Байланысты: 2 Дәріс Педагогика және психологияны оқыту әдістемесі 4
Дәріс 3. Педагогика және психологияны оқыту үрдісі мен әдістемелік дағдылар
Дәрістің қысқаша мазмұны: Педагогика мен психолгияның нысанына адамның өз өмiрiнiң белгiлi бiр кезеңiнде
кездесетiн әртүрлi оқу-тәрбие жүйелерi айналуда. Ал, педагогика ғылымының пәнiне
еркiн, әлеуметтiк белсендi, шығармашылық тұлғаға бүкiл өмiрi бойына бiлiм беру
алынуда. Ӛз пәнiн жан-жақты зерттеу және педагогика практикасын тек өзiнде тиiмдi
өзгерту, түзету енгiзу үшiн дәстүрлi қалыптасқан құралдары жеткiлiксiз. Осымен
байланысты К.Д.Ушинскийдiң мынадай сөзiн еске түсiруге болады: «Педагогика үшiн,
ол өз мақсатына жету үшiн адам денесi және жаны, табиғаты зерттелетiн және де
қиялда емес, ақиқат құбылыста зерттелетiн барлық ғылымдардан сүзiп алынған қажеттi
бiлiм, құралдар саналады». Қоғамдық дамудың қазiргi барысы педагогика және бүкiл
«адамтанушы» ғылымдардың – философия, әлеуметтану, психология, тарих,
физиология, этика, зстетика, биология, медицина, кибернетика, лингвистика және т.б.
терең ғылымаралық синтезiнiң қажеттiлiгiн объективтi түрде дәлелдеп отыр. Мұндай
түсiнiкте педагогика адамтану мен қоғамтанудың маңызды саласының бiрiне айналуда,
көптеген қоғамдық және жаратылыс ғылымдарының мәлiметтерiн өз пәнiнде
синтездеушi адам тәрбиесi жөнiндегi интегративтi ғылымға айналады. Бұл педагогика
ғылымын жасанды дәрiптеу емес деп санаймыз. Шындығында да педагогика нақты
адаммен, дара тұлғамен, топпен, ұжыммен, оны қалыптастыруды мақсат етiп қоя
отырып, тiкелей байланысатын бiрден- бiр ғылым. Педагогикалық және психологиялық
iс-әрекеттi жемiстi жүзеге асыру үшiн, педагогикалық ғылым мен практика сөз жоқ
бөтен ғылыми бiлiмдерден барлық қажеттiлiгi мен құндылығын таңдап алуы керек.
Педагогика мен психология адамды барлық жағынан тәрбиелегiсi келсе, онда ол
бәрiнен бұрын оны барлық жағынан бiлуi керек. Бұл бiлiмдер педагогика мен
психологияның әдiснамасын жасау, кешендi педагогикалық-психологиялық зерттеулер
жүргiзу үшiн әртүрлi оқу- тәрбие жүйелерi қызмет етуiнiң мақсатты бiлiм мазмұны,
формасы, әдiстерi мен құралдары мәселелерiн шешу, оқу әрекетiнде олардың өзара
әсерi мен сабақтастығын жүзеге асыру үшiн қажет. Әрдеңгейлi бiлiм беру жүйелерi,
олардың қызметiндегi сабақтастық- бұл үздiксiз бiлiм берудiң бiртұтас жүйесiнiң
белгiсi. Мұндай жүйенi жасауға деген қажеттiлiк бүгiнгi күнi ерекше көкейтестi және
қоғамның әлеуметтiк- экономикалық дамуынан туындап отыр. Рухани, әлеуметтiк,
мәдени аймақта даму тенденциясы адамның жеке бiлiмдiк қажеттiлiгiнiң динамикасына
байланысты пайда болуда. Ғылым аралық өзара байланыс- үздiксiз бiлiм беру
жүйесiнiң теориялық дәлелдi тұжырымдамасын жасаудың қажеттi шарты.