«Педагогика және психологияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер Дәріс 1



Pdf көрінісі
бет10/11
Дата29.10.2023
өлшемі335,81 Kb.
#121081
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
 
Дәріс 13. 
Жаңа педагогикалық - психологиялық инновациялық технологиялар
әдістемелері мен нәтижелері
Дәрістің қысқаша мазмұны: 
Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануда оқытушы сабақты дайын күйінде 
бағалайды, әрбір білім алушының өзі ізденіп, ғылыми негіздерін өз бетінше игеріп, 
ғылыми зерттеуді көздейді, ал оқытушының негізгі міндетіне білім алушының іс-
әрекетін бақылау жатады. Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен 
ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше 
өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты 
шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. 
Масырова Р., Линчевская Т. «Жаңару» (новшество) дегенімізді былай деп түсіндіреді: 
«Жаңару – белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты 
емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея. 26 27 
Бүгінгі таңда Қазақстанда Ш. Қалановтың, Ж. Қараевтің, Ш. Таубаеваның, Қ. 
Қабдықайыровтың, С. Лактикованың, М. Жанпейісованың, Ә. Жүніспек пен Қ. 
Нағымжанованың, С. Көшімбетованың, К. Ж. Бұзаубақованың, Б. Тұрғанбаева мен А. 
Әлімовтың, т.б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық 
технологиялары жан-жақты қарастырылады. Бұл технологиялар теориялық тұрғыдан 
дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Қазіргізаманғы педагогикалық 
технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз 
мамандығына деген сүйіспеншілігі, еңбегін шәкірттерінің бағалауы, пәндік білім 
сапасының жоғары болуы ерекше орын алады. Әдіскер С. Көшімбетова өзінің 
зерттеуінде оқу-тәрбие үдерісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың 
мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен: - ізгілендіру технологиясында педагогика 
ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде «бала – субъект», 
«бала – объект» тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер «оның 
тұрмысының әлеуметтік жағдайы мен іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде 
қарастырады; - ақпараттық бағдарламалап оқыту – оқытудың мазмұнын пәнаралық 
байланыс тұрғысынан ұйымдастыру; - қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру 
негізінде меңгеруі; - иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат» 
үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады; - 
саралап деңгейлеп оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістері 
шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық 
қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады. - оқытушы білмейтін шығармашылық 
ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет; - дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие 
үдерісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді 
қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жауапкершілігін 
арттырады. Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп 
үш түрге бөлуге болады. Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда барды 
дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В. Ф. Шаталовтың математикаға жазған 
тірек конспектісі және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады. 
Комбинаторлық модификация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін 
жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел. 


Радикалдық инновация – білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. 
Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік 
және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады. Қазір республика оқу 
орындары ұсынып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез 
келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі 
нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, 
қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту 
технологияларын, оқу мазмұны әрбір білім алушының жас және жеке дара 
психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. 
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үдерісінің 
нәтижесін көретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбіне жаңашыл, инновациялық болып 
табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет