Байланысты: 2 Дәріс Педагогика және психологияны оқыту әдістемесі 4
Дәріс 4-5. Педагогика және психология сабақтарына дайындық, оқыту әдістері
Дәрістің қысқаша мазмұны: Педагогика мен психологияның ғылым ретіндегі зерттеу пәні – адам, яғни жеке
тұлға, оның дамуы, қалыптасуы, әлеуметтенуі, білім алуы, тәрбиесі. Сондықтан
ғылыми тұрғыда адамды, яғни жеке тұлғаны зерттеуде, оның дамуын дұрыс болжауда
тұлға дамуының құрылымы мен заңдылықтарын, оның құрылымының жеке
бөлімдерінің өмір сүру ерекшелігіне, іс-әрекет түрлеріне, әлеуметтік ортадағы алатын
орны және т.б. ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан зерттеп меңгеруге мүмкіндік береді.
Тұлға – бұл сезімнің, әсердің, ішкі күйініш, сүйініштің бойға жинақталған және жан-
жақты психикалық құрылым. Ол шындықтағы адамның әлеуметтік негізін
сәулелендіруші. Танымның, ерік жігердің жаңа субъектісі, өмірдің белсеңді қайта
құрушысы деп айта алмыз. Адамды, яғни жеке тұлғаны зерттеуде ғылыми танымның,
білімнің, ғылыми-зерттеу әдістерінің алатын орны ерекше. Теория мен эмпирика, тарих
пен логика, индукция мен дедукция, анализ және синтез өзара бірбірімен тығыз
байланыста жүре отырып, осы ғылыми теорияның қалыптасуына негіз болады. Осы
әдістердің негізінде белгілі бір қорытындыға келуде абстрактілі пайымдаудан нақты
логикалық ойлауға, нәтижеге келеміз. Ғылымның шыңына қол жеткізу оның негіздерін
меңгеруден басталады. Олар оқу пәндерінде жинақталған. Ғылым және оқу пәні бір-
бірімен өте тығыз байланысты. Ғылым өз пәні жайындағы білімді жинақтайды. Оның
міндеті – пәнін толық және терең тану, ал басты қызметі – зерттеу. Ал, оқу пәні
ғылымның тек негіздерін ғана оқытады. Ол білім оқытудың міндеттерін, жас шамасын
және білім алушылардың дайындық деңгейін есепке ала отырып таңдалады. Оқу
пәнінің басты қызметі – оқу. Пәннің құрылымын жасауда ғылыми білім тек беріліп
қана қоймайды сонымен қатар олар нақтыланады, ұғымдары тереңдетіледі, жүйеленеді.
Оқу пәні белгілі бір жүйе ретінде құрылады. Оқу пәні ғылымда нәтижелі болып келетін
білімді кіріктіреді. Оқу пәнінің құрылуы ұзақ процесс. Оның мазмұнын анықтауда
ғалымдар, оқытушылар тарапынан дидактикалық мәселелер бойынша пікірталас
жүргізіледі. Соған байланысты ғылымда жаңа мәселелер пайда болып, оның дамуы
жүзеге асады. Бұл шығармашылық жұмыс ғылымның дамуына, оқу пәнінің
тұрақтануына ықпал етеді. Бастапқыда оқытылатын пәндердің құрылымынан арнайы
орта және жоғары мектептерде оқытылатын пәндердің белгілі бір айырмашылықтары
бар. Жоғарғы оқу орындағы оқу пәнінің мазмұны ғылым құрылымына жақын, онда
ғылымның жаңалықтары, шешілмеген мәселелері де қамтылады