Литература
1.
Ушинский К.Д. Избранные педагогические сочинения: В 2 т. – М., 1974.
2.
Даль В.И. Толковый словарь живого великорусского языка. – М., 1955.
3.
Педагогический энциклопедический словарь / Гл. ред. Б.М. Бим-Бад – М.: Большая Российская
энциклопедия, 2003.
4.
Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев.- Послание президента к народу
Казахстана
5.
Бакытова А. С чего начинается Родина... – Общенациональная ежедневная газета «Казахстанская правда»
от 05.06.2009 г №121-122 стр. 4
ПАТРИОТИЧЕСКИЕ АСПЕКТЫ ОБРАЗОВАНИЯ И ВОСПИТАНИЯ
В НАЧАЛЬНЫХ КЛАССАХ
Музыкант С.А.,
Маржанбулакская CШ Алгинского района
Казахстанский патриотизм – часть гражданской культуры. Воспитание гражданина и патриота – главная
цель школы. Патриотическое воспитание подрастающего поколения всегда являлось одной из важнейших задач
современной школы. Младший школьный возраст — самая благодатная пора для привития чувства любви к
Родине. Под патриотическим воспитанием понимается постепенное и неуклонное формирование любви и
уважения к своему родному краю. В процессе патриотического воспитания у младших школьников должно
вырабатываться чувство гордости за свою Родину и свой народ, уважение к его традициям, великим свершениям
и достойным страницам прошлого.
Смысл такого воспитания заключается в объяснении реальных понятий добра и зла, обращении сознания
школьников к высоким идеалам отечественной истории и создании у них тем самым самостоятельных
представлений об общемировом значении Казахстана. Роль школы в формировании патриотических качеств
невозможно переоценить.Задачи, которые ставит перед собой учитель начальных классов по данному
направлению — выявить методы и приемы, используемые в воспитательной работе по формированию
патриотического сознания младших школьников.
Подходя к работе по воспитанию патриотизма младших школьников творчески, процесс воспитания
становится более естественным, эффективным. Такая работа дает следующие результаты:
1. Повышается уровень развития школьников;
2. Обеспечивается комплексный подход к гармоническому развитию воспитанников;
3. Повышается эффективность воспитания у детей познавательного интереса к родному краю, к своей стране.
Как решаются задачи патриотического воспитания младших школьников с учетом особенностей этого
возраста, что можно сделать в целях становления защитника Родины в процессе учебно-воспитательной работы.
С первых школьных дней учителя начальных классов формируют у детей такие важные понятия, как
«Родина», «патриот», «подвиг», «воин-освободитель», «герой». Учащихся подводят к осознанию того, что
патриотизм — это любовь к Родине, любовь активная.
Единство народа на основе общих духовно-нравственных ценностей является источником казахстанского
национального духа. Нас объединяют любовь к нашему общему дому – Казахстану, согласие по отношению к
истории нашей древней земли и развитию языков, глубокая вера в настоящее и великое будущее нашего
111
государства и ее граждан. Это и есть основа нашей вечной Родины – Мәңгілік Ел. Особое внимание уделено
патриотическому воспитанию подрастающего поколения, укреплению казахстанской идентичности на принципе
гражданства, укоренению в его сознании общенациональных ценностей, норм благородства, чести, достоинства
и милосердия. Особая роль в вопросах воспитания толерантности в семье через семейные ценности отводится
советам матерей, их на сегодня около двухсот. Недаром в народе говорят «Ел боламдесең –
бесігіңдітүзе»,"Мәңгілік Ел" неразрывно связана с народным, глубинным патриотическим понятием "Менің
елім". В этих категориях заключена жизненная философия государства, общества, народа.
Патриотизм и сплоченность, общая ответственность за судьбу Родины – это стратегические ресурсы
успешного развития Казахстана, главные источники нашей силы и уверенности в завтрашнем дне.
Патриотическое воспитание подрастающего поколения – одно из основных направление воспитательной
системы организаций образования. От того, какие духовно-нравственные ценности заложены в гражданине с
детства, что он вкладывает в понятия «родина», «страна», «долг», «ответственность», «честь», «отвага» и как
выражает свое личностное отношение к этим понятиям, будет зависеть степень сформированности или
несформированности патриотических качеств гражданина Казахстана.
Почему сегодня особенно актуально говорить о патриотическом воспитании? С обретением Казахстаном
статуса независимости произошло переосмысление многих ценностей, многие события и факты получили
объективную историческую оценку, изменились идеалы. Не случайно возникли неформальные асоциальные
молодежные течения, порой агрессивного характера. Конечно же, все это привело к упадку нравов, росту
правонарушений среди подростков, безнадзорности.
Ситуация изменилась, когда государство поставило цель возрождения духовных, нравственных устоев,
когда поставило задачу бережного отношения к национальному наследию, сохранению исторических завоеваний
народа, когда главными ценностями были объявлены – единство народа, многовековая история, традиции и
обычаи, толерантность. Поэтому сегодня быть патриотом – это значит быть защитником тех завоеваний, которые
оставили предыдущие поколения, свято стоять на защите интересов Родины, беречь и приумножать ее достояние.
Быть гражданином – значит своим трудом, учебой, профессиональными знаниями обеспечить благосостояние
страны, ее экономическую и политическую независимость.
Воспитание патриота, гражданина начинается с раннего возраста. В этом возрасте закладываются понятия
«малая и большая Родина», «мой город-моя страна», «моя семья - моя родословная», «я и мои друзья». Президент
страны Н.А. Назарбаев в Послании народу Казахстана «Стратегия «Казахстан-2050». Новый политический курс
состоявшегося государства» так определяет понятие «казахстанский патриотизм»: «за 25 лет суверенного
развития созданы главные ценности, которые объединяют всех казахстанцев и составляют фундамент будущего
нашей страны. Во-первых, это Независимость Казахстана и Астана. Во-вторых, национальное единство, мир и
согласие в нашем обществе. В-третьих, это светское общество и высокая духовность. В-четвертых,
экономический рост на основе индустриализации и инноваций. В-пятых, это Общество Всеобщего Труда. В-
шестых, общность истории, культуры и языка. В-седьмых, это национальная безопасность и глобальное участие
нашей страны в решении общемировых и региональных проблем. Благодаря этим ценностям, мы всегда
побеждали, укрепляли нашу страну, множили наши великие успехи. Национальной идеей, воплощающей в себе
патриотические качества граждан республики, является патриотический акт «Мәңгілік Ел». Это, по словам
Лидера нации, «идея нашего общеказахстанского дома, мечта наших предков.
Я считаю, что нашей главной целью является формирование основ патриотизма у детей в контексте
реализации национальной идеи «МәңгілікЕл» посредством развития национального самосознания, ценностного
отношения личности ребенка к обществу, государству, к идеям и ценностям их возрождения и развития.
Мы должны приобщить подрастающее поколение к системе социокультурных ценностей, отражающих
богатство и своеобразие истории и культуры своего Отечества, народа. Определить основные направления и
содержание патриотического воспитания в контексте национальной идеи «Мәңгілік Ел»создать конкретные
образовательные условия для проявления гражданственности, патриотизма, воспитания уважительного
отношения к людям труда и положительного отношения к труду, включения в социально значимую деятельность.
БАЛАЛАР ӘЛЕМІНДЕГІ МУЗЕЙДІҢ РОЛІ
Сансызбай Н.С.,
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі
Осы бір жаһандану заманында ұлттық құндылықтар мен ел тарихын өз қалпында бұзбай сақтай алатын
,әрі оны ұрпақ санасына өзіне тән білім беру жолдары арқылы сіңіре алатын мәдениет ошақтарының бірі - музей.
Музей- ғасырларға куә болған жәдігерлердің, халықтың тарихының сыры мен айғақтарының, өзінен өзі сөйлеп
тұрған туындыларының, от кеуде ұлдары мен ибалы да ержүрек қыздарының кейінгіге қалдырған өсиетті
хаттарының, бейнелерінің мекені.
Музей- халықтың түрлі мұраларын жинақтап, өз экспозицияларында көрсету арқылы насихат жұмыстарын
жүргізетін мекеме. Музейдегі әрбір заттың өзінің тарихы, сыры бар. Әрбір жәдігергердің артында бір тұлға,бір
тағдыр,кейінгі ұрпақ үшін маңызы бар тарихи оқиға жатыр десек артық айтпаймыз деп ойлаймын. Музей
112
қызметкерлері алыс- жақын елдімекендерді аралап , кейде арнайы экспедиция құрып жәдігерлер жинақтайды.
Археологиялық қазба жұмыстарынан түскен жәдігерлер музейдің құнды бір бөлігін құрайды.
Балабақшадан бастап бала музеймен таныса бастайды. Ол әрине балабақша тәрбиешілерінің балаларды
музеймен жоспарлы түрде таныстыруынан басталады. Өзі оңы мен солын ажырата алмай жүрген бала музейден
не алар екен деген сұрақ туындауы да мүмкін ғой, бірақ көптеген ғалымдардың сөзіне жүгінетін болсақ баланың
есін алғашқы біле бастаған уақытындағы алған әсері естің бір түкпірінде сақталып қалады екен. Ал бала музейде
өз туған өлкесінің жер бедерінен бастап, өсімдігі мен аң-құсын танумен қатар, өлкемізде талай ғасырлар тіпті
мыңдаған жылдар бұрын өмір сүрген тіршілік иелері туралы қызықты мәлімет ала алады. Экскурсия жетекшісі
баланың жас ерекшелігіне қарай бейімделе дауыс ырғағын жасап, балаларды шыншыл ертегі әлеміне жетелейді.
Мұнда тасқа айналған палеонтологиялық ескерткіштер, алғашқы тайпалық одақтардағы адамның қолданған
қаруы мен еңбек құралдарының өзі-ақ мектеп жасына дейінгі баланың дүниетанымына керемет әсер ететіні
сөзсіз.
Мектепке бара бастаған бала үшін жоғарыда айтылып өткен тақырыптардан басқа, аса күрделендірмей
халқымыздың ою-өрнек әлемінен хабардар ете бастауға болады. Музей қорында текемет пен сырмақтың,ою-
өрнекпен әсемделген ағаш бұйымдарының сан түрі бар. Әрбір халық өз қолтуындысымен мақтанар болса біздің
қазақ халқы бұл жағынан алдыңғы қатарлы орын алады деп айтуымызға болады. Өз халқының қолөнерімен
танысу баланың эстетикалық талғамының ұлттық бояуын жетілдіруге үлес қосады. Қалада туып , сол ортада ғана
өсіп келе жатқан бала үшін дала кезіп мал баққан,сол малдың сүтінен бастап ең аяғы терісіне де дейін қолдана
алатын халық шеберлігі,даналығы,еңбекқорлығы да үлкен әсер қалдырады. Экскурсиялар барысында
балалардың аса қызығушылықпен этнографиялық бұйымдарды қарайтынын, ол бұйымдарға қатысты көптеген
сұрақтарды қоятынын бақылаймыз.
Балалардың бойындағы отаншылдық, ұлтжандылықтың бастауы әрине әрбір баланың өз отбасы, ошақ
қасынан басталады. Дегенмен ол қасиеттерді дамытатын, сезімдердің тереңдеуіне әсер ететін білім ордасы
мектеп және сол мектеппен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтын мекемелер. Музей қызметкерлері балаларға
экскурсия кезінде, дәрістер оқу кезінде мақсатшылдық, халықтың өткенін біле отыра, болашағына деген сенімін
бекіту,өз ұлтының ерекшеліктері туралы білім дағдысын сіңіру үшін еңбек етеді.
Наурыз айында балабақшалар мен мектептің бастауыш сыныптарына музей қызметкерлері этнографиялық
қойылымдар қойып, оларды халқымыздың салт-дәстүрімен, ырым-тиымдарымен таныстырады. Ұлттық киімдер
және ертегі кейіпкерлеріндей болып киінген музей қызметкерлері кәнігі актерлерше балалардың алдында
мазмұны ұлттық құндылыққа бай болып келетін қойылым қояды. Балалардың қызыға қараған жанарлары,
олардың жамыраса қоятын сұрақтары бұндай еңбектің зая кетпегендігінің көрінісі болып табылады. Бұл
балалармен мұндай қарым-қатынастың бір ғана мысалы. Балалар күні, Халықаралық музейлер күніне арнайы
өткізілетін «Музейдегі түн» шарасы, балалардың өздерін қатыстыра отырып өткізілетін түрлі дөңгелек үстелдер
т.б. баланың білім ордасы мектептен алатын білімі мен тәрбиесіне қосымша әрі ерекше мән- мағына береді.
Ересек оқушы немесе студент өз өлкесінің тарихын, тарихи-табиғи ескерткіштерін,этнографиясын,тұлғаларын
зерттеймін десе де музейге келері айқын. Баланың болмысын қалыптастыру, ұлтжандылыққа, өз отбасын, отанын
сүюге үйрету қай ұстаздың да басты мақсаты болып табылады. Балалардың кіршіксіз таза санасының әдемі,
әсерлі, тарих пен сырға толы әлемнен,музей әлемінен сусындауына ұстаздардың ықпал етуі, музей мен мектептің
арасындағы алтын көпірді бекіту болып табылады.
Сазды күйлер тарихын,жаугершілік заманындағы тұрмыс-тіршілікті, батырларымызды, еліміздің
тәуелсіздігін алу жолында тер төккен тұлғаларымызды,ғарышқа самғаған ғарышкерлерімізді, қаламыздың көне
де жаңа тарихын зерттеу үшін жас ұрпақ талпынар болса ол әрине музей деген үлкен орданың есігін ашары анық.
ОҚУШЫ ТҰЛҒАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ТӘРБИЕЛІК БАҒЫТТАРЫ
Сариман Назымгүл,
М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған
мамандандырылған мектеп-интернаттың тәрбиешісі
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу-әрбір ұстаздың басты міндеті. Қайсыбір мұғалімдер
сабақтың жаңа түрін пайдаланса, кейбіреуі жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесін қолданады қай әдісті пайдаланса
да, мақсат-бағдарламадағы материалдың мазмұнын шәкірт бойына сіңіру. Мазмұны жаңартылып, жалпы білім
беретін мектептің жаңа жүйеге көшуі әрбір мұғалімнен, тәрбиешіден жаңаша жұмыс істеуді, батыл
шығармашылық ізденісті талап етеді.
Оқыту мен дамыту әдістерінің екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін маңызды айғақтар
болып саналады.
Қазіргі күнде қоғам алдына қойылып отырған, халыққа білім беру саласы алдындағы негізгі мәселелер:
мектепті қоғам талабына сай қайта құру, адам факторын жандандыру, демократияландыру, ізгі-адамгершілікке
тәрбиелеу мәселелеріне сай болу керек. Осы мәселелер жүзеге асырылған уақытта ғана оқу-тәрбие жұмысы өз
дәрежесінде нәтижеге жетеді. Сондықтан да оқушылар мен мұғалімдер арасындағы мәдени қарым-қатынас
педагогикалық іс-әрекеттегі маңызды кәсіптік мамандық құралы болып табылады. Ол оқушылар мен мұғалім
арасында ынтымақтастық түрде демократиялық, адамгершілік-ізгілік негізінде жүзеге асырылуы қажет.
113
Кез келген оқыту технологиясы оқушыдан терең теориялық, психологиялық шеберлікті, шәкірттердің жан
дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Қай технология болмасын, ғылымның пікірінше, бұл
педагогикалық жүйе және тұлғаны қалыптастыруға ықпал арнайы ұйымдастырылған белгілі мақсат көздеген бір-
бірімен тығыз байланысты әдіс-тәсілдер жиыны. Неміс педагог А.Дистервег өзінің әйгілі «неміс мұғалімдерінің
білім беру басшылық» атты еңбегінде:
«Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға
үйретеді» деген. Міне, осындай оқытудың жаңа технологияларының біріне сабақты, дәрісті өткізуді «сыни
тұрғыдан ойлау бағдарламасы» бойынша ұйымдастыру жатқызылады. Бұл әдісте талданып отырған мәселе
бойынша әрбір оқушы өз топшылауын, өз пайымын білдіреді, өзіндік дәлелдір келтіреді, басқалардың ой
түйіндерін сынайды, олардың мәнді, мағыналы жақтары жөнінде өз тоқтамын жасайды. Бұл әдіс шәкірттерге де,
оқытушыларға да үлкен жауапкершілік жүктейді.
Оқыту әдістерін жетілдіруге, дамытуға олардың тиімділігін арттыруға көмектеседі.
Шәкірттердің сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытуға арналған оқытудың әдіс-тәсілдері білім
алушыларға құбылыстардың себептерін толық ұсынуға; ережелер мен заңдылықтардың сырларын терең
түсінуге; олардың ғылыми білімдегі орнын аңғаруға қолайлы жағдаяттар жасайды. Сабақ барысында
шәкірттердің сыри тұрғысынан ойлау қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға арналған оқыту технологиясы оларға
ерін
ойлауға
байқалған,
баяндалған
мазмұнынан
тәуелсіз
пайымдамалар
жасауға
мүмкіндік
береді,шығармашылық белсенділігі жоғарлайды, ұжымдық ойласу, ұжымдық тұжырымдар жасауға белсене
атсалысады, ұжымдық қорытынды жасауға да өз үлестерін қосып қуаттана марқаяды, келесі мәселенін түйінің
шешуге еркін аралады, өз ойын жасқанбай айтуға үйренеді. Бұл технология арқылы оқушылардың тіл байлығы
жетілдіреді, өз ойын мазмұнды, мағыналы, дәлелді баяндауға дағдыланады, пәнге қызығушылығы артады, ғылым
негіздерін игеру әдістерін меңгертеді, сөйтіп келесі мәселені талдауға дайындайды.
Сонымен қатар дамыта оқыту технологиясы да балаға өз бетінше ойланып, қорытынды жасай білуге,
сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауды үйренуге машықтандырады.
Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдына қазіргі таңда қойылатын талап өте үлкен болып отыр.
Мұғалім өзінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық
техналогияларды меңгерген, өз практикасында қолданған әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре
алады.
Теориялық мәселелерді практикада қолдануға баулиды, шығармашылық ізденіс әдістерін игеруге
көмектеседі. Педагогикалық технологияның ерекшелігіне тұтас педагогикалық процесте әрбір технологиялық
бөлімге, жүйеге, тізбекке, тәсілге мүдделі орын табу керектігі жатады. Ешқандай технология тірі, эмоционалды
адамның сезімдік, адами қарым-қатынасын,ерік-күш, жігерінің ықпалы мен өзара мәлімет алмасуы, іске, өмірге
араласуын алмастыра алмайды. Барлық оқушыларды оқытып, тәрбиелеуде бірдей жоғары нәтижемен қамтамас
ету мүмкін емес. Технологиялық процестің педагогикалық нәтижесіне мұғалімнің шеберлік деңгейі, дәрежесі
әрбір баланың жалпы дамуы, ұжымдағы орны әрбір баланың психологиялық жөнге салынуы үлкен әсер етеді.
Дағдырыстың дамуға деп жатқан қазіргідей заманда педагогтерге қойылатын талапты талғаммен ұштастыра
алатын тұлға ғана бала жүрегіне жол тауып, шәкіртің алға жетелемек. Бүгінгі таңда, демек, болашақта да білім
қажеттілігі адамның белсенді өмірін қамтиды. Сондықтан жастардың бүгінгі білімі – болашақта өз білімін
жетілдірудің және өз бетімен білім алуларының тек қана негізі. Мұнан шығатын қорытынды оқушыларды
үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру өзекті мәселелердің бірі екендігі сөзсіз.
Оқушылардың оқудағы белсенділігі оқуға қажетті білім, білік, дағдыны саналы меңгеруінен, оны
тәжірибеде пайдалана алуынан көрінеді. Ол оқу үрдісінің барлық кезеңіне қажет. Оқу тапсырмаларын орындау
нәтижес ішкі белсенділікке байланысты. Ішкі белсенділікке оқушының белсенді түрде ойлау әрекеті жатады.
Адамның қандай да болмасын әрекеті белгілі бір қажеттіліктерден туындайтыны баршамызға белгілі. Демек,
оқушыларымызды полимәдениетті орта талаптарына сай белсенді де білімді етіп тәрбиелеу біздің басты
мақсатымыз.
Қазақ ежелден «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген. Сонымен, «шекарасыз әлем», қоғамдық-
экономикалық және саяси өмірдегі өзгерістердің жедел динамикасы, қоғамның әлеуметтік құрылымының
күрделілігі мен алуандығы білім беру саясатын шұғыл жаңартуды қажет етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Назарбев Н. "Қазақстан — 2030" Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының
артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы: Білім, 1997ж.
2. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен, 2007
3.
"Өзіндік таным" журналы-Самопознание –KZ республикалық ғылыми-әдістемелік журнал
4.
Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы /Құрастырған Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. – Алматы: «Рауан», 1994. – Т.
1. – 320 б.
114
ҚАЗІРГІ ЖАСТАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Сарсенбаева С.К., Изтлеуова Г.К.,
Ақтөбе гуманитарлық колледжінің информатика пәні оқытушылары
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік
бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адам
құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады. Бұл жастарға этнопедагогикалық
негізде білім беріп, патриоттыққа тәрбиелеу ісіне нұсқау әрі оның қажеттілігін айқындайтын бағдарлама деуге
болады. Соңғы жылдары қалыптасқан тәрбие жүйесі көпшілік жағдайда сөз, ұран, мәліметтік сипатта болып,
жоғары оқу орындарындағы студенттердің міндетті түрде қоғамдық пайдалы іс-әрекетке қатысуын
қарастырмады, оларға патриоттық тәрбие беру бағытын дамытуды қиындатты. Мұның өзі қазіргі кезде жоғары
оқу орындарында тәрбие беру мәселесіне жаңаша көқарас тұрғысынан қарауды және студенттердің патриоттық
сана-сезімін, сапаларын, мінез-құлқын қалыптастыруды көздейтін тәрбиенің формалары мен әдістерін
жетілдіруді талап етеді.
«Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында Республика Президенті еліміздің ұлттық қауіпсіздігін,
тәуелсіздік пен егемендігін танытатын мемлекетіміздің ұзақ уақытты дамуын анықтады. Білім беру мен тәрбиенің
негізгі міндеті - өз елінің азаматы, патриотын тәрбиелеу болса, осыған сәйкес «қазақстандық патриотизм мен
ұлттық патриотизм» студенттердің тәрбиелік деңгейін бағалаудағы көрсеткіш болып қарастырылады.
Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге, қоғамның саяси және рухани өмірі саласындағы
міндеттерді қайта жаңартуға бағытталған идеялық-тәрбие жұмыстары мемлекеттің стратегиялық бағдарымен
анықталды. Еліміздің тәуелсіздік алып, егемендікке жетуі қазақ халқының және республикада тұратын басқа да
халықтардың ұлттық дүние танымының өсуіне жағдай жасады. Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында
студенттерге қазақ халқының этностық ерекшеліктерін, тарихы мен мәдениетін, сондай-ақ халықтың батыр ұл-
қыздарының ерлік істерін дәріптеу жастарға патриоттық тәрбие берудің және оны қазіргі жағдайда зерттеудің
қажеттілігін арттыра түседі.
Қазіргі заманда біздің халқымыздың патриотизмі экономиканы қайта құруда, қоғамды рухани жаңартып
демократияландыруда, плюрализм пікірін бекітуде және әлеуметтік орта мен идеологиядағы сол бір тоқырау
кезеңдерінің әсерінен туған жікшілдік пен бұрмалаушылықты жоюдағы күреске бар күшті ынталандыру болып
табылады. Мұның бәрі келешек жас ұрпақты патриоттық және интернационалдық рухта тәрбиелеудің
қажеттілігін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасында білім беру саласы бойынша қоғамның бүгінгі күнгі
талабы әрбір адамды Отанын сүюге, туған жерін құрметтеуге, ата-бабаның озық салт-дәстүрлерінің құндылығын
мақтаныш тұтуға, әлемде халықтар арасындағы бейбітшілік үшін достықты нығайтуға бағыт беруде талмай еңбек
етуді қажет санайды. Сондықтан болашақ мамандардың патриоттық тәрбиесіне ерекше мән беру, олардың
бойында патриотизмі қалыптастыру қоғам болашағының өркендеуін, елімізде тыныштық пе бейбітшіліктің
мәңгілік қанат жаюын қамтамасыз ететіні анық. Өйткені патриотизм әлемдегі бейбітшілік үшін күреспен, адамзат
өміріне қауіп төндіретін термоядролық, экологиялық және террорлық апаттың алдын алумен, халықаралық
қатынастарды құрумен және әлемдегі жаңа тәртіптерді бекітумен, өзара түсіністікті негізге алумен, тәуелсіз
елдермен және басқа да мемлекеттермен көршілік татуластықпен, іскерлік ынтымақтастықпен тығыз байланыста
болумен өлшенеді.
Қазіргі кезде қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласында зерттеу жүргізуші ғалымдар халқымыздың сан
ғасырлардағы рухани мұрасын, әсіресе оқу, тәлім-тәрбие мәселесін философия, психология, педагогика
ғылымдарының зор жетістіктерін пайдаланып, асыл қазыналарын жоғары теориялық биіктен талдап, ғылыми
көзін ашуда.
Жоғары оқу орындарында патриоттық тәрбие беру саласы ғылыми тұрғыда негізделген нұсқауларға
мұқтаж. Сонымен бірге жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие практикасын талдау барысында студенттерді
патриотизмге тәрбиелеудің тарихи-педагогикалық және этнопедагогикалық тұрғыдан толық зерделенбеуі мен
бүгінгі күнде студенттерді ел жанды, отанының нағыз патриоттары болып қалыптасуында этнопедагогиканың
қағидаларын пайдаланудың қажеттілігі, олардың жоғары оқу орындарының педагогикалық процесінде жүйелі
пайдаланылмауы арасында қарама-қайшылықтар туып отыр.
Ғылыми зерттеулерді оқып-зерделеп талдағанда және педагогикалық тәлім-тәрбиені ұйымдастырғанда
студенттерге патриоттық тәрбие берудің ғылыми теориясы өз алдына дербес проблема ретінде анықталғанын
және ол үнемі зерттеп отыруды қажет ететіндігін көруге мүмкіндік берді. Қазақы дүниетаным, ақыл-ой,
тағылымдық ұлағат ғасырлар бойы шыңдалып қалыптасты.
Студенттер бойында патриоттық сананы қалыптастыру тек қана жиын өткізумен шектеліп қалмауы тиіс.
Бұл бағытта атқарылатын жұмыс жоғары оқу орындарында оқу-тәрбие процесінің ең өзектісі, ең маңыздысы
болып белгіленуі қажет. Қазақстанда патриоттық тәрбиенің біртұтас жүйесі жасалып, әсіресе қазақстандық
патриотизмді қалыптастырудағы рөлі шынайы бағалануы тиіс. Сондықтан да үкімет тарапынан арнайы
бағдарламалар қабылдануы тиіс. Олар мерзімді баспасөздерде толығымен жарияланып, сол қабылданған
бағдарламалардың жүзеге асырылуының нәтижелері басылым беттерінен көрініс тауып жатса, жастардың
бойында қазақстандық патриотизм қалыптастыруда оң шешім болар еді. Қазақстандық патриотизмді еліміздің
әрбір азаматтарының санасына сіңіру - кезек күттірмейтін мәселе. Сондықтан біз патриотизм, әскери патриотизм,
115
ұлтаралық қатынас мәдениеті тұрғысынан интгеративті құрылым ретінде қазақстандық патриотизмнің мәнін
ашып көрсеттік .
Қазақстандық патриотизмнің мәні.
Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, әрбір азаматтың мемлекет алдындағы борышын
жанқиярлықпен орындау. Ал қазақстандық патриотизм Қазақстан азаматының өзін осы елдің төл баласы, нағыз
азаматы ретінде сезінгенде, Қазақстанды өзінің туған елі, Отаны деп есептеген жағдайда ғана қалыптасады дей
келе, Қазақстанның патриоты қандай болу керек екенін белгілесек, онда оның ерекшеліктері мынада:
1. Қазақстанда 130–дан астам ұлт өкілдері тұрады, көп ұлтты мемлекет. Барлығы Қазақстан
Республикасының мемлекеттік рәміздеріне ерекше құрметпен қарайды, шын ниетімен қадірлейді. Қазақстан
азаматының Конститутциялық құқығын сақтайды. Әрбір ұлттың Қазақстанды ортақ үйіміз деп санай білуі.
2. Қазақстанда тұратын барлық халықтардың ұлтына қарамай, Отанды қорғауға дайын болуы. Қазақстан
халықтары Ассамблеясында қабылданған барлық шешімдердің іске асуына өз септігін тигізуі.
3. Бұл әрбір азаматтың тек өзінің конституциялық борышын өтеуі ғана емес, сонымен бірге оның тұлғалық
сапаларының қалыптасуы.
4.Қазақстан халықтарын ұлы державалық патриоттық сезімге ұмтылдыру мақсатында қазақстандық
ғажайыпқа сендіру, оны мақтаныш еткізу.
5. Қазақстан Республикасының азаматының Отанын қорғауға деген оң көзқарасын қалыптастырып,
Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің әскер қатарында болатынына ұлттық патриоттық мақтаныш
сезімін тудыру.
6. Қазақстан Республикасының әскери доктринасына сай Қазақстан халқының мүддесін көздеуде
патриоттық сезімдерін ояту.
Әрбір халықтың тарихи өмірінде қол жеткізген ең құнды дүниелері – рухани және адами қасиеттері,
құлықтылық (моральдық нормалар) үлгілері бар. Сондықтан да әрбір жаңа ұрпақ үшін мәнді тәрбие - ұлттық
тұрғыдағы тәрбие үлгісі болып табылады. Өйткені, мұнда тәрбиенің негізін замандар бойы қалыптасып келген
асыл рухани құндылықтар және биік ізеттілік пен құлықтылық тұрғысындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып
жататын, адамның адамдық қасиетін нығайтып, әрі асылдандыра түсетін, халықтың даналық өмір–салтынан
туындап отыратын бұлжымас ережелер мен қағидалар құрайды. Ұлттық тәрбие – адам өмірінің алтын арқауы.
Ұлттық тәрбие жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды жоққа шығармайды, қайта солармен үндесіп жатады.
Бұлар бір-бірін байытып, құнарландырып отырады. Ұлттық тәрбиеден тереңдеп нәр алған адам – рухани бай
адам. Ондай адам жалпыадамзаттық тұрғыдан мәдени және рухани құндылықтарды бойына тезірек сіңіреді,
сөйтіп, толық әрі кәміл адам дәрежесіне тезірек жетеді.
Ұлттық менталитет – тұнып тұрған рухани қазына. Халықтың тілі мен мәдениеті болсын, салт-дәстүрі мен
наным-сенімі болсын – мұның бәрі де әрбір халық үшін асыл да қымбатты рухани дүниелер. Әсіресе, наным-
сенімнің әрбір халықтың өмірінде алатын орны өзгеше. Ұлттық тәлім-тәрбиенің дамуымен қалыптасуына үлкен
үлес қосқан қазақтың көптеген зиялы оқымыстылары жекебасқа табынудың құрбаны болды, қудалауға түсті.
Мұның өзі ұлт мәдениетінің өсуін үлкен тежелуге әкеліп соқтырды. Халық педагогикасы жөнінде ғылыми-
зерттеулер жүргізуге шек қойылды. Ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу, өмірге енгізу санадағы ескінің
сарқыншағы деп бағаланды. Халықтық дәстүрлер өзінің қоғамдық мәнін жойып, отбасылық мәнге ғана ие болды.
Оның өзі бертінк еле, мектеп, жоғары оқу орындарының тәрбие жұмыстарының негіздеріне кірді. Тәрбиелік
жұмыстар коммунистік идеологияға негізделіп, оқу-тәрбие жұмыстары негізінен орыс тілінде жүргізілуіне
байланысты қазақ тілі біртіндеп өмірден шеттеле бастады. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар орыс тілінің
аудармасы негізінде пайдаланылып, қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері ескерілмеді. Студенттерге жан-жақты
тәрбие беруде үлкен жауапкершілікті мойындарына алған студент жастар ұйымдары негізінен коммунистік
тәрбие принциптеріне сүйенді. Жоғарғы оқу орындары оқу-тәрбие жұмысының бағдарламалары, әдістемелік
нұсқаулар ұлттық тәлім-тәрбиенің ерекшеліктерімен санаспады.
Ұлттық тәрбиедегі ұрпақ сабақтастығы сақталмады. Осыған орай, кейбір мәселелердің басын ашып алмай
тұрып патриоттық тәрбиені дұрыс жолға қою мүмкін емес екені анық. Республикамыз бір саяси құрылымнан
екіншісіне ауысып, басқару жүйесі жаңа сападағы қарым-қатынасқа бет бұрған өтпелі кезеңде қазақ
этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру жұмыстары дағдарысқа ұшырағаны белгілі.
Бұндай жағдайда заман ағымына қарата пайда болған тың ұғымдарды айқындап, оларға анықтама беру қажеттігі
туындады. Ұғымдар, түсініктер, ереже, қағидалар арқылы студенттер санасында білім қалыптасып, ол өз
кезегінде оның іс-әрекетіне бағыт береді. Біздің пайымдауымызша, патриотизмге тәрбиелеуде қазақстандық
патриотизммен қатар сүйенетін негізгі ұғымның бірі – ұлттық патриотизм.
Достарыңызбен бөлісу: |