ТАҚырыбындағы облыстық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



Pdf көрінісі
бет12/39
Дата12.03.2017
өлшемі3,11 Mb.
#8854
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39

Пайдаланған әдебиеттер: 
1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан 2050» Қазақстан халқына жолдауы. Астана.2014. 
2.Назарбаев  Н.Ә.  «Қазақстан  жолы-2050:  бір  мақсат,бір  мүдде,  бір  болашақ»  Қазақстан  халқына  жолдауы. 
Астана.2015. 
3.Назарбаев Н.Ә. «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына жолдауы. Астана.2015. 
4.Н.Ә.Назарбаев «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласы. Ақорда. 6 қаңтар. 2016. 
5. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлт жоспары -100 нақты қадам» 
6.«Мәңгілік  ел»  құндылықтары  негізінде  мектеп  мұражай  қызметінде  патриоттық  тәрбие  беру»:әдістемелік 
құрал/ құраст: Қаплиева А.Қ., Жапақова Г.К, – Ақтөбе: ПҚБАИ, 2016, – 60б. 
7. Аладьина Т. Наши приоритетные раритеты: Культура//Экспресс-К.-2008. - 1 декабрь. 
 
 
МӘҢГІЛІК ЕЛ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ — ЖАСАМПАЗ ЕЛІМІЗДІҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ 
 
Тобылбаев Еркін Теміржанұлы, 
 №55 жалпы орта білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімі 
 
 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: «Бір мақсат, бір мүдде, 
бір  болашақ»  Қазақстан  халқына  Жолдауында  жаңа  жүйеқұраушы  «Мәңгілік  Ел»  құндылығын  жалпыұлттық 
патриоттық идеясы ретінде ұсынды.  
 Қазақстандық  жолдың  ортақ  мақсаты,  мүддесі,  болашағы  қандай  қорытындымен  түйінделетінін,  ең  бастысы 
қандай ел құрумен тиянақталатынын жан-жақты, диалектикалық қисынмен ашып берді, ел тарихындағы біз аяқ 
басатын жаңа дәуірдің кемел келбетін сомдады. «Мен, – деді Н.Назарбаев, – қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы 
қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, 
ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы». 
 550 жыл бұрын Жәнібек пен Керей құрған Қазақ хандығы алғаш рет өз атауында халық этнонимі бекітілді. Қазақ 
халқының тәуелсіздік үшін көп ғасырлық күрес жолында ұлы жеңістер мен ауыр жеңілістер болды. Осы үздіксіз 
күрестің  тарихи  тәжірибесі  «Мәңгілік  Ел»  өзекті  идеясының  маңыздылығын  –  халық  бірлігін  дәлелдейді. 
Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың заманауи қазақстандық 
мемлекет  құрудағы  сіңірген  тарихи  еңбегіне  ешкімнің  таласы  жоқ.  Күшті  қайраты  мен  стратегиялық 
көріпкелдігінің  арқасында  Қазақстан  заңды  ресімделген  шекарасы  бар,  жемісті,  тұрақты,  беделді  мемлекетке 
айналды. 

59 
 
Ұрпақ тәрбиесі — ертең елдің игілігіне қызмет ететін жастар тәрбиесі. Болашақ қоғам иелерін жан-жақты, 
ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің борышымыз болып табылады. 
Егемен  еліміздің  идеялық  мақсат-мұраты  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан  –  2030» 
бағдарламасында  көрсетiлгендей…  қазақстандық  патриотизмге  негiзделуi  керек».  Ал  патриотизм  туған 
халқының асыл мұрасына деген құрметтен, тарихы мен тіліне деген сүйіспеншіліктен басталады.  
Ел  ертеңі-білімді  де  тәрбиелі  ұрпақ.  Ұрпағымыз  тәрбиелі,  білімді,  саналы  болған  жағдайда  ғана  еліміз 
көркейіп, «Мәңгілік ел» мұратына ұласпақ. 
 Патриотизмнің  функцияларының  ішіндегі  басты  қызметі  социоинтегративтілік,  яғни,  ұлттық 
ынтымақтаса бірігушілік бүгінгі әлемдік прогресс пен тарихи дамудың диалектикасын орнықтырады. Осыны жіті 
пайымдаған  елбасы  –  патриоттық  тәрбиені  қалыптастыруға  баса  көңіл  бөліп,  оның  тарихи  сана  арқылы 
құрылатын  қырына  да  мән  береді:  «Біз  тарихи  жадымызды  жаңғырту  арқылы  ұлттық  мақтаныш  сезімін, 
қазақстандық патриоттық сезімін орнықтырамыз».  
  Патриоттық  тәрбие  тұлғалардың  әлеуметтік  сезімі  мен  саяси,  моральдық  принциптерді  біріктіретін 
неғұрлым  кең  ұғым.  Патриоттық  тәрбиенің  мазмұны  мәдени-тарихи,  әлеуметтік-саяси,  психо-педагогикалық, 
әскери-техникалық, рухани-құлықтылық және физикалық компоненттерді біріктіреді. 
 Патриоттық тәрбиені қалыптастырудың географиялық орта факторын оның адамгершілік тәрбиесімен де 
ұштастыратын  пікірлерді мысалға алуға  болады:  «Сары даланы өмір сахнасы етіп, ат үстінде айшылық жерге 
сапар шегетін қазақтың жолшыбай ұшырасқан адаммен туысындай шұрқырасып табысып, жолшыбай кездескен 
ауылға өз үйіндей еркінсіп түсуі, ең алдымен сол далада тіршілік құрудың кепілі болған. Сондықтан да бұл далада 
адам  жатсынбау,  бауырмал  болу  –  көшпенді  өмір  салтының  бұлжымас  заңына,  бұзылмас  әдет-ғұрпына 
айналған». Ұлтымыздың тұрмыс – салтынан, тыныс- тіршілігінен туған әдет – ғұрып, дәстүрлері ғасырлар бойы 
қалыптасып,  адамгершілік,  тазалық,  тәрбие  қағидалары  іспетті.  Олар  уақыт  өткен  сайын  жаңғырып,  жаңа 
қырынан ашылып, жас ұрпақ үшін ғибраты молая бермек. 
Адамдардың рухани жетiлуiнде де дiн мен философияны салыстырған әл-Фараби, философия дәлелдеудi, 
дiн сенудi қажет етедi, бiрақ екеуi де адамдардың ақиқатқа жету жолына көмек бере алады дейдi. Философия мен 
дiндi, әсiресе этиканы жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкiндiк беретiн ғылым ретiнде қараған ол, адам 
баласын  жаратылыстың  ең  құндылығы,  сондықтан  да  адамдар  арасындағы  өзара  құрмет  пен  мейiрбандықты, 
сыйластықты жоғары қояды. 
Адамның шын бақытқа қол жеткiзу тек осы дүниеде ғана мүмкiн екендiгiне  назар аударған әл-Фараби, 
адамдар өзiн-өзi жетiлдiруi және қиындықтан қашпауы тиiс дейдi. Оның айтуынша, адам өмiрiндегi «жақсылық» 
пен «жамандық» құдайдан емес, адамдардың күнделiктi белсендi әрекетiне ғана байланысты. Адамның табиғи 
қабiлетi жақсы әдеттi де, жаман әдеттi де iстеуге бiрдей мүмкiндiк бередi, ал оны таңдау адамның iзгiлiктi мiнез-
құлқына  келiп  тiреледi.  Сондықтан  да  адамның  жақсы  iстерге  үйiр  болуы  оның  мiнез-құлықтық  жетiлуiне  де 
тәуелдi. 
Жауапкершілігі  мол  тәрбие  жұмысы  терең  тамырымыз  –  қазақ  халқының  ұлттық  мұрасына  негізделуі 
керек.  Халықтық  педагогика  отбасы  тәрбиесінен  бастау  алады.  «Отан  отбасынан  басталады»  дейді  дана 
халқымыз.  Отбасындағы  тағылымнан  мөлдір  тұма  бұлақтай  бастау  алған,  ел-жұрт,  ауыл-аймақ,  тіпті  бүкіл 
халықтық қарым қатынастан берік орын алған тәлім-тәрбиенің түрі. Демек, халық педагогикасы қоғам дамуының 
барлық сатыларынан өтіп, тәжірибеде жүйеленіп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің 
қайнар көзі, алтын діңгегі болып келгені анық. 
 Басты мақсаттан бастау алып, заманауи қажеттілікке сай мүдде іле-шала іске қосылып жатса, мемлекет 
те,  азаматтары  да  кемелденеді.  Шын  мағынасында  бүгінгі  өмірге  нұрын  сеуіп,  болашаққа  сенімді  арттырады. 
Бірақ оларды кемеңгерлікпен тани  да,  таба да  білу  керек.  Ұлы  ізденіс  қана  ұлы  серпіліске  негіз  қалай алады. 
Осының  тамаша  үлгісі  –  Елбасының  халыққа  арнаған  Жолдауы.  Бұл  Жолдау  әлденеше  ғылым  саласында, 
қоғамдық пікірде толғағы әбден піскен мегасұрақтың жауабын жайып салды, санамен танымды дүр сілкіндірді. 
Ендігі тілегіміз - жиырма бес жыл болған тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай. 
 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1. Жұмабеков А.Қ. Түркі халықтарының жазба мұраларындағы педагогикалық ой-пікірлер (ҮІ-ҮІІІ ғғ.): пед. ғыл. 
канд. дисс:13.00.01-Шымкент, 2004.–132 б. 
2.Ш.Елеукенов, Замандас парасаты. Әдеби сын. Алматы: Санат, 1977 ж. 
3.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси 
бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы  
 
 
АТА – БАБА АҢСАҒАН МӘҢГІЛІК ЕЛ 
 
Тойжанова Л. У., 
Елек орта мектебінің география пәнінің мұғалімі  
 
Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 25 жыл толады. Байлығымыз да, бақытымыз да 
болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. 

60 
 
Қазіргі ақпараттың дамыған қоғамында болып жатқан түрлі өзгерістер мен жаңашылдықтар еліміздің білім 
беру жүйесіне де тың ізденістерді енгізіп отыр. «Жаһандық дағдарыстың жалғасуының әсерінен әлемде болып 
жатқан өзгерістер бізді үрейлендірмейді. Біз оларға дайынбыз. Біздің ендігі міндетіміз – егемендік жылдары қол 
жеткізгеннің  барлығын  сақтай  отырып,  ХХІ  ғасырда  орнықты  дамуды  жалғастыру»,-  деп  Елбасымыздың 
Жолдауында  айтылғандай,  еліміз  қай  салада  болмасын  қарқынды  дамып,  әлемдік  кеңістікке  қарыштай  қадам 
басып, еркін қанат сермеуде алдыңғы уақытта да жалғастыра беретін боламыз», - деген еді [1].  
Жаһандану  жағдайында  қоғамдық  өмірдің  тідік  саласы  елеулі  өзгерістерге  бейім.  Оны  саяси, 
экономикалық және мәдени жүйелерінің ауысу қарқыны мен сипаты, басым жағдайда, әрбір жеке алынған ел 
үшін ерекше тілдік, этно-мәдени, әлеуметтік және өзге де нақты-тарихи жағдайларға байланысты болатынымен 
түсіндіруге болады.  
Қазақстанның  тілдік  ахуалына  қатысты  мәселе  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  «Мәңгілік  ел» 
ұлттық идеясында нақты көрсетілген. Елдің және оның азаматтарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету 
мақсатымен «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңімен іске асыру ұсынылған, оған сәйкес үш тілді 
дамыту қажет: мемлекеттік тіл ретінде – қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде – орыс тілін және жаһандық 
экономикаға табысты кірігу тілі ретінде – ағылшын тілін. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы Президенттің Қазақстан 
халқына арнаған соңғы екі Жолдауында: 1) «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін жасау және қабылдау туралы сөз 
болған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» (17 қаңтар, 2014 ж.). Мемлекет басшысы 
«Мәңгілік Елді» ұлттық идея деп атай отырып, барша қазақстандықтарды «Қазақстан – 2050» Стратегиясының 
негізгі  бағыттарын  жүзеге  асыру  бойынша  жұмыстарға  өз  жұмыс  орнында  белсене  атсалысуға  шақырды;  2) 
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы тек «Қазақстан - 2050» Стратегиясының идеялық тұғырнамасы ғана емес, 
ХХІ ғасырдағы Қазақ мемлекеті қалыптасуының мызғымас идеялық негізіне айналуы керек екендігі туралы сөз 
болған  «Нұрлы  жол  –  болашаққа  жолдауы» (11 қараша, 2014 ж.) [2].«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негізгі 
стратегиялық  бағыттарына  сәйкес  қоғам  сұранысына  сай  ұлттық  сана-сезімі  жоғары  деңгейде  қалыптасқан 
кадрларды дайындау саласында үштілділік білім беруді өзектілігі артып келеді. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының 
халық дәстүрі мен отандық мүдде туралы толық түсінікті қалыптастыратын, әлеуметтік-мәдени кеңістіктегі қазақ 
болмысының мән-мағынасын ашып беретін, атамекенде еркін де бірдей өмір сүретін адамдардың ішкі рухани 
және қоғамдық өмірін айқындайтын ұстанымдар құрайды. Бұл нысан қазақ елін тұлғалық, ұлттық, мeмлeкeттік, 
қоғамдық  құндылықтармен  толықтыруды  міндет  тұтады.  «Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясы  ұстанымдарының 
құндылығы: ұлыс пен ұлттың қалыптасуы контекстінде қазақ халқының өткен жолын жүйелі жете ұғыну; тарихи 
және  әлеуметтік  контексте  қазақ  мәдениетінің  даму  кезеңдерін  әдіснамалық  қорытындылау;  қазақ  халқының 
қоғамдағы және адамзаттық өркениеттегі орны мен рөлін айқындау. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде қазақ 
тілінің  дамуы  және  тілдердің  үш  тұғырлылығы  жауапкершілікті  тіл  саясаты  қазақ  ұлтын  біріктіруші  басты 
факторлардың бірі болып табылады. 
«Мәңгілік  Ел»  идеясын  жүзеге  асыруда  ұлт  зиялыларына  да  жүктелер  міндет  өте  ауыр.  Сол  зиялы 
қауымның бірі - ұстаздар. Ұрпақтың жұлдызын жағып, мәртебесін биіктететін де, тағылымын қалыптастырып, 
танымын  кеңейтетін  де  –  білім.  Ілім  мен  ғылым  -  бұл  қоғамдық  мүдде.  Өркениеттің  өлшемі  де,  мемлекеттің 
келешегі де қашан да қоғамдағы білім деңгейіне тәуелді. 
 Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз және оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту керек.  
Биылғы жылғы Елбасының дәстүрлі Жолдауынан кейін тіл саясатында да біраз тың өзгерістер орын алды. 
Атап  айтқанда,  ұлттық  терминологияны  дамыту,  мемлекеттік  тілдің  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру 
тұжырымдамасын  әзірлеу,  ағылшын  тілін  үйретудің  курстарын  ашу,  мемлекеттік  қызметке  қабылданатын 
үміткерлерге  мемлекеттік  тілден  тест  тапсыру,  қолданыстағы  тіл  туралы  заңнамаларға  “Тілдердің 
үштұғырлығы”, дәлірек айтқанда – үш тілдің бірлігі бойынша өзгерістер енгізу және тағы басқалар. “Үш тілдің 
бірлігі”  мәдени  жобасы  –  үш  тілді,  қазақ,  орыс  және  ағылшын  тілдерін  Қазақстан  азаматтарының  бірдей 
меңгеруін  меңзегенімен,  бұның  түпкі  негізі,  көздеген  мақсаты  –  мемлекеттік  қазақ  тілінің  халықаралық 
қолданыстағы орыс, ағылшын тілдерімен терезесін теңестіріп, әлемдік деңгейге көтеріп, жаһан тілдерімен тең 
қолданылатын  биікке  жеткізу.  Қандай  мемлекет  болмасын  оның,  ең  әуелі  мән  беріп,  ұлықтайтын  тілі,  әрине, 
мемлекеттік тілі. Өйткені, мемлекеттік тіл әлемдік қауымдастықтағы мемлекеттердің сипатты белгілерінің бірі, 
ұлттық саясатының көрсеткіші.  
«Үштілділік - нақты тұлға, ұжым, халықтың белгілі бір қоғамда қарым-қатынас үдерісінде қажет болған 
жағдайда  үш  түрлі  тілді  алма-кезек  қолдану  құбылысы»,-  Б.  Хасанұлы  анықтама  бергендей,  бүгінде  оны 
қолдануға жан-жақты күш салынуда.  
Бұл жағдайда біз басты назарды нақты мәдени жобаның педагогикалық құрамдасына түсіреміз, ал ол болса 
толық көлемінде білімнің көптілділігін білдіре алады. Қазақстандағы тілдік ахуал айналасындағы пікірталастың 
белсенуі оның үйреншікті болған қостілділігіне емес, атап айтқанда тілдік білімнің жаңа межелерін білдіретін 
көптілділікке байланысты. Бұл межелер, ең алдымен, педагогикалық терминологияның білімнің көптілділігінің 
мәні келесідей ұғымдарды ашуына, байытылуына байланысты:  
- тілдік білім – қазіргі заманның барлық тілдері (туыс және туыс емес) және мәдениеті аясындағы білім 
(Н.Д. Гальскова, Н.И. Гез);  
 - шет тілдік білім – жеке тұлғаны тілді және мәдениетті қатар өзара байланыстырып зерделеумен шет тілі 
құралдарымен жеке тұлғаны дамыту (С.С. Кунанбаева);  

61 
 
-  тілдік  көпмәдениетті  білім  –  шет  тілі  құралдарымен  қазіргі  заманғы  ана  тілі  және  зерттеліп  отырған 
тілдердің  көпмәдениетті  қоғамдастықтарында  мәдениеттердің  қатар  және  өзара  дамуының  нормасы  ретінде 
мәдени көптүрлілік туралы түсініктерін қалыптастыру (П.В.Сысоев);  
-  көптілді  білім  –  көптілді  жеке  тұлғаны  қалыптастыруда  үш  және  одан  астам  тілдерді  қатар  меңгеруге 
негізделген мақсатты үрдіс (Б.А.Жетписбаева);  
-  тілдік  тұлға  –  құрылымдық-тілдік  күрделілігімен,  шынайылықты  бейнелеудегі  терең  ойымен  және 
дәлдігімен, белгілі бір мақсатқа бағынуы дәрежесімен ерекшеленетін тілдік туындыларды (мәтіндерді) тудыру 
және қабылдауы шарт болатын адамның қабілеттері мен сипаттамаларының жиынтығы (Ю.Н. Караулов);  
- екінші тілдік тұлға – адамның мәдениетаралық деңгейде қатынас құру қабілеті (И.И. Халеева);  
- көптілді тұлға – бірнеше тілдің иесі: ана тілінің, тұрғын әлеуметінде қолданыста жүрген тілдердің; бір 
немесе бірнеше шет тілінің (Б.А.Жетписбаева) [3].  
Қорыта  айтатын  болсақ,  көптілді  білім  беру  аясында  үштілді  меңгеру  тәжірибесін  жинақтап,  әлемдік 
деңгейде  көтерілуіміз  керек.  Бұл  оқушылардың  халықаралық  жобаларға  қатысуын  кеңейту,  шетелдік 
әріптестермен ғылыми байланыстарын нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік 
береді. Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық 
рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие қажет деген ойдамын.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  Назарбаев  Н.Ә.  «Қазақстан  жолы-2050:  бір  мақсат,бір  мүдде,  бір  болашақ»  Қазақстан  халқына  жолдауы. 
Астана. 2015.  
2. Назарбаев Н.Ә. «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына жолдауы. Астана. 2015.  
3. Садықов Т.С., Әбiлқасымова А.Е. Жоғары мектепте бiлiм берудiң дидактикалық негiздерi. -Алматы: Ғылым, 
2003.- 168 б.  
4. Исмагилова Л.Р. Полилингвизм как компонент экономической культуры. дис., канд.соц.наук. Казан.гос.фин-
экон. Институт, Казань, 2005. 
 
 
ТӘУЕЛСІЗДІК - БАСТЫ ТҰҒЫРЫМЫЗ 
 
Турсынбекова Х.Х., 
Әйтеке би ауданы, М. Жұмабаев атындағы орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі 
 
 Тәуелсіздік... Осы сөзді естігенде иісі қазақ азаматының кеудесін қуаныш кернейтіні сөзсіз, әрбір қазақ 
баласының  жүрегінде  үлкен  сезім  орнайды.  Себебі,  сонау  бір  кезеңдерде  қазақ  халқы  үшін  қымбатқа  түскен, 
ғасырлар  бойы  ата-бабаларымыздың  аңсаған  арманы  болған  осы  тәуелсіздік  еді.  Біз  бұл  кезеңді  көрмесек  те, 
қазақтың  таңғажайып  тарихын,  деректерін  оқу  арқылы  білеміз.  Бұл  қол  жетпес  бақытқа  жету  жолында  Алаш 
ардақтыларының басын бәйгеге тіккені, әсіресе 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына қатысқан қайсар аға-
апаларымыздың ұмытылмас ерліктері көз алдымызға елестейді. 
 Жер  бетіндегі  қарапайым  тірі  жандарға  зер  салсақ  та,  олардың  өз  бетімен  ешкімге  бағынышсыз  тіршілік  етіп 
жатқанын байқаймыз, тіпті көк байрағымыздың символы болған қыран құс та аспанда еркін самғағысы келеді 
емес пе!  
 Әлемде екі жүз қырыққа жуық мемлекет болғанымен, оның ішінде күні бүгінге дейін басқа мемлекетке 
бағынышты  өмір  кешіп,  тәуелсіздігін  алмағаны  қаншама!  Қазіргі  таңда  Қазақстан  -  егемендігін  алған  жас 
мемлекет,  алайда,  оның  үш  мың  жылдық  тарихы  бар  қасиетті  ел  екенін  біреу  білсе,  біреу  біле  бермейді.  Сол 
уақыттан бері  қазақ  халқы  егеменді ел боламыз деп  талай  тар жол  тайғақ  кешті,  сондықтан мен  тәуелсіздікті 
таусылмас тарих деп білемін. 
 Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының 
жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет 
ретінде әлемге танылды. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің 
ежелгі жерінде қилы кезеңді бастап кешу арқылы қол жеткен өз мемлекттілігін құруға деген заңды құқығү бұл 
даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», — деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.  
 Осы  жылдар  ішінде  елімізде  қыруар  істер  атқарылды.  Атап  айтсақ  тарихи  жеріміздің  шекарасы 
халықаралық  шарттарға  сай  бекітілді.  Мемлекеттік  рәміздеріміз,  Ата  заңымыз,  ұлттық  валютамыз  және 
Сарыарқаның  кең  жазық  даласында  барша  елдің  өзінің  тез  көркейіп  өсуімен  таң  қалдырып,  жаңа  Астанамыз 
дүниеге  келді.  Әлемдік  қауымдастық  алдында  «Қазақстан  Республикасы»  деген  асқақ  рухты  ел  екендігін 
мойындаттық.  Ел  экономикасы  да  жылдан-жылға  нығайып,  мәдени,  рухани  даму  деңгейі  белеске  көтерілуде. 
Өзіне  тән  барлық  институттары  бар,  әлемдік  қауымдастықтың  ықпалды  мүшесі  болып  табылатын  тәуелсіз 
мемлекет құрылды.  
Жыл  сайынғы  ел  Президентінің  халыққа  арналған  Жолдаулары  мен  қабылданған  мемлекеттік 
бағдарламалар,  стратегиялық  бағыттардың  барлығы  да  қарапайым  халықтың  тұрмысын  жақсартып, 
тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталды. Елбасы өз Жолдауында ішкі саяси мен ұлттық қауіпсіздіктің 2020 жылға 
дейінгі негізгі мақсаттары қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту екенін атап өтті. 
Саяси  жүйені  жетілдіруде  құқықтық  реформаның  маңызды  рөл  атқарылатынын,  құқық  қорғау  жүйесін 

62 
 
реформалау бойынша құқық қорғау органдары функцияларындағы орын алған жағымсыз факторлардан, сондай-
ақ  құқық  қорғау  жүйесі  қызметіндегі  мөлдірлік  пен  бақылаудың  жоқтығынан  туындаған  проблемалардан 
арылудың қажеттігін атап көрсетті.  
 Елбасы өз Жолдауында құқық қорғау жүйесін реформалаудың бағыттарын көрсетіп берді, олар – құқық 
қорғау  жүйесін  оңтайландыру,  әрбір  мемлекеттік  органның  нақты  құзыретін  белгілеу,  заңдарды  ізгілендіре 
отырып сапасын арттыру, құқық қорғау жүйесінің қызметінде ішкі ведомстволық мүддеден азаматтардың құқық 
пен мемлекеттің мүддесін қорғауға ауыстыру. Парламенттік және қоғамдық қатал бақылауды қамтамасыз ету, 
құқық қорғау органының қызметінде есептілік пен бағалау жүйесін жетілдіру. Сондай-ақ, қазіргі күнде жүзеге 
асырылып отырған қамауға алу, үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолданудың сотқа берілуі 
азаматтардың  конституциялық  құқықтарының  сақталуының  кепілі  болып,  сот  жүйесінде  қолдануда  жақсы 
қорытындыларын көрсетуде.  
 Бүгінде біз де еліміздің тәуелсіздік алған  жылдарымен  қатар өсіп  келеміз,  яғни  тәуелсіздік атты өшпес 
ұғымның құрдасымыз десек қателеспеймін. Қазіргі жастар бақытты, себебі олар тәуелсіз елдің ұрпақтары.  
 Тәуелсіздік  оңайлықпен  келмеді.  Тәуелсіздік  жолында  қаншама  аға-апаларымыз  білектің  күшімен,  найзаның 
ұшымен,  соңғы  демі  қалғанша  туған  жерімізді  қорғап,  өз  еңбегін  аямады.  Қазіргі  таңда  біздер  қанатын  кеңге 
жайған егеменді елміз. Бізге аманат етіп қалдырған ұлы даланың қайсар азаматтарының арқасында бақытты өмір 
кешудеміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға 
әуен қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда.  
 Тәуелсіздік  туының  шарықтай  желбірегеніне  де,  міне,  25  жыл  толады.  Тоғыз  жолдың  торабындағы 
алпауыт  елдер  қатарындағы  алып  мемлекетімізді  әлем  жұртшылығы  құрметтейді.  Елбасымыз  Нұрсұлтан 
Әбішұлы  Назарбаев  та  Қазақстанның  25  жылда  биік  тұғырға  көтерілуіне  елеулі  үлес  қосты.  Ерен  еңбегімен 
Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай көшбасшымыздың болғанына да мақтанамын. Біз 
тәуелсіз елдің патриотымыз! 
 1991  жылы  КСРО  ыдырап,  Одақтың  құрамындағы  елдер  өз  алдарына  жеке  мемлекет  болып  жатты. 
Солардың  қатарында  Қазақстан  да  болды.  1991  жылы  16-желтоқсанда  Қазақстанның  Жоғарғы  Кеңесі 
“Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы 
елдердің  арасында  ең  соңғысы  болып  Тәуелсіздік  туралы  заңды  қабылдады.  Бұл  заң  1990  жылы  25-қазанда 
қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті. 
Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама 
Штаттары  мойындады,  екінші  болып  айдаһардай  айбарлы  Қытай,  сонан  соң  Ұлыбритания  мойындады.  Оның 
артынан  Моңғолия,  Франция,  Жапония,  Оңтүстік  Корея  және  Иран  Ислам  мемлекеті  мойындады.  Иран  — 
Қазақстанның  тәуелсіздігін  мойындаған  алғашқы  мұсылман  мемлекет.  Ал  “Тәуелсіздігімізді  ең  алғаш  болып 
бауырлас  Түркия  мемлекеті  мойындады”  деген  сөздің  ақиқат  еместігін  білгеніміз  жөн.  Түркия  алғаш  болып 
Қазақстанда  өз  елшілігін  ашты,  бірақ  тәуелсіздігімізді  мойындауда  он  жетінші  болды.  Бұл  деректі  еліміз 
Тәуелсіздік  алғаннан  кейін  Сыртқы  істер  министрінің  орынбасары  қызметін  атқарған,  елдің  сыртқы  саясат 
тұжырымдамасы  авторларының  бірі  болған  Вячеслав  Ғиззатов  келтірген.  ҚР  Сыртқы  Істер  министрлігінде 
тіркелген дипломатиялық құжаттарда Түркияның Қазақстан тәуелсіздігін ресми түрде мойындайтын протоколға 
1992 жылдың 2-наурызы күні қол қойғандығы көрсетілген. Алғашқы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, 
кейіннен басқа  да елдер мойындап  жатты. Осылайша  әлемдік саясат аренасында  «Қазақстан»  деген мемлекет 
қадам  басты.  Небары  бірнеше  аптаның  ішінде  әлемнің  көптеген  беделді  елдері  Қазақ  елінің  тәуелсіздігін 
мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды. 
 Тұңғыш  рет  қолымызға  тиген  тәуелсіздіктің  асыл  құсын  ұшырып  алмай  берік  ұстау  бүгінгі  ұрпақтың 
қолында. Сондықтан, егеменді еліміздің қазіргі өскелең ұрпақтарына тәуелсіздіктің тарихын тереңірек түсіндіру, 
қастерлете білу баршамыздың міндетіміз болуы тиіс.  
 Ешқандай  қиыншылық  көрмей  жүргенімде,  ата  -  анамның  жүздерінен  қуаныш  пен  шаттық  іздерін 
байқағанда, көкірегімді керіп «Тәуелсіз елдің патриотымын!»деп айта бергім келеді. Еліміздің бейбітшілігінің, 
тәуелсіздігінің арқасында күліп - ойнап, еркін білім алып жатқан ерікті елдің еркін ұланының бірімін! 
 Н. Ә. Назарбаев: «Алдымызда асу - асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар. Бел де талар, 
жел  де  беттен  қағар.  Бәріне  төзу  керек,  бәріне  көну  керек,  жас  ұрпақ!»-  деп  айтқандай,  біздер,  жас  ұрпақ, 
тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек. 
Бүгінгі  партада  отырған  оқушы  –  ертеңгі  азамат,  ел  патриоты.  Сол  азаматтардың  ең  бірінші  міндеті  –  өзінің 
тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші міндеті – сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз 
елдің патриоты екенін дәлелдеу.  
 Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған 
асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш. Еліміз 
тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. 
 Бүгін  Қазақстан  әлем  назарында,  өзінің  болашағынан  үлкен  үміт  күттіретін,  жері,  халқы  бай  ел.  Осы  жылдар 
ішінде  елімізде  қыруар  істер  атқарылды.  Жеріміздің  шекарасы  халықаралық  шарттарға  сай  бекітілді. 
Мемлекеттік рәміздеріміз, ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елді 
өзінің  тез  көркейіп  өсуімен  таңқалдырып,  жаңа  астанамыз  дүниеге  келді.  Әлемдік  қауымдастық  алдында 
«Қазақстан  Республикасы»  деген  асқақ  рухты  ел  екенін  мойындаттық.  Ел  экономикасы  да  жылдан-жылға 
ұлғайып мәдени, рухани даму деңгейіне көтерілуде. Өзіне тән барлық рухани, мәдени қасиеттері бар, әлемдік 
қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын тәуелсіз мемлекет құралды. 

63 
 
Қазақстан  ынтымақтастық  пен  бірліктің  нышанындай  жарқырап  тұр.  Алтайдан  Атырауға,  Арқадан  Алатауға 
дейін созылған қазақ даласында ынтымақтастық атты туды биікке көтеріп өзге ұлт өкілдері де мекендейді. 
Кең байтақ даламыз Еуразия материгінің екі бөлігін түйістіре отырып көлемді аумақта орналасқан. Туған жеріміз 
Каспий мен Еділ бойы жазықтарынан шығыста таулы Алтайға дейін, солтүстігінде Ресейден және оңтістігінен 
Өзбекстан, Қырғыстан елдеріне дейінгі көз тартарлық көркем жерге қанат жайған.Қазақ елін бір тудың астына 
жинап  біртұтас  тәуелсіз  ел  болу  үшін  күрескен  алаш  арыстары  еді:  Әлихан  Бөкейхан,  Міржақып  Дулатұлы, 
Ахмет Байтұрсынұлы, Мұстафа Шоқай, Халел Досмұхамбетов т.б. Олар қазақ елінің тәуелсіздігі үшін өмірлерін 
қиды. Алаш ұлдарының арман-тілегі ұлттық сананы оятуда рухани түрткі болды. Олар қазақ елінің дамуы мен 
өркениетті ел қатарына қосылуының іргесін қалады. 
 Елімнің  ертеңінен,  болашағынан  жүрегім  қорықпайды,  керісінше,  қуанады,  ендеше,  келешегім  нұрлы 
болмақ. Оған негіз – бүгінгі «арыстандай», «жолбарыстай», «қырандай» күшті жас ұрпақтың, біздің бүгінгі әдемі 
әрекеттеріміз, ұтымды ұмтылыстарымыз. Мен қазақ болып туылғаныма, осындай бай, байтақ өлкеде өмір сүріп 
жатқаныма бақыттымын. Өйткені, мен Тәуелсізбін, тәуелсіз елдің патриотымын! 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет