырық  салады. Қазаннан  наурызға  дейін  су  ӛсімдіктері  бетін  жапқан 
терең емес су қоймаларының түбінде қыстайды. [4] 
 
6. Даната қҧрбақасы -  құйрықсыз қосмекенділер. Құрғақ шӛлде де, ылғалды биік тауда да 
тіршілік  етеді.  Кең  таралған  жасыл  құрбақаға  ұқсайтын  болғандықтан  және  біздің  елімізде 
қосмекенділер толық зерттелмегендіктен, оның таралуы туралы мәліметтер ӛте аз. Оның Талас, Іле, 
Жоңғар  Алатауы  мен  Зайсан  шұңқырынан  кездескені  белгілі.  Күндіз  белсенді.  Негізінен  құрғақ 
жерде  тіршілік  етеді.  Суға тек  уылдырық  шашу  үшін  барады.  3  күннен  кейін  итбалықтары  пайда 
болады.  
Даната  құрбақасы  жәндіктермен  қоректенеді.  Қазақстан  Қызыл  кітабына енгізілген.  
Дене тұрқы 56 – 67 мм, салмағы 16 – 30 г. Түсі қоңыр жасыл. Жасыл құрбақадан ерекшелігі  – дене 
мӛлшері  кіші,  денесі  мен  аяқтарында  теңбіл  дақтары  кӛп. 
Даната  құрбақасы биологиялық  таксон 
ретінде ғылымға 1978 жылдан белгілі. Түрікменістанның оңтүстік-батысында орналасқан Кюрендаг  
тауындағы Даната бұлағынан табылған, аты соған байланысты қойылған.   Қазақстанда 
Оңтүстік 
Қазақстан,  Алматы,  Шығыс  Қазақстан  облыстарының    суқоймаларында  таралған.  Таулы,  шӛлді 
жерлерде  тіршілік  етуге  бейімделген.  Сәуірдің  аяғында  2,0  –  4,5  мың  уылдырық  шашады,  олар  3 
тәуліктен  соң,  итшабаққа  айналады.  Қорегі:  құмырсқа,  шӛп  қандалалары,  ызылдақ  қоңыздар  және 
жұлдызқұрттар.  
Қазақстандағы  таралу  аймағы  толық  анықталмаған,  сан  мӛлшері  белгісіз. 
Қазақстанда  Зайсан  маңында,  Іленің  ортаңғы  және  тӛменғі  ағыстарында,  Алакӛл  су  алқабында 
тіршілік етеді. Соңғы зерттеулердің нәтижесінде оның тауда да, тегісте де мекендейтіні анықталды.
 
7.  Жасыл  қҧрбақа  –  Қазақстанда  кең  таралған  қосмекенді.  Дала,  шӛл,  шӛлейттерді 
мекендейді.  Бақадан  айырмашылығы  уақытының  кӛбін  судан  тыс  жерде  ӛткізеді,  суға  тек  кӛбею 
кезінде,  яғни  уылдырығын  шашатын  кезде  барады.  Денесінің  ұзындығы  7-14  см.  Терісі  кедір-
бұдырлы,  үсті  сұр  немесе  сұржасыл  түсті.  Ымырт  пен  түнде  белсенді  ұшып  жүрген  жәндіктерді, 
әсіресе  қатты  қанаттыларды  ұзын  тілімен  ұстап  қоректенеді.  Кеміргіштер  інінде,  тасастында  және 
басқа  да  баспаналарда  қазан-қарашадан  наурызға  дейін  қыстайды.  Күйлеу  кезінде  аталығы  ән 
салады,  құс  дауысына  ұқсас  ұзақ  құбылған  дыбыс  шығарады.  Аналығы  мамыр-маусымда  тоспа 

197 
 
суларда 12 мың уылдырық шашады. Шыққан итшабақтары балықтар ғана емес, басқа да жануарлар 
үшін  қорек.  Сондықтан  итшабақтардың  шамалысы  ғана  кішкене  құрбақаларға  айналады,  бірақ 
соның  ӛзі,  әсіресе  шӛлдегі  құрғап  жатқан  шалшықтарда  кӛп  болады.  Құрбақа  ӛте  пайдалы 
жануарлардың бірі.
 
 
Қазақстан  сыртқы  және  ішкі  нарықта  құнды  тері,  ет,  дәрілік  шикізат  және  жабайы 
жануарлармен  қамтамасыз  ететіндігі  ӛткендегі  дәрістерімізден  белгілі.  Әртүрлі  жылдары 
пайдаланылатын  жануарлардың  түрлері  нарықтың  сұранысына  қарай  ӛзгеріп  тұратыны  белгілі. 
Бұлардың қатарына қосмекенділерде жатады.[3] 
 
 
 
 
 
Қосмекенділер  ресурстарын  пайдалануына  қарай  шартты  түрде  дәрі-дәрмек  шикізатын 
алатын  ресурстар,  тағам  ретінде  пайдаланылатын  ресурстар,  ғылым  мен  білім  саласында 
пайдаланатын  ресурстар,  экологиялық  маңызы  бар  ресурстар  және  эстетикалық  тұрғыда 
пайдаланылатын  ресурстар  деп  бӛлуге болады. Амфибияларды  жаппай  аулау  жайындағы  алғашқы 
мәліметтер Жетісу Алатауының эндемигі  – Жетісу бақатісіне қатысты. XIX-ғасырдың ӛзінде-ақ бұл 
қосмекенді Қытаймен сауда-саттық жасауда басты нысан болған. Қытай саудагерлері бақатісті халық 
медицинасында  пайдалану  үшін  кӛптеп  сатып  алғаны  белгілі.  Қосмекенділердің  шаруашылықта 
маңызы  зор.  Олар  біздің  бау-бақша,  орман,  егістіктерге  үлкен  зиянын  тигізетін  насекомдармен 
қоректеніп, едәуір пайдасын тигізеді. Сондай-ақ бақалар түрлі аурулар таратуға себеп болатын маса, 
шыбын-шіркей,  құмыты  және  олардың  личинкаларын  азық  етіп,  оларды  құртуға  себебін  тигізеді. 
Мәселен,  кейбір  жерлерде  шұбарбақа  бір  айдың  ішінде  маса  личинкаларының  50  процентін  жем 
етеді. Бір ғажабы – бақалар кӛбіне түнде ұшатын зиянкес насекомдармен қоректеніп, оларды жойып 
отырады. 
Тіпті  қосмекенділердің  бау-бақша  зиянкестерін  құртудағы  рӛлін  ескере  отырып, 
олардың  кейбіреулерін  Англия,  Голландия,  Венгрия  бақшашылары  ӛз  елдеріне  жерсіндірген.  Бұл 
тәжірибелер  ӛте  жақсы  нәтижелер  берді.  Бізде  де  табиғат  әуесқойларымектеп  маңындағы  бау-
бақшаларда  бақаларды  кӛбейтіп,  ӛсіргенде,  ӛздері  күткен  жерлерден  кӛп  ӛнім  алған.  Бақалардың 
пайдасы  ӛте  зор.  Бірақ  ӛкініштісі  қазірге  таңда  олардың  түрі  азаюда,  біздің  еліміздің  ӛзінде 
бақалардың  біраз  түрі  Қызыл  Кітапқа  еңгізілген.  Олардың  түрлерін  сақтап,  оларды  кӛбейтіп, 
пайдалы жағын іске асырсақ деймін. [4] 
                        

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет