«Бір кісіге біреу айтты» – алпыс сегізінші
бап. 4 тармақты, 8 шумақты өлең. Лирикалық
жанр. Жаңылтпаш – жұмбақ өлең. Көтерген негізгі
тақырыбы: Қазақтың байырығы салтын, дәстүрін
насихаттау. Өлеңнің қысқаша мәні мен мазмұны
мынадай: «Бір кісі біреуге нағашы мен әкеңнің інісі
едім, танимысың? – дейді. Сіз қалайша әкемнің
немересісіз? – дейді». Өлең жұмбаққа құрылған.
Сөйтсе, шешесінің бірінші күйеуі өліп, бір қыз
қалады, ол қызды қатыны өлген бір шал алады.
Ол шалдың бұрыннан бір ұл баласы болады.
Сол балаға бағанағы шешешесі көзін салады.
Шешесі қызық, бағанағы шалға беріп, балаға өзі
тиіп алады. Мінекей, оның әкесі менің туысым
дегеннің мәні осы екен. Иманғали Мәнен: 2-папка,
229-231 беттер, Мұхаметфазыл 5 – папка, 11-12
беттері бойынша алыныпты. Қараңыз: осы томның
367-бетін [6, б.344, 367].
«Айдабол», ру – тарихы. Тарихи-эпикалық
жанрға жатады. Арғын – Құтан – Мейрам –
Сүйіндік – Суғыншы – Шуманақ – Құлболды
– Айдабол – Малқозы – Толыбай – Олжабай).
Құлболдының бәйбішесінің аты Мақпал. Демек,
Айдаболдың әкесі Құлболды. Мақпалдан: Күлік,
Тұлпар, Айдабол. Айдабол он үш жасында билік
айтып, елді аузына қаратқан шешен болған. Ел
аузында «Артың болса, Айдаболдай ұл тап» – деп
Мақпал бәйбіше мақтанатын сөз қалған. Сол
Айдаболдың өзі ер жетіп, ат басын тартқан шақта
бәйбішесінен: Жанқозы, Малқозы, Кенжеқозы;
ортаншы тоқалынан: Аққозы, Бозқозы, Қарақозы;
кіші тоқалынан: Қожакелді, Тайкелтір. Айдабол
би Тайкелтірге Қошшетер деген баланы «Енші
орнына қарабауыр қылып ал!» – деген екен.
(Құнанбай күндебау қылып Кәмшатты береді –
А.Қ.) Қарабау // күндебау басы байлы құл есебінде
«жетім бастатқан тоғыз» есебіне де кіреді – А.Қ.
Қоштердің шешесі Шанышқылы-Қоштердің
қызы екен. Айдабол би нағашы атасының атын
ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
152
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
қойған екен. Шанышқылы сартқа бір атасы
жуық: Қаңлы Шанышқылы-Қатағаннан қалған
ел тегіс ұста болғандығы бұл сөзді растайды.
Кенжеқозы жастай өліп, қайны Ұлы жүз –
Қаратай батыр екен, қалыңдығы оң жақта қалған.
Айдабол би: «Тайкелтірге қосамын» – деген соң,
Жанқозы онысына көнбей: «Көтесімнің жесірін
тоқалдың баласына беремін!» деп, тетелес інісі
Малқозының баласы Толыбайға алып беріп:
Олжабай, Құлжабай, Орман, Рысқұл (Ырысқұл) –
төрт бала туған. Батыр Олжабай – Үйсін: Қаратай
батырдың жиені. Шешесі қыс ішінде ұзатылып
келе жатқанда, босанғаннан: «Осы жолдың олжасы
болды ғой!» – деп, атын Олжабай қойған екен.
Қаратай батыр Шанышқылы – Қоштер деген елден
қызына қызметкер қылып бір күң қосады. Ол
қыз да жолда босанып: «Қоштер» атанып кеткен.
Айдабол би Тайкелтірге еншілес қылып берген.
Содан Тайкелтір, Қошетер қоныстас, сыбайлас
болған. «Айдабол» ру туралы әр түрлі нұсқасын
Мәшһүр-Жүсіп жазып алған. Тіпті, бергі аталарға
дейін жаза берген [4, б.7, 61, 70, 116, 118, 158, 177,
197, 226, 230, 259, 295, 305, 309, 328, 330, 342, 347,
352, 360, 361, 362, 371, 381, 390, 394].
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. – Павлодар: «ЭКО» ЖШС, 2006. – Т. 9. – Б. 6; 7-8; 13;
16-18; 46-50; 71-74; 75; 107-109; 133-134; 135-136; 137-139; 167-184; 169-172; 184-214; 224; 225; 226; 240;
241-242; 257-258; 259-261; 260-261; 261-262; 262-263; 264-267; 267-274; 270-274; 278; 280-286; 287-288;
288; 288-289; 267; 332; 338; 349; 352; 354; 360; 361.
2 Мәшһүр- Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. – Павлодар: «ЭКО» ЖШС, 2006. – Т. 8 – Б. 3-49; 3-85;
4; 5; 9; 10; 11; 30; 30-31; 34; 59-60; 60; 65-74; 68; 69; 73; 74; 74-84; 75; 76;77; 78; 79; 80; 81; 82; 83; 84;
84-87; 87-89; 92; 97-98; 105; 113; 163-165; 164-165; 165; 168; 184-186; 186-195; 190-195; 201-203; 204;
220; 250-263; 251-257; 258-263; 275; 293; 298-299; 418; 419; 419-420; 426; 434; 448.
3 Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2003. – Т. 1. – Б. 25; 32-43;
43-50; 50-92; 52; 66; 83; 105-114; 106; 107; 114; 115-120; 126; 141; 156-158; 176; 177-179; 204; 205; 212;
212-214; 218; 223; 227; 229-238; 250; 257; 279; 303-306; 309-311; 311-313; 314; 389; 395; 397; 410-413; 431.
4 Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. – Павлодар: «ЭКО» ЖШС, 2007. – Т. 10. – Б. 7; 9-12;
14; 18-19; 33-34; 36; 39; 40; 45; 46-49; 59; 61; 64; 64-65; 67; 70; 71-73; 97; 106; 110; 114; 115; 116; 118;
124; 128-129; 143-145; 158; 160; 165-168; 177; 191; 192; 194-195; 197; 213; 214-215; 215-220; 226; 230;
236; 241-242; 257-259; 259; 260; 294; 295; 297-298; 299; 300; 302; 305; 309; 313-314; 328; 330; 338-339;
342; 347; 350; 352; 360; 361; 362; 368-370; 371; 381; 390; 394; 397-436.
5 Оралбаева Н. Қазақ тілі / Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. – Алматы: Қазақ университеті,
1993. – Б. 91-93, 51.
6 Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2003. – Т. 2. – Б. 4; 12; 34-36;
42; 46; 61-74; 66-67; 70; 73; 92-93; 101; 111-113;113-114; 114; 114-115; 115; 119; 121; 131; 133; 133-135;
135-144; 164-166; 167; 168; 181; 204; 214-220; 229-230; 242-244;244-246; 311; 315-318; 319-322; 329; 339;
340; 341-344; 344; 350; 357-359; 361; 361-362; 363; 366; 367.
153
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Қазақстанға орыс‑еуропаның рухани
ықпалы. Қазақстанның жері мен табиғи
байлықтарын орыс ғалымдарының келіп
зерттеулері, Қазақстан тарихын зерттеудегі олардың
алғашқы жасаған адымдары қазақ халқының
экономикалық және мәдени тұрмысындағы бір
маңызды оқиға болды.
Қазақстан жерін зерттеу жұмысы Каспий
және Арал теңіздерінің карталарын жасаудан
басталады. Бұл теңіздер жайлы мәліметтер
ертедегі грек және араб жазушылары мен
географтарының еңбектерінде бар еді. Алайда бұл
мәліметтер, XVII ғасырдағы орыс географтарының
материалдарымен, соның ішінде «Сибирь чертеж
кітабында» басылып шыққан Семен Ремезевтің
картасымен толықтырылғанның өзінде де, өлке
жайында толық түсінік бере алмады.
XVIII ғасырдың бас кезінде патша үкіметінің
тапсыруы бойынша капитан Е. Мейер, Каспий
теңізінің суретін түсіріп алып, жалпы суреттемесін
жасады. Каспий теңізі, сондай-ақ Орта Азияны
географиялық жағынан зерттеу ісіне А. Бекович-
Черкасскийдің экспедициясы да бағалы материал
берді; бұл экспедиция Амудария Каспий теңізіне
құяды деген жалған түсінікті теріске шығарды.
А. Кожин мен В. Урусовтың түсірген суреттері
Каспий теңізі жайында қосымша мәліметтер берді.
Табиғат зерттеуші ғалым және саяхатшы
академик П.С. Паллас (1741-1811) Россия ғылым
академиясының көп жерлерді, соның ішінде
Батыс Қазақтанның бір бөлегін зерттеген үлкен
бір экспедициясын бастады. Бұл экспедицияның
жұмысынан кейін академик болған жас ғалымдар
В. Зуев пен Н. Соколов та қатынасты.
XVIII ғасырдың 70-ші жылдарында атақты
саяхатшы академик И. Георги (1729-1802) оңтүстік-
шығыс Россияны, Алтайды, Байқал бойын,
Орал тауларын және Поволжье бойын зерттеді.
Георгидің еңбектерінде Қазақстанның жеке
аудандарының географиялық суреттемесі ғана
бар емес, сонымен қатар қазақ халқының тұрмысы
мен тарихы жайында да мәліметтер келтіріледі.
Осы кезде Қазақстан жайлы бағалы мәліметтерді
академик И. Фальком да жинаған болатын.
Қазақстанды зерттеу үшін XIX ғасырдың
алғашқы жартысында бірнеше ғылыми
экспедициялар ұйымдастырылды. 1848-1849
жылдары Арал теңізін капитан-лейтенант А.
Бутаков бастаған экспедиция зерттеді. Бұл
экспедиция Арал теңізінің жағаларын суретке
түсіріп, ғылыми зерттеу жұмысын жүргізді.
Экспедицияның жинаған материалдары негізінде
Арал теңізінің картасы жасалып, бастырылып
шығарылды. Бутаков Арал теңізінде кеме жүрудің
(1852) негізін салушы болды. 60-шы жылдарда ол
Сырдария мен Амударияның төменгі салаларын
зерттеді. Оның экспедициясына, бұл кезде
Қазақстанда айдауда жүрген, ұлы украин ақыны
Т.Г. Шевченко қатынасты.
Қазақстанның зерттеу ісіне П.И. Рычков
(1719-1777) пен А.И. Левшин (1799-1879) едәуір
үлес қосты. Қазақстан жайындғы бағалы тарихи-
географиялық мәліметтерімен қатар П. Рычков
Кіші жүз бен Орта жүздің Россияға қосылу тарихын
толық баяндады. Бұл өлкенің тарихын, XVIII
ғасырды – XIX ғысырдың алғашқы жартысын қоса
алып, өз еңбектерінде А. Левшин де жазды.
Қазақстанның жерін, тарихын және
этнографиясын зерттеу ісінде орыс саяхатшыларына
қазақ тілмаштары мен жол көрсетушілері де
қолынан келген көмегін көрсетіп, халықтың
тарихы мен тұрмысы жайында ғалымдарға әңгіме
айтып, бағалы географиялық мәліметтер беріп
отырды. Олардың көмегімен жиналған орасан зор
нақтылы материал өлке зерттеу ісін жеңілдетіп
қана қойған жоқ, сонымен қатар орыстың шығыс-
зерттеу ғылымын жаңа мәліметтермен байытты
[1, -Б. 383-384].
XIX ғасырдың алғашқы жартысында Қазақстан
тақырыбы орыс әдебиетінде бірте-бірте көрнекті
орын ала бастады. Егер патша үкіметі, орыстың
помещиктері мен капиталистері қазақ халқын отар
ӘӨЖ 821.512.122.091:821.5:821.16
МӘШҺҮР-ЖҮСІП РУХАНИЯТЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ
Ә.А. ТҰРЫШЕВ
ф.ғ.к., доцент, Халықаралық ақпараттандыру академиясының корреспондент‑мүшесі
ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
154
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
етіп езу мен құл етудің объектісі деп қана есептеген
болса, орыстың алдыңғы қатарлы ғалымдары мен
жазушылары қазақ халқының тұрмысын, салт-
санасын, әдет-ғұрпын, оның бостандық сүйгіш ниетін
сүйе зерттеді. Россияның езілген халықтарының
праволарын қадірлеу, олардың тұрмысын әділ
суреттеу алдыңғы қатарлы, демократиялық орыс
мәдениетінің дәстүрі болып табылады. Бұл дәстүрді
орыс әдебиетінің классиктері А.С. Пушкин, М.Ю.
Лермонтов, ұлы сыншы-демократ, В.Г. Белинский
тамаша айқын бейнеледі.
Қазақстан тақырыбымен шұғылданған орыс
жазушыларының шығармаларында екі бағыт:
реакциялық-шовинистік және демократиялық-
реалистік бағыттар болды Ф. Булгариннің «Иван
Выжигин» (1829) деген повесті, И. Скоблевтің
әңгімелері (1834) қазақ халқын қорлап, кемітеді.
Бұларға қарама-қарсы А.С. Пушкин, В.И. Даль
(Луганский), В.А. Ушаков және басқалары қазақ
халқының ауыр тұрмысын, езілген жағдайын,
оның арманын, орыс халқымен достық қарым-
қатынастарының басталуын адамгершілік тұрғыдан
суреттейді.
Орыстың ұлы ақыны А.С. Пушкин, Пугачев
бастаған шаруалар соғысының тарихына
байланысты материал жинау үшін 1833 жылы
қасына жазушы В.И. Дальді ертіп Орынбор мен
Оралда болды. Сөйтіп ол қазақ халқының өмірімен,
тұрмысымен, ауыз әдебиетінің кейбір үлгілерімен
танысып, «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» поэмасының
сюжетін жазып алды. Баян мен Қозының өмірі,
олардың терең сырлы махаббаты мен күйініштері
ұлы ақынды өте қызықтырады. Өзінің Пугачев
бастаған көтеріліс жайындағы еңбегінде және
«Капитан қызы» деген повесінде ол қазақтар мен
башқұрттардың көтеріліске қатысқанын, қазақ
ханы Нұралының патша үкіметін қолдағанын
көрсетеді. Осы орайда, біз орыс қаламгерлерінің
қазақты орыстарға жеткізіп, таныстырғанын
В.Дальдің, В.Ушаковтың, В.Белинскийдің әдеби
туындылары мен сын-зерттеулері қазақтар
жайынан, қазақтардың әдебиеті жайынан сөз
қозғап отырған. Мұнда да біздің пікріміздегідей
олар қазақ әдебиетінің қасиетін орыстан емес,
өзімізден – даланың тәкәппар ұл-қыздарынан
табады. Қазақ халық әндері жер төсінен шымырлап
шыққан бұлақтай, өрекш-өркеш таулардай
қаздардың қанатына мінгесіп, желмен жарысып
жердің бетін кезетінін баяндаған олар әдебиетімізді
де өз болмысымыздан іздейді. В.В.Радлов: «Қазақ
халық поэзиясының дамуы жоғары сатыға жеткен»
десе, А.И.Левшин: «Қазақ халқының бойынан
біз поэзия мен музыкасының бұлағын көреміз ...
Қазақ қауымы адамның ақын және музыкант боп
туатындығының жаңа бір дәлелі болып отыр»
дейді. Бұдан қалса, С.Г. Рыбаков: «Қазақ поэзиясы
жалпы сапасы тұрғысынан, тілінің анықтығы,
ойларынан бейнелілігі, лирикалық қасиеті жағынан
айрықша дарлана түседі» - деп баға береді
(Ж.Шәкен. Орыссыз қазақ әдебиеті жасалмас па
еді? // Жас қазақ. №7 (59) 24 ақпан, 2006 жыл.).
Пушкиннің, Лермонтовтың, Белинскийдің
шығармалары кавказ бен Орта Азия халықтарының
тұрмысынан алынған тақырыптарға жазған
көптеген жазушылардың шығармаларына әсер
етті. Бұл В.И. Даль мен В.А. Ушаков сияқты
жазушылардың шығармаларынан айқын көрінеді.
Ушаков өзінің «Киргиз-қайсақ» («Қазақ»)
деген повесінде жасында құлдыққа сатылып
кетіп, Виктор Славин аталған қазақтың жетім
баласының ауыр жағдайын суреттейді. Орысша
тәрбиеленіп, білім алсадағы, ол бәрібір көп қорлық
көреді. Славин тек қазақ болғандығынан ғана
орыстың дворянка қызы Софьяға үйлене алмайды.
Софьяның әкесі, князь Любской, қызының тегі
жағынан өзіне тең емес, жат ұлт адамына күйеуге
шыққысы келуіне қатты ызаланып, келісімін
беруден мүлде бас тартады.
Осы повесінде дворяндардың надандығын,
олардың дүниеге көзқарастарының шектеулілігін
батыл әшкерелей келіп, жазушы адамгершілікті
қорғайды. Ол оқушыларының назарын қазақ
кедейінің ауыр тұрмысына аударады: бұл жағдай
жоқшылық пен аштықтың салдарынан өз баласын
шешесінің еріксіз сатуынан өте-мөте айқын көрінеді.
1833-1841 жылдары Орынборда және
Оралда чиновник болып істеген В.И. Даль
қазақ ауылдарында жиі-жиі болып жүреді.
Ол қазақтардың тұрмысы, дәстүрлері мен
әдеттері жайында, ауыз әдебиеті жайында
бірсыпыра очерктер мен әңгімелер, повестер
жазады («Майна», «Түншіл», «Орал казагы»,
«Солдаттың бос уақыты», «Бекей мен Мауляна», т.б
повестер жазады. Бұл шығармаларды Белинский,
Добролюбов, Тургенев жоғары бағалайды.
«Бекей мен Мауляна» деген повесінде адал
және ақпейіл қазақ жігіті Бекейдің ерлігі, оның
орыстармен достығы, өзінің аса қатал әкесі, феодал
155
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Есенгелдіге және зұлым ағасы Жүнкүшікке қарсы
батыл күресі өте көркемдікпен суреттеледі. Әсіресе
өзінің сүйген қызына үйленуге рұқсат етпеген
әкесі мен баласының шайқасуы және жігіттің өлуі
жайындағы беттері есте қалғандай.
В . И . Д а л ь қ а з а қ т ы ң а қ ы н д а р ы н ,
қазақтың талантты жастарын, қазақ пен орыс
шаруаларының достығын қатты ұната көрсетіп,
қазақ феодалдарының қаталдығын, деспотизмін
әшкерелейді, көп қатын алушылықты мінейді.
Қазақ қыздары Мауляна мен Майна қалаға қашып
кетіп, орыс заңынан қорғаныс табуға, өздеріне бас
бостандығын алуға тырысады; Хиуа хандарының
шабуылына ұшыраған қазақтар да орыстардан
келіп көмек сұрайды.
Өзінің жазысқан хаттары мен мақалаларында
В.И. Даль қазақтың халық ауыз әдебиетінің
байлығына үлкен маңыз беріп, орыс пен қазақ
батырлар жырының арасындағы ұқсастықты
көрсетеді. «Татаршылдық» деген мақаласында Даль
патша чиновниктерінің озбырлығын әшкерелейді.
В.И. Даль қазақ даласын ғылыми жағынан зерттеу
жұмысына қатынасады, Орынборда алғашқы өлке
зерттеу музейін ұйымдастыруға көмектеседі.
В.И. Дальдың ру мен ру арасындағы жер
дауларын шешудегі әділеттілігі, қазақ әйелдерін
әменгерлік дәстүрден қорғауы, ақындарға жақсы
қарауы қазақ арасында оның беделін жоғары
көтерді. Сондықтан да Исатай Тайманов Орынбор
губернаторына жазған арыздарының бірінде
онымен Жәңгір ханның арасындағы дауды тергеу
жұмысы Дальге тапсырылуын сұрайды. Бірақ
губернатор, әрине оған көнбейді.
Қазақстан тақырыбына арналған әңгімелер
мен очерктер XIX ғасырдың 20-30-шы жылдарында
орыс газеттері мен журналдарында жарияланып
отырды. Мысалы, 1828 жылы Н. Муравьевтің
«Қырғыз тұтқыны» поэмасы, 1830 жылы А.
Крюковтың «Қайсақтар» деген әңгімесі («Жақып
батыр» повестінен үзінді) жарияланды. Бұл
шығармалар идеялық-көркемдік жағынан алғанда
Ушаков пен Дальдың шығармалары дәрежесіне
жете алмады. Көпшілігін алғанда олар жай еліктеу
ғана болды, олардың бір бөлегінің аймақ тану
сипаты ғана болды [1, -Б. 384 - 387].
XIX ғасырдағы Қазақстан руханияты.
XIX ғасырда Шоқан Уәлиханов, Ыбырай
Алтынсарин, Абай Құнанбаев секілді ойшыл
демократтар шықты. Бұлардың философиялық
және мәдени-ағарту жөніндегі көзқарастары
орыс демократтарының ой тұжырымдарымен
ұштасып, қабысып жатты. Жоғарыда аты аталған
қазақ халқының ірі қалам қайраткерлері жөнінде
жазылған күрделі еңбектерге сүйеніп отырмыз.
Қазақ халқының жазушысы, этнографы
тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлиханов: «Мы связаны
с русским народом историческим и даже кровным
родством. Судьба миллионов людей, подающих
несомненные надежды на гражданское развитие,
людей, которые считают себя братьями русских
по отечеству и поступили в русское подданство,
кажется, заслуживает большего внимания и большей
попечительности в таких решительных вопросах,
которые формулируются в шекспировское: «быть
или не быть», - деп айтқан-ды.
Оқымысты Шоқан Уәлиханов өз халқының
болашағын алдын-ала болжады. Осы арада да ол
өте көрегендігін істеді. Сонымен қатар Шоқан
Уәлиханов орыс халқын тұтас алып отырған жоқ.
Патша үкіметінің итаршысы болған, оның зорлық-
зомбылығын жүгенсіз іске асырған бейбастақ орыс
чиновниктері мен орыстың еңбекшіл халқының
ара жігін ашып, айыра таныған болатын. Өз
тұсында жақын досы Ф. М. Достоевскийдің: «Что
тянуло... офицеров и чиновников в Западную
Сибирь и Казахстан?» - деген сұрағына ол (Шоқан
Уәлиханов): «…желание немного разбогатеть
на обширных просторах независимой Татарии
…обирать киргиз и на их деньги шить жене
померанцевое платье на цитровых лентах…»
- деп ащы мысқылмен жауап берген еді.
Патша чиновниктерінің мінез-құлқын білетін
Ф.М. Достоевский: «…хотя в Сибири холодно, но
чиновникам живется тепло», - деп Шоқанның әлгі
пікіріне үн қосты.
Орыс жазушысы Достоевский «Жасөспірім»
романындағы Версилов бейнесіне Шоқан бейнесін
алған. Тіпті, Құдайдың тылсым туралы ойын
Иван Карамазовтың аузына салып: «Құдайдың»
барлығына күмәным жоқ, бірақ нәрестенің
көз жасы негізінде іргетасы қаланған мынау
әлемді қабылдай алмаймын» - дейді. Кейінгі
бір деректерде Достоевский бауырына жазған
хатта «маған Құран мен Канттың «Таза ойдың
аудармасын орысшадан ба, әлде, французшадан ба
қайсысынан оқығаны» белгісіз мәлім болып отыр.
«Өлілер үйінде естеліктер» атты романындағы
Әли бейнесі өте шынайы суреттелгеніне көзіміз
ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
156
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
жетеді. Панова мен Бахтиннің «Мұхаммед
пайғамбардың өмірі» кітабында да Л.Н. Толстой мен
Ф.М. Достоевскийдің Құдайдың ақиқаттығына,
бар екендігіне қатысты ойлары тегіннен – тегін
айтылмаса керек.
Шәкәрімнің өзі:
Толстой кәпір емес, кәпір өзің,
Дін емес, бәрі алдау айтқан сөзің.
Көңілің соқыр, надансың, бейілің қара,
Нұр, жарығың қалайша көрсін көзің –
- деп Толстойдың Е.Векиловаға жазған хатында
«...Сондықтан мені мейірімді мұсылман деп қана
санауыңызды өтінемін» деп жауап қайтарған
Шәкәрімнің өзі Толстойдан үлгі алып, үй-
ішінен аулақ оңаша жазуға кеткен. (Лев Толстой.
Ясная Поляна, 1884 жыл, сәуір және 1909 жыл
15 наурыз). Шәкәрім орыс – еуропа классиктерін
сүйіп оқыған. Салтыков, Толстой, Гоголь, Пушкин,
Лермонтов, Некрасов шығармаларын аударған.
Шопенгауэрдің ой-толғамдарын, Бичер Стоу
Гарриеттің еңбектеріне ден қойып кейбірін
қазақшаға аударғаны белгілі.
Шоқанның үнемі хат жазысып, хабарласып
тұратын Петербургтегі достары: Ф.М. Достоевский,
А.Н. Майков, В.С. Курочкин т.б. еді. Шоқан
1856 жылы Ф.М. Достоевскийге жазған бір
хатында өзі қызмет істеп, өмір сүріп жүрген
жерін ұнатпай, содан кеткісі келгенде: «Омск
так противен сплетнями и интригами, что я не
на шутку думаю его оставить. Как вы думаете об
этом? Посоветуйте, Федор Михайлович. Как это
устроить лучше?» - деп жазса, тап 1856 жылы
Парижде жүрген И.С. Тургенев Россияға – Л.Н.
Толстойға мынадай хат жазады: «Париж бұдан
бұрын маған мұндай жексұрын көрінген емес еді.
Бұл қалаға өте рахат тұрмыс жараспайды. Мен
Парижді басқа бір жағдайда көріп едім, онда маған
ұнаған болатын...» - деді.
И.С. Тургенев пен Ш. Уәлиханов екеуі бірін-
бірі көрмей білмей-ақ сол 1856 жылы екі қала
туралы жазған хаттары қалай сабақтасып жатыр
десеңізші. Жат елде, бөгде жерде жүрген екі адам
бөтен қалаларда өмір сүріп, соның ойы-қырын
білмегендіктен ұнатпайды. Әрине, жағдайлары
ұйқаспаса да іштей жатырқап, іштері пысып, мүлде
кеткісі келетіндігін баяндайды. Орыс пен қазақ
халқының ардагерлері бірін бірі алыстан ұғысады.
Шоқан Уәлихановтың жас кезінен бастап-ақ
Н.Ф. Костылецкий, Н.И. Дабшинский, Т. Сейфуллин
сияқты Россияның зерделі адамдарымен тікелей
байланыста болуы мәлім. Бұлардың бәрі де Қазан
университетінің Шығыс факультетін бітірген егде
адамдар, жас Шоқанның қалыптасуына айрықша
ізгі әсерін тигізгендер. Екі жақты Шоқан тәрбиесін
жазушы Сәбит Мұқанов түбегейлі көрсетіп, көп
жылдық зерттеу нәтижесін жариялады.
Сол дәуірде Шоқан Уәлиханов көрнекті
ориенталист, тюрколог-профессор И.Н. Березинмен
хат жазысып, пікірлесіп жүрді. Оған себеп болған
И.Н. Березиннің жақын досы өзі әдебиетші-
ориенталист Ф.И. Костылецкий еді. Жер аударылып
Омбыда жүрген тарихшы-ғалым Гансевский де зор
ықпал жасады. Аты шулы әлемге аян ұлы демократ
Н.Г. Чернышевскийдің жас досы, әрі шәкірті,
өзі әдебиетші В.П. Лободовскийдің де құнарлы
әсері тимей қойған жоқ. Ендеше, И.С. Тургеневке
Шоқанның қиырда жатып үн қосуы заңды сияқты.
Өр талантты жас Шоқан Омбыдағы кадет
корпусында оқып жүрген кездің өзінде-ақ
Д. Фонвизиннің, И.А. Крыловтың, А.С. Грибоедовтың,
А.С. Пушкиннің, Н.В. Гогольдің, Яновскийдің,
В.Г. Белинскийдің, А.И. Герценнің (бүркеншік аты
- Искендер); Н.Г. Чернышевскийдің шығармаларын
сарқа оқуы анық, солармен қатар Батыс Европаның
атақты жазушылары Шекспир, Руссо, Карлейль,
Диккенс, Теккерей т.б. орыс тіліндегі нұсқаларын
меңгере білуі даусыз. Орыс елінің көрнекті ғалымы
Н.И. Веселовский қыршын күнінде дүние салған,
оған дейін өзекті еңбектері орыс, ағылшын тілдерінде
жарық көріп, айдай әлемге танылған біздің Шоқан
Уәлиханов жөнінде: «Шығыстану ғылымының
құнарлы өлкесінен жарқ етіп өте шыққан құйрықты
жұлдыз Шоқан еді», - деп, шындықты бүкпей
айтты. Сәбиттің Шоқан туралы жазған романын
«Аққан жұлдыз» деп атауы Н.М. Веселовскийдің
осы мінездемесімен сабақтасса керек-ті. Сол кезде
жер аударылып Омбыда жүрген декабрист Дуров
Шоқанды: «Жұрт таңырқарлық кесек ойлы адам»
деп бағалады. Шоқанмен кадет корпусында бірге
оқыған досы, заманында Сібір ғалымдарының
шамшырағындай болған Г.Н. Потанин: «…у нас с
Чоканом происходили большие споры в его квартире,
каждый раз я уходил от него разобиженным, потому
что чувствовал себя всегда побитым на всех пунктах.
Я все-таки думал, что моя сторона правая, только я не
имею ни тех знаний, ни того искусства, какие были у
Чокана, чтобы спорить с ним», - деп мінездеме берді.
157
Достарыңызбен бөлісу: |