«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ НЕГІЗІНДЕ АЗАМАТТЫҚ –
ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Тусекенова Г.Б., Разақов М.Т.,
Елек орта мектебінің тарих пәні мұғалімдері
Кілтті сөздер: тәрбие, азаматтық-патриоттық тәрбие, ұлт, «Мәңгілік ел», ұлттық идея, оқу-тәрбие,
жаһандану, патриоттық сана, іс-әрекет, түйсік, туған жер, ел, патриотизм, елжандылық, ұлтжандылық,
ұлттық патриотизм, қазақстандық патриотизм
Зерттеудің өзектілігі. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты – экономикасы дамыған, бәсекелестікке
қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы осы мақсатқа жеткізетін Ұлы
бастама. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы – елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізіп,
дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретін тұғырлы идея.
«Мәңгілік ел» – жалпықазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы»,
– дейді Елбасы. Мұндағы «ұлттық» ұғым түсінігі барша Қазақстан халқын қамтыған мағына білдірсе, «Мәңгілік
ел» идеясы мемлекет құраушы халықтың сан ғасырлық құндылығын ұлықтауын, көпұлтты, межесі мен мәресін
айқындайтын іргетасқа төл тарихымыздың қойнауында қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа аманатталған, бәсеке мен
сынақтардан шыңдалумен бүгінге жеткен бабалар арманы қаланды. Қазақстанда елдікті нығайтып, тәуелсіздікті
баянды ету үшін Елбасы «Ұлт жоспары. 100 нақты қадам» бағдарламасында 85-қадам осы «Мәңгілік ел». Қазіргі
кезде республикамыздың егемендігі мен бейбітшілігін сақтауда «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде тұлғаның
патриоттық құндылықтарын дамыту арқылы Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға үлкен мән беріліп
отырғандығы Қазақстан Республикасында, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында, Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік «Білім» бағдарламасында, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларында,
Қазақстан Республикасы тарихи сананы қалыптастыру, Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру
тұжырымдамаларында, «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында», «Бала құқығы туралы
декларацияда» және үкімет құжаттарында, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен басылым беттерінде айқын
аңғарылады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік «Білім» бағдарламасында тәрбие жүйесін жетілдіруге
байланысты «қазақстандық патриотизм, азаматтық, ізгілік және жалпыадамзаттық құндылықтар идеяларының
негізінде тәрбиеленушінің жеке тұлға ретіндегі сапалық қасиетін қалыптастыру болып табылады. ХХІ жаһандану
ғасырында ұлттық мәдениет пен өркениетті өзара кіріктіре отырып, жеке тұлға қалыптастыру көзделіп отыр.
Қазіргі қоғамдық-әлеуметтік жағдайда жеке тұлғаның бойындағы Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру
басты міндет болып саналады. Ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс-
тіршілігінің дамуына бірден-бір ықпал еткен фактор – бұл Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауы.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері балалардың, жасөспірімдердің оқу- тәрбие ісіне
ұдайы көңіл бөлініп келеді. Оқу- тәрбие ісінде назар аударып отырған тәрбие салаларының бірі- патриоттық
тәрбие. Қазақстан Республикасы көп ұлтты іргелі ел. Патриоттыққа тәрбиелеу - күрделі педагогикалық үрдіс.
Жас жеткіншектерді Отанын сүюге тәрбиелеу бір кезеңдік іс емес. Патриоттық тәрбиені қалыптастыру
процесінің өз идиологиясы және айқын жүйесі бар. Мектептерде жас жеткіншектерді Отанын сүюге тәрбиелеу
қазақ халқының батырларының өмірі мен ерліктерін олардың туған жерін жауларынан қаймықпай
қорғағандықтарын баяндау арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан батырлары мен танымал тұлғалары көп ел
екені даусыз. Ал оларды тәрбие беру құралына айналдыру елтану бағытында жасалған оңды шара. Мысалы,
Қобыланды батыр, Алпамыс батыр, Ер Тарғын, Ер Көкше, Баян батыр, Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек батырлар.
Әлемдік озық мәдениеттің шоқ жұлдыздары: Ш.Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А.Құнанбаев еңбектерінің
ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі мол. Тәлімдік ой пікірмен барша қазақ даласын дүр сілкіндірген Ш.Құдайбердиев,
А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Жұмабаевтардың педагогикалық тұжырымдары өміршеңдігімен
құнды.
64
Патриотизм, ұлттық патриотизм, қазақстандық патриотизм, елжандылық проблемаларына көптеген
тарихшылар мен философтар (М.Қозыбаев, Ә.Нысанбаев, А.Қалмырзаев, А.Ахметова, К.Меңлібаев және т.б.)
филолог жазушылар (М.Әуезов, Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин, Ә.Нұршайықов және т.б.) аса назар аударған.
Педагогика ғылымында патриоттық тәрбиенің бірқатар салалары, атап айтсақ, оқушылардың саяси мәдениетін
қалыптастыру (К.К.Жампеисова, Ю.Г.Наумова, Е.З.Батталханов), жас жеткіншектерді революциялық ерлік және
еңбек дәстүрі рухында тәрбиелеу (К.Құнантаева, Ә.Жұмақанов, Ш.Әміралиев, С.Ешімханов, А.Щербаков,
Д.Құсайынова және т.б.), оқушылардың адамгершілік-құқықтық (А.А.Калюжный, В.В.Трифонов, Л.К.Керімов
және т.б.) азаматтық (С.Б.Омарова, Ж.Мақатова) тәрбиесін жүзеге асыру болашақ мамандардың патриотизмін
қалыптастыру (А.Қ.Қалимолдаева) сияқты салалары зерттелген. Қазақ халық педагогикасын патриоттық тәрбие
беру мақсатында пайдалануға байланысты орындалған жұмыстардан С.Иманбаеваның (ұлттық жауынгерлік
дәстүрлер арқылы оқушыларды ерлікке тәрбиелеу), Л.Бейсембаеваның (қазақ ерлік эпосы арқылы жоғары сынып
оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеу) зерттеулерін, Қ.Б.Жарықбаевтың (Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанда
педагогикалық ойлардың дамуы), С.Қалиевтың (Қазақ халық педагогикасында тәрбие мен білім берудің ғылыми-
педагогикалық негіздері), С.Ұзақбаеваның, Р.Төлеубекованың, К.Қожахметованың, Р.Дүйсембінованың
патриоттық тәрбиені ішінара қарастыратын зерттеулерін, Ә.Табылдиевтің (қазақ ерлік эпосын оқыту әдістемесі)
атты зерттеуін атауға болады [1;45].
Жас ұрпақты ұлттық бірлікке, Отанын, елін, жерін сүюге, ұлттық тәуелсіз мемлекетті нығайтуға өз үлесін
қосуға тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор. Көркем шығармаларда патриоттық сезімді ардақтап,
батырлық, ерлікке мадақталу, парасаттылық, достық тәрізді адамгершілік игі қасиеттер дәріптелген. Бұл
тақырыпта әңгіме, ертегі, өлең, жырлар туғанын, оларда халықтық батырлық, ерлік істерді және оны
жасаушыларды ардақтағанын білуге болады. Егер, бала жас кезінен ұлттық жырларымыздың сұлулығын сезініп,
мазмұнындағы адами құндылықтарды бағалай білсе, оның өз Отанына, халқына, төл өнеріне сүйіспеншілігі
артатыны сөзсіз. Ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан көлемді саласының бірі - ертегілер. Қазақ халқы, оның
ішінен шыққан дана адамдар өз заманының адамдарына да, кейінгі ұрпақтарына да жақсы тәрбие беруді көздеген.
Философиялық сөздікте «патриотизм (грекше patris – отан) – адамгершілік және саяси принцип, әлеуметтік сезім,
оның мазмұны – Отанға сүйіспеншілік, оған адалдық, оның өткені мен қазіргісіне деген мақтаныш, Отан мүддесін
қорғауға құлшыныс. Патриотизм – адамның мыңдаған жылдар бойы бекіген ең терең сезімдерінің бірі. Туған
жерге, тілге, салт дәстүрлерге адал болып, олардан қол үзбеу түрінде патриотизмнің тарихи элементтері көне
заманда-ақ қалыптаса бастаған» - деп тұжырымдайды [2;80].
Патриотизм – жеке тұлғаның «табиғат-адам-қоғам» жүйесінде әлеуметтену үрдісін қамтамасыз ететін
тұлғаның құнды сапалық қасиеті. Патриотизм- отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш-қуатын, білімін Отан
игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту. Патриоизм
грекше patriotes- отандас, patris-отан, туған жер деген ұғымды білдіреді. Б.Момышұлы: «Патриотизм – Отанға
(мемлекетке) деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық- мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей
байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын
айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды, жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және
болашағымен қарым- қатынасты білдіреді» - деп патриотизм ұғымына анықтама берген болатын [3; 95].
Патриоттық сезім жалпы адам баласына тән адами түйсік- қасиет, оның еліне, туған жеріне, өз тілі мен
мәдениетіне, қамқорлықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын, түйсінуін, қуаттап-қолдауын пайымдайтын
көрсеткіші болып табылады. Қазақ совет энциклопедиясында “Патриотизм дегеніміз (грек patrіotes-отандас,
patrіo-отан туған жер) отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш пен қуаты білімін Отан игілігі мен мүддесіне
жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің әдет- ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизим элементтері ерте
заманнан қалыптаса бастады”- деп атап көрсетеді. Ал, қазақ ұлттық энциклопедиясында: «Патриотизм –
Отаншылдық, отансүйгіштік, адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүріне, мәдениетіне деген
сүйіспеншілік сезімі», - деп анықтама берілген [4; 95]. Патриоттық тәрбие – жастармен жүріп жатқан қазіргі
жұмыстардың басым бағыттарының бірі. Қазақстан қоғамында патриоттық тәрбие деген ұғым – Отанға деген,
өзінің халқына деген махаббат, адалдық, азаматтық және қоғам игілігі үшін қызмет ету деген сияқты түсініктер
ретінде қалыптасқан.
Патриотизм – азаматтардың ұлттық санасының жалпы және ажырамас бөлігі ретінде қоғамның рухани-
адамгершілік тұрғыдан жаңғыртуы. Сонымен, патриотизм – кешенді рухани және әлеуметтік феномен, оған өз
еліне деген сүйіспеншілік, оның тарихы мен мәдениетіне деген зор құрмет, өзінің күші мен қоғамның күштеріне
деген сенім кіреді. Патриотизм – идеология және психология, саясат пен адамның Отанға деген ерекше, көтеріңкі,
шын берілген қатынасын білдіретін қызмет. Патриотизм сезімі туа біткен сезім болып табылмайды, оны адам
бойына дарыта білу керек. Бұл – күрделі, көп жоспарлы процесс. Оған тарихи сананы, яғни елдің батырлық және
қайғылы оқиғаларын сараптап, елдің тарихына, мемлекеттік рәміздеріне, заңдарына, әдет-ғұрыптары мен салт-
дәстүрлеріне құрметпен қарау кіреді. Бұл процесс отбасы тәрбиесіне, күнделікті қолданылып жүрген
дәстүрлерге, еліміздегі өмірдің деңгейі мен сапасына, әлеуметтік бағдарламалармен қанағаттандырылғандыққа,
яғни адамның өз елін мақтан тұтуына мүмкіндік беретін барлық факторларға едәуір дәрежеде байланысты
болады. Бұл жайында Елбасы Н.Ә.Назарбаев былай дейді: «Әрбір қазақстандық өзінің ұлттық тиесілігіне
қарамастан, Қазақстан – бұл оның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ылғи да дайын болатын, оның
қанына сіңген туған мемлекеті екенін сезінуі тиіс. Тек осы жағдайда ғана қазақстандық патриотизм сезімін
арттыру және тәрбиелеу үшін түпкілікті негіз пайда болады, тек осы жағдайда ғана отандастар қазіргі уақытта
Қазақстан ретінде бүкіл әлемге әйгілі мемлекетке тиесілігі үшін мақтаныш сезімін байқайды». ХХІ ғасыр
65
жаһандану үрдісі бүкіл әлем халықтарын біріктіру арқылы өркениеттілікті сақтап қалу барысында бар күш-
жігерін жұмсап отырған тұста патриотизм ұғымы кең тұрғыда тек Отан емес, әлемдік тұрғыда қарастырылуды
қазіргі қоғамдағы және әлемдегі даму үрдісі талап етеді. Бүгінгі жаһандану үрдісінде, патриотизм ұғымы
халықтар мен ұлттардың өз Отанына, мемлекетіне деген сүйіспеншілігімен қатар, әлемдік дамудың тыныштығы
мен бейбітшілігін сақтау үшін барлық күш жігерін жұмсау, яғни жалпыадамзаттық патриотизм тұрғысынан
қарастырылады. Сондай-ақ, патриотизм ұғымын жан-жақты талдау «елжандылық» ұғымын анықтау оны
«ұлтжандылық» ұғымымен салыстыра қарастыруды қажет етеді.
Оқушылардың бойында азаматтық – патриоттық сана – сезім, іс -әрекет адам бойына өздігінен
қалыптасатын қасиет емес екендігін, оның өзі білім мен тәрбие барысында Отанды ұлағаттау, халықтың төлтума
мәдени – рухани әлеміне терең бойлау арқылы қалыптасатынын теория мен тәжірибе дәлелдеп келеді.
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы аясында патриоттық тәрбие берудегі жауапкершілікті неғұрлым терең
сезініп, бар мүмкіндікті пайдаланып, шыныққан да шымыр отансүйгіш азаматтар даярлау ісінде тәрбие маңызы
ерекше. Тәрбие бағыттылығының дербес идеясы мұғалімнің балаға ерекше көңіл аударуын қажет етеді. Ол
педагогикалық жұмыстың ең жоғары мақсаты. Сондықтан баланы зор ұқыптылықпен зерттеген жөн. Барлық
тәрбие жұмысының барысында еске алатын басты тұлға – бала екендігін ұмытпауымыз қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қалыбекова Г. Жастарды елжандылыққа тәрбиелеу мәселесі. Ұлт тағылымы №4, 2010, 76-78б.
2. Философиялық сөздік. Ред. кол: Р.Н.Нұрғалиев, Ғ.Ғ.Ақмамбетов және т.б. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы
1996, 80 б.
3. Момышұлы Б. Совет баблаларын патриотизмге тәрбиелеу. – Алматы 1989, 95 б.
4. Қазақ ұлттық энциклопедиясы. Алматы. Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы, 2001, 95 б.
ТӘУЕЛСІЗДІК – ТІРЕГІМ
Хабибуллина Жанна Бахтияровна,
Новый орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі
Сонау алыста қалған 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы
Конституциялық заң қабылданған болатын, бұл қоғамның, адам құқықтары мен бостандықтарының,
меншіктің,саяси және идеологиялық құжат. Осы іргелі ережелер Конституцияның негізін қалады. Еліміздің
азаматтары үшін осы бір ерекше күн ел тарихының ескі сатысының аяқталып, Республикамыздың дамуының
жаңа кезеңінің басталуының белгісі болып табылады. Қазақстан халқы Тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында
қиындықтарға төтеп беріп, дұрыс даму жолын ұстану арқылы жеткен жетістігіміз. Тәуелсіздік – бұл біздің басты
байлығымыз, баға жеткізсіз жетістігіміз. Жас елдің тарихындағы жаңа дәуір өзінің бастауын Тәуелсіздіктен
алады. Сондықтан Тәуелсіздік мерейтойы ерекше мәнге ие. Елбасының ерен еңбегінің, сындарлы саясатының
арқасында саяси-экономикалық, әлеуметтік табыстарға қол жеткізуге мүмкіндік алдық. Қазіргі уақытта
Қазақстан Республикасы кемелді тәуелсіз мемлекетке айналды. Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген
үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің
арқасында қол жеткіздік. Жиырма жыл ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді
жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму
үстінде. Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Сондықтан да Тәуелсіздік ерекше
маңызға ие. Біздің алдымызда осы жылы Тәуелсіздік мерейтойын асқан ұйымдастырушылықпен және жоғары
идеологиялық деңгейде өткізу міндеті тұр. Ел тарихындағы осындай бірегей белесті толайым табыстармен қарсы
алу баршамыз үшін үлкен сын. Тәуелсіздік тойы жалпыхалықтық сипатқа ие болып, отандастарымызға айрықша
рух беруі керек. Тәуелсіздік тойына әрбір қазақстандық өз үлесін қосуы тиіс. Ол – ауыл шаруашылығында,
өндірісте, өнеркәсіпте жұмыс істеп жүрген кез келген отандасымыздың сапалы еңбек етіп, ел игілігін арттыру
деген сөз. Яғни, азаматтарымыздың адал еңбегі мен елге деген шынайы құрметі тәуелсіздік тойына жасалған
үлкен тарту болмақ. Жиырма бес жылдық – елдіктің, егемендіктің, кемелдену мен келешекке құлаш сермеудің
тамаша кезеңіне айналуы тиіс.. Жыл сайынғы Президенттің халыққа арналған Жолдаулары мен қабылданған
мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып,
тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталды.
Қазақстан — тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан
азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте
қалды. Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы
жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүр
сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де,
біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл — тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген
ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын.
Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт — сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың
бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ
халқы жетті.
66
Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және
шешуде ықпалды рөл атқаратын ел.
Қазіргі таңда Тәуелсіздік — барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен
татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі — ең алдымен халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым
мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы
қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені,
отансүйгіштікті,әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын.
Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің
тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің
жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі.
Қазақстан — қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең
алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал
Отан дегеніміз не? Отан сөзі — әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз…
Әр Қазақстанның азаматы айрықша күнін есте сақтады және онымен мақтанады. 1991 ж. 16 желтоқсанда
Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси тәуелсіздігі туралы конституциялық заң қабылданды. Осы жылда
біздің тәуелсіздігімізге 25 жыл. Сөз жоқ, Қазақстан халқы үшін ұлы күн. Бұл барлық еңбекқорлықтың, халықтар
достығының нәтижесі.
Әр Қазақстан Республикасының азаматы не істеу керек? Ол мемлекеттік тілін білу, барлық халықтардың
дәстүрлерін құрметтеу керек. Себебі Қазақстан – біздің ортақ үйіміз, біздің Отанымыз.
Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр,бұл тақырыптың
өзектілігі сонда: Білім беру мазмұнын жаңарту арқылы оқу-тәрбиелік үрдісті ұйымдастырудың жаңа әдістері мен
түрлерін білу,жинақтаған іс-тәжірибе негізінде жаңа заман талабына сай берілетін ақпараттарды пайдалана
отыра,оқушының білімге деген құлшынысын арттырып, өздігінен ізденуге бағыт беретін әдіс-тәсілдердің жаңа
формаларын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып,белсенді іс-әрекетке бағыттау жолындағы тиімді
әдіс-тәсілдерді әріптестерімнен үйрену, өз іс-тәжірибеммен бөлісу.
Күтілетін нәтиже : Бастауышта оқыту мазмұнын жаңарту жұмысын жаңа тұрғыда ұйымдастыру арқылы,
жеке тұлғаның өздігінен ізденіп,ой-өрісінің жан-жақты дамуына жағдай туғызылады, білім сапасы артады.
Қазіргі кездегі қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді.Инновацияның қажеттігі сыртқы
себептермен де анықталады,ол мынадай бірқатар себептерге байланысты: адамдардың мұқтаждығын қамтамасыз
ету қажеттілігі, мектеп оқушыларының білімге , дағдыға, шеберлікке деген ұмтылысы, жоғары сапалы білім
алудағы жеке тұлғаның дамуы. Демек, жаңалықтың ену қажеттілігі білім алуға деген мұқтаждықтан пайда
болды.Білім берудегі жаңалық пен қоғамдық жаңалық бір ғана мақсатты көздейді, олар даму мен прогрестің
қабілетін арттыруы қажет. Білім берудегі жаңарту туралы айту барлық мағынасы қандай да бір қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған жағдайға ғана байланысты.Қоғамдық қажеттіліктің деңгейі мен
сипаты ғана жаңалықты енгізу бойынша істелген жұмыстың бағыты мен жемістігін анықтайды. Сондықтан,
оларды негіздеуде тар шеңберде қолданылатын міндеттермен шектеліп қана қоймай, әлеуметтік-педагогикалық
дамудың нақты бағыттары мен негізгі мақсаттарын ескеруіміз қажет. Бүгінгі таңда жинақтаған тәжірибеме
сүйене отырып, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқу-әдістемелік жұмысыма бүгінгі күн талабынан
шығатындай өзгерістер енгізу керектігі жолында ізденудемін.
Тәуелсіздік – бұл бүгінгі өмір ғана емес, сонымен қатар, ертеңгі өміріміз — Қазақстанның болашағы, оның
мүмкіндіктері мен мақсаттары. Тәуелсіз болу – өз тағдырына жауап беру деген сөз.
«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰЛЫ- ӨЖЕТ, ҚЫЗЫ-ҚАЙРАТТЫ, ХАЛҚЫ-ҚАҺАРМАН»
Хамитов К.Б.,
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің
алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі
«...Уақыт қарқыны зымыран.
Күні кеше өткен сияқты оқиғалар бүгінде тарихбеттеріне айналып та үлгерді.
Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге
келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді.
Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік.
Ең қиын жылдар қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей
беретініне сенемін».
(Н.Назарбаев)
Қазақстан. Осы бір сөзді естісек жүрегіміз лүпілдеп, сонау қиын- қыстау кезеңдерді басынан өткерген
еліміз, оқ пен оттың арасында қасықтай қаны қалғанша айқасып, қыршыннан кеткен жастарымыз, тәуелсіз
жолында құрбан болған асыл азаматтарымыз еріксіз есімізге түседі. Екі жүз жылдай патшалы Ресейдің отары,
жетпіс жылдан астам уақыт Кеңес өкіметінің бұғауында болған Қазақстан бүгінде егеменді ел болды. Тәуелсіздік
67
біздің елімізге оңайлықпен келген жоқ. Осы жолда біздің халқымыз батырлық пен батылдық, қайраттылық пен
ержүректілік таныта білді. Өздерінің туған елі үшін жанын пида қылды.
Ұлт маңдайының бағына біткен Керей, Жәнібек, Қасым, Есім, Тәуке, Абылай сияқты хандар алмағайып
заманда әділдік пен еркіндіктің туын ұстаса, Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты қара қылды қақ жаратын шешен
билер, Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Бұқар сияқты жезтаңдай жыраулар ел намысын биікке көтеріп, Бөгенбай,
Наурызбай, Қабанбай сияқты ержүрек батырлар да қажыр- қайратын қазақ халқының елдік мұратына сарқа
жұмсады.
Талай адамның жүрек жарасын тырнап өткен Ұлы Отан соғысы да есімізде. Жұдырықтай жүректері елім
деп елжіреген талай батырлар жауға қарсы шықты. Ерліктің қос шынарына айналған Әлия мен Мәншүк сынды
қазақ қыздары, Бауыржан, Талғат, Мәлік, Баубек сияқты асыл азаматтар өшпес ерлік танытты. Өмірдің әр мезеті
қымбат тұста жауға Отан үшін, ел үшін ұмтылды. Ұлы Отан соғысы біздің елімізге түскен ауыртпалық болды.
Осы сыннан да халқымыз мүдірмей өтті.
Алайда Қазақстан бірде- бір мәселені өз бетінше шеше алмады. Біздің еліміздің ұлттық ерекшеліктері
ескерілмей, құқықтары аяққа басылды. Қазақтарға өз тілін, дінін ұмытып, мәңгүрттену қаупі төнді.
Экономикалық жағынан да еліміз өз байлығына өзі ие бола алмады. Осы тұста елді еңіреткен азалы күндер
жігерлі жастардың жүрегін қайнаған ашуға, кекке толтырды. Бұл 1986 жылғы «Желтоқсан қозғалысы » еді.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудемде әлі сызы жатыр, сол кездегі салқынның,
Айналайын жас қайраты, жас өркені халқымның- деп Мұхтар Шаханов ағамыз жырлағандай, Орталық
Үкіметтің езгісіне шыдамаған қазақ жастары ереуілге шығып, қазақ елі басшысының қазақ азаматы болуын талап
етті. Дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі «Желтоқсан оқиғасы» мыңдаған қазақ
жастарының өмірін қиған еді. Алаңға шыққан қазақ жастары аяусыз қанға бөктерілді.
«Жастық шақ маған бір- ақ рет беріледі емес пе? Біз, жастар, өмір сүруге асығатын едік, жастық шағымыз
мағыналы болсын деуші едік қой?! Міне, сол қымбат шағымызды жауларымыз тонап алғысы келді, балдырғанды
бақшаға өрт салғысы келді. Мен соған кектенемін»- деп жастарымыз алаңға шықты. Алайда алаңға шыққан
жастарымызды қақаған аязда аямай қинады, көптеген жастарымыз қыршыннан қиылды. Тек төрт- бес жыл өткен
соң ғана арнайы комиссия құрылып, «Желтоқсан оқиғасы» жан- жақты тексеріліп, қазақ жастары ақталды.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріндей өр намысты, жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!- деген Мұхтар ағамыздың өлең шумақтары тағы да есімізге
түседі.
Осыдан кейін- ақ Кеңес өкіметі ыдырап, 1991 жылы 16- желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіз Республика
болып жарияланды. Бұл күн егеменді еліміздің туған күні деп алтын әріптермен жазылды.
Міне, қазақ халқы бабаларымыз армандаған тәуелсіздігіне, азаттығына осындай қиянат, азаптарды
басынан өткеріп жетті. Азаттық жолында қазақ халқы қансырады, бірақ қаза болған жоқ, есеңгіреді, бірақ есінен
айырылған жоқ, сүрінді, бірақ құлаған жоқ.
Міне, көзді ашып жұмғанша, осы жылы Қазақ халқы тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлайды. Тәуелсіздікке
жету – оңай жолмен келген жоқ, ол бәрімізге мәлім. Бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-
мұраттарының орындалуы.
Тәуелсіз мемлекетке айналу, бізге үлкен серпіліс, күш берді. Тарихи күш десе де болады. Біздің өз
еркімізбен алға ұмтылуға, мемлекет болып өркендеуге жол ашылды. Тәуелсіз мемлекет бола салысымен,
көптеген шұғыл сұрақтарға шешім табылды. Неше түрлі ауыртпашылық әкелген Семей полигоны жабылды,
Арал теңізі мәселесі шешілді, тарихи мұра, мәдениетіміз, қазақ тілі қайта жаңғыртылды, табиғи байлығымызды
өз иелігімізге қайтара алдық. Қазір біз болашағымызға сеніммен қарай алатын, зайырлы, өркениетті,
индустриалдық жаңғырту жолында жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан мемлекетпіз.
Тәуелсіздікке дейінгі кезеңде өз жерімізде басымызды түсірдік. Экономика, ішкі және сыртқы саясатпен қатар,
табиғи қорларымыз да, басқа мемлекеттің қарамағында еді. Сол қиын-қыстау кезеңде, қазақ халқының сана-
сезімі, намысы оянды. Жігерлі қазақ жастары өз жерімізде лайықты күн көруге, өз ана тілімізді, мәдениетімізді
құқылы қолдануға талпынды.
Бүгін міне, тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында, біз артқа карап, Кеңес Одағы кезеңіндегі тарихты,
сөзбен жеткізе алмайтын қиын өмірді еске алып жатамыз. Сонау Горбачёв бастаған қайта құру кезеңі ұлттық
сана-сезімді оятты. Жаппай қазақ мектептерінің жабылуы, қазақ тілінде шығарылған газет-журналдар,
мақалалар, кітаптардың сатылымнан жоғалуы, жоғарғы билеуші таптың басымдылығы, біздің ержүрек, батыл,
намысшыл жандарымызды ызаландырды. Сөйтіп, халықтың ұлттық мүддесі үшін күреске жол ашылды. Осының
бәрі, бізді 1986 жылғы Алматыда өткен желтоқсан оқиғаларына алып келеді. Себебі, жаңа алаңда өткен қазақ
жастарының шерулері, тәуелсіздікке әкелген бастама десек, қателеспейміз. Бүгін міне, желтоқсан оқиғаларына
30 жыл. Уақыт келе, сол тарихи окиғаның мәнісін енді ғана ұға бастағандаймыз. Қазіргі таңда, Қазақстанның
өзіндік үні, пікірі, мәртебесі бар. Біз әлемдік деңгейде аяғымызды сенімді басып, басқа елдер бізбен санасатын
мемлекетке айналдық. Мұндай нәтижеге қол жеткізу үлкен шараларды, іс-әрекеттерді талап етеді. Яғни, ішкі
және сыртқы саясатты дұрыс жүргізу, халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өркендеуін, дүниежүзілік
қауымдастықта өркениетті мемлекеттермен білікті қарым-қатынас жасау, әрине бір адамның қолында емес.
68
Бірақ, халық атынан үлкен деңгейде сөйлей алатын, сөзін құлақ салып тындайтын, мемлекетке бағыт-бағдар
беріп отыратын, ерекше тұлға, мемлекет басшысы – Президент.
Тәуелсіздік жариялаған сәттен бастап, Қазақстанды күтіп отырған оқиғалардың мән-жайын түсіну, ұғыну,
мемлекеттің одан әрi даму үрдiсiн болжау және халықтың талғамына сай, ең тиiмдi даму стратегиясын таңдауда
жан-жақты, қайсар, жігерлі, саясат жүргізуде көшбасшы және ой-өрісі кең, интеллектуалды тұлға ұқажет еді.
Мұндай тарихи міндетті, Жаратушы осы қасиеттерге сай Елбасымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа
бұйырды. Тәуелсіз мемлекеттің қазіргі келбеті, бастан өткен сәтсіздіктері және жеңістері тұңғыш президентіміз,
Елбасының есімімен тікелей байланысты. Тарихи өтпелі кезеңде Елбасының рөлі айқын және ашық көрінеді.
Елбасымыздың сол кезеңдегі басты таңдаған стратегиялық бағыты – ашық нарықтық экономикаға көшу болды.
Түбегейлі құрылымдық өзгерістерді жүргізуде шетелдік инвестицияны маңызды фактор деп есептеді. Осындай
тарихи шешімдердің арқасында біз қазіргі таңда әлемнiң 50 ең бәсекеге қабiлеттi елдері қатарына кірдік. Бұл,
меніңше, мақтаныш сезіміне бөлейтін ең маңызды жетістік. Әрине, сонау 25 жылда, еліміз неше түрлі
жетістіктерге жетті, биік белес, асуларды алды. Маңыздыларын Елбасымыз “Қазақстан – 2030” Стратегиясының
толықтай орындалуында қорытындылап кетті. Яғни, ұлттық кауіпсіз, ішкі саяси тұрақтылық пен бірлік, ашық
нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу сияқты стратегияда белгіленген негізгі міндеттер
орындалды. Енді біздің алдымызда одан үлкен міндеттер тұр. 2012 жылы желтоқсан айында, Елбасымыз
“Қазақстан – 2030” Стратегиясын қорытындылай отырып, мемлекеттің жаңа саяси бағытын жариялады. Ондағы
басты мақсат 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің
негізінде берекелі қоғам құру. https://strategy2050.kz Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін “Қазақстан – 2050”. Иә, 25
жылда мемлекетіміз күрт өзгерді. Экономикалық, әлеуметтік, интеллектуалды тұрғыда өркендеп келеміз. Оны
архитектуралық тұрғыда қарасақ, Елбасы айтқандай, мемлекетіміздің басты күші – Астана қаласы. Астана
тәуелсіздіктің белгісі, үні, келбеті деуге де болады. Осы жерді басып жүріп, шын мәнінде, біздің болашағымыз
жарқын екеніне қатты қуанам. Алдымызда “ЭКСПО-2017” атты халықаралық көрме Астанада өткізілмекші. Ол
Орталық Азияда және “Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына” кіретін мүше елдерде өтетін алғашқы көрме
болмақ. Мұндай үлкен шараны біздің елде өткізу мемлекетіміздің жоғарғы деңгейін көрсетеді. Көрменің
тақырыбы “болашақ энергиясы” деп аталады, яғни жасыл технологияларға арналған. Халықаралық көрмелер
бюросына мүше елдерді таң қалдырған сұрақ, қазіргі таңда көкейкесті мәселе. Сарқылмайтын энергия көздері:
күн сәулесі, жел, жер асты сулары арқылы энергия алу, болашақта адам баласына ең қажетті ресурс
түрі. Бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10-нан астам халықаралық
ұйымы қатысады. Көрмеге 2 миллионнан астам адам қатысады деген болжам бар
http://www.akorda.kz/kz/national_projects/page_expo-2017-astanada_1356073251
Өтетін көрме, елдің өндірістік қуатына мықты серпін бере алады. Мұндай ауқымды және жауапкершілікті іс-
шараны өткізуде біздің ел үшін пайдасы өте мол. Басқа елдермен достық қатынастар нығаюымен қатар, жоғарыда
айтылғандай, елімізге инвесторлар алып келеді, еліміздің мәртебесін жоғарлатады.
Қорыта келгенде, 25 жыл ішінде жеткен жетістіктердің маңыздылығын бағалай отырып, біз болашаққа
сеніммен қарай аламыз. Елбасымыздың 90-шы жылдарда анықтаған стратегиясының арқасында біздің еліміз
осындай аз уақыт ішінде құрметке ие, жетістіктерін танитын, сөзіне құлақ салатын мемлекетке айналып отыр.
Елбасымыздың осы қиын жолда сіңірген еңбегі зор, баға жетпес. Біз өз ұлтымыздың, мемлекетіміздің тарихын
ерекше қадірлеп, сақтауымыз керек. Келешек ұрпаққа да ақылын айтып, жеткізсек, біз де алып, мықты мемлекет
бола аламыз. Дүние керемет өзгеру жолында, бірақ біз ұлттық идеяны сақтап, тарихи мұра, құндылықтардың
қасиетін жоғалтпай, кейінгі ұрпаққа аманат етуіміз керек. Әрине, ең бастысы, жеріміздегі ұлтаралық келісім,
саяси тұрақтылық, ыңтымақтастықты сақтай отырып, көптеген нәтижеге жете аламыз.
Тәуелсіздік бүкілхалықтық мереке, әсіресе қазақтар үшін теңдесі жоқ, аса маңызды тарихи оқиға еді. Біздің
халқымыз өзінің ғасырлық аясында қалыптасқан көпшіл, өзге ұлттың мәдениеті мен салт- дәстүріне құрметпен
қарай алатын кең пейіл қасиетімен дараланатын халық.
Бүгін де Қазақстан бүкіл әлем мақтанышпен айта алатын мемлекетке айналды. Осы уақыт аясында дербес
кеңістік қалыптасып үлгерді, нарықтық қатынас орнығып, әлемдік қауымдастық та бел ала бастады. Тәуелсіз
Қазақстанымыздың Ата заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық теңгесі, ең бастысы- егемендігі бар. Еліміздің
болашағын дамытып, ынтымақ пен бірлікті орнатып отырған президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та
тәуелсіздік жолында көптеген істер атқарды. Зор мақтанышпен айта алатын еліміздің бас қаласы Астана да
күннен күнге гүлденуде. Оған куә алып Бәйтерегіміз, Тәуелсіздік сарайы, салынып жатқан көрме ЭКСПО- 2017.
Тәуелсіздік қазақстандықтар үшін ізденіс пен ұмтылыс, сенім мен жарасым әкелді.
Иә, сан ғасырлық қайғы- қасіретке толы тарихында, қазақ халқы тағдырдың талай тәлкегіне түсіп,
көптеген оқиғаны басынан өткерді. Сол тар жол, тайғақ кешуде арып ашса да, қажып қансыраса да ешқашан
өзінің қадір- қасиетін жоғалтпай, ар- намысын, абыройын төкпей бүгінгі Тәуелсіздікке қол жеткізді. Биыл
егеменді елімізге- 25 жыл. Ендеше, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай! Қазақстан — қазақ халқының ата-баба
мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған
халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге
ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс. Қазіргі таңда Тәуелсіздік — барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн.
Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі — ең алдымен халқымыздың
бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз
69
өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың
патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын.
Тәуелсіздік – бұл бүгінгі өмір ғана емес, сонымен қатар, ертеңгі өміріміз — Қазақстанның болашағы, оның
мүмкіндіктері мен мақсаттары. Тәуелсіз болу – өз тағдырына жауап беру деген сөз. Еліміздің ертеңі үшін аянбай
еңбек ету, оқу оқып, білім игеру, жас тәуелсіз мемлекетіміздің ірге тасын бекіту, ұлттар арасындағы
ынтымақтастық пен достықты нығайту ең басты парызымыз! Мәңгілік еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы, еңсесі биік,
мәртебесі берік, биіктерден шарықтап асқақтай берсін- Қазақ елі!
Достарыңызбен бөлісу: |