Иүсіф (Иосиф – Ә.А.) Көпеевтің қағаз жүзіне
тахырия қылып, оһым өз зиһынан жасалған сөзлерді
мыхымұх міркіб қылып кейінгі заманға жәдігер
(иадкер) үшін жад әуелі басы Василий Васильевич
Радловтың жинаған сөзі – қазақ әдебиетлерінен»
- жазған [11, 16]. Немесе, «Жетпіске жетіп, жер
таянып отырған біздердің тумай тұрып қалған
күнімізде неміс жұртынан шыққан Василеиш
Радлов қазақ әдебиетін жинап бастырған екен.
Біз жазайық деп отырған сөзіміз сонан алынған.
«Қазақтың түбі» деп, Васили Василиш Радлов
баспаға бастырған» - деп жазды (ОҒКҚҚ, №1177
папка, 279 бетте) [7, 400-401],
Мәшһүр-Жүсіп «1810-1848 жылдардың
арасында тіршілік қылған Виссарион Белинский
- өз тұсында замандастарынан басы озған,
арттағыларына ұстаз болған орыстың атақты,
ірі әдебиетшісі, тарихшысы. Ол айтқан пәлсапа:
«Дүниеде, бір-ақ жалпы тіршілік бар, - дейді, -
жеке заттар, жеке көріністер туады, өледі, кетеді,
- дейді. –Бірақ тіршілік еш уақыт өлмейді, ешқайда
167
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
кетпейді. Толқыннан толқын туады, толқынды
толқын қуады. Толқынмен толқын ауысады. Бір
толқынның орнын екінші толқын басып, ауысып,
өзгеріп жатса да, түпсіз тереңдер я әлі күнге
орында, әлі күнге тірі қозғалады, ұшы-қиыры
жоқ ауданды кең бесігінде толғанады». Осы сөзге
менің жаным ырза болды, оны орыс деп айту
жарамайды, «ерсің!» - деп сөйлеу керек. Дарвин
айтады: «Талай замандар өткенде, биттей көзге
ілінбейтін бір бүршікті құрттан мал, құс, аң, ағаш
сияқты жәндіктер мен өсімдіктер шығады» - деген.
Үшінші сөз Михаил Баскин сөйлеген: «Әлем
жүзіндегі барлық нәрселер тоқтаусыз қозғалып,
өзгеріп отырады. Осы күнгі қап-қатты болып
тұрған жеріміз бір кезде дауылдап жанып тұрған
отты зат болған. Нешелер замандар өтіп сырты
суый бастаған соң, осы қалыпқа келген» - дейді
[9, 56]. Мәшһүр-Жүсіп тек қана оқып қоймаған
көңіліне жаққан сөздерді қойын дәптеріне жазып
қойған және де өзінің ойын пікірін де ашық
айтқан. Айталық, Мұсабековтің рақмет ғұмұмия
дегені, Дарвиннің тұрмыс – тартысын сөйлегені,
Виссарион Белинскийдің: «Толқынды толқын
қуады – дегені, Мұхтар Әуезовтің осы жүрген
жандарды: «Босқа еріп жүрген соқыр» - дегені,
оның ішінде «Ақын – жынды қатын» - дегені,
Михаил Баскиннің: «Бұл жүрген жанның көбі
басы жоқ мұжық» - дегені, Затаевичтің қазақтың
әнін жұрт көзіне түсіргені. Бұл сөздерге қол
қойған – Мәшһүр Жүсіп Көпей баласы» дейді [9,
60]. Жилинус атанған бір данышпан айтқан: «Һауа
түзу бұзылмаған уақытта өзі жүруге жарамай
қалған жан арбамен болса да, күнде бір қабат таза
ауада жүруді ғадат (әдет) қылсын!» - деген [10,
26]. Сол сияқты, 1828-інші жылда 10 сентябрьде
туып, 1910-жылда 20-ыншы ноябрьде өлген – Лев
Николаевич Толстой: 1801-1851-інші жыл туған
жаннан 30 жас үлкендігі бар 82 жаста қаза тапқан»
- депті [11, 180]. Бұл - ақынның орыс-еуропа
әдебиетін, философиясын, географиясын көп оқып,
тоқығандығының белгісі, дәлелі болып табылады.
Мәшһүр-Жүсіп: ««Л.Н. Толстой және басқалар
айтқандары» - дегенде: Адам баласынан – озған күн
жоғалмаса, аты жоғалмайтын Лев Николаевич
Толстой «Ұят-ай!»- деген мақала жазды: «Біз адам
емес пе едік?» Ұят біздің белгіміз емес пе еді?
Осы жалғыз белгіден айрылып, ана төрт аяғынан
сыйынған аталарымыздың аулына қайтқанымыз
ба?!» - деп. Адам баласының сөлекеттік қылған
ісін-«Хайуандықпен қылған ғой»! – деуге болады.
Ғылымды, білімді болған затлар бізді қанша
жоғары тартса да, біз тырысып, ащыға қашқан
түйедей, төрт аяқтының аулына қайтып жатырмыз.
Орыс жазушысы Салтыков «Түзулік пен шошқа»
- деп, мақала жазған: «Түзулік, сен: «Күн бар»!
– дейсің, рас па, мен көрмеген күнді сен қайдан
көрдің?» - деп шошқа түзулікті балтырдан алған.
Сонда түзулік айтқан:
- Шошқа, сені Құдай жаратқанда, жоғары
қаратпай жасатқан. Сен күнді осы себеппен көрмейсің.
-Есті (ыссы) күнде көретұғын, жұрта көрсетіп
тұрғандар, балтырды басқаға бере беріңдер! – деген.
1910 – ыншы жылы опат болды дума
члены Василий Иван Королев. Бұл төрт жыл
Шилисбилпорых абақтысында отырып, ғұмырынша
Сібірге айдалған еді.
1910 – ыншы жыл жазғытұры үшінші (3-інші)
дума, государский думаға дін құрдастығы туралы
Закон жобасы қаралды. Сонда Королев докладчик:
«Дін бәрі құрдас (кордас) дінге бостандық, Құдай
жолы-адам көкірегінде. Бұған ешкімнің таласы
жоқ!» - деп.
Думаның оң жағынан бір депутат:
- Каторжник! - деп, жуандық қылып, Королевтің
бетінен алды. Осы надандық, әдепсіздік қылған
депутат бір поп еді. Қазақшаға тәржімә қылсам,
қажы деуге зор ұқсайды. Сонда Королев айтты:
- Рас, мен абақтыда отырдым, айдалдым да,
міне, сендердің государский думаға отырғандарың
– осы мен атқарған істің аяғы. Мен бұған
мақтанамын! - деп. Осы Королевтің попқа берген
жауабы би бетінде тасқа жазулы.
- Королев өлгенде, 3-інші Уфа губерниясынан
депутат мола Тоқаев жас әйел баласына ұстатып гүл
әкеліпті. Дүйсекең бұған не айтар? Қажы Дүйсекей
осы Королев, Потанинмен бір қос болмай:
- Сенімен бір жүріп, тозаққа кетірейін бе?!
Жақынға қас қылған Қабыл мен Яһуданың қайда
екені белгілі еді. Бұларға да бір атшы керек қой!
Жолың болсын! – «Қыр баласы» баласы. Қазақ
ішіндегі надан қажылармен айтысу жарамайды.
Бәрінің сыбағасына осы сөз де жетерлік сөз. Рахмет
«Қыр баласына!»- Анадан бала туса, осындай ту!
(Қыр баласы - Ә.Бөкейханов -Ә.А.)
54-інші номер «Қазақ» газетасында басылған
сөз: «Күллі дүниедегі қажыларға тартылған бір
табақ».
ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
168
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
1914-інші жылында, апрельде біздің
қолымызға келді» - деп Ресей тарихынан көптеген
тарихи мәліметтер келтіреді. Егер де Мәшһүр-
Жүсіп орысша білмесе, оқымаса, саяси сауаты
болмаса онда осыншама деректерді қалай білген
деген заңды сұрақ туады. Осы сұрақты сейілту
мақсатында да және Мәшһүр-Жүсіптің тек қана
түркі тарихын ғана біліп қоймай, орыс-еуропа
тарихын да жетік білгендігінің нақты дәлелі деп
білеміз [12, 198-199].
Мәшһүр-Жүсіп «Әбілғазы ханның шежіресін»
жете зерттеп тарихына тоқталады: «Оның сөйлеген
шежіресін Яуропа жұрты атам заманда перуаттап
алған, Вельяминов‑Зернов жазған тариқтан
көдедей көп Николайдың әкелері Александр
патша француз тілінен орыс тіліне айналдырып,
Казимбекке перуатдатқан. Сол Казимбек
баспасынан алынған сөз – «Уыз хан шежіресі».
Мұны «Әбілғазы хан шежіресі» атаған [12, 397].
«192? –ншы жылдың 21-ші ноябрінде жеке
басылған «Еңбекші қазақ» газеті №2-нші нөмірінде:
«Ескі заманның мәдениетінен мәжнүн есалаңдар
безеді, депті. Оны Маркс айтты дегенге келеді.
«Сотқа сот қосылса -салмасын, сөзге сөз қосылса
- демесін». Бұл мәдениет ертегіні жаздық. Сайрам
қаласының мешітіндегі тас бағанды орнатқан
кім екенін жазам» [12, -Б. 416] - деп ақын ескі
мәдениеттің керек екендігіне ден қойып, Маркс
ілімін жақтайды. Және «мәдениет» - деген терминді
ХIХ ғасырда бірінші қолданған да Мәшһүр Жүсіп
екендігін ескерте кеткенді жөн көрдік.
«Таудан мұраттау түгел шағыр Некрасов
айтқан: «Бәрі жердің астында көмілгенде, жоқ
үміт және сонда жылар да жоқ, қаны қатқан, әлі...
жүз ел ғұмыр ит һимна үмітте бол. Век живи, век
надейся. Үмітсіз шайтан – ғалия лағын» - деп
жазды Мәшһүр-Жүсіп [13, -Б. 3].
Мәшһүр-Жүсіп: «Мәдени халық қасында
дүние халінен хабардар болған, болмаған кісілер
өз ортасының халін білмеген кісілер ақымақ
кісіге есеп қылынады. Бұлай болса қадар[и] көп
халықтың халін білуге бола ма? Болады. Оның
үшін жағырафия оқуы керек. [Жағырафия] жайын
үйреткен білімге орысша география деп, бұған
шейін жазылған сөздер жағырафияның керекті
бір ғылым екенін білдіру үшін жетсе керек.
Жағырафияның мектеп, медреседе сабақ болып
оқылып, жағырафия [ны] медреседе оқытуға
бола ма? Жас балалар мектеп, медреседе оқудан
пайда қыла ала ма? Бұл сұраудың жауабына көп
сөз жазуға орын жоқ. Мәдени жұрттар өнер, дін
мектептердің программ [сы]на жағырафия қосып
отырғандығы жетеді. Рум, Сияһым, Түркияда
болсын, жалпы Еуропада болсын – жағырафия
оқытылмаған ешбір мектеп жоқ. Бастауыш, орта,
жоғары медреселерде сауда әр дін мектептерінің
әрбірінде өздерінің дәрежесіне қарай жағырафия
оқытылады. «Жағырафияны мектепте оқуда
пайда жоқ» - деу басқа ғылымды, халықтарды
ақымақ деген болады. Олай деу [дің] өзі –
ақымақтық. Жағырафия адамды өткірлендіреді,
ойын нұрландырады һәм Отанын сүйгізеді, басқа
пәндерді білуге себепші болады. Әсіресе тарих
ғылымының негізі дін ғылымына да қатынасы бар.
Бұрынғы пайғамбарларымыз қай жердегі халықты
иманға шақырғаны жағырафиямен білінеді.
Олай болса, жағырафия оқығаннан кісі Алланың
құдіретіне көңіл нығырақ сенеді» - дейді [5, 220-
221]. Мәшһүр-Жүсіп «мәдениет» - деген терминді
ХIХ ғасырда тұңғыш қолданғанын атап өткеніміз
орынды деп санаймыз.
Бұдан әрі Мәшһүр-Жүсіп жағырафия – бек
кең ғылым болып бірнеше бөлімге айрылады» -
деп жағырафия (география) ғылымының дінмен
қатысын айқындайды және Алланың құдіретін осы
– жағырафия арқылы өте жақсы тануға болатынын
жазады. Жағырафия пәні бала мінез-құлқымен
тығыз байланысты екенін, мектептерге ғылым
ретінде енгізу мәселесін де ең алғаш көтерген
Мәшһүр-Жүсіп. Мәшһүр-Жүсіп жағырафияны
бірнеше атақты бөлімдерге: жағырафия риазы,
жағырафия табиғи, жағырафия сабасы, жағырафия
тарихы, жағырафия риазыны (екі рет жазыпты
– Ә.А.) бөледі. Және олардың ара-қатынасын
ажыратып береді. Жердің форымы үлкендігін
үстіндегі күрзі себетін сызықтарды Күн мен
Айға Жердің жырақтығын білдіреді десе, табиғи
жағрафия: жер үстінде болған таулар, сулар,
ағаштар, адамдар һәм хайуандарды білдіреді, ал,
саяси жағрафия: жер жүзінде болған патшаларды,
ол патшаның қол астында болған мемлекет
һәм шаһарларды білдіреді, тарихи жағырафия:
бір мемлекетте бұрынғы заманда болып өткен
қауымдардан, яки бұрынғы қауымдардың қай
жақта тіршілік еткендігін білдіреді дейді. Сол
сияқты, Мәшһүр-Жүсіп географиялық терминдерді,
ономастикалық терминдерді қазақшалаған алғашқы
адам болып табылады. Және де қазақшалағанда
169
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
сол уақыттың орфографиялық нормасына сай
термин жасаған. Оны төмендегі келтірілген нақты
деректерді оқығанда көзіміз жететін болады.
Мысалы, Мәшһүр-Жүсіп: Жердің үстінде
бірдей қылып екіге бөлген бір сызық бар. Ол
сызық күннің жүретін жолын орысша «экватор»
- дейді. Оны екіге бөліп: Бұл бөліктің бір жағына
– сол жақ жарты, екіншісі – оң жақ жырты.
Жерді хыритаға (картаға) түсіргенде, сол жағы
жоғары қарайды, оң жағы төмен қарайды. Күннің
жүретін жолы қатты: ыстық болады. Екі жақ шет-
ыстықтығына қарағанда, беске бөлінеді. Ыстық
жер-күннің жүретін жолының әр екі жағынан 9440
шықырымнан болады. Екінші орта жер – ыстық
жердің әр екі жағында 4490 шықырымнан болған.
Жерорта әуелі сол орта, әуелі жерден екі жақ
қарай болған суық жер дейді. Құрғақ дүниенің
бөлімдері. Жер үлкен беске бөлінеді. Олардың
әрқайсысыг бөлім дейді. Олардың аты мыналар:
Еуропа, Азия, Америка, Аустралия. Бұлардың
әуелгі үшеуін де «Ескі дүние», соңғы екеуін де
«жаңа дүние» - дейді. Бұл бөлімдердің құрғақ
жерлері әр түрлі аталады. Айналасы су болған
құрғаққа Арал дейді. Сондай құрғақтар бір-біріне
жақын көп болса: «Аралдар»-дейді. Бір жағы
құрғаққа тұтасып, үш жағы су болса: «Жартыарал»
- дейді. Жартыаралдың құрғаққа тұтасқан жері
жіңішке болса, «Бірзық»; қазақша «Мойын» -
дейді. Құрғақтың теңізге сүйір болып шыққан
жерін «Тұмсық» - дейді. Жердің үстінде жоғары
көтерілген биікке тау дейді. Төбесінен от түтіні
шығып тұрған тауға «Жанартау» дейді. Таудың
үсті тегіс болса: «Иайла»-дейді. Таусыз жерде
болған тегіске «жазық» дейді. Егін, шөп өспейтін
құмды жерге «шөл» дейді. Судың бөлімдері
дүниені айналып алған үлкен суларға: «Тысқы
теңіз (деңіз)» - дейді. «Сол жақтағы мұз теңізі»,
«Оң жақтағы мұз теңізі». Үлкен теңіз –Һинді
теңізі, Атлас теңізі – теңіз аталып, беске бөлінеді.
Бұлардан айрылып құрғақтың ішіне кірген
сулар... «Ішкі теңіз»-дейді. Бір жағы суға тұтасып,
үш жағы құрға[қ] болған суға «Гүрпаз» дейді.
Гүрпаздың пароход тоқтауға жасалған орнына
«Лимін» - дейді. Екі судың қосылған тар жеріне
«Қылма» - дейді («бұғаз» дейді). Егер ол су адам
күшімен қазып қосылған болса: «Канал»-дейді.
Бір жерден екінші жерге ағып тұрған суға «Өзен»
дейді. Өзеннің шыққан жағын: «Мынбых», құятын
жағын: «Мынғып» (мынсып) дейді. Өзеннің құятын
жағына қарсы қарап тұрған кісінің оң жағы – судың
оң жағы – кісінің сол жағы. Судың сол жағы биік
жерден ағып түскен суын: «Ғышалла» (хышалла)-
дейді. Құрғақтың ортасында ақпай тұнған суға:
«Көл» - дейді. Бес бөлімнің әр бөлімдері бірнешеге
бөлініп, әрбір бөлігі бір патшаның қол астында
болады. Сол бөлімдердің патша қол астында болған
жерін: «Патшалық жер» - дейді. Патшалардың
тұрған шаһарын: «Астана» - дейді. Қазіргі «Астана»
қаласының атын еске түсіріңіз.
Жердің үстінде болған топырағын һәм суларды,
патшалық шаһарларды айырып көрсеткен қағазға:
«Харита» (карта) - дейді. Әр патшалықты қағазға
түсіріп, [ол] кітап сияқты түптелген болса: «Атлас» -
дейді. Жердің домалақтығын жасап қағазға түсірген
нәрсені креміс (глобус) [дейді]. Сол жерді екіге
жарып көрсеткен қағазға: «Кіремстиға» - дейді.
Жер жүзінде миллиард алты жүз миллион халық
бар. Бұлардың тірісінің түсіне, бетінің қияпаиына
қарап, 3 түрге бөлінеді. Бірінші-ақ, екінші-сары,
үшінші қара түсте келеді. Ақ түсте – бұларға
Еуропада, Азияның күнбатыс жағында, Африканың
сол жағында, Американың әр жерінде тұрушы
адамдар. Бұлар ғылдауандарда ең ілгері халық.
Екінші Сары түсте келеді. Бұлардың ескі қонысы
Азияның күншығыс жағы болса да, осы көне Азия,
Еуропа, Америка һәм Аустралияда бар. Бұл үш
түрде басқа Американың тұрған елі – қызыл түсті
һәм Аустралияда тұрған Мализ жұрты. Бұлар
сарыға қосылады. Осы адамның тіршілігі. Адамның
тіршілігі туралы дүние жүзіндегі кісілер тіршілік
жағынан үшке бөлінетінін де жазып кеткен.
Мәшһүр-Жүсіп дін туралы жер жүзіндегі
адамдар дін жағынан екіге бөлінеді. Бірі – Құдайды
бір дос (дош), бірі Құдайды бір демеуші, «бір»
деушілерге кітабы дейді. «Бір» демеушілерге
«Бір» деушілер 3 түрлі. Ғайса, Мұса, Мұхаммед-
бір деме-осылар. Будда, Бірахмен, Мәжуси,
Һубасқа түндей болады. Жер үстінде кітаптан,
мішіріктер көп. Тіл туралы жер жүзіндегі болған
адамдардың тілдері түрлі-түрлі. Санағандар:
«Мың шамалы түрі бар»-дейді. Бұлардың дүниеге
ең көп жайылғандары үшке бөлінеді. Бірінші-
Һинд һәм Еуропа тілдері. Екінші – күншығыс
Азия тілдері. Үшінші: Хам, Сам тілдері дейді.
[Бұлардың] Еуропа бөлімі 5 бөлімінің ең кішкенесі
болса да, мәдениет жағынан ең бірінші дәрежеде
саналады. Үлкендік һәм бөлігі, Еуропа бөлімі-
Ескі дүниенің жарты-аралы күншығыс жағында.
ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
170
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Азиядан айырылған Орал таулары (таудары), Орал
өзені, Каспий теңізі, Кавказ (Қапқаз) таулары. Оң
жаңы – Ақ теңіз, онан пайда болған аталар теңізі-
Мірміре (Мрамор) теңізі, Қара теңіз-күнбатыс
жағы, Атлас теңізі – сол жағы. Сол жақтағы Мұз
теңізбен айналған. Үлкендігі Еуропа бөлімі сол жақ
күншығыстан бастап, оң жақ күнбатысқа шейін
4060 шақырым, солдан оңға 3650 шақырым сулар.
Еуропаны айналған үлкен теңіздерден бірнеше
кішкене теңіздер пайда болады. Сол жақтағы Мұз
теңізден Теріскей һәм Ақ теңіз, Атлас теңізінен
– Ақ теңіз, Бішкай, Маншы, сол Балты теңіздері
пайда болады. Ақ теңізден Тиренин, Адіриатік,
Ионан аталары: Мірмірә теңіз һәм Қара теңіз пайда
болады. Қара теңізден Азау теңізі пайда болады.
Гүргіздер Балты теңізінен 3 Гүрзі туады: Бутин,
Пішін, Рига. Сол теңізден 3 Гүрзі туады: Зурайл,
Узам, Хырстиафа. Ақ теңізден 3 Гүргіз туады:
Лион, Гіпиуез, Қарант – бұғаздар. Еуропаның
сол жағында: Зонт, Каттат, Аскажирак, Кала. Оң
жағында: Дарданелл, Боспор, Киршин, Ойрант,
Гейоралтар (Гибралтар) бұғазы бар. Зонтке, Тагат,
Әске, Жырақ бұғаздары Балтии теңізі. Сол теңізді
тұтастырып Скандинауия жартыаралын Иұтландия
(Жұтландия) жартыаралынан айырады. Кала бұғазы
Сол теңізін Маныш теңізін қосып, Баритания
аралын үлкен құрғақтан айырады. Гейоралтар
бұғазы Ақ теңіз бен Атлас теңізін қосып, Испания
жартыаралын Африкадан айырады. Отирант
бұғазы Адриаттің теңізін, Ионан теңізін қосып,
Италия жартыаралын Балқан жартыаралынан
айырады. Дарданелл бұғазы Аталар теңізін Мірміре
теңізіне қосып, Балқан жартыаралын Кішкене
Азиядан айырады. Босфор бұғазы Мірміре теңізін
Қара теңізге қосады. Керіс (Керчь) бұғазы Азау
теңізін Қара теңізге қосады, Қырым жыртыаралын
Қапқаздан айырады деп көптеген теңіздің,
таулардың, бұғаздардың, жартыаралдардың бізге
беймәлім қазақша аттарымен атап көрсетеді [5,
222-226, 229-233]; [12, 146-148].
Түйін. Мәшһүр-Жүсіп орыс (еуропа)
мәдениетін көп білген. Мәдениет деген сөзге ең
алғаш талдау жасаған. Орыс (еуропа) географиясын
да жақсы таныған. Қазақтарға географияны оқыту
қажет екендігін ақын, тұғыш айтқан.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Мәшһүр - Жүсіп Көпеев. Сарыарқаның кімдікі екендігі /М-Ж-К. Көпеев. Казань: Электро –
типографія шарафъ баспасы, 1907. – Б. 3 - 6.
2 Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. ─ Алматы: Жазушы, 1985. ─ Б . 11.
3 Қазақ ССР тарихы. – Алматы: Қазақ мемлекет баспасы, 1957. – Б. 465 - 476, 418.
4 Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі. ─ Алматы: Ғылым, 1968. –Б. 11.
5 Мәшһүр Жүсіп шығармалары. 9 том. «ЭКО» баспасы, ЖШС. Павлодар. 2006 жыл. – Б. 221, 220,
220-221, 222-226, 229-233.
6 Мұхаметжан Қаратаев. Туған әдебиет туралы ойлар. Қазақстан Мемлекеттік Көркем Әдебиет
баспасы. – Алматы, 1958. –Б. 117.
7 Мәшһүр Жүсіп шығармалары. 8 том. «ЭКО» баспасы, ЖШС. Павлодар. 2006 жыл. – Б. 321, 400-401.
8 Мәшһүр Жүсіп шығармалары. 10 том. «ЭКО» баспасы, ЖШС. Павлодар. 2007 жыл. – Б. 290.
9 Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Аспан, жер және адам жаратылысы туралы // Қазақстан тарихы. №2.
1995 жыл. – Б. 56, 60.
10 Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Адам мен жұлдыздар арақатынасы // Қазақстан тарихы. №6. 1995
жыл. – Б. 26.
11 Мәшһүр Жүсіп шығармалары. 11 том. «ЭКО» баспасы, ЖШС. Павлодар. 2007 жыл. – Б. 16, 180.
12 Мәшһүр Жүсіп шығармалары. 12 том. «ЭКО» баспасы, ЖШС. Павлодар. 2008 жыл. – Б. 198-199,
146-148, 397, 416.
13 Мәшһүр Жүсіп шығармалары. 13 том. «ЭКО» баспасы, ЖШС. Павлодар. 2008 жыл. – Б. 3.
171
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Kazakistan devleti bağımsız bir cumhuriyet
olduktan sonra bir yandan dünyaya kendini tanıtmaya
ve saygınlık kazanmaya başlarken bir yandan da Kazak
dilinin alanı ve yaygınlığını giderek genişletmeye
başlamıştır.
Kazakistan’ın son derece özel bir toplumsal yapısı
ve demografik özellikleri bulunmaktadır ve sosyolojik
açıdan da son derece ilginç özellikler göstermektedir.
Kazak toplumu çok milletli bir toplum olma özelliği
taşımaktadır.
Bağımsızlığın ilan edildiği dönemde Kazakistan
toplumunda Kazaklar’ın oranı yüzde 50’nin altındadır.
Yani o dönemde Kazakistan’da Kazaklar çoğunluk
değildir. Toplumsal yapıdaki Kazak olmayan unsurlar
ise 130 civarında farklı etnik unsurdan oluşmaktadır.
Böylesine etnik çeşitlilik gösteren toplumda
birleştiri unsur Rus dili olmuştur. Rus dili ve yaşam
tarzı şemsiyesi altında çok çeşitli etnik unsurlar
kaynaştırılmak ve tek bir toplum birliği yaratılmak
istenmiştir.
Bunun sonucunda da hemen her etnik unsurda
olduğu gibi Kazaklarda da “ana dil problemi” ortaya
çıkmış ve Kazakça bilmeyen Kazaklar bulunduğu gibi
toplumsal sistem içinde Rusça’nın ağırlığı, toplumda
iyi bir pozisyon elde edebilmek için Rusça eğitim alma
zorunluluğu ve Rusça’nın kullanım alanının genişliği
Kazak dilini de köreltmiştir.
İşte bu yüzden Kazak dilini geliştirmek ve toplum
içinde yaygınlaştırmak günümüz modern Kazak
toplumunun belki de en önemli sorunudur.
Ünlü Kazak edebiyatçısı Maşhur Jusip Kopeev
Kazakça’nın gelişmesine büyük katkılarda bulunmuş
bir isimdir. Kopaev çok yönlü bir kişiliktir. Sadece
dil ve edebiyat anında değil felsefe ve tarih alanında
büyük bir iz bırakmıştır.
(X) İstanbul Üniversitesi
Bunun yanında arkeoloji, kültüroloji, hatta tıp
alanında da çalışmaları bulunmaktadır. Özellikle
geliştirdiği edebi dil, günümüz Kazakçası için
önemlidir.
Kopaev yaşadığı dönemdeki temel toplumsal
sorunları ele alarak Kazak toplumunun geliştirmesi
gereken çözümleri de gündeme getirmiştir. Koaev’in
çalışmalarında Kazak toplumunun sosyolojik
sorunlarını bulmak mümkündür.
M.J.Kopeev (1858-1931), ‘Sarıarkanın Kimliği’
adlı çalışmasında, Kazakistan’ın toprak meselesinden
Kazakların gördüğü baskıya kadar pek çok konu
açıkça dile getirilmektedir. Çalışmalarında, Çarlık
döneminden başlayarak bağımsızlık mücadeleleri,
göçebelikten yerleşik yaşama geçiş ve kent hayatına
entegre olmaya kadar pek çok önemli konuya
değinilmektedir.
Kopaev’in yazılarında o dönemdeki halkın yaşam
mücadelesi olduğu kadar, etnografik bilgilere ve
yer adlarına kadar önemli konulara temas edildiğini
görüyoruz.
Bu şirlerine de yansımaktadır:
Dinimizi yasaklayıp tehdit etmesin,
Gözümüzün önünde hırsızlık yapmasın,
Çocuklarımız kendisi yönetsin bizi,
Rusça okuyun diye zorlamasın.-
Kopaev, bir yandan bedeli ne olursa olsun halkını
baskı ve zulme karşı mücadeleye çağırırken bir yandan
da Kazakların geleceğe hazırlanmalarını, bilimde,
sanatta, kültürde kendilerini geliştirmeleri gerektiğini
söylemektedir.
Adam İki Türlü şiirinden:
Bir adam var, erik, üzüm ağacı gibi,
Tüm dünya görür faydaların.
Bir adam var huş ağacı gibi,
Ateş için odun olmaktan başka görmez kimse
faydaların.
Günümüz Kazak toplumsal sorunlarının kökeni
Kopaev’in ederlerinde mevcuttur. Çözüm önerileri
de. Bunun için günümüzde Kopaevi yeniden okumak
gerekmektedir.
UDC 882.151.212.2
Достарыңызбен бөлісу: |