ТАҚырыбындағы облыстық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



Pdf көрінісі
бет19/39
Дата12.03.2017
өлшемі3,11 Mb.
#8854
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.Мұқажанова  А.  Қазақстан  халқының  патриотизмі-ұлтаралық  қарым-қатынас  мәдениетінің  негізі  //  Ақиқат. 
2010. № 6. б.12-16. 
2.Қазақстан Республикасы азаматтарына патриоттық тәрбие берудегі 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары // Тәрбие құралы. 2007.№4.б.3-8. 
3.Өмірзақұлы Н. Мектептердегі әскери-патриоттық тәрбиенің жастарды Қарулы Күштер қатарына дайындаудағы 
маңызы // Мектептегі дене шынықтыру. 2007. №5. б. 9-11. 
 
 
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ  
ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚҚА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ  
ЭТНОПЕДАГОГИКАНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ 
 
Жусипалиева В.О., 
Ақтөбе гуманитарлық колледжі, 
«Технология» пән бірлестігінің оқытушысы 
 
 «Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта 
 тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті 
 мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды» 
М.Шоқай 
 
Қазіргі уақытта қоғамның дамуына байланысты жас ұрпаққа білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту 
міндеттері барған сайын күрделеніп бара жатыр. Болашақ ұрпағымызды жан-жақты, ақыл-парасаты мол, ізетті, 
кішіпейіл, білімді, мәдениетті азамат етіп тәрбиелеу – ата-ананың, мұғалімнің, мектептің, барша адам баласының 
қоғам алдындағы борышы. 
Патриотизм  мен  толеранттылыққа  тәрбиелеу  отбасындағы  тәрбиенің,  мектепке  дейінгі  мекеменің, 
мектептің, ортаның, және түрлі қоғамдық ой-пікірлердің әсер етуімен қалыптасады.  
Білім мен тәлім-тәрбие құралдары әр елдің орналасу аймағына, тіршілік салтына, өмір сүру дағдыларына 
байланысты ортақ мінез-құлық ережелері, жүріс-тұрысы, тыныс-тіршілігі негізінде қалыптасады. Қазақ тәлім-
тәрбиесі  өзінің  көл-көсір  молдығымен  де,  адамгершілік  қуат-тегеурінімен  де,  тарихи  тәлім-тәрбиесі 
айқындылығымен  де  халықтың  рухани  өмірінде  ерекше  орын  алады.  Қазақ  тәлім-тәрбиесінің  ежелгі  бастау 
қайнар көздері үш мың жылдай Еуразияның Ұлы даласында өркендеген скиф-сақ, ғұн, үйсін, қаңлы мен түрік 

94 
 
бірлестіктерінің мол мәдениетінен нәр алған. Осыдан 2600 жыл бұрын өмір сүрген скиф-сақ ойшылы, «жеті ұлы 
ғұламаның бірі» Анахарсис (Анарыс) әдеп және адамгершілік туралы терең пікірлер қалдырған. 
Тәрбие теориясына байланысты Әл -Фарабидың «адамға ең алдымен білім емес, тәрбие беру керектігі» 
жөніндегі нақыл сөзі кейінгі жылдары баспасөз беттерінде және педагогикалық жиындардағы баяндамаларда жиі 
айтылуда. Фараби мұраларының бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне берер тағылымдық құндылықтарының мол екені рас. 
Қазіргі  заман  жағдайында  халықтық  педагогика  үшін  аса  маңыздысы  көпұлтты  Қазақстан  қоғамында 
толерантты  қатынас  орнатуға  мүмкіндік  туғызатын  дәстүрлерді  сақтау  болып  табылады.  Тәрбиедегі  толе-
ранттылық  мәселесін  адам  мен  табиғат  бірлігі  заңдылық  ретінде  сақталған,  туған  жер,  Отан,  ата-ана,  отбасы, 
халықтық  салт-дәстүр,  әдет-ғұрып,  жөн-жоралғы,  тұрмыстық  және  діни  оқиғалар  қастерлі  болған  тәрбиенің 
халықтық педагогикалық тәжірибесі арқылы шешу мүмкін.  
Барлық  халықтың  рухани  байлығы  мен  эстетикалық  құндылығын  еңбек  қалыптастырады  және  ол  сол 
халықтың  өмірі  мен  берекесін  қамтамасыз  етеді.  Сондықтан  да,  халықтық  педагогика  жас  ұрпақты 
еңбексүйгіштікке тәрбиелей отырып, жеке тұлғаның адамгершілік және ойлау қабілетінің, физикалық тұрғыда 
өсуіне сонымен бірге оның эстетикалық талғамының қалыптасуына ерекше көңіл бөледі. Бұл қазіргі жаһандану 
дәуіріндегі ұлттық ерекшеліктерді сақтау барысындағы негізгі талаптарының бірі болып табылады. Бұл талаптан 
шыға  алмаған  ұлттар  тарих  сахнасынан  жоғалып  жатыр.  Себебі,  халықтық  педагогика  ұлттарды  өзгелерден 
ерекшелендіріп,  ұлттың  өмір  сүру  ұзақтығын  қамтамасыз  етеді.  Халықтық  педагогикасыз  ұлттың  болмысы 
сақталмайды. Осы ерекшеліктер кез-келген ұлттың ішкі және сыртқы қалыбын толықтырып тұрады. Себебі, әрбір 
ұлт халықтық тәрбие үрдісінде өзіндік ерекшеліктерді, салт-саналық тәрбиені және оның өзіндік әдістемелерін 
қолданады. Халықтық тәрбиенің ерекшелігінің өзі осында. 
Қазақ еліндегі адамдар өзге халықтар сияқты балалары қай жасында қандай өзгерістерге ұшырайтынын 
бақылап, оның есеюіне орай жасты неше түрлі кезеңдерге бөлген. Әр жас кезінде баланың өз үй-ішінде және 
құрбылары арасында алатын орны түрліше келеді дегенде, қазақ халқы олардың атқаратын қызметінің жасына 
қарай болуын, не киетін киімдерінің түрліше келуін сипаттап отырған. 
Я.А.Коменский балаларды жас кезеңдерге бөлуге бірыңғай мектептің демократиялық қағидасын ұсынған 
болатын. 
Тәрбиенің  негізгі  құралдарына  Я.А.Коменский:  ата-ананың,  мұғалімдердің,  жолдастарының  үлгісін, 
балаларға  ақыл-кеңес  беру,  әңгіме  өткізу,  адамгершілік  мінез-құлыққа  балаларды  баулуды,  жағымсыз  мінез-
құлыққа қарсы күресті жатқызды. 
Баланың  болашағы  үшін  балалық  шақтың  мәні  зор.  Себебі,  оның  негізгі  қасиеттері  осы  кезеңде 
қалыптасады.  Алғашқы  жылдары  бала  белгілі  бір  деңгейде  әке-шешесіне  тәуелді  болғандықтан,  оның 
болмысының қалыптасуына ата-ананың әсері мол болған. 
Әрине,  бала  психикасының  әр  жаста  қандай  болып  келуіне  әлеумет  ортасының  едәуір  ықпалы  болады. 
Себебі,  балаға  әсер  ететін  бүгінгі  әлеумет  ортасы  бұрынғыдан  мүлде  өзгеше:  қазіргі  ғылым  мен  техниканың, 
өндіріс  саласының  өркендеуі,  Қазақстан  Республикасының  бәсекеге  қабілетті  елу  елдің  қатарына  ұмтылуы, 
бүгінгі бала жасының көпшілігін оқуға, білім алуға арнауы тиісдеп есептептеледі.  
Бірақ  бұрыннан  келе  жатқан  этнопедагогиканың  мазмұны  әлі  күнге  шейін  өзінің  өзектілігін 
жоғалтпаған.  
1. Келер ұрпақтың ақылды, намысқой, арлы, өміршең азамат болуын тілеу.  
Жас нәрестенің дүниеге келуі ата-ана, ағайын-туыс, қауым-көпшілікке зор қуаныш әкелумен бірге, борыш 
та  жүктей  келеді.  Дәлірек  айтсақ  ұрпақты  тәрбиелейтін  халық  мектебінің  есігі  сәбидің  алғаш  дүниеге  келген 
күнінен бастап айқара ашылады. Ол белгілі мақсат-тілекпен байланысты туындайды. 
Отбасы үлкендерінің бәрі жаңа туған жас баланы Отанның, елдің асыл азаматы болуын аңсап армандайды. 
Өнегелі  үлкендерге  ұқсасын  деп  дарынды,  өнерлі,  ақылды  ақсақалдарға  баланың  ауызына  түкіртіп,  азан 
шақыртып, атын  
қойғызады.  «Ақылын,  жасын  берсін»  деп  жаңа  туған  нәрестені  қарияның  шапанының  етегіне  орайды. 
Ұрпағы  өскен  қадірлі  анаға  кіндігін  кестіреді,  бесікке  салдырады,  қырқынан  шығарту  ырымдарын  жасатады, 
тұсауын кескізеді. Үлкендерден бата алғызады. Халықтың балаға арналған ырым, бата-тілектерінде келешектен 
күткен үлкен үміт, аңсау арман бар. Тәрбиенің алғашқы қағидасы ата-ананың аңсау арманымен, баладан күтер 
үмітімен үндесіп жатыр. 
2. Баланы жастайынан еңбексүйгіш, елгезек азамат етіп тәрбиелеу. Ол бесік жырлары мен тұсау кесер 
жырларынан,  бата,  тілек,  терме  өлеңдерден  өзекті  орын  алған.  Еңбек  қағидаларын  жастардың  бойына  сіңіру 
отбасындағы еңбектің қарапайым түрлерінен басталып, қоғамдық маңызды істермен ұштасқан. Ұл баланы қозы, 
лақ қайтаруға, отын-су әзірлеуге, мал өнімдерінен тұрмысқа қажетті құрал-жабдық (қамшы, шідер, жүген өру, 
тері илеу, қару-жарақ т.б.) жасауға әзірлеу, қора салу, киіз үйдің ағашын істеу, ұсталық зергерлік өнерге үйрету 
т.б. көзделсе, ал қыз балаларды ыдыс-аяқ жуу, үй сыпыру, шай құю, төсек жинау, кесте, өрнек тоқу, ас пісіру, 
бала күту, қонақ күту т.б. үйреткен. 
3. Халық педагогикасында «бірінші байлық - денсаулық» деген ұғым өзекті орын алған. «Дені саудың жаны 
сау», «ас адамның арқауы», «Ауру астан» деп, рухани, материалдық байлықтың тәрбиенің негізін жеке бастың, 
яғни тәннің саулығына байланысты қарастырған. Баланы туған күннен бастап тұзды сумен шомылдыру, маймен 
сылау, дене күтіміне ерекше мән беріп шынықтыру, мерзімінде жақсы ас беріп тамақтандыру мен ұйықтатудың 
бәрі тән сұлулығы үшін жасалған әрекеттер. 

95 
 
4. Халық педагогикасында адамгершілік қасиеттерді баланың  бойына дарыту, ізгілікке, имандылыққа, 
адалдыққа тәрбиелеу, ар-ожданды қастерлеу басты қағида болып есептелген. «Жаным - арымның садағасы» деп, 
арды адамгершілік қасиетінің үлгісі санаған. 
5. Гуманизм - халықтық тәрбиенің басты қағидаларының бірі. «Отан отбасынан басталады» деп ұққан 
ата-бабамыз  отбасының  намысын  қорғауды,  қарттарға,  ауру,  кемтарларға  көмектесуді,  басқа  ұлт  өкілдерін 
сыйлауды  отбасы  тәрбиесінің  өзекті  принципі  деп  бағалаған.  «Атаның  баласы  болма,  адамның  баласы  бол», 
«Жақсы - көпке ортақ»,  «Ел үшін еңбек ет, халқын сүйген қор болмайды» деген өсиет тәрбиеден өзекті орын 
алған. 
6. Тіршіліктің тұтқасы, өмірдің шамшырағы өнер мен ғылым деп түсінген халқымыз жастарға «Өнерлі 
өлмейді»,  «Білегі  жуан  бірді  жығады,  білімі  жуан  мыңды  жығады»,  «Білім  таусылмас  кен,  өнер  өлмес  мұра» 
дегенді насихаттап, өлең-жыр, мақал-мәтел, аңыз әңгімелер ұсынған. 
7. Адам өмірі мәңгі табиғат құшағында өтетін болғандықтан, ата-бабамыз өз ұрпағын ағаш бесіктен жер 
бесікке  жеткенше  табиғи  ортаны  аялауға  тәрбиелеп  келген.  Ол  туралы  әлденеше  жұмбақ,  өлең-жыр,  ертегі, 
аңыздар шығарған. 
Ал бұл жіктемелер, сайып келгенде, «сегіз қырлы, бір сырлы», мінезі майда, ары таза, тәні сау, өнегелі-
өнерлі, жан-жақты жетілген «толық адам» тәрбиелеуді көздеуден туған. 
Осы  үстанымдарды  өзімнің  тәжірбиемде:  тәрбие  сағаттарында,  сабақтарда  және  студенттерді  ғылыми 
жобаларды жазу және қорғау барысында қолданам.  
Өскелең  ұрпаққа  патриоттық  тәрбие  берудің  тиімділігі,  мемлекеттің,  оқу  орнының  және  отбасының 
бірлесіп  жұмыс  істеуіне  байланысты  екендігін  түсіну  өте  маңызды.  Бұл  субъектілердің  өзара  тығыз 
ынтымақтастығында  және  өзара  әрекет  етуінде  ғана,  баланың  тұлғалық  толық  құнды  дамуына  қол  жеткізуге 
болады.  
Түйіндей айтсақ, оқу-тәрбие үрдісінде оқушылармен және студенттермен осы жоғарыда баяндалғандай, 
тағы да басқа әдістерді қолдана отырып, өскелең ұрпақтың көкейіне осындай іс-әрекеттерімен ой сала білсек, 
заманға  сай  үлгі  көрсетсек,  қоғамға  керекті  толерантты,  отансүйгіш  азамат,  елге  қызмет  ететін  қайраткер 
тәрбиелейміз деп сенемін.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
 
Қазақстан мектебі – ғылыми-педагогикалық журнал, №7, 2012. 
2.
 
Ұлттық дәстүрлердегі этнопедагогиканың құралы ретінде // Білім беру жүйесіндегі этнопедагогика. 2009. - № 
05-06 (29-30). - Б. 36-39 
3.
 
Жастарға тәрбие берудің этнопедагогикалық мазмұны // Ұлт тағылымы. 2010. - № 1. - Б. 5-7. 
4.
 
Халықтық педагогика - ұрпақ тәрбиесінің ұйытқысы // Білім әлемінде. - 2010. - № 1. - Б. 68-70. 
 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНДЕРІ АРҚЫЛЫ  
ОҚУШЫЛАРДЫ ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМГЕ ТӘРБИЕЛЕУ 
 
Жиенгазина Жайнагүл Айтмағанбетқызы 
Бадамша агротехникалық колледжі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 
екінші санатты мұғалімі 
 
Біз өзіміздің арғы, бергі ата- 
бабаларымыздың жүздеген буынының  
қалдырған өсиетін ақтап, мұраларын  
сақтап, молайта беру жолында  
топтасуға тиіспіз. 
Н.Ә.Назарбаев 
  
Отансүйгіштік сезімі туа біте пайда болатын қасиет. Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, 
өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, 
мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады. 
Тәуелсіз еліміздің жаңа даму сатысында патриоттық рухта жас буын өкілдерін тәрбиелеу, мемлекет пен 
қоғам  алдында  жаңа  міндеттер  туындатып  отырғаны  бәрімізге  мәлім.  Осының  негізінде  жалпы  білім  беру 
бағытындағы  барлық  білім  беру  мекемелері  үшін  патриоттық  тәрбиенің  маңызы  орасан  зор.  Бұл  бағытта 
атқарылатын  іс-шаралардың  өзегінде  –  мемлекетіміздің  дамуы  мен  қорғанысының  күшеюіне  қомақты  үлес 
қосатын қаһармандық рухта тәрбиеленген, ел еңсесін биіктетін және ел мұратын өз арманынан жоғары қоятын, 
нағыз ел азаматтарын және жас ұландарды тәрбиелеу жатыр. Патриоттық тәрбиенің маңыздылығын Елбасы Н. 
Назарбаевтың  жыл  сайынғы  Жолдауларынан  да  біліп  жүрміз.  Елбасының  Қазақстан  халқына  жолданған 
«Қазақстан  -2050  стратегиясы»  жолдауында  жаңа  саяси  бағытта  дамып  келе  жатқан  біздің  мемлекетіміздің 
алдында «жаңа қазақстандық патриоттық рух – көпұлтты, түрлі діні бар, көптеген саяси қоғамдық ағымдары бар 
елімізде  жаңаша  леппен  айқындалады,  дамиды  және  оны  жетілдіру,  қоғам  алдындағы  басты  міндет,  зор 
жауапкершілік,  үлкен  жетістік.  Ең  негізгі  мақсат  -  татулық  пен  ынтымақтастықты  жарастыра  отырып,  осы 

96 
 
құндылықты  көздің  қарашығындай  сақтау,  еліміздегі  ұлтаралық  біртұтастықты,  бейбітшілікті  ұдайы  қолдап 
отыру.  Бұл  –  біздің  еліміздің  мемлекет  ретінде,  қоғам  ретінде  өмір  сүру  мүмкіндігі,  ұлт  ретінде  алға 
жылжуымыздың басты қағидаты және кепілі екені даусыз мәселе.  
Студенттерге  патриоттық  тәрбие  беру  барлық  пәндердің  үлесіне  жатады,  соның  ішінде  қазақ  тілі  мен 
әдебиет пәндерінің атқарар үлесі зор. Сондықтан пәнге оқушылардың ынта-ықыласын, қызығушылығын арттыру 
үшін  әр  түрлі  жаңа  әдістемелік  технологияларды  қолданып  сабақ  өткізу  тиімді.  Бұл  оқушылардың  сабақтан 
жалықпауын, жөнсіз әрекетке бармауын, әр іске назар аударып жауапкершілікпен қарауды, ой елегінен өткізіп 
ойлануды қалыптастырады, бағдарламалық материалдарды жеңіл, тез меңгеруге септігін тигізеді.  
Біздің оқу орыс тілінде жүргізілетін топтарда қазақ тілі және қазақ әдебиетін үйретуде негізге алатынымыз, 
біріншіден, тіл үйрету, сөз үйрету, сөйлеп үйрету. 
Қазақ  тілі  тарих,  география,  орыс  әдебиеті,  математика,  орыс  тілі  пәндерімен  сабақтас  болғандықтан 
көптеген мағлұматтар қазақ тілінде, тіл үйрету мақсатымен аталған пәндерге байланысты айтылады. 
Тәрбиелік  мақсатты  көздеп  қазақ  тілі  және  әдебиетін  оқытуда  оқушылардың  санасында  патриоттық, 
достық, туыстық сезім қалыптастырылады. 
Қазақ  және  орыс  топтарында  қазақ  әдебиеті  пәні  1  курста  мектеп  бағдарламасындағы  10-11  сынып 
базасында жүргізілетіндіктен патриоттық тәрбиенің бастауы қазақ халқының ауыз әдебиетінен басталып, ақын 
жазушылардың  шығармаларымен  танысып,  бойға  сіңірумен  жалғасады.Осыған  байланысты  сабақ  берудің  ең 
негізгі мақсаттарына төмендегілер кіреді.Бірінші –танымдық, екінші – тәрбиелік, үшінші – дамытушылық.  
Көзделген мақсаттарды орындау үшін, өз тәжірибемізде тарих және әдебиет сабақтарында оқушылардың 
өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, ізденіс жұмыстары мен алған 
білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету бағытында жұмыс жүргізіп келеміз.  
Қазақ тілі сабақтарында патриоттық санада тәрбиелеу сабақтың басынан бастап өн бойы жүргізілу қажет. 
Сабақты:  «Сен қазақ тілін үйренуің керек.  Сен қазақ елінің азаматысың.  Сен Қазақстанда тұрасың.  Қазақ тілі 
сенің  екінші  ана  тілің  болуға  тиіс»  -  деген  ой  тастаудан  бастап,  түрлі  тапсырмалар  патриоттық  бағыттағы 
тақырыпта ұсынылса патриоттық сезімді сөзсіз оятады. Оқушыларға ел сүйгіштік, ата – ананы сүю, Отанды сүю 
мәселесінде  сабақтарда  мемлекеттік  рәміздерді,  халық  ауыз  әдебиетінің  батырлар  жыры,  қиссалар,  ертегілер, 
ұлттық спорт ойындары, ұлттық салт-дәстүрлер, Отан қорғау ел бірлігі, осыған байланысты нақылдар, мақал-
мәтелдер, ұлылар сөзі т.б. арқылы оқушылардың патриоттық сана – сезімі қалыптасады. Мақал-мәтелдер – халық 
даналығы,  ғасырлар  шежіресі,  сондықтан  оқушыларға  қазақ  тілін  оқыту  барысында  міндетті  түрде  мақал-
мәтелдерді үйрету қажет деп санаймыз, өйткені мақал- мәтелдерсіз халықтың тарихын, мінезін, асыл-өнегесін 
түсіну мүмкін емес. Мақал- мәтелдерді оқып, орысша баламасын табу, өз тарапынан сөйлеуде пайдалану. Білім 
алушыларға патриоттық тәрбие беруде биылғы оқу жылы көлемінде Қазақстан халқының тілдері мерекесіне орай 
«Тілге  құрмет  –  елге  құрмет»,  1  курс  студенттері  арасында  «Тілге  құрмет  -  тәуелсіздікке  құрмет»,  «Астана  – 
болашағы үлкен қала» тақырыбына шығармалар сайысы, «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына – 25 жарқын іс-шара» 
аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығы, Ұлыстың ұлы күні – наурыз мерекесіне орай студенттердің 
қатысумен салт – дәстүрлерден көрініс қою, ұлттың ойындар ойнату көздеген мақсатқа жетуге болады. 
Балаларға ел сүйгіштік, ата-ананы сүю, Отанды сүю, мәселесінде қандай шығармалар оқығанын, қандай 
шығармаларды  оқуды  ойлап  жүргендігі  жайындағы  пікірлері  жөнінде  әңгімелер  өткіздім.  Бұл  әңгіменің 
барысында шәкірттер өздерінің оқыған шығармаларын атады. Ауыз әдебиетінен мысалы: Отан, туған жер туралы 
мақал-мәтелдер,  «Қобыланды  батыр»,  «Алпамыс  батыр»  т.б.шығармаларын  атап  көрсетті.Ал  Махамбеттің 
шығармалары, әсіресе, «Баймағанбет Сұлтанға айтқаны»,  «Ереулі атқа ер салмай», «Ұл туса»,  «Әй, Махамбет 
жолдасым». Ал мұндай туған елді, ұлтын сүю тақырыбында ХІХ ғасырдың жазушыларының шығармаларынан 
Абайдың «Қайран елім, қазағым қандай жұртым» т.б. М.Жұмабаевтың елді сүю, оған қызмет ету тақырыбында 
көптеген  шығармалар  жазған.  Мысалы,  «Мен  сүйемін».  Осындай  тақырыптарда  С.Торайғыровтың  «Туған 
еліме», «Шәкірттерге» т.б. атты шығармаларды оқығандығы жөнінде сөз болды. Патриоттық тақырыпқа оқыған 
шығармаларынан  І.Есенберлиннің  «Көшпенділер»,  Т.Ахтановтың  «Күткен  күн»,  М.Мақатаевтың  өлеңдерінде 
атап өтті. 
Балаларды  патриотизмге  тәрбиелеу  рухында  оқырмандар  конференциясын  өткізудің  де  мәні  зор. 
Ғ.Мүсіреповтың  «Қазақ  солдаты»  романы,  Ә.Нұршайықовтың  «Ақиқат  пен  аңыз»  Қ.Қайсеновтың  «Ажал 
аузынан»,  «Жау  тылында»,  «Партизан  соқпақтары».  Оқушыларды  патриоттық  ел  сүйгішітік  туралы 
шығармаларды жай ғана емес, мәнерлеп оқумен қатар жатқа айту тәсілін қолданамыз. Мысалы, Б. Бұлқышевтың 
«Шығыс  ұлына  хат»,  І.Жансүгіровтың  «Ағынды  менің  Аксуым»,  «Жетісу  суреттері»  атты  өлеңдерін  жаттап, 
мәнерлеп айтты.  
Отансүйгіштік сезімі туа бітті пайда болатын қасиет. Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, 
өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, 
мемлекет  деңгейіне  көтеріле  беретін  бұл  сезім  адамның  бүкіл  ғұмырына  жалғасып  жатады. Осыған  орай 
патриоттық  тәрбие  мәселесі  адамзат  тарихының  өн  бойындағы  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқан  ұлы 
мақсат  болғандықтан,  студенттердің  бойындағы  Отанға  деген  сүйіспеншілігін,  яғни  патриоттық  санасын 
дарытуда  халқымыздың  біртуар  ұлы,  ержүрек  қолбасшы,жазушы,  Қазақстанның  Халық  Қаһарманы  батыр 
Б.Момышұлы  ағамыздың  кейінгі  ұрпаққа  үлгі  етіп  қалдырып  кеткен  өсиеттерінің  және  ерлікке  толы 
шығармаларының алатын орны ерекше. 
Кейіннен атақты жазушы Александр Бек батыр ағамыздың ерліктері жайлы «Волоколамск тас жолы» атты 
романын жазды. Осы роман арқылы Бауыржан ағамыздың аты әлемге әйгілі болды.«Жеңіс кілті Отан сүюшілікте. 

97 
 
Ол солдатқа жөргекте жатқаннан бастап үйретілуі, қанына кіріп, сіңісуі тиіс. Дәстүр-тәрбиенің басты қайнары. 
Ал  дәстүр  ұлттық  тәрбиеден  өзекті  орын  алады.  Отан  сүюшілік,  ұлтын  сүюшілікті  ұлттық  дәстүрмен 
жалғастырып, солдатқа саналы түрде сіңіру керек» - деген ол артына өшпес өнеге, ерлікке, патриоттық, сезімге 
толы  бірнеше  кітаптарын:  «Офицер  жазбалары»  (1962),  «Артымызда  Москва»  (1963),  «Генерал  Панфилов» 
(1965),  «Куба  әсерлері»(1969)  «Жоңарқа»  екі  томдық  шығармалар  жинағы(1969),  «Соғыс  психологиясы»,  « 
Қанмен жазылған кітап» (1990,1991), «Ұшқан ұя» кітабын қалдырды. Ал, «Ұшқан ұя» кітабы үшін Мемлекеттік 
сыйлықтың лауреаты атағына ие болған. 
Сонымен бірге халықты ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеудегі, жан жарасын жазудағы өнер мен әдебиеттің, 
музыка мен көркемөнердің құдіретті күштерін, олардың өмір үшін күресте рухани күшті құралы болғанын соғыс 
эпизодтарынан нақты мысалдар келтіре отырып, рухы мықты халықтың ешқашан да жаудан жеңілмейтіне басты 
назар аударған. 
Туған  халқымыздың  өткен  тарихына  көз  жіберсек,  отансүйгіштіктің  керемет  үлгілерін  көреміз.  Бүгінгі 
күні егеменді ел болып,  қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің 
арқасы. Тарихи мәліметтерден байқайтынымыздай, жоңғар шапқыншылығы кезі мен одан бертіндегі ұлт азаттық 
көтерілісін  алып  қарасақ,  ондағы  батырлардың  ешқайсы  бүгінгідей  жүйелі  патриотизмге  тәрбиелеудің  тезіне 
салынбаған.  Бірақ  елін,  жерін,  Отанын  қорғауда  жанын,  тәнін  аяп  қарап  қалмаған.  Осындай  көптеген  тарихи 
тәжірибелерден, сол кездегі отбасы тәрбиесіндегі отансүйгіштік сезімнің қалыптасуына отбасындағы тәрбиенің 
ықпалын елемей қоюға болмайды. 
Білім  берумен  қатар  сыныптан  тыс  іс  –  шараларға  қатыстыра  отырып,  олардың  көкейіне  осындай  іс  – 
әрекеттерімен ой сала білсек, үлгі көрсетсек, заманға сай, қоғамға керекті азамат, отансүйгіш, елсүйгіш азамат, 
елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз. 
Қорыта айтқанда, студенттермен осы жоғарыда баяндалғандай тағы да басқа әдістерді қолдана отырып, 
оқушының көкейіне осындай іс-әрекеттерімен ой сала білсек, үлгі көрсетсек заманға сай, қоғамға керекті азамат 
отансүйгіш, елсүйгіш азамат елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  «Қазақстан  жолы  -  2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»,  атты  халыққа  арнаған  жолдауы.  «  Егемен 
Қазақстан» газеті, 2014, 17 қаңтар . [1]  
2.  Б.Момышұлының  шығармалары  –  жас  ұрпақты  патриоттық  рухта  тәрбиелеудің  құралы,  Ізденіс  №3  (1),  -
Алматы, 2008 ж. -Б. 147-150.  
3. Амангелді Айталы. «Мәңгілік Ел» идеясының тарихи тамыры», «Егемен Қазақстан», 2014 ж. 26 ақпан. 
4. Жастарға отаншылдық тәрбие берудің кейбір өзекті мәселелері. //Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ хабаршысы. – 
Түркістан, 2009. 
 
 
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ЭТНОМЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАЛАРЫНЫҢ ӨСУІ  
 
Емжарова Гульдана Газизовна, 
№ 5 Қандыағаш орта мектебі, Мұғалжар ауданы, Ақтөбе облысы 
 
Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары мен тайпалары Жетісуда алғаш рет бір мемлекетке 
біріктірілді. XVI-XVII ғ. қазақ хандығының шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз кезінде “Жерді біріктіру” процесін 
жедел  жүзеге  асырып,  неғұрлым  көзге  түскен  қазақ  хандарының  бірі  –  Жәнібек  ханның  ұлы  Қасым.  Қасым 
ханның тұсында (1511-1523) феодал ақсүйектердің қарсылығы әлсіреп, әскери қуаты артты. “Тарихи – Рашиди”, 
“Шайбанинама”,  т.б.  деректерге  қарағанда,  қазақтардың  этникалық  территориясының  негізгі  аудандары  қазақ 
хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген.  
Хандықтың  шекарасы  батыста  Жайыққа,  оңтүстік  –  батыста  Сырдың  оң  жағалауына,  Аралдан 
Маңғыстауға дейінгі жерлерді алып жатты. Оған Сыр бойындағы қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның 
қол астындағы қазақтардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстік – шығыста оған Жетісудың көп бөлігі 
(Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады.  
Бастапқы  кездерде  қазақ  хандығының  саяси-әкімшілік  және  сауда  экономикалық  орталығы  Сырдария 
бойындағы  Сығанақ  қаласы  болды.  Кейіннен  Түркістан  қаласы  қазақ  хандығына  өткеннен  кейін  қазақ 
хандығының астанасы болды. Қазақ хандары Түркістандағы Ақ сарайда отырып билік жүргізді. 
Қазақ  хандығының  нығаюы  және  оның  күшеюі  мемлекеттің  беделін  арттырып,  сыртқы  саясат  пен 
дипломатиялық қарым-қатынас саласында белгілі табыстарға қол жеткізді. Қазақ хандығы өмір сүрген кезінде 
Орта  Азия  хандықтарымен,  Еділ  бойындағы  елдермен,  Батыс  Сібір  хандығымен  және  Орыс  мемлекеттерімен 
сауда және дипломатиялық қатынас орнатты.  
Қазақ хандығының негізін қалаушы Жәнібек, Керей, Бұрындық хандар – Ақ Орданың атақты ханы Ұрыс 
ханның мұрагерлері, Алтын Орда мен Ақ Орданың 200 жыл ел билеген дәстүрін дамытушы, әскери-саяси және 
дипломатиялық күрес тәжірибесіне бай адамдар еді. Ал Қасым хан өте үздік шыққан мемлекет қайраткері болды.  
Қазақ хандығы алғашқыда Моғолстан мемлекетімен достық қарым-қатынас орнатып, Әбілхайыр ханның 
Жетісуға төндірген қаупіне және ойрат- жоңғар тайпаларының Моғолстанға жасаған шабуылына қарсы күресті. 
Жошы тұқымынан шыққан хандармен одақтасып, Әбілхайыр ханның мұрагері Шаих Хайдарды жеңді. 

98 
 
Қазақ хандығы Қасым хан тұсында орыс мемлекетімен дипломатиялық қатынас жасап, Батыс Еуропаға 
танылды.Ұлы князь Василий III тұсында (1505-1533) Москва князьдығымен дипломатиялық байланыс орнатты. 
Қасым хан алғашқы қазақ заңы  –  «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан 
қалыптасқан  әдет-ғұрып  ережелері  негізінде  жасалды.  Бұл  заң  сол  кезде  мұсылман  елдерінде  жаппай 
қолданылып  жүрген  ислам  дінінің  (шариғат)  заңынан  өзгеше,  көшпелі  қазақ  өміріне  үйлесімді  байырғы  заң 
болды. Сол үшін, ол Қасым ханның атымен байланыстырылып: «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталды. Әйгілі 
тарихшы  Мұхаммед  Хайдар  Дулати  «Тарихи  Рашиди»  кітабында:  «Қазақ  хандары  мен  сұлтандары  арасында 
Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес» дейді. Қасым хан өлгеннен кейін сұлтандар мен феодалдардың өзара 
бақталасы, қырқысы күшейді. Сыртқы саяси жағдай қолайсыз болып тұрған кезде, өзара қырқысуының зиянды 
зардаптары хандықты әлсіретуге әкеп соқты.Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза 
тапты. 
XVI  ғ.  екінші  жартысында  әлсіреген  хандықты  біріктіруде  Қасым  ханның  баласы  Хақназар  (Ақназар) 
(1538-1580) өз үлесін қосты.Ол 42 жыл ел биледі. Хақназар хан  – таққа отырған соң хандық үкіметінің билігін 
нығайтуға  қажырлы  күш  жұмсады.  Өзінен  бұрынғы  Таһир  хан  мен  Бұйдаш  хан  тұсындағы 
бытыраңқылықтыжойып, хандықты қайта қалпына келтірді.  
Ол билік құрған кезде сыртқы саясатта аса ірі тарихи оқиғалар болды. Бұл кезде батыста күшейе түскен 
орыс мемлекеті шығысқа қарай іргесін кеңейтіп ,1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахань хандығын 
Ресейге  бағындырды.  Осыған  байланысты,  Еділ  мен  Жайық  арасында  ұлан-байтақ  өңірді  мекендеген  Ноғай 
Ордасы  ыдырай  бастады.  Ноғай  ордасын  билеген  маңғыт  мырзалары  арасында  үкімет  билігіне  таласқан 
феодалдық қырқыс күшейді, бұл халық бұқарасын күйзелтті.  
Хақназар тұсында Қазақ хандығының күшеюі Ноғай ордасындағы  қазақ тайпаларын қызықтырып өзіне 
тартты, кейіннен олар хандыққа келіп қосылды. 
Хақназар  хан  қаза  болғаннан  соң,  оның  орнына  Жәдік  сұлтанның  баласы  Әз  Жәнібек  немересі  Шығай 
(1580-1582) хан болды.  
Ол билік құрған кезінде Хақназарды өлтірген, Ташкент маңын билеген Норазахмет (Барақ) ханның баласы 
Баба сұлтаннан өш алумен болды. Соған қарсы жорық кезінде қайтыс болды.  
Шығай  ханның  орнына  отырған  Тәуекел  хан  (1586-1598)  тұсында  Ресей  мемлекеті  мен  Қазақ  хандығы 
арасында дипломатиялық қатынас күшейе түсті. Ресейдің мұндағы мақсаты: Қазақ хандығымен одақтасып, Сібір 
ханы Көшімге қарсы күресу, осы одақтасты пайдаланып, Орта Азия хандарымен келіссөз жүргізу еді. Тәуекел 
хан Орта Азияның сауда орталықтарына шығу үшін белсене күресті.  
1583  жылы  ол  бұрынырақ  Бұқарамен  жасалған  шартты  бұзып,  Сырдария  бойындағы  қалаларды  алып, 
Ташкент,  Әндижан,  Ақси,  Самарқанд  сияқты  қалаларды  Қазақ  хандығына  қаратты.  Бұқара  қаласын  қоршауға 
алған  кезде  Тәуекел  хан  жараланып  қайтыс  болды.  Тәуекел  алғаш  рет  1594  жылы  Мәскеуге  достық  қарым-
қатынас орнату мақсатында Құлмұхаммед бастаған қазақ елшілігін жіберді. 
Одан соң хандыққа Есім хан Шығайұлы (1598-1628) билік етті. Ол 1598 жылы Бұқарамен бітім шартын 
жасасты. Шарт бойынша өзбектер бұрын тартып алған Сыр бойындағы қалалар мен Ташкент қазақ хандығына 
бекітіп  берілді.  Ол  қазақ  хандығын  бір  орталыққа  бағынған  мемлекет  етіп  құруды  көздеді.  Есім  ханның  бұл 
саясатына қарсы болған сұлтандар Қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты. 
Ташкент қаласы қазақ хандығына қараған соң, оны Жәнібек ханның немересі, Жалым сұлтанның баласы 
Тұрсын Мұхаммед сұлтан басқарған еді. 
Ол  ел  арасында  Еңсегей  бойлы  –  Ер  Есім  деген  атпен  белгілі  болды.  XVI  ғасырда  қазақ  хандығы 
солтүстікте құрылған Сібір хандығымен (орталығы Түмен ) шектесті. 1563 жылы Шайбани әулеті мен Тайбұғы 
руы арасындағы ұзақ жылғы күрестен кейін Сібір хандығы Шайбани әулеті Көшім ханның қолына көшті. 
Сібір  хандығының  халқы  түркі  тілдес  қырық  рудан  құрылған  және  угар  тайпаларының  ала-құла 
жиынтығынан тұратын еді.  Хандықтың негізгі халқы Батыс Сібірдің орманды далалық бөлігінде, Есіл, Тобыл 
және Тура өзендерінің орта ағысын, Ертіс пен Обь өзендерінің алқаптарында қоныстанған түркі тілдес  «Сібір 
тайпалары» деген атпен белгілі.  
1628 жылы Есім хан қайтыс болғаннан кейін орнына Жәңгір хан болған. Ол басы үлкен, кеудесі кең, аласа 
адам  болған  екен.  Сол  себепті  халық  арасында  оны  «Салқам  Жәңгір»  деп  атаған.  Оның  тұсында  ойрат-
жоңғарларының  көсемі  Батыр  хұнтайшының  күшейген  кезі  еді.  Олар  қазақ  хандығына  бірнеше  рет  жорық 
жасады. Жәңгір хан Бұхара хандығымен одақтасып, Жоңғар феодалдарының шабуылына қарсы күресті.  
Жәңгір хан тұсында қазақтар мен ойрат жоңғарлары арасында үш ірі шайқас - біріншісі 1635 ж., екіншісі 
1643  ж.,  үшіншісі  1652  ж. болған.1643  жылы  екінші  шайқаста  қазақтар  жеңіп  шықты.  Осы  жылдың  қысында 
Батыр  хұнтайшы  қазақ  жерлеріне  шабуыл  жасайды,  ол  сәтсіздікпен  аяқталады.  Бұл  шабуылға  Жәңгір  600 
адаммен қарсы тұрды.  
Жәңгір хан екі таудың арасындағы тар жырауда ор қазып, бекініс жасайды. Өзі екінші бөлігімен таудың 
екінші  бетіне  жасырынады.  Хұнтайшы  ор  қазып  алып,  ерлікпен  қорғанып  жатқандарға  қарсы  шабуыл 
ұйымдастырады.  Осы  кезде  Жәңгір  жаудың  ту  сыртынан  соққы  береді.  Сөйтіп,  жоңғарларды  қатты  шығынға 
ұшыратып,  10  мыңдай  адам  қырылады.  Ұрыс  бітуге  жақындағанда  20  мыңдай  әскермен  Самарқан  билеушісі 
атақты Жалаңтөс батыр Жәңгірге көмекке келеді. Хұнтайшы шегінуге мәжбүр болады. Одан кейін ол жан-жақты 
дайындалып 1652 жылы қайтадан қазақ даласына аттанады. Осы шайқаста Жәңгір қаза табады.  

99 
 
Ал  Жәңгірдің  баласы  Тәуке  хан  (1680-1718)  тұсында  қазақ  хандығының  бірлігі  күшейе  түсті.  Ол  қазақ 
тарихында «Әз Тәуке», «адамзаттың данасы» деп аталды. Тәуке бір орталыққа бағынған қазақ хандығын құруға 
күш жұмсады. 
Бұл  дәуірде  қазақ  хандығының  ішкі  саяси  жағдайы  ауыр  еді.  Феодал  шонжарлардың  арасында 
алауыздықтар мен бақталастық өршіді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет