ӘОЖ 575
Т57
ХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ ГЕНОТИПКЕ ӘСЕРІН
ЗЕРТТЕУ
Тәшімбетова А.Е., Зияева Г.К.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Индукциялық мутациялардың ӛсімдіктер селекциясы үшін маңызы. Тірі табиғатта
мутациялар ӛте сирек және спонтанды, яғни әдеттен тыс агенттердің әсерінен болатыны,
мутацияның пайда болуын және оның себептерін зерттеуді әжептеуір қиындатты. Сондықтан
ғалымдар әр түрлі химиялық және физикалық факторларды қолданып организмдерді қоздыру
арқылы жасанды түрде мутация алуды шешті.
Индукциялық мутация кӛптеген сыртқы орта ықпалдарының әсерлерінен дамиды. Бұл
ықпалдарды мутагендер дейді. Мутагендер физикалық, химиялық, биологиялық болып
185
ажыратылады. Физикалық мутагендер: иондағыш сәулелердің барлық түрлері, ультракүлгін
сәулелер, температуралық әсерлер т.б. жатады. Иондаушы сәулелерге рентген сәулелері,қысқа
толқынды гамма ж/е космостық сәулелер, α,β – бӛлшектер т.б. жатады.Толқын ұзындығы 0,1-1км
рентген сәулелері жоғары энергиялы болып келеді және ол тірі ұлпа мен клетканың ішіне терең
бойлап еніп кетеді.Олар клетка компонетіне,ДНҚ-ға әсер етеді.Күшті физикалық мутагендерге-
ультракүлгін сәулелер де жатады.Ол рентген сәулеріне қарағанда толқын ұзындығының
үлкендігімен ж/е кіші энергиялылығымен сипатталады.Химиялық қосылыстардың мутагендік
әсерлерін зерттеу ертеден басталған.Сахаров пен Лобашев NH
3
,сірке қышқылы,мысалы
сульфаттарымен әсер ету арқылы дрозофиллада леталды мутация пайба болатының анықтаған[1].
Мутациялардың мӛлшері әсер еткен сәулелердің мӛлшеріне және жасушалардың бӛліну
сатыларына қарай ӛседі. Сәулеленген тіндердегі бос белсенді радикалдардың пайда болуы күрделі
физикалық-химиялық үрдістердің бастапқы сатысы болады. Осының нәтижесінде молекулалардың
қайта құрылуы және биохимиялық реакциялардың жүруі бұзылады да, аяғында келіп гендердің
мутациялары мен хромосомалардың құрылымдары ӛзгеруіне әкеледі.
Ӛсімдіктер генотиптерін белгілі бағытта ӛзгерту-генетиканың маңызды проблемаларының
бірі. Бұл ӛсімдіктер селекциясында ұтымды пайданылады. Индукциялық мутагенездің әдістерін
қолдана отырып, ауруларға тӛзімді және кӛп ӛнім беретін дәнді дақылдардың, техникалық,
жармалық ӛсімдіктердің сорттары жасалды. Мысалы: академик Ю.А.Овчинниковтың хабарлауы
бойынша химиялық мутагенез әдісімен химиялық физика институтында бидайдың, арпаның,
сұлының, мопиннің 100-ден артық түрлері алынды[2].
Қазіргі уақытта мутациялырдың пайда болуына температура, ультракүлгін және рентген
сәулелерінің, химиялық заттар мен басқа да агенттердің әсері сенімді түрде дәлелденген. Иондаушы
сәулеленудің әсерін зерттеуде де жоғары табыстарға қол жетті.
Жасанды ӛндірілген мутант формалары селекция үшін құнды материал болып табылады.
Табиғатта мутациялар ӛте сирек немесе мүлдем анықтау қиын. Сондықтан да мутацияны
бақыланған жағдайда ғана алуға болады, Мутагенез ӛсімдіктерді ӛсіруде кеңінен пайдаланылады.
Ӛсімдіктердің индукцияланған мутациялар алу үшін әр түрлі мутагендер пайдаланылады. Бұл
мутагендердің дозасын 30-50% ӛңделген объектілердің артық қаза болмайтындай таңдайды.
Мысалы, иондаушы сәуле дозасын пайдаланғанда 1-3 тен 10-15-ке дейін, тіпті 50-100 килорентген
болады. Химиялық мутагендер пайдаланған кезде 0.01-0.2% концентрациялы сулы ерітінділер
қолданылады; ӛңдеу уақыты - 6-дан 24 сағатқа және одан да кӛп.
Химиялық және физикалық фактордың генотике әсерін зерттеу мақсатында бактерицидтік
шамдар мен тұзқышқылы ерітіндісін алдым.
Бактерицидтік шамдар: су тазарту мен сусындар ӛнеркәсібі, тамақ ӛнеркәсібі, медициналық
технология, кондиционер, салқындату және желдету, фармацевтика, косметика және электроника
салаларында зарарсыздандыру және залалсыздандыру үшін пайдаланылады. Бактерицидтік УК
шамдар ауыз сумен қатар артезиан суын залалсыздандыру үшінде қолданылады. УК шамдар әсер
етуіне қарай УК сәуле және озон деп бӛлінеді[3].
УК сәулелену 200-300 нм толқын ұзындығы диапазонындағы организмдердің патогенді
жасушаларын жояды. УК сәулелену ӛсімдіктердің ӛнуіне кері әсер ететін түрлі микроорганизмдер,
ашытқы және зең саңырауқұлақтар, бактериялар мен вирустардың дезинфекциялау үшін
қолданылады.
Озонның әсері. Бактерицидтік шамның түрі «VH» сәулеленуінің толқын ұзындығы- 253,7
нм. Озон микроорганизмдермен қатар, әртүрлі иістерді жояды. Озонның ерекшелігі УК сәуле
жетпейтін жерлерге ене алуында. «VH» шамдары - ауаны ультракүлгін сәулемен тазартуға, жүзу
және гидротерапия бассейндерде қолданылады.
Сынапты-кварцты лампа. Бұл да сынапты лампаның бір түрі. Газразрядты интенсивті
ультракүлгін сәулелену кӛзі болып табылады. Сынапты лампа жарықтың газ разрядты кӛзі, онда
электрлік разряд кезінде сынап буларында ультракүлгін, яғни спектрдің инфрақызыл аймағына
жақын және кӛрінетін оптикалық сәулелену жүреді. Колбаның ең суық аймағындағы
температурамен және лампаға енгізілген сынаптың санымен анықталатын сынап буының
қысымынан тәуелді сынап лампасы тӛмен, жоғары және аса жоғары қысымды лампаларға бӛлінеді.
Тӛмен қысымды сынапты лампа ( 0,7 н/м
2
) 185 және 251 нм толқын ұзындықтарымен
сынаптың резонансы сәулеленудің тиімді кӛздері. Олардың арасында кеңінен таралғандары
люминесцентті лампалар және бактерицидті лампалар.
Жоғары қысымды сынапты лампа (10
4
-10
6
н/м
2
) ультракүлгін және оптикалық диапозонның
кӛрінетін аймақтарында басым сәулеленуге ие жарықтың тиімді кӛздері. Жоғары қысымды
186
сынапты лампаның колбалары диаметрі 8-60 мм және 30-1500 мм ұзындыққа ие, түссіз кварцты
шыныдан жасалады және инертті газбен және сынаптың мӛлшерлеуші санымен толтырылады, бұл
лампаның жұмыс кезінде толығымен колбаның кӛлемінде оған қажетті қысымды құра отырып
буланады.
Тәжірибелік жҧмыстың мақсаты ˗ күздік бидайдың сорттары: сорт №20977 (Бес-Ағаш),
сорт Фараби, сорт Арап бактерицидті шамдармен 15 минут және 30 минут сәулемен әсер еткенде
бидайдың ӛсуі мен тамырлануын зерттеу
Тәжірибелік жҧмыстың барысы:
Лабораторияныылғалшүберекпенсүртiп,
тазалап,
15-20мин
бактерицидтiклампаменстерильдейдi. Стерильденген Петри тостағаншаларынкiшкене қақпақшасын
тӛменқаратып, үлкен қақпақшасын ашыңқырап столға қояды. Бұдансоңкішкене 3 қақпақшасына
салфетканы бiркелкiетiпжайып, оның үстіне бидайдың 3 сорттарының 10 тұқымын саламыз, оның
үстіне бактерицидтік лампамен стерилденген су құйып, қақпағынжауып, 15 мин және 30 мин
аралығында сәулелендіруге қоямыз.
1-сурет.№20977 (Бес-Ағаш), сорт Фараби, Арап сорттарына тәжірибе және бақылау
Зерттеу нәтижесі: Бидай сорттарына физикалық фактордың әсерін зерттегенде,
бактериоцидтік шамдардың сәулесі бидай тұқымының ӛнуіне және тамырлауына жақсы әсер етті.
2-сурет. Бактерицидтік шаммен 15 минут сәулелендіргендегі бақылау және тәжірибе
варианттарының вегетациялық кезеңі
Тәжірибеге 15-30 минут алынған бидай сорттарын 3 сортының тәжірибе (сол жақта) және
бақылау ӛсімдігі Тәжірибеге 15-30 минут алынған бидай сорттарын 3 сортының тәжірибе (сол
жақта) және бақылау ӛсімдігі
187
3-сурет. Бактерицидтік шаммен 30 минут сәулелендіргендегі бақылау және тәжірибе
варианттарының вегетациялық кезеңі
Тҧз қышқылының кҥздік бидайға әсері
Тұз қышқылы, хлорсутек қышқылы, HCl – хлорсутек газының судағы ерітіндісі; бір негізді
қышқыл.
Тұз қышқылы 16 ғасырдың аяғында белгілі болды. Оны ―тұз спирті‖ деген атаумен 17
ғасырдың ортасында неміс дәрігері И.Р. Глаубер (1604 – 1670) ас тұзы мен күкірт қышқылын
әрекеттестіру арқылы бӛліп алды.
Физикалық қасиеттері
Оның ең жоғары концентрациясы 36%, бұл ерітіндінің тығызд. 1,18 г/см3, буы ӛткір иісті
мӛлдір сұйықтық, ауада түтіндене бастайды. Күшті қышқыл, суда жақсы ериді. Тұз қышқылы
кӛптеген металдармен және олардың тотықтарымен әрекеттесіп, кӛпшілігі суда жақсы еритін тұздар
(хлоридтер) түзеді. Ӛнеркәсіпте тұз қышқылын ӛндіру екі сатыдан тұрады: хлорсутек алу және оны
сумен абсорбциялауRCl+HCl, мұндағы R – органикалық радикал. Сату үшін ӛндірілетін Тұз
қышқылының құрамындағы хлорсутек 12,2% болса сұйытылған, ал 24%-дан кӛп болса концентрлі,
лабараториялық мақсатта пайдаланылатын 7%-дығы ерітілген деп аталады. Тұз қышқылы 0,3%
шамасында адам асқазанында болады, ол оба, сүзек ауруларын туғызатын бактерияларды ӛлтіреді.
Ӛнеркәсіпте тұз қышқылы металл ( 2HCl+184кДж; органикалық қосылыстарды хлорлау кезінде кӛп
мӛлшерде қосымша ӛнім ретінде түзіледі: RH+Cl2 .
Таза тұз қышқылын жай заттардан тікелей синтездеу арқылы алады: H2+Cl2
мырыш, кальций, барий, т.б.) хлоридтерін және кӛптеген органик. қосылыстарды синтездеуге
жұмсалады. Спирт, глюкоза, қант ӛндіру, тері илеу және бояу, активтелген кӛмір алу, металл
бетіндегі оксид қабыршағын кетіру, т.б. кӛптеген процестерде қолданылады. Газ тәрізді хлорсутек
(HCl) ӛте улы, оның ауадағы мӛлшері 0,005 мг/л-ден асса адам ӛміріне қауіп тудырады.
Тәжірибелік жҧмыстың мақсаты ˗ күздік бидайдың сорттары: Сорт №20977 (Бес-Ағаш),
сорт Фараби, сорт Арап тұзқышқылы ерітіндісінің 2 түрлі, яғни 1 % (10 г) және 5% (50 г)
концентрациясын бидайдың дамуы мен ӛсуіне, тамырлануына әсерін зерттеу.
Тәжірибелік жҧмыс барысында керекті қҧрал-жабдықтар: бидайдың сорттары,
тұзқышқылы ерітіндісі, петри табақшасы, салфетка, шприц.
Тәжірибелік жҧмыстың барысы:
Петри тостағаншаларын кiшкене қақпақшасын тӛмен қаратып, үлкен қақпақшасын
ашыңқырап столға қояды. Бұдан соң кішкене 3 қақпақшасына салфетканы бiркелкi етiп жайып,
оның үстіне бидайдың 3 сортынан 10 тұқым бӛліп алып, оны 1% және 5 % концентрациясымен
ерітіндіге және бақылау ретінде қарапайым суға 3 күн салып қойдық. Бидайға тұз қышқылының
әсерін 2 әдістеме бойынша жүргіземіз.
І әдістеме бойынша 3 Петри табақшаға таза салфеткаға бидайдың 10 тұқымынқойдым. Ол
ыдысқа қарапайым суды құйдым.
ІІ әдістеме бойынша 3 Петри табақшасына бидайды 1 % және 3 петри табақшасына 5 %
концентрациясы қосылған тұзқышқылы ерітіндісіне 3 күн салып қойдым.
188
4-сурет. №20977 (Бес-Ағаш), сорт Фараби, Арап сорттарына тәжірибе және бақылау
Зерттеу нәтижесі:
1 әдістеме бойынша жасалған тәжірибеде бидай сорттарының 3 күнде вегетациялық ӛну
кезеңі байқалды.
2 әдістеме бойынша жасалған тәжірибеде бидай сортарының 3 күнде вегетациялық ӛну
кезеңі байқалмады. Себебі, тұз қышқылының ерітінділері бидайдың ӛнуін тежеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Молин В.И. Роль сорта в индуцированной мутационной изменчивости у яровой
пшеницы: - Автореф. дис....каңдидата с.-х. наук. — Алма-Ата: К.ИЗ, 1970. — 22 с.
2.
Сексенбаева
С.М.
Селекционное
использование
мутантов
пшеницы,
иңдуцированных пиридинкарбоновыми кислотами: Автореф. дис....кандидата с.-х. наук. — Алма-
Ата: КИЗ, 1979. — 23 с.
3.
Добротворская Т.В. Селекционно-генетическая характеристика мутантов пшеницы,
индуцированных пиридинкарбоновыми кислотами и их производными: Автореф. дис....кандидата
с.-х. наук. — Немчиновка: НИИСХ ЦРНЗ, 1983. - 16 с.
4.
Кабаева 3. Мутанты озимой пшеницы, индуцированные различными мутагенами и
использование их в селекции: Автореф. дис....кандидата с.-х. наук. - Алма-Ата: КИЗ, 1988^ 20 с.
Аннотация. В этой статье рассматривается важность вляние химических и физических
факторов на генотип. Влияние факторов в селекций расмотривается как для получения
качественных, высокопродуктивных, устойчивых и плодородных новых видов расстений.
Annotation.This article discusses the importance of the influence of chemical and physical factors
on genotype. Impact factors in the selection rasmotrivaetsya how to get high-quality, highly resistant and
fertile new types of trees.
ӘӚЖ 59
Қ 45
ФЕНОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ АРҚЫЛЫ ҚҦСТАРДЫҢ МАУСЫМДЫҚ
МИГРАЦИЯСЫН ЗЕРТТЕУ
Шолпанқҧлова Г.А., Тоқтасынова Ж.М.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Құстардың тіршілік жағадайы да табиғаттың мезгілдік ӛзгерісіне тәуелді. Табиғатта жыл
сайын бір мезгілде қайталанып тұратын тұрақты құбылыс ол мезгілдік ырғақ. Құстардың ӛмірінде
де табиғаттың мезгілдік ӛзгерісіне сәйкес биологиялық ырғақ айқын байқалады. Құстардың қыстың
қолайсыз жағдайына бейімделудінің тағы бір негізгі түрі-кӛшпелілік. Кӛшпелік сипатына қарай
құстарды отырықты, кӛшпелі және жыл құстары деген үш топқа бӛледі.
189
Отырықты құстар жыл бойында бір ғана мекенде тіршілік етеді-мекенін ауыстырмайды.
Мысалы кәдімгі торғай, кӛккептер, құр, сұрқұр т.б. Жазғы жылы мезгілмен салыстырғанда қысқы
суықта қандай да жануардың денесінен бӛлінетін жылудың мӛлшері мол болатын белгілі. Денесінен
бӛлінген энергияның орнын қорек арқылы қалпына келтіреді. Отырықты құстар қыста жарық
уақытын үнемі жем іздеп қоректенумен ӛткізеді және жылы мезгілде денесіне жинаған майды
тұтынып қыстан аман шығады. [2]
Ұя салып жұмыртқалаған мекенінен қыста ондаған, жүздеген шақырым жерге дейін қоныс
аударатын, бірақ кӛшетін жолы да, қыстайтын жері де тұрақты емес құстар кӛшпенді құстар тобына
жатады. Мысалы, шымшық, тоқылдақ, таған, т.б кӛптеген құстар қайда қар аз, қорек мол болса,
сонда кӛшіп барып қыстайды.
Жазда қоңыржай климатты белдемдерге келіп жұмыртқалап, күзгі салқын басталысымен
жылы жаққа қайтып кететін құстар жыл құстары
дейді. Олардың келетін, қайтатын жолдары
тұрақты, және олар жыл сайын бірнеше мыңдаған шақырымдық жолды басып ӛтеді. Олардың
кӛктемде ұшып келетін, күзде қайтатын мезгілі келіп жұмыртқалайтын мекеніндегі табиғаттың
жағдайына байланысты. Кейбір құстар, айталық ұзынқанат қарлығаштар күннің жылылығына
қарамастан ерте қайтып кетеді. Мұның себебі олар әуеде ұшып жүрген жәндіктермен қоректенеді.
Ал бұл жәндіктер аздап ғана салқын түсе бастаса тез азайып, ұшу белсенділігі күрт бәсеңдейді. [4]
Қарапайым қарлығаш күзде кеш қайтады. Ӛйткені олар тек ұшып жүрген жәндіктермен ғана емес,
ағаш бұталарда тіршілік ететін жәндіктермен де қоректене алады. Үйректер, шалшықшылардың кей
түрлері мұз қататын кезде ғана жылы жаққа бет бұрады.
Жыл құстардың ұшып келу уақытында да әр құстың ӛзіне тән ерекшелігі бар. Сарғалдақ пен
бұлбұлдар ағаштың сұлбасында тіршілік ететіндіктен ағаш, бұталар жапырақ жая бастаған кезде
келеді. Қамыста мекендейтін айқабақ су жағасының ӛсімдіктері ӛсіп шыққан кезде, қарлығаш,
ұзынқанат қарлығаштар ауада ұшып тіршілік ететін жәндіктер шыға бастаған кезде ұшып келіп, ұя
сала бастайды.
Құстардың маусымдық миграциясы жылдың кӛп уақытын алады. Оны далалық
практиканының барлық уақытында бақыласа болады. Маусымдық миграция, кӛп жақты күрделі
проблема. Бақылаушыларға келесі сұрақтар туындауы мүмкін: 1) құстардың жаппай ұшуы; 2) ұ-
шудың қалай пайда болатынын; 3) құстардың қалай ұшатынын зерттеу үшін сақиналау.
Құстардың жаппай ұшуының жалпы мінездемесі. Мұғалімдермен бірге жаздық
практикалық экскурсияда құстардың ұшуын бақылайды. Далалық практикада құстардың жаппай
ұшуын бақылау кӛктемгі және күздік мезгілде кӛңіл бӛлу қажет. Осы уақытта маңызды сұрақтарға
жауап бере алады, яғни ұшатын құстардың түрін; ұшу уақыты мен бағытын; аялдама санын;
миграциялаушы құстардың санын.
Бақылау барысында құстардың жеке түрлеріне байланысты келесі сұрақтар бойынша
жауап табу керек:
-
ұшып келу мен ұшып кету уақыты;
-
ұшып келу мен ұшып кету бағыты ( жарық жаққа);
-
ұшып келген жерге құстардың бейімделуі;
-
ұшу қарқындылығы: құстардың топпен немесе жеке ұшуы, топтың орташа саны, топтағы
аналық пен аталығының максимальды, минимальды және орташа саны;
-
құстардың ұшу ұзындығы ( метр);
-
бір тәуліктегі ұшу (келуі, кетуі) уақыты: азаңғы, кешкі, күндіз, түнгі (сағатын кӛрсеткен
дұрыс) және мигранттар санының арақатынасы;
-
құстардың ұшу тәртібі: бұрыш, шашырап және т.б.
-
сол учаскідегі құстардың аялдау мерзімі: тәуліктегі уақыты мен аялдаған жері; аялдаған
кездегі құстың қылықтары ( демалу, қоректену); құстар аялдаған кезде: топпен, жеке болуы;
мигрант құстардың саны;
-
құстардың ұшып келуі немесе кетуі кезіндегі жағдай: ауа райы, шӛптердің жағдайы,
насекомдардың пайда болуы немесе жойылуы; басқа түрге жататын құстардың ұшып келу
мерзімінің байланыстылығы.
Бақылау барысында мынандай ережелерді басшылыққа алу:
-
жазбалар нақты және дәл болуы керек. Тәуліктік уақыты, құстардың қашан келгенін,
сандары, ұшу биіктігі және т.б. әр бақылау кезінде бӛлек жазылу қажет;
-
жазбалар арқылы нақты әрі дәл ұшып келген уақытын, ең бірінші особтары мен массалық
ұшуын анықтау үшін қолайлы. Құстардың ән салуы ұшып келген уақыттан бір-екі күн
айырмашылығы болатынын есте сақтау керек;
190
-
бақылаушы нақты білетін құстардың түріне жазбаларды жазу керек, яғни оларды алыс
қашықтықтада басқа құстардың түрімен шатаспау үшін, құстардың атын жазғанда қателікке
жол бермеу керек;
-
басқа түрге жататын құстардың ұшып келуіне де ерекше мән беру керек;
-
құстардың ұшу бағыттын зерттеген кезде олардың күнделікті қорек іздеуге және ұясына
баратын ұш бағытын шатастырмау керек;
-
құстардың ұшу кезінде жергілікті жердің ерекшеліктерін кӛрсету: жер бедерін, ӛзеннің
(атын кӛрсету) ағу бағытын, теңіз немесе кӛл жағалауларын, таулы алқаптарды, орман
алабын және тағыда басқа географиялық ерекшеліктерін;
-
құстардың ұшып келуі мен кетуін алғашқы топтар немесе жеке құстар арқылы біледі.
Миграцияның қызу кезінің басталуы құстардың жаппай ұшып келуі және соңғы құстың
ұшып кету уақыты. Құстардың жаппай ұшып келуі мен кетуі жақсы байқалады.
Кей жылдары ауа райының тұрақты болмауынан құстардың, тіпті келуші құстардың да
жаппай миграциясы кенеттен тоқтауы мүмкін.
Құстардың ұшу барысында олардың ең кӛп жиналатын орындарын анықтау керек.
Бақылайтын ауданда осындай жерлер болса оны белгілеп, құстардың қай жерде кӛп
жинақталатынын: кӛл және ӛзен жағауларын және т.б., тағыда олардың санын (жүз, мың, он мың)
анықтау. Құстардың жинақталу уақытын (апта, күн), немен қоректенетінін және де олардың басқада
құстардың түрімен (қандай түр екенін анықтау) араласуын анықтаған дұрыс. Сол ауданның
схемалық картасына құстардың жеке түрлерінің ұшу бағытын түсіру. [1]
Зерттеу барысында кӛптеген түрді бірден бақылағаннан гӛрі бірнеше түрді (кӛп тараған)
таңдаған дұрыс.
Құстардың жұмыртқа басуы мен балапандарын қоректендіру кезінде ата-аналарының
мінездері тӛзімді келеді. Құстардың ұясынан ұшқан кезде бұл тепе-теңдік бұзылады. Жас
балапандардың ұядан ұшуы олардың қоректену мінездерінің ӛзгеруіне байланысты. Күннің
салқындауының әсіресе түнгі уақыт, насекомдардың жойылуы немесе аз кездесуі, балапандарды
қоректендіру қиынға соғады. Жарық жақсы түсетін далалық, орманды аймақтарда насеком дар
активті және кӛбірек кездеседі. Осындай жерлерге насекомдар, дән қоректі құстар ауыса бастайды.
Мұндай жерлерде тағы кӛптеген жидектер, дәнді шӛпті ӛсімдіктер, олар шӛпқоректі құстарды
еліктіреді және гүлдер кездеседі. Ұядан ұшқан құстардың кӛбі қорек кӛп жерді іздей бастайды.
Қорек мол бір жерге күнделікті барғандықтан, олар басқада балапандармен кездеседі.
Осындай кездейсоқ кездесулер қамқорлыққа алып келеді. Осының әсерінен балапандардың топ
болып жиналады. Ормандағы басқа да түрлердің балапандарына тән қасиет. Жиналу-
балапандардың топтануы, уақытша мінездеріне байланысты. Сырты түріне қарап олар отар сияқты
кӛрінеді, бірақ балапандар арасында тұрақты байланыстың болмауы. Балапандардың жиналуы
қалай болса тарауыда сондай. Олардың жинақталуын отардан айырмашылығын білу үшін, оларды
ойша екі топқа бӛлу қажет. Осыны іске асырсақ екі топқа бӛлінген балапандардың екі жаққа ұшып
кетсе онда бұл балапандардың жинақталуы. Егер екі топқа бӛлінген балапандар қайтадан қосылып,
бір бағытқа қарай ұшатын болса онда ол отар. [3]
Бір топқа жинақталған балапандар қорек мол жерге орнығады. Бір-біріне байланыстары
нашар балапандар кейін олар отарға айналады. Мұндай байланыс балапандардың ата-аналарымен
байланыс үзілген кезде болады. Бұл құсатардың алғашқы жинақталуы ары қарай отарға айналуына
алып келеді. Кіші отарлар үлкен отарға бірігеді, яғни ол әр түрлі кіші отарларда жинақталу арқылы
жүреді. Кей жағдайларда әр түрге жататын құстардың отарлары тіптін отары жоқ құстарда араласып
жинақталуы жүреді.
Белгілі бір түрге жататын балапандардың араласып жинақталуын бақылау үшін олардың
ұясынан кеткен күннен бастап бақылаған дұрыс. Басқа балапандармен шатасып қалмауы үшін,
оларды ұясында әр түрлі түсті бояумен бояю керек. Алыстан боялған балапандарды анық байқау
үшін.
Бақылаудың міндеттерінің бірі олардың ұядан алғашқы қаншалықты алыс жерге ұшып
баратыны, қандай жерге және қоныстануын анықтау. Балапандардың ұшу бағыттарын сол жердің
картасына белгілеу керек. Әсіресе сары шымшықтың отарын бақылау қолайлы, яғни олардың ұшу
кезінде қатты шу мен шиқылдауының әсерінен.
Балапандардың ұядан аластап қорек іздеу арқылы олар үлкен құстарға қосылады. Қорек
іздеу барысында олар бір-бірімен кездесіп уақытша топтаса бастайды. Кейін тұрақты отарларға
айналады. Қоректің нашарлауы немесе басқада жағдайларға байланысты күзде олар миграция жасап
қыстауға кетеді. Құстардың отарлары сәтті ұшуының кепілі. [5]
191
Маусымдық миграцияны зерттеу үшін құстарды сақиналау. Сақиналау әдісі оңайда тиімді,
ол арқылы құстардың миграциялауын, басқада биологиялық сұрақтарға жауап бере алады. Бұл
әдістің мәні ұсталынған құстарға сақинаны тағып босатады. Таңбаланған құстардың ұшқан
жерлерін және олардың басқада тіршілік ету жақтарын ұсталынған немесе ӛлген құстар арқылы
біледі. Құстарды сақиалау оң, сақина алюминнен немесе басқада материалдан жасалынады.
Сақинаны құстың аяғына тағады. Сақинада латын әріптерімен Taraz (Тараз), ӛлшемін және реттік
нӛмерін ойып жазады. Құстардың ұшу бағытын, қыстауын жалпы маусымдық ұшуын зерттеуден
басқа сақиналау әдісі арқылы құстардың ұя салынған жерге бауырмашылдығын, ұя салу жасын,
ӛмір сүруін анықтауға болады. Бұл сұрақтар теориялық ғана емес сонымен қатар практикада
құстарды ауыл шаруашылығында қолдану мен қорғау кезінде қолданады. Сақиналау нәтижесі кӛп
жағдайда сақиналанған құстардың санына тәуелді. Кӛп сақиналанған құстар болса оларды жиі
кездестіруге болады. Олардың маңызды биологиялық жақтарын да зерттеу тығыз жүреді.
Омыртқалылар зоологиясынан далалық практиканы жүргізген кезде, міндетті түрде оңай және қол
жетімді сақиналау әдісі қолданылуы керек. Ұялаушы құстарды (шағала, шымшық, және т.б.), торғай
және тағыда басқа құстарды, ұядан ұшатын құстарды сақиналау жақсы нәтиже береді. Ұсталынған
құстарға сақина таққанда мұқият болу керек. Міндетті түрде сақиналанған құстарды сол жерде
босату қажет.
Сақиналар мынандай серия арқылы жасалынады:
Серия А- ең үлкен құстарға: аққуға, бүркітке, тырнаға, дегелекке, бірқазанға және т.б.;
Серия В- қаздарға және де осының кӛлеміндей құстарға;
Серия С- ірі шағалаға, үйректерге және қара тұрпанға;
Серия D- орташа кӛлемді үйректерге, қылқұйрық, қарғаға, барылдауыққа және т.б.;
Серия Е- кіші үйректерге- шүрегей үйрек, құрға, кіші жыртқыштарға, гагара және т.б.;
Серия F- бӛденеге, қараторғайларға және т.б.;
Серия Х- кіші торғай тәрізділерге, таушымшықтарға және т.б.;
Серия Y- ең кіші торғай тәрізділерге.
Сақинаны құстардың аяғына бос әрі ол ары -бері қозғалып тұру керек, яғни қысып
тұрмағаны жӛн. Дұрыс тағылған сақина құстарға зиян келтірмейді және ұзақ тағуына мүмкіндік
береді. Сақинаның ӛлшемі құстың аяғына сәйкес келуі керек. [1]
Құстарды сақиналаған кезде нақыт әрі жаңа жазбалар қажет. Ұсталынған құсты сақиналаған
кезде оның атын (латын әріптерімен), жынысын, жасын, уақытын, сақиналаған жерін толық кейін
оны картадан табатындай, сақина санын және сериясын жазу. Осының бәрі сақиналау туралы есепте
жазылу керек.
Далалық практика кезінде ұядан ұшатын, ӛскен балапандарды кеңінен сақиналайды. Ұядан
ұшпас бұрын құстардың денесіне қарағанда аяқтарының ӛсуі ерте тоқтайды. Құстарды сақиналау
ұстаздардың бақылауымен жасалынады.
Бүгінде құстар миграциясының себебін де, олардың қай жаққа ұшатынын да анықтауға
болады.
Себеп, әрине – қыстың суығы. Құстар қоныс аударғанда экватор сызығына неғұрлым
жақындауға тырысады. Яғни, Еуропа мен Азияның солтүстігінен оңтүстік аймақтарға, оңтүстіктен
керісінше Африканың солтүстігіне қоныс аударады.
Табиғат объектілерінде ұдайы фенологиялық бақылаулар ұйымдастыру оқушылардың оны
жақсы зерттеуіне және ауыл шаруашылық практикасы үшін маңызды мағлұматтар жинауына
мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |