«Педагогика және психологияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер Дәріс 1



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата29.10.2023
өлшемі335,81 Kb.
#121081
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
2 Дәріс Педагогика және психологияны оқыту әдістемесі 4

 
 
Дәріс 6. 
Жеке тұлғаны тәрбиелеудегі педагогика және психология ғылымының 
өзектілігі 
Дәрістің қысқаша мазмұны: 
Жеке адам болу үшін психикалық дамудық белгілі бір дәрежесіне өтіп, басқа 
адамдарға қарағанда ерекшелігі бар екенін білетіндей біртұтас тұлға болуы тиіс. Өмір 
бойы даму мен тәрбиенің нәтижесінде жеке адамның орнығып, жетілуін қалыптасу деп 
атайды.
Жеке адамның қалыптасуы - күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы 
әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты процесс. 
Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және 
жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді. 
Сондай-ақ жеке адамның дамуы деген ұғымды анықталық. Даму ұғымына ағзаның өсуі 
мен пісіп жетілу процесін жатқызады. Бұл процестер психикалық дамумен өзара тығыз 
байланыста өтеді, оған ықпал жасайды, бірақ адамның жеке адам ретінде қалыптасуын 
белгілеп бере алмайды. Жеке адамның дамуы - бұл оның рухани өсуінің, жетілуінің 


процесі жеке адам үшін елеулі болып табылатын барлық сфераларды іс-әрекетте, өзін 
қоршаған құбылыстарға, адамдарға деген қарым-қатынасқа, танымдық процестерінде 
болатын сапалық өзгерістер процесі. Жеке адамның әсіресе балалың және жасөспірім 
шақтарында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. 
Бірақ тәрбие әсерінің дәрежесі мен сипаты көп жағдайда тәрбиенің даму 
заңдылықтарын қаншалықты ескергеніне байланысты болады. Сөйтіп, тәрбие мен 
дамудық арасында екі жақты байланысы болады. Сондықтан жеке адамның даму 
заңдылықтарын тереңірек қарастырған жөн. Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-
қатынасы философия, психология, педагогика, т.б. қоғамдық ғылымдардық көптен 
айналысып жүрген көкейкесті мәселелері. Бұл жөнінде кейінгі жылдары жарық көрген 
философиялық, педагогикалық, психологиялық, этикалық, ұлтаралық қарым-
қатынастарға арналған еңбектерден басқа П.И.Подласыйдық, М.Ф.Хар-ламовтың 
"Педагогика" (М.1996-1997), Б.С.Гершунскийдің "XXI ғасырда білім берудің 
философиясы" 
(1993), 
Г.К.Нұрғалиеваның 
"Тұлғаның 
құндылық 
бағытын 
қалыптастырудық 
методологиясы
практикасы" 
(АД995) 
секілді 
ондаған 
монографиялық еңбектері жарық көрді. Адам баласы материалдық және рухани өмірдің 
ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, 
рудық мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-
жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ 
біркелкі мінез-құлықтың, қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға. 
Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз — оның өзіне тән мінез-құлғындағы, іс-
әрекетіндегі, 
көзқарасындағы 
ерекшелігімен 
даралануы. 
Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалың бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, 
қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының 
болуы, олардың өзі өсіріп-білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі 
заңды құбылыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет