ТАҚырыбындағы облыстық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары


БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУҒА ЖАҢАША КӨЗҚАРАС



Pdf көрінісі
бет32/39
Дата12.03.2017
өлшемі3,11 Mb.
#8854
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39

 
БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУҒА ЖАҢАША КӨЗҚАРАС 
 
Кабиева Г. Ж.,  Жармағамбетова Қ.Қ., 
Елек орта мектебінің пән мұғалімдері 
 
Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар, өзгерістер мен жаңалықтар мұғалімнің өткені 
мен бүгіні, келешегі мен болашақ жайлы ойланып, жаңа идеялармен жұмыс жасауға негіз болады. Елбасымыздың 
жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім 
қажет.  Қазақстанды  дамыған  30  елдің  қатарына  жеткізетін  –  білім.  Ғылым  мен  техниканың  күн  санап  өсуіне 
байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда[1.4].  
Негізінен  жаңартылған  білім  жүйесі  құзыреттілікке  және  сапаға  бағытталған  бағдарлама.  Жаңартылған 
білім  берудің  маңыздылығы  –  оқушы  тұлғасының  үйлесімді  қолайлы  білім  беру  ортасын  құра  отырып  сын 
тұрғысынан  ойлау,  зерттеу  жұмыстарын  жүргізу,  тәжірибе  жасау,  АҚТ  –ны  қолдану,  коммуникативті  қарым-
қатынасқа  түсу,  жеке,  жұппен,  топта  жұмыс  жасай  білу,  функционалды  сауаттылықты,  шығармашылықты 
қолдана  білуді  және  оны  тиімді  жүзеге  асыру  үшін  қажетті  тиімді  оқыту  әдіс-тәсілдерді  (бірлескен  оқу, 
модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) курс барысында ұғындық.  
Жаңартылған  білім  беру  бағдарламасының  ерекшелігі  спиральді  қағидатпен  берілуі.  Оған  оқу 
мақсаттарын зерделей отырып тапсырмаларды, ықшамсабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік. Бағалау 
жүйесі  де  түбегейлі  өзгеріске  ұшырап,  критериялық  бағалау  жүйесіне  өтеді.  Критериалды  бағалау  кезінде 
оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді, яғни критерий– 
оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-
әрекеттер  тізбесі.  Ал  дескриптор  -  жетістік деңгейінің  сипаттамасы. Оқушылардың пән бойынша  үлгерімі екі 
тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, 
баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Кеңестік заманнан қалған бес 
балдық  бағалау  жүйесі  жойылады.  Қалыптастырушы  бағалау  күнделікті  оқыту  мен  оқу  үдерісінің  ажырамас 

161 
 
бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле 
отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу 
үдерісін  түзетіп  отыруға  мүмкіндік  береді.  Жиынтық  бағалау  оқу  бағдарламасынның  бөлімдерін  (ортақ 
тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі 
туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық 
бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады.[2.3] 
Кіріктірілген білім беру бағдарламасында қазақ тілі пәнінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының 
төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған.  
Сөйлеу әрекетінің 4 түрі: тыңдалым  - айтылған ойды түсіну, негізгі және  қосымша ақпаратты анықтау, 
ақпаратты  болжау,  тіл  нормасын  анықтау,  айтылым  -  сенімді  және  еркін  сөйлеу,  сұрақ  қоя  білу,  талқылау, 
пікірталас, көзқарасын білдіру, оқылым - оқу стратегиялары, түсіну, әдебиет, зерттеу (ақпарат табу), жазылым –
жоспарлау, шығарма жазу, өңдеу, түзету, грамматика, пунктуация. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық 
әдісімен»  орналастырылған  және  бір–бірімен  тығыз  байланысты.  Яғни,  жыл  бойына  бірнеше  рет  қайталанып 
отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі. 
Жаңартылған  білім  бағдарламасы  бойынша  оқу  жоспарымен  жұмыс  осылай  ұсынылған.  Ұзақ  мерзімді 
жоспар:  мемлекеттік  білім  стандартарымен  бекітілген  жалпыға  ортақ  тақырыптар  мен  сағаттар  саны,  ортақ 
тақырыптар,  тақырыпша  және  оқу  мақсаттарына  негізделген.  Орта  мерзімді  жоспар:  тізбектелген  сабақтар 
топтамасы,  оқу  кезеңінің  бірнеше  аптасын  қамтуы  мүмкін,  өзгеріс  енгізуге  болады.  Қысқа  мерзімді  жоспар: 
күнделікті  дайындайтын  сабақ  жоспары,  сабақта  мұғалімнің  не  істейтініне  емес,  оқушылардың  немен 
айналысатынына назар аударуға, сабақты бағалауды жеңілдетуге бағытталған. 
Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің 
бәсекеге  қабілеттілігі  оның  азаматтарының  парасаттылығымен  анықталады,  сондықтан  білім  беру  жүйесі 
болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс–тәсілдермен оқытып, ой–өрісі кең, саналы, 
еркін  азамат  етіп  тәрбиелеу  қажеттілігі  де  осы  себептен  туындап  отыр.  Оның  үстіне  білім  берудің  жүйесін 
қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады. 
Жаңартылған оқытудың маңыздылығы: мұғалім үшін – мұғалім жетекшілік роль атқаратын бағыттаушы, 
әр  дағдыны  дамытуға  ықпал  ететін  нақты  тапсырма  үлгілерінің  болуы,  оқу  мақсаттары  жүйелі  нақтыланып 
(кодтық  белгілер  арқылы)  берілген,  түрлі  оқыту  стратегияларының  жан-жақты  ұсынылуы.  Оқушы  үшін  –өз 
ойларын еркін айтуға, жеке шешім қабылдауға мүмкіндік береді, тапсырмаларды өмірлік шынайы жағдаяттармен 
байланыстыра отырып орындайды, өз білімін жетілдіріп, алған білімін өмірде қолдана алады, алдағы қадамдары 
жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкінлік береді.Ата-ана үшін - баласының білім 
сапасының дәлелдемелерімен танысуға, оның оқуындағы табыстылықты бақылауға, оқуына қолдау көрсету үшін 
бағыт алуына мүмкіндік туғызады. 
 
Біздің ендігі алға қойған мақсатымыз - бар күш-жігерімізді сала отырып, өзіміз басқарып отырған мектеп 
ұжымын бір кісідей жұмылдырып, заманға сай жаңа бағытқа өзгерту, жетілдіру. Әрине, бұл аз уақытта жүзеге 
асатын  іс  емес,  жылдар  бойы  қалыптасуы,  жүргізілуі  мүмкін.  Өйткені,  қалыптасып  қалған  сана-сезімді,  берік 
ұстанымды бір күнде жою мүмкін емес. Сондықтан өзімнің іс-тәжірибем барысында сөзіммен болсын, ісіммен 
болсын әрқашан оларға үлгі бола алуым керек деп ойлаймын.  
Қорыта  келгенде,  қазіргі  қарыштап  дамыған  әлемдік  деңгейдегі  өркениетті  елдермен  тереземізді 
теңестіретін күш-  білім екендігі баршаға мәлім. Сондықтан болашақтың тізгіні білімді ұрпақтың қолында. Әр 
баланың алдындағы жауапкершілікті терең сезінетін, кәсіби білігі мен теориялық білімі жетілген ұстаздардың 
үздіксіз білім алуына,үнемі ізденісте болуына жағдай туғызу мектеп басшысының алдындағы маңызды міндет 
деп білеміз. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астана, 2011. 
2.Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік 
орталығы, 2016. 
3. Қазақ тілі. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу 
бағдарламасы.- Астана, 2015. 
 
 
ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІ - БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ ФАКТОРЫ 
 
Конысова Е.П., 
Ақтөбе қаласының № 13 орта мектебі 
 
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Колледж – үйрететін орта, оның 
жүрегі - мұғалім. 
Қазіргі таңда мұғалімге казақстандық білім берудің мазмұны жаңартылған жағдайда – заман 
талабына  сай  келешек  ұрпақтың  сұранысын  қанағаттандыратын  тың  бағдарламасына  сүйіну  керек. 
Жаңа 
формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын 
талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы 
шеберлігі.  Осы  айтылғандарды  жинақтай  келіп,  нәтижеге  бағытталған  білім  моделі  мен  басқарудың  жаңа 

162 
 
парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру 
үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Сондықтан 
бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету 
міндеті тұр.  
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды 
дамыту. Өркениет біткеннің өзегі, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы  – 
мектеп, ал мектептің жаны  – мұғалімдердің басты міндеті  - өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей 
және  оны  жалпы  азаматтық  деңгейдегі  рухани  құндылықтарға  ұштастыра  білетін  тұлға  тәрбиелеу.  Француз 
қайраткері  «Адамға  оқып  –  үйрену  өмірде  болу,  өмір  сүру  үшін  қажет»  дегендей  оқыту  процесін 
технологияландыру,  осыған  сәйкес  оқу  бағдармаларын  жасау,  ғалымдар  мен  жаңашыл  педагогтардың 
еңбектерімен  танысу  жұмыстары  мұғалімдердің  үздіксіз  ізденісін  айқындайды.  Жаңа  педагогикалық 
технологиялардың оқыту түрінен активті оқытуға көшу, субьективтік позицияны қалыптастыру. Білім сапасын 
арттыру  және  нәтижеге  бағытталған  үлгіге  беталуы  барысында  мұғалімдер  мемлекеттік  стандартта  берілген 
нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың 
шешімін  таба  алатын,  ақпараттық  –  коммуникативті  мәдениеті  жоғары  тұлғалық  -  дамытушылық  функцияны 
атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін оңтайландыруды 
қамтамасыз  ету  ғана  емес,  іске  асырылу  мүмкіндігін  « үнемі  оқып  –  үйрену  және  өзін-өзі  жасау  талабын 
қалыптастыра алады.
 
Қазақстандағы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы 
жобасында  Қазақстанда  оқитындарды  сапалы  біліммен  қамтамасыз  етіп,  халықаралық  рейтингілердегі  білім 
көрсеткішінің  жақсаруы  мен  қазақстандық  білім  беру  жүйесінің  тартымдылығын  арттыру  үшін,  ең  алдымен, 
педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби 
біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды 
арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. [1]Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі 
реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен 
бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз 
болары  анық.  Олай  болса,  білімнің  сапалы  да  саналы  түрде  берілуі  білім  беру  жүйесіндегі  педагогтердің, 
зиялылар қауымының деңгейіне байланысты.  
Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты 
мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті 
тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін 
ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі.  
Педагог  іс-әрекеті  білім  саласында  кәсіби  міндеттерді  шешуге  бағдарланады.  Шешім  мақсатты 
айқындаудан, іс-әрекет мотивіне түрткі болудан басталады. Мақсаттылық – іс-әрекеттің алғашқы кезеңі, екінші 
кезең іс-әрекет бағдарламасын жоспарлау, жобалау. Іс-әрекет бағдарламасын құру үшін, қандай әрекеттер және 
қандай оқыту процесінің афференттік синтезінен өткізу қажет. Нәтижесінде әрекет бағдарламасы – педагог іс-
әрекетінің  моделі  пайда  болады.  Іс-әрекетін  бағдарлау  педагогтың  интеллектуалдық  қабілетіне  байланысты, 
қандай білім мен іскерліктерді игерген, педагогтың кәсіби міндеттерін эвристикалық жолмен шеше алуы, оқыту 
технологияларын  қаншалықты  меңгергендігіне  байланысты  айқындалады.  Іс-әрекеттің  бұл  кезеңі  педагог 
құзыреттілігінен шешіледі [2]. 
Құзырет  -  өкілетті  қызмет  адамы,  сол  салада  оның  сәйкес  білімі,  танымы  болуы  қажет  және  жауапты 
шешімдерді  қабылдауға  құқылы.  Құзыреттілік  –  жұмыскердің  өз  білімі,  біліктілігі  және  дағдылары  негізінде 
нақты  кәсіп  аясында  жоғары  сапалы  және  мөлшерлік  еңбек  нәтижелеріне  жету  үшін  нақты  жұмыс  түрлерін 
білікті атқара алу қабілеті.[3] 
ХІХ  ғасырдың  ұлы  неміс  ғалымы,  педагог  Адольф  Дистервег  (1790-  1866)  педагогтардың  білімі  мен 
тәрбиесіне үлкен мән берген. Оның осы мәселе бойынша жарық көрген еңбектері де бар. Ол: «педагог өз тәрбиесі 
мен  білімін  жетілдіру  бойынша  жұмыс  жасап  жүрген  кезде  ғана  басқаларды  шынайы  тәрбиелейді  және 
білімдендіреді» деп салмақты ой тастаған еді. Үйренбейтін, оқымайтын, ғылыми жетістіктерді күнделікті біліп 
отырмайтын педагог артта қалады деу аз болады: ол артқа тартып, оқу мекемесінің алдында тұрған міндеттерді 
шешуді қиындатады, педагогикалық ұжымның жалпы қозғалысына кедергі келтіреді. 
Мұғалімнің  қол  жеткізетін  жетістіктерінің  тізімі  пәнді  оқыту  сапасын  жетілдіруі(оқыту  санасы  мен 
тиімділігін анықтауға болатын көрсеткіштерді көрсету) шығарылған жинақтар, мақалалар оқытудың жаңа әдіс-
тәсілдерін,  формаларын  әзірлеу;  дидактикалық  материалдарды,  тестілерді,  көрнекіліктерді  жасау;  әдістемелік 
нұсқауларды жасау; тренингтерді, семинарларды,шеберлік сыныптарын өткізу; зерттеу тақырыбы бойынша іс-
тәжірибені  жинақтау  шеберлігін  жетілдіру  және  құзыреттілігін  дамытуда  педагогтың  алдында  көптеген 
тұлғалық, сол сияқты кәсіби даму міндеттері тұр. Педагогтың тұлғалық, моралдық және ақыл–ой даму деңгейлері 
кәсіби–педагогикалық әрекет жетістігін қамтамасыз етеді. Маңыздысы, педагог өз жұмысын, өзінің нәтижелерін 
талдай отырып, педагогикалық жетістіктерін жалпылай және жүйелей алуы қажет, өзінің мүмкіндіктерін дұрыс 
бағалап және қиыншылықтарды жеңу тәсілдерін көре білуі керек, сонымен қатар одан да жоғары нәтижелерге 
қол жеткізуге тырысқаны дұрыс. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
 
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жж дейінгі «Білім беруді дамыту бағдарламасы». 

163 
 
2.
 
Қ.М. Нағымжанова. Оқыту технологияларын таңдау және мұғалімнің кәсіби-педагогикалық мәдениеті. Ж.К. 
Аубакирова.  Педагогикалық  қарым-қатынастың  психологиялық-педагогикалық  негіздері.  //  «С.  Аманжолов 
оқулары - 2005» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Өскемен 2005. - 538 
б. 
3.
 
Жаратылыстану-математика бағытындағы кәсіби құзіреттілік. Қарағанды 2008 
 
 
ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
Койлыбаева Гүлбану Амангалиевна, 
М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған  
мамандандырылған мектеп-интернаттың тәрбиешісі 
 
Еліміздің  президенті  атап  өткендей,  білімділік  деңгейін  көтеру,  ұлттық  бәсекелестігін  көтеру  факторы 
болып табылады. Олай болса, заманауи талаптарға және әлемдік стандарттарға сай ұлттық білім жүйесін құру 
міндеті заңдылық.  
Оның  құрылымдық  құрамдастары  ретінде  тәуелсіздік,  ұлттық  тұтастық,  тұрақтылық,  толеранттылық, 
қоғамдық келісім, аумақтық тұтастық, егемендік, теңдік анықталды. 
Оқу-тәрбие  жұмысын  күнбе-күн  жедел  жүзеге  асыруға  қарым-қатынас  жасап  отыратын  екі  тұлға  бар. 
Олар: мұғалім және оқушы. Осы екі тұлғаның өзара қарым-қатынасы дұрыс жолға қойылған уақытта ғана оқу-
тәрбие жұмысы бойынша алға қойылған міндеттер дұрыс жүзеге асырылады. 
Мұғалім  өзі  оқытатын  пәні  бойынша  материалдарды  қаншама  жақсы  біліп,  оны  алуан-түрлі  әдіс-
тәсілдермен, құралдармен түрлендіріп өткізуге тырысқанымен оқушы мен мұғалім арасында өзара құрмет-сый, 
сыйласым болмаса, оқушы мұғалімді ынта-ықыласымен тындағысы келмесе, іс нәтиже бермейді. 
Оқушылармен мұғалім арасында мәдени қарым-қатынастың болуының аса қажеттілігі жөнінде советтік 
дәуірдегі көрнекті педагогтар А.С.Макаренко, Н.К.Крупская, С.Т.Шацкий, А.В.Луначарский, В.А.Сухомлинский 
т.б. өз еңбектерінде атап көрсетіп, іс-тәжірибелерінде дәлелдеген болатын. Мысалы, А.С.Макаренко оқушы мен 
мұғалім  арасындағы  қарым-қатынас  "Баладан  дұрыс  талап  ете  білу,  оның  жеке  басын  құрметтей  білу" 
принципінде  құрылу  керек  деген  болатын.  В.А.Сухомлинский  баламен  қарым-қатынас  жасай  білу  тіл  табыса 
білуде балалармен қалай сөйлеудің мәнін көрсетеді. "Мектеп қабырғасында айтылған әрбір сөз - ойластырылған, 
мақсатталған, ақылға-ойға қонымды үлгілі сөздер болуы керек, айқайлап сөйлеу мектеп ішінде оқушыға өте жат. 
Мұғалім балаға сеніммен қарау керек. Баланы мұғаліммен еркін сөйлесе білуге тарту керек" - дейді. 
Мектеп-интернаттың  алдында  тұрған  негізгі  мәселе  –  оқушыларды  тұлғалық  дамыту,  түрлі  шара  яғни 
оқушыны  оқу  әрекетіне  қалыптастыру,  олардың  оқуға  ынтасын  ояту,  қызығушылығын  арттыру.  Оқыту 
барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың 
білім сапасын жақсартады, ой-өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. «Мәңгілік ел» идеясы – елімізді 
өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Бүгінгі таңда дүниежүзін шарпып келе 
жатқан жаһандану деген дәуірінде қазақ халқы қалыптасу, кемелдену үстінде.  
Сондықтан  да
  бүгінгі  күннің  өзекті  мәселесі  адам  ресурстарын  арттырудың  ұстанымдарын, 
шығармашылық  ойлауды  қалыптастырудың  теориясын  басшылыққа  ала  отырып,  әлемдік  бәсекелестікке 
лайықты жаңа тұлғаны субъект ретінде тәрбиелеу болып отыр. Егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғы 
шарты - білім беру жүйесінің білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындауды басты басымдық ретінде 
қарастырады. Білім беру сатыларының сабақтастығын камтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі, оқу 
мен  тәрбиенің  бірлігі,  білім  беруді  басқарудың  демократиялық  сипаты,  білімнің,  ғылымның  және  өндірістің 
интеграциялануы, ақпараттануы, білім беруді саралау білім беру саласынының негізгі міндеттері.  
Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты– оқу орындарындағы білім беру 
процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. 
Инновациялық  үрдістің  негізі-жаңалықтарды  қалыптастырып  жүзеге  асырудың  тұтастық  қызметі. 
Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.  
Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала 
бастады. Әдетте  инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен  жерінде пайда  болады  да,  берік  түрде жаңа 
мақсатты  шешуге  бағытталады,  педагогикалық  құбылысты  үздіксіз  жаңғыртуға  жетелейді.  ”  Масырова 
Р.Линчевская Т – “Жаңару” дегенімізді былай деп түсіндіреді: “Жаңару – белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа 
ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған  уақытымен анықталатын жаңа 
идея. 
Мұғалім мен оқушылар арасындағы  педагогикалық  қатынас  оқу  процесіндегі  төмендегідей міндеттерді 
атқаруға ықпалын тигізеді: 
- оқушыларды мотивациялау және оқу іс-әрекетін шығармашылық сипатын дамытуға; 
- оқушы тұлғасын дұрыс қалыптастыруға ең жақсы жағдайлар жасайды; 
-оқудың  оңтайлы  эмоционалдық  климатын,  балалар  ұжымында  әлеуметтік–  психологиялық  процестерді 
басқаруды қамтамасыз етеді;  
-оқу үрдісінде оқушының тұлғалық ерекшеліктерін мүмкіндігінше пайдалануды қамтамасыз етеді. 

164 
 
Елбасымыз  айтқандай  мәңгілік  елді  қалыптастыратын  шығармашыл  тұлға  ол  біздің  балаларымыз.Сол 
балалардың тәрбиелі, білімді, саналы болып өсуіне тікелей ат салысып, демеу болатын, қолдау көрсететін сіздер 
ата-аналар. Сол себепті, жаһандану жағдайында «Мәңгілік ел» идеясын ұлықтау мақсатында жаңа педагогикалық 
инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, оқу-тәрбие үрдісінде нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың 
негізгі міндеті болып табылады.  
 
Әдебиеттер тізімі: 
1.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан 
дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2012.  
2. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері.  – А.: Білім, 
2008.  
3.«Қорқыт ата» энциклопедиялық жинақ: / Бас редактор Ә.Нысанбаев – Алматы: «Қазақ энциклопедяисы» бас 
редакциясы, 1999ж.  
4.Қашқари М. Түбі бір түркі тілі («Диуани лұғат ат-түрк»).– Алматы: «Ана тілі», 1993. – 192 б.  
5.Балсағұн Ж. Құтадғу білік. Алматы, 1993.  
6.Ахметбек А. Қожа Ахмет Йассауи: Көмекші оқу құралы.-Алматы: «Санат», 1998.  
 
 
ФОРМИРОВАНИЕ УНИВЕРСАЛЬНЫХ УЧЕБНЫХ ДЕЙСТВИЙ В УСЛОВИЯХ ОБНОВЛЕНИЯ 
СОДЕРЖАНИЯ МАТЕМАТИЧЕСКОГО ОБРАЗОВАНИЯ 
 
Карпенко Г.А., 
Школа-гимназия №17 г.Актобе 
 
Школа  сегодня  стремительно  меняется,  пытаясь  попасть  в  ногу  со  временем.  Главное  изменение  в 
обществе – это ускорение темпов развития.  
Современному обществу нужны образованные, нравственные, предприимчивые люди, которые могут:  

 
анализировать свои действия;  

 
самостоятельно принимать решения, прогнозируя их возможные последствия;  

 
отличаться мобильностью;  

 
быть способными к сотрудничеству;  

 
обладать чувством ответственности за судьбу страны, ее социально-экономическое процветание.  
Неслучайно на  смену лозунгу прошлых лет  «Образование  для жизни» пришел лозунг  «Образование  на 
протяжении всей жизни». Сегодня важно не столько дать ребенку большой багаж знаний, сколько вооружить 
таким важным умением, как умение учиться.  
В настоящее время в образовании происходит смещение акцента с усвоения фактов (Результат – Знания) 
на овладение способами взаимодействия с миром (Результат – Умения).  
Принципиальное отличие новых стандартов от прежних заключается в том, что основной целью является 
не предметный, а личностный результат. Во главу ставится личность ребенка, а не просто набор информации, 
обязательной для изучения. 
На  современном  этапе  развития  системы  казахстанского  образования  школьное  математическое 
образование  призвано  внести  свой  вклад  в  решение  педагогических  задач,  поставленных  стандартами  нового 
поколения.  Математика  является  предметом,  обязательным  для  всех  общеобразовательных  учреждений 
Казахстан,  осуществляющих  основное  и  среднее  общее  образование.  Это  обусловлено  ролью  предмета  в 
интеллектуальном и общекультурном развитии человека. 
Примерная учебная программа по математике определяет инвариантную (обязательную) часть учебного 
курса и наряду с требованиями стандарта, относящимися к результатам образования, является ориентиром для 
составления  рабочих  программ  для  всех  общеобразовательных  учреждений,  обеспечивающих  получение 
основного  общего  образования.  Примерная  программа  не  задает  последовательности  изучения  материала  и 
распределения его по классам. Авторы рабочих программ и учебников могут предложить собственный подход к 
структурированию учебного материала и определению последовательности его изучения. 
Содержание  математического  образования  применительно  к  основной  школе  представлено  в  виде 
следующих содержательных разделов. Это арифметика; алгебра; функции; вероятность и статистика; геометрия. 
В содержание основного общего образования включены два дополнительных методологических раздела: логика 
и множества; математика в историческом развитии, что связано с реализацией целей общеинтеллектуального и 
общекультурного развития учащихся. Содержание каждого из этих разделов разворачивается в содержательно-
методическую  линию,  пронизывающую  все  основные  разделы  содержания  математического  образования  на 
данной ступени обучения.  
В рамках деятельностного подхода ученик овладевает универсальными действиями, чтобы уметь решать 
любые задачи и отвечать за свои результаты.  
Каждый  учебный  предмет  в  зависимости  от  его  содержания  и  способов  организации  образовательной 
деятельности  учащихся  раскрывает  определенные  возможности  для  формирования  универсальных  учебных 
действий (УУД). Предмет математика по своему содержанию и организации способов учебной деятельности даёт 

165 
 
огромные  возможности  для  формирования  у  учащихся  личностных,  регулятивных,  познавательных, 
коммуникативных УУД.  
Работу  по  формированию  универсальных  учебных  умений  можно  проводить  на  каждом  этапе  урока. 
Разрабатывая конспект урока, учитель намечает, для формирования каких УУД будут созданы условия в ходе 
того, или иного вида деятельности.  
В преподавания математики при формировании регулятивных УУД возможно использование следующих 
приемов.  
При объявлении новой темы на доске записаны слова: О чём? Зачем? Как? Почему? Каким? и др. Ученикам 
предлагается ответить на вопросы к теме, начинающиеся с этих слов.  
С  целью  формирования  регулятивного  универсального  учебного  действия  -  действия  контроля, 
проводятся  самопроверки  и  взаимопроверки  решения  учебных  задач.  Хорошим  упражнением  для  развития 
способности  обнаруживать  ошибки  является  парная  взаимопроверка  самостоятельной  работы.  Покажу 
организацию работы на примере проведения математического диктанта.  
На  доске  заранее  написаны  ответы.  После  написания  диктанта  ответы  открываются,  и  каждый  ученик 
самостоятельно проверяет свою работу и оценивает ее, согласно критериям, предложенным учителем.  
Данный вид проверки, прежде всего, направлен на развитие внимания и умения честно оценивать себя 
самого. Каждый ребенок пытается самостоятельно оценить свою работу, еще не зная ответов, то есть, опираясь 
на интуицию или реально представляя свои знания. Происходит формирование самооценки.  
Ученики  меняются  тетрадями  и  осуществляют  взаимопроверку,  с  последующим  обсуждением  в  паре 
допущенных ошибок.  
Появляется  элемент  ответственности  за  партнера,  развивается  внимание,  появляется  необходимость 
начать обсуждение ошибок, а значит вступить в диалог, возрастает ответственность за оценку, выставленную 
товарищу.  
Но  более  эффективным  средством  можно  считать  самопроверку  работы  учеником  после  проверки, 
выполненной  учителем  без  исправления  и  подчеркивания  ошибок.  При  этом  указывается  задание,  в  котором 
сделана ошибка. Эту работу, в зависимости от уровня внимательности учащегося, можно разбить на этапы: на 
первом  указывается  строка,  в  которой  сделана  ошибка,  на  втором  –  блок  строк  записи,  на  третьем  –  только 
задание.  
Следует отметить, что большая роль при формировании регулятивных и познавательных универсальных 
учебных  действий  отводится  именно  математике.  Поскольку,  в  первую  очередь,  при  обучении  математике,  у 
учащихся развиваются такие свойства интеллекта, как математическая интуиция (на методы решения задач, на 
образы,  свойства,  способы  доказательства,  построения);  логическое  мышление  (понятия  и  общепонятийные 
связи,  владение  правилами  логического  вывода,  понимание  и  сохранение  в  памяти  важных  доказательств); 
пространственное  мышление  (пространственные  абстракции,  анализ  и  синтез  геометрических  образов, 
пространственное  воображение);  способность  к  конструктивно-математической  деятельности  (умение 
определять,  измерять  и  вычислять  длины,  площади,  объемы  геометрических  фигур,  умение  изображать 
геометрические  фигуры  и  выполнять  геометрические  построения,  моделировать  и  конструировать 
геометрические  объекты);  алгоритмическое  мышления,  необходимое  для  профессиональной  деятельности  в 
современном обществе. 
В  процессе  вычислений,  измерений,  поиска  решения  задач  у  учеников  формируются  основные 
мыслительные  операции  (анализа,  синтеза,  классификации,  сравнения,  аналогии  и  т.д.),  умения  различать 
обоснованные и необоснованные суждения, обосновывать этапы решения учебной задачи, производить анализ и 
преобразование  информации  (используя  при  решении  самых  разных  математических  задач,  простейшие 
предметные, знаковые, графические модели, таблицы, диаграммы, строя и преобразовывая их в соответствии с 
содержанием задания).  
В сфере познавательных универсальных учебных действий учащиеся должны приобрести опыт работы с 
информацией, а именно:  

 
решать задачи с избытком информации (требуется отделить значимую информацию от «шума»);  

 
решать  задачи  с  недостатком  информации  (требуется  определить,  каких  именно  данных  недостает  и 
откуда их можно получить).  
Зачастую такие задачи не подлежат алгоритмизации и решаются с помощью специальных приемов. Задачи 
этого типа требуют от ученика мобилизации практически всего набора знаний, умения анализировать условие, 
строить математическую модель решения, находить данные к задаче "между строк" условия. Практически, одной 
специально подобранной задачей этого типа можно проверить знания ученика по целой теме.  
В  процессе  изучения  математики  осуществляется  знакомство  с  математическим  языком,  формируются 
речевые  умения:  дети  учатся  высказывать  суждения  с  использованием  математических  терминов  и  понятий, 
формулировать  вопросы  и  ответы  в  ходе  выполнения  задания,  доказательства  верности  или  неверности 
выполненного действия, обосновывают этапы решения учебной задачи. Работая в соответствии с инструкциями 
к заданиям учебника, дети учатся работать в парах, выполняя заданные в учебнике проекты в малых группах.  
В курсе математики можно выделить два тесно взаимосвязанных направления развития коммуникативных 
умений:  развитие  устной  научной  речи  и  развитие  комплекса  умений,  на  которых  базируется  грамотное 
эффективное взаимодействие.  

166 
 
К  первому  направлению  можно  отнести  все  задания,  сопровождающиеся  инструкциями  «Расскажи», 
«Объясни», «Обоснуй свой ответ», и все задания, обозначенные вопросительным знаком.  
Ко второму направлению формирования коммуникативных универсальных учебных действий относится 
система заданий, нацеленных на организацию общения учеников в паре или группе (все задания, относящиеся к 
этапу  первичного  применения  знаний;  к  работе  над  текстовой  задачей,  осуществляемой  методом  мозгового 
штурма и т.д.)  
Основой развития коммуникативных умений может служить систематическое  использование  на  уроках 
трёх видов диалога:  
а) диалог в большой группе (учитель – ученики);  
б) диалог в небольшой группе (ученик – ученики);  
в) диалог в паре (ученик – ученик).  
Предмет «Математика» имеет возможности в формировании и личностных УУД. 
Организация работы на уроках математики, в основу которой положено межличностное взаимодействие, 
диалог  предполагает  формирование  важнейших  этических  норм.  Эти  нормы  общения  выстраиваются  в 
соответствии с правилами и позволяют научить учащихся грамотно и корректно взаимодействовать с другими. 
Такая работа развивает у детей представление о толерантности, учит терпению во взаимоотношениях и в то же 
время  умению  не  терять  при  общении  свою  индивидуальность,  т.е.  также  способствует  формированию 
представлений о ценности человеческой личности.  
Задача  использования  уроков  математики  для  воспитания  и  укрепления  у  учащихся  прочного  чувства 
гордости за свою Родину и  любви к ней имеет в себе специфическую трудность, очевидная причина  которой 
заложена в абстрактном характере математической науки. Однако использование приема, состоящего в придании 
патриотической  направленности  ряду  исторических  сведений,  помогает  разрешить  и  эту  проблему.  История 
русской  и  советской  математики  богата  фактами,  знакомство  с  которыми  способно  пробудить  у  учащихся 
гордость за свою страну.  
Для  некоторых  учащихся  цели  изучения  предмета  математики  ориентированы  на  усвоение  знаний  и 
умений, имеющих опорное значение для будущей профессиональной деятельности. Поэтому целесообразно на 
вводных  уроках  или  на  уроках  повторения  организовывать  занятия,  на  которых  знакомить  учащихся  с 
профессиями, в основе которых положены математические дисциплины  
Из  всего  вышесказанного  следует,  что  организация  учебного  процесса  должна  быть  ориентирована  на 
самостоятельную  деятельность  каждого  учащегося  на  уроке. Но не  стоит  большую часть  учебного материала 
перекладывать  на  самостоятельное  изучение.  Во-первых,  потому,  что  нет  класса,  в  котором  100%  учащихся 
справятся с работой, а это значит, что учителю вновь придется возвращаться к данным вопросам. Во-вторых, для 
части учеников такая работа может оказаться непосильной. 
Что касается связи между процессом и результатом обучения, то очевидным является утверждение, что 
для достижения необходимого результата процесс обучения доложен вестись на более высоком уровне, чем тот, 
который  мы  хотим  видеть  в  итоге,  хотя,  конечно,  мы  не  должны  его  завышать  и  создавать  разрыв  между 
стандартами  для  процесса  и  для  результата.  Кроме  того,  качество  процесса  обучения  зависит  от  качества 
учебников.  
Таким образом, важнейшая задача современной системы образования - формирование совокупности УУД, 
обеспечивающих  умение  учиться,  способность  личности  к  саморазвитию  и  самосовершенствованию  путем 
сознательного и активного присвоения нового социального опыта, а не только освоение учащимися конкретных 
предметных знаний и навыков реализуется и в процессе обучения математике. При этом знания, умения и навыки 
рассматриваются  как  производные  от  соответствующих  видов  целенаправленных  действий,  так  как  они 
порождаются, применяются и сохраняются в тесной связи с активными действиями самих учащихся.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет