М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет29/31
Дата12.03.2017
өлшемі1,82 Mb.
#8949
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
болыс, тілмәш, би, старшын, елубасы, атшабар, 
онан соң жаңағы қазақтан шыққан ұсақ чиновниктер 
бар,  осылардың  барлығын  барынша  әшкерелеп, 
масқаралап, мінегенін көреміз» [2, -Б. 11]. 
Үшеуіне  де  орыс  отаршылдығымен  келген 
сөздер ортақ: хандық өкімет, құлдық, төре, ақ сүйек, 
аға сұлтан, жалдама, жалшы, кедей, жарлы, қызметші, 
малай, жатақ, шаруа, жұрт, қара халық, помещик, 
дворянин, фабрикант, он басы, мужық, старшина, 
жандарал, сот, старшин, кандидат, болыс, сайлау, 
поштабай, шабарман, майыр, ұлық, әкім, атқамінер, 
мөр, медаль, санат, мекеме, ыштат, закон, қазы, судья, 
ант, айып, дүре, түрме, кісен, дуан, арыз, абақты, 
тұтқын, арест, Сібірге айдау, тергеу, кәтәләшкі, 
прошение, расход, базар, книге т.б. Бұл лексикалар 
Дулат  шығармаларынан  да  орын  алғандығын 
байқауға болады. Шәкәрім мен Мәшһүр-Жүсіп бір 
ғасырды Абаймен бірге аяқтап, екінші ғасырды кеңес 
ақындарымен бірге бастады (Сүтжанов).
ХIХ  ғасырдың  60-шы  жылдарының  орта 
кезінде Қазақстанның Россияға қосылуы аяқталды. 
Қазақстанның  Россияға  қосылуының  аяқталуы 
елімізде  капитализмнің  дамуына  мүмкіндік 
берген 1861 жылғы реформаға және одан кейінгі 
буржуазиялық  реформаларға  дәл  келді.  Бұл 
реформаларды жасауға мәжбүр болған крепосник-
помещиктер капиталистік дамудың талаптарына 
бейімделу жолына түсті. Қоғамдық формациядағы 
түбегейлі  өзгерістер  феодалдық-крепосниктік 
езгіге  қарсы,  патша  өкіметіне  қарсы  орыстың 
демократ  күштерін  тудырды.  Осы  демократ 
мәдениеті  қазақ  мәдениетіне  бірте-бірте  күшті 
әсер  ете  түсті.  Расы  керек,  патша  үкіметінің 
қазақ  даласына  айдауға  жіберген  орыс,  шет  ел 
төңкерісшілері қазақ жерлеріне келіп қайтқан орыс 
жазушылары мен ғалымдары қазақ өлкесін зерттеп, 
қазақ халқын алдыңғы қатарлы мәдениет дүниесіне 
тартудың қамын істеді. 
А.Янушкевичтің  «Күнделіктер  мен  хаттар 
немесе  Қазақ  даласына  жасалған  саяхат  туралы 
жазбалар»  т.б  еңбектерді  қараңыз.  Олар  қазақ 
арасында  өздеріне  лайық  шәкірттер  мен  достар 
тауып отырды. П.П. Семен-Тянь-Шаньский, А.Н. 
Бекетов,  Ф.М.Достаевский,  С.Ф.  Дуров,  Г.Н. 
Потанин  Шоқан  Уәлихановтың  жақын  достары 
бола  білді.  Е.П.  Михаэлис,  Н.И.  Долгополов 
және  басқалары  Абайдың  достары  болды. 
Ыбырай  Алтынсарин  да  өз  заманында  орыс 
ғалымдарының  арасынан  жақын  достар  тапты. 
Қазақтың аса көрнекті ағартушылары, ғалымдары 
және  жазушылары  орыстың  демократиялық 
мәдениетінің алдыңғы қатарлы өкілдерінен тәлім-
тәрбие алды. 
Пушкиннің, Лермонтовтың, Чернышевскийдің, 
Шевченконың және басқаларының шығармалары 
қазақ әдебиетінің дамуына игілікті әсерін тигізді, 
осы  әдебиеттер  демократиялық  дәстүрлердің 
нығаюына  көмектесті.  В.Г.  Белинский,  А.И. 
Герцен,  Н.Г.  Чернышевский,  Н.А.  Добролюбов 
сияқты төңкерісшіл демократтар Россияның езілген 
халықтарының  бостандық  жолындағы  күресіне 
тілектестік білдіріп, оны орыс халқының патша 
өкіметіне қарсы күресімен тығыз байланыстыра 
қарастырды.  Мысалы  Н.Г.  Чернышевский  1861 
жылы «Современник» журналында жарияланған 
«Ұлттық  әдепсіздік»  деген  мақаласында  орыс 
патша  өкіметінің  отаршылдық  саясатына  қарсы 
шықты.  Н.А.  Добролюбов  «нағыз  патриотизм, 
адамзатты сүюшіліктің жеке көрінісі болғандықтан, 
жеке халықтарды жек көрумен сыйыспайды» - деп 
жазды. Украинаның ұлы ақыны Тарас Шевченко 
1847  жылы  Қазақ  жерінде  10  жыл  айдауда 
болды. Оның «Тәңірінің де балтасы бар есігінің 
артында» деген өлеңінен қазақтардың бостандық 
деп  соққан  жүрегінің  рухы  сезілді.  Қазақтың 
аухатты  адамдары  капиталистік  қоғамдық 
формацияның ықпалына түсіп, бейімделу жолына 
түсті.  Ресей  өнеркәсібі  үшін  Қазақстан  шикізат 
өндіретін  рынокқа  айналды.  Қазақстанда  жаңа 
қалалар  мен  орыс  поселкелері  пайда  болды. 
Орыстың  қара  шекпенділері  ағылып  келе 
бастады. Қара шекпенділер Абай, Мәшһүр-Жүсіп 
шығармаларында  да  көрініс  тапты.  Әлеуметтік 
қозғалыс  өзінен-өзі  рухани  қозғалысқа  әкелді. 
Жергілікті тілмаштарды, орыс тілді мұғалімдерді 
даярлау қолға алынды. Патша өкіметіне қызмет 
еткен  қазақтың  зиялы  өкілдерінің  балалары  да 
шыны керек орыс тілін жақтап, орыс біліміне иек 
артты. Ал, патша өкіметінің өкілдері оларға үміт 
артты.  Әлеуметтік-экономикалық  отарлау  орыс 
тіліне деген қажеттілікті тудырды. Бұл-үрдіс ұзақ 
жылдарға созылды. Орыс зиялыларының көптеген 
өкілдері  А.Е.  Алекторов,  Н.И.  Ильминский  т.б. 
патша өкіметінің саясатын жүзеге асыра отырып, 
тілді  зерттеуде,  қазақ  ауыз  әдебиетін  жинап, 
бастыруда көптеген пайдалы нәрселер де істеді. 
Қазақстандағы мәдениеттің дамуына баспасөз 
қатты әсер етті. Патшаның жергілікті әкімшілігінің 

163
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
ресми  ұйымы  болып  табылатын  газеттер  шыға 
бастады.  «Облыстық  ведомостылармен»  қатар 
қазақ  тіліне  аударылып,  Орынборда  «Торғай 
газеті», Омбыда «Дала өлкесі», «Ауылшаруашылық 
листогі» сияқты газеттер өз беттерімен өнеркәсіп, 
ауылшаруашылығын, өнер мен білім мәселелерін 
көтерді.  Ташкентте,  Оралда,  Астраханда  және 
басқа  кейбір  қалаларда  шығарылған  газеттер 
Қазақстан өмірімен азды-көпті байланыста болды. 
Бұл  газеттерде  агротехника,  мал  шаруашылығы 
жайында, жаңадан ашылған мектептер мен қазақ 
халқының  тілі,  тарихы,  этнографиясы,  ауыз 
әдебиетіне қатысты мақалалар басылып отырды. 
Алғашқы  қазақ  тіліндегі  газет  Түркістан 
генерал-губернаторының  орталығы  Ташкент 
қаласында  1870  жылы  жарық  көрді.  Газеттің 
алғашқы  номері  «Түркістан  уәләятінің  газеті» 
деген атпен «Туркестанские ведомости» газетіне 
қосымша  ретінде  1870  жылдың  28  сәуірде 
шықты. Қазақ тіліндегі екінші газет 1888 жылдың 
1  қаңтарынан  бастап  жаңадан  құрылған  Дала 
генерал-губернаторының  органы  ретінде  оның 
администрациялық орталығы - Омбы қаласында 
шықты.  Газет  алғашында  Ақмола  облыстық 
ведмостысына жалғама ретінде (орысша «Особое 
прибавление  к  Акмолинским  областным 
ведмостям»  деген  атпен),  кейін  1894  жылдан 
бастап  Ақмола,  Семей,  Жетісу  облыстарының 
ведмостысына жалғама ретінде «Дала уәләятінің 
газеті» деген атпен (орысша-«Киргизская степная 
газета») жұмасына бір рет өз алдына бөлек шығып 
тұрған.  Газет  екі  бөлімнен  (ресми  және  ресми 
емес)  тұрды.  Ресми  бөлімінде  патша  үкіметінің 
жергілікті  әкімдерінің  қазақтарына  қатысты 
бұйрық-жарлықтар  жарияланып  отырды.  Ал 
ресми  емес  бөлімінде:  ел  басқару,  егіншілікті 
өркендету, отырықшылыққа көшу, мал тұқымын 
асылдандыру, сауда хабары, мәдениетке ұмтылу 
(мектеп  ашу,  дәрігерлік  жәрдемді  күшейту, 
әдебиетті, ана тілін дамыту) т.б. болды. 
Патша өкіметі отарлау саясатын бірте-бірте 
күшейте  берді.  Оларды  ауылдық  мектептер 
мен  медреселер,  діни  оқулар  мұсылманша  оқу 
қанағаттандырмады. Қазақстанның Ресейге қосылуы 
орыс-қазақ тілді школдар мен училищелер ашуға 
мұрындық  болды.  Бұл  мектептер  қазақ  жерінде 
бұрыннан  бар  мұсылманша  оқу  орындарының 
жабылуына  әкеп  соқты.  Оқу  орындарындағы 
шәкірттер саны да аз болды. Орынбор мектебі 19 
жылдың  ішінде  небәрі  48  сауатты  адам  -  қазақ 
зиялыларының  алғашқы  өкілдерін  тәрбиелеп 
шығарды  [3,  -Б.  465  -  476].  Р.  Сыздықова:  Ішкі 
Ордада үкімет школдарында 1891/92 оқу жылында 
небары 160 қазақ баласы оқыса, 1889 жылы 573 
бала  оқыпты.  Бүкіл  Қазақстанда  ХIХ  ғасырдың  
II  бөлігінде  небары  100  шақты  орыс  -  қазақ 
школдары болып, оларда 4000-ға жуық бала оқыған 
(Мәлімет Қаз ССР тарихынан алынған) [4, -Б. 11]. 
Бұл мектептердің қазақ халқының сана-сезімдерінің 
оянуы үшін прогрессивті рөлі зор болды. Қазақ 
халқының мәдени өмірінде кітап басу ісінің маңызы 
зор  болып,  рухани  өміріндегі  ерекше  құбылыс 
болып есептелді. 
Қалай дегенмен ХIХ ғасырдың екінші жартысы 
мен ХХ ғасырдың бірінші жартысында оқу-білім ісі 
анағұрлым алға жылжыды. «Между тем до октября 
1917 г. На казахском языке было издано свыше 900 
названий разнообразной по тематике и содержанию 
печатной продкуции. Тираж 457 из них достигал 
2 192 235 экземпляров» - дейді (Ж.Шалгумбаев. // 
Известия НАН. РК. Серия филологическая, 1994. 
№ 2. 33 с.). 
Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп орыс империясының 
отарлау саясатын: бостандық, жер мәселесі, думаға 
мұсылман өкілеттілігін сайлау, теңдік, бас қосу, 
дұшпан, жау, дін бостандығын ашық айта білді. 
Оның мәнісі мынада, 1905 жылғы Ресейде болған 
төңкеріліс, қанды оқиға да ақындардың ой-өрісін 
өсірді.  Ақындардың  шығармаларында,  олардың 
көзқарастарының  қандай  екеніне  қарамастан, 
өлкенің шаруашылығы мен мәдениетіндегі жаңа 
құбылыстар  бейнеленіп  отырды.  Халық  жерін 
тартып  алу,  қазақ  халқының  феодалдық  және 
отаршылдық езгіге қарсы күресі ақындар жырының 
маңызды тақырыбына айналды. 
М-Ж.  Көпеевтің  «Сарыарқаның  кімдікі 
екендігі?», «Хал-ахуал», «Олжабай» т.б. мазмұны 
мен мағынасы жағынан ел мен жердің тағдырына 
алаңдаудан  туған  шығармалары  болды.  Онда 
хандар мен патша әкімшілік орындарының халық 
жерін  басып  алуына  Сарыарқа  қазақтарының 
жасаған  қарсылығы  мен  наразылығы  кеңінен 
орын алды. М-Ж. Көпеев: «Баласы дін-мұсылман 
ұрандасып,  Қосыл  кісі  санына,  қос  басыңды»  - 
деп ашық айтты (Сарыарқаның кімдікі екендігі?). 
Ол-патша  өкіметінің  «манифесіне»  сенбеді, 
қазақтарды да сенбеуге шақырды. «Манифест бар 
деушілер тұтқын болып, Кесілді еш себепсіз оған 

ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
164
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
жала» - деді М-Ж. Көпеев. Ақын замана тынысын 
бұрынырақ біліп, сезіп отырған сияқты. 
М-Ж.  Көпеев:  «Мың  сегіз  жүз  сол  алпыс 
тоғыздан соң, Қор болып, болмадың ба аяқ асты?» 
- деп жазғанда 1868 жылғы «Уақытша ереженің» 
қазақ еліне әкелген қасіретін айтып отыр. Сонда, 
М-Ж.  Көпеев  нені  білген?  Неге?  1868  жылғы 
«Уақытша ережені» мысалға алған. Соған барлау 
жасап  көрелік.  «1868  жылғы  «Уақытша  ереже» 
мұсылман дін қызметкерлерінің құқығын тежеді, 
сұраусыз  мешіт  салуға,  мұсылман  медіресесін 
ашуға, молдалар мен мешіт пайдасына алым-салық 
салуға тыиым салынды. 1868 жылғы «Уақытша 
ереже»  Қазақстанда  христиан  дінін  таратуға 
бағытталған  бірсыпыра  параграфтар  болды. 
Сол  сияқты  ел  басқарудың  жаңа  системасының 
орнығуы  патша  өкіметі  үшін  жайлы  болды. 
Қазақ  жерін  тартып  алудың  тағы  бір  жалаң 
саясаты жасалды» [3, -Б. 418]. Соның салдарынан 
жергілікті жерлердегі комиссия реформаны жүзеге 
асыра  бастады.  Реформа  қазақтың  бұрыннан 
қалыптасқан, үйреншікті рулық басқару жүйесін 
бұзды.  Құнарлы  жерлер  тағы  да  алынды,  жер 
бөліске түсті. Жердің бей - берекет қайдағы бір 
келімсектерге  берілуі  қазақ  елінің  қарсылығын 
тудырды, кейбір жерлерде патша үкіметіне қарсы 
күрес басталды. Міне, осындай қазақ халқының 
ауыр  жағдайлары  т.б.  оқиғалар  қордаланып 
келіп,  көзі  ашық  саясат  жағынан  қырағы  
М-Ж.  Көпеевтің  1868  жылғы  күрделі  оқиғаны 
сөз етуіне, жазуына түрткі болды. Осы жағынан 
келгенде М-Ж. Көпеев шынында да заманынан оза 
туған демократ ағартушы екендігіне көзіміз анық 
жетеді.  Сондықтан  да,  М-Ж.  Көпеев  манифесті 
орыс империясының кезекті құйтырқысы, қазақ 
елін, жалпы бұратана халықты алдауға арналған 
арандату екендігін түсіндірді. Сөйтіп, шығарманың 
негізгі мән-мазмұнына арқау етті. М-Ж. Көпеевтің 
бұл  шығармасы  қазақ  халқының  арасына  лезде 
таралып,  өзі  де  ушығып  тұрған  жағдайға  отқа 
май құйғандай әсер етті. «Сарыарқаның кімдікі 
екендігі?»  қазақ  халқының  ғана  емес,  күллі 
мұсылман  елінің  саяси  ұранына  айналды.  
М-Ж. Көпеев ақындардың ішінде алғашқылардың 
бірі болып, қазақ халқының бостандыққа, теңдікке 
жетуі үшін, мұсылмандар, бірігіңдер деді. Патша 
үкіметінің  екі  жүзді  саясаты  М-Ж.  Көпеевтің 
шығармасының  негізгі  идеясын  құрады.  Сол 
кездегі  патша  үкіметінің  отаршылдық  әрекетін 
ақын  айыптап,  батыл  сынады.  «Сарыарқаның 
кімдікі екендігі?» кітабы Қазан қаласында басылған 
нұсқасы 1905 жылғы оқиғаны саяси тұрғыдан өте 
сауатты  сипаттап,  сол  кездегі  оқиғаны  көзбен 
көргендей қылып жан-жақты суреттей білген. 
М-Ж.Көпеев  «Байланып  қорыққандықтан 
жүрді  тілім,  Қазағым,  қайран  жұртым,  халқым, 
елім» - деп, қазақтың тарихынан мәселе қозғап, 
бүгінгі  бодандық  халін  Ресей  империясының 
жүргізіп  отырған  саясатын  әшкерлейді.  Қазақ 
халқының  ауыр  жағдайын  бүкіл  дүние  жүзіне 
паш етеді: 
«Біздің  қазақты  үшке  бөлсек,  екі  есесі  жоқ 
есебінде, ал қалайша жоқ десең, жер - су учаске деп 
алды, войске деп бір алды. Бұл екі алыспен ағашты, 
шабындылы жерден қазақ айрылды, суырша жонға 
шығып, жан сақтап жүр еді. Егінге лайықты деп, ол 
жан сақтап жүрген жерлерін мұжық келіп және алды.
Жер-судан айрылып қалған соң,
Өз қонысынан ауған соң,
Еркекте ақыл қала ма?
Біреуден сауын сауған соң,
Ұрғашыда ақыл қала ма?
Ақылдан  айрылып  қалып,  шаруа  малынан 
береке қашып, оның үстіне алым-шағым, земіскі, 
ізбор  деген  қымбаттап,  ел  аралаған  начальник, 
шиноликлардың жалдап мінген аттарының майын 
төлей  алмай  қаңғып  кетіп,  Питербор,  Мәскеу 
барсаң,  орыстың  малайы-қазақ,  Бұхар,  Ташкент 
барсаң  сарттың  малайы-қазақ  …  Патшаға  оқ 
атып, қылыш суырған бір қазақ жоқ. Орыстікіне, 
шиноуликке,  нашалникке  ақша  бергендер  кісі 
өлтірсе де, кешуі болып үйде қалып жатыр, ақша 
бермегендер сүттен ақ болса да, атылып, айдалып 
кетіп жатыр» - деп жазды [1, -Б. 6]. 
Академик Р.Сыздық: «Дулат - Абайға дейінгі 
қазақ ақындарының ішінде жазба поэзияға біртабан 
жақын  келген,  Европа  мен  орыс  мәдениетінде 
классикалық  поэзия  деп  аталатын  өлең  сөздің 
біраз белгілерінің қазақтағы бастауын танытқан 
ақын» - дейді (Абай және қазақтың ұлттық әдеби 
тілі,  «Арыс»  2004.  –Б.  582).  Дулаттың  осындай 
классикалық  поэзия  үлгісінің  біраз  белгілерін 
Абайдан кейін қабыл алған Шәкәрім мен Мәһүр-
Жүсіп Көпеев деуге де болады. Дулат және Мәшһүр-
Жүсіп  Абай,  Шәкәрім  Ресей  империясының 
дәуірлеп тұрған заманында өмір сүрді. Бір жағынан 
Ресей өкіметінің, екінші жағынан жергілікті жердің 
патша  өкіметінің  өкілдерінің  қыспағын  көрген 

165
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
қазақ  халқының  тағдыры  бұл-төртеуін  әрине 
бей-жай  қалтыра  алмады.  Ресей  империясының 
бодандық  әрекеті  қазақ  халқының  әлеуметтік-
экономикалық,  мәдени-рухани  жақтарын  да 
қозғады.  Бұл  саясат  қазақ  халқының  оянуына, 
алдыңғы мәдениетке ұмтылуына да әсері қатты 
болды. Бұлардың шығармаларының мән-мазмұны, 
идеялық  қазығы  орыс  отаршылдығына  дейінгі 
ақын-жырау  дәстүріне  иек  артқанмен  заманына 
қарай  басқа  бағыт  алып,  басқа  идеяларға  толы 
болды. Осы кезеңдегі халықтың ауыр тұрмысын, 
рухани мәдениетін жырлау осы-төртеуінің еншісіне 
де тиді. Сөйте тұра, олар - орыс-еуропа мәдениетінен 
көп үйренді. 
М-Ж.  Көпеев  «Аспан,  жер  және  адам 
жаратылыс туралы» еңбегінде: Платон - (Жүсіп 
қолданысында  Аплатон)  хакім  ақылына  сенді: 
«Өлмеймін!»  -  деді,  кәне,  өлмей  қалғандығы?! 
Ендеше  сен  маған  құдай  ақыл  берген  екен, 
ғылым, білім берген екен деп, ақылыңа, ғылым, 
біліміңе  сенбе!  Сенгіш  болсаң  құдайыңа  сен!  - 
деп Аплатонның ақыл туралы кейбір қағидасына 
өзінің  пайымдауын  айтады.  Құдай  жоқ  деген 
сол  уақыттағы  қағиданың  қате  тұжырым 
екендігін, Джордана Бруно, Коперниктердің ой-
тұжырымына сүйенеді. Орыс сыншысы Виссарион 
Белинскийдің  туған  өлген  жылын  (1810-1848) 
көрсетіп,  өз  тұсында  замандастарынан  басып 
озған,  арттағыларына  ұстаз  болған  орыстың 
атақты, ірі әдебиетшісі, тарихшысы деп жазды. Ол 
айтқан пәлсәпа: «Дүниеде, бір-ақ жалпы тіршілік 
бар, - дейді, - жеке заттар, жеке көріністер туады, 
өледі, кетеді, - дейді. - Бірақ тіршілік еш уақыт 
өлмейді,  ешқайда  кетпейді.  Толқыннан  толқын 
туады,  толқынды  толқын  қуады.  Толқынмен 
толқын  ауысады.  Бір  толқынның  орнын  екінші 
толқын басып, ауысып, өзгеріп жатса да, түпсіз 
тереңдеп  я  әлі  күнге  орнында,  әлі  күнге  тірі 
қозғалады, ұшы - қиыры жоқ ауданды кең бесігінде 
толғанады». Осы сөзге менің жаным ырза болды, 
оны  орыс  деп  айту  жарамайды,  «ерсің!»  -  деп 
сөйлеу  керек»  -  дейді.  В.Белинскиді  қазақшаға 
аударып, оның айтқандарынан философиялық ой 
түйеді. Оның Лермонтовқа, Гогольге, Гончаровқа 
берген бағасын, әдебиет сыншысы екендігін дөп 
басып  айтады.  В.Белинскийдің  «Московский 
наблюдатель» (1838-1839 жылдары) журналындағы 
сын  мақалаларын  оқығандағы  ақынның  өзіне 
қажетті  жерін  жазып  алып  қазақша  аударғаны 
байқалады (З.Қабдолов, С.Қыйрабаев, А.Нұрқатов. 
Қазақ әдебиеті, 2 бөлім. ОМБ, 1955. - б. 6-18).
«Сарыарқаның кімдікі екендігі» кітабындағы 
орыс  революциясы  туралы  айтқандары 
революционер  демократ  В.  Белинский 
шығармаларын оқыған кейін туған ой болуы әбден 
мүмкін.  Дарвиннің:  «Талай  замандар  өткенде, 
биттей көзге ілінбейтін бір бүршікті құрттан мал, 
құс,  аң,  ағаш  сияқты  жәндіктер  мен  өсімдіктер 
шығады»-деп «Құран кәрімдегі» адам топырақтан 
жаратылған  деген  оймен  сабақтастырады.  Жер 
бетіндегі тіршіліктің пайда болу көзін анықтайды. 
Немесе,  ақын  Мәшһү-Жүсіп  Көпеев  Михаил 
Баскиннің:  «Әлем  жүзіндегі  барлық  нәрселер 
тоқтаусыз қозғалып, өзгеріп отырады. Осы күнгі 
қап-қатты болып тұрған жеріміз бір кезде даулдап 
жанып тұрған отты зат болған. Нешелер замандар 
өтіп  сырты  суый  бастаған  соң,  осы  қалыпқа 
келген»  -  деген  сөзін  келтіріп,  өзінің  кейбір 
шығармаларына  арқау  еткен.  Затаевичтің  қазақ 
әндерін ел аралап жазып алғанын: «Затаевичтің 
қазақтың әнін жұрт көзіне түсіргені» - деп үлкен 
баға береді. «Адам мен жұлдыздар арақатынасы» 
деген еңбегінде Жилинус сөзінің дұрыстығына ден 
қояды.  Жилинус  атанған  бір  данышпан  айтқан: 
«Һауа түзу бұзылмаған уақытта өзі жүруге жарамай 
қалған жан арбамен болса да, күнде бір қабат таза 
ауада жүруді ғадат (әдет) қылсын!» - деген ғибрат 
сөзіне  құлақ  асады.  Мұндай  мысалдар,  Мәшһү-
Жүсіп  шығармаларында  өте  көп  кездеседі.  Біз 
ақынның орыс-европа ойшылдарын, зиялыларын, 
биологтар  мен  философтарын  оқығандығын, 
еңбектерін оқып қана қоймаған, шығармаларына 
арқау  қылып  пайдаланғанын  тағы  бір  мәртебе 
шегелеп айтқымыз келеді.
Мәшһүр-Жүсіптің  Л.Толстой,  А.Пушкин, 
М.Лермонтовтың  шығармаларымен  таныс-біліс 
болғанын, олардан үйренуге шақырғанын әр кезде 
жазғандарынан  білеміз.  Осы  орайда  Қазақ  ССР 
Ғылым  акадаемиясының  академигі  М.  Қаратаев 
мынандай  бір  қызық  факті  келтіреді:  «Бірінші 
бағыттағы халықтық ақын-жазушылар Пушкинді 
Абай дағдысымен ұнатып, шамасынша оқып, қазақ 
тіліне аударып келді ...» - дейді Мәшһүр-Жүсіп 
туралы жазғанында (М. Қаратаев. Туған әдебиет 
ойлары.  ─  Алматы,  1958.  ─  114  б.).  Осыдан  ой 
түйетін  болсақ,  аударма  белгісіз  ақындікі  емес, 
М-Ж. Көпеевтікі екені сөзсіз. Өйткені, Мәшһүрдің 
өзі де орысша әжептәуір білген ғой. Бұл мәселе әлі 

ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
166
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
де зерттей түсуді қажет етеді» - дейді С. Дәуітов 
(Мәшһүр-Жүсіп  Көпеев.  Таңдамалылары,  1990. 
─ 17 б.). Біз де осы ойға толығымен қосыламыз. 
В.Г.  Белинский  шығармасын  оқыған  ақын,  А. 
Пушкин,  М.  Лермонтов  өлеңдерін  аудармады, 
білмеді деп айта алмаймыз. Осы орайда, Мәшһүр-
Жүсіптің 1176-шы қолжазбасынан Пушкин туралы, 
Конфуций, Сократ, Платон, Сағдиді Еуропа, орыс 
оқымыстылары да біледі деген сөздерді оқыдық. 
Демек  ақынның  орыс-еуропа  әдебиетін  білгені 
айдан  анық.  Абайдың  «Екінші  сөзінің»  мән-
мағынасына Мәшһүр-Жүсіптің қазақтың мұңын, 
орыс  империясының  отарлау  саясатын  әшкере 
еткені, қазақты жалқау деп сынағаны бір-біріне өте 
ұқсас екендігі айтылып өтті. Сол сияқты ауылдың 
атқа мінерлерін сынауы, тұрмыс-салт, әдет ғұрыпқа 
байланысты,  өнер-білімге,  ғылымға  шақырған 
өлеңдері, батыстан, шығыстан, орыстың ғылымын, 
тілін білу керек деген өсиеттері де аз емес.
Мәшһүр-Жүсіп  «асыл  жақ»  туралы  былай 
дейді.  «Жағырафияда  мұндай  сөздер  айтылмай, 
бұлардың  орнына  шырық,  ғырып,  шымыл  һәм 
жынып оң. Бұларға «асыл жақ» - тегіс жер жазықта 
туып жан-жығымызға қарасақ, айналамызда көк 
пен жер тұтасқан сияқты көрінеді. Сол көрінген 
дөңгелекті  «Нықта  шарабы»  (шырасы)  дейді. 
Асыл жақтың араларында болған жерге «туынды 
жақ» - дейді. Хыритаға (картаға) қараған кісінің 
оң  жағы  «шырық»,  сол  жағына  түскен  шепті 
«ғырып», жоғары жағы «шымыл», астыңғы жағы 
«жыноб»  болады.  Күн  әр  уақытта  бір  жерден 
шығып тұрмағандықтан, күннің шығысы мен асыл 
жақты белгілеуге қатысы (қақысы) болғандықтан, 
Темірқазық жұлдызымен белгілеу анық болады» - 
деп жазады [5, 221]. 
Мәшһүр-Жүсіп жер бетіндегі халықты бөлмей 
бәрі біріне-бірі қарындас деген. Мысалы: «Дүние 
барша кісілердің ортақ орны болып, адамдар бір-
біріне қарындас болғандықтан, әр-қайсысының 
халінен  хабардар  болғандықтан,  кісінің  қадірі 
әлбетте  артық  болады»  -  дейді  [5,  220].  Бұл 
–  сөзіне  өзі  зерттеген  мына  жайттар  да  әбден 
дәлел  бола  алады.  Ең  алдымен  Мәшһүр-Жүсіп 
орыс-еуропа мәдениетін жетік білген бе? Соған 
біраз  шолу  жасалық.  Мәшһүр-Жүсіп  Көпейұлы 
орыс-еуропа  әдебиетін  өте  жетік  білген  деп 
нық  сеніммен  айта  аламыз.  Оған  біздің  көзіміз 
жетті. Сөзіміз дәлелді болу үшін мына төмендегі 
бірнеше мысалдарды келтіреміз. Кезінде академик 
Мұхаметжан  Қаратаев:  «Кейінгі  кезде  белгісіз 
ақындардың аударып ел арасына тараған «Евгений 
Онегиннің» үзінділері табылды. Мәшһүр - Жүсіптің 
қолжазбаларының ішінде белгісіз ақын аударған 
Пушкиннің кейбір өлеңдері шықты» - деген еді 
[6, 117]. Әрине, бұл пікірге кейбір ғалымдармыз 
күдікпен қарап келгені де рас еді. Мәшһүр-Жүсіп: 
1917  жылы  алған  әйелін  өз  ықтиярымен  үйіне 
апарып  салады.  Сонда  жолдастары  мұныңыз  не 
дегенде «Оның ойнап күлетін жас өмір, жас шағы. 
Менің қартайып тоқтаған уақытым. Келешегі бар, 
жас  өміріне  кеселім  тимесін!  –  деп  босаттым! 
-  деп  жауап  берген  екен.  Және  де  айтатын  еді: 
-  «Онегин,  Татьяна  әңгімесін  байқамадыңдар 
ма? Жас пен кәрі еш уақытта да жолдас болып, 
жақсы өмір, қызық дәурен сүре алмайды» - деп [7, 
321]. А.Пушкиннің «Евгений Онегин» поэмасын 
мысалға келтіреді. Енді бірде ақын: «[А.С. Пушкин 
өлеңі] Пушкин сөзі деп біреу жазыпты: Қаңғыдым 
жан қинадым шындықты іздеп» - деп жазып алған 
[8, 290]. 
В.В. Радлов туралы Мәшһүр-Жүсіп «... Бұл 
ғылым білімнен бастап, мұнан былайғысы бұрын 
қағаз жүзінде нұсқа болып жазылмаған. Үш жүздің 
ішінде кеудесі хат болған Қаракесекте – Бердәлі 
қожа,  Қанжығалыда  –  Саққұлақ,  (Әлике)  Лике- 
Байдалыда Аққошқар – Сайдалының Аққошқары 
– сондай қазақ жақсыларынан естуіменен Мәшһүр 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет