Педагогических работников по актюбинской области



Pdf көрінісі
бет70/105
Дата06.03.2017
өлшемі5,85 Mb.
#8085
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   105

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.

 



Назарбаев Н.Ҽ. Жаңа ҽлемдегі жаңа Қазақстан. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ҽ.Назарбаевтың 

Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан, 2007, 28 ақпан. 

2.

 

Орысша-қазақша тҥсіндірме сҿздік: Педагогика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – 



Павлодар: «ЭКО» ҒҾФ, 2006. – 482 б. 

3.

 



Назарбаев  Н.Ҽ.  Қазақстан  жолы  –  2050:  бір  мақсат,  бір  мҥдде,  бір  болашақ.  Қазақстан  Республикасының 

Президенті Н.Ҽ.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы// Егемен Қазақстан, 2014, №11, 18 қаңтар. 

 

 

 



 

 

 



331 

ТІЛ – ТҦНЫҚ ОЙДЫҢ КӘУСАРЫ 

 

Джумагазина Г.Г., Куканова Ж.М., Кубенова Г.А., 

«Баспа бҿлімі жҽне қоғамдық ортамен байланыс» бҿлімінің мамандары, «Ҿрлеу» БАҦО» АҚФ Ақтҿбе облысы 

бойынша ПҚБАИ  

Қазақстан Республикасы Ақтҿбе қаласы 

 

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау жҽне қолдау, тілдік қарым-



қатынас  мҽдениетін  қалыптастырып,  кҿп  тілді  меңгерген  тҧлғаны  тҽрбиелеу,  қазақстандық  патриотизмді 

нығайту,  ҿзге  халықтардың  мҽдениеті  мен  тілін  қҧрметтеу  мақсатында  жастардың  тілді  меңгеруге  деген 

ынтасын арттыра тҥсіп, жан-жақты қолдау кҿрсету.  

Қай кезеңде болмасын, кҿп тілді меңгерген халықтар мен ҧлттар алдыңғы қатарлы елдің қатарына кіріп, 

ҿзінің  коммуникациялық  жҽне  интеграциялық  қабілетін  кеңейтіп  отырғаны  тарихтан  белгілі.  Қазіргі  таңда 

ҽлемнің алпауыт мемлекеттері кҿп тілді, ҽсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. 

Сондықтан  біз  де  ҿз  халқымыздың  қарыштап  дамып,  ҿркениеттен  кенже  қалмау  ҥшін  кҿп  тілді  меңгеруіміз 

қажет. Бҧл заман талабынан туындап отырған қажеттілік.  

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. 

Орыс тілі – ҧлтаралық қарым - қатынас тілі. 

Ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. 

Осы  арада  ҧлы  ақын  Қадір  Мырзалиевтің  «Ҿзге  тілдің  бҽрін  біл  ҿз  тіліңді  қҧрметте»  деген  ҿлең  жолы 

еске тҥседі. Себебі, бірнеше тілде еркін сҿйлей де, жаза да білетін маман бҽсекеге қабілетті тҧлғаға айналатыны 

сҿзсіз.  Осы  ретте,  президентіміз  Н.Ҽ.Назарбаевтың:  «Қазір  біз  балаларымыз  қазақ  тілімен  қатар  орыс  жҽне 

ағылшын  тілдерін  де  белсенді  меңгеру  ҥшін  жағдай  жасауға  шаралар  қабылдап  жатырмыз.  Ҥштілділік 

мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек», – деген болатын 2012 жылы 14 желтоқсандағы Жолдауында. 

Ҥш тҧғырлы тіл саясатын дҧрыс тҥсінбей, тек қана  қазақ тілін қолданайық деп  даурыға берудің қажеті 

жоқ.  Одан  да  біз  мемлекеттік  тілді  дамытып,  орыс  тілі  мен  ағылшын  тілін  қажетіне  қарай  ҥйренеміз  керек. 

Бҥгінде  ағылшын  тілі  бастауыш  сыныптардан  бастап  оқытыла  бастады.  Бҧл,  ҿте  дҧрыс  нҽрсе.  Себебі,  бала 

жастайынан тілді базалық деңгейде білсе, болашақта  кҽсіби деңгейде ҥйреніп алуына  мҥмкіндік туады.  Қазақ 

мектебінде оқыған жас қалада тҧрғаннан кейін орыс тілін де білетіні айдан анық. Сонымен қатар, ағылшын тілі 

тереңдетіліп  оқытылғаны  қҧптарлық  дҥние.  Қазіргі  кезде  мектеп  бағдарламасынан  ағылшын  тілін  еркін 

меңгерген кҿптеген бітірушілер шет елдерде білімін дамытып, тҽжірибесін молайтуда. 

«Біз  барша  қазақстандықтарды  біріктірудің  басты  факторларының  бірі  –  еліміздің  мемлекеттік  тілін, 

барлық  қазақтардың  ана  тілін  одан  ҽрі  дамытуға  бар  кҥш-жігерімізді  жҧмсауымыз  керек»–  деген  болатын. 

Мейлінше, кҿп тілді меңгеру қажет, дегенмен ҿз ана тілімізді ешқашан ҧмытпағанымыз жҿн.  

Бҥгінде егеменді ел, тҽуелсіз мемлекет болып ҽлемге жар салып жатқан дҥбірлі кезеңде қазақ ҧлтының 

жанына  сҥйеу,  рухына  тіреу  болатын  басты  мҽселенің  бірі  осы  –  тіл.  Мемлекеттік  тіл  мҽртебесіне  ие  болған 

қазақ  тілі  –  ҧлттық  руханиятымыздың  ҿзегі.  Қазіргі  кезде  қазақ  тілін  дамыту,  оқытудың  деңгейін  арттыру 

мҽселесі  кҿтеріліп,  осы  орайда  тҥрлі  шара  атқарылып  жатқаны  баршамызға  аян.  Қазақ  тілінің  қолдану  аясын 

кеңейту, оның мҥмкіншіліктерін барынша пайдалану – еліміздің ҽрбір азаматының абыройлы міндеті. Адамзат 

мҽдениетінің негізі – тілде. Кез келген ҧлттың басты ерекшелігі – оның ана тілінде. Ҧлттың жаны мен жҥрегі 

ары  мен  ҧяты,  қазына-байлығы  мен  атақ  абыройы  тілге  байланысты.  Жер  бетіндегі  сан  мыңдаған  ҧлттардың 

ішінде  тек  қазақ  халқы  ҿз  тілін  ана  тілі  деп  ардақ  тҧтып,  қастерлейді.  Қазақ  ҥшін  тілден  қҧдіретті  ештеңе 

болмаған. 

Тіл – қазақтың жан дҥниесі, рухани негізі,  ел еркіндігі мен ҧлтты танытатын басты белгі.  Ана тілі  – ҽр 

адамға  ананың  ақ  сҥтімен  бойға  жетіп,  ананың  ҽлдиімен,  бесік  жырымен  қҧлаққа  сіңіп,  атадан-балаға  жетіп 

отыратын  ҧлы  кҥш.  Ана  тілі  –  ҧрпақ  тҽрбиесінің  пҽрменді  қҧралы,  рухани  байлықтың  баға  жетпес  байлығы, 

қуатты  қайнар  бҧлағы.  Ана  тілі  –  халықтың  ҿткен  ҧрпағы,  қазірге  жҽне  келешек  ҧрпағы  арасындағы  тарихи 

жалғастықты  жҥзеге  асыратын  бірден-бір  сенімді  қҧрал.  Тіліміз  арқылы  халқымыздың  жан  дҥниесін  танып 

білеміз,  себебі,  халықтың  рухани  байлығының  сарқылмас  бҧлағы  сонда  жатыр.  Туған  жеріміз  бен  ел-

жҧртымызды да сол арқылы айтып жеткіземіз. 

Тіл адам баласының басты қазынасы болғандықтан – тіл байлығы елдің елдігін, жҧртшылығын, ғылымы 

мен  ҽдебиетін,  ҿнеркҽсібін,  мҽдениетін,  қоғам-қҧрылыстары  мен  салт-санасынынң,  жауынгерлік  дҽстҥрінің  – 

мҧрасының қай дҽрежеде екенін танытатын дҽлелді кҿрсеткіші. Ҽр халықтың ғҧмыры – оның тілінде. Ҽрбір тіл 

ҿзінің халқы ҥшін «Ҧлы» деп қырғыздың атақты жазушысы Шыңғыс Айтматов айтқандай, тіл – ҧлттың тірегі. 

Ол  жан-дҥниеңді  ашып  кҿрсететін  мҿлдір  айнаң.  Тіл  жоғалса,  ҧлт  та  жоғалатыны  белгілі.  Барлық 

қазақстандықты біріктіретін – қазақ тілі сондықтан, егемен елімізді сақтап қалу ҥшін ҧлттық қҧндылықтар мен 

мемлекеттік тілге ерекше ықылас қажет. 

 

 

 

 

 


332 

КӚПТІЛДІЛІК – АҚПАРАТ ӘЛЕМІНЕ АПАРАР ЖОЛ 

 

Ермекова Н.Н., 

Магистр, «Ҿрлеу» БАҦО» АҚ филиалы Ақтҿбе облысы бойынша ПҚБАИ кітапхана меңгерушісі  

Қазақстан Республикасы Ақтҿбе қаласы 

 

Бҥгінгі таңда адамның интеллектуалдық деңгейін анықтайтын ең негізгі кҿрсеткіш - заман талабына сай 



ҿз  ойын  шығармашылықпен  жеткізе  алу  болып  табылады.  Бҧл  жағдайда  бірнеше  тіл  білу  -  стратегиялық 

маңызды  мҽселе.  Қазақстан  білім  жҥйесіндегі  кҿптілділік  саясатын  жҥзеге  асыру  ауқымды  міндет.  Еліміздегі 

тілдердің ҥштҧғырлылығы туралы  ойды Президентіміз Нҧрсҧлтан Назарбаев алғаш  рет 2006 жылы  Қазақстан 

халқы  ассамблеясының  XII  қҧрылтайында  жария  етті.  Ал  2007  жылғы  ―Жаңа  ҽлемдегі  жаңа  Қазақстан‖  атты 

халыққа жолдауында ―Тілдердің ҥштҧғырлылығы‖ атты мҽдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ҧсынды.  

2015 жылы елімізде «5 институттық реформаны жҥзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ҧлт жоспары 

белгіленді.  79-қадамда:  Білім  беру  жҥйесінде  –  жоғары  сыныптар  мен  ЖОО-да  ағылшын  тілінде  оқытуға 

кезең-кезеңмен кҿшу. Басты мақсаты  –  даярланатын кадрлардың бҽсекелестік қабілетін арттыру жҽне білім 

беру секторының экспорттық ҽлеуетін кҿтеру. Кҿптілді білім беруді дамыту – жас ҧрпақтың білім кеңістігінде 

еркін самғауына жол ашатын, ҽлемдік ғылым қҧпияларына ҥңіліп, ҿз қабілеттерін танытуына мҥмкіндік беретін 

қажеттілік.  Елімізге  ақпараттық-технологиялық,  ғылыми,  медициналық,  оқу-ҽдістемелік  т.б.  салалардағы 

жаңалықтарды,  ҽлемнің  озық  тҽжірибелерінен  хабардар  болу,  алған  жаңалығын  ҿзінің  ана  тілінде  халқының 

игілігіне пайдалана алатын,еңбек нарығында бҽсекеге қабілетті мамандар қажет.  

Ҥштілде  оқыту  –  бірнеше  тілді  меңгерген,  ҽлеуметтік  жҽне  кҽсіптік  бағдарға  қабілетті,  мҽдениетті 

тҧлғаны дамыту жҽне қалыптастыру. Тіл - этносаралық жҽне мҽдениетаралық қарым-қатынас элементі жҽне ең 

маңызды ақпараттық қҧндылықбола  отырып,  кҿптеген функцияларды атқарады. Тіл арқылы  кез-келген халық 

ҧрпақтан-ҧрпаққа  дҥниетанымын,  тҽрбиесін,  рухани  қҧндылықтарын  табыстап  отырады.  Мемлекеттік  тілді 

білмей еліңнің сан ғасырлық тарихын,рухани қҧндылықтарын,  кҿпҧлтты мемлекеттің азаматын қалыптастыру 

мҥмкін емес. К.Д. Ушинскийдің педагогикалық еңбектерінде «Балаларға ана тілді ҥйрету арқылы сол халықтың 

кҿп ғасырлар бойғы ҿмірін, ҧлттық рухын сіңдіреміз». Тҽрбиешілер мен мҧғалімдер, кітапханашылар балаларға 

ана  тілінің  байлығын  саналы  тҥрде  меңгертуге  аса  кҿңіл  бҿлу  керек.  Балалар  ҥлкендердің  астарлап  айтқан 

сҿздерін  қабылдай  алмай,  жаттанды  тҥрде  қабылдауы  мҥмкін.  Мҧғалімнің  міндеті  баланың  тілінің  дҧрыс 

дамуын, сҿздік қорын молайтуға, тҥсінігін байытып отыру қажет. Бҥгінгі таңда білімді адам ҧлтаралық тіл орыс 

тілін де меңгеруі қажет. Ана тілімен қатар ҿзге тілді меңгеру басқа халықтың мҽдениетін біліп қоймай ҿз тілінің 

ҽдемілігін,  байлығын  тереңінен  меңгеруіне  жол  ашады.  Даналарымыздың  «Қанша  тіл  білсең,  сонша  рет  адам 

боласың» деген тҧжырымды ойы тегін емес.  

Тілді  меңгеру-  инновациялар,  шығармашылық  алмасулар  мен  бейбіт  ҿмір  сҥру  кҿзі  болып  табылады. 

Ҽртҥрлі  тілді,  мҽдениетті,  тҿзімділікті,  ҿзара  тҥсінушілікті  қҧрметтей  білу  -  бейбітшілік  пен  халықаралық 

қауіпсіздіктің  кепілі  болады.  Сондықтан  кітапханалар  халықтың  ҽртҥрлі  тілін,  мҽдениетін  ескере  отырып, 

халықаралық,  ҧлттық  жҽне  аймақтық  деңгейде  мҽдениетаралық  диалог  пен  белсенді  азаматтық  ҧстаныммен 

қолдап отыру қажет. Кітапхана оқытушылардың қажеттіліктеріне сай тҥзілген бай кітап қорымен себепші бола 

отырып,  тҧрақты  оқырмандарымен,  аймақтағы  алдыңғы  буынғы  ҽдістемелік  орталықтармен  жҽне  институт 

лекторларымен,  оқытушылармен  тығыз  байланыс  орнатып,  халықаралық,  аудандық,  аймақтық,  облыстық 

деңгейде  ҿткізілетін  іс-шараларға  жҥйелі  тҥрде  атсалысады.  Институт  кітапханасының  жҧмысы  ғылыми-

педагогикалық кадрлармен, мҧғалімдердің кҽсіби сҧраныстарына сҽйкес бағытталған. 

Институт  кітапханасының  кітап  қорында  қазақ,  орыс,  ағылшын,  неміс  т.б  елдердің  ҽдебиеттері  бар. 

Оқырмандарға  сҧраныстарына  сай  ақпараттық,  кітапханлық  қызмет  кҿрсетіледі.  Мерзімді  басылымдар  қоры 

қазақстандық,  ресейлік  басылымдарды  жаздырып  аламыз.  Курс  тыңдаушыларының  ақпараттық  мҽдениетін 

дамыту  мен  шығармашылық  ҽлеуетін  арттыру  мақсатында  кітап  кҿрмелері,  библиографиялық,  шолулар, 

ақпарат, маман кҥндерін, дҿңгелек ҥстелдер ҿткзіледі. Оқырмандарымыздың қызығушылық танытып, қҧмартып 

кітап  қарайтын  орны  -  белгіленген  жҽне  арнайы  тақырыптар  бойынша  ҽзірленген,  терең  мазмҧнды  ашық 

кҿлемді  кітап  кҿрмелері.  Кітапхана  мамандары  ҥшін  кҿптілді  меңгеру  мҽселесі  жаңалық  емес.  Ҿйткені  кез-

келген ақпараттық басылымды қай тілде болсада сҧранысқа сай тауып беру, сол типті қосымша ақпарат ҧсыну 

кітапханашының  міндеті.  Кҿптілді  меңгеру  –  заман  талабынан  туындап  отыр.  Ағылшын  тілі  –  ақпарат 

ғасырының  тілі.  Кейбір  деректерге  сҥйенсек,  интернет  желісіндегі  ғылыми  жҧмыстардың  85%  ,  барлық 

халықаралық  телефон  байланысының  85%  ,  компьютерлік  бағдарламалар  нҧсқаулықтары  мен  бағдарламалар 

кҿбіне ағылшын тілінде шығады. Барлық маңызды кітаптар мен мақалалар баспадан ағылшын тілінде шығады 

немесе  аударылады.  Ғалымдар  зерттеулеріне  сҥйенсек,  білім  жҥйесі  кітапханалары  қазіргі  таңда  жалпы  білім 

беру  сапасының  жоғары  деңгейіне  жетуіне  себепші  болатын  ақпараттық  орта  болып  отыр.  Педагогтар  мҧнда 

ақпараттық  ресурстарға  қол  жеткізеді,  жҧмыс  жасайды,  дҥниетанымын  кеңейтеді.  Олардың  оқырмандық, 

ақпараттық, технологиялық (компьютерлік) сауаттылық деңгейі жҽне қҧзіреттілігі кҿтеріледі. 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011–2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасы// 2010.-14 желтоқсан 


333 

2.  Баяхметова  Ш. Кҿптілділік -  полимҽдени  тҧлға  қалыптастырудың  негізі/  Ш.  Баяхметова  //  Білім 

технологиялары, 2014.- № 1.-С.3-4 

3.  Сыздықбаева  Ғ.  Ҧ. Кҿптілділікті  дамытудың  негізгі  аспектілері/  Ғ.Ҧ.  Сыздықбаева  //  Білім  -  Образование, 

2013.-№ 3.-С.26-33 

 

 

ТҦЛҒАНЫ РУХАНИ ДАМЫТУДА ӘДЕБИЕТ ПЕН МӘДЕНИЕТТІҢ ӘСЕРІ 

 

Ермуханова И.Ж., 

Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің филология магистрі, аға оқытушы 

Қазақстан Республикасы Ақтҿбе қаласы 

 

Бҥгінгі қоғамдық ҿмірдегі қайта жаңарулар, ғылым-білім, мҽдениет салаларындағы жҥзеге асып жатқан 



шаралар  жас  ҧрпаққа  тҽрбие  мен  білім  беру  мазмҧнын  ҧлттық  рухани  қазыналар  ретінде  қайта  қарап,  оны 

ҽлемдік  деңгейге  сҽйкестендіріп  дамытуда  ҿз  ҧлтымызға  тҽн  этномҽдени  қҧндылықтарымызды  терең  танып 

білу  қажеттілігін  мойындатып  отыр.  Ҧлы  ойшыл  ғалым  Ҽл-Фараби  «Адамға  ең  бірінші  білім  емес,  рухани 

тҽрбие берілуі тиіс, тҽрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы, ол келешекте, оның барлық ҿміріне апат 

ҽкеледі»,  -  десе, сонымен қатар ол  «Тҽрбиелеу  дегеніміз  –  халықтардың бойына білімге  негізделген этикалық 

игіліктер мен ҿнерлерді дарыту деген сҿз» деп ойын аяқтайды. Бҥгінгі білім беру жҥйесінде «ҥлкен ҿзгерістер» 

басталуда.  Олардың  негізгі  себептері  қоғамдағы  болып  жатқан  саяси-ҽлеуметтік,  мҽдени,  экономикалық 

жаңалықтарға байланысты. Бҧл байланыс қазіргі мектеп мҧғалімдерінің алдында міндет қойып тҧр.  

Бҧл  –  рухани  адамгершілік.  Бала  бҥгін  оқыған,  жаттаған  шығармасын  ҧмытып  қалуы  да  мҥмкін,  сол 

шығарманы  оқыған  кезде  алған  ҽсері,  тҥсініп,  сезіне  қабылдауы,  ойланып  талдауы,  мҧғалімнің  қойған 

проблемалық сҧрақтары баланың рухани дҥниесіне ҽсер ететіні сҿзсіз. Жалпы адамның, бҥгінгі жас ҧрпақтың 

ҿз тҿңірегінен қалмай ҽлемді тануына, жаһандық мҽселелер кҿлемінде ой толғауына жҽне жаһандық дҽрежедегі 

рухани  мҧраларды  игеруіне  оның  рухани  ортасының  да  ҽсері  болады.  Мҧхтар  Ҽуезов  айтқандай,  халық  пен 

халықты теңестіретін бірден бір нҽрсе – білім мен ғылым. Ҿйткені ҧлттың білім мен ғылым жҥйесі қоғамның 

қозғаушы кҥшіне айнала алатын сала жҽне басқа елдермен жарыс ҧйымдастыруға болатын да сала. Сондықтан 

заман  ағымына  лайықты  бейімдеу  арқылы  ҧлттық  ерекшелігімізді  жоймай,  ҧлттық  дҽстҥрлі  мҽдениетімізді 

сақтай отыра, ҿз келешегімізді айқындап алған жҿн.  

Педагогикалық энциклопедиялық сҿздікте: «Халық педагогикасының негізгі тҥйіні – еңбек тҽрбиесі жҽне 

ҿндірістік  білім,  дағды,  шеберліктерді  жас  ҧрпақтың  бойына  дарытып,  адамгершілік,  имандылық  рухында 

тҽрбие  беру»  деген  анықтама  берілген.  Қоғамға  сай  ҧрпақ  тҽрбиелеу  мҽселесін  бірінші  орынға  қойған 

М.Жҧмабаевтың пікірінше: «оқу-тҽрбие мақсаты – жеке тҧлғаны тҽрбиешінің дҽл ҿзіндей қылып шығару емес, 

келешек заманға лайық қып шығару». Ш.Уҽлихановтың зерттеу ҽрекеттерінің басты мақсаты халықтың ауызекі 

шығармашылығы  арқылы  жҽне  қазақ  халқының  салт-дҽстҥрін  бала  тҽрбиесінің  қҧралы,  ҽдіс-тҽсілдері  ретінде 

пайдалану қажеттілігін тҥсіндіру[1].  

Р.К.Тҿлеубекованың  «Бала  тҽрбиесіндегі  халықтық  педагогика»  (1994)  ғылыми-практикалық  еңбегінде 

қазақтың  халықтық  педагогикасы  жеке  тҧлға  тҽрбиесінің  негізгі  қҧралы  екендігі  кҿрсетіледі.  Еңбекте  қазақ 

ҧлттық  тҽрбиесінің  ерекшеліктері  мен  салт-дҽстҥрлердің  тҽрбиелік  мҽні  баяндаумен  қатар  салт-дҽстҥр,  ҽдет-

ғҧрыптар  мен  тҽлім-тҽрбиенің  рҿлі  мен  балалардың  осылар  арқылы  ҧлт  мҽдениетінің  нҽрімен  сусындауы, 

адамгершілік асыл қасиеттер ҥлгісін санаға сіңірулері мақсат етіп қойылады. Тҧлғаның рухани адамгершілігін 

қалыптастыруда  халық  тҽрбиесіне,  мҽдениетіне  сҥйену  қажет.  Ал  халықтың  тҽжірибелері  оның  арғы  тегіне, 

халық  болып  қалыптасуына,  тҧрмыс-тіршілігінен  бастау  алады.Жеке  тҧлғаны  дамытуда,  бойында 

адамгершілікті  қалыптастыруда  ҧлттық  тҽрбие,  ҧлттық  ойындар,  ҧлттық  ҿнер,  қазақ  халқының  тарихи 

тҽжірибелері, ҧлттық болмыс, діл, дін, ҽдеп, ауыз ҽдебиетінің этнопедагогикалық мҽні, ҧлттық салт-дҽстҥрдің 

этнопедагогикалық мҽні ҽсер етері сҿзсіз [2.368].  

Сондықтан  бҥгінгі  қоғам  дамуы  жағдайында  жеке  тҧлғаға  рухани  адамгершілік  тҧрғыдан  тҽрбие  беру 

кҿкейкесті проблемалардың бірі болып отыр. Тҥрлі баспасҿз жҽне теледидар беттерінен кҥнделікті кҿрсетіліп 

жҥрген, жасҿспірімдеріміздің санасын улап жатқан небір сорақы кҿрсетілімдер, батырлықтан гҿрі қатыгездікке 

тҽрбиелейтін аяусыз  адам ҿлтіруді, ҿзгеге  қиянат  пен зорлық  жасаудың тҥрлі амал тҽсілдерін  насихаттайтын, 

бала  психологиясын  қажытатын  ҥрейлі  кинолар  мен  мультфильмдер  еріксіз  еске  оралады.  Біздің 

пайымдауымызша,  бҥгінгі  жаһандану  заманында  жан  азығынан  гҿрі,  тҽн  азығына  анағҧрлым  жақын  тҧратын 

кейбір  жастарымыздың  санасына  рухани  серпіліс  берудің  негізгі  жолы  мазмҧны  мен  тҥрі  ҧлттық  сипатқа  ие 

білім  мен  тҽрбие  беру  болмақ.  Қазақ  халқы  ғасырлар  бойғы  ҿзінің  игі  ҧлттық  дҽстҥрлерін  ҧрпағына  ҥйрету 

арқылы  ҽдепті адами тҽрбиенің  нормасы  деп тҥсінген. Халықтық ҽдеп ҧрпақ тҽрбиесінің тҥпкі ҿзекті арқауы. 

Ҽсіресе,  қарым-қатынаста  адамды  сыйлау,  сҽлем  беру,  ҥлкеннің  алдынан  қия  ҿтпеу,  орын  беру,  кҿңіл-кҥйіне 

кҿз  салу  қарым-қатынаста  кішіпейілділікпен,  парасаттылық,  саналылық,  ізеттілікпен  қарым-қатынас  жасау, 

ҽдептілік кҿрсету ҥйретіледі жҽне ҥнемі талап етіледі. Баланың ойын ҿзгертіп, болашаққа  бағыттайтын, мінез 

қҧлқына  ҽсер  ететін  ҥш  нҽрсе  бар.  Олар:  отбасы,  мектеп  жҽне  қоршаған  ортасы,  яғни  жолдастары,  достары, 

сыртта араласатын адамдары. Туғанынан отбасында баланың бойына адамгершілік қағидаларын сіңіріп ҿсірген 

бала  жан-жақты  дҧрыс  тҽрбие  алары  сҿзсіз.  Яғни  «Ҽдепті  бала  арлы  бала»  деп  тҧжырым  айтқан  қазақ  халқы 


334 

қашан да жас ҧрпақтың тҽрбиелі, ҽдепті болуына ерекше мҽн берген. Ҧлттық ҽдеп туралы жазған мақаласында 

С.Ақатаев: «Қазақ баласы амандықтан соң, бейтаныс адамның жасын сҧрайтын. Ол этикет халық этикасының 

абзал бҿлігі.  Сҧхбаттас адам ҿзінен ҥлкен болып шықса, ерте  бастан інілік ізгілігімді білдірейін деп ҥлкендік 

жолын  кес-кестемейін  деген  ниет  сездіру.  Ал  ҥлкен  болып  шықса,  ағалық  кҽденің  орны  бҿлек.  Ағасын 

отырғызып қойып, інісі сҿйлегеннен безу кенжелеп туғандардың тілін жаттықтыру ҥшін шығарған жағылтпаш 

емес, кҿргенсіздікке тосқауыл болатын ҽдептіліктің жанашыры», деп ҥлкенге ізет, кішіге қҧрмет кҿрсетудің қыр 

сырын  тҥсіндіріп  қана  қоймай,  баланың  бойындағы  адамгершілік  қасиеттердің  ҥлкен  бҿлігін  талқылап  берді 

десек болады.  

«Сҽлем  сҿздің  атасы»  деп  тҥсінген  ата  бабалырымыз  баланың  алғаш  тілі  шыға  бастағаннан-ақ  ҥлкен-

кішімен  амандасып  ,  сҽлем  берудің  ҧл  мен  қызға  тҽн  ҽдебін  бала  санасына  сіңіріп,  ҥйрете  бастаған.  Дҧрыс 

сҽлем  бере  білудің  ҿзін  халқымыз  адамгершілік  пен  имандылықтың,  инабаттылықтың  бастауы  деп  білген. 

Жалпы  қай  халықтың  болмасын  адамгершіліктің  қарапайым  қағидасы  адамдардың  бір-бірімен  жылы  қабақ 

танытып,  сҽлем  беріп,  сҽлем  алуынан  басталатындығын  аңғару  қиын  емес.  Қазақтар  сҽлем  сҿздің  анасы  ғана 

емес, барша адамдық асыл қасиеттердің ар-ҧяттың бастауы деп бағалаған халық. Сондықтан ҿз ағайынына ғана 

емес, кҿз кҿрген жанға, ауылдың ҥлкен-кішісіне ілтипатпен, тҥзу сҽлем бере білу де ҥлкен тҽрбиенің, адамдық 

қасиеттің, ҽдептің белгісі.  

Сонымен, этикет адамды бір жағынан, ҿзін қоршаған ортасына мейірімділік пен ілтипаттың дҽнін себуге 

міндеттесе,  ал  екінші  жағынан  алғанда  қоғамға  жҽне  ҿзін  қоршаған  ортаға  кері  ҽсерін  тигізетін  эмоциясына 

ҧстамды болуын талап етеді. Сондай-ақ этикет қоғамды моральдік зардаптардан сақтап, оған зиян келтірмеудің 

амалдарын  ҧсынады.  Демек,  этикет  ҽлеуметтік  қатынастар  жҥйесінде  гумандық  тҧрғыда  мҽн  бере  отырып, 

адамгершілікті  қалыптастырудың  мақсатына  жетуге  ықпал  етеді  жҽне  адамдардың  рухани  дамуына  жол 

ашатын  тҽрбие  мазмҧнын  адамгершіліктік  тҧрғыдан  байытады.  «Дҽстҥрсіз-мҽдениет  жоқ,  мҽдениетсіз-тҽрбие 

жоқ,  тҽрбиесіз-руханилық  жоқ,  руханилықсыз-тҧлға  жоқ,  тҧлғасыз  (тарихи)-халық  жоқ»  деп  белгілі  ғалым, 

профессор Г.Н.Волков «этнопедагогиканың алтын ережесін» кҿрсеткендей, ҧрпақ тҽрбиесі, ҧрпақ мҽдениетінің 

жоғары  болуы,  ҧлттық  этикетінің  биіктен  кҿрінуі  сайып  келгенде  салт-дҽстҥрімізді,  ҽдет  -ғҧрпымызды 

қастерлеуден  басталады.  Ең  бастысы  ҧрпағымызды  ана  тілінде  тҽлім-тҽрбие  алудан  бастау  керек.  Ана  тіліміз 

арқылы  ҿз  ҧлтының,  ҿз  елінің  дҽстҥрлі  тҽрбиесіне  қол  жеткізеді.  Тҧлға  бойында  ҧлттық  рух  кҥшін  оятып, 

азаматтық  тҧлғаны  қалыптастырып,  ҽлеуметтендірудің  басты  шарты-бҧл  ана  тілін,  ҧлттық  дҽстҥрді,  ҧлттық 

мҽдениет  пен  ҽдебиетті,  тарихты  меңгеру.  Осындай  сабақтастық  халықтың  ҿткендегі  тарихи  дҽстҥрлі 

педагогикалық  мҽдениетін  саналы  меңгеру  арқылы  бҥгінгі  ҧрпақ  тҽрбиесіндегі  кҿптеген  қарама-

қайшылықтардың  шешімін  тауып,  тҽрбие  міндеттерін  жҥзеге  асыруға  ықпал  етеді.  Ҿйткені,  мемлекетіміздің 

ҽлемде  дамыған  елдер  қатарынан  орын  алуын  ана  тілінің  қадір-қасиетін,  ата-баба  тарихын  жете  бағалай 

алмайтын, бойында шала-жансар рухы бар ҧрпақ кҥшімен жҥзеге асыру мҥмкін емес. Ең алдымен ҧлттық сана 

мен ҧлттық рухты тҽрбиелемейінше ҧлттық негізі сақталған мемлекет қҧру да мҥмкін болмайды. Ҧлттық рухты 

биік ҧстанып, бағалайтын, рухани мықты ҧрпағы бар ел ғана қандай да болмасын мҽдени, саяси, экономикалық 

дағдарыстардан сҥрінбей, мойымай  ҿтері хақ. Осы жолда мемлекет саясатын жҥзеге асыру жҽне жас ҧрпақты 

тҽрбиелеу  қҧралы  да  ҧлттық  білім  беру  жҥйелерінің  оқу-тҽрбие  процесінен  ҿз  орнын  алған  қазақ  халқының 

дҽстҥрлі  педагогикалық  мҽдениеті  болмақ.  Ең  алдымен  «этикет»  сҿзіне  анықтама  бере  кетсек.  Бҧл  ҧғымды 

кҿптеген  зерттеушілеріміз  адамгершілікті  мҽдени  қарым-қатынастың  қҧрамдас  бҿлігі  ретінде  талдап, 

тҥсіндіреді.  Г.Т.Алдамбергенова:  «Этикет  дегеніміз  адамдардың  сырттағы  қарым-қатынасын  (қоршаған 

ортамен  қатынаса  білуі,  кҿпшілік  орындарда  ҿзін  ҧстай  білу  ҽдебі  жҽне  т.б.)  реттеп  отыратын  мінез-қҧлық 

ережесінің жиынтығы» дей келе, ойын одан ҽрі былай деп жалғасырады: «Этикетте ҽрбір қоғамға тҽн қатынас 

формалары кҿрініс табады. Мысалы, дҽстҥрлі қоғамда бҧл салт-жоралар, ҽдет-ғҧрыптар, рҽсімдер деп аталады. 

Бҥгінгі  ҿмірде  этикет  нормаларының  мазмҧны  қоғамдағы  қатынастың  демократизациялануымен  жҽне 

гуманизациялануымен байланысты деп, мінез-қҧлық мҽдениетінің маңызды саласы ретінде этикеттің тек тҽрбие 

ғана арқылы қалыптасатындығын баса айтады [3, 17-18]. 

Қазақ  этикеті  ҿзінің  мазмҧнының  тереңдігімен,  танымдық  тҽрбиелік  қуаттылығымен,  табиғи  тарихи 

шынайылығымен, ҿміршеңдігімен халқымыздың рухани ҿмірінде ерекше мҽнге ие. Қазақ халқының этикетінің 

қалыптасуына  ҿз  заманында  Қорқыт,  Ҽл  Фараби,  Ж.Баласағҧн,  М.Қашқари,  Қ.А.Иассауи,  А.Иҥгінеки  сынды 

қазақ  топырағынан  шыққан  ҧлы  ойшылдарымыздың  зор  ҥлес  қосқандығын  айта  кеткеніміз  жҿн.  Мысалы, 

Қорқыт ата ҿз тағылымдарында: «Менмен, тҽккапар адамды тҽңірі сҥймейді. Басқалардан ҿзін жоғары ҧстаған 

адамға  тҽңірі  бақ  бермейді.  Атаның  атын  былғаған  ақылсыз  баланың  ҽке  омыртқасынан  жаралып,  ана 

қҧрсағында  шырланып,  тумағаны  жақсы.  Ата  даңқын  шығарып,  ҿзінің  тегін  қуған  балаға  ешкім  жетпейді. 

Ҿтірік  сҿз  ҿрге  баспайды,  ҿтірікші  болғаннан  жарық  кҿріп,  ҿмір  сҥрмеген  кҿп  артық.  Талай  жылды  басынан 

кешіріп, шашы аппақ қудай болған қарт-қарияларға - қҧрмет! Кеудесіндегі ақ сҥтін бҿбегіне емізіп, тойғызған 

асыл  аналарымызға  -  қҧрмет!  Солар  ҥшін  ақ  отау  тіккен  аға-інілеріне  -  қҧрмет!  деп  ҧлттық  ҽдебіміздің 

бастаулары жайлы ой қозғайды [4,7-9].  

Бҧл орада қазақ халқының ҧлы ғҧламаларының кҿреген ойлары мен пікірлерін де сҿз етсек болады. Ҧлы 

ойшылымыз  Абай  Қҧнанбаевтың  ҽр  адамның  ойында  сақталған  «Ҽсемпаз  болма  ҽрнеге»,  «Баланың  жақсысы 

қызық,  жаманы  кҥйік»,  «Ғылым  таппай  мақтанба»,  «Досы  кҿппен  сыйлас,  досы  жоқпен  сырлас»,  Мҧхтар 

Ҽуезовтың  тҽрбиенің  басты  мақсатын  тҥсіндіретін  «Атаның  ҧлы  болма,  адамның  ҧлы  бол»  сҿзі,  қаһарман 

жазушымыз  Бауыржан  Момышҧлының  «Ҽділсіздік-ҽлсіздік»,  «Ептілік  те  ерлік»  деген  халық  жадында 


335 

сақталған  ой-пікірлері  жас  буынымызды  ҿз  елінің  патриотттары  ретінде  тҽрбиелеуде,  адамгершілік  шырағын 

жағуда кҿп септігін тигізері сҿзсіз. Сайып келгенде, адамгершілік - ізгілік пен қайырымдылықтың ҥйлесуі жҽне 

жеке адамның осы ҥйлесімді ҿмірлік ҧстанымға  айналдыруы. Жеке  тҧлғаның рухани адамгершілік қасиетінің 

негізгі  ҿлшемі  –  адамның  жақсылыққа  талпынысы  деген  қорытынды  жасауға  болады.  Ҿйткені  басқаларға 

жанашырлық  білдіру,  ҿзге  адамға  жақсылық  тілеу,  адамдарға  кҿмек  кҿрсету,  айналадағы  ҿмірді  жақсартуға 

ҧмтылып, оны жҥзеге асыру, ҿмір туралы мҽселелер жайында толғану, ҿмірдің мҽнін іздеу, ҿзін-ҿзі дамыту, сол 

арқылы бҥкіл дҥниені жетілдіру сияқты қҧндылықтар рухани дамудың негізгі кҿрсеткіші болып табылады. Ол – 

халқымыздың  ҧлттық  психологиясының  ҿзегі,  оның  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  қоғамдық  санасының 

практикалық  кҿрінісі,  барлық  кісілік  қасиеттерінің  жиынтығы.  Олай  болса,  жас  ҧрпақтың  адамгершілік 

қағидалармен  тҽрбиелер  болсақ,  ҧлы  ойшылдарымыздың  ой-пікіріне  назар  аударғанымыз  жҿн  болар.Аталған 

бағытта  жасалатын  тҽрбие  жҧмыстары  жас  баланы  ҿз  елінің  сҿз  жауһары  арқылы  тура  жҽне  терең 

бағыттайтыны анық.  

Қорыта айтқанда, жоғарыда атап ҿткен ауыз ҽдебиетінің ҥлгілері, ата-бабамыздан қалған салт-дҽстҥріміз, 

ҧлылар сҿзі, сҿз жауһарлары жас ҧрпақтың рухани жағынан бай, адамгершілігі мол, жан-жақты сауатты ҧрпақ 

болып қалыптасуына ҿзінің мол септігін тигізері сҿзсіз.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет