Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Назарбаев Н. Қазақстан – 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. - Алматы: 2012.
2.
Жашиев Р. Білім берудің ұлттық моделін ұсынамыз. Білім.2006. № 1 (26- 30 бет).
3.
Жалпы білім беретін мектептерде патриотық тәрбие беру. Тәрбие құралы. 2007, №3
ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ
Бердіғали М.С.,
Ақтөбе қаласындағы №17 мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Рухани бірлігі мен байлығы жоқ ұлттың ғұмыры да қысқа. Олай дейтін себебім: ұлттық сана
қалыптаспаған елде тұтастық болмайды. Тұтастығы, рухани бірлігі жоқ ұлттың өмірі де қысқа болатынын біздер
халқымыздың өткен тарихына көз жүгіртсек, талай нақты айғақтарға куә боламыз. Жерлес ақын ағамыз Әзірхан
Календиров:
Білемісің, кейінгі ұрпақ, өз еліңнің өткенін?
Қаншама жыл қиыншылық, қысымшылық шеккенін.
Тілін, дінін сақтап қалған аға ұрпақтың біздерден
Көркейтеді өз елін деп үлкен үміт күткенін,-деп жырлағандай ұлт ұрпағы біздерге, біздің тәрбиелеп
отырған оқушыларымызға артылған сенім зор.
Ұрпағым дейтін елі болмаса, елім дейтін ұрпақ қайдан шықсын?!-деген халық даналығы жастардың
бойына ұлттық сана мен ұлтжандылықты ұялатудың маңыздылығын баса көрсетеді.
Өткенін білмеген халқының қадірін білмейді, халық нені бастан кешіргенін, бүгінгісіне қалай қол
жеткізгенін, өз тарихын жасау үшін қалай тер төгіп, қандай тар жол, тайғақ кешуден өтіп, азап шеккендігін,
қалайша жерін қорғап, елін сақтағанын балаға мектеп қабырғасынан бастап санасына түрлі тәсілдермен сіңіре
берсек, ұтарымыз мол болар еді.
Ол үшін жас ұрпақтың рухани әлемін дамытудың бірден-бір жолы білім ошақтарының ішінде орта
мектептің алатын орны ерекше. Әр мұғалім өз пәнімен ұштастыра отырып бала бойындағы патриоттық сезімін
оятып, жан-жақты, жарасымды дамыған, рухани бай ұрпақ етіп тәрбиелесе, біздің ұлттық тәрбие мәртебесі
асқақтары сөзсіз.
Мен өзім қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде әрбір сабағымды осы бағытта өткізуді
жоспарлаймын. Орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мемлекеттік тілде таза сөйлей және жаза
білуге үлкен мән берген жөн. Мектеп кезеңі – оқушылардың жеке тұлғасы мен ой-санасының дамуы ерекше
қарқынмен жүзеге асатын уақыт. Әсіресе, оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастыруда мектеп тәрбиесі
таптырмайтын құрал. Мектеп бағдарламасымен әрбір пән мұғалімі оқушыларға құрғақ білім беруді көздеп қана
қоймай, оны жеке тұлға қылып шығаруды көздесе нұр үстіне нұр болар еді.
Осы ретте оқушыларды патриотизмге тәрбиелеуде ауыз әдебиетінің үлгілерінің маңызын атап айтып кету
керек.Халқымыздың өмірлік ұстанымдарын фольклордың қай жанрында болмасын көркем сомдайды. Сөзбен
өрнектеліп, ұрпақтан-ұрпаққа ауызекі жеткізу арқылы мирас етіп берілген әдеби мұрамыз күні бүгінге дейін өз
мәнін жоймай келеді. Асыл қазынамызды жастардың санасына сіңіріп, сусындату- ұлтжанды жеке тұлғаны
қалыптастырудағы тиімді тәсіл. Адам баласының ой-өрісі дүниетанымымен астасып жатады. Ұрпақтың рухани
дүниесі дегенде оның ұлттық құндылықтарды меңгеру деңгейін, адами қасиеттерінің молдығын еске аламыз.
Баланың рухани әлемін кеңейту құралдарына ата-бабаларымыздан аманат болып қалған мәдени игіліктер,
еліміздің интеллектуалдық мұралары жатады.
Жоғарыда айтып кеткенімдей өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеуде мектеп маңызды рөл атқарады.
Мектеп жасындағы бала қалай илесең, солай қалыптасады. Яғни, жас шыбықты қалай баптасаң, солай өседі. Ол
үшін ұстаздар қауымының қосар үлесі көп. Кез-келген тәрбие сағаты, болмаса мәдени іс-шаралар, күнделікті
сабақта оқушы бойына аз да болса ұлттық сананы сіңіре білсе, біздің жастардан ұлтымыздың күтері зор болмақ.
84
Еліміздің, жеріміздің өткен тарихын, өнегелі өмір иелерінің игі істерін, тілімізді, дінімізді, әдебиетіміз бен
мәдениетімізді жан-жақты насихаттай білсек, біз тәрбиелеген ұрпақ нағыз ұлттық құнды тәрбиемен сусындаған,
елін сүйетін еңселі азамат пен азаматша болары хақ. Ол үшін құрғақ сөз емес, нақты дәлел, терең білім, мол
ізденіс қажет. Ал мұны әр ұстаз өзінің басты парызы санаса екен.
Патриотизм- «Отаным, сені сүйемін. Сен үшін құрбан болуға әзірмін.» деген құрғақ сөзді күлпілдете беру
емес. Елді, жерді, Отанды сүйетініңді сөзбен емес, іспен дәлелдеуде деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтып
кеткендей әрбір ісімізден ұлтымызға деген құрметіміз көрініп тұрса деймін.
Тұлпар емес, балай біл құлыныңа,
Лай емес, қосылам тұнығыңа.
Көк байрақтың көгінде желбіреген,
О, арман-ай, жарар ма ем тұғырыңа? демекші жас ұрпақтың бойына мол рухани тәрбие беріп, бірлігі мен
байлығы бар ұлтымыздың ғұмырын мәңгілік етейік!
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Жұмалиев. «Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері».А.,1958.- 116-б.»
2.
Құттыбаева С.Ж. Қазақстандық патриотизм мен толеранттыққа тәрбиелеу-мұғалімнің басты борышы. // Тарих
Қазақстан мектебінде. - №4. - 2010.
3.
Әбдешев Б.М. «Ұлттық тәрбие бастауы». Ақиқат -2007. -№4.
КІТАПХАНА – ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМІЗДІҢ РУХАНИ МҰРАСЫ
Ермекова Н.Н.,
«Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы
«Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының»
кітапхана меңгерушісі
Жүздеген жылдар бойы әлемдегі ең бай кітапхана болып келген Отырар кітапханасы орналасқан қазақ
даласынада Шыңғыс ханның 150 мың әскеріне 5 ай бойы қарсы шайқасқан халқымыз өз өмірлеріне қауіп төніп
тұрғанына қарамастан, көптеген кітаптарды үңгірге тыққандары тарихтан белгілі. Бұл нені білдіреді? Бұл
дегеніміз, ата-бабаларымыздың кітапқа, білімге деген жанкешті құштарлығы, құрметі. Одан кейін де халық
басына түскен небір зұлматтан сандыққа салынып, шүберекке түйілген, жерге көмілген, сенімді жерлерге
тығылған кітаптардың табылуы халқымыздың білім қазынасы – кітапқа деген құштарлығын айғақтаса керек.
Қазақ даласында өмір сүрген
дала данышпандары мен абыздары қалдырған сансыз көп жазба мұралар (б.з.д. VII-
VI ғасырында өмір сүрген Алып Ер Тоңа-Афрасиал туралы әфсана мен «әлемдегі жеті ғұламаның» бірі атанған
Анақарыс шешеннің философиялық, шешендік билік тәмсілдері, байырғы түркі ескеркіштері мен жазбалары,
«Тариат», арман харпінде қағазға түскен қыпшақ тілінің грамматикасы, «Кодекс куманикус» сөздігі, Әл-
Фарбидің 60-тан астам еңбегі, Ж. Баласағұнның «Құтты білік», М. Қашқаридың «Түркі тілі сөздігі», Қ.
Иассауидің «Хикметі», Қ. Жалаиридің «Түркі шежіресі», М. Дулатидың «Тарих-и ад-Рашидиі», Бабырдың
«Бабыр-намасы» сондай-ақ, Есіктен, Таластан, Ертістен, Сайрамнан, Отырардан, Түркістаннан, Бату Сарай мен
Сарай Беркеден табылған жазулар, Шам, Бабыл, Александрия, Бағдат, Каир, Техран, Рим, Париж, Лондон, Санкт-
Петербург, Брюссел, Копенгаген, Гамбург, Стамбул, т.б. қалалардағы Ұлы Дала туралы көне мұрағаттар) тәуелсіз
Қазақстанның рухани-мәдени тарихының тікелей шежіресі екендігіне күмән болмауы тиіс. Араб тілінен
аударғанда «жазу қоймасы» мәнін білдіретін кітапхана сөзі шын мәнінде жоғарыда айтылған жазба байлығымыз,
жазба қоймамыз іспетті. Өйткені олар арқылы қазақ елінің арғы-бергі тарихы мен тамырлы тағдырынан мол
деректер алынып, бүгінгі тәуелсіз қазақ елінің ортақ негізді түркі халықтарының ғасырлар тереңінен тамыр
тартқан тарихын, мәдени-рухани құндылығын танып білуге мүмкіндік туып отыр.
Тәуелсіздік – біздің еліміз бен халқымыздың басты мұраты, баға жетпес құндылығы. Бейбітшілік, келісім
мен жасампаздықтың ширек ғасыры ел халқының экономикалық, әлеуметтік, рухани дамуында елеулі табыстарға
қол жеткізді. Бір кездегі жас мемлекет қазір әлем мойындаған іргелі мемлекетке айналды. Әлем мойындап
отырған жас та, тәуелсіз мемлекетіміздің рухани және мәдени өміріндегі жарқын құбылыстар Елбасы Н.Ә.
Назарбаевтың көрегендік саясатының нәтижесінде дүниеге келді. Елбасы: «Қазақстан әлемнің бәсекеге барынша
қабілетті 50 елінің қатарынан лайықты орын алуы үшін өзінің қазба байлығымен қатар жазба байлығын да, яғни
мәдениеті мен ғылымын, білімі мен білігін-рухани әлеуетін күллі адамзатқа жарқырата көрсетіп, елімізді айдай
әлемге паш ете білуі керек» деген болатын.
Ел болып еңсе тіктеген ширек ғасыр Елбасы бастаған саясаткерлер мен зиялы қауым, жалпы еңбек адамы
мен ғылым, мәдениет қызметкерлерінің қажырлы еңбегін талап етті. XX ғасырдың сүргінін бастан кешіп, жаңа
мыңжылдықтың табалдырығын жаңғырған қалпында аттаған Қазақстан өзінің барша төлтума болмысын, жарқын
да бай мәдениетін, ғасырлар қойнауында қалыптасқан салт-дәстүрін, қызық та қилы-қилы тарихын әлем
халықтарының алдына жайып салып, құлдығы мен зорлығы жоқ жаңа өмірді жаңғырту үшін, еңбек пен
мәдениетті жарастыру үшін, сұлулық пен парасаттың салтанат құруы үшін, жаппай келісімі жарасқан
прогрессивті адамзатпен бір сапта болу үшін жаңаша өмірге қадам басты. Алғашқы жылдардағы қиындықтарға
қарамастан, осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Атап айтсақ, тарихи жеріміздің шекарасы
85
халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз және
Сарыарқаның кең жазық даласында барша елдің өзінің тез көркейіп өсуімен таң қалдырып, жаңа Астанамыз
дүниеге келді. Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты елдің екенін
мойындаттық. Ел экономикасы да жылдан-жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі белеске көтерілуде.
Осыншама қыруар жұмыстың жаршысы болуда тек БАҚ құралдары емес, осы құралдар мен көне тарих беттерінің
қоймасы – кітапханалардың да рөлі зор. Өзіне тән барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды
мүшесі болып табылатын тәуелсіз мемлекет құрылды. Алайда мемлекетті, ұлттық мәдениетімізді өркендету
жолындағы атқарылған бұл жетістіктер оңайлықпен келген жоқ. Әсіресе Тәуелсіздігімізді жариялаған алғашқы
жылдары еліміздің мәдени саласы көптеген қиындықтарды бастан кешті.
Еліміздің мәдениеті мен рухани өрлеуіне Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2000 жылды – Мәдениетті қолдау жылы
деп жариялауы мен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қабылдануының үлкен маңызы болды. Тәуелсіз
еліміздің шартарапқа шашылған мәдени, рухани құндылықтарымызды түгендеу, жоғалғанымызды табу,
қирағанымызды қалпына келтіру жұмыстарында ғалымдар мен археологтар, әдебиет, мәдениет саласының
мамандары, тарихшылар, зиялы қауым бірлесіп қыруар шаруа тындырды. Өз жеріміздегі және алыс-жақын
шетелдердегі қазақ тарихына қатысы бар мәдени, рухани құндылықтарымыз, археологиялық және сәулет
туындылары, жазба және көркем әдебиет қолжазбалары жинақталып елімізге әкелініп, том-том кітаптарға
топтастырылды. Бірнеше ғасырлық тарихы бар ғимараттарға реставрация жасалды.
Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жарық көріп жатқан тамаша туындыларды насихаттау,
оқитын оқырман қауымды қалыптастыру кітапхананың басты міндеті.
Тәуелсіздіктің тарихын баянды ету, ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау,
оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу
мақсатында ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР
Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келе жатқан республикалық «Бір ел
– бір кітап» акциясының да мәні зор. Мәңгілік мұра тағылымындай болар шығармаларын кейінгі ұрпаққа өсиет
ретінде қалдырған ақын, жазушыларымыздың туындылары институтымыздың кітапханасында өзіндік орын алар
өсиет- өнегелерімен қабысқан шаралардың біріне айналды.
Қазақ әдебиеті мен әлем классикасының алтын қорындағы құнды шығармаларды оқытып, сол
туындылардың рухани маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Өрлеу» БАҰО институты кітапханасында жүзеге
асырылып жатқан«100 кітап» жобасы игі шара, ізгі бастама болып отыр.
Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен көтерілген «Ұлы Дала елі», «Мәңгілік ел» идеяларын
насихаттау жұмысы да кітапхана қызметкерлерінен жауапты да маңызды шаралар ұйымдастыру міндетін қойып
отыр.
XXI ғасырдағы қоғамдық өзгерістер, қазіргі мәдени шаралар - адамзаттың ашық ақпараттық қоғамға өтуі
кітапханада үлкен өзгерістер енгізуде. Мәдени шаралардың бастылары - қоғамның ақпараттануы,
компьютерленуі, бір сөзбен айтқанда, заңды түрде цивилизациялануы кітапхана жұмысын жаңа деңгейге көтерді.
Оқырмандарымыз қызығушылық танытып, құмартып кітап қарайтын орны белгіленген және арнайы тақырыптар
бойынша көз тартатындай терең мазмұнды ашық көлемді кітап көрмелері, конференциялар мен дөңгелек
үстелдер, семинарлар мен тренингтер өткізу арқылы біздің кітапханалар да лайықты үлес қосып келеді. Институт
кітапханасында «Мәңгілік ел – ұлт мұратының ұйтқысы», «Ұлт жоспары – ұлы арманның асқары» атты Елбасы
мақаласын талқылау; «Ұлттар достығы-басты қазынамыз», «Конституцияға 20 жыл: Ата заң Тәуелсіздік пен
тұрақтылықтың теңдесі жоқ тартуы» тақырыптарында шаралар өткізілді.
Елбасы жыл сайынғы өз жолдауында жастарға кітап оқудың маңызы мен қажеттілігіне тоқталып өтеді.
Кезекті бір Жолдауында Н.Ә. Назарбаев жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру үшін ең үздік 100
заманауи кітапты іріктеп, оларды қазақ тіліне аудару туралы айтты. Бұл, әрине, еліміздің кітап қорына қосылатын
үлкен байлық болары сөзсіз. Сонымен қатар, «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша елімізде көптеген кітаптар
жарық көрді. Мұның барлығы еліміздің мәдениеті мен өркениетін дамыту жолында Елбасымыздың жасап жатқан
істері екені анық. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кітап жайында: «Кітап – ең
сабырлы ұстаз.Тек кітап қана қайырымдылық пен айуандықтың, ақиқат пен жалғанның ара жігін айнытпай танып
білуге үйретеді» деген болатын. Бұл сөз өткен бабалар мұрасы мен бүгінгі және келешек ұрпақты
сабақтастыратын ғасырлар аксиомасына айналары сөзсіз.
Осы орайда, 2015 жылғы 30 қарашадағы халыққа арнаған Жолдауында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басқалы тұрғанымызды айта келіп: «Бұл -
тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт.
Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу
үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді.»,- дегенде, р
ухы биік, еңбегі
ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел ұландарының тарихтан сабақ алуға шақырды. Ол тарих – кітапта, оның қоймасы
– кітапханада. Олай болса, Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтуда «тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз
– тұрақтылық, білегіміз – бірлік» дейтін барша қазақстандықтардың қатарында кітапхана атты құтты мекеннің
де рөлі зор болып қала бермек.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.
"Қазақстан-2050" стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты [Мәтін] : ҚР Президенті -
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан. - 2012. - 15 желтоқсан. - 1-
8бет;
86
2.
Ұлы дала ұлағаттары [Текст] : Елбасы қаламынан туған еңбектіерінің алғашқы тараулары
«Тәуелсіздіктің тал бесігі», «Саясат салтанаты» атты тараулары арнайы кітапша ретінде ұсынылып отыр.
// Егемен Қазақстан . - 2016.- 2 қараша. - (№ 210). - Б. 3-4. ; Егемен Қазақстан . - 2016.-5 қараша. - (№
213). - Б. 3-4
3.
Тамырын тереңнен тартқан тәуелсіздік [Текст] // Егемен Қазақстан. - 2014. - 12 желтоқсан. - (№ 244). -
Б.2
БІЛІМ БЕРУДЕ ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚ БОЙЫНА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕНІ ДАРЫТУ
Есмаганбетова А.А., Сагындыкова Л.С.,
С.Бәйішев ат. Ақтөбе университеті колледжінің оқытушылары
Адамды тәрбиелеу – демек
оның ертеңгі қуанышқа ие болатын
келешек жолын тәрбиелеу.
А.С.Макаренко
Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі
әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі
өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа
көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Қазіргі таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен
тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгінгі ғаламдастыру дәуірі, Әл-Фараби бабамыз айтқандай,
шәкірттерімізге білімнен бұрын тәрбие беруді, ұстаздардан терең білім мен тәрбиенің сан алуан қырын игеруді
талап етеді.
Республика көлемінде де, жекелеген оқу-тәрбие мекемелерін алсақ та, патриоттық тақырыпқа байланысты
іс-шаралар Қазақстандық патриотизмнің заманауи болашағын кешенді түрде қарастыруды талап етеді. Алайда
нақты мақсаттарсыз, жоспарларсыз, жүйеленген міндеттерсіз бұған қол жеткізу мүмкін емес.
«Патриотизм» сөзі (грек тілінде – patrіots – отандас, paths - Отан, атамекен) Отанға деген сүйіспеншілікті,
оған адалдықты, өз іс-әрекеттерімен оның мүдделеріне қызмет етуге ұмтылысты, сондай-ақ туған жеріне,
тұрақтаған мекеніне бауыр басушылықты білдіреді. Оның қазақшасы-жерлес, отандас дегенді білдіреді, яғни
Отанын, ұлтын сүю, оны жаудан қорғау.
Патриоттық тәрбие тұлға қалыптасуының құрамдас бөлігі болып табылады, ол жастардың алған
білімдерінің негізінде азаматтық борыш ұстанымымен, жекебастық мүдделері қоғамдық ұстанымдармен астасып
жататын тіршілік әрекеті үлгісіне даярлығын қамтамасыз етуі тиіс.
Қазірде қазақ халқының дәстүрлері негізінде жүзеге асырылатын патриоттық тәрбие әлеуметтендіру
процесін тұлғаға дәл осы Отанға, Атамекенге қызмет ету арқылы, өз тарихы үшін, өз Отанының әлеуметтік
дүниенің ғылымына, мәдениетіне, рухани құндылықтарына қосатын үлесі үшін мақтаныш сезімі арқылы өз
қабілеттерін мейлінше терең ашуға мүмкіндік беретін деңгейге жеткізеді.
Ұлттық тәрбие - адам өмірінің алтын арқауы. Ұлттық тәрбие жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды
жоққа шығармайды, қайта солармен үндесіп жатады. Бұлар бір-бірін байытып, құнарландырып отырады. Ұлттық
тәрбиеден тереңдеп нәр алған адам - рухани бай адам. Ондай адам жалпыадамзаттық тұрғыдан мәдени және
рухани құндылықтарды бойына тезірек сіңіреді, сөйтіп, толық әрі кәміл Адам дәрежесіне тезірек жетеді. Ұлттық
менталитет - тұнып тұрған рухани қазына. Халықтың тілі мен мәдениеті болсын, салт-дәстүрі мен наным-сенімі
болсын – мұның бәрі де әрбір халық үшін асыл да қымбатты рухани дүниелер.
Ұлттық
патриотизмді қалыптастыруда ата-бабаларымыздың ұлағатты ойлары мен тәлімдік
тәрбиесінің атқаратын орны ерекше. Ұлттық патриотизм дегеніміз – ең алдымен, белгілі бір ұлттың өкіліне
сүйіспеншілікпен қарау, оның ұрпақтан- ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан құндылықтарын бойына сіңіру.
Өңіріміздегі бірқатар проблемаларды шешу көп жағдайда жоғары патриоттық сананың қалыптасуына, өз
еліне деген мақтаныш сезімге, Отанының мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борышты орындауға
дайындығын тәрбиелеуге байланысты.
Еліміздің барлық азаматтары ұлтына, нәсіліне қарамастан тең құқылы және олардың Отан намысы
алдындағы жалпы жауапкершілігі де ортақ екенін ерекше атап өтуге болады. Қай заманда болмасын адамзат
алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ
тәрбиелеу болып табылады. Отаныңның бостандығы мен Тәуелсіздігін қорғау, ата-бабаларың мен Отаныңның
тарихына құрметпен қарау, сондай-ақ, өзіңнің табанақы, маңдай теріңді туған еліңнің гүлденуіне арнау –
бұлардың барлығы да қазақстандық патриотизм деген ұғымның ішіне сияды.
Жастардың бойына жоғары патриоттық сезімді және Отанына деген адалдықты қалыптастыру қажет. Ол
үшін әр адам өз Отанының мүддесін қорғауда азаматтық борыштары мен конституциялық міндеттерін атқаруға
әрқашан дайын болуы тиіс. Әрине, ешкімге де елін, жерін, Отанын зорлықпен немесе жалынып-жалбарынып
сүйгізе алмайсың. Елжандылық, туған жерге деген құрмет-әркімнің дербес парызы, ар-ұятының ісі. Ол дүниеге
шыр етіп келгеннен пенденің пешенесіне бірден ұялай қалмайтыны ақиқат. Ол санаға біртіндеп қалыптасып,
87
тынымсыз тәрбиенің нәтижесінде орнығатын ұлы сезім. Патриотизм, отаншылдық сезімі ананың құрсағынан
даритын биологиялық құбылыс емес, бұл психологиялық құбылыс. Көпшілік адамдардың санасында өскелең
ұрпаққа патриоттық тәрбие беру тек әскери борышын орындау деп ұғынылуы патриоттық тәрбие түсінігінің
мазмұн аясын тарылта түседі. Сондықтан өскелең ұрпақтың Отанына деген адалдығы мен негізгі
конституциялық міндеттерді орындауға деген дайындық талаптарын арттыра отырып, патриоттық сананы
қалыптастыру жөнінде стратегиялық міндеттерді толықтай кешенді шешуді қамтамасыз етуіміз қажет.
Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие мен білім беру мәселелеріндегі қазіргі проблемаларды шешу үшін,
патриоттық тәрбие білім беру арқылы қалыптастырылуы керек. Жас жеткіншектерді Отанын сүюге тәрбиелеуде
ақын, жыраулардың тағылымдарын оқытудың мәні зор. Қорқыт ата жасөспірімдердің жанымен қоса тәнінің
шынығуын, елі мен жерін қасықтай қаны қалғанша жаудан қорғайтын жаужүрек батыр болғанын аңсайды.
Махамбет Өтемісұлы мен оның жерлесі Исатай Таймановтың ерліктері елі үшін күресуде және туған халқына
қызмет етуде интернационалдық және патриоттық тәрбиенің жарқын үлесі болса, Әбу Насыр Әл- Фараби
еңбектері де теңдесі жоқ өнеге. Ол – өзінің туған жұртын, кір жуып кіндік кескен кең даласын жанындай жақсы
көріп, барынша қастерлеп өткен нағыз патриот ғалым. Сонымен қатар, әлемдік озық мәдениеттің
шоқжұлдыздары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев еңбектерінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі мол.
Осыған орай, білім алушыларды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, елдің мемлекеттік нышандарын
танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа білім беру мекемелері мен ұйымдарын белсенді түрде тарту
қажет. Қазақстандық патриотизм туралы мазмұны жағынан тиімді ақпараттық-дидактикалық материалдар мен
жасөспірімдердің санасына патриоттық сезімді қалыптастыру, Отанына деген сүйіспеншілікті ояту, өз Отанына
пайда келтіру ұмтылысын тудыру бағытындағы кітаптарды көбірек шығарып, тегін тарату қажет.
Өркениетті елдер қатарына жеткізуге ықпал ететін патриоттық тәрбие беруді ең пәрменді және сенімді
идеологиялық құрал ретінде ұлттық білім беру жүйесіне енгізудің маңызы зор. Бұл үшін қажетті шарттар:
ұлттық білім беру жүйесінде, мемлекеттік тұрғыдан патриоттық тәрбие берудің басымдық тұстарын
қаржыландыру, құқықтық- нормативтік, әлеуметтік статусын көтеру, бүкіл қоғамдық қолдау жүйесін
қалыптастыру;
білім беру жүйесіндегі ұлттық ерлік дәстүрлерді кешенді пайдалану, патриоттық тәрбие берудің
технологияларын жетілдіру және біртұтас ”Қазақстан патриотизмді” қалыптастыруды жетілдіру;
ұлттық білім беру жүйесінде мемлекет тарапынан тікелей әсер ету- негізінен қазақ мектептерінің білім
беру мазмұнында париоттық тәрбие беру ісін жетілдіру, материалдық базасын нығайту, яғни отбасына жоғары
оқу орны аралығына дейін үздіксіз білім беру жүйесіне патриоттық тәрбиені дамыту.
Әлемдегі өркениетті елдердің бәрі де білім беру жүйесін дамыту мәселесін басым бағыты есебінде
белгіленеді.
Ағылшын ағартушысы Д. Локк өзінің педагогикалық ойларында өз замандағы джентельмендер тәрбиесін
насихаттай отырып: “Ол үшін бүкіл жақсы қасиеттер бойынан табылуы қажет. Әрине ақылды, білімді, дене бітімі
дұрыс және өз Отанын қорғай білетін азамат - джентельмен болуы тиіс”,- деп көрсетеді.
Өскелең ұрпақ білім мен ұлттық тәрбие негіздерін өзінің ұлттық мектебінен алатыны сөзсіз. «Ұлттық
мектеп дегеніміз – ұлттық рухта тәрбие беретін орын».
Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда
адамзаттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени-рухани мұрағаттары мен ұлттық тәлім-
тәрбие саласындағы, білім жүйесіндегі ізденістерін көрсету басты міндетіміз болып қала бермек.
Ұлттық тәрбие – біздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз. Ал мұндай мәселелерді зерттеп,
көпшіліктің ой-пікірлерін қауым елге жеткізетін негізгі құрал – бұқаралық ақпарат құралдары екені даусыз.
Біздің ұлттық өнеріміздің, мәдениетіміз бен дәстүрлеріміздің алдыңғы қатарлы үлгілерін, тіліміздің орасан зор
байлығын білім беру саласында жас жеткіншектердің жан дүниесіне сіңіріп, сол арқылы әлемдік рухани
өркениеттің өріне шығып, нәр алу – бүгінгі күн талаптарының маңыздысы. Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар
бойы ұрпағына азық болған ақыл-кеңес, өсиеттері, асыл мұрасы ұлттық рух, ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс,
ана тілі мен ұлттық мәдениетін қалыптастыру сезімін ояту – баршамыздың парызымыз. Сонда ғана ұлттық сана-
сезімі толыққанды жетілген, туған тілін еркін білетін, ұлттық сипаты мен ұлттық рухын жоғалтпаған ұрпақты
сапалы білім беру арқылы тәрбиелей аламыз. Адамзат баласының алға қарай сатылай өркениет өріне жетуі әр
адамның дұрыс ой түйіп, өнегеге жол сілтеуі, рухани күшін нығайтуға, аға буын өкілдеріне ізет көрсету
отансүйгіштік тәрбенің бастамасы болып табылады.
Бізге бұрыннан белгі болып келген білім беру саласындағы патриоттық тәрбиенің ұйымдастырушылары:
отбасы, ата-ана, балабақша – тәрбиеші, мектеп – мұғалім. Жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін тұлға
мұғалім – тәрбие көзі.
Білім алушыларды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуді, елдің мемлекеттік нышандарын
танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа білім беру мекемелері мен ұйымдарын белсенді түрде тарту
қажет.
Білім беру ұйымдарында қазіргі заманғы қазақстандық қоғамдық және мәдени шындықтарға негізделген
және қазақстандықтардың ділімен байланысты дүниетаным мәдениеті мен төзімділігі жөніндегі сапалы, мазмұны
жағынан тиімді ақпараттық-дидактикалық материалдардың жеткіліксіздігін, балалар мен жастарға арналған,
олардың санасында патриоттық сезімді, өз Отанына деген сүйіспеншілікті оятуға, өз Отанына пайда келтіру
ұмтылысын тудыруға ықпал ететін кітаптардың аздығын атап өткен жөн. Балалар мен жастарға арналған кітаптар
негізінен батыстық мұраттар мен құндылықтарды насихаттауға бағдарланған немесе таза технократиялық
88
түсінікті қалыптастырады. Сол себепті де патриоттық тәрбие беруді насихаттайтын, отансүйгіштікке баулитын
кітаптар мен түрлі дидактикалық материалдардың көлемін арттыру қажет.
Жас ұрпақты білім беру саласында патриотизмге тәрбиелеу – бұл тұлғаның, елдің, оның мәдениетінің
бірегейлігі, әлеуметтің, халықтың әлеуметтік психологиясының ерекшеліктері толымды көрініс табатын
қоғамдық өмірді ұйымдастырудың мәні мен мақсаттарын пайымдау арқылы жүйелі дамуы. Патриотизм міндетті
түрде тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін көрсетеді, өйткені оның өзі еңбекте табыстарға жету үшін,
қоғамға, ел жұртқа, халыққа қызмет ету үшін биік серпін болып табылады.
Сонымен, жалпы ойымызды жинақтай келіп, қорытындыны Мағжан Жұмабаевтың мынадай ойымен
аяқтағымыз келеді: «...Бала аурулы, зағип болса, баладан емес, тәрбиешіден; бала тар ойлы, ақымақ болса, бала
кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі. Бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мылқау жанды болса, бала айыпты емес,
тәрбиеші жазалы. Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиеші көтерсін».
Патриоттық тәрбие берудегі жауапкершілікті неғұрлым терең сезініп, бар мүмкіндікті пайдаланып,
шыныққан да шымыр отансүйгіш азаматтар даярлау ісінде ұстаздар жұмысына үлкен талап қойылады, сонымен
қатар білім алушыларды жан-жақты және жарасымды етіп қалыптастыру ғана емес, олардың бойында
патриоттық тәрбиені дарыту мұғалімнің басты міндеттерінің бірі.
Тәрбие бағыттылығының дербес идеясы мұғалімнің балаға ерекше көңіл аударуын қажет етеді. Ол –
педагогикалық жұмыстың ең жоғары мақсаты. Сондықтан баланы зор ұқыптылықпен зерттеген жөн. Барлық
тәрбие жұмысының барысында еске алатын басты тұлға – бала екендігін ұмытпауымыз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |