ТАҚырыбындағы облыстық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



Pdf көрінісі
бет30/39
Дата12.03.2017
өлшемі3,11 Mb.
#8854
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   39

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
 
Қазақ халқының тәлім –тәрбие тарихынан. Алматы,1992 
2.
 
Бабасов Е.М. Прикладная социология: Учебное пособие. Минск,2000 
 
 
ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ 
 
Жайманова Арайлым Ақпановна, 
Ырғыз ауданы №1 қазақ орта мектебі бастауыш класс мұғалімі 
 
Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне  енуге  талпынысы, білім беру парадигмасының  өзгеріп, жаңа  ұлттық 
модельдің қалыптасуы болашақтың жаңаша ойлайтын, дүниеге көзқарас мәдениеті мен санасы дамыған ұрпағын 
оқытып,  тәрбиелейтін педагогикалық кадрларды дайындаудың сапасын арттыруды талап етіп отыр. Нәтижеге 
бағдарланған білім беру сапасын арттыруда жаңаша жолдар мен әдістер табуға дағдыланған «Жаңа формация 
маманы  болу  –  білім  беру  саласының  өзекті  мәселелерінің  бірі.  Білім  беруді  түрлендіруде,  білім  процесін 
реформалауда зерттеуші мұғалім мен көшбасшы мұғалім жаңа формация мұғалімі ретінде орталық тұлға болып 
табылады.  Нәтижеге  бағытталған  білім беру  жүйесіндегі педагогтің кәсіби  құзыреттілігінің  теориялық  негізін 
айқындап алу үшін, терминнің дербес анықтамасына тоқталсақ. Психологиялық- педагогикалық әдебиеттердегі 
ғалымдардың  зерттеулеріне  қарағанда  кәсіби  шеберліктің  қалыптасуы  мен  даму  үдерісінде  екі  ұғым: 
құзыреттілік  және  құзырет  ұғымдары  пайдаланылып  келеді.  Біріншісі,  С.Ожегов  сөздігі  бойынша,  белгілі  бір 
кәсіби қызметке байланысты, "қандай да болсын мәселеден хабардарлық, беделділік", ал екіншісі, " қандай да бір 
істі жүргізетін жеке адамның, мекеменің мәселелерді шешуге, іс – әрекет етуге, бір нәрсені істеуге құқықтылық 
шеңбері". 
Методикалық  терминдер  сөздігінде"  "Құзыреттілік  –  қандай  да  бір  оқу  пәнін  оқыту  үдерісінде 
қалыптасатын  білім,  білік,  дағдылар  жиынтығы,  сонымен  қатар,  қандай  да  бір  қызметті  орындай  алу 
қабілеттілігі", – делінген. Дұрыс ұйымдастырылған әдістемелік пен оның кәсіби дамуға бағытталған жұмыстары 
ғана жаңашылдық кепілі болады. Сол себепті, мұғалімдерді кәсіби біліктілігін арттыруда педагогтардың өздеріне 
бағытталған іс – әрекеттерін жаңаша ұйымдастыру өте маңызды.  
Кәсіби құзыреттілік мәселесін зерттеген ғалымдардың ой тұжырымдарын терең талдай отырып, нәтижеге 
бағытталған  білім  беру  жағдайындағы  бастауыш  сынып  мұғалімінің  құзыреттілігін  үш  аспектімен  сипаттауға 
болады.  
Мәндік  аспект,  яғни  ахуалды  жете  түсіну,  оны  ұғыну  және  оған  деген  қарым  –  қатынас,  бұл  жағдайда 
нәтижеге бағытталған білім беру маңызы, теориялық негізі жатады;  
Проблемалық  –  практикалық  аспект,  бұл  –  бастауыш  сынып  мұғалімінің  алдына  мақсат,  міндет 
нормаларын қойып және оны орындау жолдарын сыни сипаттайды;  
Коммуникативтік  аспект,  бұл  –  педагогтің  осы  үрдіске,  ахуал  қатынасын  және  өзара  ықпал  жасауын 
қамтамасыз етеді.  
Құзыреттілік – оқу нәтижесінде меңгерген білім, дағдыны тәжірибеде қолдана алу, проблеманы шеше білу, 
оқушылар дайындығы сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа. Нәтижеге бағытталған сапалы 
білім беруде бастауыш сынып мұғалімінің құзыреттілігі: Арнайы құзыреттілік – өзінің кәсіби қызметпен жоғары 
деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілет. Мұғалім үнемі ізденісте бола 
отырып, жаңаша оқытуды іске асыруда түрлі инновациялық технологиялардың әдіс–тәсілдерін өз ізденісі арқылы 
оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады. Сонымен қатар психологиялық–педагогикалық 
білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін өз ісінде шебер сұрағына жауап беруге даяр болуға тиіс.  
Әлеуметтік құзыреттілік – бірлескен кәсіптік қызметпен айналысу қабілеті, ұжыммен, топпен қызмет ету, 
кәсіби  қарым  –  қатынас  тәсілдерін  қолдана  білу.  Яғни,  мұғалім  оқушылармен  қарым  –  қатынас  тактикасын 
баланың  жасы,  рухани  өсуіне  байланысты  өзгертіп  отыруы  керек.  Оқушыларды  топтық,  ұжымдық  жұмыстар 
жасай алуға, соның ішінде жеке тұлғаның дамуына мән беруі керек.  
Пәндік құзыреттілік – білім беру қызметінде белгілі бір пәндер шеңберіне қатынасты білім, біліктілігі және 
дағдысы  мен  іс  –  әрекетінің  сапалар  жиынтығы,  педагогикалық  және  әлеуметтік  психологияның  негіздерін 
қолдана білу іскерлігі.  
Ақпараттық  құзыреттілік  –  айрықша  назар  аударуды  қажет  етеді.  Себебі,  ақпараттық  қарым  –  қатынас 
технологиясын  игеру  әр  маманнан  талап  етіледі.  Ақпараттық  ресурс  –  ақпарат  көзін  алу  мультимедиялық, 
электрондық, жалпы ақпараттық технологияларды меңгеруі тиіс.  
Педагог өзін жоғары деңгейде қалыптастырудың осындай құзыреттіліктерін игеру арқылы оқыту процесін 
ұйымдастырудағы негізгі мақсаттарын:  
- Білім алу кеңістігін кеңейту және тілін дамыту арқылы шығармашылыққа баулу;  
- Оқу процесінің нақты міндеттерін айқындап, ұжымдық қарым – қатынас мәдениетін дамыту;  

151 
 
-  Оқушыға  қолдау  көрсетіп,  жағымды  психологиялық  орта  құру  және  оқушының  зерттеу  белсенділігін 
арттыру;  
- Ақпараттық ортаны анықтау, бағыт беру және танымдық конференциялар арқылы ақыл – ойын дамытуын 
игеру керек.  
Аталған мақсаттарды жүзеге асыруда бүгінгі таңда білім беру үрдісіндегі негізгі міндеттеріміз оқушының 
бойындағы  адами  құндылықтарды,  қайырымдылықты,  сүйіспеншілікті  дамыту,  рухани  адамгершілігін 
қалыптастыру, жеке тұлғалық қасиеттерінің ашылуы жаңа оқыту технологияларының білім беру жүйесіне озық 
үлгілерін  еркін  енгізілуіне  тікелей  байланысты.  Бүгінгі  күні  көкейтесті  болып  отырған  білімнің  құзыреттілік 
ұстанымын жүзеге асыру құралы ретінде педагогикалық технологиялар мен белсенді оқыту әдістерінің алар орны 
ерекше. Қазіргі заман талабына сай білім беру жүйесінің басты көрсеткіші  –  оқушының өздігінен білім алуға 
деген ұмтылысын қалыптастыру.  Ал мұғалімнің  негізгі міндеті  –  оқушыны білімге өз  бетінше  ізденіске  және 
шығармашылық іс – әрекеттерге баулу болып табылады. «Сабақ беру – үйреншікті жәй ғана шеберлік емес, ол – 
жаңадан  жаңаны  табатын  өнер»  деп  Ж.Аймауытов  айтқанындай,  әрбір  өткізілген  сабақ  оқушының  жүрегінен 
орын алатындай, жақсы істерге  жетелейтіндей, рухани байлығын дамыту деңгейінде ұйымдастырылуы  керек. 
Бастауыш сынып оқушыларының қабылдау мүмкіндіктері түрліше. Сондықтан, олардың жас ерекшеліктері мен 
әр  оқушының  жеке  дара  ерекшеліктеріне  сай  материалдарын  игертуде  мұғалімнің  кәсіби  құзыреттілігі 
нәтижесінде  оқыту  сапасы  артады.  Ана  тілі  сабақтарында  берілген  мәтіндермен  жұмыс  жүргізе  отырып, 
оқушылардың білім алу кеңістігін кеңейту үшін  қосымша  материалдар, қызығушылықтарын арттырарлықтай, 
ізденіске  итермелейтіндей  сұрақ  –  тапсырмалар  арқылы  шығармашылыққа  баулимын.  Әр  тараудағы  шағын 
мәтіндердің негізгі түйіндерін, автордың айтайын деген ойын салыстыра отырып, оқушылардың тілін дамыту 
арқылы кейіпкерлерге мінездеме бере білуге машықтандырамын. Оның тиімділігі оқыту процесі сапалы және 
оқушыны дамыту сипатында болады. Ана тілі сабақтарындағы шығармамен жұмыс жасағанда оқушы жылдам 
және  дұрыс  оқуы  үшін  ғана  емес,  сонымен  бірге  оқығанын  терең  түсініп,  сезініп,  қорытынды  жасап,  өзіндік 
көзқарастарын  өздері  табуына  мүмкіндік  жасаймын.  Оқыту  екі  жақты  процесс.  Осы  процесте  оқушының  да 
бойында ақыл – ойы, танымы, білігі мен дағдысы, демек пәндік және ақпараттық құзыреттіліктері қалыптасады. 
Өз сыныбымдағы оқушыларды тәрбиелеу барысында әр баланың жеке басына  құрметпен қараймын. Үлгерімі 
нашар оқушыларға сынып белсенділері тарапынан көмек ұйымдастыру үшін, топтар құрып, оқушылардың бір – 
бірімен  тіл  табысуына  ықпал  етемін.  Сонымен  қатар  дарынды  оқушылармен  ұжымдық  зерттеулер  жүргізу 
арқылы  оқушыларымның  шығармашылықтарын  дамытып,  интеллектуалды  деңгейін  көтеру  арқылы,  арнайы 
және  әлеуметтік  құзыреттіліктерін  қалыптастырудамын.  Оқушыларымның  әрқайсысын  жан  –  жақты  зерттей 
отырып, сынып гистограммасын құрдым. Гистограмманың қорытындысы негізінде әр оқушының айқындалған 
қабілеттерін  дамытуға  қажетті,  тиімді  жағдай  туғызу  арқылы,  оқушылардың  шығармашылығын  дамытатын, 
өздігінен білім алатын, өздігінен орындай алатын шығармашылық тапсырмалар жүйесін құрып, жүйелі жұмыс 
жүргізудемін.Мұғалім өз ісінің маманы болуымен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасын 
мен пікірін сыйлау, тек өз пәнінің төңірегінде ғана қалып қоймай, қоғамда болып жатқан өзгерістерге құлағы 
түрік, көзі ашық, жан – жақты талдау жасай білетін маман болуы шарт.Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының: 
«Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселелерін өзі жақсы білуі керек» деген 
тұжырымында  «Шығармашыл  ұстаз  шығармашыл  шәкірт  дайындайды»  деген  ой  айқын  аңғарылады.  Сөзімді 
қорыта келе айтарым, жоғарыда аталған құзыреттіліктерді меңгерген мұғалім – шығармашыл шәкірт дайындауға 
даяр.  
 
Әдебиеттер 
1. Мектеп директорының орынбасары» №6,2011 жыл 
2. Сегізбаева О.А. Қазақ философиясының тарихы. – Алматы, Ғылым, 1999 ж.  
 
 
РӘМІЗІМ – ЕЛДІГІМНІҢ БЕЛГІСІ 
 
Жаназилова Айнагуль Маратовна, 
Ақтөбе қаласы, №12 ОМ бастауыш класс мұғалімі 
 
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың 
ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып – көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де 
иесі өзің екеніңді ұмытпа!» [1] деген болатын.  
Мен  де  өз  еңбегім  –  сабағым  арқылы  ертеңгі  күні  елін  көркейтетін  болашақ  жастарға  бағыт  беріп,  өз 
үлесімді  қосқым  келеді.  Сондықтан  «Рәмізім  –  елдігімнің  белгісі»  тақырыбындағы  математика  пәнінен  ашық 
журнал түрінде құрылған өз тәжірибеммен бөліскім келеді.  
Сабақ тақырыбы: Рәмізім – елдігімнің белгісі. (4сынып) 
Мақсаты:  үш  таңбалы  сандарға  бөлу  мен  көбейту  дағдысын  қалыптастыру;  өз  бетінше  жұмыс  істеуге 
дағдыландыру, есеп шығаруды меңгерту; ой-өрісін, зейінін дамыту, тиянақтылыққа тәрбиелеу;  
Қазақстан  Тәуелсіздігінің  25  жылдығына  байланыстырыла  отырып,  Елтаңба,Ту,Әнұран  туралы 
түсініктерін нығайту,рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді арттыру; 

152 
 
оқушылардың  отансүйгіштікке,адамгершілікке,Отанына  халқына  адал  қызмет  етуге,  елінің  Туын, 
Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп құрметтеуге,халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: ашық журнал.  
Әдісі: іздену- ойлау, сұрақ-жауап, түсіндіру, дәлелдеу.  
Көрнекілігі: үлестірмелер, кестелер,  
Сабақтың барысы:  
І. Ұйымдастыру кезеңі.  
1) Сабақ әнұранмен басталады.  
Биылғы жылы елімізде ұлы мереке - Тәуелсіздікке 25 жыл толғалы отыр. Сондықтан осы ашық сабағымызды 
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнаймыз. Сабағымызды ашық журнал түрінде өткіземіз. Журналымыздың 
мазмұнын құрастырып алайық.  
2)
 
Ашық журнал  
- Тәуелсіздік белгілерін нелер құрайды?  
Журналдың мазмұнымен таныстыру .  
1.
 
Асқақтаған Әнұран - №1 есеп.  
2.
 
Елбасы - №2 есеп 
3.
 
Көк байрақ - Өз бетімен жұмыс (№3есеп)  
4.
 
Еңселі Елтаңба – №4  
5.
 
Ата заң - №5 
6.
 
Мемлекеттік тілі – №6 
7.
 
Төл теңге – Ауызша есеп.(№7,8) 
Журналдың әр бетіне сәйкес орындалатын тапсырмалар бар. Сабақ соңында тапсырмалар толық 
орындалса, журнал құрастырылады.  
Бағалау критерийлері :  
«5» - 5 00-600тг  
«4» - 300-400тг  
«3» - 100-200 тг  
1.Журналдың бірінші беті – Әнұран туралы.  
ҚР Президентінің 2006 жылғы 7 қаңтарында Конституциялық заң күші бар Жарлығымен мемлекеттік рәміз 
– Әнұранның мәтіні мен оны ресми пайдаланудың рет жөні бекітілді. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, 
Нұрсұлтан Назарбаев. Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов. Әнұранның әуенінен Отанға деген сүйіспеншілік, 
Атамекенге деген шексіз берілгендік аңғарылса, сөзінен жан – дүниемізді танытар ұлттық қасиетіміз бен бейбіт 
пейіліміз, досқа ашық құшағымыз, еркіндікке құштар кең көңіліміз жақсы көрініс тапқан. [2] 
№1. Үш таңбалы санға бөлу тәсілін түсіндір  
342780:394 = 870 
Мына сұрақтарға жауап бер. 
-
 
Әр толымсыз бөлінгіш неге тең? Бірінші толымсыз бөлінгішті 394-ке қалай бөлдің?  
-
 
-Бөлінді мәнінің бірінші цифрын неше рет тексеріп таптың? Неліктен? 
-
 
Екінші толымсыз бөлінгішті 394-ке қалай бөлдің?  
-
 
Сонда неше цифрды тексеруге тура келді? 
-
 
 Бөлінді мәнінің үшінші цифрын тексердің бе? 

 
342780: 394 870 екендігін белгілі. Бөлуді көбейту арқылы тексер. 
2.Журналдың екінші беті – Елбасы туралы  
 Президент — мемлекет басшысы, оның ең жоғарғы лауазымы, елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі 
бағыттарын белгілейді, барлық битлік органдарының келісімжді қызмет атқаруын қамтамасыз етеді. Сонымен 
қатар  президент  Қазақстан  Қарулы  күштерінің  жоғарғы  қолбасшысы  болып  табылады. Назарбаев Нұрсұлтан 
Әбішұлы  1940  жылы  6  шілдеде  Алматы  облысы  Қаскелең  ауданы  (қазіргі  –  Қарасай)  Шамалған 
ауылында дүниеге келген.  
1958  жылы  Н.Ә.  Назарбаев Қаскелең  ауданы  Абай  атындағы  орта мектепті  медальмен 
аяқтайды. Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы алғашқы жалпы халықтық президент сайлауы нәтижесінде президент 
болып  сайланды.  2010  жылдың  15 маусымында «Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президентіне  –Елбасы 
мәртебесі бекітілді.[2] 
№2. Бөлуді орында және оны тексер  
149326: 394= 379175040:547= 320  
307360:452= 680679070:763= 890  
 3.Журналдың үшінші беті – Көк байрақ туралы  
 Қазақстан  туының  түсі  көгілдір.  Көгілдір  түс-бейбіт  аспанның  түсі.  Түс  бейбіт  аспанның  түсі.  Ту 
ортасында  алтын  күн  бейнеленген.  Алтын  күн-  нағыз  өмір  символы.  Күн  астында  қыран  бүркіт  қалықтайды. 
Қыран  бүркіт-қазақ  халқының  асқақ  арманы,  бостандығы  және  еркіндігінің  белгісі.  Тудың  шетінде  «қошқар 
мүйіз»  деп  аталатын  ою-өрнегі  бар.  Ою-өрнек  халықтың  ақыл  ойының  шеберлігінің,  қол  өнердегі  ізденістің 
жемісі.[2] 
Мемлекеттік тудың авторы- көрнекті суретші Шәкен Ниязбеков 
№3 

153 
 
140256:394= 355(386қ) 307749:453= 679(162қ)  
175462:547 = 320 (422қ) 678345:763=889(38қ)  
 4. Журналдың төртінші беті – Еңселі Елтаңба туралы  
Мемлекеттік елтаңба көгілдір және алтын түсті. Көгілдір түс-бейбітшілік, ал алтын түс-байлық символы. 
Елтаңбының ортасында шаңырақ бейнеленген. Қазақтың қасиетті қара шаңырағының бейнесі-бүтін қазақ елінің 
символы. Шаңырақтан күн сәулесіндей уықтар тарайды. Алтын күн –нағыз өмір символы.  
 Ай  мүйізді,  алтын  қанатты  қос  пырақтар  шаңырақты  алып  қанаттарымен  көмкеріп  тұр.Ай  мүйіздер-
қайратты, алып қанаттар-биік самғауды білдіреді.  
 Қазақстан елтаңбасының жоғары жағында бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында «Қазақстан» деген 
жазу бар.  
 Елтаңбаның авторлары- белгілі сәулетші Шотаман Уәлиханов пен Жәнібек Мәлібеков.[2] 
№4 
А) Бір кітаптың массасы 500г болса, 60кг қағаздан осындай неше кітап жасалынады? 
1к – 500г ш: 60кг =60 000г 
60кг - ? к 
60 000: 500=120к 
Ж: 60кг қағаздан 120 кітап жасалады 
Ә) 1 кг қағаз қалдықтарынан 20 дәптер жасалса, 5 кг қағаз қалдықтарынан осындай неше дәптер жасуға 
болады? 
1кг – 20д 
ш: 5х20=100(д)  
5кг - ?  
ж: 5 кг қағаздан 100д  
 
 5. Журналдың бесінші беті – Ата Заңы туралы 
Конституция,  Ата  Заң  Мемлекеттің негізгі  заңы.  Конституция  осы  заманғы  мемлекеттіліктің  маңызды 
белгісі,  мемлекеттің  саяси  және  құқықтық  құжаты  болып  табылады.  1995 ж.  30-тамыза Қазақстан 
Республикасының Конституциясы — Ата заң қабылданды. Ол кіріспеден және 9 бөлімнен (98 баптан) тұрады. 
[2] 
№5. 1ц қағаз қалдықтарынан 2000 дәптер шығады. 1 дәптер жасау үшін қанша қағаз қажет? 300кг қағаздан 
осындай неше дәптер дайычндалады? Ал 350г қағаздан ше? 
1ц – 2000д 
 ш: 1ц = 100 000г  
1д-?қ 100 000 : 2000 =50 (г) 
300кг -? Д 300 000г: 50 = 6000(д )  
350 г - ? д 350 : 50 = 7 (д)  
 
 6. Журналдың алтыншы беті – Мемлекеттік тілі туралы 
Ел тәуелсіздігінің ең маңызды нысаны — мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тіл — тәуелсіз ұлттың мәдениеті 
мен рухани болмысының негізгі тірегі. Істі қазақ тілінде жүргізу керек деген мәселе 1997 жылы «Тіл туралы» Заң 
қабылданған  сәттен  бері  және  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  1998  жылғы  5  қазандағы  №4106 
Жарлығымен бекітілген .[2] 
№6.Ауызша  
 2м матадан 1 бала көйлегін тігуге болады. 46м матадан неше бала көйлегін  
 тігуге болады? 
Ш: 46:2 =23 (к)  
№7. Ауызша  
 Бірдей 6 ыдыста 48 кг май бар. Осындай 8 ыдысқа қанша май сыяды? 
(48:6) х8 =64 
 
7. Журналдың жетінші беті – Төл теңге туралы 
1992  жылдың  27  тамызы  күні  Ұлттық  банк  теңге  купюрасының  үлгілерін  бекітті.  1992  жылы  теңге 
дизайнындағы  портреттер  бекітілді.  Теңге  Ұлыбританияда  басылып  шықты.  1993  жылдың  12  қарашасы  күні 
Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  «Қазақстан  Республикасында  ұлттық  валюта  енгізу  туралы»  Жарлыққа  қол 
қойды.[2] 
 
№8. Құстарға арнап ағаштан ұя жасау үшін ені 20см, ұзындығы 30см тік төртбұрыш пішінді тақтай керек. 
Ауданы 640 см

, ені 20 см тақтай сондай ұя жасауға жарай ма? 
Керек тақтай – 20 см , 30см Ш: 20х30 = 600см² 
Жарай ма? - 640см ² - 20 см  
 640:20 =32см  
Ж: ұя жасауға жарайды  
  ІІІ. Қорытынды бөлім.  
-
 
Сонымен бүгінгі сабағымыз қандай мерекеге байланысты болды  
-
 
Ашық журнал не туралы болды?  
-
 
Журналымызға ат қояйық.  
-
 
Міне, мынадай журнал шықты. (Мұғалім журналды көрсетеді. Бір-бірден оқушылар таратып береді)  
-
 
Ендеше, осы Тәуелсіздік белгілерін есте сақтап жүріңіздер деп, журналды таратып беремін.  

154 
 
 ІV. Бағалау критерийлері бойынша бағалау :  
«5» - 5 00-600тг  
«4» - 300-400тг  
«3» - 100-200 тг  
 V. Үйге тапсырма беру: №9 есеп, Тәуелсіздік белгілерін оқып келу. 
Сабақты аяқтау  
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2015жылғы 30қараша.  
2. tps: //.m.wikipedia.org 
 
 
ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ ДАМУЫ-САПАЛЫ БІЛІМ БАСТАУЫ 
 
Жұманова Р.О., 
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжі 
 
«Жаңа  мұғалім-рухани  дамыған  әрі  әлеуметтік  тұрғыдан  есейген,  педагогикалық  құралдардың  барлық 
түрлерін  шебер  меңгерген  білікті  маман,  өзін-өзі  әрдайым  жетілдіруге  ұмтылатын  шығармашыл  тұлға.  Ол 
жоғары  білімді,  шығармашыл  тұлғаны  қалыптастырып,  дамыту  үшін  жауапты»,  -  деп  Қазақстан 
Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  ұстаздардың  жаңа  білім  биігіне  көтерілуі,  кәсіби  шыңдалуы, 
педагогикалық  шеберлікке  жету  үшін  еңбектенуі  уақыт  талабы  екендігін  үлкен  жауапкершілікпен  міндеттеді. 
Білімдегі жаңалықтар білім беру процесіне қатысушылардың талабын, мүмкіндігі мен қызығушылығын толық 
ескеруді,  оқушыға  берілетін  білімді  қоғамның  қазіргі  әлеуметтік,  экономикалық  сұранысына  сәйкестендіруді, 
білім беру тәсілдерін оқушылардың өз бетімен білім алуына бағыттауды, оқушылардың өз іс-әрекетіне басшылық 
жасауға жетелейтін негізгі құзыреттілігін қалыптастыруды, яғни жеке тұлғаның дербес дамуын қамтамасыз етуді 
көздейді. 
Білім беру жүйесі-әр елдің даму болашағын айқындайтын, әлемдік өркениетке жетуде негізгі бағыттарын 
көрсететін біртұтас құрылым. Әлемдік бәсекеге қабілетті білім беру ісі мұғалімнің кәсіби біліктілігіне тікелей 
байланысты.  Мұғалімнің  кәсіби  шеберлігін  жетілдіру  жұмысы  дегеніміз  –  мұғалімнің  жеке  басының 
интеллектісін,  теориялық-әдістемелік  білімін  үнемі  толықтырып,  оқытудың  жаңа  әдіс-тәсілдерін  меңгеруі, 
меңгере отырып, нәтижеге бағдарланған білім берудің өз тәжірибесіндегі инновациялық технологиясын ұсынуы 
болып табылады. Бұл мақсаттарға жету үшін озық педагогикалық-инновациялық технологиялардың ғылыми  - 
әдістемелік негіздері мен практикалық тиімділігін жан-жақты зерттеп, жұмысты жүйелі және жоспарлы жүргізу 
арқылы озық инновациялық-педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде тәжірибеге енгізу міндеті тұр. 
Мұғалімдерге инновациялық білім берудің міндеті – оларды ізденімпаз, жаңашыл ұстаз етіп даярлау, күнделікті 
білім  мен  біліктілігін  көтеру,  өз  ісіне  шығармашылықпен  қарау,  меңгерген  инновациялық  технологияны  өз 
мектебі мен оқушыларының ерекшеліктерін ескере отырып түрлендіре алу, шағын өзгерістер енгізе білу, өз ісіне 
сыни көзқараспен қарау, жеткен жетістіктері мен жіберген кемшіліктеріне педагогикалық сараптама жасай алу, 
өзінің авторлық технологиясын өмірге әкелу, оны әдістемелік тұрғыдан негіздеу, үнемі әдістемелік жетілдіру. 
Негізгі  мақсат-  болашақ  мамандардың  кәсіптік,  коммуникативтік,  педагогикалық  шығармашылығын, 
педагогикалық қызметке сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру болып табылады. Осының негізінде болашақ 
маманға қоғамның әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамуындағы адамның шешуші рөлін ұғындырып, қоғам 
мен  тұлғаның  мүддесі  үшін  қоғамның  өндіріс,  ғылыми-техникалық  прогресс,  оқытудың  жаңа  типтік 
технологиясы,  білім  берудің  жаңа  үлгісі,  білім  беруді  реформалау  т.б.  жаңа  қатынастарды  жадында  сақтауға 
бейімдеу  керек.  Оқытушының  кәсіптік  сапалары  оның  білімдарлығы,  оқушылармен  қарым-қатынасының 
шығармашыл сипатта  болуы, оқушыны  зерттей отырып,  оның психикасындағы  ерекшеліктерін терең меңгере 
білуге үйрету, өз ісінің нағыз шебері болуға икемдеу, ынтымақтастық педагогикасының негізгі идеяларын ұстана 
білуге  тәрбиелеу  қоғам-адам-табиғат-даму-орта  сияқты  ұғымдарды  басшылыққа  ала  отырып,  жас  буынды 
тәрбиелеудегі  жауапкершілік  сезімдерін  ұштау  бүгінгі  күннің  өзекті  мәселесі.Сондықтан  да  болашақ 
мамандарды  кәсіби  даярлауда  жаңа  педагогикалық  технологияларды  қолдану-  оқу  орындарында  әрбір 
оқытушыға қойылатын негізгі талаптардың бірі. Бұл талаптар білім саласы қызметкерлеріне қазіргі кезде қоғамда 
болып  жатқан  әлеуметтік-экономикалық  өзгерістерге  сәйкес  төмендегідей  үлкен  міндеттер  мен  мақсаттар 
жүктейді:  
Білім  берудің  басты  ерекшелігі-баланың  жан-жақты  дамуына,  өз  пікірі  мен  ойын  ашық  жеткізуіне,  әр 
адамға  табиғатынан  берілген  шығармашылық  әлеуетін  толық  іске  асыруына  ықпал  ететін,  өзін-өзі  танып, 
келешегін  айқындауға  саналы  түрде  дайын  болуға,  қоғамның  экономикалық,  мәдени,  саяси  өміріне  белсенді 
араласуға мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық институт ретінде қалыптасуында болып отыр. Нақты 
талаптар-шығармашылық  белсенділік, әлеуметтік  жауаптылық,  жоғары  интеллектілік, терең білімділік,  кәсіби 
сауаттылық. 
Соңғы  жылдары  басты  назарда  мұғалім  жұмысындағы  шығармашылық  мәселесіне  ауыса  келе 
коммуникативті  қабілеттерді  мұғалімде  де,  оқушыда  да  дамыту  мәселелері  жөнінде  көптеген  зерттеулер 
жүргізіліп,  педагогикалық  шеберлік,  педагогикалық  такт,  педагогикалық  этика,  импровизация  мәселелерін 

155 
 
жетілдіруге  көңіл  бөлінді.  Сонымен  қатар  педагогикалық-психологиялық  іс-әрекет  жайында;  эстетикалық 
сапалары, адамгершілік негіздері, музыкалық қабілеті, зерттеушілік, интеллектуалдық дамуы, рухани мәдениеті, 
әдістемелік  негізі,  жалпы  білімділігі,  кәсіптік  педагогикалық  қарым-қатынас  мәдениеті  сияқты  кәсіптік 
ерекшеліктерге де байланысты.  
 Болашақ  және  қазіргі  заман  мұғалімдері  қоғам  дамуының  деңгейінен  қалыспай  отыратын,  оның 
әлеуметтік парызына жауап беруді көздейтін, ғылымға, жаңалыққа сергек, өз ісіне гуманистік сезіммен қарайтын 
педагогикалық күрделі құбылыстардың барысын, идеялық, адамгершілік тұрғыдан шеше алатын, жаңаша ойлау-
дамуын ұйымдастыра алатын және ата-аналармен, ұжыммен педагогикалық ынтамақтастық орнатуға бейімділігі 
бар, шығармашылықпен еңбек ететін маман болуы керек.  

 
студенттің әр түрлі кәсіптік-педагогикалық еңбектермен танысуы, оларды педагогика және психология 
салалары бойынша тиісті мәліметтермен қамтамасыз етіп отыру; 

 
жас маманның педагогикалық қызметке деген ынта-ықыласы мен қызығушылығын дамыту; 

 
өзі тәрбиелеу мен өздігінен білім алуларын қалыптастыру. 
Кәсіби шеберлік, жоғары мәдениеттілік, эрудиция, қайырымды және саналы талап қоюшылық мұғалімді 
биіктерден  көрсетері  сөзсіз.  Педагогикалық  қызметке  қызығушылық-ол  эмоциялық-танымдық,  өзінің 
мамандығына  белсенді  қарым-қатынас,  балалармен  жұмыс  жасауына  септігін  тигізе  отырып,  мамандықты 
меңгеруі үшін маңызды болып табылады. Кәсіптік қызығудың негізгі көрсеткіштері: балаға деген сүйіспеншілік, 
олардың  ата-анасына  деген  жағымды  көзқарас  пен  білім  қорының  толық,  нақты  болуы  және  өз  білімін  үнемі 
толықтырып  отыруы.  Сонымен  қатар  жеке  және  жас  ерекшелігін  ескере  отырып,  қажеттіліктері  мен 
қызығушылықтарына сай білім беру-  қазіргі білім беру жүйесінің басты  міндеті.  Әр педагог жаңару  процесін 
жатырқамай  қабылдап,  өзінің  іс-тәжірибесіне  енгізуге  асығу  керек.  Өркениетті  елдің  білім  саясаты  жаңа 
педагогтың  тың  көзқарасын  қажет  етеді.  Жаңа  кезеңдегі  мұғалімнің  шығармашылық  іс-әрекетінің  мазмұны 
зерттеушілік қызметтен, жеке ізденістерден, оқушымен, ата-анамен тығыз ынтымақтастықтан тұрады. 
Сонда ғана  шығармашылық қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияны меңгерген, мамандық 
шеберлігі  қалыптасқан  мұғалім  қалыптасады.  Ол  бір  мезгілде  әрі  педагог,  әрі  психолог  және  оқу  үрдісін 
ұйымдастырушы болуы керек. Сонымен қатар оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің 
әлемдік  кеңістігін  құруға  қабілетті  болу  керек.  Бұл  мұғалімнің  өзін-өзі  дамытуына,  өзіндік  білім  алуға, 
шығармашылық түрде өзіндік қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді.  
Бүгінгі  ұстаз  күнделікті  іс-әрекетте  өзін  оқушымен  тең  ұстап  оған:  қатыгездіктен  гөрі  мейірімділікпен, 
ұстаздық  тұлғадан  гөрі  құрбылық  деңгейде,  айқаймен  емес,  әзілмен,  қателіктерін  мойындатуға  емес,  түсініп 
бөлісуге тырысатын болса, ата-ана, қоғам қала берді мемлекет үлкен сенім артып, үміт күтіп отырған ұстаз еңбегі 
жемісті боларына сөзсіз. Ұлт болашағын қамтамасыз ету, қазақ баласының келбетін қалыптастыру- әр мұғалімнің 
азаматтық, рухани парызы мен абыройлы борышы.  
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет