ТАҚырыбындағы облыстық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



Pdf көрінісі
бет16/39
Дата12.03.2017
өлшемі3,11 Mb.
#8854
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39

 
 
 
 

79 
 
ЖАС ҰРПАҚҚА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ 
 
Ақпанова Ж.Н., 
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің  
биология пәнінің оқытушысы  
 
XXI  ғасыр  адамзат  дамуының  жаңа  кезеңі,  яғни  білім  үрдісінің  ең  маңызды  факторларның  бірі  болып 
саналатын  білім  беруді  дамытудың  жаңа  жүйесі  құрылуда.  Білім  беру  және  оқыту  теориясының  әдіснамалық 
негізі  –  таным  теориясы,  оқушы  тұлғасын  жан  –  жақты  және  үйлесімді  қалыптастыру  туралы  ілім  болып 
табылады.  Білім  беру  және  оқыту  технологиясының  оқушыларды  оқыту  мәселесіндегі  талаптарының  бірі  – 
танымдық белсенділік пен саналылық.Патриоттық тәрбиені сабақ процесінде де, сабақтан тыс тәрбие саласында 
да  үзбей  беру  керек.  ҚР-ның  үздік  білім  беру  жүйесінің  тәрбие  тұжырымдамасында  басым  бағыттардың  бірі 
болып  патриоттық  тәрбиенің  бекітілуі  де  бекер  емес.  Шынында  да,  ұлтқа  деген  сүйіспеншілігі  жоқ  адамнан 
адамгершілікті де, сұлулықты да, мәдениетті күтуге болмайды. Ендеше, патриоттық тәрбие  – тәрбиенің басты 
бағыттарының  бастауы.  Еліміздің  болашағы  –  ұрпақ  тәрбиесінде,  еліміз  егемендік  алып,  өз  алдына  отау  тігіп 
өзінің,  ішкі  –  сыртқы  саясатын  өзі  шешетін  болды.  Бүгінде  баршаның  міндеті  –  әдет  ғұрпымызды,  салт  – 
дәстүрімізді жандандырып, ұлттық сана – сезімі жоғары тәрбиелі ұрпақты өсіру. Қазақ ағартушысы М.Жұмабаев 
«Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиелі баланы сол 
ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген. Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейін ең 
алдымен  мұғалімнің  даярлығына,  оның  іс  тәжірибесінің  қалыптасып  шыңдалуына  байланысты.  Мұғалім  – 
баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы, маңызды тәлім өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, бала қиялын 
самғатып, арманын көкке ұсындырушы басты тұлға.Келешекте біздің еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең 
болып  өмір  сүру  үшін  қазақ  балаларын  ешкімнен  кем  қылмай,  мектеп  қабырғасынан-ақ  жан-жақты  білімді, 
тәрбиелі ету үшін сынып жетекші ұлттық құдылықтарды басшылыққа ала отырып тәрбие жұмысын жүргізген 
абзал[1] 
Я.Каменский балаларға тәлім – тәрбие беріп ұстаздық көрсететін мұғалімді өте жоғары бағалады.«Мұғалім 
–  мәңгі  нұрдың  қызметшісі.  Ол  барлық  ой  мен  қимыл  әрекетіне  ақылдың  дәнін  сеуіп,  нұр  құятын  тынымсыз 
лаулаған  жалын  иесі».С.А.Назарбаеваның  «Ұстаздан  ұлағат»  атты  кітабында  «Тәрбие  дегеніміздің  өзі,  ең 
алдымен баланың сезімін оятып, әсершілдігін дамыту, сезімді тәрбиелеу – баланы қоғамдық мәні бар, адамдарға 
жақсылық әкелетін қылық – қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз». 
Бала  тәрбиесі  ең  алдымен  аға  ұрпақтың  жас  жеткіншекке  деген  сүйіспеншілігі  мен  қамқорлығынан, 
ұрпақтан  –  ұрпаққа  жалғасқан  адамгершілік  ізгі  қасиеттердің  жиынтығынан  туындайды.  Қазақстан 
Республикасының  баянды  да  тәуелсіз  мемлекет  болу  үшін  ұлттық  құндылықтар  тәрбие  арқылы  халық 
педагогикасынан нәр алып, адами құндылықтардың барлық саласын бойына сіңірген, таза елжанды азамат керек. 
Қазақ мемлекеті үшін бар білімі мен қабілетін сарып ететін, елін, туын – өскен жерін, тілін халқының тарихын, 
дінін, мәдениетін біліп, құрметтейтін жеке тұлға тәрбиелеу.[2] 
Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  арнаған  Жолдауында  «Біз  Қазақстанның  барлық  азаматтардың 
отаншылдық  сезімі  мен  өз  еліне  деген  сүйіспеншілігін  дамытуға  тиіспіз  және  оны  қалыптастыру  басты 
міндетіміздің бірі» деген сөзін басшылыққа ала отырып, «Менің Отаным - Қазақстан» деп ойлайтын әрбір азамат 
ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіретін тәрбие жұмысын жүргізу міндетті. 
Бүгінгі  жас  ұрпақты  сонау  замандардан  жинақталған  ата-бабамыздың  мол  мұрасымен,  яғни  ұлттық 
құндылықтарымен сусындату – біздің басты парызымыз.[3] 
Ғұлама Абай баланың бойына алты қасиет пен үш асыл мінез – құлық сіңіру парыз деген.  
1.
 
Елімен туған-туыс, жұрағат, жекжат дос – жолдасқа адал болу. 
2.
 
Өте әділетті болу. 
3.
 
Шындықты тура бетке айту сияқты асыл мінезді атап көрсеткен.  
Патриоттық  тәрбие  берудің  басты  бағыты  –  Қазақстан  Республикасының  жаңа  Конституциясы  мен 
еліміздің мемлекеттік нышандарын Әнұранын, Туын, Елтаңбасын оқушыларға үйрену және орындату. 
Жас  ұрпақты  Қазақстандық  патриотизм  мен  интернационализм  рухында  тәрбиелеу.«Егемен  болмай  ел 
болмас»  -  дегендей,  біз  азаттық  жолдарында  шын  мәнінде  ұлы  жолдан  өттік.  Тәуелсіздің  кезеңі  –  біз  үшін 
ғасырлар  жүгін  арқалаған  ғаламат  кезең.  Тәуелсіз  Қазақстан,  Тәуелсізідік  –  біздің  маңдайға  басқан  бағымыз, 
мәңгі сақтауға тиіс аманатымыз.Қасиетті Отанымызда қандай қиындықты да қайыспай қарсы алуға дайын өршіл 
рухты, азат ойлы, жасампаз халық бар. Ол - ержүрек қазақ халқы. Сол қаһарман халықтың алға қойған ізгі мұраты 
бар. Ол – Ұлы Дала төсінде өзі құрған мемлекетті Мәңгілік Ел жасау. Ендеше, әрқашан еліміз аман, бауырымыз 
бүтін болсын. Тәуелсіз Қазақстанымыз мәңгілік Елге айналсын! 
 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1.
 
ҚР-дағы білім беру мекемелерінің тәрбие жұмысының бағдарламасы. 
2.
 
Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2030» Алматы «Білім» 176 бет. 
3.
 
Республикалық ғылыми әдістемелік журнал және педагогикалық журнал №9, №10. 
4.
 
Интернет беттерінен 
5.
 
Сыр мектебі №18. 2000ж. 
 

80 
 
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚҚА ПАТРИОТТЫҚ 
ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ 
 
Аманкосова Анаргүл Елубайқызы, 
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті колледжінің оқытушы 
 
Н.Ә.Назарбаев  өзінің  «Қазақстан-  2030»  Жолдауында  «біздің  балаларымыз  бен  немерелеріміз 
бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика өркендеу үстіндегі күллі әлемге 
әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп нақты көрсеткен болатын. 
Патриотизм отбасы, ошақ қасынан басталады. Отбасындағы тәрбие баланың азамат болып қалыптасудағы 
негізгі тірек көзі. Біз – патриотизм деген ұғымды көктеніз демеуіміз керек. Патриоттық тәрбие ол қарапайым ғана 
қоқысты  орнымен  тастаудан  басталады.  Қоқысты  керекті  орнына  тастамау  ол  табиғатты  сыйламағандықтың 
белгісі екендігі айдан анық. Табиғатын сыйламаған адам, сол жерде өмір сүріп жатқан адамдарды да сыйламайды. 
Ал, осы сені қоршаған орта және сенің қиналғаның да қасыңнан табылар бауырларың және де сол жерде тұратын 
қандастарың  бұның  барлығы  сенің  –  Отаның.  Патриоттық  тәрбиенің  ең  негізі  осы  бізтуып-өскен,  өмір  сүріп 
жатқан  Отанымызды  сүю, құрметтеу, қастерлеу. Патриоттық  тәрбиені  бойына  сіңірмеге  нұрпақтың  болашағы 
бұлыңғыр.  
«Ел  боламын  десең,  бесігіңді  түзе»  демекші  патриоттық  тәрбиенің  басы  отбасынан  басталады. 
Отбасындағы  тәрбие,  қарым-қатынас,  табиғатты  аялау,  дәстүрге  берік  болу,  ұлттық  құндылықтарды  сақтау 
бұның барлығы да отбасында берілетін тәрбие.  
 Қазіргі кезеңде патриотизм тақырыбы, оның ішінде қазақстандық патриотизм мәселесі барлық қоғамдық, 
мемлекеттік,  саяси,  мәдени-рухани  тақырыптардың  өзегіне  айналуда.  ҚР  Президенті  Қазақстан  халқына 
Жолдауында «оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажеттілігін» ерекше ескерткен және олардың ең 
бастыларының  қатарында  «патриотизм,  мораль  мен  парасаттылық  нормалары,  ұлтаралық  келісім  мен 
толеранттылық,  тәннің  де,  жанның  да  дамуы,  заңға  мойынұсынушылық»  аталып  өткен,  сонымен  қатар,  «бұл 
құндылықтар  меншіктің  қандай  түріне  жататынына  қарамастан  барлық  оқу  орындарында  да  сіңірілуге  тиіс». 
Ендеше, патриотизм идеясы жастарға білім мен тәрбие берудің барлық бағдарламаларынан көрініс табуы керек, 
жалпы көпшіліктің де одан хабардар болғаны жөн. 
Қоғамдардың даму тарихы патриотизмнің мемлекет тарапынан қажетті және пісіп жетілген өзгерістерді жүзеге 
асырудың басты ресурсы екендігін көрсетті.  
Мұндай  мәселелер  қазіргі  таңда  тәуелсіз  даму  жолына  енді  ғана  түскен  мемлекеттердің  көпшілігінің  алдына 
қойылуда.  Ендеше  бүгінгі  патриоттық  идея  да,  патриоттық  тәрбие  де  қазіргі  заман  адамдарына,  олардың 
талғамдары мен мүдделеріне сай анық та түсінікті түрде болғаны жөн. Қазіргі заманғы патриоттық идеология 
мемлекеттің құрылу процесіндегі барлық жетістіктерді, сондай-ақ ұзақ мерзімді басымдықтар мен талаптарды да 
назарына алуы керек. 
Өз  халқыңның  тарихының  өнегелі  жақтарын  білу,  өз  еліңнің  кешегі  және  бүгінгі  қаһармандарын 
мақтаныш  ету,  олардың  ерлігіне  тағзым  ету,  оларға  сай  болу  патриотизмнің  басты  құрамдас  бөлігі  болып 
табылады. Бұл тұрғыда алғанда, республикамыздың оқу-тәрбие мекемелерінде белгілі деңгейде әр түрлі шаралар 
жүргізілуде. Қазақстан тарихы мектептерде, орта арнаулы және  жоғары білім беру мекемелерінде оқытылуда, 
тарихтың жарқын беттері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихатталуда, қаһармандарымыздың есімдері 
ұлықталып,  олардың  аттары  елді  мекендерге,  көшелерге,  мектептерге,  түрлі  мекемелерге  берілуде.  Алайда 
тарихтың  ақтаңдақтарын  жеткіліксіз  оқып-үйрену,  түрлі  тарихи  және  ғылыми  теориялардың  арасындағы 
келіспеушіліктер  мен  айырмашылықтар,  жастардың  төл  тарихына  деген  қызығушылығының  айтарлықтай  аз 
болуы, өзге, әсіресе батыстық идеология мен теориялардың басымдық ықпалы бұған көп кедергі жасауда. Көп 
ретте  жастардың  бұқаралық,  тіпті  кейде  арзан  мәдениетке  елтіп,  этномәдени,  дәстүрлі,  ұлттық  бастаулардан 
алыстап кетуі, өкінішке қарай, қалыпты және кеңінен тараған үрдіске айналды. Менің ойымша, одан шығудың 
басты жолы — қазіргі білім беру мекемелерінде этномәдени білім мен тәрбие беруге ерекше көңіл бөлу. 
Патриоттық  сезім  отбасынан  басталады.  Өкінішке  қарай,  нарықтық  қатынастардың  кеңінен  орын  алуы, 
ересектердің тәрбиеге жеткіліксіз көңіл бөлуі, ата-аналардың уақытының жетіспеушілігі мен қолдарының тимеуі 
отбасындағы  жастар  тәрбиесінің  ролін  түсірді.  Әрине,  мұндай  жағдайларда  өзінің  ескі  арнасын  жоғалтқан 
патриоттық, отансүйгіштік сезімдерді қалыптастыру мен оған тәрбиелеудің жаңа жолға оңайлықпен түсіп кете 
алмасы анық. 
Патриоттық сананы қоғамдық өмірде бекітетін бірден-бір институт — жоғары оқу орындары мен басқа да 
білім  мен  тәрбие  беру  мекемелері.  Олардың  көмегімен  патриоттық  сана  қоғамдық  өмірге  бекітіліп,  мемлекет 
тарапынан қолдауға және бағдарлауға ие болады. Студент жастар қоғамның әлеуметтік құрылымында ерекше 
орын алады. Ендеше, қазіргі студент жастар өздерінің тұлғалық-кәсіби нығаюға бет алуының жоғары деңгейімен, 
шығармашылық  потенциалымен,  Қазақстанның  әлеуметтік  жаңғыру  процесіне  шынайы  іс  жүзінде  қатысуға 
деген белсенді қызығушылығымен, қоғамдық өмірдің түрліше жақтарына, өзінің әлеуметтік бағдарларына деген 
даралық  көзқарастарымен  ерекшеленуі  тиіс.  Олар  еліміздің  әлеуметтік-саяси,  экономикалық  және  мәдени 
дамуының анықтаушы күші де болып табылады. Олай болса, студент жастардың тұрмысы мен болмысына, тәлімі 
мен  тағылымына  үстірт  қарауға  болмайды.  Бұл  туралы  Президент  Қазақстанның  әлеуметтік  жаңғыртылуына 
қатысты  жақында  жазылған  Бағдарламалық  тапсырмалық  мақаласында  ерекше  ескерте  келіп:  «Мен  жас 
ұрпақтың  ел  болашағы  үшін  маңызын  атап  көрсетіп  келдім  және  атап  көрсете  беремін.  Мемлекет  әрбір  жас 

81 
 
адамның  өз  еліне  міндетті  түрде  қажет  болуы  үшін  бәрін  де  жасайды»  —  деген  болатын.  Осы  ұстанымды 
басшылыққа  алатын  болсақ,  бізге,  жоғары  оқу  орындары  оқытушылары,  тек  оқу  және  оқыту  процестерін 
төңіректемей, жастар болмысына әсер ететін құбылыстарды тұтастыра қарағанымыз жөн. 
Қазақстанның  егемен  мемлекет  ретінде  қарқынды  дамуы  тәрбие  процесін  жөнге  келтіру  мен  оның 
бағыттарын айқындаудың қажеттілігін нақты  түрде ұғынуға  әкелді. Бүгінгі таңда  Қазақстан Республикасында 
білім беру мен денсаулық сақтау ісінің дамытылуының «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы басым 
бағыттар  қатарына  азаматтылықты,  еңбексүйгіштікті,  адамгершілікті,  адам  құқықтары  мен  бостандықтарына 
құрметпен қарауды, Отанға, отбасына, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға бағытталған білім 
берудің тәрбиелік қызметін қосады.  
Біздің  басты  міндетіміз:  студенттердің  рухын  көтеруге  бағытталған,  жеке  тұлғаның  рухани  және 
шығармашылықты  үздіксіз  дамуына,  өзін-өзі  дамытуына,  кәсібилік,  бәсекеге  қабілеттілік,  сыни  көзқарас  пен 
ойлаудың стандартты емес үлгілерінің болуына, мәдени-толеранттылық, белсенді жасампаздық бастау, тағы да 
басқа адами ұстанымдарды қалыптастыратын тәрбие беру жүйесі мен тәрбиелік ортаны құру мен қолдау. Аталған 
міндеттер  мен  мақсаттар  болашақ  студент  жастар  бойында  рухты  қалыптастыруға;  колледж  дәстүрлерін 
құрметтеуге, сақтау мен молайтуға; білім алуға деген жауапкершілікті күшейтуге; азаматтық және патриоттық 
құндылықтарды,  көзқарастар  мен  сенімдерді  қалыптастыруға;  мемлекеттің  Рәміздері  —  Қазақстан 
Республикасының  Елтаңбасын,  Туын,  Гимнін  мақтаныш  етіп,  оларға  құрметпен  және  қастерлеп  қарауға; 
қоғамдық-саяси  сауаттылық  негіздерін  қалыптастыруға;  студенттерді  заңдылықтарды,  қоғамдық  және  ұжым 
өмірінің  нормаларын  құрметтеу  рухында  тәрбиелеуге;  ұлтымыздың  өткені  мен  мәдени  мұрасына  құрмет 
көрсетуге;  Қазақстанда  тұратын  барлық  ұлт  өкілдерінің  мәдениетіне  толерантты  түрде  қарауға;  әр  түрлі 
әлеуметтік мәселелерді шешуге және үн қосуға даяр болу сияқты иммунитет қалыптастырады деген ойдамыз. 
Осылардың  ішінде  біз  патриоттық  тәрбие  мен  қоғамдық-саяси  сауаттылықты  қалыптастыруға  басымдылық 
береміз.  Өйткені  патриотизм  жастармен  қоғамдық  сана  негізінде  ұғынылуы  керек.  Студенттер  бойында 
қоғамдық-саяси  сауаттылықтың  негіздерін  қалыптастыру,  олардың  заңдылықты,  қоғамдық  өмір  нормаларын 
қастерлеуге, біздің халқымыздың тарихи өткені мен мәдени мұрасына құрмет көрсету рухында тәрбиелеу егемен, 
тәуелсіз ел үшін — қажеттілік. 
 
Қолданылған әдебиеттер 
1. Назарбаев Н.А. Қазақстан-2030. Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл- ауқатының 
артуы:Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Егемен Қазақстан.2014. 11 қазан. 
2. Бекқұлов Е. Отанын қорғамаған ұлдан без.\Халық кеңесі,31 наурыз, 2013. 
3. Коидзе Ж.Г. Народные традиции как средство героико- патриотического воспитания школьников.Автореф. 
Дисс. …канд. пед. Наук. 13.00.01.- М.,2012. 
4. Жұмаханов А. Оқушылардыңәскери-патриоттықтәрбиесіжайында. \Қазақстанмектебі. 2014. 
5. Айтақов Ә. Оқушылардыпатриотизмгетәрбиелеу.- Алматы.2010. 
 
 
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ БОЙЫНША  
ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚҚА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ 
 
Бекниязова А. Е., Ажигулова Г.А., 
С.Бәйішев атындағы АУ колледжінің оқытушы 
 
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің – елімізді қазір бізге көз жетпес 
алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш» - деп, ел жастарына білім жолына 
бет бұруды күшейтуді табыстады. Сол жастарды өзіндік айтар ой-пікірі толық дамыған, жоғары саналы, белсенді, 
ең бастысы бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеп шығару - қазіргі мектеп алдында тұрған басты міндет. Бұл 
міндеттер білім беру ошақтарының тынбай еңбек етулерін, үнемі ізденісте, шығармашылықта болуларын талап 
етеді. «ХХІ ғасырда білімі мен ғылымын дамыта алмаған ел тығырыққа тіреледі» - деген қағиданы басты ұстаным 
еткен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Елді жаңғырту стратегиясын 
іске  асырудың  табыстылығы,  ең  алдымен,  Қазақстандықтардың  біліміне,  әлеуметтік  және  дене  болмысына, 
көңіл-күйіне  байланысты»  деген  сөзі  бүгінгі  педагог  кадрларға  қойылып  отырған  талаптың  жоғары  екендігін 
көрсетеді.  Елбасының  сындарлы  саясатының  арқасында  білім  саласы  жылдан  жылға  жақсы  нәтижелерге  қол 
жеткізуде.  Алайда,  талғам  өзгергенімен  талап  жалғыз.  Ол  –  қазіргі  заманғы  бәсекеге  қабілетті  білімді  ұрпақ 
қалыптастыру.  Алған білімі мен біліктілігі негізінде бүгінгі өзгермелі өмірді еркін бағдарлай алатын, өзін-өзі 
дамытып, өз бетінше дұрыс, жауапты  шешім қабылдай білетін тұлғаны  тәрбиелеу  – қоғамдық мәні бар үлкен 
мәселе.  Қазақ  халқының  шолпан  жұлдыздарының  бірі  Мағжан  Жұмабаевтың  «Тәрбиеден  мақсұт  –  баланың 
тәрбиешінің  дәл  өзіндей  қылып  шығару  емес,  келешек  өз  заманына  сай  қылып  шығару.Әр  тәрбиешінің 
қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі» дегеніндей ақпараттық технологиялар заманында жоғары білімді ұлт болуымыз 
үшін жас ұрпақты ұлттық құндылықта тәрбиелеудің маңызы өте зор. Өскелең ұрпақтың бүгінгі келбеті еліміздің 
ертеңін елестетеді. Ал, ел ертеңін қалыптастыру білім беруді жаңғыртудан басталады. 
Қазіргі  заман  мұғалімінен  қоғамдық  дамудың  деңгейінен  көрінетін,  оның  әлеуметтік  парызына  жауап 
беруін  көздейтін, жаңашылдыққа  жаны  құмар, әр ісіне  гуманистік сезіммен қарайтын,  педагогикалық күрделі 

82 
 
құбылыстарды  идеялық  адамгершілік  тұрғыдан  шеше  алатын,  жаңашыл  ойлау  дағдыларын  меңгерген, 
шығармашылықпен еңбек ететін маман болуы талап етіледі.  
«Бәсекеге  қабілетті,  дамыған  мемлекет  болу  үшін,  біз,  сауаттылығы  жоғары  елге  айналуымыз  керек. 
Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғаны қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең 
озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-
ақ,  балаларымыздың,  жалпы  барлық  жеткіншек  ұрпақтың  функционалдық  сауаттылығына  да  зор  көңіл  бөлу 
қажет.» деп Елбасы Жолдауында атап көрсетті. 
Олай болса, өскелең жас ұрпақты болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу – әр ұстаздың, тәрбиешінің, 
қоғамның  міндеті.  Осы міндеттерді атқару баршамыздың азаматтық парызымыз болмақ.  Бұл жауапкершілікті 
жаңа  заманның  салмақты  жүгін  қайыспай,  жұмыла,  бірлесе  көтерген  жүктің  жеңіл  болатыны  сияқты  отбасы, 
бала-бақша, мектеп және қоғамның бірлескен жұмысының нәтижесі көрсететін болады. 
Баршамызды алдымызда «Мен осы парызымды дұрыс атқарып жүрмін бе?» деген сұрақ тұруы қажет. Бұл 
сауал әрқайсысымызды ойландыруы тиіс. 
Қазіргі  кезеңде  патриотизм  тақырыбы,  оның  ішінде  қазақстандық  патриотизм  мәселесі  барлық  қоғамдық, 
мемлекеттік, саяси, мәдени-рухани тақырыптардың өзегіне айналуда. Бүгінгі таңда жеке адамдар арасында да, 
әлеуметтік  топтар  арасында  да  шиеленістері  мол, қарқынды  дамып  жатқан  заманда,  өзіңнің  кімді 
жақтайтыныңды,  қажеттілік туындай қалса кімді қорғайтыныңды,  қай елдің мүддесі  үшін еңбек ететініңді, өз 
әлеуметің  мен  күшіңді,  идеяларыңды  қай  елдің  игілігіне  қолданатыныңды  білген  абзал.  Осының  бәрінен 
патриотизм  сынды  күрделі  сезім  қалыптасады.  Барлық  елдер,  өз  азаматтары  әсіресе  жастар  жағы,  патриот 
болғанына,  сол  елдің  жетістіктері  және  мәдениетін  мақтан  тұтып,  ел  байлығын  көбейтіп,  өзінің  және  өз 
балаларының болашағын осы елмен байланыстыруына мүдделі. 
Қасиетті хадис: “Отанды сүю иманнан-дүр”, дейді. Елін сүю, Отанын қорғау қашаннан ер жігіттің парызы 
болған.  “Отаншыл  сезім  жас  ұрпақ  бойына  қайдан  беріледі?  “Отан  от  басынан  басталады”,  дейтін  халықтың 
ұрпағы бұл сенімнен шыға алып жүр ме? Қазіргі күні жастарымыздың бойындағы отаншыл рух, патриоттық сезім 
қай  деңгей  де?”  деген  сауалдардың  бізді  ойландыруы  заңдылық.  Патриоттық  сезім  отбасынан  басталады. 
Өкінішке қарай, нарықтық қатынастардың кеңінен орын алуы, ересектердің тәрбиеге жеткіліксіз көңіл бөлуі, ата-
аналардың  уақытының жетіспеушілігі мен қолдарының тимеуі отбасындағы  жастар тәрбиесінің ролін түсірді. 
Әрине, мұндай жағдайларда өзінің ескі арнасын жоғалтқан патриоттық, отансүйгіштік сезімдерді қалыптастыру 
мен оған тәрбиелеудің жаңа жолға оңайлықпен түсіп кете алмасы анық. 
Патриотизм  дегеніміз  –  Отанға  деген  сүйіспеншілік,  әрбір  азаматтың  мемлекет  алдындағы  борышын 
жанқиярлықпен орындау. Ал қазақстандық патриотизм Қазақстан азаматының өзін осы елдің төл баласы, нағыз 
азаматы ретінде сезінгенде, Қазақстанды өзінің туған елі, Отаны деп есептеген жағдайда ғана қалыптасады дей 
келе, Қазақстанның патриоты қандай болу керек екенін белгілесек, онда оның ерекшеліктері мынада:  
1.  Қазақстанда  130–дан  астам  ұлт  өкілдері  тұрады,  көп  ұлтты  мемлекет.  Барлығы  Қазақстан 
Республикасының  мемлекеттік  рәміздеріне  ерекше  құрметпен  қарайды,  шын  ниетімен  қадірлейді.  Қазақстан 
азаматының Конститутциялық құқығын сақтайды. Әрбір ұлттың Қазақстанды ортақ үйіміз деп санай білуі.  
2. Қазақстанда тұратын барлық халықтардың ұлтына қарамай, Отанды қорғауға дайын болуы. Қазақстан 
халықтары Ассамблеясында қабылданған барлық шешімдердің іске асуына өз септігін тигізуі.  
3. Бұл әрбір азаматтың тек өзінің конституциялық борышын өтеуі ғана емес, сонымен бірге оның тұлғалық 
сапаларының қалыптасуы.  
4.Қазақстан  халықтарын  ұлы  державалық  патриоттық  сезімге  ұмтылдыру  мақсатында  қазақстандық 
ғажайыпқа сендіру, оны мақтаныш еткізу.  
5. Қазақстан Республикасы азаматының Отанын қорғауға деген оң көзқарасын қалыптастырып, Қазақстан 
Республикасының  қарулы  күштерінің  әскер  қатарында  болатынына  ұлттық  патриоттық  мақтаныш  сезімін 
тудыру.  
6.  Қазақстан  Республикасының  әскери  доктринасына  сай  Қазақстан  халқының  мүддесін  көздеуде 
патриоттық сезімдерін ояту.  
Әрбір халықтың тарихи өмірінде қол жеткізген ең құнды дүниелері – рухани және адами қасиеттері, құлықтылық 
(моральдық нормалар) үлгілері бар. Сондықтан да әрбір жаңа ұрпақ үшін мәнді тәрбие - ұлттық тұрғыдағы тәрбие 
үлгісі  болып  табылады.  Өйткені,  мұнда  тәрбиенің  негізін  замандар  бойы  қалыптасып  келген  асыл  рухани 
құндылықтар және биік ізеттілік пен құлықтылық тұрғысындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жататын, адамның 
адамдық  қасиетін  нығайтып,  әрі  асылдандыра  түсетін,  халықтың  даналық  өмір–салтынан  туындап  отыратын 
бұлжымас  ережелер  мен  қағидалар  құрайды.  Ұлттық  тәрбие  –  адам  өмірінің  алтын  арқауы.  Ұлттық  тәрбие 
жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды жоққа шығармайды, қайта солармен үндесіп жатады. Бұлар бір-бірін 
байытып, құнарландырып отырады. Ұлттық тәрбиеден тереңдеп нәр алған адам – рухани бай адам. Ондай адам 
жалпыадамзаттық тұрғыдан мәдени және рухани құндылықтарды бойына тезірек сіңіреді, сөйтіп, толық әрі кәміл 
адам дәрежесіне тезірек жетеді. Ұлттық патриотизм – жеке тұлғаның өз тарихи дәстүрі сияқты категорияларға 
байланысты  әртүрлі  деңгейде  көрініс  береді.  Соған  қарамастан,  осы  рухани  ерекшеліктерді  білу,  оны 
қалыптастыру – патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты. 
Ел  боламын  деген  мемлекеттер  ең  алдымен  ұрпақ  тәрбиесін  бірінші  орынға  шығарған  еді  ғой.  Ұлт 
болашағы,  ұрпақ  тәрбиесінің  діңгегі  хақ  дініміз  исламда  жатыр.  Хадисте  де,  қасиетті  Құран  Кәрімде  де 
отансүйгіштік  туралы  көп  айтылады.  Осыны  санасына  құйып  өскен  жас  ертең  өз  Отанының  нағыз  патриоты 

83 
 
болып шығатыны анық. Әйтпесе, бөгде ағымдардың жетегіне еріп, Отан қорғаудан жалтаратын жастардың саны 
уақыт санап өсе беретіні кәміл. 
Кеудесіне “бұл менің елім, менің жерім” дейтін сенім ұялата білген жас қана өз елінің шынайы патриоты 
бола  білмек.  Ол  үшін  “баланы  жастан”  дейтін  халық  даналығын  естен  шығармасақ  болғаны.  Жас  ұрпақты 
патриоттық, отансүйгіштік рухта тәрбиелеу еліміздің өсіп-өркендеуі үшін қызмет ететіні еш күмән туғызбайды!
 
Бүгінгі  таңда  қоғамымыздың  барлық  салаларында  болып  жатқан  түбегейлі  өзгерістер,  соның  ішінде 
интелектуалдық  потенциалымыздың  қарқынды  дамып  өсуі  білім  беру  саласының  өзегі  болып  есептелетін 
мектебімізге  құзырлы,  жалпы  адами  және  ұлттық  мәдениет  жаршысы,  педагогикалық  қызметті  қажет  ететін 
обьективті сұраныс болып есептеледі. Егемен елдің тұтқасын ұстайтын өскелең ұрпақ тәрбиелеп жатқан әрбір 
ұстаз елбасымыздың «Барлығы тек өзімізге, сенімімізге, ерік-жігерімізге, бірлігіміз бен еңбегімізге байланысты» 
деген  сөзін  нық  ұстап,  болашаққа  мықты  тұлға  қалыптастыруда  әрбір  білім  ордасы  аянбай  еңбек  етсек,  біз 
тәрбиелеген ұрпақ сенімімізден шығары сөзсіз.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет