«Педагогика және психологияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер Дәріс 1



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата29.10.2023
өлшемі335,81 Kb.
#121081
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
 
 
Дәріс 9.
Педагогика және психологияны оқытудағы технологиялар мен әдіс - 
тәсілдер
Дәрістің қысқаша мазмұны: 
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудіңжаңажүйесіжасалып, әлемдік білім беру 
кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге 
байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің 
мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа 
қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің 
ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мәселелердің бірі.
Келешекте Қазақстанның ғарыштап дамуына өз үлесін қосатын бүгінгі ұрпақ 
ертеңгі азамат болғандықтан, оқу-тәрбие үдерісін жаңартып, білім сапасын арттыру – 
оқытушылар құзырындағы өте үлкен жауапты іс. XXI ғасырда қоғам қажеттілігін 
қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп 
отыр. Олар: білім сапасын көтеру компьютерлендіру, интернет, компьютерлік желі, 
электронды және телекоммуникация, электронды оқулықтар даярлау. Бұлардың 
оқушылардың қазіргі заман талабына сай білім алуына, білік сапасын көтеруге 
тигізетін әсері мол. Жаңа электронды оқулықтардың дүниеге келуімен берілетін білім 
мазмұны да өзгерері сөзсіз. Болашақта әр оқушы компьютерлік технология арқылы 
интернет, электронды желі, электронды почта арқылы дүниежүзілік білім әлеміне еніп, 
онда өзінің қажетін өтейтін білімді толығымен алуға, қажетті ақпараттық мәліметтерді 
ғылым саласына байланысты озық тәжірибелерді, осы мәселенің шетелдегі жағдайымен 
танысуына толық мүмкіндік туады. Қазақстан Республикасы 2025 жылға дейінгі білім 
беру тұжырымдамасының түбегейлі мақсаты да әлемдік өркениетке сай сапалы білім 
беру және ақпараттық интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен ала алатын, талдай 
білетін, идея бере алатын, ылғи даму үстінде болатын, адамгершілік тұрғысынан 
жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болып отыр. 


Қоғамды ілгері дамытатын күш білім десек, болашақтың иегері – жас ұрпақты саналы 
да білімді етіп тәрбиелеу ұстаздардың қолында.
Қазіргі мұғалім: 1. Педагогикалық үдерісте жүйелі жұмыс істей алатын;
2. Педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш;
3. Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
4. Оқушымен ортақ тіл табыса алатын;
5. Білімді, шебер, іскер болуы тиіс.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің 
инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды 
мәселелердің бірі. Ал ғылым мен техниканың жедел дамыған, мәліметтер ағыны 
күшейген XXI ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру 
мектептің басты міндеті болып саналады. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, 
ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, 
адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып 
отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас 
ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының 
қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа 
тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге 
үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу 
үдерісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет