ТАҚырыбындағы облыстық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары


ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ЖАС ҰРПАҚҚА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ



Pdf көрінісі
бет24/39
Дата12.03.2017
өлшемі3,11 Mb.
#8854
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39

ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ЖАС ҰРПАҚҚА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
Утегенова Д.М., 
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті колледжінің 
 арнаулы пәндер оқытушысы 
 
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің 
мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып 
табылады. Балаларды Отанды , туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты 
да  қадірменді  парызы"-деген  еді.  Қазақстан  олардың  көпшілігінің  туған  отаны  және  бұдан  былай  да  мәңгі 
тұрақтап  қалар  мекені  болмақ.  Сондықтан  олардың  әрқайсысы  Қазақстанды  ата-жұртым  деп  танып,  оның 
тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс. Бүгінгідей демократиялық бағыт 
ұстанып  отырған  қоғамда,  балалар  мен  жастардың  тағдыры  өздеріне,  отбасының  материалдық  ахуалына 
байланысты болып отырған жағдайда патриоттық тәрбиенің маңызын айқындау басты мәселелердің бірі екені 
даусыз үшін: әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз , сонымен қатар олар бір  - 
бірін танып біліп, құрметтеуі тиіс.  
Мектеп оқушылары қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, өз болмысында еш бұрмалаусыз танып, білуі 
шарт. Бастауыш сынып оқушыларының бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда ана тілі пәндерінің алатын 
орны ерекше. Отанын сүйген, елін жаудан қорғау үшін қасық қаны қалғанша аянбай шайқасатын Қобыланды, 
Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс тұлғалары, ақын - жыраулардың, билердің татулыққа, адамгершілікке, елін сүюге 
шақырған  өлең  жырлары  ,  шешендік  сөздері  бастауыш  сынып  оқушыларының  бойында  патриоттық  сезімді 
қалыптастыруда маңызы өте зор. Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі  - Отан десек, оның мазмұны: 
туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл , дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. 
Олардың  адам  көкірегіне  жылылық,  жақындық,  туысқандық  сезімдерді  ұялатып,  ізгі  де  ерлік  істердің  қайнар 
көзіне айналуы патриоттыққа тәрбиелеудің арқауы. Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге өзінен - өзі келмейтін 
баланың бойында біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім. Бұл сезім әркімде әр кезеңде оянып, кейін кәмелетке 
келгенде біржола  буыны  қатып,  тәжірибемен,  уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, балабақша, 
отбасы,  мектеп,  жоғарғы  оқу  орындары,  бұқаралық  ақпарат  құралдары,  қоғамдық  ұйымдар  мен  қозғалыстар 
әсерімен  қалыптасады.  Патриоттық  сезім  тұлғада  тәрбие  арқылы  өсіп  жетіліп  патриоттық  сана  түрінде 
қалыптасады.  Сондай-ақ  жеке  адам  өз  ұлтының  қасиеттерін  бойына  сіңіруі  керек.  Мектеп  оқушыларын 
патриоттыққа тәрбиелеу мәселелерін зерттеген: С.Ешімханова, Е.Жұматаева, А.К.Ахметов, Д.С.Құсайынова, т. 
б. ғылыми  -  педагогикалық, психологиялық, мектептегі іс-тәжірибелерін зерттеп бақылау нәтижесінде мектеп 
оқушыларын  патриотизмге  тәрбиелеудің  бағыттары  төмендегідей  мәселелерді  көздейді:  педагогикалық 
практикадағы мүмкіндіктерді барынша толық қамтып біртұтас түрде оқушының жеке тұлғасына ықпал етудің 
жүйесін жасау; әртүрлі пәндерді оқытуда және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда тірек болатындай сипатқа 
ие болу, бұл бағытта жас буынды патриоттыққа тәрбиелеудің теориясы мен практикасына қатысты қазақстандық, 
ұлттық тәжірибелермен қоса шетелдік жаңа идеяларды үнемі ашып іс жүзінде қолдану жолдарына көмектесуі 
керек. 
Мектеп  оқушыларын  патриоттыққа  тәрбиелеу  мәселелерін  зерттеген  ғалымдардың  еңбектерінің 
қорытындылары  мен  тікелей  мектеп  практикасындағы  мұғалімдердің  іс-тәжірибелерінің  нәтижелеріне  сүйене 
отырып,  мектепте  патриоттыққа  тәрбилеу  –  оқушылардың  нақты  іс-әрекеті,  мінез-құлқын  ұйымдастыру,  оған 
бағыт беруді негізге алу керек деп ойлаймын. Патриоттыққа тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға 
болмайды,  бірақ  ол  әрбір  оқушыда  патриоттық  сана,  патриоттық  сезім  қалыптастырудан  бастау  алғанда  ғана 
тиімді болмақ . Сондықтан оқытушылар өз қызметінде біріншіден терең патриоттық  – Отанға, Қазақстанға, өз 
халқына деген сүйіспешілік; екіншіден  - халықтар достығы идеясын ұстану және насихаттау. Адамгершілікті, 
өркениетті патриоттық тәрбие қашан да халықтар достығының идеясымен, тәжірибесімен үндесіп жатуы тиіс. 
Демек патриоттық – қоғамдық сананың бір формасы, ол қоғам дамуымен бірге дамып, жаңа мазмұнмен толыға 
түседі.  
Сонымен  қатар  туған  елді,  жерді  басқа  елдермен  салыстырып,  әркімге  өз  елінен  артық  ел  жоқ  екенін 
аңғартатын мақалдар да баршылық. Оған дәлел: “Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол”, “Кісі елі  -
күміс, өз елің –алтын” т.б. мақалдар. Өзінің мақалдарында туған жер, ел - отанды аса жоғары бағалап ардақтаған 
халық,  оларды  қорғау  әрбір  ер  азаматтың  борышы  деп  біледі.  Өз  елін  жаудан  қорғау  үшін  қасықтай  қаны 
қалғанша, ақтық демі біткенше алысу, сөйтіп дұшпаннан елін, отанын қорғап қалу халқын сүйген әрбір азаматтың 
міндеті  болатындығын  көрсеткен.  Оны  мына  мақалдардан:  “Ер  жігіт  елі  үшін  туа-ды,  елі  үшін  өледі”,  “Елін 
сүйген ер болар”, “Жүкті нар көтерер, қайғыны ер көтерер” т.б. көруге болады. Мұндай мақалдарда ел қорғау, 
басқыншы жауды талқандап жеңу жолында ерлік жасаған, қара қылды қақ жарғаң қиядан тартып жол салған, 
табан  тірескен  айқастарда  тайсалып  тартынбаған  батырларды,  азаматтарды  ардақтайды,  абыройлы  атақ  пен 
даңққа  бөлейді. Олардың халық сүйсінген ерлік істерін кейінгі ұрпаққа үлгі етеді. Ерлік, батырлық жасау тек 
отанын, ел-жұртын, халқын сүйген адамдардың ғана қолынан келеді, осындай адамдар ғана ел намысын қорғайды 
деп сипаттайды. 
 
 

121 
 
Болашаққа жоспар құрсаң баланы тәрбиеле, деп шығыс нақылында айтылғандай, жас ұрпақты патриоттық 
тәрбие негізінде тәрбиелесек егеменді еліміздің көк байрағы көк аспанда мәңгілік желбіремек. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық 
тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы 2006 жылғы 10 қазан №200 // 
Қызылжар нұры – 2006 - 24 қараша. 
2. А.Құсайынов Білім және Реформа . Алматы 2006.  
 
 
 
ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ - ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ  НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕ 
 
Шупанова Г.С., 
С.Байішев атындағы Ақтөбе университетінің колледжінің тарих пәні мұғалімі 
 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың  2016  -  2019  жылдарға  арналған 
Мемлекеттік  бағдарламасын  бекіту  туралы  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Жарлығында  айтылғандай 
қазіргі кездегі білім берудің мақсаты: «Мектеп оқушыларының бойында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық 
идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру». - деп 
көрсетілген. Олай болса, алға қойған мақсат та білім беру ісін жандандыру мен қоғамды дамыту арқылы қоғам 
мүшелерінің  интеллектісін  көтеру,  ұлттық  рухымызды  жоғарылату  болмақ.  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы 
Назарбаевтың: “Оқушыларды Қазақстандық патриотизмге, шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде 
тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез  -  құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық,  тектілік, білімділік, 
биік  талғам,  ұлттық  намыс  қасиеттерін  сіңіріп  қалыптасуымыз  керек.”  –  делінген  аталы  сөзі  жастарға 
этнопедагогикалық негізде білім беріп, патриоттыққа тәрбиелеу ісіне нұсқау әрі оның қажеттілігін айқындайтын 
бағдарлама деуге болады.  
 
Сондықтан өскелең ұрпақтың  патриоттық тәрбиесіне  ерекше  мән беру, олардың бойында  патриотизмді 
қалыптастыру  қоғам  болашағының  өркендеуін,  елімізде  тыныштық  пен  бейбітшіліктің  мәңгілік  қанат  жаюын 
қамтамасыз  ететіні  анық.  Өйткені  патриотизм  әлемдегі  бейбітшілік  үшін  күреспен,  адамзат  өміріне  қауіп 
төндіретін  термоядролық,  экологиялық  және  террорлық  апаттың  алдын  алумен,  халықаралық  қатынастарды 
құрумен  және  әлемдегі  жаңа  тәртіптерді  бекітумен,  өзара  түсіністікті  негізге  алумен,  тәуелсіз  елдермен  және 
басқа  да  мемлекеттермен  көршілік  татуластықпен,  іскерлік  ынтымақтастықпен  тығыз  байланыста  болумен 
өлшенеді.  Мұның  бәрі  келешек  жас  ұрпақты  патриоттық  және  интернационалдық  рухта  тәрбиелеудің 
қажеттілігін қамтамасыз етеді. 
 
Ендеше,  патриотизм  идеясы  оқушыларға  білім  мен  тәрбие  берудің  барлық  бағдарламаларынан  көрініс 
табуы керек, жалпы көпшіліктің де одан хабардар болғаны жөн. Патриоттық сананы қоғамдық өмірде бекітетін 
бірден-бір институт — білім мен тәрбие беру мекемелері.  
Патриоттыққа  тәрбиелеу  -  күрделі  педагогикалық  үрдіс.  Жас  жеткіншектерді  Отанын  сүюге  тәрбиелеу  бір 
кезеңдік  іс  емес.  Патриоттық  тәрбиені  қалыптастыру  процесінің  өз  идеологиясы  және  айқын  жүйесі  бар. 
Мектептерде жас жеткіншектерді Отанын сүюге тәрбиелеу қазақ халқының батырларының өмірі мен ерліктерін 
олардың туған жерін жауларынан қаймықпай қорғағандықтарын баяндау арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан 
батырлары  мен  танымал  тұлғалары  көп  ел  екені  даусыз.  Ал  оларды  тәрбие  беру  құралына  айналдыру  елтану 
бағытында жасалған оңды шара. Мысалы, Қобыланды батыр, Алпамыс батыр, Ер Тарғын, Ер Көкше, Баян батыр, 
Қабанбай,  Бөгенбай,  Райымбек  батырлар.  Әлемдік  озық  мәдениеттің  шоқ  жұлдыздары:  Ш.Уалиханов,  Ы. 
Алтынсарин,  А.Құнанбаев  еңбектерінің  ұрпақ  тәрбиесіне  қосар  үлесі  мол.  Тәлімдік  ой  пікірмен  барша  қазақ 
даласын  дүр  сілкіндірген  Ш.Құдайбердиев,  А.Байтұрсынов,  Ж.Аймауытов,  М.Дулатов,  М.Жұмабаевтардың 
педагогикалық тұжырымдары өміршеңдігімен құнды. 
Патриотизм,  ұлттық  патриотизм,  қазақстандық  патриотизм,  елжандылық  проблемаларына  көптеген 
тарихшылар  мен  философтар  (М.Қозыбаев,  Ә.Нысанбаев,  А.Қалмырзаев,  А.Ахметова,  К.Меңлібаев  және  т.б.) 
филолог  жазушылар  (М.Әуезов,  Б.Момышұлы,  М.Ғабдуллин,  Ә.Нұршайықов  және  т.б.)  аса  назар  аударған. 
Педагогика ғылымында патриоттық тәрбиенің бірқатар салалары, атап айтсақ, оқушылардың саяси мәдениетін 
қалыптастыру (К.К.Жампеисова, Ю.Г.Наумова, Е.З.Батталханов), жас жеткіншектерді революциялық ерлік және 
еңбек  дәстүрі  рухында  тәрбиелеу  (К.Құнантаева,  Ә.Жұмақанов,  Ш.Әміралиев,  С.Ешімханов,  А.Щербаков, 
Д.Құсайынова  және  т.б.), оқушылардың адамгершілік-құқықтық (А.А.Калюжный,  В.В.Трифонов,  Л.К.Керімов 
және т.б.) азаматтық (С.Б.Омарова, Ж.Мақатова) тәрбиесін жүзеге асыру болашақ мамандардың патриотизмін 
қалыптастыру  (А.Қ.Қалимолдаева)  сияқты  салалары  зерттелген.  Патриотизм  грекше  patriotes-  отандас,  patris-
отан, туған жер деген ұғымды білдіреді. Б.Момышұлы: «Патриотизм – Отанға (мемлекетке) деген сүйіспеншілік, 
жеке  адамның  аман-саулығының  қоғамдық-  мемлекеттік  қауіпсіздікке  тікелей  байланыстылығын  сезіну,  ал 
мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет 
деген  ұғымды,  жеке  адаммен,  яғни  оның  өткенімен,  бүгінгі  күнімен  және  болашағымен  қарым-  қатынасты 
білдіреді»  -  деп  патриотизм  ұғымына  анықтама  берген  болатын.  Патриоттық  сезім  жалпы  адам  баласына  тән 
адами  түйсік-  қасиет,  оның  еліне,  туған  жеріне,  өз  тілі  мен  мәдениетіне,  қамқорлықтарына  жеке  қатынасын, 

122 
 
өзіндік  бағасын,  түйсінуін,  қуаттап-қолдауын  пайымдайтын  көрсеткіші  болып  табылады.  Қазақ  совет 
энциклопедиясында  “Патриотизм  дегеніміз  (грек  patrіotes-отандас,  patrіo-отан  туған  жер)  отанға  деген 
сүйіспеншілік, бойындағы күш пен қуаты білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің 
әдет- ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан қалыптаса бастады”- деп 
атап  көрсетеді.  Ал,  қазақ  ұлттық  энциклопедиясында:  «Патриотизм  –  Отаншылдық,  отансүйгіштік,  адамның 
Отанына,  туған  еліне,  оның  тіліне,  салт-дәстүріне,  мәдениетіне  деген  сүйіспеншілік  сезімі»,  -  деп  анықтама 
берілген. 
 
Оқушылардың  бойында  азаматтық  –  патриоттық  сана  –  сезім,  іс  -әрекет  адам  бойына  өздігінен 
қалыптасатын қасиет емес екендігін, оның өзі білім мен тәрбие барысында Отанды ұлағаттау, халықтың төлтума 
мәдени – рухани әлеміне терең бойлау арқылы қалыптасатынын теория мен тәжірибе дәлелдеп келеді.  
Қазақтың патриоттық ұстанымы әрқайсымызға бұрын-соңды көрмеген тұмса табиғаттай елестейді. Жаңа 
бір  әлем,  жаңа  бір  «ашылмаған  арал»  сияқты  таңғалдырады.  Бұған  сенбесеңіз,  жоғары  баяндалған  патриот 
түрлерін  ой  елегінен  өткізіп,  түйінін  барлаңыз.  Сонау  бала  шағымыздан  құлағымызға  құйылып  қалған  туған 
жерге, Отанға, ұлтқа деген ойымызға, іс-қимылымызға иіген сайын, шығармашылық табиғатына үңілген сайын 
күрделі және аса жауапты шыңға айнала береді. Шынайы патриоттық сезім арқылы бой алатын ұстаным халық 
жадындағы құндылықтармен дәлелденуі тиіс. Бұл орайда, аяулы ұлтымыздың тарихи иіндері және жарқын да 
батыл тұлғалары бас кейіпкері болғаны жөн. Осы мәселелер айқындалмай жатса, отансүйгіштің қабағы түксиіп, 
буырқанып,  жан-жағын  орап  нөсерлей  жөнелетіні  айқын.  Жай  нөсерлемейді.  Ащы  шындығын  нақты  дерек-
дәйекке  негіздеп,  мәселені  тереңнен  толғап  нөсерлейді.  Бұл  –  шынайы  патриоттың  табиғатына  тән  қасиет. 
Сондықтан да, әр тұлға кейде туған жерінің тауларындай асқақ, биік, сонымен бірге, қатулы көрінеді. 
Нағыз  патриот  адам  жайшылықта  дос-жаранға  ашық-жарқын,  абайламай  сөйлейтін  аңғал  мінезі  кең 
даланың жон арқасын жібітер жайма-шуақ жазға ұқсайды. Шынайы патриотшыл тұлға ұзақ сапар шегіп елінен 
жырақтаса, аңқасы кеуіп, сағынышқа толы жүрекпен туған топырағын иіскемейінше мауқы басылмайтын сияқты 
болып көрінеді. Патриоттық сезімді жоғары қоятын адам ой-өрісі мен іс-әрекеті бойынша өзін ұзаққа сілтейтін 
тарландай көрінетін болар деп есептеймін. Сол арқылы ол қолдайтындарды батыл шешімге, әділеттің ақ жібін 
аттамауға, шығармашылық оймен батыл іс-әрекетке, айбынды ерлікке жетелейді. 
Мұндай  қасиеттер дүниеге  келген кезден айналадағы  құбылыстардан сусындап қалыптасуы  шарт. Бала 
кезден қазақтың жыр-дастандарымен сусындап, далалық салт-дәстүрдің сарқытын қанып ішкен шығармашылық 
әлемінде де өзіндік даралық, көркемдік ірілікті таңдап білу арқылы келуі мүмкін, яғни отан, ұлтсүйгіштік сипатты 
меңгеріп, ойлау жүйесі қалыптасқан ұлттың өсетінін адамзат тарихы анық дәлелдеп келеді. 
Біздің пайымдауымызша бүгінгі күрделі тіршіліктегі 7 миллиардтан астам адам мекендеген 220-ға жуық 
мемлекеттен құралған, сан-қилы хикаялы әлемнің қандай да бір этносы болмасын отанын, елін, жерін сүймейтіні 
жоқ болар. Соның ішінде қазақ халқы да жалпы шығыс, оның ішінде түркі тілдес халықтардай Отанын, жерін, 
суын,  табиғатын  сүю  қасиеті  ықылым  заманнан  олармен  табиғи  тамырлас  дамып  келеді.  Қазақстандық 
патриотизм  мен  ұлтаралық  татулықтың  өткен  өмір  жолы,  көрген-білгенінен  жинақталған  жан-жақты 
таразыланған  тәжірибесі  Тәуелсіз  Қазақстан  Елбасының  тарихи  еңбектерінде  объективті  дәлелдермен 
тұжырымдалып келгені барша отандастарға және әлемнің көптеген шетелдеріне аян. 
Осы  орайда,  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстанның  болашағы  –  қоғамның  идеялық  бірлігінде»,  «Тарих 
толқынында» атты еңбектерінде мемлекет, этностарға ортақ бір мақсат аясына топтасудың кезек күттірмейтін 
міндет  екенін  атап,  бұл  міндетті  абыроймен  күнделікті  өмірге  дарытуда  отбасы,  білім  беру  орындары,  еңбек 
ұжымы сияқты дәстүрлі институттардың маңызды рөл атқаратынын, олардың ықпалы аса тиімді болатынын баса 
айта отырып, «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндеттеріміз – қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, 
әрбір азаматтың өзін өзі айқын билеуі» деген ойы қоғам мүшелеріне бағдарламалық бағыт болар. 
Қазақстандық  патриоттық  ұстанымның  негізі,  оның  мақсаты,  міндеті,  мазмұны,  түрі,  құрылымы,  әдісі, 
тәсілі, заңдылықтары, қағидаттары, құралдары бар. Егер патриоттық тәлім-тәрбие арнасында солардың бірінің 
негіздері болмаса, ол жәй сөз  болып қалуы  мүмкін. Өзін өзі  білмеген адам өзгенің кім екенін  түсінбейді.  Кез 
келген мемлекеттің білім беру жүйесі сол қоғамда ұстанған саясатымен анықталады.  
Бүгінгі әлемнің күрделі тынысында тағы бір мәселені ескерген жөн. Таза біржақты ұлттық тәрбие – кейбір 
сәтте  ұлтаралық  түсінбеушілікке  соқтыруы  мүмкін.  Посткеңестік  мемлекеттер  қайсыбірінде  болып  жатқан 
қантөгісті жанжал, меніңше осындай саясаттың салдары болса керек. Әсіресе, патриоттық тәрбиеде бұл ерекше 
білінеді.  Әрине,  ұлттық  тәрбиені  баршамыз  бірқалыпты  түсініп,  оның  шарттарын  бұлжытпай  орындау  –  аса 
жауапты  және күрделі іс. Кейбіреулер  «ұлттық нақыштар сол күйінде болса екен» десе, ал келесілер «ұлттық 
тәрбие қазіргі өмірмен байланысты болса екен» дейді. Шындығында, ескі жаңамен үйлесім тауып жатса, өміршең 
келеді. Бүгінгі егемен Қазақстанның жағдайында патриотизм, ұлтаралық татулық жаңа мағынаға ие болып отыр. 
Себебі,  Қазақстанды  Отаным  деп  білетін  әрбір  азамат  туған  өлкесін  сүйіп,  соның  азаматы  болу,  оны 
қорғау, әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуына, өркендеуіне өз үлесін қосу дәстүрі де бар. Мұны, әсіресе, қазақ 
ұлт өкілдерінен басқа ұлт өкілдері жақсы ұғынуы тиіс. «Қос азаматтық», «Қос тілділік» деген ұғымның өзі де 
біршама  ойларға  жетелейді.  Осы мәселеге байланысты  қазақ азаматтарына келетін болсақ, олар қазақстандық 
патриотизм,  ұлтаралық  татулықтың  көш  бастаушысы  болуы  тиіс.  Қазақстандық  патриотизм  мен  ұлтаралық 
татулыққа  тәрбиелеудің  жолдары  мен  құралдары  –  ол  түрлі  іс-шаралар,  тәрбие  сағаттары,  гуманитарлық 
пәндердің  мазмұны.  Қазақ  баласын  ұлтжандылық,  отаншылдық  сезімде  тәрбиелеу  –  білім  берудің  мектепке 
дейінгі жүйесінен жоғары оқу орнына дейінгі барлық ұйымдардың міндеті. ХХІ ғасырда өз ұлтын сүйген, бірлікте 
болған халық қана тұтастығын сақтап қалады. 

123 
 
Ата-баба  салтының  Жер-Анаға  деген  ыстық  сезімі  бірінші  кезекте  тұрады.  Міне,  осы  жалпы  адами 
құндылықтар жалпы тәрбие жүйесінің ізгілікті де игі бастауларын құрайды. Айналаңдағы ұлттар мен ұлыстардың 
ешқайсысын  алаламай,  бәрінің  де  толыққанды  дамуына  нақты  жағдайлар  туғызып,  көпэтносты  елдегі  саяси 
тұрақтылықты  қамтамасыз  ету  отансүйгіштік  сезімнің  терең  бойлауына  мұрындық  бола  алады.  Сонда  ғана 
адамның жүрегінде қазақстандық патриотизм сезімінің, өз Отанына деген перзенттік мақтаныш сезімнің өркен 
жайып  тамырлануына  негіз  нығаяды.  Яғни,  этносаралық  интеграцияның  базасы  емес,  адамдардың  өзін  өзі 
азаматтық билеуі, Қазақстан халқының ажырамас бөлшегі сыңайлы сезімі қалыптасып, бойлай береді. Халықтың 
патриоттық  сезімін  қалыптастыру  үшін  бүкіл  адамзат  эволюциясында  сыннан  өтіп,  пісіп-жетілген  белгілі 
алғышарттар атқаратын міндет те маңызды. 
Казіргі елімізде  Отанға  сүйіспеншілік сезім қоғамдық  қатынастарды  демократияландыру, адамды оның 
өмірін, игілігін, адами ар-намысын, қызметшіге лайықты еңбекақы төлеу шарттары мен өмір сапасын жоғары 
құндылық  деп  тану  негізінде,  мемлекетте  ілгерілеуші  әлеуметтік-экономикалық  саясат  жүргізу  барысында 
қалыптастырылады. Жаңарған қазақстандық патриотизмнің мазмұнын қазіргі қоғам мен заманауи озық мәдениет 
құндылықтарымен  қатар,  ұлттық  мәдениеттің  дәстүрлі  нышандары,  оның  айрықша  руханилық,  азаттық  пен 
өнегелілікке  ұдайы  ұмтылушылық  құндылықтары  да  құрайды.  Тарихымыздың  табиғи  дәстүрлерін  сақтай 
отырып, казіргі заманғы өркениеттің мейлінше озық бағыттарын игере келе, отандастар туған елін ең алдыңғы 
қатарлы шепте ұстай алады. Бұған халқымыздың жоғалмаған, қайта, жаңа әлеуметтік өмір жағдайында жетіліп 
толысқан отансүйгіштік сезімі сенімді кепіл болады.  
Патриотизмді қалыптастыру – бұл қоғамның әлеуметтік тапсырысынан нәр алатын мемлекеттік міндет. 
Патриотизм  өмірдің,  жағдайдың,  оқиғаның  барлық  жекелеген  қырлары,  халық  пен  елдің  тұтастығы, 
бірегейлігімен  тікелей  байланыстыра  қарастырылатын  қоғамдық  қатынастардың  мәні  мен  құндылықтарын 
зерделеу  тәсілі  екені  де  аян.  Отансүйгіштік  сезімді  тәрбиелеу  азаматтың,  елдің  мәдениетінің  бірегейлігі, 
әлеуметтің,  халықтың  мінез-құлқының  толымды  көрінісі  мен  қоғамдық  өмірді  ұйымдастырудың  мәні  мен 
мақсаттарын  пайымдау  арқылы  жүйелі  іске  асады.  Патриотизм  міндетті  түрде  тұлғаның  жоғары  әлеуметтік 
белсенділігін діттейді, өйткені, оның өзі еңбекте табыстарға жету үшін, ел-жұртқа, халыққа қызмет ету үшін биік 
серпін болып табылады. 
Әр  отандас  Қазақстан  тәуелсіз  мемлекет  болып  жарияланғаннан  кейінгі  уақыттың  ішінде  патриоттық 
бағыттағы сан-қилы мемлекеттік, ғылыми және бұқаралық сүбелі шаралар орындалып келе жатқанының куәсі 
десек, артық болмас. Кезінде түркі жұрты қағандары «түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, қара терін төгіп, қызыл 
қанын ағызып», «Мәңгілік Елдің» іргесін қалап кетсе, дәл осыны жаңа дәуірде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ХХІ 
ғасырдағы «Мәңгілік Ел» идеясы тұрғысында, іс жүзінде тарихи сабақтастықта жалғастырып отырғанын ерекше 
атап көрсеткен жөн. Елбасының Жолдауындағы Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары  – «Қазақстан-
2050» Стратегиясының түп қазығы дейтін болсақ, ақиқаттан алыс кетпеспіз 
 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 
1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан 2050» Қазақстан халқына жолдауы. Астана.2014. 
2.Назарбаев  Н.Ә.  «Қазақстан  жолы-2050:  бір  мақсат,бір  мүдде,  бір  болашақ»  Қазақстан  халқына  жолдауы. 
Астана.2015. 
3.ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлт жоспары -100 нақты қадам» 
4.«Мәңгілік  ел»  құндылықтары  негізінде  мектеп  мұражай  қызметінде  патриоттық  тәрбие  беру»:әдістемелік 
құрал/ құраст: Қаплиева А.Қ., Жапақова Г.К, – Ақтөбе: ПҚБАИ, 2016, – 60б. 
5.  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың  2016–2019  жылдарға  арналған 
Мемлекеттік бағдарламасы.- Астана, 2016 жыл 
6. Н.Назарбаев. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999.-296 бет 
7.Н.Ә. Назарбаев.«Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бiрлiгiнде».-Алматы:Кiтап,1993.-32 с. 
8.Адамгершілікке тәрбиелеу әліппесі.Мұғалімге арналған оқу құралы.-Алматы :Мектеп,1988-345б. 
 
 
ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ЕЛ МҰРАТЫ 
 
Шазында Ж.Ә., Абдигаппаров Н.А., 
«М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы»  
АҚ Ақтөбе көлік және коммуникациялар колледжі оқытушылары 
 
 
Қазақстан Республикасының баянды тәуелсіз ел болуы үшін ұлттық құндылықтар, тәрбие арқылы халық 
педагогикасынан  нәр  алып  адами  құндылықтардың  барлық  саласын  бойына  сіңірген,  таза  елжанды  азаматтар 
қажет. Қазақ елі үшін бар білімі мен қабілетін сарп ететін, елін, туып өскен жерін, тілін, халқының салт-дәстүрін, 
тарихын,  дінін,  мәдениетін  құрметтейтін  жеке  тұлға  тәрбиелеу.  Ата–бабамыздың  ұрпағына  мұра  еткен  бар 
асылының  қаншама  ғасырлар  бойы  көшпейтіндей  етіп,  артына  із  қалдыруы  көрегенділіктің  көрінісі.  Адамзат 
баласының өз тіршілігінде көрген–білгенін, тоқып–түйгенін, қорытып келешек ұрпағына мирас етіп қалдырғаны 
табиғи заңдылық. Адам бойында қалыптасқан имандылық қасиеттерді рухани құндылықтарға жатқызуымызға 
болады. Атадан балаға ұласатын ұлттық құндылықтар үлкендердің ұлағатты сөздерінен, іс-қимылынан танылып, 

124 
 
сезім арқылы жүректен-жүрекке беріліп отырған. Бүгінгі ұрпағымызды бірнеше ғасырлардан жинақталған ата-
бабамыздың мол мұрасымен, ұлттық құндылықтарымен сусындату-біздің басты парызымыз.  
Адам  баласы  материалдық  және  рухани  өмірдің  ортасында  тіршілік  етеді  де,  өзі  өмір  сүріп  отырған 
қоғамның,  ұжымның,  ұлттың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен,  жеке  бастың өзіне  тән ақыл-ой, ерік-
жігер,  мінез-құлық  ерекшелігімен  көрінуге  тырысады.  Әрбір  тіршілік  иесі  –  адам.  Әр  адам  өзінің  жеке 
қасиеттеріне  қарай  өзінше  жеке  тұлға.  Адам  жеке  тұлға  болып  қалыптасып  өсуі  және  дамуы  үшін  тек  қана 
адамдар арасында өмір сүруі қажет. Жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуы ұлттық дәстүрлерімізді меңгеруі 
мен  құрметтеуінен  туындайды.  Жеке  тұлғаның  құндылық  түсініктеріне  әсер  ете  оқыту,  оның  ең  алдымен, 
әдептілігіне  баса  назар аударуды қажет етеді. Өйткені ол-халқымыздың ұлттық  психологиясының өзегі,  оның 
ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі, барлық кісілік қасиеттерінің жиынтығы. 
Ұрпақ  ата-бабадан  жеткен  асыл  мұраларымызды  саналы  қабылдап,  бойына  дарыту  үшін,  ең  алдымен, 
халықтық өзіндік болмыс ерекшеліктерінен, өмір тіршілігінен мол мағлұмат болуы қажет. Сонымен бірге жас 
ұрпаққа  ұлттық  тәрбие  берудің  ең  басты  жолы-ұлттық  қадір-қасиетті  дәріптеп,  ана  тілімізді  сақтап, 
мәдениетімізді  дамыту  болып  табылады.  Тәрбие-мәңгілік  және  адамзаттық.  Тәрбие-халықтың  ғасырлар  бойы 
жинақтап,  іріктеп  алған,  озық  тәжірибесі  мен  ізгі  қасиеттерін  жас  ұрпақ  бойына  сіңіру,  баланың  қоршаған 
ортадағы  қарым-қатынасын,  дүниетанымын,  өмірге  деген  көзқарасын  және  соған  сай  мінез  –  құлқын 
қалыптастыру.  Тәрбиенің  негізгі  мақсаты-дені  сау,  ұлттық  сана-сезімі  оянған,  рухани  ойлау  дәрежесі  биік, 
мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ұлттық қасиеттер қалыптасқан адамды 
тәрбиелеу.  Тәрбие  мазмұны,  оны  жүзеге  асыратын  әдіс-тәсілдердің  негізі-  адамгершілік,  имандылық,  ізгілік, 
елжандылық.  Бұл  ерекшеліктер  ғасырдан-ғасырға,  ұрпақтан-ұрпаққа  мирасқа  қалып  отырады.  Ұлттық  тәрбие 
алған  ұрпақ-дені  сау,  білімді,  өнерлі,  ақылды,  еңбекқор,  иманжүзді,  сұлу  да  сымбатты,  ұлтжанды  болып 
қалыптасады.  Ұлтжанды,  адами  құндылықтарды  бойына  жинаған,  қиыншылықтардан  жол  табатын, 
экономикалық бәсекелестікке қабілетті, ары таза, иманжүзді, біреудің қолдауынсыз өз еңбегімен білім алған, елі 
мен жерін сүйетінін атқарған ісімен дәлелдеген жастарды көргіміз келеді. Ұлттық тәрбие - әрбір халықтың ой-
арманымен,  тіршілік  тынысымен,  ұлттық  дәстүрімен  тығыз  байланыста  туып,  қалыптасқан  тарихи  қазынасы, 
мәдени  мұрасы.  Ол  болашақ  ұрпақты  өмір  сүруге  тәрбиелейтін  өмір  кітабы.  Егеменді  еліміздің  болашағын 
қалыптастыру, ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан салт- дәстүрді, асқақтаған айбынды Отанды сүюге, ата-
анаға құрмет, үлкенге ілтипатты, кішіге парасатты, салауатты дені сау ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі күннің талабы.  
Жас ұрпақ тәрбиесі - адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні мен болашағы да тәрбиелі ұрпаққа 
байланысты.. 
 Қай халық болмасын өзінің ұрпағын қайырымды, адал, әділ, үлкенді сыйлайтын, ержүрек, еңбексүйгіш 
азамат  етіп  тәрбиелеуде  ғасырлар  бойы  сұрыпталып,  қажетіне  асқан  салт-дәстүрлерін  әдіс-тәсіл  ретінде 
пайдаланған. Мысалы, А.С.Макаренко, К.Д.Ушинский, В.А.Сухомлинскийдің еңбектері және «Ұлыма хат» деген 
30 хаттан тұратын еңбегінде еңбек, тәрбие, жолдастық, адамгершілік жайында әңгіме қозғап, ақыл-кеңес өсиетін 
ойтып отырған. Бұл хаттардағы өсиеттер қай халықтың баласы болмасын тәрбие мәселесінде үлгі болмақ. 
«Атаның сөзі-тәрбиенің көзі» демекші, орыс халқының сөз мәйегі- мақал-мәтелдердің өзі ойлаған адамға 
үлкен қазына. Мысалы,  «Бейнетін көр де,  зейнетін көр»,  «Ерте  тұрғанның ырысы  артық»,  «Еңбегі ештің күні 
кеш», «Жалқаудың күні қараң». Олай болса, жоғарыда келтірілген мысалдар тәрбиенің белгілі бір ұлтқа ғана тән 
емес екенін, жалпы халықтық тәрбиенің мақсат-мүддесі бір екендігін ұғындырды емес пе?! 
Ұрпақ мәселесі –ол еліміздің болашағының, ертеңінің қамы, жалпы ұлттық биік мәні бар маңызды мәселе. 
Қазақ  халқының  бала  тәрбиесі  жөнінде  қадым  заманнан  бері  жиып-терген  мол  тәжірибесі  бар.  Халық  өз 
бойындағы ең жақсы қасиеттерін жеткіншек ұрпаққа күнделікті үйретіп, бала бойына сіңіріп отырған. 
Ұлттың  болашағы  ұрпағында  болса,  ұрпақтың  тәрбиесі-ұстаз  қолында.  Ал,  ұстаз  мұраты  мен  мақсаты-
жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Мұғалім балалармен қандай жұмыс істесе де, олардың мінез-құлқының, 
тәртібінің, сана-сезімінің қалыптасуына ықпал етеді. Ұстаз екенсін, ұстазға қажетті қасиетті бойыңа дарытып, 
көкірегіңе ұялат, ұстазға сеніп, тапсырған әр үйдің келешегінен үміт күтіп отырған мұрагерінің санасына – білім, 
жанына-жақсылық сыла. Ұстазды көргенді жиренетін шәкірт емес, оны көруге асығатын шәкірт тәрбиеле. 
Бала-ертеңгі үмітіміз. Бүгінгі ұл - ертеңгі әке, бүгінгі қыз - ертеңгі ана. Олар әкеге, шешеге, ұстазға қарап 
өседі. Қазақ халқының өткен тарихына көз жіберсек, әрбір отбасы дүниеге келген жас нәрестені зор қуанышпен 
қарсы  алып,  жақсы  дәстүрге-адамшылық  пен  имандылыққа  тәрбиелеген.  Сондықтан  болар,  бүгінде  кездесіп 
қалатын  басбұзар  ұл,  бетімен  кеткен  қыз  болмаған.  Алабөтен  бұзақыларын,  тентектерін  халық  өзі-ақ  жөнге 
салған. 
Тәрбие  мәселесі  ұрпақтан-ұрпаққа  таралып,  жетілдіріліп  отырған  өмір  мектебі.  Осы  өмір  мектебінің 
оқулықтарын  қазіргі  таңда  халық  даналығы  қазынасынан,  рухани  өмір  мектебінен,  тарихы  мен  мәдениетінен, 
әдебиеті мен ұлт-өнерінің салт-санасы, дәстүрінен, осылардың озық-үлгілерінен іздеген жөн. Өйткені өз тілін, 
тарихын,  мәдениетін,  дәстүрін  білмеген  адамның  рухани  деңгейі  төмен.  Ұлы  ұстаз  Әбу  Насыр  әл-Фараби 
«Адамға  ең әуелі білім емес, тәрбие  берілуі  керек.  Онсыз  берілген  білім-адамзаттың қас жауы. Ол келешекте 
оның барлық өміріне апат әкеледі» деді. 
Ы.Алтынсарин «Өмірдің негізгі мәні-еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің 
шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін 
мұқалтады,  өз  еңбегінің  қызығын,  рақат-ләззатын  көре  білу-кісіліктің  басты  белгісі»  деген.  Абай  Құнанбаев 
талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын қойып, 
өсек,  өтірік,  мақтаншақтық,  еріншектік,  бекер  мал  шашпақ  сияқты  зиянды  әдеттерді  жоюға  шақырады. 

125 
 
М.Жұмабаев «Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі 
түрден ләззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын адам болғандығы» деп жазды. 
Тәрбие  жұмысының  мыңдаған  түрі  мен  қыры  бар.  Олар  тәжірибеде  сынала  келе  нәтижеге  ие  болады. 
Сондықтан  тәрбие  мәселесі  қоғам  өмірінде  ешқандай  маусымды,  үзіліс  дегенді  білмейді,  үздіксіз  жүргізіліп 
отыратын процесс. Жоғарғы оқу орындарында  тәрбие  кеңістігін қалыптастыруда студенттерге тәрбие арқылы 
білім беруде қазақ тілі,  қоғамдық пәндерге  атқаратын  рөлі жөнінде ерекше  мән  берілген. Ол жеке  тұлғаларға 
отансүйгіштік, ұлтжандылық, идеялық сенімді қалыптастырады. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрі, мәдениеті мен 
әдебиеті, студенттердің еңбексүйгіштік, ұқыптылықтық, моральдық қасиеттерін қалыптастырады.  
Халқымыздың  ғасырдан  ғасырға  қастерлеп  келген  құнды  дәстүрлері  өте  көп.  Оны  бүгінгі  ұрпақ 
қаншалықты  біледі,  қастерлейді,  білмесе  білуге  ұмтылама,  «халқын  сүйген  салтын  да  сүйеді»  дегендей,  ата-
салтын мақтаныш тұта ма деген сұрақтар төңірегінде ойланып отырғанымыз абзал. Негізінен, салт-дәстүр, әдет-
ғұрыптарды қадірлеу-қасиетті мекенді қадірлеуден, аялаудан, сүйіспеншіліктен басталады. 
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді қазақ. Бала жасында қалай тәрбиеленсе, есейгенде де соны 
істейді. Жастайынан орнығып қалыптасқан, тәрбие орынсыз көріністерге баланы сын көзбен қарауға үйретеді. 
Халықтық тәрбиенің туын биік ұстап, жас ұрпақты қасиетті халқымыздың тәлімгерлік үлгісімен тәрбиелеу – ең 
маңызды міндет. Бүгінгі күн талабындағы жас ұрпақты ізгілікке тәрбиелеу, адами көзқарастары мен өзара қарым-
қатынастарын  қалыптастыру  адамгершілікке  тәрбиелеудің  негізгі  өзегі.  Адамгершілік  тәрбие  дегеніміз  бұл 
қоғамдық  өнеге  талаптарына  сәйкес  келетін  оқушылар  бойына  адамгершілік  сапаларды  қалыптастыру  мен 
олардың санасы мен сезіміне мақсатты және жүйелі түрде ықпал етуге байланысты болып отыр. Сондықтан өсіп 
келе жатырған жас ұрпақтың санасын, өнегелік сенімдерін жетілдіріп, мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру 
керек. Бүгінгі оқушы-өз  мүддесін ата-анасының,  жолдастарының мүддесімен ұштастыра  ойласа,  ол ер жеткен 
кезде  де  өзінің  өмірлік  жоспарларын  қоғам  мүддесімен  сабақтастыра  біледі.  Осының  негізінде  жаңа 
психологиялық қасиеттер пайда бола бастайды.  
Олай  болса,  оқушылардың  жеке  ерекшеліктерімен  күнделікті  танысып,  олардың  өзіндік  тиісті  мінез-
қылықтарын кездестіргенде, оны сол уақыттағы жағдайлардан іздестірген жөн. Мұның өзі баланың психикалық 
қасиеттерін терең түсінуге мүмкіндік береді. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет