М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет24/31
Дата12.03.2017
өлшемі1,82 Mb.
#8949
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
сақау бар және Торайғырдың атшысы Ыстықмұрт: 
Ерсары  бар-Қаракесекке  бітімге  бара  жатып, 
Қаракесектің бір аулына жақындап қалғанда, бір 
кісінің  басындай  доп-домалақ  ақ  тасты  көріп, 
айнала тұра қалып, тамаша қылып, көреді де, кете 
барады. Ауылға барып қоныпты. Байдың екі ала 
бас ботасын, екі аққара бас марқасын көріп, тамаша 
қылып, таңданыпты. Бұлар аттанғанша, екі бота 
да, екі марқа да пышаққа ілініпті. Сонан соң бұлар 
әңгіме қылыпты: 
 -Мына екі бота мен екі марқаға біздің көзіміз 
тиді. Кешегі біз таңданған тас қайтті екен?-десіп, 
әлгі ауылдан аттанып, әдейі барып, тасты көрсе, 
ортасынан қақ жарылып жатыр екен дейді. 
Сарман (Шорман шын аты, Едігенің ұлы, 
Шоңның інісі) мен Шоң
 Шоң би бір шаруа жөнінен ақылы алты тарап 
болып отырғанда, бір-екі даугерді Сарманға айдап 
жіберген екен. Сонда Сарман екеуінің сөзін сұрап 
естіп алып: 
 -Сен де жана бер, сен де жана бер!-депті.
Екеуі қайта Шоңға келіпті. 
-Қайттіңдер, біттіңдер ме?-депті.
-Екеуімізге де жанға салды,-депті.
Сарманды шақырып алып:
-Мұның рас па?-деген екен.
-Маған  салсаң,  осы  сөзден  басқа  айтарым 
жоқ!-депті.
Шоң бидің бір әйелден жеңілуі 
Кіші  жүз  Атантай  хан  60  жасқа  келгенше 
баласы болмай, бала үшін елден қаңғып, бір сұлу 
қыз  алыпты.  Атантай  5  жыл  тұрғаннан  кейін, 
Атантай  қаза  болып,  алған  әйелі  25  жасында 
ерге тимей отырып қалғанын Орта жүздегі Шоң, 
Шорман билер естіп, Шоң бидің әйелді алуға көңілі 
кетіп, Шорманға:
-Сол  әйелді  маған  алып  беруге  жәрдем 
көрсететін болсаң, сенің қалауыңды беремін!-деп, 
Шорманды ертіп, Атантайдың үйіне барады. Барып 
отырса, Атантайдың өлгеніне 2-3 жыл болса да, үй 
айналасы тозбаған. Ері жолаушы кеткен әйелше 
ұстап отырғанын ұнатып, Шоң би жақсы кеңестер 
айтып отырады. Кезек Шорман сөйлеуіне келгенде, 
Шорман: ері өлген әйелдердің ұяты шығып, буаз 
болып, болмаса, өсегі білініп, қалғандарды ерсіз 
отырмақ жағына бейім сөздер сөйлейді. 
Сонда әйел айтады: 
-Ұлы өзеннің бойынша
Үлгілі билер қонады.
Үлгілі билердің кеңесі
Рулы елге болады.
Шөкет қара суларға
Шөңкиген билер қонады.
Шөңкиген билердің кеңесі,
Шөметейінде болады.
Шоң, Шорман ұялып аттанып кетіпті. 
Шоң мен Тіленші
Екі елдің дау-жанжалды, «Ердің құны-нардың 
пұлы»-сияқтыларды  Қаракесек,  Төртуылдың 
билері бас қосып, бітім, тыным қылып, ел арасын 
тыйыштандырып,  жайландырады  екен.  Сонда 
Қаракесектің биі-Тіленші, Төртуыл биі-Шоң би-
екеуі бас қоспақшы болып, Шоң би Қаракесекке 
бет алып жүрмекші болып: «Айдабол Тайкелтір 
бидің Өрік деген тоқалынан туған Өтеп сақауды 
ала  жүрейік!»-деп,  барса,  Өтеп  кедейлікте  қара 
қасқаның өзі екен. 
-Атым, тоным жоқ-деген соң, Тайкелтірдегі 
Манкен байдың торы жорғасын алдырып, мінгізіп, 
шұға  шекпенін  алғызып  кигізіп,  алып  жөнелді. 
Сонда Өтеп сақау айтыпты:
-Адынан  буа  сөйлейін  бе,  артынан  қуа 
сөйлейін бе?-дегенде, Құдай рахмат қылсын, Шоң 
би айтқан екен:
-Артынан  қуамын  деп  жүргенде,  жеткізсе 
жақсы,  шалдырмай,  шығып  кетсе,  қапы  соғып 
қаларсың. Не болса да, алдынан буа сөйле!-депті.
Билер бас қосып, сөзді бастағаннан-ақ Өтеп 
сақау  ешкімге  сөз  бермеді,  Тіленшінің  аузын 
аштырмады. Сонда Тіленші не дерін білмей: 
- Мынау өзі жағасы кір-кір немең кім өзі?-депті:
Сонда Өтеп сақау айтқан екен:
- Көйлек кірі жуса кетер, көңіл кірі айтса кетер, 
сүйек кірі қайтсе кетер?-дегенде, Тіленші:
- Менің сүйегімде не кір бар? Әкем-Бекболат, 
бабам-Қазыбек,-Бошанға,  Болатқожаға  шейін 
шұбыртып, сөйлегенде, сонда Өтеп сақау айтқан 
екен: 
- Әкең айсыз қараңғы түн еді, жерошақтың 
басында,  көгеннің  қасында  жататын  шеше-сол 
Мықыра күң еді,-дегенде, Тіленші сөз таба алмай, 
Шоңға айтқан екен:
-  Ай.  Шоң-ай,  мына  сөзді  биті  быжынаған, 
құрты құжынаған жаманыңнан есіттірмей, өзің-ақ 

ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
136
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
айтып тынсаң не етті?!-дегеннен басқа дәнеме айта 
алмапты. 
Сол  Қазыбектің  ұрпағынан:  «Кімсің?»-
дегенге «Кішікпіз!»-дейтіндері бар. Онысы: «Біз 
Сұлымқарадан емеспіз»-дегені. Кішік-қатынның аты 
болса керек. Сұлымқарадан жирендіріп қойған Өтеп 
сақаудың сөзі болмаса, кімнен туғанын кім біледі? 
Шоң мен Тоқсан би
Сүйіндік  еліндегі  Шоң  бидің  қадірлі  бір 
баласы  өліп,  қайғылы  болып,  жатқанны  естпі, 
Керей ішіндегі Алтай деген атадан Тоқсан шешен 
көңіл айтуға әдейі іздеп барады. Амандасқна соң 
Шоңға былай депті:
-Ей Шоң, не ғып жатырсың?
Досың келді қиядан,
Сұңқарың ұшты ұядан.
Ақ сұңқар көлден қу ілер,
Қанатын қанға тигізбес.
Қас жақсының белгісі-
Қайғысын жатқа білгізбес.
Көтер басыңды, мін атқа!
Содан Шоң би басын көтеріп, атқа мініп, Тоқсан 
би ел аралатып, қайғысын бөлдіргне екен дейді. 
Торайғырды тоқтату
Шоң мен Торайғыр екеуі араздасып, Торайғыр 
Жиделібайсынға көшіп бара жатқан жерінен оны 
Қобының құмында Қарауыл: Мүсет би қуып жетіп, 
мынадай тоқтау айтып, елге алып қайтқан екен: 
Шоң, Торайғыр, сенбісің мақтап жүрген,
Бар өнерің осы ма сақтап жүрген?!
Елден кетіп барасың
Мамыр менен Сабырға.
Барғаннан соң сен жерсің
Жал-жая жоқ, қабырға.
Жүйірік атың бар болса,
Барымтаға шабарсың.
Сұлу қызың бар болса,
Бозбалаға жағарсың.
«Ауыл қашан көшед?»-деп,
Түндігіне қарасаң,
Төрешіге барғанда,
Төмен қарап, жарарсың
Асыл туған затыңды!
Шоң, Торайғыр атанған
Егіз шыққан атыңды,
Қайдан іздеп табарсың?!
Ұқсаң, айтқаным-осы,
Ұқпасаң, қайтқаным-осы!
Босат атымның басын!-депті.
Сонда Торайғыр түсініп, елге қайтқан екен. 
Шоң би әңгімесі
Қойдың  жүнінен  шыққан  кигіздің  қасиетін 
сөйлейік. Қазақ жұртында Едіге баласы Шоң би 
жаз күнінде қанша игі жақсы бас қосып, бір кигіз 
үйде отырғанда, жарқ-жұрқ етіп нажағай ойнап, 
жаңбар жауды дейді. Сонда Шоң би отырған үйінің 
төбе кигізіне қараса, бір тесік жоқ екен. Қасында 
отырған әлеуметтен сұрады: 
-Осы үйдің екі үзігін ұрлағанға қандай айып 
саларға керек?-деп. 
Жұрт дәнеме дей алмады. Сонда Шоң би өзі 
айтты дейді. 
-Дәл осы үйдің екі үзігін ұрлағанға үй іші тола 
жанның құнын төле деп бұйырар едім,-дейді. 
Отырған жұрт бидің бұл сөзіне көнбей:
-Бұл екі үзік сатса, пәлен теңге, мұнша құнды-
пұлды болатұғын мұның не артықтығы бар?-дейді. 
Сонда Шоң би отырып айтты:
-Сендер  Құдайдың  қай  бергенін,  қасиетін 
білесіңдер?  Күн  күркіреп  жауып  тұр,  нажағай 
ойнап, жарық-жұрқ етіп тұр. Естіген жанда зәре 
қалды ма? Аспаннан түсетұғын жайдың оғы тесігі 
жоқ, бүтін кигізден тіпті өтпейді. Дәл осы күнде 
жайдың оғы кез келсе, өтетұғын жері жоқ. Кигіздің 
жүнінің арасына бытырап-бытырап сіңіп кетеді. 
Осынща жанды сақтауға себеп болған соң, бұл екі 
үзіктің құны үй тола жанның құны болуға қалай 
жаралмайды?!-дейді. 
Отырған  жұрт  жағасын  ұстап,  таң-тамаша 
қалды дейді. Сол Шоң би айтқан екен:
-Бозбалалар, тоқымыңды ақ кигізден қылып, 
екі қабат қылыңдар. Далада келе жатып, жаңбыр 
жауса,  жамылып  отыра  қалса  жетерлік  болсын, 
тесігі  болмасын.  Егер  де  жайдың  оғы  төбеңнен 
түссе, қатты бір қойып қалғандай дүмпуі болмаса 
керек.  Кигізден  өтіп,  зарар  қылмайтынына  мен 
кепіл!-деген екен. 
...Бөгенбай батырдың қалмақ қызы Қамарқан 
деген  қатынынан  Жылқыбай,  мұнан-Төлеген. 
Тағы бір қалмақ қызы Лаба деген қатынынан кісі 
білмейтін уақ-түйек толып жатыр. 
Төлеген бай жиексіз мырза болған. Ас сайын 
алты  атанға  қымыз  артып  барады  екен.  Таудан 
көшерінде  қыстауына  қырық  сан  тастап  кетеді 
екен: «Әркім тауып алып, олжалансын»-деп. Өзі 

137
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
жасынан көксау, түні бойы ұйқы көрмей жөтеліп 
шығады екен. Жөтеле-жөтеле жалығып, тірліктен 
безер болып:
-А, Құдай, иман бер,-дейді екен.
Онда  қой  күзетіп  жүрген  Бестемше  деген 
жалшысы:
-Бердім, бердім,*дейді екен. 
-Құлдық, Құдай, құлдық!-деп сүйсінеді екен.
Ертең таң атқан соң, ауыл-аймағы, балалары:
-Ол Бестемше ғой,-дегенде,
-Кім болса, ол болсын. Беруші берді де, мен 
алдым,-дейді екен. Иман алғанына айылы берік, 
әбден сенімді екен. Өмір бойы қатынға жатқанда, 
суға түсуді білмейді екен. Оны ұнатпағанға беретін 
жауабы: 
-Бұқа бұтын жуа ма?! Айғыр бұтын жуа ма?! 
Қошқар бұтын жуа ма?! Құтын жуған оңа ма?!-
дейді екен. Өзіміз: «Әулие ғой»-дейміз. Ақжүрек, 
нанғыш, арман ой жоқ.
Шоң  би,  Құдай  рахмет  қылсын,  қатынға 
жатқанда, қыстай ағаш кертеді екен. Жаз шыққанда, 
көлге түсіп, ағаштың кертігін санап отырып қана 
суға басын сүңгітіп тазаланып, арылады екен. 
Құдай  рахмет  қылсын,  Үкібай  би  де  суға 
шомылумен  жұмысы  болмайды  екен.  Құрбы-
құрдасы  көп  алдында  ұялтамын  дегендей  сол 
жұмысын айта қалса:
-Күнәлы болған к...ді жудым, с...ге баратұғын 
бетімді жудым. Осы, шіркін, маған мұнан артық не 
қыл дейді?-деп, қайырып тастайды екен-деп жазып 
алған екен Мәшһүр-Жүсіп.
Торайғырдың ағасы Шоңмен 
араздасып табысуы
Шоңның малжанды, парақорлығына өкпелеп 
Торайғыр үйіне бармай қойыпты және Шоңның 
жұмсауымен Боздақ бидің ұрылары алып кеткен 
бір айғыр үйір қысырақты қуа барып, жартылай 
өндіріп  қайтса,  оған  ағасы  Шоң  қанағаттанбай, 
інісін биге қайта жіберген:
-Басқа  жақсылардың  аттары  жетпегендей 
сенің  атыңды  Торайғыр  қойған  екен.  Айғыр 
болмасаң, қайта айналып екінші келер ме едің?!-
депті Боздақ би.
Торайғыр  сөзден  тосылып,  аулына  қайтып 
келіп  Шоң  биге:  «Сен  малжандысың.  Сол  үшін 
Боздақтан  сөз  естідім»,-деп  тіпті  ағасымен 
қатыспай қойыпты. Оның үстіне елден пара аласың 
пара алу дұрыс емес,-деп ағасына тақуалық айтқан.
Шоңның  елден  пара  алатындығын  бетіне 
басып, інісі Торайғыр ұялта береді. Содан Шоң 
басқа  елге  көшіп  ауатын  болады.  Мұны  естіп 
Шорманның немере ағасы Бәйкісі шешен және бір 
би (Бүкіл Сәти айналасын Шорман ержеткенше 
басқарып келген кісі екен) келсе, нелер инабатты 
адамдардың-«туысқандар,  бет  ашқандарың  ұят 
болады, келісіңдер»-деген сөздеріне бет бақтырмай 
отыр екен Шоң. Бәйкісі сәлемдескеннен кейін:
-Сенбісің, Шоң, Торайғыр мақтап жүрген,
Осы ма бар өнерің сақтап жүрген?
Екеуің алыстамай табысып қал,
Көп дұшпан жан-жағыңда қаптап жүрген.
Ғаділдік шариғатпен сөз айтасыз,
Жақсы бол, жаман болма деп айтасыз.
Өзіңіздің тұла бойың толған ауру.
Біреудің шоқанына ем айтасың, 
-депті. Сонда Торайғыр:
-Қанды қалпақ кисе де
Қиыспайды туысқан
Оңғандықтың белгісі-
Өзі ұрсысып табысқан.
Оңбағанның белгісі-
Өткен істі қуысқан, 
-деп түрегеліп келіп ағасы Шоңның қолын ұстап 
табысыпты. 
Шоң бидің Тіленшінің балаларын сынауы
Шоң би Тіленші өлгеннен кейін орнына дұға 
оқып қайтайын деп жанына ел жақсыларын ертіп 
барыпты. Тіленшінікі бірнеше күн Шоңды сыйлап, 
құрметтеп,  күтіп,  сонша  жақсы  ниет  көрсеткен. 
Шоң жүретін күні қоштасуға Тіленшінің балалары 
Тоқсанбайды,  Бірдібайды,  Қойшыбайды  және 
Бұзаубайды шақыртады. Барлығын көріп сынап, 
ішінен  Тіліншінің  орынын  бассам-ау!-дегені 
болмаған  соң,  «бұлардан  басқа  мен  көрмеген 
баласы бар ма?»-деп сұрайды. Үй іші Алшынбай 
деген бір таз баласы бар, жылқы бағып жүр дейді. 
-Ендеше, соны шақырыңдар?-дейді Шоң.
Жылқы  аулылға  таңертең  келе  жатқанда, 
алдынан  кісі  барып  Алшынбайдың  алқа-салқа, 
күпісінің жеңін беліне ораған күйінше Шоңға алып 
келеді. Үйге кірген соң, Алшынбай түрегеп тұрып 
Шоңға сәлем береді. Сонда Шоң:
-Бәсе, ағамның орнын ұстайын баласы жаңа 
келді ғой, - деп қуанып, оң тізесінен орын береді. 
Өзі қайтқанша қасынан жібермей көп әңгіме, ақыл 
айтып: 

ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
138
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
-Бұдан былай ағамның орнына сен би болып, 
ел басқар!-деп тілек білдіреді. 
Шоң  аулына  қайтарда  Алшынбай  бір 
қаранармен, бір үлкен қара кілем сыйға тартып 
ұсынғанда, Шоң:
-«Мен ағамның баласынан сый алайын» деп 
келгенім  жоқ,  -деп  сыйын  алмай,  атына  мініп, 
ауыл-үй адамдарымен Айыркезеңде қоштасыпты. 
Алшынбай Айыркезеңге дейін шығарып салыпты. 
Дәл кезең үстінде тұрып: 
-Ау қарағым, Алшынбай! Тіленші ағамның 
жолын  ұста,  бақытың  зорая  берсін,  жасың  ұсақ 
болсын.  Ал  менің  алған  сыйлығым  сол:  осы 
айыркезең әр уақытта есіңде болсын!-депті. 
А. Янушкевичтің мына жазғанында: «Дәулетті 
қазақтар Әзіреті зиратына өздерінің сүйектерін, 
кейде  жақындарының  денесінің  бөлшектерін 
жібереді.  Баянауыл  округіндегі  әйгілі  Шоңның 
балалары оның аяғының біраз жерін кесіп алып, 
қымбат  кездемемен  орап,  қасиетті  адамдардың 
сүйегімен қатар қою үшін Әзірет сұлтан зиратына 
жіберген.  Қасиетті  жерлердің  күзетшілеріне 
берілетін  ағыл-тегіл  садақа  өз  алдына»-дейді. 
Мәшһүр-Жүсіпте: «Осы жаздың келешек қысына 
Шоң  би  дүниеден  қайтып,  денесін  былғарыға 
тігіп, қыс ішінде жүз жылқымен Хазірет (Әзірет) 
Сұлтанға  апарыпты»-деп  жазып  алған.  Әзіреті 
–  Қожа  Ахмет  Яссауи-А.Қ.  Текті,  асыл,  атақты 
адамдарды Қожа Ахмет Яссауи мовзалейіне апарып 
жерлеу дәстүрі болған. «Шоңның өлген жылы қой 
екен.  Жетпіс  екі  жыл  болады  өлгеніне.  Келер 
қысына «Қу мешін»-деген жұт болыпты» немесе 
«...Қуандық асына алып барғанда, Қарала-жиырма 
төртте  еді.  Шоң  би-алпыс  төртте  екен»-дейді 
Мәшһүр-Жүсіп. 
Шоң  өлерде  өсиет  қылған  екен.  –Балалар, 
Торайғырмен екеуіміздің құдайға берген уағдамыз 
бар еді. Бұл һәм кешікпей менің артымнан келер. 
Мені  аманат  қойыңдар,  екеуімізді  хазіретке  бір 
алып барыңдар!-деп. 
Сілетінің бойында аманат қойдырған екен. Ел 
Баянауылға көшіп келген соң, Шоңның қырқын 
беріп жатқанда, Торайғыр өлді. Торайғыр өлді деп 
жаназаға шақырып жүрген түні Байбақы баласы 
Құлмұхаммед ұста туған екен. Бұл кісінің жылы 
не болса, Торайғыр, Шоңның өлген жылы –сол. 
Жаз  шыққан  соң  Торайғыр  мен  Шоңның 
сүйегін  аманат  қойған  жерінен  алып,  Хазірет 
Сұлтанға алып кетті. Сонда Шоңның (Шонтының) 
сүйегін  аманат  қойған  жерінен  алғанда,  ішінде 
едім,-дейді  Шонабай  қожа  деген  қожа.  Өз 
заманындағы адамның асық-жілігінен Шоң бидің 
асықты-жілігі бір қарыс ұзын екен. Әдейі қарыстап 
көрдім,-дейді,-және бір сонам (сүйем) және бар – 
деген дерек те кездеседі.
ШОРМАН
Арғын-Құтан-Мейрам-Сүйіндік-Қаржас 
Оразкелдінің  бір  аты-Қаржас.  Үш  қатыны  бар. 
Үш  қатыннан  үш  жалғыз:  Алтынторы,  Құлыке, 
Бегім. Құлыкеден: Ойым, Телі. (Ойымнан-Әлімбет, 
Ақша, Байболат). Теліден-Анай. Анайдың қазақ 
қатынынан-Нияз;  сарт  қатынынан-Құл;  қалмақ 
қатынынан-Жәдігер.  Тәтеке  қызы  Аққабақтан: 
Мырзақұл,  Құдайқұл.  Мырзақұлдан:  Ақмырза, 
Баймырза, Сатыпалды, Тәті, Наурыз. Ақмырзадан-
Азынабай, онан: Тайжан, Сейтен. Тәті мырзаның 
бәбішесінің аты-Баяу бәйбіше, пұшпағы қанамаған 
кісі.  Тәтіден:  Байкісі,  Жанкісі.  Бәтіш  тоқалдан-
Мамыр, Шымыр (Шытымыр). Және бір тоқалдан: 
Садыр,  Қарыке,  Қарқабат.  Күшіктен-Шорман, 
онан-Мұса,  Мұстафа,  Ғайса  (Иса-А.Қ.),  Әужан. 
Мұсадан-(Сағит, Оқас), Біләл, Жәминкеш. 
Ж а н а р ы с - Қ а р а қ о ж а - А р ғ ы н - Қ ұ т а н -
Мейрам-Олжакелді (Қаржас). «Толыбай ұранды 
Қанжығалы»-дейді. Сол Қанжығалығы ұран болған 
Толыбай сыншы замынында бір жаққа жорыққа 
бара жатып, бір көлдің басынан бір тірі еркек бала 
тауып  алыпты.  Аяғын  апыл-тапыл  басқан,  тілі 
шықпаған баланың мойнында алтынды айкіл шұбар 
төсі бар екен, асулы ішінде бір алтын сақа бар екен. 
-Өзіміз жолаушы, өзі қысқа қараған суық күн.
Әжібайдан шыққан Сүгірәлі абыз жасы жүз 
жиырма бесте екен:
-Шорман  баланы  маған  оңаша  шақырып 
беріңдерші!  Мен  оның  әділ  ме,  әділ  емес  пе-
сынайын. Бұрынғылардың сөзі бар еді: «Әділ биде 
ата жоқ, тура биде туған жоқ»-деген. // «Туғанына 
бұрған  биде  иман  жоқ»  -деген.  Мен  Шорман 
баладан ата-тегін сұрайын. Егер Шорман бала әділ 
болмаса, бұрақтатып, Қаржасқа ата табар. Шын 
әділ болса, Қаржасқа ата табалмай, дағдарып тұра 
қалар. Оның турашылдығы осымен танылады,-деп, 
Сүгірәлі абыз бір төбенің басына оңаша шығып:
-Шорман бала маған жолығып кетсінші!-деп, 
шықыртып алып, қасына келген соң сұрапты: 
-Осы, Шорман бала сенің әкеңнің аты кім?-
депті.

139
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
-Менің  әкемнің  аты-«Үшқасқа»-атанған 
Жанкісі, Байкісі-Күшіктің Күшігі,-депті.
-Күшіктің әкесі кім?-дегенде,
-«Мырзағұлдың  алты  ұлы  атанған»-
Сатыпалды-Тәтидің Тәтиі,-депті. 
-Тәти әкесі кім?-дегенде,
-Құдайқұл, Мырзақұлдың Мырзақұлы,-депті. 
-Мырзақұл әкесі кім?-дегенде.
-Анай,-депті.
-Анай әкесі кім?-дегенде.
-Телі тентек,-депті.
-Телі тентек әкесі кім?-дегенде,
-Алтынторы-Құлыке-Бегімнің Құлыкесі-депті. 
-Құлыке әкесі кім?-дегенде,
-Қаржас,-депті.
-Қаржас әкесі кім?-депті.
-Уай,  абыз-еке-ай,  бұрынғының  айтқаны 
қайда: «Өзен тұрып, өзге жерге қонған нәмірд, // 
Өзі болған жігіттің түп атасын сұраған-нәмірд»-
деп.  Қаржастың  әкесін  де  с...н,  оның  әкесін 
сұрағанның тап аузын с...н!-дегенде, Сүгірәлі абыз 
қарық-қарық күліп: 
-Пәлі,  Шорманым,  жарайсың!  Пәлі, 
Шорманым, жарайсың!-деп, арқаға қаққан екен. 
–Сені  жұрт:  «Шорман  бала»-деп,  білмей  айтып 
жүр екен: «Шорман бұлбұл»-деп атауға дәп туған 
ұл  екенсің!-деп,  тобына  айтып  барыпты.  –Қара 
қылды қақ жаратұғын әділ екен. Шорманның өзін 
алыңдар!-деп айтқан екен. 
Жұмабайдың Шорман атануы
Шорман  күшік  ұлының  әкесі  қойған 
аты  Жұмабай  екен.  Қызыл  тауда  отырғанда 
Жұмабайдың  (Шорманның)  он  төрт  жастағы 
кезінде жұттан барлық малы қырылады да, барлық 
жылқысын жау алып кетеді. Сол себепті ел қатарлы 
жайлауға  шыға  алмай  Сәти  (Тәти-Тәті  деп  те 
жазылады-А.Қ.) аулы тауда, жатақ қалады. 
Шорманның атасы Мырзағұлмен бірге туған 
жадыгердің бір ұрпағы Алыпқара-бай екен. Сол 
Сәти аулы (Күшік баласы Жұмабай, Байкісі баласы 
Ордабай және Жанкелді т.с.) жатақта қалды деп, 
оларды көшіріп әкелуге Талас (Қаржас ұрпағы) 
Шөпіні  бірнеше  кісімен,  көлікпен  жібереді.  Ол 
кезде  Анай  аулы  Шідерті  өзенінің  бас  жағын, 
Қаракөл-Ниязды,  Ерейменнің  сыртына  дейін 
жайлайды екен. 
Жайлауға келгеннен кейін Жадыгер, Алпықара 
Жұмабайға (Жұмабайдың әкесі Күшік мұның сегіз 
жасында дүниеден өткен) «Өзін менің малымнан 
бөліп, көңілің тойғанша енші ал» десе, Жұмабай: 
«малыңыздың  берекесін  алып  не  қылайын,  бір 
жерде болса, көрікті ғой. Маған тек жқсы ат пен 
мына Шәкеңді жолдастыққа беріңіз»,-депті. –Сонан 
соң атпен Уәлиханның еліндегі былтырғы шауып, 
айдап әкеткен жылқымды іздеймін және Уәлиханды 
көріп, қолынан ұстап, сәлем беремін-депті.
Бірнеше күн жүріп Көкшетудағы Уәли ханның 
аулына барып, жолдан келген ханға сәлем беріп 
сұхбаттасады. Уәли Жұмабайды жас болса да ел 
ішіне беделі өрлеп келе жатқанын сырттан біледі 
екен. Және арғы аталары Анай, Мырзагүл, Сәти 
төрелермен терезесі тең қазақтың атақтыларының 
бірі екендігіне сырттай қанық болатын. 
Жұмабайды шатырына түсіріп, одан ордасына 
шақырып  алып  ардақтап  үш  күн  құлын  сойып 
күтеді, сырласады. «Қаржас аруағы» деп аузына 
алып, қатты сыйлап, құрметтейді. Жұмабай жүруге 
ниет білдіргенде, Уәли хан:
-Балам, бұйымтайыңды айт,-дейді.
Сонда Жұмабай:
-Балапан едім, ұша алмай тұрмын,
Балдырған едім ұйыса алмай тұрмын.
Терің сіңген киіміңізді киейін,
Тебінгіңізді тиген атыңызды мінейін.
Сиырды аусыл – мәлік алды,
Қойды – аққұлақ боран алды.
Жылқыны Тайқара – Бейбіт алды,
Осы мұң-мұқтажымды шағайын деп келдім,
-деген. Жұмабайдың тақпақтап айтқан сөзіне көңілі 
түсіп, ырза болған Уәли хан:
-Шырағым, әуелі сенің атың Жұмабай емес, 
«Шорман»  болсын!-депті.  Содан  соң  өзі  киіп 
жүрген таза шапанын, өзі мініп жүрген Ақтабан 
атын  және  жау  алған  жылқысының  орнын 
толықтыру үшін табынан алдырып біраз жылқы 
берген, сонсын:
Өзің  айдай  қайт,  болмаса  ел  арасы  ұзамай 
сенімді  кісі  жібер,  шырағым,  алапатың  артық, 
мәртебең жоғары болсын! – деп бата берген. 
Шорман елге келгеннен соң Уәли ханға кісі 
жіберіп  берген  жылқысын  айдатып  алдырған. 
Содан Шорманның дәулеті бұрынғыдай сабасына 
түсіп,  бақыты  өсіп,  ата-бабасындай  абыройлы 
болған және Шорман атанып кеткен. 

ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
140
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Шорманның жас кезі
Шорман деген кісі он үш жасында әкесі өліп, 
жетім қалпы, «Шорман бала» атанған екен. Бас 
қосылған жерде әңгіме-сөзге кірісіп, аттыға жол, 
жаяуға сөз бермей, «Шорман бұлбұл» атанған екен. 
Қаракесек, Төртуылдың басы қосылған жиында 
Тіленші биді алды-артын орап, сөйлетпейді дейді. 
Сонда Тіленші би айтқан екен:
-«Өзім асыраған текешік өзіме жау болды»,-
деген  осындайды  айтқан  екен-ау!-депті.  Жұлып 
алғандай, Шорман бала айтты дейді: 
-Жақсылық өз қолыңда болса, бірі-ақсақ, бірі-
таз-екі балаң бар ғой. Оны неге Шорман қылып 
алмай жүрсің?-деген екен. 
Тіленші би дәнеме айта алмай, ұялып қалады 
дейді. 
Б ұ л   Ш о р м а н   б и   қ а с ы н д а   б і р н е ш е 
жолдастарымен  Қуандықта  бір  Атымтай  деген 
байдың үйіне келіп, қону үшін бас салып кіріп келіп 
отыра қалды дейді. Байдың өзі қарт басқан кісі екен. 
Жамбасының астында бір тоқым бар, от басында 
жантайып жатыр екен. Әлекедей жалаңдаған бір 
тоқал қолды-аяққа тұрмай, ұшып-қонып, от басында 
жатқан шаламен де ісі жоқ, төр алдында отырған 
қонақпен де ісі жоқ, түн жоқ, қисайған бойымен 
қисайып жатты да, қойды дейді. «Қонақ келді-ау-
деген,-бұған жабдық қыл»-деген байдан да ешбір 
сөз болмады, тоқалдың да ойы бөлінбеді. 
Сонда Шорман би сөйледі дейді:
-Сүйіспеген  қонақтың  кім  екенін  білмейді, 
езу тартып күлмейді. «Су анасы-бұлақ болар, сөз 
анасы-құлақ болар. Адамның жаны денесіне қонақ 
болар, жанның досы дүниеде тамақ болар»-деген 
екен-ау!-дейді. 
Сонда жантайып жатқан шал басын көтеріп 
алып:
-Уай,  жаным-ай!  Қатынға  қадірі  қалмаған, 
қағып  төсек  салмаған,  қара  көзден  нұр  тайған, 
қатынға қайрат бел тайған. Қатын тілді алмаса, 
от басына жантайған-деген осы болтұғын,-дейді. 
Шорман би:
-Тойдым, тойдым, төркіндеген әйелді ерткен 
қосшы сықылды күйде тұрған кәріп екенсің!-депті.
Тоқал да сөз түрінен шошып, бар әлінше күтті 
дейді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет