«Педагогика және психологияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер Дәріс 1



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата29.10.2023
өлшемі335,81 Kb.
#121081
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
2 Дәріс Педагогика және психологияны оқыту әдістемесі 4

 
 
Дәріс 2.
Педагогика және психологияны оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері
Дәрістің қысқаша мазмұны: 
Қазiргi кезеңнiң ауқымды проблемаларының ұшталуы, адам проблемасын тарих
әлеуметтiк шығармашылық субъектiсi ретiнде алдыңғы орынға шығару және бұл 
үрдiстегi бiлiм берудiң рөлiн түсiну педагогиканы басым бағытты ғылымдар қатарына 
қойып отыр. Ақиқат пен ғылыми-практикалық бiлiм дамуының қазiргi кезеңiндегi 
педагогиканың нысанасы мен пәнi де бiршама кеңеюде. Ғылым күрделi динамикалық 
жүйе болғандықтан оның логикалық және танымдық сипаттары алдыңғы орынға 
шығарылады. Ғылымсыз әлеуметтік-экономикалық прогресс мүмкін емес. Қазіргі 
Қазақстанның даму кезеңінде білім мен ғылымның мықты өзара байланысы оның 
тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың, экономикалық өсуінің қозғаушы 
күшіне айналып отыр. Алдымен ғылым дегенiмiз не екендiгiн анықтап алуымыз қажет. 
Ғылым дегенiмiз табиғаттың, қоғамның, ойлаушы жан иесi ретiнде адамның мәнi
қасиеттерi, өзiндiк ерекшелiктерi мен даму процестерi жөнiндегi бiлiмдер жүйесi болып 
табылады. Сол сияқты ғылым осы объективтiк қасиеттер мен процестердi бiлiмге, 
ойлау әрекетiне сәйкес әртүрлi формада және бағытта қолдануды қамтиды. Ғылымның 


бұл түсiнiгi объектiнiң ауқымы бойынша да (табиғат, қоғам, адам), әрi тереңдiгi мен 
оның практикада қолданылу бағыттары бойынша да алынады. «Ғылым» ұғымы 
бірнеше негізгі мағынаны білдіреді. Біріншіден – табиғат, қоғам, қоршаған ортаны тану 
турасында жаңа білімдерді жүйелеуге бағытталған адам қызметінің саласын түсінеміз. 
Екінші мағынасында - ғылым, осы әрекеттің нәтижесі - алған ғылыми білім жүйесі 
ретінде көрінеді. Үшіншіден - ғылым, қоғамдық сананың бір формасы, әлеуметтік 
институт. Соңғы мағынасында, ғылыми ұйымдар мен ғылыми қоғам мүшелерінің бір-
бірімен байланысы, сонымен бірге, ғылыми ақпараттары, ғылымның нормалары және 
құндылықтары және т.б. Ғылым өзінің даму тарихында белгілі бір ерекшеліктері бар 
күрделі де, жүйелі ұйымдасқан құрылымға ие болып отыр. Ғылым түсінігіне 
әдебиеттерде түрлі анықтамалар, түсініктемелер 6 берілген. Ғылым – объективті 
ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын-ала болжауға арналған, 
жүйелі түрде құрылған білімнің жоғары түрі. Ғылым – ақиқаттағы тәжірибемен 
тексерілетін және дәлелденетін қоршаған орта жөнінде тарихи қалыптасқан және үнемі 
дамып отыратын адам білімінің логикалық жүйесі. Сонымен, ғылымды ерекше тану 
үдерісі деп айта аламыз. Ғылым – қоршаған орта туралы ақиқат білім жинау және 
теориялық жүйеге келтіру болып саналатын зерттеу әрекетінің бір саласы. Тарихи 
тұрғыда ғылым адамзат дамуының белгілі бір сатысында, тікелей қажеттіліктердің 
қосылысынан құрылған. Осының негізінде ғылымтану теориясы келіп шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет