ТАҚырыбындағы облыстық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



Pdf көрінісі
бет15/39
Дата12.03.2017
өлшемі3,11 Mb.
#8854
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39

Пайдаланылған әдебиеттер 
1 Н.Ә.Назарбаев, Тарих толқынында Алматы-1999,196-197бб 
2.Ж.Артықбаев, Қазақстан тарихы Астана-2013,9-13бб 
3.Т.Көлбаев, Р.Әйтиева, Ерлік пен қасіретке толы өмір Алматы-2006, 211 б 
4. Раев Д. Қазақстандық патриотизм мен гуманизм. Ақиқат-2000, №8 
5. Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Құдиярова «Педагогика» - 2004 
6. Ә.Әмірова «Патриоттық тәрбиені қалай түсінеміз?» – Сыныптағы тәрбие, 2009, №4 
7. А.А.Сарсенов. «Патриоттық тәрбие». Қазақстан мектебі, 2008, №7 
 
 
БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ 
 
Альжанова А.Б., Арыстанбеккызы Б.,  
 «М. Тынышпаев ат. Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы»  
АҚ Ақтөбе көлік және коммуникациялар колледжінің оқытушылары 
 
Бүгінгі жас ұрпақ - болашақ Қазақстан азаматы. Қай халықта да ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп, 
болашағына үнемі алаңдаушылықпен қараған.Ұрпақ тәрбиесі-келешек қоғам мұрагерін тәрбиелеу ісі. Келешек 
жастардың еншісі болғандықтан саналы, дені сау, ойы ұшқыр, сезімі сергек,білімі мен ақылы зор абзал азамат 
өсіру-ең бірінші орында тұрған мәселе. 
Қазақстанның  жаңа  стратегиялық  бағдарын  айқындайтын  Елбасы  Н.Назарбаевтың  «Қазақстан  –  2050» 
Стратегиясы-  қалыптасқан  мемлекеттің  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауындағы  «Жаңа 
қазақстандық патриотизм» тарауында еліміздің барлық азаматтары ұлтына, нәсіліне қарамастан тең құқылы және 
олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі де ортақ екенін ерекше атап өткен.  
Қазақстан  Президенті  Н.Назарбаев  Жолдауында:  «Егер  мемлекет  әр  азаматтың  өмір  сапасына, 
қауіпсіздігіне,  тең  мүмкіндіктеріне  және  болашағына  кепілдік  беретін  болса,  біз  елімізді  сүйеміз,  онымен 
мақтанамыз.  Осындай  тәсіл  ғана  патриотизмді  және  оны  тәрбиелеу  мәселесіне  прагматикалық  және  шынайы 

75 
 
көзқарасты оятады... Әрбір қазақстандық биліктің қолдайтынын және тірек екенін сезінуге тиіс» делінген. Қай 
заманда болмасын адамзат алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын 
салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу болып табылады.  
Ұрпақ тәрбиесін келешек қоғам қамын ойлау тұрғысынан қарастырып, М. Дулатов “Бастауыш мектепте 
алған  тәрбиенің  әсері  күшті,  сіңімді  болуы  қай  халықтың  мектебінде  болса  да,  оқу  кітапшасы  ана  тілінде  өз 
ұлтының  тұрмысынан  һәм  табиғатынан  жазылып,  баяндап  оқытуды,  осылай  біліп  баяндап  оқытқанда,  жас 
баланың ойына, қанына, сүйегіне керекті мағлұмат алып шығады”,- деген болатын.  
«2050 жылға қарай біз Қазақстанның кез келген азаматы ертеңгі күнге, болашаққа өте сенімді болатындай 
саяси  жүйе  құруымыз  керек.  Біздің  балаларымыз  бен  немерелеріміз  сырт  елден  гөрі  Отанында  өмір  сүргенді 
артық көретіндей, өйткені өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз 
жерінің  қожасы  ретінде  сезінуге  тиіс»  деп  патриотизм  мәселесіне  жан-жақты  тоқталып  өткен  болатын. 
Отаншылдық патриотизм – бұл елдікті, мемлекеттілікті саналы түрде сезіну. Мәселен, кез келген адамның өзі 
туып-өскен жеріне бауыр басуы, ана тілін толық меңгеріп, оған құрметпен қарауы, өз Отаныңның мүддесін ойлау, 
туған жеріңе деген адалдық, өз еліңнің саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени саладағы жетістіктерін мақтан 
ету, өз Отаныңның бостандығы мен Тәуелсіздігін қорғау, ата-бабаларың мен Отаныңның тарихына құрметпен 
қарау,  сондай-ақ,  өзіңнің  табанақы,  маңдай  теріңді  туған  еліңнің  гүлденуіне  арнау  –  бұлардың  барлығы  да 
қазақстандық  патриотизм  деген  ұғымның  ішіне  сияды.  Жастардың  бойына  жоғары  патриоттық  сезімді  және 
Отанына  деген  адалдықты  қалыптастыру  қажет.  Ол  үшін  әр  адам  өз  Отанының  мүддесін  қорғауда  азаматтық 
борыштары  мен  конституциялық  міндеттерін  атқаруға  әрқашан  дайын  болуы  тиіс.  Парасатты  қоғам  құру, 
қазақстандық балалардың тәрбиесін қалыптастыру - әрбіріміздің қасиетті парызымыз болуы тиіс. Патриотизм -
Отанға  деген  іңкәрлік,  өз  халқыңның  табыстарына,жеріңнің  игілігіне  қуана  білу  болса,  “қазақстандық 
патриотизмнің”  еркшелігі  қандай?  Біздің  көзқарасымыз  тұрғысынан  алғанда,ол  тек  қазақтардың  ғана  емес, 
осынау  кең-байтақ  кеңістікті  мекендейтін  барлық  ұлт  пен  ұлыс  өкілдерінің  ортақ  тілегі-өз  елінің  тағдырына 
қобалжуы,  жанашыры  болуы  керек.  Әрине,  ешкімге  де  елін,  жерін,  Отанын  зорлықпен  немесе  жалынып-
жалбарынып сүйгізе алмайсың. Елжандылық, туған жерге деген құрмет-әркімнің дербес парызы, ар-ұятының ісі. 
Ол ана  құрсағын жарып шыққан пенденің пешенесіне бірден ұялай қалмайтыны  тағы да ақиқат. Патриотизм- 
санаға  біртіндеп  қалыптасатын,  тынымсыз  тәрбиенің  нәтижесінде  орнығатын  ұлы  сезім.  Әркімнің  өскен 
ортасына,  қалыптасқан  қоғамына  қарай  түрліше  дамып,  алуан  сатылы  деңгейде  болатын,  үздіксіз  тәрбиенің 
жемісі. Сырт қараған адамға елімізде “қазақстандық патриотизм” мәселесі жоқ тәрізді елес береді. Біріншіден, 
Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  мәлімдегеніндей,  қазақстандықтардың  90  пайызы,  қай  ұлттық  өкілі  болғанына 
қарамастан,  өздерінің  Отаны  Қазақстан  деп  мойындайды.  Екіншіден,  Қазақстан  бұрынғы  Кеңестер  Одағынан 
бөлінген мемлекеттер арасында ұлтаралық, саяси, мүдде аралық, конституциялық тәртіп, т.б. жағынан алғанда 
тұрақтылығымен  ерекшелінген.  Бұның  екеуі  де  тамаша  көрсеткіш  өлшемдері.  Көп  елдерде  патриотизм  сезімі 
ерекше жоғары дамыған, қоғамда мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау қалыптасқан.  
Жоғарыда  айтып  өткеніміздей,  патриотизмдердің  ең  алғашқы  шарты-  мемлекеттік  рәміздерге  –  туға, 
елтаңбаға,  әнұранға  құрмет.  Өйткені,  оларда  халқымыздың  өткен  өмір  тарихы,  бүгінгі  игіліктеріміз,  болашақ 
мақсаттарымыз айшықталған. 
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері балалардың, жасөспірімдердің оқу- тәрбие ісіне ұдайы 
көңіл бөлініп келеді. Оқу- тәрбие ісінде назар аударып отырған тәрбие салаларының бірі-  патриоттық тәрбие. 
Қазақстан  Республикасы  көп  ұлтты  іргелі  ел.  Интернационалдық  және  патриоттыққа  тәрбиелеу  -  күрделі 
педагогикалық үрдіс. Еліміздің тәуелсіздік алып, егемендікке жету қазақ халқының және республикада тұратын 
басқа  да  халықтардың  ұлттық  дүниетанымының  өсуіне  жағдай  жасады.  Жас  жеткіншектерді  Отанын  сүюге 
тәрбиелеу  бір  кезеңдік  іс  емес.  Интернационалдық  және  патриоттық  тәрбиені  қалыптастыру  процесінің  өз 
идиологиясы  және  айқын  жүйесі  бар.  Білім  ордаларында  жас  жеткіншектерді  Отанын  сүюге  тәрбиелеу  қазақ 
халқының батырларының өмірі мен ерліктерін олардың туған жерін жауларынан қаймықпай қорғағандықтарын 
баяндау арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан батырлары мен танымал тұлғалары көп ел екені даусыз. Ал оларды 
тәрбие беру құралына айналдыру елтану бағытында жасалған оңды шара. Мысалы, Қобыланды батыр, Алпамыс 
батыр, Ер Тарғын, Ер Көкше, Баян батыр, Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек батырлар. Тарихты бағалау жастарға 
Отан қорғаудың үлгілі жолын көрсетіп тұрғандай әсер қалдырады. Сондықтан ұстаздар Қазақстан патриотизмін 
арттыруды өз дәрістері мен ізденістерінде басты назарда ұстауы тиіс.  
Жас  жеткіншектерді  Отанын  сүюге  тәрбиелеуде  ақын,  жыраулардың  тағылымдарын  оқытудың  мәні 
зор.Қорқыт ата  жеткіншек,  жас өспірімдердің  жанымен қоса тәнінің шынығуына,  елі мен  жерін  жан-  тәнімен 
сүйіп, осы қасық қаны қалғанша жаудан қорғайтын жаужүрек батыр болғанын аңсайды. ХІХ ғ 30-40 жылдарында 
Қазақстанның батыс аймақтарын мекендеген ақын және батыр Махамбет Өтемісұлы мен оның жерлесі Исатай 
Таймановтың ерліктері елі үшін күресуде және туған халқына қызмет етуде интернационалдық және патриоттық 
тәрбиенің жарқын үлесі болады. 
Білім негіздерін меңгеруші шәкірттер үшін Әбу Насыр Әл- Фарабидің өз басы да, еңбектері де теңдесі жоқ 
өнеге. Ол өзінің туған жұртын, кір жуып кіндік кескен кең даласын жанындай жақсы көріп, барынша қастерлеп 
өткен нағыз патриот ғалым еді. Сонымен қатар әлемдік озық мәдениеттің шоқ жұлдыздары: Ш.Уалиханов, Ы. 
Алтынсарин, А.Құнанбаев еңбектерінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі мол. Осы ғасырдың басында тәлімдік ой 
пікірмен  барша  қазақ  даласын  дүр  сілкіндірген  Ш.Құдайбердиев,  А.Байтұрсынов,  Ж.Аймауытов,  М.Дулатов, 
М.Жұмабаевтардың педагогикалық тұжырымдары өмір шеңдігімен жұртты қайран қалдырады. 

76 
 
Жеткіншектерді  интернационалдық  және  патриоттыққа,  Отанын  сүюге,  елін  қорғауға  бұрынғы  Кеңес 
Одағы кезеңінде жүргізілген іс шараларды жоққа шығаруға болмайды. Мысалы, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы 
туралы  айтпауға  мүмкін  емес,  десек  те  Кеңес  Одағының  ыдырауы,  алғашқы  кездегі  халықтың  белсенділігі, 
артынша өмір сүру деңгейінің төмендеп кетуі, экономикадағы дағдарыс құбылысы адам көңіл-күйіне әсер етті. 
Жаңа құрылып жатқан Қазақстан Республикасына оның нарықтық экономикаға өтуіне қалыпты жағдай жасаған 
жалпы  халықтың қолдауы осы отаншылдықтың арқасында болды.  Алайда Қазақстанның Тәуелсіздік алуымен 
жас өспірімдерді тәрбиелеуде және оларды отаншылдық көзқарасын қалыптастыруда жаңа бағыт пайда болды.  
Тәрбие  -  халықтың  ғасырлар  бойы  жинақтап,  іріктеп  алған  озық  тәжірибесі  мен  ізгі  қасиеттерін  жас 
ұрпақтың  бойына сіңіру, өмірге деген көз қарасын және оған сай мінез  -құлқын қалыптастыру. Соның ішінде 
азаматтық тәрбиенің тірегі отаншылдық болып табылады. Мектеп барлық кезде оқушыларды Отанды сүю және 
қорғау  сезімдерін  дамытты  және  дамытып  келеді.  Интернационалдық  және  патриоттық  тәрбие  деген  кең 
мағыналы, қасиетті ұғым. «Отан от басынан басталады» - деп айтады халқымыз. Әрбір адамның от басы, туған 
жері өскен ортасы, ауылы, елі- оның Отаны. Өмірге келген адамдардың бәрінде міндетті түрде, рефлексті тұрғыда 
интернационалдық және патриоттық сезімі туа қалмайды. Патриотизм, отаншылдық сезімі ананың құрсағынан 
даритын биологиялық құбылыс емес, бұл психологиялық құбылыс. 
Отанын адамның өзі тануы тиіс. Оны жете біліп, қадір- қасиетін ұққанда, тарихын, өткен жолын, қиындық 
мехнаттарын,  рухын,  тар  жол,  тайғақ  кешулерін  көз  алдынан  өткізіп,  жанымен  сезе  білгенде,  елдің  басын 
біріктірген, жатжұрттықтардан жерін, суын, даласын, тауын, қанын төгіп қайсарлықпен қорғап қалған ерліктерін 
сезіп білгенде ғана соған деген мақтаныш сезімі оянады. Адам бүгінгі өзі басып жүрген топырағының, суының 
қадір-қасиетін жете сезінгенде өз еліне деген мақтаныш сезімі күшейе бастайды. 
Жас ұрпақты ұлттық бірлікке, Отанын, елін, жерін сүюге, ұлттық тәуелсіз мемлекетті нығайтуға өз үлесін 
қосуға  тәрбиелеуде  көркем  шығарманың  маңызы  зор.  Көркем  шығармаларда  патриоттық  сезімді  ардақтап, 
батырлық,  ерлікке  мадақталу,  парасаттылық  ,  достық  тәрізді  адамгершілік  игі  қасиеттер  дәріптелген.  Бұл 
тақырыпта  әңгіме,  ертегі,  өлең,  жырлар  туғанын,  оларда  халықтық  батырлық,  ерлік  істерді  және  оны 
жасаушыларды ардақтағанын білуге болады. Егер, бала жас кезінен ұлттық жырларымыздың сұлулығын сезініп, 
мазмұнындағы  адами  құндылықтарды  бағалай  білсе,  оның  өз  Отанына,  халқына,  төл  өнеріне  сүйіспеншілігі 
артатыны сөзсіз. Ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан көлемді саласының бірі - ертегілер. Қазақ халқы, оның 
ішінен  шыққан  дана  адамдар  өз  заманының  адамдарына  да,  кейінгі  ұрпақтарына  да  жақсы  тәрбие  беруді 
көздеген.Көп ертегілерде суреттелетін әділдік пен жауыздық арасындағы күрес бастауыш сынып оқушыларының 
патриоттық сезімдерін оятуға  септігін тигізеді. Ертегілер оқушылардың қиялын дамытып,  жақсы  мінез-құлық 
қалыптастырады,  жақсыдан  үйреніп,  жаманнан  жиренуге  шақырады,  өзінің  елін,  жерін  қорғауға,  сүюге 
тәрбиелейді. 
Еліміздің азаматтарын, казақ жігіттерін жан-жақты, "сегіз қырлы, бір сырлы" азаматтар етіп тәрбиелеуде 
ұлттық  ойындардың  атқарар  маңызы  жайлы  іс  жүзінде  Отан  қорғауда,  күрес  үстінде  көріп-біліп,  оның  күш-
қуатына көзі жеткен батыр Б.Момышұлы өзінің "Соғыс психологиясы" еңбегінде ұлттық әдет-ғұрыпты сақтай 
отырып,  жеңіске  жетуге  болатындығын  айтады.  Өзінің  күрес  үстінде  сыналып,  шыңдалған  тәжірибесінде 
байқалған, өз елін, жерін сүйетін азаматтар тәрбиелеуді халыктың дәстүрінен бастау керек екендігіне көзі жеткен 
батыр  Қазақстан  Халық  кеңесі  төрағасынан  жастар  тәрбиесінің  бөліміне  хат  жолдағаны  тағы  бар:  "Мен  өз 
тәжірибемнен көзім жетті, жауынгерлік қасиеттерді дарытуда халықтық ұлттық салт-дәстүрлердің үлкен маңызы 
бар. Олар ойын,көкпар,бәйге,аударыспақ,күрес"деп жазған. 
Сондықтан  біз  -  ел  қорғайтын  ер  азаматтар  тәрбиелеуде  халықтың  дәстүрлік  тәжірибесін  мектеп 
табалдырығында қазіргі әскери тәрбие саласына терең енгізіп, жауынгерлердің қазақ батырларының ерлік істерін 
оқып,  үйренуіне  баса  назар аударсақ, сондай-ақ сөз  құдіретін түсіну-  ер азамат үшін керек болса, мұның бәрі 
жауынгерлерді  сабырлылыққа,  ұстамдылықка  үйретіп,  отанды  сүю  тәрбиесіне  өзіндік  үлесін  қосары  даусыз. 
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру барлық пәндердің үлесіне жатады. Сондықтан пәнге оқушылардың ынта- 
ықыласын, қызығушылығын арттыру үшін әр түрлі жаңа әдістемелік технологияларды қолданып сабақ өткізу 
тиімді. Егемен ел атанып, Тәуелсіздіктің арайлы ақ таңы атқан күннен бастап, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, 
мемлекетшілдікке, ұлтжандыққа баулу ісі күн тәртібіне қойылды. Кең байтақ қазақ даласын пана еткен тілі басқа 
болса да тілегі бір, түрі басқа болса да жүрегі бір барша халықтың бойына қазақстандық патриотизмді дарыту 
өте-мөте  маңызды  дүние.  Бүгінде  бұл  мәселе  барлық  қоғамдық,  мемлекеттік,  саяси,  мәдени-рухани 
тақырыптардың  өзегіне  айналуда.  Патриотизмнің  негізгі  мағынасы  әр  азаматтың  ұлтын,  Отанын  сүюден 
туындайды. Тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін көздейтін патриотизм белгілі бір уақытпен шектелетін 
науқандық  шара  емес.  Сондықтан  стратегия  –  патриоттық  тәрбие  жүйесін  нысаналы  дамыту  арқылы 
азаматтардың  бойындағы  жоғары  патриоттық  сананы  қалыптастыруды,  өз  елі  үшін  мақтаныш  сезімін  оятып, 
Отанның  мүдделерін  қорғау  жөніндегі  азаматтың  борышы  мен  конституциялық  міндеттерін  орындауға  деген 
дайындығын тәрбиелеу мақсатын алға қояды.  
  Болашақтың  Қазақстанын  мен  қалай  елестетемін?  Мен,  2050  жылғы  қазақстандықтар  –  үш  тілде 
сөйлейтін  білімді,  еркін  адамдардың  қоғамы  екеніне  толық  сенімдімін.  Олар  –  әлемнің  азаматтары.  Олар 
саяхаттап жүреді. Олар жаңа білім меңгеруге құштар. Олар еңбексүйгіш. Олар – өз елінің патриоттары».- деді 
Елбасы Н. Ә. Назарбаев жаңа Жолдауында. 
 

77 
 
Қорыта  келгенде,  осы  жоғарыда  баяндалғандай  әдістерді  пайдалана  отырып,  оқушының  көкейіне 
осындай іс-әрекеттермен ой сала білсек, үлгі көрсетсек заманға сай, қоғамға керекті отансүйгіш патриот, елге 
қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. А. Құнанбаев. Қарасөз. - Алматы: Рауан, 1995. 
2. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы қоғамдық идеялық бірлігінде. - Алматы: Қазақстан, 1993. 
3. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – 
Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы // Егемен Қазақстан. 15 желтоқсан 2012 жыл. № 
828-831 (27902). 
 
 
ЖАС ҰРПАҚҚА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ 
 
Алькенова К.Б., 
Әйтеке би көпсалалы колледжі  
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 
 
«Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен 
кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық деген, ерлік пен ұрпақтан-ұрпаққа дәстүр болып қала бермек. 
Өткенін білмеген, тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы тұл, келешегі тұрлаусыз». 
Б. Момышұлы 
 
  
Егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп отырған кезде болашақ еліміздің көсегесін көгертетін жас ұрпақтың 
ой – санасын жетілдіріп, жан – жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру – біздің парызымыз. Жас жеткіншектерді 
отансүйгіштікке  париоттыққа  тәрбиелеу  -  бүгінгі әлемнің  күрделі  тынысында  негізгі  мәселелердің бірі болып 
табылады. Отаншылдық – сонау ерте замандардан қалыптасып келе жатқан қасиетті сезім. Көп ұлтты Қазақстан 
үшін  отансүйгіштік  сезімнің  рухани  саладағы  тату-тәтті  тірлік,  азаматтық  келісімге  ғана  емес,  мемлекеттік 
материалдық негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар. Отансүйгіштік рух – қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер 
көшіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуға мүмкіндік беретін бірден-бір күш. 
Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейінгі қоғамның басты мақсаттарының бірі  – жас ұрпаққа 
сапалы білім берумен бірге заман талабына сай патриоттық тәрбие беруі. Патриоттық білім, ол қоғамда білімнің 
тез  және  шапшаң  қарқынмен  дамуына  байланысты  туындайды.  Өйткені  оқушылардың  мектепте  ғана  алған 
білімдерімен шектеліп қалуға болмайды. 
Жас  ұрпақтың  оқу  орны  заманауи  орталық  болғандықтан,ол  жас  жеткіншектерді  ұлтымыздың 
патриотизмге бай тарихын, жауынгерлер мен батырлардың ерліктерін, ата-бабаларымыздың өнегелі өмірін жас 
ұрпаққа жеткізу патриотизмге баулудың бірден-бір көзі болып табылады.  
 1-2  желтоқсан  аралығында  өткен  Елордамыз  Астана  қаласындағы  саммиттің  тарихи  маңызы  өте  зор, 
себебі болашақ – ұрпақтың көкірегінде патриоттық сезімнің алаулап ұшуына үлкен септігін тигізді. 7-ші қысқы 
Азия ойындары  халықтың спортқа деген қызығушылығын, арттырып салауатты өмір салтын ұстанатын, рухы 
таза бойы әсем, жігері берік ел екендігін көрсетіп танытты.  
Былтырғы  жылы  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Нұрлы  жол-болашаққа  бастар  жол»  атты  халыққа 
жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі 
белестер  жылы»  деп,  «Қазақ  хандығының  550  жылдығын,  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  мен 
Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын» ерекше атап өткен болатын. 
Қазақ халқы ерте заманнан қоныстанған және билік жүргізген өңірде сақтардан, ғұндардан, түріктерден, 
тағы басқа рулық ұлыстық елдерден қалған аса құнды мұралардың және ескерткіштердің табылғаны жұртқа аян. 
Қазіргі  уақытта  қоғамның  дамуына  байланысты  оқушы  білім  беру,  оларды  тәрбиелеу  және  дамыту 
міндеттері  барған  сайын  күрделеніп  бара  жатыр.  Басты  міндеттің  бірі:  орта  мектепті  бітірген  оқушы  өмірге 
белсене араласа отырып, ғылымның шапшаң дамуына ілесуі, ашылған жаңалықтарды өздігінше оқып меңгеру, 
оларды өзі қызмет ететін салаларына қатыстыларын іс жүзіне асыра білуі, өмірде қолдана алуы. Сонымен қатар 
оқушылар  мектеп  қабырғасында  жүріп  –ақ  әлемдік  құрылым  қалыптасуының  негізгі  ғылыми  ұстанымдарын, 
ойлаудың  әдіс-тәсілдерін,  Отанға  деген  сүйіспеншілік,  патриотизм,  танымның  заңдылықтарын  игеруі 
тиіс. Оқушыларға  патриоттық тәрбие  беру барлық пәндердің үлесіне жатады. Сондықтан пәнге оқушылардың 
ынта-  ықыласын,  қызығушылығын  арттыру  үшін  әр  түрлі  жаңа  әдістемелік  технологияларды  қолданып  сабақ 
өткізу  тиімді.  Бұл  оқушылардың  сабақтан  жалықпауын,  жөнсіз  әрекетке  бармауын,  әр  іске  назар  аударып 
жауапкершілікпен  қарауды,  ой  елегінен  өткізіп  ойлануды  қалыптастырады,  бағдарламалық  материалдарды 
жеңіл, тез меңгеруге  септігін тигізеді. Осы мақсатпен оқу материалының күрделі  және  жеңіл түрлеріне  қарай 
ерекшеліктеріне тоқталайын.  
«Патриотизм»  дегеніміз  -  Отанға  деген  сүйіспеншілік,  жеке  адамның  аман-саулығының  қоғамдық–
мемлекеттік  қауіпсіздікке  тікелей  байланыстылығын  сезіну,  ал  мемлекетті  нығайту  дегеніміз-жеке  адамды 
күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның 
өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді. Осыған байланысты сабақ берудің ең 

78 
 
негізгі мақсаттарына төмендегілер кіреді. Бірінші –танымдық, екінші - тәрбиелік, үшінші - дамытушылық. Осы 
мақсаттарды орындау үшін, өз тәжірибемізде тарих және әдебиет сабақтарында оқушылардың өз бетімен білім 
алу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, ізденіс  жұмыстары  мен алған білімдерін іс 
жүзінде  пайдалана  білуге  үйрету  бағытында  жұмыс  жүргізіп  келеміз. Балаларға  ел  сүйгіштік,  мемлекеттік 
рәміздерді  құрметтеу,  Отанды  сүю  мәселесінде  қандай  шығармалар  оқығанын,  қандай  шығармаларды  оқуды 
ойлап жүргендігі жайындағы пікірлері жөнінде әңгімелер өткіздім. Бұл әңгіменің барысында шәкірттер өздерінің 
оқыған  шығармаларын  атады.  Ауыз  әдебиетінен  мысалы:  «Қобыланды  батыр»,  «Алпамыс  батыр»  т.б. 
шығармаларында – қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі атап көрсетіледі. Ал Махамбеттің 
«Жұмыр қылыш» күйі, шығармалары, әсіресе, «Баймағанбет Сұлтанға айтқаны», «Ереулі атқа ер салмай», «Ұл 
туса»,  «Әй,  Махамбет  жолдасым».  Патриоттық  тақырыпқа  оқыған  шығармаларынан  І.Есенберлиннің 
«Көшпенділер», М.Мақатаевтың өлеңдерінде атап өтті.  
Тарих  сабағын  әдебиет,  қазақ  тілі,  география  пәндерімен  байланыстырып,  аралас  сабақтар  өткізуге, 
оқушылардың  жан-жақтылығын  дамытуда  тарих  пәнінің  үлесі  зор.  Осыған  орай  патриоттық  тәрбие  мәселесі 
адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан –ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, мектеп 
оқушыларының  бойындағы  Отанға  деген  сүйіспеншілігін,  яғни  патриоттық  санасын  дарытуда  халқымыздың 
біртуар  ұлы,  ержүрек  қолбасшы,жазушы,  Қазақстанның  Халық  Қаһарманы  батыр  Б.Момышұлы  ағамыздың 
кейінгі  ұрпаққа  үлгі  етіп  қалдырып  кеткен  өсиеттерінің  және  ерлікке  толы  шығармаларының  алатын  орны 
ерекше.  
«Ұлттық патриотизм» және «Қазақстандық патриотизм» ұғымдары арқылы Отан, туған өлке, туған халқы 
туралы нақты түсініктер берудің тиімділгі арта түспек. Ал түсінік дегеніміз –бір нәрсенің мағынасы мен мәнін 
ұғыну.  Сөйтіп,  «ұлттық  патриотизм  және  «қазақстандық  патриотизм»  ұғымдарына  анықтама  беру,  олардың 
мазмұнын  құрайтын:  отансүйгіштік  сезімін  дамыту,  ұлттық  салт-дәстүрді  ұстану  мен  мемлекет  рәміздеріне 
құрмет қалыптастыру, т.б. тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейте түседі. Осыларды көздеп жүргізген зерттеу 
еңбегімізде  педагог,  психолог,  философ  ғалымдар  мен  ақын  –жазушылардың  ой-пікірлеріне  сүйене  отырып 
«ұлттық патриотизм» және «қазақстандық  патриотизм» ұғымдарына анықтама  беруге ұмтылдық. Сондай  – ақ 
бұл ұғымның маңызын ашып көрсету жас буындарды тәрбиелеуде бүгінгі күннің кезек күттірмейтін қажеттігінен 
туындап  отыр. Қазақстандық  патриотизмнің  арқауы  қазақ  мемлекетіне  деген  сүйіспеншілік,  ұлтына  сенімі, 
нанымы,саяси  көзқарасы,  т.б.  қарамастан,  әрбір  қазақстандық  өзі  өмір  сүріп,  күн  көріп  отырған  мемлекетін-
«Отаным» деп тануы, оның негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық,оның заңдарында бас ию, рәміздеріне 
құрмет,  жетістігіне  сүйсініп,  мақтану,  кемшіліктерін  болдырмаудың  жолын  қарастыру  қазақстандық 
патриотизмнің белгілері болуы керек деген ой келіп туады.  
Туған  халқымыздың өткен  тарихына  көз  жіберсек, Отансүйгіштіктің керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі 
күні егеменді ел болып,  қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің 
арқасы.Тарихи мәліметтерден байқайтынымыздай, ата-бабаларымыз елін, жерін, Отанын қорғауда жанын, тәнін 
аямаған. Тіпті жоңғар шапқыншылығы кезімен одан бертіндегі ұлт азаттық көтерілісін  алып қарасақ , ондағы 
батырлардың бойында патриотизм тәрбиесі басым болған. Осындай көптеген тарихи тәжірибелерден көре отыра, 
сол кездегі отбасы тәрбиесіндегі отансүйгіштік сезімнің қалыптасуына отбасындағы тәрбиенің ықпалын елемей 
қоюға болмайды.  
Қорыта  айтқанда,  оқушылармен осы жоғарыда  баяндалғандай  тағы да басқа  әдістерді қолдана  отырып, 
оқушының көкейіне осындай іс - әрекеттерімен ой сала білсек, үлгі көрсетсек заманға сай, қоғамға керекті азамат 
отансүйгіш, елсүйгіш азамат елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз.  
Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының 
ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм 
дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. Өткен тарихымызға 
тағзым  да,  бүгінгі  бақытымызға  мақтаныш  та,  гүлденген  келешекке  сенім  де  «Мәңгілік  Ел»  деген  құдіретті 
ұғымға сыйып тұр. 
Отанды  сүю  -  бабалардан  мирас  болған  ұлы  мұраны  қадірлеу,  оны  көздің  қарашығындай  сақтау,  өз  үлесіңді 
қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының 
түпкі мәні - осы! «Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз 
«Tүркі  жұртының  мұраты  -  Мәңгілік  Ел»  деп  өсиет  қалдырған.  Бұл  біздің  жалпыұлттық  идеямыз 
мемлекеттігіміздің  тамыры  сияқты  көне  тарихтан  бастау  алатынын  көрсетеді.  Жалпыұлттық  идеяны  өміршең 
ететін - Елдің бірлігі. 
Ауызбіршілік  қашқан,  алауыздық  тасқан  жерде  ешқашан  да  жалпы  ұлттық  идеялар  жүзеге  асқан  емес. 
Қазақстанның шыққан шыңы  мен бағындырған  биіктерінің ең басты  себебі  –  татулық,  бірлік,  берекесі.  Қазақ 
хандығының 550 жылдық тойын атап өтілуі, бұл халқымыздың Егеменді, Тәуелсіз «Мәңгілік ел» болғанымызды 
дәлелдейді. Тарихы, тілі, діні, салт-дәстүрі ғасырдан-ғасырға ұласып, ата-бабаларымыздың мұра етіп қалдырған 
жерін, байлығын бүгінгі күні  «Мәңгілік  ЕЛ»  болашақ ұрпақтары  жалғастырады  және  ұрпақтан-  ұрпаққа  мұра 
етіп қалдырады деп кәміл сенеміз. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет