Педагогических работников по актюбинской области



Pdf көрінісі
бет67/105
Дата06.03.2017
өлшемі5,85 Mb.
#8085
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   105

 

 

ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӚПТІЛДІЛІК БОЙЫНША КӘСІБИ ҚҦЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ 

 

Алькенова Б.К., 

«Ҿрлеу» АҚ БАҦО филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» ДБО тренері  

«Мониторинг жҽне талдау» бҿлімінің бас маманы қазақ тілі мен ҽдебиеті пҽні аға оқытушысы 

Дубровина И.Г., 

«Ҿрлеу» АҚ БАҦО филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» 

«Мониторинг жҽне талдау» бҿлімінің меңгерушісі орыс тілі мен ҽдебиеті пҽні аға оқытушысы 

Қазақстан Республикасы Кҿкшетау қаласы 

 

«Қазақстан халқы дҥние жҥзінде ҥш тілді бірдей пайдаланатын ел ретінде кҿрінуі тиіс. Бҧлар – қазақ тілі, 



яғни мемлекеттік тіл, орыс тілі – ҧлтаралық қатынастар тілі жҽне ағылшын тілі – ҽлемдік экономиканың сҽтті 

318 

қолданысындағы  тілі»  делінген  Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Ҽ.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 

Жолдауында.[1].  

Елбасы  2006  жылдың  қазанында  ҿткен  Қазақстан  халқы  ассамблеясының  XII  қҧрылтайында  «Ҥш 

тҧғырлы  тіл»  туралы  идеяны  жария  етті.  Ал  2007  Жолдауында  ―Тілдердің  ҥштҧғырлылығы‖  атты  мҽдени 

жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ҧсынды. Бҧл идеяның негізі мынадай: Қазақстанды бҥкіл ҽлем халқы ҥш 

тілді  бірдей  пайдаланатын  жоғары  білімді  мемлекет  ретінде  тануы  керек.  Олар:  қазақ  тілі  –  мемлекеттік  тіл, 

орыс тілі  –  ҧлтаралық қарым-қатынас тілі  жҽне  ағылшын  тілі  –  жаһандық экономикаға ойдағыдай  кірігу тілі. 

Яғни мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз жҽне ағылшын тілін ҥйренеміз. 

Тілдің ҥштҧғырлылығы-кҿпмҽдениетті тҧлға қалыптастырудың негізі. Ҥштҧғырлы тіл бағдарламасының 

білім  беру  мекемелерінде  жҥзеге  асырылуы  аясында  жоғары,  кҽсіптік  орта,  мектепке  дейінгі  білім  беру 

мекемелерінің  ынтымақтастығын  жетілдіру  идеясы  жатыр.  Қазіргі  инновациялық  ҥдеріс  ғылым  салаларының 

тоғысуы мен бірігуіне ғана емес, сонымен қатар тың ғылыми салалардың қалыптасуы мен дамуына да ҽсер етті. 

Лингвистика  ғылымы  соңғы  жылдары  кҿптеген  жаңа  бағыттарды  қамтып,  ғылыми-теориялық  жҽне 

практикалық жағынан кең ҿріс алып, дамып келеді. 

Мҧндай бағыттар қазіргі ҿмір талабы мен уақыт сҧранысына сҽйкес пайда болып отырғаны белгілі. Бҧған 

дейін  біз  бір  тілге  кҿңіл  аударып  келсек,  қазір  заман  талабына  сай  жаңа  салаға,  жаңа  бағытқа  -  когнитивтік 

лингвистикаға  айрықша  кҿңіл  аударып  келеміз.  Бҧл  сала  қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдерін  жарыстыра  отырып, 

бір-бірімен  салыстыра,  жалғастыра  отырып  ҥйрету  принципіне  негізделген.  Кҿптілділік  біздің  қоғам  ҥшін 

Елбасының «ҥш тҧғырлы тіл» тҧжырымдамасынан бастау алғаны мҽлім. Бҧғанға дейін тілдерді қатар дамытуда 

Қазақстан  тҽжрібиесінің  аз  екендігі  де  ескерілген  болуы  керек,  аталған  бағытта  нақты  іс-шаралар  қоғамда  ҿз 

нҽтижесін  берерліктей  жҥзеге  асырыла  қоймады.  Кеңестік  кезеңге  дейінгі  бай  дҽстҥрі,  мол  лексикалық  қоры 

бар  қазақ  тілінің  кейінгі  кезеңдерде  ҽдебиет  тілі  ғана  болып,  ғылым  мен  экономика  тіліне  айнала  алмауы  да, 

қостілділікте (билингвизмде) орыс тілінің басымдылығы ғана емес, ҥстемдігіне ҽкелді. 

Билингвизм  (қостілділік)  жҽне  полилингвизм  (кҿптілділік)  –  қазіргі  таңда  ғалымдар  тарапынан 

қызығушылық  тудырып  отырған  ҿзекті  мҽселелердің  бірі.  Бҥгінгі  кҥні  қостілділік  ҿзара  қарым-қатынас 

жасаудың негізгі факторы. Билингвизм- жеке адамның екі тілде қарым – қатынас жасауы жҽне екі тілде сҿйлеуі 

мен  жазуы.  Кез  келген  жанҧяда  баланың  тілі  ата-ана  қай  тілде  сҿйлейді6  сол  тілде  қарым-  қатынас  жасау 

арқылы дамиды. Ана тілінің дамуы жанҧяға байланысты. Отбасында ана тілін ҥнемі естіп, ҿзі сҿйлеп ҿскен бала 

мен ҧлтық тілге кҿңіл бҿлмей, отбасында басқа тілде сҿйлесіп ҿскен баланың айырмашылығы кҿрініп тҧрады. 

«Бесік жыры», ауыз ҽдебиеті мен балалар ҽдебиетінен, ҿз халқының бай мҽдениетінен, тарихынан хабары бар, 

отбасында салт-дҽстҥрі сақталып, ҿзі соған бейім болған бала ерекшеленіп тҧрады. Сол сияқты қазіргі таңдағы 

балалар  ҿзара  тілдесуде  ҿзге  тілде  сҿйлесіп,  отбасының  мҥшелерімен  ҿз  ана  тілінде  тілдесуі  таңқалдырады. 

Яғни  ауызекі  сҿйлеу  тілін  талдамай,  қойылған  сҧраққа  бірден  сол  тілде  жауап  бере  алулары  билингвизмнің 

арқау  алу  кзеңі  деп  тҥсінуге  болады.  Бҧл  қасиет  кҿбінесе  ҧлты  қазақ  балаларына  тҽн.  Кҿптілділік  ауызекі 

сҿйлеу  тілінің  даму  кезеңі.  Бҧған  қоршаған  ортаның  ҽсері  мол.  Бала  аулада,  балабақшада,  мектепте  кҿбінесе 

басқа  ҧлт  ҿкілі  балаларымен  тілдеуі,  араласуының  ықпалы.  Сол  сияқты  қазір  ҿзге  ҧлт  ҿкілдерінің  қазақ  тілді 

балабақшаларға ҿз балаларын беру жағдайы кҿп кездеседі. Бірақ, ҿкінішке орай басқа ҧлт ҿкілдері қазақ тілді 

мектебіне  балаларын  кҿп  беріп,  оқыта  бермейді.  Болған  жағдайда  біз  оларды  жан-жақты  қолдап,  бар  кҥш-

жігерімізді  салып,  тілді  ҧғынуы  ҥшін  барлық  іс-шараларға  қатыстырып,  мақтауын  кҿбейтеміз.  Ал,  біздің 

қаракҿз бауырымыз орыс тілді мектептерде оқып жатыр, оған мҽнде бермейміз,оның ҿз тілінде сҿйлеп, жауап 

беріп,  басқа  ҧлт  ҿкілдерімен  еш  ақаусыз  тілдесіп,  ойын  ашық  жеткізгені  туралы  ойланбаймыз  да.  Яғни, 

билингвизм (қостілділік) бізге тҽн қасиет болып кеткен сияқты. Ең тҥйіндісі осы қазіргі кезде Қазақстанда орыс 

тілін, оның мҽениетін, тарихын білмейтін қазақты танымайды екенбіз. Билингвизм (қостілділік) ҽу бастан ҿте 

кең  етек  жайған.  Бір  қызығы  қандас  бауырларымыз  басқа  мемлекеттерден  ҿз  елімізге  оралған  кезде  аға  тілін 

білмей  келіп,  сол  қысқа  мерзім  ішінде  орыс  тілінде  еркін  сҿйлеп,  ҥйреніп  алуы  таң  қалдырады.  Яғни,  біздің 

халыққа тҽн билингвизм (қостілділік) жҽне полилингвизм (кҿптілділік). [5]. 

Ҧзақ уақыт бойына бірнеше табиғи тілдік ортада ҿмір сҥру кҿптілділікке ҽкеледі жҽне оның ҧзақ уақыт 

есте  қалуына  ҽсер  етеді.  Мҧндай  жағдайда  адамдардың  барлығы  кҿптілді  болып  шығады.  Мектеп  жасына 

дейінгі  баланың  ата-анасы  тҥрлі  ҽлеуметтік  жағдайларға  байланысты  кҿптілділікті  дамытуға  кҿңіл  бҿлмесе, 

баланың  қолданысындағы  бір  тіл  қарым-қатынас  жасаудан  біртіндеп  шыға  бастайды-  ол  тілдік  аттриция, 

дамуын  тоқтатса-ол  фоссилизация,  қолданыстан  ығыстырылса  –  ол  тілдің  ауысуы,  ҧмытылып,  қолданысын 

тоқтатса-ол тілдің ҿлуі болады. Тілдік каттриция дегеніміз - баланың бҧрын игерген тілінің қолданыста ҽлсірей 

бастауы болып табылады. [3]. 

Тіл  игерудің  қажетті  деңгейіне  жетпей  тоқтатылады.  Фоссилизация  термині  екінші  тілдің  дамуының 

тоқтатылуы деп тҥсіндіріледі. Ата-анасының біреуінің ҽсерінен бала ҿзі бҧрын игерген екінші тілді (анасының 

немесе ҽкесінің тілі) қолданыстан шығара бастауы сол тілдің дамуын мҥлдем тоқтатады. Кҿптілділік — заман 

талабы.  Кҿптілділік  адамдардарың  ҿзара  тҥсінісуіне  жол  ашады.  Кҿптілділік  адамдардың  бір-бірімен 

ҧғынысуында,  ойын  еркін,  толық  жеткізуінде  ерекше  қызмет  атқарады.  Кҿптілділік  қоғамда  да,  ҿмірде  де 

ҿзіндік  орын  алады.Кҿптілділік  -  тек  адамзатқа  ғана  тҽн  ҽрекет;  тек  адамдар  ғана  тіл  арқылы  сҿйлей  алады, 

ҧғыныса  алады.  Кҿптілділік  адамзаттың  ойлау,  пайымдау  процесімен  бірге  жҥзеге  аса  отырып,  тілдік 

қатынастың  негізі,  басты  қҧралы  болып  табылады.Кҿптілділік  ҽлемдегі  ҿркениет  пен  білім  жҥйесіне  сҽйкес 



319 

тыңдаушылардың сҿйлеу мҽдениетін қалыптастыратын, ой-пікірін дҧрыс, сауатты жеткізуге ықпал ететін, адам 

мен адамның қай тілде болса да тҥсінісуіне мҥмкіндік беретін сала ретінде оқужҥйесіне енгізілді. 

Қарым-қатынас  қҧралы  болып  табылатын  кҿптілділікті  ғалымдар  ҽрқилы  ерекшеліктеріне  қарай  жан-

жақты зерттеп келеді. Кҿптілділік, мультилингвизм, полилингвизм – нақтылы коммуникативтік жағдайдың ҽсер 

етуімен белгілі бір ҽлеуметтік ортада, мемлекетте бірден ҥш, одан да кҿп тілде сҿйлей білушілік.[3]. Мҧның ҿзі 

жеке  адамның  (индивидуумның)  кҿптілділігі  жҽне  ҧлт  пен  ҧлыстың  кҿптілділікгі  болып  бҿлінеді. 

Кҿптілділіктің  ҥш  тілді  меңгеру  дҽрежесі  сол  адамның  немесе  бҥтіндей  халықтың  ҿмір  сҥрген  тілдік  ортасы, 

ҽлеуметтік,  экономикасы,  мҽдени  ҿмірі,  тҧрмыс-тіршілігі  секілді  кҿптеген  факторларға  байланысты.  Мысалы, 

біз  амандасқанда  «Привет»,  қоштасқанда  «пока»  деп  басқа  тілден  енген  қысқарған  сҿздерді  кҿп  қолданамыз. 

Кҿптілділік: жаппай кҿптілділік, ішінара кҿптілділік болып бҿлінеді.Жаулап алу, халықтардың қоныс аударуы, 

кҿрші елдермен тығыз қарым-қатынас секілді тарихи себептерден кейбір халық ҿкілдерінің жаппай кҿптілділігі 

қалыптасқан.Сондықтан  да  кҿптілділік  кҿп  ҧлтты  географиялық  кеңістікте  кең  тараған.Мҽселен,  жаппай 

кҿптілділік  Кавказдағы  армян,  аджар,  осетин,  кҥрд,  грек,  т.б.  халықтар  арасында,  сондай-ақ,  Дағыстан 

халықтары арасында жиі кездеседі. Қазіргі Қазақстан Республикасындағы қалыптасқан жағдай да осыған ҧқсас. 

Қазақстанда  –  кҿпэтносты  ел жҽне  ҥштіліділік  –  саяси, экономикалық,  мҽдениатаралық  қана  емес, ҽлеуметтік 

лингвистикалық,  психолингвистика-лық  тҧрғыдан  қарастыратын  ҿзекті  мҽселе.  Қазақстанда  пайда  болған 

ҥштілділік  қҧбылысы  қазақ  арасында  ғана  тараса,  бҧл  біржақты  ҥштілділік  болады,  сондықтан  оның  орыс, 

Қазақстанда жҧмыс жасайтын ағылшын тілділер, ҿзге кҥллі ҧлыс ҿкілдері арасында тарауы шарт, кҿптілді елге 

керегі  –  ҥштілділік,  бҧл  -  жергілікті  тілдерді,  орыс  тілі  сияқты,  халықаралық  тілдің,  ғаламдандыру  тілі  -

ағылшын  тілі.«Қазақстан  халқы  дҥние  жҥзінде  ҥш  тілді  бірдей  пайдаланатын  ел  ретінде  кҿрінуі  тиіс.Бҧлар  – 

қазақ  тілі,  яғни  мемлекеттік  тіл,  орыс  тілі  –  ҧлтаралық  қатынастар  тілі  жҽне  ағылшын  тілі  –  ҽлемдік 

экономиканың  сҽтті  қолданысындағы  тілі»делінген  Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Ҽ.Назарбаевтың 

Қазақстан халқына Жолдауында. [1]. 

Қазіргі ҽлем - жаңалықтар мен ҿзгеше технологиялар, ҿзгерістер заманы. Заманның ендігі тетігі бҥгінгі 

кҥнмен  тірлік  ететін  адамды  емес,  болашақты  кеңінен  ой  елегінен  ҿткізетін  тҧлғаны,  келешекті  кемел  ойлай 

білетін,  дҥние  ҿзгерістерінің  себеп-салдарын  жекелік  талғаммен  емес,  жалпы  адамзаттық  ҿлшеммен 

қабылдайтын  жандарды  қажет  етеді.  Бҥгінгі  мҧғалімдер  бҽсекеге  қабілетті  тҧлға  тҽрбиелеуі  керек.  Себебі, 

нарықтық  экономика  еңбек  нарығында  бҽсекеге  қабілетті  мамандарды  қажет  ететіні  белгілі.  Бҧл  жаңа  талап, 

жаңа  міндет,  жаңа  мақсаттарды  мҧғалімдерге  жҥктейді.  Осыған  орай  білім  беру  жҥйесінде  мҧғалімдерге 

қойылатын  басты  талаптардың  бірі  –  полимҽдениетті  жеке  тҧлға  қалыптастыру.  Яғни,  кез-келген  ортаға  тез 

бейімделетін, білімі мен білігін кҿрсете  алатын, ҿз  ойы  мен сыни  пікірін кез-келген тілде айта  алатын азамат 

қалыптастыру.  

Кҿптілді  оқыту  –  жас  ҧрпақтың  білім  кеңестігінде  еркін  самғауына  жол  ашатын,  ҽлемнің  ғылым 

қҧпияларына ҥңіліп, ҿз қабілетін танытуына мҥмкіншілік беретін бҥгінгі кҥнгі ең басты қажеттілік.Ҽр адамның 

рухани-адамгершілігін арттыру ҥшін, бҥгінгі тез ҿзгеріп жатқан дҥниеде ҿмір сҥріп, еңбек ету ҥшін жан-жақты 

болу  қажет.  Мҧғалім  ҿзгермелі  ҽлемге  ҿзгерген  маман  бола  алу  керек.  Осы  тҧрғыда  мҧғалімнің  кҽсіби 

қҧреттілігін арттыру мақсатында біліктілікті арттыру курстарында билингвизм (қостілділік) жҽне полилингвизм 

(кҿптілділік) туралы ақпараттар беру біздіңде міндетіміз. Заман ағымына сай, қазіргі алдымызда тҧрған ҥлкен 

міндет  халқымыздың  ҧлттық  дербестігін  сақтай  отырып,  елімізді  ҿркениетті  елдер  қатарына  қосу.Қазіргі 

заманда  балалардың  бірнеше  тілде  сҿйлеуін  қамтамасыздандыру  ең  бірінші  мектеп  мҧғалімдеріне 

жҥктеледі.Сол  жас  ҿскіннің  ҿз  болмысын  тануға  ҧмтылысына  кҿмектесіп,  тереңде  жатқан  талап-тілегін, 

қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды ҿмір сҥру ҥшін рухани кҥш беру- бҥгінгі мҧғалімнің басты 

мақсаты. Бҧл мақсаттың орындалуы ҥшін оқыту мазмҧнының жаңартылуы, ҽдіс-тҽсілдің озығы ҿмірге келуі, ол 

тҽсілдер  ҽрбір  оқушының  қасиеттерін,  қабілеттерін  дамытып,  шығармашылығын,  талантын  ҧштайтын  болып 

ҧйымдастырылуы қажет.  



Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.

 



ҚР Президенті Н.Ҽ.Назабаевтың Қазақстан халқына Жолдауы,2012ж. 

2.

 



Белянин В.П. Психолингвистика. Москва, 2004 ж. 

3.

 



Бухаров В.М. Концепт в лингистическом аспекте. Н.Новгород,2001ж. 

4.

 



Қазақ тілі: Энциклопедия. Алматы,1998ж. 

5.

 



Хамраева Е.А. Билингвизм. Москва, 2009ж. 

6.

 



«Қазақ энциклопедиясы» Алматы,1998ж. 5 том. 

 

 



ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ҤШТІЛДІЛІКТІ ДАМЫТУ 

 

Бисенбаева С.Т., 

қазақ тілі мен ҽдебиеті пҽнінің мҧғалімі 

Қазақстан Республикасы Ақтҿбе облысы Хромтау ауданы 

 

Кез  келген  халықтың  ҿзінің  тілі,  ділі,  ҧлттық  салт-дҽстҥрі,  болмысы  болады.  Осы  қҧндылықтар 

арқасында  ғана  ҽрбір  ҧлт  ҿзін  жойылудан  сақтап  қалатыны  белгілі.  Ҽлемде  қанша  тіл  болса,  сонша  ҧлт  ҿмір 


320 

сҥреді,  соларды бір-бірінен  даралап  тҧратын басты  бойтҧмары  –  туған тілі.  «Ҽр  халықтың ана  тілі  –  білімнің 

кілті»,-деп  Ахмет  Жҧбанов  тілдің  адамзат  ҿміріндегі  маңызын  аша  тҥскен  [1,  16].  «Адамзаттың  Айтматовы» 

атанған,  ҽлем  ҽдебиетіндегі  кҿрнекті  жазушы  Шыңғыс  Айтматовтың  мына  бір  пікірі:  «Тіл  –  халықтың 

автопортреті.  Ҽр  тіл-ҿз  орнында  ҧлы,  ҽр  тіл-бҥкіл  адамзат  қазынасының  ортақ  палитрасындағы  ҿз  ҿрнегімен 

қымбат»,-деп  ана  тілінің  ҧлылығын  дҽлелдей  тҥседі  [1,  20].  Ана  тілінің  қҧдіреті  жайлы  қаншама 

ойшылдарымыз, ақын-жазушыларымыз қҧнды пікірлер қалдырды. Осынау бабаларымыз сҿйлеп, даналарымыз 

толғап,  аналарымыз  ҽлдилеп  ҿскен  қазақ  тілі  еліміздің  болашағына,  кҿркеюіне  зор  ықпал  етуде.  Оған  ана 

тіліміздің мелекеттік мҽртебеге ие болып, ҿз статусын алғандығы дҽлел. «Кҿш жҥре тҥзеледі» дегендей, кейбір 

олқылықтардың  уақыт  ҿте  келе  оң  шешім  табатынына  еш  шҥбҽм  жоқ.  Қазақ  тілі  –  біздің  рухани  негізіміз. 

«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Қазақ тілі 2025 жылға қарай ҿмірдің барлық саласында ҥстемдік етіп, 

кез-келген ортада кҥнделікті қатынас тіліне айналады. Осылай тҽуелсіздігіміз бҥкіл ҧлтты ҧйымдастыратын ең 

басты қҧндылығымыз – туған тіліміздің мерейін ҥстем ете тҥседі» [2, 5]. 

Қазіргі  жаһанданған,  ақпараттың  дамыған  ғасырында  болып  жатқан  тҥрлі  ҿзгерістер  мен 

жаңашылдықтар  еліміздің  экономика  саласына  да,  білім  беру  жҥйесіне  де  тың  ізденістерді  енгізіп  отыр. 

«Жаһандық  дағдарыстың  жалғасуының  ҽсерінен  ҽлемде  болып  жатқан  ҿзгерістер  бізді  ҥрейлендірмейді.  Біз 

оларға дайынбыз. Біздің ендігі міндетіміз – егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ 

ғасырда  орнықты  дамуды  жалғастыру»,-деп  Елбасымыздың  Жолдауында  айтылғандай,  еліміз  қай  салада 

болмасын қарқынды дамып, ҽлемдік кеңістікке қарыштай қадам басып, еркін қанат сермеуде. 

Елбасы  Н.Ҽ.Назарбаевтың  салиқалы  саясатының  арқасында  еліміз  береке  мен  бірліктің,  ынтымақ  пен 

достықтың,  татулықтың  ҿлкесі  болып,  кҿпҧлтты  мемлекетке  айналып  отыр.  Осы  орайда  елбасымыз 

Н.Ҽ.Назарбаев атап ҿткендей: «Біз - кҿпҧлтты қоғамбыз. Қазақстанда тҧратын барлық ҧлттар мен ҧлыстардың 

тілін,  мҽдениетін  жҽне  салт-дҽстҥрін  дамытуға  барынша  жағдай  жасауды  алдыңғы  уақытта  да  жалғастыра 

беретін  боламыз»[2,  24],-деген  еді.  Елбасымыз  Қазақстан  халқы  ассамблеясының  ХҤІІ  сессия  отырысында 

Қазақстан  аймағында  тҧрып  жатқан  халықтардың  басын  қосатын  тіл  қазақ  тілі  болуы  керек  деп  анық  атап 

айтты:  «Қазақстанды,  қазақты  достықтың  киелі  шаңырағына  теңесек,  тҥрлі  этностар  оның  алтын  арайлы 

шуақтары  іспетті.Бҧл ретте  байтақ мекенде баршамызды  біріктіре  тҥсетін ортақ қҧндылықтар бар.Ол  –  біздің 

талайлы  тағдырымызды  тҧтастыратын  шежірелі  тарихымыз.Ол  –  біздің  байтақ  мҽдени  мҧрамыз  бен  қазығы 

берік мемлекеттік тіліміз»[3, 7].  

Бҥгінгі  таңда  елімізде  білім  берудің  жаңа  жҥйесі  жасалып,  білім  беру  жҥйесі  ҽлемдік  білім  беру 

кеңістігіне  енуге  бағыт  алды.  Білім  жҥйесі  модернизацияланған  заманда  кҿп  тілді  меңгертуге  аса  назар 

аударылып,  жан-жақты  жол  ашылған.  «Келешекке  кемел  біліммен»,-деп  Елбасы  Н.Ҽ.Назарбаев  ҧстаным 

еткендей, келшекке терең біліммен қадам басып, ҽлемдік білім кеңістігінің қҧпияларына ҥңіліп, қоғамға бейім, 

ҿз  қабілетін  таныта  алатын,  жан-жақты  дамыған,  бірнеше  тілді  меңгерген  қҧзіретті  тҧлғаны  қалыптастыру 

басты мақсаттардың бірегейі болып отыр. 

Ҥштілді  оқыту  –  заман  талабы.Ҥштілділік  –  бҽсекеге  қабілетті  елдер  қатарына  апарар  басты 

баспалдақтардың  бірі.  «Ҥштҧғырлы  тіл»  туралы  идеяны  мемлекет  басшысы  2006  жылдың  қазанында  ҿткен 

Қазақстан  халқы  ассамблеясының  XII  қҧрылтайында  жария  етті.  Ал  2007  жылғы  ―Жаңа  ҽлемдегі  жаңа 

Қазақстан‖  атты  халыққа  Жолдауында  ―Тілдердің ҥштҧғырлылығы‖ атты  мҽдени жобаны  кезең-кезеңмен іске 

асыруды  ҧсынды.  Елбасымыздың  «Жаңа  ҽлемдегі  жаңа  Қазақстан»  атты  Халқына  Жолдауында:  ―Тілдердің 

ҥштҧғырлығы мҽдени жобасын кезеңдеп жҥзеге асыруды қолға алуды ҧсынамын. Қазақстан бҥкіл ҽлемге халқы 

ҥш  тілді  пайдаланатын  мҽдениетті  ел  ретінде  танылуға  тиіс.  Бҧлар  -  қазақ  тілі  -  мемлекеттік  тіл,  орыс  тілі  - 

ҧлтаралық  қатынас  тілі  жҽне  ағылшын  тілі  -  жаһандық  экономикаға  ойдағыдай  кіру  тілі‖  деген  салиқалы 

ҥндеуінде айтқандай, ҽлемдік кеңістікке енуде ағылшын тілінің маңызы зор. [4, 41].Осы ҥндеуде айтылғандай, 

бізге,  бҥгінгі  педагог  мамандарға  артылған  міндет  жҥгі  салмақты  болып  отыр.  Оқытудың  ҽдіс  –  тҽсілдерін 

ҥнемі  жетілдіріп  отыру,  инновациялық  технологияларды  меңгермей  тҧрып,  сауатты,  жан-жақты  маман  болу 

мҥмкін  емес.  Ҽлем  елдерінің  білім  беру  саласындағы  ҿзгерістердің  біздің  еліміздегі  білім  беру  жҥйесіне  игі 

ҽсері мол деп айта аламын.  

Ағылшын тілі - ҽлемдік бизнес тілі, оны меңгеру – жастарға ҽлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін 

білу  біздің  жастарға  шексіз  мҥмкіндіктер  ашады.  Ол  –  жаһанданудың  кепілі.Біздің  еліміз  дамыған  50  елдің 

қатарына  ену  ҥшін  ғаламдық  ҿркениетке  ілесе  білуіміз  қажет.  Ол  ҥшін  осы  тілді  еркін  меңгеріп,қазақ  елін 

баршаға  танытуға  кҥш  салу  –  бҥгінгі  кҥннің  кезек  кҥттірмес  мҽселесі.Оны  кҿрегенділікпен  болжай  білген 

Елбасымыздың  парасаттылығы.  «Ақпараттық  технология  дамыған  қазіргі  дҽуірде  кҥн  сайын  дерлік  ағылшын 

тілі дҥние жҥзі халықтарының тілдеріне жаңа сҿздер мен ҧғымдар арқылы батыл ену ҥстінде. Бҧл ҥдерістен біз 

де  тыс  қалмауымыз  керек»  [4,  49]. «Ҥштілділік  -  нақты  тҧлға,  ҧжым,  халықтың  белгілі  бір  қоғамда  қарым-

қатынас  ҥдерісінде  қажет  болған  жағдайда  ҥш  тҥрлі  тілді  алма-кезек  қолдану  қҧбылысы»,-Б.Хасанҧлы 

анықтама  бергендей  [5,  4],  бҥгінде  оны  қолдануға  жан-жақты  кҥш  салынуда.Осы  орайда  қҧрылған  «Тілдерді 

қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» басты мақсаты: 

Қазақ тілінің мҽртебесін кҿтеру; мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздарды қазақ тілінде жҥргізу; ағылшын 

тілін меңгерту; орыс тілін жетік білу; ҽр ҧлттың тілдерін дамыту, оларды сақтап қалуға мҥмкіндік жасау; тілдер 

гармониясының  бірлігіне  жол  ашу.  Елбасының  ҥштҧғырлы  саясаты  аясында  шетел  тілін  ҥйрену,  оның 

қолданыс  аясын  кеңейту  бҥгінде  кезек  кҥттірмейтін  ҿзекті  де  келелі  мҽселелердің  бірі  болып  отыр.  Алайда 

«Ҿзге  тілдің  бҽрін  біл,  ҿз  тіліңді  қҧрметте»,-деп  ақын  жырлағандай,  ҿз  тілінде  еркін  сҿйлеп,  ҿз  тілін 


321 

қҧрметтейтін тҧлғаны баулысақ, ҿзге тілді қадірлейтін тҧлғаны баулитынымызға кҿз жеткіземіз. Сондықтан да 

«Мемлекеттік  тілді  ҥйрету  балабақшадан  басталуы  тиіс.  Бҧл  -  заман  талабы»,-  деген  елбасының  қағидасына 

сҥйене отырып, қазіргі таңда балабақшадан бастап мектеп табалдырығын аттаған сҽттен ана тілін меңгертуге, 

сауаттылыққа  кҥш  салынуда.  Осы  орайда  ауыр  жҥк  артылып  отырған  мҧғалімдер  мен  тҽрбиеші-ҧстаздардың 

бҽсекеге қабілетті тҧлғаны тҽрбиелеудегі еңбегі зор. 

Елбасы  Н.Ҽ.Назарбаев  «Қазақстан–2050»  стратегиясында  мҧғалімдерге  сенім  арта  отырып, 

жастарымыздан  ҥміттенеді.  «Болашақта  еңбек  етіп,  ҿмір  сҥретіндер  –  бҥгінгі  мектеп  оқушылары,  мҧғалім 

оларды қалай тҽрбиелесе, Қазақстан да сол деңгейде болады. Сондықтан да ҧстазға жҥктелетін міндет ауыр»-

делінгендей  [4,3],  жастарды  сауатты  баулысақ,  болашағымыздың  жарқын  болатыны  белгілі.  «Мен  сҿзімді, 

ҽсіресе,  жастарымызға  арнағым  келеді.  Мен  сіздерге  –  жаңа  буын  қазақстандықтарға  сенім  артамын.  Сіздер 

Жаңа  бағыттың  қозғаушы  кҥшіне  айналуға  тиіссіздер.  Ал  кейінгі  толқын  жастарға  айтарым:  Сендер  – 

болашаққа  деген  ҥкілі  ҥмітіміздің  тірегісіңдер»,-деген  жолдарда  жастарымызға  деген  ҥміт  пен  сенім  жатыр. 

[2,57].  Сондықтан  да  жастарымыздың  болашағы  ҥшін  ҽлемдік  деңгейдегі  зияткерлік  мектептер  мен  кҽсіптік-

техникалық колледждер ашылып, «Болашақ» бағдарламасының негізінде олардың шетелге шығып білім алуына 

жан-жақты  жол  ашылған.Осы  орайда  ҧстаздарға  арналған  деңгейлі  курстың  берері  мол.  Ҿзім  де  осы  курсты 

тҽмҽмдаған  мҧғалімдердің  бірі  ретінде  айтар  болсам,  жан-  жақты,  бҽсеге  қабілетті,  сауатты,  алған  білімін 

ҿмірде  қолдана  білетін  тҧлға  қалыптастыруда  бҧл  бағдарламаның  берері  мол.  Мҧның  ҿзі  ҽлемдік  білім  беру 

кеңістігіне шығу ҥшін жасалып отырған зор мҥмкіндік деп білемін. Мҧғалімдік тҽжірибемдегі ендігі мақсат  – 

заман талабына сай қҧзіретті тҧлға қалыптастыруда осы жеті модульді жҥйелі қолдана отырып, ҿз тҽжірибемді 

толықтыру, жетілдіру болмақ.  

Ҥштілділіктің  маңызын  тҥсіне  білген  жанның  еліміз  ҥшін  болашақтағы  алары  да,  берері  де  мол.  «Біз 

ағылшын  тілін  игеруде  серпіліс  жасауымыз  керек.  Қазіргі  ҽлемнің  осы  «лингва  франкасын»  меңгеру  біздің 

еліміздің ҽрбір азаматына ҿмірдегі шексіз жаңа мҥмкіндіктерді ашады» [2,51]. 

Осынау  мҥмкіндіктерді  игеру  мақсатында  бҥгінгі  білім  ордалары  ҥштілділікті  енгізудің,  оны  тиімді 

жҥргізудің  тың  жолдарынан  ізденіс  табуда. Мектепте  қазақ  тілін  оқыту  барысында  орыс  тілі,  ағылшын  тілі 

пҽндерін  бірлікте  алу  мҧғалімнің  шеберлігіне  байланысты  жҥргізіліп  жҥр.  Бҧл  жерде  ҿтіліп  отырған 

бағдарламаға  сай  ҥш  пҽнді  бірлікте  ала  отырып,  пҽнаралық  байланысты  жҥзеге  асыруға  болады.  Алайда 

дҽстҥрлі  оқытуда  тек  аударма  жасатумен  ғана  шектеліп  отырсақ,  қазіргі  оқыту  технологиясында  тҥрлі 

шығармашылық  бағыттағы  тапсырмалар  бере  отырып,  оқушы-субьектінің  ізденісіне,  яғни,  жеке  тҧлғаның 

ҽрекетін  дамытуды  мақсат  етудеміз.  Ҿз  іс-тҽжірибемізде  оқушылардың  интеллектуалдық  қабілетіне  тҥрткі 

болатын ойын технологиясын қолдана отырып сабақты ҥш тілде жҥргізудің тиімділігі зор. Ҿнімді нҽтиже беріп 

жҥрген  іскерлік  ойындары:  «Полиглот»,  «Кім  тапқыр?»,  «Ҥздік  тілші»,  «Сҿз  сыры»,  «Тілдер  сҿйлейді», 

«Сҿзмерген»  сынды  интеллектуалды  ойындарды  ҿткізудің  ҥштілді  меңгертудегі  маңызы  айрықша. 

Оқушыларды  ойната  отырып,  ҥш  тілде  жҥргізілген  сҿзжҧмбақтар,  анаграммалар  олардың  коммуникативтік 

қҧзыреттіліктері  мен  функционалдық  сауаттылықтарын  арттыруға  негіз  болды.  Сондай-ақ,  ақпараттық 

технологияны:  электрондық  оқулықтар,  презентациялар,  тест  т.б  тҥрлері  оқушылардың  қызығушылығын 

оятып, уақыттарын ҥнемдеуге, қосымша деректерді тиімді қолдануға тҥрткі болды.  

Ҽдебиет  пен тіл  –  рухани егіз  пҽндер болғандықтан, оларды бірлікте  ала  отырып  жҥргізген сабақтарда 

ҥштілділікті қолдану аясында оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін, зерттеушілік ҽрекеттерін дамытып, 

салыстыру, талдау, дҽлелдеу сынды дағдыларын қалыптастыруға тҥрткі болдық. Сондай-ақ, ҥндестіктерін табу, 

салыстыру  жҧмыстары  оқушылардың  қызығушылығын  оятты.  Шығармашылық  бағыттағы  тапсырмалар: 

модель,  презентация,  жоба  қҧру  сынды  бағытта  да  ҧсынылып  отырды.  Бҧл  жерде  олардың  ақпараттық 

қҧзіреттіліктерін  дамыту  кҿзделді.  Мҽселен,  9-сынып  ҽдебиет  сабағы.  Ауыз  ҽдебиеті  тақырыбы  бойынша 

оқушыларға  «Ҧлттық  салт-дҽстҥрлер  ҥндестігі»  тақырыбында  презентация  жасау.  Мҧнда  ҥш  халықтың  салт-

дҽстҥрлерін салыстыра отырып, ҥш тілде еркін презентация арқылы қорғап шығу талап етіледі. 

Сондай-ақ  бҥгінгі  кҥнде  барлық  мектептерде  ҥштілділікті  дамытуға  кҥш  салынып,  жоспарлар  жасалып 

жатқандығы  белгілі.  Осы  орайда  мектебімізде  даму  жоспары  жасалынып,  ата-аналармен,  ҧстаздармен  жҧмыс 

жасайтын  «Тілашар»  клубы  қҧрылды.  «В  контакте»,  «Уатсап»  ҽлеуметтік  желілер  жҥйесінде  де  ағылшын 

тілінде сабақ жҥргізуді жолға қою жҧмыстары жасалынуда..  

Заманының кҿшінен қалмай, ҿз елінің патриоты болатын, жҥрегі елім деп соғатын, ана тіліне жанашыр, 

халқын ҽлемге танытудан талмайтын білімді де, білгір ҧрпақ – бҥгінгі кҥннің балалары. «Білекке сенер заманда, 

ешкімге  есе  бермедік,  білімге  сенер  заманда,  қапы  қалып  жҥрмелік»  деген  Елбасымыздың  сҿзімен  ойымды 

тҥйіндегім келіп отыр. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет