М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Торайғыр бидің тастүйін толғамдары,
билік-кесімдері даналық мектебі, көркемдік қазына
деуге болады.
«Жоқтау» – қазақ халқының өмірі мен
поэзиясында тарихи-мәдени мәні ерекше құбылыс,
тұрмыс-салт жырларының бір саласы. Халықтың
асыл перзенті, елдің құрметтісі, сүйіктісі, әр
шаңырақтың «ақыл – аузы», «арқан – қазығы»
дүниеден өткенде шерлі, азалы әуенмен айтылады.
Оның сүйегіне, тегіне, мінезіне дарыған асыл
қасиеттері, ел-жұртқа, бауыр-туысқанға
жасаған жақсылықтары, үлгі-өнегесі, артына
қалдырған өшпес іздері мен ақыл-нақыл сөздері
көркем де мәнерлі тілмен жырланады. Қазақ
филологиясында жоқтаудың көркемдік кестесін,
эстетикалық-эмоционалдық сипатын қырағы
аңғарған, кейбір үлгілерін жазып алған, орындалу
жайын әңгімелеген Шоқан Уәлиханов болатын.
Әсіресе, қазақ жоқтаулары ішіндегі ең көркемі,
әсерлісі, үздігі деп «Айғанымның жоқтауын»
және ұзатылатын он төрт жасар қыздың жоқтауын
айрықша атаған. Кеңес дәуірінде Сәкен Сейфуллин
мен Мұхтар Әуезов, Бейсенбай Кенжебаев пен Мәлік
Ғабдуллин өз зерттеулерінде жоқтаудың кейбір
нұсқаларымен таныстырып, мәнісін түсіндірген.
Ескі кәде бойынша, қаралы үйге марқұмның
жақын-жекжаттары, сол тұқымнан, әулеттен
тараған ұрпақтары жер солқылдата, сай-сүйекті
сырқырата, күңірене, зарлы, мұңлы дауыспен «ой,
бауырымдап», қиқулап, ботадай боздап, еңіреп
жетеді. Халықтың рухани тарихында ерекше
орын алған жоқтаудың табиғатына зер салсақ,
қазақ халқының моральдық-этикалық болмысы,
адамгершілік жаратылысы (кісілікті, мінезділікті,
батырлықты құрметтеп, сыйлау) айрықша танылады.
Инабаттылықа, ізеттілікке, мейірімділікке адам
баласын ынталы жүрекпен сүюге баулиды. Ауыз
әдебиетінде жоқтаулар өз алдына жыр дариясын
құрайды. Сонау «аюдай арқыраған, күндей
күркіреген» Орақ батырды жоқтаудан бастап,
Абылайды, Бөгембайды, Қаздауысты Қазыбекті,
Шоқан Уәлихановты, Мұхтар Әуезовты, Күләш
Байсейітованы жоқтайтын жырлар бар.
Қазақ жоқтауларының тілі мейлінше ажарлы,
айшықты. Суретті тіркестерге, нәзік нақыштарға,
фразеологиялық орамдарға, перифрастикалық
тізбектерге бай. Ақын-жыраулар шамшыраққа лайық,
асқар таудай жандар көз жұмғанда «Ақылға дихан
кемеңгер» (Шоқанды жоқтауда), «Қара бір таудың
жылғасы, Халқының бағлан құлжасы», «Көлдегі
аққу дауысты, Ақсұңқар құстай шалысты» (Алтай
Тәтіні жоқтауды, ХІХ ғ.), «Арыстаным, ақжолым,
зұлпыхарым» (Сүйінбай ақынның Саурық батырды
жоқтауында), «Аузынан дүрлер төгіліп, шамшырақтай
жаныпты», «Мұхит, дария суындай Ақылы терең
мол еді», «Жақсылық іске бас болған, Жамандарға
қас болған» (Мұса Шормановты жоқтауда) сияқты
әсерлі, мәнді, ғибратты, күйлі-қуатты сөйлемдерді
шебер тоқиды. Бір мағынаның өзін сан қилы
сөздермен құбылтып беретін мынадай мысалдарды
алайықшы: «Асыл гауһар болатым», «Бұлаңдап
жүрген бағланым», «Әуедегі жұлдызым, Су ішінде
құндызым», «Ай қасында Шолпаным», «Хан қасында
сұлтаным», «Суытып қойған тұлпарым, Тұғырдағы
сұңқарым», «Жайнап жүрген бекзатым», «Қызыл
гүлдей нұрлым-ай, Бәйтеректей бүрлім-ай», «Ұялы
терек ордалым, Ақ күміс тұрман жорғалым», «Дария
суды жағалай, Балғын бір өскен құрағым», «Жетесі
жақсы арыстаным», «Бұлы қымбат манатым»,
«Арғымақ артық туған қыршын жасым», «Өзгеше
өрен біткен өспе ағашым», «Жапырағы алтын
шынарым», «Алтын сапты найзам», т.с.с.
«Қазыбек би» – ұлттық сана мен тілінің,
рухы мен арман-мұратының ұшан-теңіз ұлылық
қасиеттерін ересен қуат-құдіретімен көрсете білген,
тәуелсіздік жолында қабырғасы қайысып еңбек
еткен көрнекті мәмлегер, арыстан жүректі ер,
мемлекет қайраткері.
- Үш жүздің қай батырына ризасың деп
сұрағанда, Абылай хан айтыпты:
- Мен өзімнен бұрын болған екі кісіге ризамын.
Ол Қаракесек Қазыбек пен Уақ Деріпсал. Бұл екеуі
де жауға түскен тұтқынды босатып алды. Қазыбек
Қалданға барып босатты. Деріпсал өз ауылында
отырып, күшпен қорқытып босаттырды.
Тарихи жазба деректерді сөйлетсек, кемеңгер
би 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген, 97
жасында яғни 1764 жылы көз жұмған. Қаздауысты
Қазыбектің тегіне, затына, сүйегіне зер салсақ, Орта
жүздің Арғын тайпасының Қаракесек (Болатқожа)
руынан шыққан. Әйгілі ділмар Шаншар абыздың
немересі, Бұлбұлдың шөбересі. Ал өз әкесі –
Келдібек би. Анасының есімі – Тоқмейіл. Қазыбек
биден Бекболат би, бұдан Тіленші би. Тіленші
би баласы Алшынбай би (Құнанбай қажының
құдасы, Абайдың қайын атасы). Алшынбайдан
Бәпи тарайды. Атақты әнші-композитор Мәди
Бәпидің ұрпағы.
ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
118
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
«Туған халқының табанына қадалған шөгір
маңдайыма қадалсын» деумен өмір кешкен
Мәшекеңнің қай өлеңін, қай дастанын алсаңызда
халқы үшін күйініп, сүйіне білген үлкен жүректің
лүпілін айқын аңғарар едіңіз оған:
Түзелер қашан жұрт боп мына қазақ,
Қылмаған кім бар дейсің бізді мазақ.
... Біздің қазақ саяғы кер кеткеннің
Түк пайдасын көрген жоқ ер жеткеннің
Алқымынан алған жау босатпайды,
Онан күші аса алмас жау біткеннің, – деп
жырлауы айғақ. Мәшһүр шығармасындағы
осындай жолдарды оқыған және де ол кісінің
әулиелігі туралы естіген кез келген жанның:
«Опырай, бұл кісінің ұрпақтары бар ма екен,
болса кімдер?» деген ойға берілері анық. Мен
шамам жеткенінше сол сауалға жауап бере
кетуді жөн көрдім, себебі Мәшһүр айналасын
бала күнімнен білемін. Жаңажол совхозында
директор болып жұмыс істеген жылдарда дәмдес-
тұздас болып араласып тұрдық. Ал Мәшекеңнің
зиратын қалпына келтіру, мұражайын аштырту
барысында тіпті жақын танысуға мүмкіндік туған
еді. Мәшекеңнің үш ер баласы болғаны белгілі.
Үлкен ұлы Әмен білім алып, ел ісіне белсене
араласып, сол жылдарда қазақ оқығандары
шоғырланған Ташкент қаласындағы мектептердің
бірінде мұғалім болып жұмыс істейді. Сонда
жүргенде зорлыққа тап болған қызды бұзықтардан
арашалаймын деп, солардың қолынан қаза табады.
Тағы бір ұлы Шарапиден оның Төлеубай, Сүйіндік
атты балалары болған. Төлеубай Ұлы Отан
соғысының отты жолдарынан өтіп, елге аман-сау
оралған жеңімпаз жауынгерлердің бірі. Ал Сүйіндік
туралы сәл кейінірек сөз етеміз. Кенже ұлы –
Фазыл. Фазекең кезінде халық ағарту саласында
жемісті еңбек етіп, Баянауыл ауданында Ленин
орденімен марапатталған санаулы ұстаздардың
бірі, десек те Мәшекеңнің балалары бірінен бірі
өткен жайдын оғындай жандар еді. Фазекеңнің адал
жары Нүрила апай екеуі ұлағатты ұрпақ өсірді. Кең
байтақ республикамызға атты танымал, филология
ғылымының докторы Қуандық Фазылұлы,
Шегендік, Қажыман Фазылұлдары, құт дарып,
береке ұялаған осы шаңырақтың ұландары. Осы
орайдан Қуандық Фазылұлы атасы Мәшһүр
Жүсіптің еңбектерін бастыртуда қыруар істер
тындырды. Ұл-қыздары Нартай, Гүлназ, Естай,
Ертай аталарының еңбектерін ескі араб (хадим)
жазуынан аударып, баспаға әзірлеп, құрастырып,
ғылыми түсініктеме жазды. Әке ісін сәтімен
жалғастыра білді. Қазірде олардың өздері де
Мәшһүртанушы ғалымдар қатарына қосылды.
Осы орайда Қажыманұлы Әсеттіңде атасы туралы
білгірлікпен қалам тербеп, ізденіс үстінде жүргенін
айта кетейік «ат тұяғын тай басар» деген осы болса
керек, жас ғалымдарға табыс тілейміз. Мәшекең
ұрапақтарының көпшілігі-ақ оқуға, ғылымға өте
бейім жандар. Солардың арасында Шарапиденұлы
Сүиіндіктің есімін Баян жұрты да ерекше
құрметпен атайды. Әкесі Шарапиден өмірден ерте
озған, ал анасы Ақзейнеп Мәшекеңе бірден бір
қызмет көрсеткен аяулы келіні. Мәшекең мәңгілік
мекеніне осы Ақзейнептің қолынан аттанды, сырт
тұлғасы Мәшекеңе келетін Сүйіндікті белгілі өнер
қайраткері Қуат Абусейітов Алматыға алып кетіп,
9-сыныптан бастап сол кісінің үйінде жатып оқиды,
ҚазМУ-ға оқуға түседі, тек сол кезде көтеріле
қалған келесі бір қуғын-сүргіннің кесірінен
Сүйіндік Көпеев «молданың ұрпағы» деген
желеумен оқудан қуылады. Енді ол Жаңажолға
қайтып оралып, шаруашылықта, әртүрлі салада
еңбек етеді. Есепші, трактор бригадасының
бригадирі болып жұмыс істейді, сөйте жүріп
атасын көзі көргендерден ол туралы сұрастырып,
қалта дәптеріне түсіре беруден жалықпайды.
Тек сол жазбаларын жариялатуға мүмкіндік
жоқ еді. Ақыры, тәуелсіздік таңы арайлап атып,
Мәшекеңнің жазбаларын жариялауға жол ашылды.
Сол жылдарда ол өзінің ертеден тірнектеп жинаған
материалдарын облыстық «Сарыарқа самалы»
газетіне, т. б. басылымдарға жариялата бастады.
ӘОЖ 80
МӘШҺҮР ЖҮСІП ҰРПАҚТАРЫ
М. РАХМЕТОВ
Баянауыл ауданының ақсақалдар алқасының төрағасы
119
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Айналасы 3-4 жылдың ішінде Мәшекең туралы
бірталай мақаласы жарық көрді. Бір тоға қақ-
соқпен жұмысы жоқ асыл азамат Тәуелсіздік
берген осы мүмкіндікті ерекше бағалайтын, жаза
түскісі келетін. Тек ажал, шіркін, оның бұл асыл
арманын толық жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді,
әйтседе оның есімі ел есінде «алғашқы Мәшһүр
Жүсіп танушы» ретінде сақталатынына күмән жоқ.
ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
120
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Поэзиядағы азаматтық әуен туралы қазір
сауатты адамдардың аузынан, зиялы қауымның
ортасында жиі айтылатын сөз. Бірақ аталмыш
ой-ұғым – халықтың мақалы емес, әйтпесе
әдебиетімізден ойып орын алған үлкен тұлғаның
мәйекті лебізі де емес. Кейінгі кездері зиялы қауым
арасында мойындалған қанатты сөз. Бәлкім, оның
алғаш айтқан авторы да болған шығар. Бірақ
гәп – онда да емес, осы бір сөздің орайлы ақиқат
екендігінде. Батыста әдебиет – әдебиет үшін, өнер
– өнер үшін деген бағыттар бұрыннан кездеседі.
Біздің қазақ әдебиетінде мұндай тамыры таяз,
сыңаржақ бағыт, тек байлар мен бағландардың
көңілінен шығып, соларға қызмет қылғаны белгілі.
Бұқараға жат ақындық иелері орысқа бодандыққа
дейін де, кешегі кеңес кезеңінде де кездеспегені
мәлім. Еліміз егемендігін алған бүгінгі таңда
мүлдем мұндайдың ұшқыны жоқ, бәлкім алдағы
уақытта да ұшыраспайтын болар. Себебі бағзы
замандардан-ақ, тіпті қазақ жаратылған шақтан-
ақ халқымыз өлеңді ермек, өнерді тек көңіл
көтеру құралы деп қарамаған. Ақиқаты: қазақ
үшін қашанда өлең – өмір. Өмір – өлең. Қазақ
поэзиясы өзінің даму арнасында заман озған сайын
жаңашылдыққа бет түзей бастады.
Ұлы Абайдың:
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең ,
– деп айтуы, міне, сондықтан десек қателеспейміз.
Әрине, бұл жерде өлең деген ұғымның өзі синкреттік
бітімде екенін, сөздің әннен, әуеннен бөлек тұрмай,
бірлікте танылатынын айта кеткеніміз абзал. Нақ
осы себептен де поэзияның қазақ халқы өмірінде
кеше де, бүгін де аса маңызды рөл атқарғанын,
оның қашанда қоғамдық-әлеуметтік сипатта
болғанын, ал азаматтық әуен, рух – жалпы қазақ
поэзиясының әрқашан күретамыры, негізгі өзегі,
алтын арқауы болғаны шындық екені ешқандай
дәлел тілемесе керек.
Туған әдебиетімізде өзіндік орны бар белгілі
шайырларымыздың бірі – ХIХ ғасырдың екінші
жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші ширегінде
өмір сүріп, қазақ жазба поэзиясының дамуына
үлкен үлес қосқан Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы.
Сонымен бірге оның ауыз әдебиетінің үлгілерін
жинаушы, фольклортанушы, тарихшы, этнограф,
педагог болғаны баршаға мәлім. Құдай берген
қабілеті жан-жақты, ескіше де, жаңаша да хат
таныған ағартушы ақынның өз басы өнегесіне қоса
қалың халыққа өнер-білім шашып, мұның үстіне
өзі өмір сүрген кездегі ел өміріндегі өзгерістерге,
елеулі оқиғалар мен жаңалықтарға, жақсылықтар
мен жамандықтарға дер кезінде үн қатып, өлең
тілімен паш етіп отырғаны көзі тірісінде-ақ оның
атын әйгілі етті. Сондықтан болар ол көп ақынның
бірі, жай ақын Жүсіп болып қалмай, Мәшһүр
Жүсіп атанды. Міне, осының өзі-ақ оның жас бала
шағынан ақындық өнерді киелі деп біліп, қадірлеп,
бұл реттегі әрбір қадамға жауапкершілікпен
қарағанын аңғартады. Оның ақын ретінде
әрбір айтқаны, жасаған әрбір іс-әрекеті ғана
емес, ақын ретінде жазған әрбір шығармасы
көпшілік көңілінен шығып отырғаны белгілі.
Мұның өзі оның ұсақ, жеке бас қамын күйттеген,
тақырыбы тар, отбасы қамынан артылмаған
дарынсыз, кішкентай өлеңші емес, ә дегеннен-ақ
әлеуметтік көкейкесті мәселелерді көтере білген,
көркемдікпен жеткізе алған азамат ақын болғанын
байқатады. Міне, осындай азаматтық бітім, дәлірек
айтқанда, осындай көзқарас, позиция, концепция
ғана ақынды қазақ даласының шартарабына
әйгілі етіп, одан ел билеушілері ығатын, патша
шенеуніктері қорқатын ақынға айналдырса
керек. Мәшһүр Жүсіпті кеңес өкіметі де құшақ
жайып қарсы ала қойған жоқ. Мұның өзі оның
кейінірек халық жақсы танып, дақпыртын естіп
емес, қандай кісі екенін дәл біліп, әдебиеттегі
төл орнын иемденуіне кедергі жасағаны анық.
ӘОЖ 821.512.122.+821.512.161
МӘШҺҮР ЖҮСІП ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ АЗАМАТТЫҚ ӘУЕН КӨРІНІСІ
Ж.Т. САРБАЛАЕВ
ф.ғ.к., профессор, С. Торайғыров атындағы ПМУ, Павлодар қ.
Е.Ж. САРБАЛАЕВ
ф.ғ.к., доцент, С. Торайғыров атындағы ПМУ, Павлодар қ.
121
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Оның шын мәнінде кітап деп айтуға тұратын
алғашқы кітаптары – таңдамалысының 1-інші,
2-інші томдары тек 1990, 1992 жылдары жарық
көруінде, 20 томдық шығармалар жинағының енді
ғана 2003 жылдан бастап жариялануының осындай
себептері бар. Ақын мұраларының көптомдық
болып жарыққа шығуына пікір білдіре отырып,
ғалым Р.Тұрысбек: “Көптомдықта әдебиеттің
барлық жанрлары қамтылған әрі жүйелілік пен
ізденіс, бірізділік байқалады. Әрбір туындының
тақырып табиғаты, жанрлық-құрылымдық һәм
көркемдік ерекшеліктері де сақталып, жазылуы мен
жариялануы, нұсқалық белгілеріне де зор маңыз
беріледі. Біздіңше, басты байқалар ерекшеліктердің
бірі М.Ж.Көпейұлының төл туындылары
мен халық мұрасы, шежірелік сипатындағы
шығармалар дәстүр мен сабақтастықты, жанр мен
жауапкершілікті, көркемдік мұраттарды негізгі
назарда ұстаған” деген байсалды түйін жасайды.
Қазақтың танымал ақындарының бәрі дерлік
қоғамы ұсынған жүкті талмай көтерген азамат ақын
болғаны баршаға мәлім. Арыға барсақ, Асан қайғы,
Шалкиіз, Доспамбет, Бұқар жырау, Махамбет,
Абай, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы,
Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Мағжан
Жұмабаев, Сұлтанмахмұт Торайғыровтар, беріден
тартсақ, Қасым Аманжолов, Жұбан Молдағалиев,
Сырбай Мәуленов, Қадыр Мырзалиев, т. б.
Әдетте үстіне кім-кімнің де жасаған жақсы
ісіне, әйтпесе қарымды қызметіне риза болып
жатсақ, «Мынау азамат екен» деп жатамыз. Сонда
осы азаматтық дегеннің өзі не? Ақын-жазушылар
шығармашылығындағы азаматтық бітімді, әлеуметтік
әуенді қалай бағалап, қалай ажыратамыз? Бір
қарағанда бұл баршамызға белгілі, оп-оңай танып,
тауып алатын түсінікті ұғым көрінгенімен, іс жүзінде
жеңіл, бадырайып көзге көрініп, айқайлап тұрған
нәрсе емес. Ендеше ең әуелі ақын Мәшһүр Жүсіп
поэзиясындағы азаматтық әуенді айқын танып,
ажарлы ашу үшін мұның өзі не нәрсе екенін өзіміз
біліп алмай болмайды.
Азаматтық жоқ жерде ақындық тұл. Бұл
жерде сөзіміздің басындағы осындай ордалы ойға
қайта оралуға, табан тіреуге тура келеді. Сонымен
бірге осы мәселеге арнайы ат басын бұрып, елеулі
екі мақала жазған көрнекті сыншы-әдебиетші
Сағат Әшімбаевтың: «Былай қарасақ, азаматтық
атты сөздің мән-мағынасынан айқын және одан
туындайтын міндет пен жауапкершіліктен анық
ештеңе жоқ сияқты. Сондай-ақ азаматтыққа
жататын, болмаса жатпайтын жайларды ажырату
да пәлендей қиын емес секілді. Ал, осы сөздің
төңірегінде тереңірек ойланып көрсек, оны басқа
өнер-білімімен, озық тарихымен тамсандырған
елдердің басындағы терең тамырлы азаматтық
дәстүрлердің даму кезеңдерімен салыстырып
көрсек, біздің арамызда бұл ұғымды түсінуде тарихи
тұрғыдан эталондық үлгі ретінде ұсынатындай
берік қалыптасқан нақтылық жете бермейтіндігі
байқалады?»,- деген пікірлерін алға тартудың
еш әбестігі жоқ. Гәп – бұл жерде алаштың,
қазақтың басындағы азаматтық рухтың кемдігінде
немесе әлсіздігінде емес. Өйткені қазақтың
азаматтығы – батырлығы мен байсалдылығы –
жер бетіндегі қайсы бір халықтан артық болмаса,
кем емес. Тек осы бір маңызды концепциялық
ұғымның мағынасы нақтыланып, алға ұсталуында,
төбемізге ту сияқты көтерілуінде жатыр. Өйткені
ХVІ ғасырда өмір сүрген француз ойшылы М.
Монтень: «Халық өзінің азаматтық манифесін
ғасырлар бойы қанымен де, жанымен де жазады.
Азаматтық манифесі айқын емес халықтың
болашағы да айқын емес»,- деп жазғандай,
қазақ ұлты өзінің азаматтық құранын ғасырлар
бойы ерлігімен де, еңбегімен де жазып келді.
Бұл тұрғыдан ол көштен қалып көрген жоқ.
Ендеше оның келешегі келісті екені күмәнсіз.
Мәселе – алаштың азаматтық концепциясын,
ақындық азаматтық кредосын айқындауда, ақиқат
алға тартуда. Осы тұрғыдан келгенде алаштың
азаматтық концепциясы, ақындардың азаматтық
көзқарас-көсегесі қандай? Біздіңше, арғы-бергі
даналардың айтқандарын еске алып, Асан Қайғы,
Абайдың айтқандарын саралай келгенде, мұның
өзі адам - ақынның елін – жерін, Абайша айтқанда,
«қалың елі, қазағы, қайран жұртын» жақсы көріп,
қадірін біліп, шын сүюінде.
Екіншіден, осылайша азамат ретінде бағалап,
сүйгендіктен халқының жақсылықтарын асырып
қана қоймай, жамандықтарын, келеңсіз құлық, олқы
мінез-қылықтарын жасырмай әшкере етіп, ащы
сынауында. Үшіншіден, осындай елді өшірер, ерді
өсірмес қоғам кемшіліктерін, халық жетімсіздіктерін
жою үшін ымырасыз күресе білуінде жатыр.
Бұл айтқандардан азаматтық таным, көзқарас-
бағдар, позиция айқындалып, азамат ақын
алдындағы әлеуметтік-қоғамдық міндеттер,
адамдық-адамгершілік парыз бен қарыз анықталып,
ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
122
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
сол үшін жауапкершілік мойынға жүктелсе керек.
Ал, мұндай асқаралы міндеттерді орындау тіпті
де оңай емес. Ақынның азаматтығы көпті оятып,
қауымды жарқын болашақ үшін қимыл-әрекетке
жұмылдырар жемісті еңбексіз, белсенді күрессіз,
қара қылды қақ жарған әділдіксіз, шындықты
қаймықпай бетке тура айтар, тура айтып қана
қоймай, іске жедел асырар батылдық, батырлықсыз
жүзеге аспайды.
Жоғарыда айтылғандар абзал адамдықтың,
азамат ақындықтың, халық перзенті, елдің Ері
болудың шын да шынайы өлшемдері болса, шайыр
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өзі, сөзі – алуан
шығармалары осынау үлкен талап-міндеттерге
қалай және қаншалықты жауап береді деген сауалға
жауап іздейміз. Бұл үшін, әрине, алдымен ақынның
не жазғанын, қандай тақырыптарды қозғағанын,
оларды қаншалықты көркемдікпен игеріп, қазақ
әдебиетіне қандай үлес қосып, қаншалық азаматтық
танытқанын – өз кезіндегі елі мен жері жаңарып,
халқы оянып, өсіп-өзгеруі үшін, яғни заманына
лайықтылық танытып, келешегін кемелдендіруі
үшін қаншалықты сөзімен көмектесе алғанын
саралап, зерттеп, талдап-таразылауды жөн санадық.
Ақындықпен ұйқыдағы алашын серпілту,
қоғалысқа түсіру, ел болу үшін күреске жұмылдыру,
сөзімен замандастарының көзін ашып, көңілін ояту,
басқа озық елдердің қатарына қосылуға бастау,
өзінен көп бұрын көш бастап, халқын қамшылап,
қазақтың бас ақынына, сөз көсеміне айналған
Абайдың жолын жалғастыру, Абай бастаған іске
үлес қосу – Мәшһүр Жүсіптің алдында тұрған ұлы
да ұлағатты міндеттер болатын. Рас, бастапқы кезде
– жасөспірім шағында-ақ өлең жолына түсіп, өнерін
көпке таныта бастаған Мәшһүр Жүсіп бірден анық
Ақын, үлкен Ақын бола алған жоқ. Ол әуелгі кезде
жай төреші болу, көргенін көргеніндей етіп қағазға
түсіру, сырт бақылаушыдай бағамдап-баяндау,
тек ақ-қараны ажырату деңгейінен көтеріле алмап
еді. Әрине, оның бұл өлеңдерінде де ғибрат,
насихат, өмір көріністерін көрсету кездесетін.
Кейде келелі кеңес, озық ой, көркем кестелер
де молынан ұшырасатыны бар. Алайда біздің
іздеп отырғанымыз – қоғамды сілку, алаштық,
азаматтық мақсат-мүддеге ойысу, өзі күн кешкен
қоғам, табиғат кескіндерін бедерлеу деңгейінде
қалып қоймай, келешекке бет бұру болғандықтан
ғана бұларды осылай қабылдайтынымыз өзінен өзі
түсінікті болса керек.
Ақынның төл поэзиясы топталған кітаптары
– 20 томдық шығармалар жинағының, негізінен,
1-томы мен 4-томы. Осындағы ақынның жазылуы
жөнінен бізге мәлім тұңғыш өлеңі – «Исабек
ишан». Ол 1871 жылы қағазға түсіріліпті. Бәлкім,
осы томдықтарда Мәшһүр Жүсіптің бұдан да
бұрын жазылған туындылары бар шығар. Алайда
соңында дүниеге келген жылы көрсетілмегендіктен
олардың қайсысы бұрынырақ жазылғанын білу
қиын. Аталмыш алғашқы жыр былай басталады:
Бісмілла, сөз бастайын асыл тектен,
Түскендей асыл еді-ау аспан көктен!
Керуендей бұл дүниеге аз күн қонып,
Пәниден жақсы, жаман – бәрі де өткен.
Бір жұрнақ заттан шыққан асыл еді,
Қара түгіл қожадан асып еді.
Әркімнің өз заманына дегендейін,
Тақсырдың шарапаты басым еді.
Өзі – ишан жұрт бастаған, заты –қожа,
Сейітзада нәсілі сондай таза.
Әр түрлі қасиеті еске түсіп,
Қайғымен қапаланып болдым наза.
Егер Жүсіп ақынның тырнақалды туындысы
осы болса, оның басталуының өзі – біз келтіріп
отырған үш шумақтың өзі разы етпей ме? Құйылып
тұрған қазақтың дәстүрлі қара өлеңі. Есептеп
қарасақ, бұл кезде – Жүсіп бар-жоғы 13 жаста.
Бүгінгі күн көзқарасымен алғанда, әлі мектептің
орталау буынын бітірмеген, көжесін жылап ішіп
жүрген бала. Бірақ ХІХ ғасырдың қалыбы бөлек
жосығы басқа. Сондықтан ол осындай өлең жазған.
Дәлірегі – жаза алған. Ұзақ өлең. Әрі жақсы
туынды. Ал мұның өзі жасөспірім Жүсіптің тым
таланттылығын, шайырлықтағы қадамын шынайы
бастағандығын байқатып қана қоймайды. Сол
кездегі қазақ өмірінің өз мүшелеріне – ер балалар
мен қыз балаларға да қатаң талап қойып, тез
ержеткізіп, бойжеткізетінін де байқататындай.
«Он үште – отау иесі» деген сөз-пайым – тек
мақал ғана емес, сол уақыттағы өмір шындығы,
тіршілік талабы. Бұл кезде адам баласы бірінші
мүшелге толып, ғұмырдың тұңғыш бел-белесіне
көтеріледі. Демек, қазақтың мүшелдік жыл
санауы жай ғана даналық қасиет-тұжырым емес,
123
Достарыңызбен бөлісу: |