ТАҚырыбындағы облыстық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



Pdf көрінісі
бет11/39
Дата12.03.2017
өлшемі3,11 Mb.
#8854
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
 
ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан  жолы  –  2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты 
стратегиясы.2014жыл 
2.
 
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда өсу, реформалау, даму» 
атты Қазақстан халқына жолдауы - Астана, 2015 ж. 30 қараша 
3.
 
Н.Ә. Назарбаев. Ұлт Жоспары – «100 нақты қадам»  
4.
 
Н.Ә. Назарбаев. Ой бөлістім халқыммен. –Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006 .– 248 бет
 
 
 
 
КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫ БАСТАҒАН ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТІҢ ТӘУЕЛСІЗДІК 
ТАРИХЫНДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ 
 
Сейлханқызы Б., 
№30 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі 
 
 Ресей империясының қазақ даласындағы хандық билікті жоюы,шекаралық аймақтарда жаңа бекіністерді 
салып,қазақ жерлерін күштеп тартып алуды одан әрі жалғастыруы,қазақ қоғамында әлеуметтік қатынастардың 
шиеленісуі  Кенесары  Қасымұлы  бастаған  ұлт-азаттық  көтерілістің  шығуына  себеп  болды.Қазақтардың  XVIII-
XIX ғасырларда болған басқа барлық көтерілістермен салыстырғанда Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық 
күрестің  ерекшелігі,оған  үш  жүздің  бұқара  халқы  түгелге  дерлік  қатысты.Бұл  күрестің  кең  қанат 
жайып,бүкілхалық-тық сипат алуы,Кенесары күресінің өзіне тән саяси ерекшелігі деу керек.Кенесары бастаған 
азаттық  күрестің  мақсаты  Абылай  хан  тұсындағы  қазақ  хандығының  территориялық  тұтастығын  қалпына 
келтіру,Ресейдің  құрамына  кірмеген  қазақ  жерлерінің  тәуелсіздігін  сақтап  қалу  болды.Кенесары  Ресей 
отаршылдығына қарсы азаттық соғысты бастамас бұрын бірнеше дипломатиялық қадамдар жасады.1837 жылдың 
көктемінде  патша  үкіметіне  жаңа  бекіністер  жүйесін  салудан  бас  тартып  ,салынған  бекіністерді  бұзуды,орыс 
әскерлерінің  қазақ  даласына  ішкерілей  енуін  тоқтатуды  талап  етіп  бірнеше  хат  жолдаған  болатын.Бірақ 
Кенесарының  бұл  хаттары  патша  әкімшілігі  тарапынан  жауапсыз  қалдырылды.Одан  кейін  Кенесары 

53 
 
1837жылдың  күзіне  қарай  ашық  күреске  шығады.Кенесары  бастаған  ұлт-азаттық  қозғалыстың  тағы  бір  ерек-
шелігі,қазақ мемлекеттілігі қалпына келтіріліп,қазақ ханы болып сайлануында. 
1841жылы  қыркүйек  айында  қазақтың  үш  жүзінің  атынан  жиналған  ықпалды  билер  мен  сұлтандар 
Кенесары  Қасымұлын  ата  салт  бойынша  ақ  киізге  салып  көтеріп,бүкіл  қазақ  халқына  билігі  жүретін  хан  етіп 
сайлаған  еді.Ресей  империясының  билігі  орныққан  Ертіс,Есіл,Орал  шептерінің  бойындағы  аудандардан  басқа 
Қазақстанның  барлық  жерлеріне  Кенесары  ханның  билігі  жүрді.Мемлекеттік  құрылыс  қайта 
ұйымдастырылды.Хан  кеңесі  құрылып,оған  батырлар,билер,сұлтандар,жеке  ерлік  көрсеткендер  мен 
дипломатиялық  қабілеттері  бар  ақылды  саясаткерлер  кірді.Дипломатиялық  қызмет  ұйымдастырылып,салық 
жүйесіне өзгерістер енгізілді.Тағы бір маңыздысы-көтерілістің қозғаушы күші тек қарапайым халықтан емес,ру 
басылары  мен  билер  және  басқа  да  ауқатты  топ  өкілдерінен  тұруы  еді.Олар,мысалы,Ш.Едігенов,Шорман 
Күшіков,Мұса  Шорманов  т.б.Кенесары  бастаған  қозғалыстың  басты  ерекшелігі-оған  патшалық  тәртіпке 
қайыспас  қарсылық  көрсеткен  Қасым  сұлтан  және  оның  балаларының  қатысуы.Көтерілісті  тек  Кенесары 
емес,бүкіл  Қасымның  үрім-бұтағы  басқарды.Қазақ  халқының  тәуелсіздігі  үшін  күрескен  Кенесарының  есімі 
кеңестік  дәуірде  тарихтан  өз  орнын  таба  алмаса  да  оның  шынайы  бейнесін  тарихтың  өзі  ақтап 
шықты.Кенесарының ұлт-азаттық  көтерілісте  қандай қолбасшы,тарихта  қандай ұлы тұлға  болғандығы  туралы 
орыс тарихшысы Н.Середаның өзі былайша ой толғайды. «Кенесары өз жасақтарының мәртебелі әміршісі бола 
білді.Оның  рухы  дем  берген  жауынгерлерге  еуропалық  әскер  қолбасшыларының  өзі  қызығар  еді.Жортуылда 
жолындағының  бәрінжайпайтын  дала  дауылындай  екпінді  де  тегеурінді.Кенесары  ешбір  бөгет  алдында 
кідірмейтін,қайта  кездескен  кедергі  оның  қайрат-жігерін  жанып,шамырқандыра  түсіп,көздеген  мақсат 
жолындағы тосқауылдарды талқандар керемет күш бітіріп,одан сайын өршелендіре түсетін.Кенесары бойындағы 
осындай  күллі  қасиеттерді  көшпенділер  биік  бағалап,оның  қарекет-қимылына  қатысушылардың  жүреғі 
басшысына  деген  шексіз  сүйіспеншілікпен  соғып,жанын  пида  етуге  дейін  барғызады.»XIX  ғасырдағы  қазақ 
қоғамындағы тарихи тұлғалардың қоғамдық-саяси қызметін бағалау белгілі дәрежеде патшалық Ресей,кеңестік 
кезеңде де қолға алынып,тарихи зерттеу еңбектерінде көрініс тапты.Бірақ қай заманда да үстемдік еткен билік 
тарихи  тұлғалар  мен  ұлт-азаттық  күрес  басшыларын  өз  идеологиясына  қарай  зерттеуді  ұйымдастырып 
отырды.Патшалық Ресей үшін  қазақ елінің  хан,сұлтандары,би-батырлары  орыс үкіметі жақтастарымен екінші 
топ «қарақшы», «барымташы», «бүлікшіл атауларымен анықталды.Бұл дәстүр кеңестік тарихнамада да жалғасын 
тапты.Кенесары  тарихын  зерттеген  көрнекті  тарихшылар  мен  әдебиетшілер  Е.Бекмаханов,  Б.Сүлейменов, 
Е.Дильмухамедов, Е.Ысмайылов қудалауға ұшырап,ғылыми шығармашылығына тыйым салынды.Е.Бекмаханов 
«XIX  ғасырдың  20-40  жылдарында»іргелі  еңбегінде  Кенесары  ханның  он  жыл  бойы  жүргізген  ұлт-азаттық 
күресін жан-жақты аша отырып,ғылыми дәлелдермен терең жаза білген.Е.Бекмаханов ұлт-азаттық қозғалыстың 
көсемдерінің  негізгі  мақсатын  былай  түйіндейді:  «Кенесары  қазақтардың  ежелгі  тәуелсіздігін  қалпына 
келтіреміз, яғни тәуелсіз Қазақ мемлекетін құрамыз деген ұранмен күрес жүргізеді.Халық бұқарасының жанына 
жақын талаптар қазақ кедейлерінің де,жатақтар мен егіншілердің де мүддесін қозғағандықтан олардың күреске 
белсене  қатысуы  табиғи  еді.»1948  жылы  Қазақ  КСР  Ғылым  Академиясы  баспасынан  жарық  көрген  Қазақ 
әдебиетінің тарихы атты оқулықта аталмыш тақырыпты сөз етеді.Онда ұлт-азаттық көтеріліске дұрыс пікірлер 
айтылып,Кенесары хан жөнінде жеке тоқталып,біраз мағлұматтар берілген.Атаулы оқулықта бұл көтеріоістің ел 
тарихындағы маңызды орнын былай түйіндейді: «XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ халқының ұлт-
азаттығы  жолындағы  күрестердің  ең  іргелісі-Кенесары  Қасымұлы  бастаған  халық  көтерілісі  еді.Он  жылға 
созылған бұл көтеріліс қазақтың әлеуметтік тарихынан қандай орын алатын болса,ауыз әдебиеті тарихынан да 
ерекше орын алады». 
Тәуелсіздігіміздің жиырма бес жылдығы қарсаңында тарихымызға үңіліп,тәуелсіздік жолындағы маңызды 
орын  алатын  Кенесары  Қасымұлы  бастаған  ұлт-азаттық  күрес,оның  келер  ұрпақ  алдындағы  ерен  ерлігін 
насихаттау біздің борышымыз екенін ұмытпауымыз абзал. 
 
 
КӘСІБИ ДАМУДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ 
 
Сейтен М.С., Орынбасарова Б.Д., 
Ақтөбе гуманитарлық колледжі 
  
Бүгінгі таңда қоғамдағы өзгерістер, үздіксіз білім беру жүйесінің ұлттық моделін жасауға деген ұмтылыс 
ұлттық  құндылықтарды  терең  зерттеуге  мүмкіндік  жасауда.  Еліміздегі  экономикалық  және  әлеуметтік-саяси 
ахуал өткенімізге оң баға беруге,тарих шежіресінде қордаланып жатқан ізгіліктерді, халық зердесін жас ұрпаққа 
жеткізуді  міндеттейді.  Осындай  игілікті  міндетті  шешу,  тарих  беттерінде  ашылмай  қалған  құндылықтардың 
қаймағын  бұзбай  жеткіншектерге  жеткізу  -  адами борыш. Ұрпақ алдындағы  аталмыш борышты  өтеу, әсіресе, 
тәлім-тәрбиенің кілтін қолға алып жүрген педагогтерге тікелей қатысты. 
Тәуелсіз  елімізде  жастарды  бүгінгі  күн  талабына  сай  ұлттық  тәлім-тәрбие  беруде  халқымыздың  бай 
мәдени  мұраларын,  педагогикалық  ой-пікірлерін,  жинақталған  ұлттық  құндылықтарды  зерттеп,  жүйелеп, 
оқушылардың оқу-тәрбие үрдісіне пайдаланудың маңызы зор. 
Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан  халқына  «Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту-Қазақстан 
дамуының  басты  бағыты»  атты  Жолдауында:  «Оқыту  үрдісінің  тәрбиелік  құрамдасын  күшейту  қажет.  Олар  - 
патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық тәннің де,жанның да 

54 
 
дамуы,  заңға  мойынсынушылық»  деп  атап  көрсетті.  Осыған  орай,  қазіргі  оқушылардың  бойында  ұлттық 
құндылықтарды,  оқушылардың  ұлттық  дүниетанымын  қалыптастырудың  маңыздылығы  -  бүгінгі  күнгі  өзекті 
мәселелердің біріне айналып отыр. 
Ұлттық дүниетанымды игеру қазақтың өзіне тән мінезі, жүріс-тұрысы, салт-санасы, дәстүрі ұлттың тәрбие 
нысандарын  қалыптастыру  болып  табылады.  Қазақтың  қадір-қасиеттері,  дүниетанымы  оның  рухани 
тұтастығының,  ұлттық  болмысының  негізгі  қайнар  көзі  болып  саналады.  Жалпы,  ұлттық  дүниетанымның 
қалыптасуында тарих пен әлеуметтік тәжірибенің ықпалы зор.Ұлттық мәдениет пен ұлттық философия - ұлттық 
дүниетанымның рухани және әлеуметтік негізі. Әрбір халық тарихи даму кезеңінде өз болмысын ойлау жүйесі 
мен дүниетанымы арқылы зерделейді. Ұлттық дүниетаным-сіресіп қатып қалған ұғым емес, ол халықтың өмір 
салтының бағдаршамы. Адамдардың нақты қоғамдық қатынаста  қалыптасатын ойлау жүйесі, ойлау салтының 
рухани жемісі. 
Біріншіден, ұстаз бен білім алушы арасындағы тиімді байланысКәсіби білім алу кезіндегі ең маңызды 
тәжірибе  -  ол  әлеуметтік  білім  алу  болып  табылады.  Қандай  да  болсын  білім  пәнін  меңгеру  барысы  білім 
алушылардың  өзара  коммуникативтік  қарым-қатынасқа  түсулері  арқылы  іске  асырылады.  Бұл  үрдісте 
адамгершілік  және  ізгіліктік  тұрғыдан  адамдардың  бір-бірін  түсінуі,  адами  қарым-қатынас  жасауға  ниеттенуі 
маңызды болып табылады.[1] 
Педагогикалық  мамандықтың  негізгі  мазмұны  адамдармен  өзара  қарым-қатынасты  құрайды.  Демек, 
кәсіптік  білім  беру  кезінде  алдымен  «оқытушы-студент»  араларындағы  бір-бірін  түсінушілік  арқылы 
педагогикалық  мақсаттар  іске  асырылуы  тиіс.  Осы  байланыстар  арқылы  студенттік  өмірге  және  мамандыққа 
деген қөзқарастарының негізгі бағыттары қалыптасады. Ол адамның өмірдегі орны, шындық, адалдық, адамдық, 
білім, біліктілік, т.б туралы негізгі көзқарастарын шындайды. 
Өмір барысында оқытушы мен студент арасындағы өзара қарым-қатынасқа әр жеке адамның өмірге деген 
өзіндік  көзқарастары, мақсаттары, өмірлік құндылықтары, мотивтері, жеке қызығушылықтары, тәжірибесі, т.б 
әсер  етіп  отырады,  сондықтан  білім  алу  барысында  оқытушыға  сабақ  берудің  жаңаша  түрлерін 
еңгізу,түрлендіру,өзгерту қажеттігі туындайды.Солар негізінде студенттердің қоғамдық мақсаттарды түсініп,өз 
күш-жігерлерін сол мақсаттарға жетуге бағыттауы орын алады. 
Екіншіден,  білім  алушыларға  сабақ  барысында  қолайлы,тиімді  психологиялық  ахуал  туғызу.  Бұл 
мәселенің  дұрыс шешімін табу  мектеп мұғалімі немесе кәсіби  оқу орны  оқытушысы үшін күрделі жұмыстың 
бірі.Ұстаз  немесе  педагогикалық  қызметкер  сабақ  барысында  білім  алушыға  психологиялық  тиімді  жағдай 
туғызу,  алдымен,  оқушылардың  қызығушы-лықтарын  туғызу  арқылы  қабілеттерін  аша  білу,  осы  арқылы 
ұстазбен өзара тиімді байланыс орнату сияқты белгілі әрекеттер арқылы жүзеге асады. Бұлай болмаған жағдайда 
оқушы сабақ барысында өзін тұйық, ынтасыз сезініп, шеттеліп қалуы әбден мүмкін. 
Психологиялық  жайлылық  -  адамдар  арасындағы  байланыстың  сапалық  көрсеткіші.Ортадағы  жағымды 
психологиялық жайлылық нәтижесінде адамдардың өзара сыйласымдылық танытуы, өздерін еркін ұстауы орын 
алып, әр адамның толық ашылуы мүмкін болады. Керісінше жағдай өзара атқаратын жұмыстың сапасыз болуына, 
білім алушының жан-жақты өсуіне кедергісін келтіріп, адамның үрей, қобалжу, өзін қорғансыз сезіну жағдайына 
әкеледі.  
Үшіншіден,  студенттің  жеке  басының  ерекшелігін  ескеру  және  оның  мамандығын  меңгеру  барысын 
бағалауҰстаз-педагог үшін студент ең құнды және басты объект болып табылады. Студенттерді, алдымен, білім 
алушы  орта  субъектісі  ретінде  қалыптастыру  олардың  күнделікті  өмірде  әлеуметтік  жауапкершілікті 
екендіктерін,  қоғам  ортасында  дұрыс  бейімделулерін,  адамгершілік  көзқарастарының  орнығуына,  өзара 
сыйластықтың  болуына,  өздігінен  дұрыс  шешім  қабылдау  мүмкіндіктерін  арттыруға  жағдай  жасайды. 
Студенттермен қарым-қатынас барысында ұстаз, алдымен, олардың жеке субъект екендігін есте ұстағаны дұрыс. 
Студенттің жеке көзқарасының қоғам дамуындағы пайдалы жақтарға қарай өрбуіне жол сілтеу-оқытушының ең 
басты міндеттерінің бірі. 
Педагогтің кәсібилік пен шығармашылық деңгейге жетуі ұзақ, үзіліссіз үрдіс, К.Роджерстің бейнелі сөзін 
қолдансақ,  «өмірдей  ұзақ  саяхат».  Болашақ  мамандардың  жаңашыл  болып  қалыптасуы  мен  оны  оқыту  мен 
тәрбиелеу  ісімен  арнайы  айналысатын  оқытушылардың  жасампаздығына  тікелей  тәуелді.  Бұл  ретте  педагог 
мамандарды  дайындаумен  шұғылданып  жүрген  қазіргі  оқу  орындары  оқытушыларының  педагогикалық 
шығармашылықтың теориясы мен тәжірибесін жете түсінуі, өз пәнін оқытуда білім алушыларды шығармашылық 
жағдайға  қойып  отырғаны  дұрыс.  Кәсіби  оқу  орнында  мамандардың  кәсібилік  деңгейін,  шеберлігі  мен 
шығармашылығын арттыруда бірлестіктің алатын орны зор. Оның әлеуетін толық пайдалану білімнің сапасының 
артып,заман талаптарына сай мамандар дайындаудың негізі болып табылады.[2] 
Бүгінгі  ғылым  мен  техниканың  қарыштап  даму  заманында  мектепте  дәстүрлі  оқыту  технологиясының 
балалардың ғылым негіздерін мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы 
оқушылардың  білім  жетістіктерінің  нәтижелерінен  көрінуде.  Сондықтан  оқу-тәрбие  үрдісін  жандандырудың 
қазіргі  технологияларын  жетілдіріп,  оны  пән  сабақтарын  оқытуда  тиімді  қолдану  арқылы  білім  сапасын 
жоғарылату  үшін  басты  бағыт-бағдар  берілуде.  Технологиялардың  бәрін  бір  пән  сабақтарында  қамту  мүмкін 
емес. Сондықтан мектептегі әрбір пәнді ұтымды меңгертуде оқыту технологиясын таңдап іріктеу және оны іс-
әрекеттік  тұрғыда  жетілдіру арқылы  оқушының  технологияны  қабылдауы, оған  деген ынтасы, құштарлығына 
мұғалім  тарапынан  көңіл  бөлінуі  тиіс.  Қазіргі  инновациялық  озық  технология  туралы  айтатын  болсақ, 
технологияны  грек  сөзінен  аударғанда  шеберлік,  іскерлік  деген  ұғымды  білдіреді.  Оқыту  технологиясы  оқу 
мазмұнын өңдеуге, көлемі  мен мақсатын  тұжырымдауға  арналған әдістер мен құралдардың жиынтығы болса, 

55 
 
екінші жағынан, оқушының оқыту үрдісінде қажетті ақпараттық, техникалық құралдарды пайдаланып, оқушыға 
оң әсер ету әдістерін зерттейді. Ендеше педагогикалық әрекеттерді ғылыми-әдістемелік , іс-тәжірибелік негізде 
нәтижелі болатындай етіп, жоспарлы түрде ұйымдастыру қажет. 
Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін 
нәрселерін  өзі  жақсы  білуі  керек»...  «Шығармашыл  мұғалім  шығармашыл  шәкірт  дайындайды»  деген  ой 
тұжырымдайды. 
Сынып  оқушыларына  білім  беруде  тиімді  нәтижеге  жету  үшін  оқыту  әдістері  мен  құралдарын  іріктеу, 
технологияны  таңдау,  оқу  үрдісін  құру-  мұғалім  құзырындағы  іс.  Мектептерде  математика  пәнін  оқытудың 
алдында жалпы мақсаттармен қатар осы ғылымның ерекшеліктеріне сүйенетін спецификалық мақсаттар да тұр. 
Олардың  бірі  –  математикалық  ойлауды  қалыптастыру  және  дамыту.  Бұл  оқушылардың  математикалық 
жетістіктерінің пайда болуына және нәтижелі дамуына себеп болады. Баланың интеллектуалдық ойлау қабілетін 
үш бағытта жылдамдатуға болады: ойлаудың түсінікті құрылуы, сөйлеу интеллектісі және жоспар құру. Жақсы 
білімді  қалыптастыру,  белгілі  бір  мақсатқа  бағытталған  ойлау,  қазіргі  уақытта  мектептегі  оқытудың  негізгі 
мақсаттарының бірі болып отыр.[3] 
Ғылымның  үздіксіз  дамуы,  оның  жаңа  бөлімдері  мен  бағыттарының  пайда  болуы  математика  пәні 
мазмұнының  өзгеруін  талап  етеді.  Тәжірибелік  құндылығы  жоқ  бөлімдер  қысқартылып,  жаңа  өзекті  және 
перспективті тақырыптар кірістірілуі керек. Сабақта үнемі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау қабілеттері 
мен  танымдық  қызығуларының  қалыптасуына  көмектесетін  тапсырмаларды  пайдалану  керек.  Арнайы  таңдап 
алынған  жаттығулардың  көмегімен  оқушыларды  берілген  тапсырмаларды  орындауға  ,  бақылауға  үйретуге, 
аналогияны,  индукцияны,  салыстыруды  қолдануға  және  қорытынды  шығаруға  тиіспіз.  Сабақ  кезінде  жылдам 
ойлануға арналған тапсырмаларды, математикалық ребустарды, ұлттық мазмұнды есептерді пайдаланған дұрыс. 
Сөйтіп, ұлттық құндылығымызды әр сабақта кіріктіре отырып, жас ұрпақтың бойына сіңіре білу – әр педагогтың 
маңызды міндеттерінің бірі болмақ.[4] 
 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1.
 
Қараев Ж.А. Активация познавательной деятельности учащихся в  условиях применения новой технологии: 
дисс., д.п..н. 1994-с.287 
2.
 
Кәсіби даму мектебі, - Алматы: Верена, 2007-93-97-б 
3.
 
Математика журналы .-2008-№3-20-23б 
4.
 
Кукушкин  В.С.  Современные  педагогические  технологии  .  Средняя  школа.  Пособие  для  учителя  (Серия 
«Учение с увлечением»). – Ростов на /Д: изд:во Феникс , 2004-с.384 
 
 
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ  
БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ 
 
Темирова Б.Б., 
С.Байішев атындағы Ақтөбе университетінің колледжінің тарих және география пәні мұғалімі 
 
Қазақстандық  қоғамның  «Мәңгілік  Ел»  жалпыұлттық  идеясын  жүзеге  асыру  жағдайындағы  тәрбиенің 
тұжырымдамалық  негіздерін  дайындаудың  өзектілігі  білім  беру  ұйымдарының  ұлттық  мәдениетті  меңгеру, 
бекіту,  көріну  және  трансляциялауына  ықпал  ететін  білім  алушы  тұлғасын  рухани,  ұлттық  теңестіру  мен 
әлеуметтендіруге бағдарлау қажеттілігімен айқындалады. 
Мемлекет  пен  қоғам  ұлттың  зияткерлік  әлеуетін,  адамгершілік,  дене  дамуы  мен  психикалық  саулығын 
сақтау,  тапсыру  және  көбейтудің  негізі  ретінде  қарастыратын  білім  беру  ұлттық  өзіндік  сана  тәрбиесінен 
ажырағысыз. 
Елдегі оң өзгерістер білім беру ұйымдарындағы тәрбие қызметінің жүйесінен көрініс тапты. Қазақстандық 
патриотизмнің,  азаматтықтың,  руханилықтың  саяси  және  адамгершілік  мәнін  түсіну,  адамгершілік  бағдарлы, 
әлеуметтік белсенді, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру процесі жүріп жатыр. Ұлттың жалпықазақстандық 
ділін,  мәдени,  ұлттық-тарихи  дәстүрлерін  ескере  отыра,  зияткерлік,  рухани  және  шығармашылық  әлеуетін 
жаңғырту үшін жағдайлар жасалуда. 
Оқушы жастардың санасында білімнің беделділігі, өз денсаулығын сақтаудағы экономикалық мүдделілік 
сияқты жаңа позитивті трендтер артуда; отбасы, достары, денсаулығы, материалдық игіліктер, қызықты жұмыс, 
мансабының өсуі оқушылардың дәстүрлі өмірлік құндылықтары болып қала беретінін социологиялық зерттеулер 
көрсетіп отыр. 
Сонымен  бірге,  ұлттық  тәрбие  беру  қажеттілігін  түсіну  мен  балалар  мен  жастарда  азаматтық  көзқарас, 
патриоттық сезім, ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың жеткіліксіз деңгейі арасындағы қарама-қайшылық 
байқалады. 
Мектеп өз тәрбиеленушілерін Қазақстан тарихының бастауларына, туған елінің мәдениетіне, ана тіліне, 
қазақ  әдебиетіне  толық  бейімдемейді.  Мектеп  бағдарламаларында  оқушылар  тұрып  жатқан  өңірдің  табиғаты, 
мәдениеті және экономикасының жергілікті ерекшеліктерімен байланысты материалдарға жеткілікті дәрежеде 
көңіл бөлінбейді. Білімнің өзі адамның тіршілік әрекетінің міндетті құрамдасынан социумның пайдакүнемдік-
қызметінің функциясына айналады, мұнда адам бейнесі білікті тұтынушы бейнесімен алмасады. 

56 
 
Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, ғаламдану процесі бірқатар проблемаларды: 
–  жасөспірімдер  ортасында  ксенофобия,  кемсіту  мінез-құлқы  мен  жауығушылықтың  туындауына  әкеліп 
соқтыратын балалардың жекелеген санаттарының этикалық, азаматтық-патриоттық, мәдени-эстетикалық тәрбие 
деңгейінің төмендеуін; 
–  көп  жағдайда  рухани-адамгершілік  және  ұлттық  құндылықтар  екінші  орынға  шығып  қалады.  Көптеген 
отбасылар мен мектептерде балалар ана тілінде қарым-қатынас жасамайды, өз халқының мәдениетімен аз таныс, 
ата-ананы  құрметтеу,  ата-аналардың  баласының  болашағы  үшін  жауапкершілігі  және  балалардың  ата-ана 
алдындағы борышы және т.б. дәстүрлі отбасылық құндылықтардың құнсыздануын; 
–  балалар  мен  оқушы  жастардың  батыс  мәдениетінің  құндылықтарына  қайта  бағдарлануы  өскелең  ұрпақтың 
адамгершілік  және  моральдық  болмысының  құлдырауына,  рухани  жұтаңдауына  әкеледі.  Балалар  мен 
жасөспірімдер арасында қайырымсыздыққа үгіттеу, темекі шегуге, алкоголь және есірткі пайдалануға, оқушылар 
арасында зорлыққа, жезөкшелікке бейімдеудің жүргізілуін; 
– оқушының жауапкершілігін және жасөспірімдер мен жоғары сынып оқушыларының кәсіби өзін-өзі анықтауын 
дамытудың жоғары әлеуеті − еңбек тәрбиесінің рөлінің төмендеуін; 
– денсаулық мәдениеті мен саламатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жүргізілген жұмыстың тиімсіздігін; 
– отбасының және қоғамдағы басқа әлеуметтік институттардың тәрбиелік әлеуетінің жеткіліксіздігін; 
– әлеуметтік жетімдік, суицид проблемаларын, іріткі салатын секталарға қатысуын және т.б. шиеленістіріп отыр. 
Қазақстан  Республикасы  Ішкі  істер  министрлігі  мәліметтері  бойынша  2013  жылы  жасөспірімдер 
арасындағы  қылмыс  барлық  жасалған  қылмыс  санының  9,6%  құрады.  Аймақтар  бойынша  жеке  қарастырсақ, 
қылмыстың  ең  жоғары  көрсеткіші  Алматы  қаласында,  Қарағанды,  Павлодар  және  Шығыс  Қазақстан 
облыстарында тіркелген. 
Жасөспірімдерді бейімдеу орталықтарында 4156 панасыз және  қараусыз  қалған бала орналастырылды. Құқық 
қорғау органдарының есебінде 12 мыңнан артық жағдайсыз отбасы тіркелген, оларда 20 мыңнан артық бала бар. 
Жыл сайын ата-ана құқығынан 800-ден астам ата-ана айрылады, ал балалар үйіне 2 мыңнан 3 мыңға дейін бала 
түседі. 
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы сарапшыларының мәліметтері бойынша қазақстандық жастардың өз 
мекен-жайын өзгертуге әзір болуының бірден бір себебі – төменгі табыс (17,7%), жұмыстағы қиындықтар (15,8%) 
және болашағынан үміт болмау (12,6%). Сауалға қатысқан респонденттердің 35,6% аймақтардан Астанаға немесе 
Алматыға қоныс аударғылары келеді. Ресейде тұрғысы келетіндер 17,1%, алыс шетелге көшкісі келетіндер 13,8% 
құрады. 
Балаларға қосымша білім беру жағдайы жақсартуды қажет етеді. Олардың материалдық жабдықталуы 60% 
ғана болыпотыр. 680 қосымша білім беру ұйымдарының тек 284 ғана ауылды жерлерде. 
Көптеген қызмет түрлері ақылы болғандықтан ол балалардың барлығы үшін қолжетімді болмай тұр. 
Мұндай жағдайдың бірден бір себебі – балаларды және оқушы жастарды рухани, адамгершілік, 
патриоттық дамыту болып табылатын тәрбиені әлеуметтік құбылыс ретінде және мақсатты процесс ретінде де 
жете бағаламау. Тәрбиенің өзі құндылықтар, қарым-қатынас, мінез-құлық, мораль және адамгершілік сияқты 
категориялармен анықталады. 
Сондай-ақ  тәрбие  бағдарламалары  мен  технологияларын  іске  асырудың  жаңа  тәсілдерін  енгізу 
механизмдерінің  өңделмегендігі,  педагогикалық  және  жетекші  мамандардың  жаңа  жағдайлардағы  тәрбие 
жұмысына даярлығының жеткіліксіздігі ықпал етеді. Сонымен, білім мазмұнын жаңарту жағдайында іс-әрекет 
стратегиясы  ретінде  басқару органдары  мен білім  беру ұйымдары  үшін өзінің білім беру-  тәрбие  кеңістігінде 
тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін дайындау мен енгізудің объективті алғышарттары қалыптасты. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  «Қазақстан жолы  — 2050: «Бір мақсат, бір 
мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілгендей, егеменді дамудың 25 жылында барша 
қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. 
Жолдауда бұл құндылықтар аталған: Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы; қоғамымыздағы ұлттық 
бірлік, бейбітшілік пен келісім; зайырлы қоғам және жоғары руханият; индустрияландыру мен инновацияларға 
негізделген  экономикалық  өсім;  Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамы;  тарихтың,  мәдениет  пен  тілдің  ортақтығы; 
еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. 
Президент  сондай-ақ,  белсенді,  білімді  және  дені  сау  азаматтар  қалыптастыру,  жаңа  қазақстандық 
мәдениетті дамытуға жаңа серпін беру міндетін қойды. 2020 жылғы қазақстандық жастарды патриот, білімді, дені 
сау, жауапкершілікті және жігерлі, инновациялық экономика жағдайында табысты жұмыс жасайтын, қазақ, орыс 
және ағылшын тілдерін меңгерген, қазақ халқының құндылықтары мен мәдениетін бойына сіңірген, толерантты, 
әлемде танымал және құрметті тұлға ретінде көреміз. 
Тәрбиенің  тұжырымдамалық  негіздері  Жаңа  Қазақстандық  патриотизмнің  идеялық  негізі  болып 
табылатын осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтар ескеріле отыра құрастырылады. 
Қазақстандық  қоғамның  Мәңгілік  елге  бағытталуы  жағдайындағы  тәрбиенің  тұжырымдамалық  негіздері  жас 
ұрпақты тәуелсіз Қазақстанның даму тарихының субъектісі ретінде, өзгерістердің бірыңғай маңызды факторы 
ретінде, жаңа идеялар мен бағдарламаларды тасымалдаушы ретінде, ерекше түрдегі әлеуметтік құндылық ретінде 
қабылдау миссиясын атқарады. 
Жалпы  дүниежүзілік  тәрбие  жүйесінің  зерттеуі  мен  талдауы  тәрбие  мақсаттары,  мазмұны,  әдістері, 
нәтижелері мен қоғамдық құндылықтары өзара тіке байланысты екенін көрсетіп отыр. 

57 
 
Кейбір  дәстүрлі  тәрбие  жүйелері  алуантүрлі  және  бірегей  бола  тұра:  мұсылмандық  (Египет,  Иран,  Кувейт), 
еуропалық (Англия, Аустрия, Швеция, Финляндия), азиялық (Жапония, Корея, Индия), американдық − олардың 
барлығына дамудың күшті жақтарымен қатар, әлсіз жақтары да тән. 
Заманауи әлемдегі ең дамыған елдердің бірі – АҚШ-да − өз Отанына деген махаббатты тәрбиелеу мәселесі 
мемлекеттіктің  белгілерін  және  нышандарын  оқытудан басталады.  АҚШ Үкіметі қоғамның идеялық бірігуіне 
көп көңіл бөле бастады. Германияда арнайы қабылданған заңдармен өнегесіз баспа өнімдерін, аудио- және бейне 
жазбаларды, иллюстрацияларды, зұлымдық пен қатыгездік, қылмыс пен нәсілдік жеккөрушілік ниетін оятатын 
фильмдерді шығаруға және таратуға тыйым салынған. АҚШ, Германия, Аустрия, Швецияда 18 жасқа дейінгі жас 
адамдардың моральдық және дене қауіпсіздігі үшін ресторандарда, кафе, ойын залдарында, кинотеатрларда болу 
уақыты заңмен шектелген. 
Отбасылық тәрбиенің мұсылмандық дәстүрлері сүйіспеншілікке негізделген биліктен; өзіндік тәртіп пен 
жауапкершілікті  біртіндеп  арттырудан;  бала  мүддесін  ескеретін  ата-ана  басқаруынан;  отбасы  мүшелерінің 
әрқайсысының адамгершілік сезімін құрметтеуден; мақтау мен жазалауды әділ қолданудан тұрады. 
Азиялық тәрбие моделінің артықшылығы – ұжымшылдықтың, еңбексүйгіштіктің, тәртіптіліктің және әлеуметтік 
бағыныштылықтың жоғары деңгейі, ал, кемшілігі – төмен жеке бас жауапкершілік, сенімсіздік, дербестігін басу. 
Британдық,  сол  сияқты  финдік  тәрбие  жүйелері  тұлғаның  дербес  дамуын  және  оның  социумдағы 
корпоративтілігін теңгеруімен ерекшеленеді. 
Қазақстандық  білім  беру  жүйесінің  ерекшеліктерін  ескере  отыра,  біздің  жалпықазақстандық  ортақ 
шаңырағымыз «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясына негізделген «Тәрбиенің құндылықты моделі» ұсынылады. 
Мәңгілік  Ел  –  бұл  біздің  Қазақстан  халқы  ұрпақтарының  алдындағы  жауапкершілік,  әлемдегі  бәсекеге 
қабілетті  30 мемлекеттің қатарына ену мәртебесі  белгіленген және  бұйырған  лайықты  және  ұлы  Қазақстанды 
дамытудағы біздің стратегиямыз. Біздің Мәңгілік Елді жасауымыздың басы тәрбиенің жаңа құндылықты моделі 
болып  табылады,  себебі  білім  беруде  басқа  саладағы  сияқты  барлық  халықпен  бірге  ел  тағдырын  жасайтын 
балалар мен жастарды тәрбиелеу мен оқытуда еліктеуге лайық үлгі қажет. 
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің мақсаттары мен міндеттерін іске асыруда тәрбие жұмысының 
басым бағыттары анықталды: 
· жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие 
·рухани-адамгершілік тәрбие 
· ұлттық тәрбие 
· зияткерлік тәрбие 
· еңбек тәрбиесі және кәсіби өзін-өзі анықтау 
· дене және психологиялық тәрбие, саламатты өмір салты 
·экологиялық тәрбие 
·көпмәдениетті тәрбие 
·көркем-эстетикалық тәрбие 
·көшбасшылық қасиеттерд ідамыту 
· отбасы тәрбиесі 
Бүгінгі  таңда  көркем  шығарма  арқылы  оқушыларға  патриоттық  тәрбие  беруді  жетілдіру  төмендегідей 
болады: 
 - Оқушыларға патриоттық тәрбие беруде көркем шығарма материалдарын оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың 
жүйелі әдістемелік кешенін жетілдіру
 -  Оқушыларға  патриоттық  тәрбие  беруде  оқу-тәрбие  процесінде  көркем  шығарма  материалдарын  жүйелі 
пайдалану және сыныптан тыс өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру, оларды дамыту; 
 -  көркем  шығарма  материалдарын  оқу-тәрбие  үрдісінде  пайдалануға  байланысты  үлгілі  ұстаздардың  озық 
тәжірибелерін  кеңінен  насихаттау  үшін  бастауыш  сынып  мұғалімдерімен  семинарлар,  тренигтер  өткізіп, 
әдістемелік кеңестер ұйымдастырып, ашық сабақтар өткізу. 
Патриоттық сананы қалыптастыру тек қана шара ұйымдастырып, жиын өткізумен шектеліп қалмауы тиіс. 
Бұл  бағытта  атқарылатын  жұмыс  білім  беру  ұйымдарында  оқу-тәрбие  процесінің  ең  өзектісі,  ең  маңыздысы 
болып белгіленуі қажет.  
Қазақстанда  патриоттық  тәрбиенің  біртұтас  жүйесі  жасалып,  әсіресе  қазақстандық  патриотизмді 
қалыптастырудың рөлі шынайы бағалануы тиіс.  
«Адамға  ең  бірінші  білім  емес,  тәрбие  берілуі  керек,  тәрбиесіз  берілген  білім  –адамзаттың  қас  жауы, 
келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі.» деген болатын Әл-Фараби. Жас ұрпақтың саналы, тәрбиелі болып 
өсуі тәрбие жұмысының азаматтық, патриоттық, саяси, еңбек, құқықтық, адамгершілік, эстетикалық,отбасылық 
түрлері арқылы іске асырылады. Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңінде, бұл кезең ақпараттық 
кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық - коммуникативтік технологиялар - 
педагогтар  қызметінің  барлық  салаларына  кірігіп,  оның  табиғи  ортасына  айналып  отыр.  Біздің  руханилықтан 
ажырап қалмауымыз үшін әдебиеттен, көркем шығармадан қол үзіп қалмауымыз керек. Әдебиет-өмір оқулығы, 
әдебиет  –  адамтану  ғылымы,  әдебиет  –ұлылардың  сөзі  дейді  аталарымыз,  олай  болса  өмір  оқулығынан  да, 
адамтану мәселесінен де, ұлылардың сөзінен де алшақтап қалмай рухани жұтаңдыққа бой алдырмайық. Қалай 
болған  күнде  де  біз  ертеңгі  күні  Қазақстан  Республикасының  мүддесін  қорғайтын,  ұрпақтар  арасындағы 
ынтымақ,  достықты  нығайтатын,  әдептілік  әліппесін  меңгерген,  әдемілік  пен  әсемдікті  бағалай  білетін,  елін, 
жерін, халқын сүйетін, жат әдеттен аулақ , денсаулығы мықты адами –рухани бай тұлғаны көргіміз келеді. Білім 

58 
 
ұйымдарының  қазіргі басты міндеті-  оқушылардың рухани  –  патриоттық қасиеттерін қалыптастырып,  оларды 
дербес өмір сүруге үйрету болса, мемлекеттегі білім берудің басты мақсаты  – экономикалық ойлауы дамыған, 
жалпы азаматтық құндылықтарды меңгере алатын, икемді жасты қалыптастыру. Рухани –патриоттық қасиеттерді 
бойға сіңіруде белгілі педагог К.Д. Ушинский айтқандай «баланы жан-жақты білу керек», яғни санаға ұлттық 
намысты, діліңді,  тіліңді,  салауаттылығыңды сіңіруде отбасы мен  педагогикалық іс-әрекеттің,  психологиялық 
қызметтің тығыз байланыста болатындығы айқын нәрсе. Қоршаған орта әсер ететін, білім беру ұйымдарындағы 
араласатын орта бейімдейтін өзіндік тәрбие баспалдағы да, түсіндірілетін ғылым саласының ілімдерінің де алар 
орны ерекше екендігі сөзсіз. Бұл жерде барлығы жиналып тәрбие орны мен тәлім берер қызметкердің білім шыңы 
шырқау,  өресі  биік,  күнделікті  өзгеріп  жататын  өмір  өткелдерінің  талаптарына  сай,  түпкі  тарихтың  тізбек 
жолдарынан тиянақты тәлімі бар, ғұламалар айтқан, жазған ғажайып дүниелерден мақұрым емес, дүниетанудағы 
бай  әдебиет  қорынан  алтын  қоржынынан  сусындайтын  болса  ғана  оның  тәлімінен  жан-жақты,  құзіреттілігі 
жоғары,  рухы  биік,  патриоттық  сезімі  жалындаған,  рухани  жандүниесі  терең  ұрпақ  өсері  сөзсіз.  Осы  орайда 
айтыла кетер тағы да бір нәрсе, ол, білім ордаларындағы ақпараттық жиынтықтардың негізгі түбірі бола білетін 
кітапхана  жұмысының  атқарар  жүгі.  Саяси  сананы  қалыптастыратын,  ғылыми,  кәсіби,  мәдени  дәрежесінің 
дамуына  әсер  әлеуметтік  орын  –кітапханада  –  оқырманға  кітапханашы  белгілі  бір  жүйесіз,  мақсатсыз,  тек 
интернет  желілерінің  желісімен  кететіндерге  білім  саласы  бойынша  дұрыс  бағыт  –бағдар  берсе,  классикалық 
әдебиеттердің  әсеріне  енгізе  білсе,  таным  кеңістігінің  дара  жолын  таңдауына  көмектесе  білсе  нұр  үстіне  нұр 
болар еді демекпін. Өйткені, кәсіби білімі терең, жаңа заманның сараптамаларын санасына сіңірген кітапханашы 
–  ол  тек  маман  ғана  емес,  ол-библиограф,  педагог,  тәрбиеші,  алдына  келген  адамның  жандүниесін  түсінуге 
тырысатын дос, егер де өмірден түйгені мол болса психолог та. Сондықтан олар –ойлау қабілетін қалай дамытуға 
болады,  қандай  нәрсеге  қызығушылығын  оятуға  әсер  ете  алады,  қандай  ғылым  саласына  икемі  бар,  зерделік 
талғамы қандай деңгейде екендігіне тек психолог маман емес кітапханашы да жауап бере алады және осындай 
өзекті мәселелер оларды да ойлантады. Жалпы тәрбие беру жұмысын халықтық тәрбие мен ұштастыру арқылы 
мынадай нәтижеге қол жеткізуге болады:  
-
 
халықтық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды бағалауға
-
 
ұлтымыздың әдебиетін, мәдениетін, тілін сүюге; 
-
 
әр адамның рухани дүниесін байыта түсуге; 
-
 
халқымыздың тарихын білуге, қастерлеуге; 
-
 
патриоттық сезімді қалыптастыруға;  
-
 
ұлттық құндылықтарды сақтауға, дәріптеуге. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет